Аласұрған ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қан-сел болып



жүктеу 161.39 Kb.

Дата16.01.2017
өлшемі161.39 Kb.

Ғұмырнама 

«...Аласұрған ХХ ғасырдың отызыншы жылдары  қан-сел болып 

аққан көз жасының дариясына мөлие  қарап, мұңая батқан күнмен 

бірге мәңгілікке жол тартқан сол арыстар - халық тарихынан  ұлы-

ларға лайық орын алып, ел есінде 

қаһарман бейнеде сақталады. Та-

рих- Атамен бірге жасауға адамзаттан мәңгілік бата алған олар! 

Академик Манаш Қозыбаев 

Тамара Смағұлова 

еңбек ардагері, дербес зейнеткер 

Әлденеше ғасырлар бойы ата-баба 

армандаған тәуелсіздікке қол жетіп, ел 

еңсесін көтерген шақта сол 

тәуелсіздікке жетер жолды арпалыса 

іздеп, соның үшін ғұмырын сарп еткен 

жандар хақында бүгінгі қауымға, 

кейінгі ұрпаққа екі ғасырдың һәм екі 

қоғамдық құрылыстың куәсі - біздер 

айтпағанда кім айтады, біз айтпасақ 

олар қайдан біледі!? - дей келіп, жазық-

сыз репрессияға  ұшырап атылғандар-

дың бірі, белгілі мемлекет қайраткері, 

халқының адал ұлы, отанының патрио-

ты Нығмет Нұрмақов хақында туғанына 

110 жыл толған кезде толғану 

мәртебесін еншімізге алдық. 

Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданын-

да туғандығы жазылған). Жақсының 

қасында жүргендіктен де болар, өмірге 

көзқарасы ауылдасынан көш озық 

Нұрмақ атамыз балаларын оқытуды ар-

мандаған. Ол кезең Нығмет тумастан 

жетпіс жыл бұрын патшалық Ресейдің 

әскери бекінісі негізінде іргесі  қаланған 

Қ а р қ а р а л ы  қ алас ы ар қ ыл ы  қ аза қ 

өлкесінде сауда-саттық жанданып, бай-

тақ өңір оянып, томаға-тұйық дүние дүр 

сілкініп, там-тұмдап орысша-қазақша 

мектеп ашылып жатқан кез. 1906 жылы 

ауылынан мектеп ашылатын болғанда 

Нұрмақ отағасы үйін соған  қуана боса-

тып береді. Үй ішімен өзі сол біржылдық 

бырлы, кішіпейіл, барынша шыншыл, 

сөйлескен адамын бірден өзіне тартып 

алатын жігіт еді» дейді оны көрген заман-

дастары бір ауыздан. 

Осы  қасиет-қабілеттері мен білімі се-

беп болса керек, Нығмет 1913 жылы 

Ақайдың Қасенінің қасына тілмәш болып 

еріп, Романовтар әулетінің үш жүз жыл-

дығына арналған Омбыдағы жасау-жи-

һаздар көрмесіне барады. Патша әулетінің 

көрмесіне  Қасен бай ішін асыл жиһаз-

бұйымдарға сірестіріп, кереге, уық, шаңы-

рағына алтын-күміс жалатқан тоғыз қанат 

торғауыт киіз үйін апарады.  Қасеннің ақ 

ордасын, көздің жауын алғандай асыл 

бұйымдарын көруге келгендердің ішінде 

И.В. Сталин (ортада) мен Н. Нұрмақов (оңнан екінші қатар) 

Қазақстаннан барған делегациямен бірге. 1935 жыл. 

Небары 42 жыл ғұмырында жұлдыз-

дай жанып, ел басына бақытты заман ор-

нату жолына білімі мен ісін ақтық демі 

қалғанша арнап өткен,  қазақтың киіз ту-

ырлықты  қараша үйінде дүниеге келген 

тумысынан дарынды перзент Нығметтің 

ұлтжандылығына, еуропалық білімі мен 

зиялы тәрбиесіне кімдер атсалысты, 

Қ аза қ ста н үкіметінің басшысы 

мәртебесіне, Мәскеу секілді әлемдік 

мегаполистегі жоғары  қызметке  қалай 

көтерілді, өмірі неден кілт үзілді? деген са-

уалдарға жауап жүйелегенде, публикаци-

ямыз кілең туысқандық (менің анам 

Қайша Нұрмақова Нығмет ағатайымның 

туған  қарындасы) сағыныштан туған 

әңгімедей біржақты қабылданбасын деген 

ниетпен очеркімізге Нығмет Нұрмақовты 

көрген, оны жақын білген жолдастары-

ның естеліктерін, деректі  құжаттарды, 

ғалым, тарихшы,  ж а з у ш ы л а р А. 

Қаражігітов, А. Сармурзин, Ж. Бектұров, 

Е. Решеткина, А. Нұрмақов, Р. Сағымбе-

ковтер еңбектерін басшылыққа алдық. 

Нығметтің әкесі Нұрмақ күнелтерлік 

дөңгелек шаруасы бар кісі екен. Байлығы 

да, білімі мен ақыл-парасаты да кемел, 

озық көзқарасты жамағайыны Ақайдың 

Қасеніне  қоңсы  қонған, соның атқосшы-

сы болып, шаруашылығын  қараса жүріп, 

сауат ашқан пысық адам болған. Өз 

кіндігінен Мапыш, Нығмет,  Құрманғалы, 

Торғай, Мәжкен,  Қайша, Жәмел, Шөкен 

атты сегіз бала көрген. (Нығмет туралы 

Қазақ энциклопедиясында 1895 жылы 25 

сәуірде сол кездегі Семей губерниясы  Қу 

болысы Қызылшілік дейтін жерде,  қазіргі 

ауыл мектебінің  қызметшісі, күзетшісі 

болып орналасады да, көзінің оты бар 

ұлы Нығметті мектепке береді. 

Зерек Нығмет бірден-ақ жолдастары-

ның алдына түседі, ауыл мектебін үздік 

бітіріп, мұғалімнің кеңесімен, ағайынның 

көмегімен іле-шала  Қарқаралы  қаласын-

дағы екі класты орыс-қазақ училищесіне 

оқуға түседі, сондағы интернатта жатып 

оқиды. «Нығмет орта бойлы, аққұба, 

бұйра шашты, көркем кескінді, мінезі са-

орыстың атақты ғалымы Григорий Нико-

лаевич Потанин, Ресей географиялық 

қоғамының мүшесі, Омбыдағы семинария 

оқытушысы Александр Никитович Си-

дельников болады. Бұлар қаршадай қазақ 

баласының орыс тілінде мейінше таза 

сөйлегеніне таң қалады да, онымен жақын 

танысады. Озық ойлы орыс ғалымдары 

зерделі жасқа  қол  ұшын беріп, оның 

Омбы мұғалімдер семинариясының дай-

ындық курсына түсуіне көмектеседі. Сол 



(Мемлекет  қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына -110 жыл) 

курста Сәкен Сейфуллин де оқиды, 

бірден достасып алған екеуі содан келесі 

жылы семинарияның үш жылдық негізгі 

курсына өтеді. 

Жұмыр басты пендені замана дауы-

лы қай қиырларға апармаған дейсіз, біреу 

Қытай ауып, біреу Алтай асып жатқан 

сондай аумалы-төкпелі жылдардың 

бірінде Тағат әкеміз,  Қайша шешеміз 

әулетіміздің ақылманы, бай тұқымның са-

рқыты Мұқыш атамның бастауымен Шы-

ғысқазақстандатып, Зыряндатып Ресей 

жеріне табан тіреген екен, біз сол жақта 

тудық. Орайы келіп тұрған осы тұста 

қазақтың маңдайына біткен бір бекзада-

сы, өзі би, өзі шешен Бертіс ханнан тара-

ған  ұрпақтар ішіндегі сұңғыласы, күллі 

әулеттің  қамқоры Мұқыш атам хақында 

бір ауыз сөз келтіруді перзенттік парызым 

санаймын: атамыз келешекті әріден бол-

жайтын, көріпкелдігі, емсектігі бар кісі 

екен жарықтық, әулетіне бір нәубеттің 

төніп тұрғанын ерте сезіп, елден  қоныс 

аударып, оқиға көмескі тартқанша із жа-

сыру керектігін айтады, сөйтіп уақытша 

елден  қара үзе тұруды  ұйымдастырған. 

Әкеміз Тағат отағасы өзіне тартқан жан 

еді, «халық жауының күйеу баласы» бізді 

қуғын-сүргіннен аман сақтап  қалу үшін 

атамыздың айтқанын  қалт жібермей 

орындайды. Бәрімізді Смағұл деген кедей 

жамағайынның атына жаздырып, өзі 

оның Қоқыш деген ұлының атына басқұ-

жат ресімдетіп алады (елдің бәрі оны 

Қоқыш дейтін, Тағат атын бертінде ғана 

өзімнің заңды отчеством ретінде басқұжа-

тқа түсірттім, ал фамилием сол қалпымен 

Смағұлова болып  қалды). Онымен  қой-

май, бірге көшкен жамағайынның бәр ба-

ласын «өз баласы» етіп жаздырып, Ресей 

үкіметінен «көпбалалы» Қоқыш Смағұлов 

жөпшенді баспана алады, жұмысқа тұра-

ды, бізді өсіріп, мектепке береді.  Қайран 

әкем Тағат Мұқышев ақыры  ұрпағының 

бақыты жолына басын тігіп,  Ұлы Отан 

соғысында  қаза болды. Бұл да тарихы-

мыздың қасіретті беттерінің фактілері ғой. 

Сонда үлкендеріміздің аузынан 

«Омбы» деген сөзді жиі естиінбіз. Бір 

кездегі патшалық Ресейдің бүкіл  Қиыр 

Шығыс пен  Қазақстанды билеудегі 

әкімшілік-әскери орталығы, отарлау 

жүйесінің мықты  қамалы болған Батыс 

Сібір өлкесінің осы атышулы  қаласында 

еліміздің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 

шыққан  ұлдары оқып, өмір сүргендігін, 

ұлтымыздың мақтаныштары Шоқан 

Уәлиханов, бертіндегі Сәкен Сейфуллин, 

Мағжан Жұмабаев, Жақып Ақбаев, 

Нығмет Нұрмақов, Әбілқайыр Досов си-

яқты азаматтар болғанын есіміз кіргенде 

білдік. (Елге 1949 жылдары оралдық, 

онда біз жаспыз). Омбының ұлтымыз та-

рихына қатысты неқилы сыры бар екенін 

өзіміз құралыптас балалардан көп бұрын, 

Сәкен, Мағжан, Жақып, Нығмет 

есімдерін атауға тиым салынған кездің 

өзінде-ақ түйсіндік: Нығмет Нұрмақов 

біздің туған нағашымыз еді.) 

Омбыға оқуға түскен алғашқы 

күннен алғыр ойымен, өткір де шешен 

тілімен көзге түскен албырт жас Нығмет 

осында жүріп  қоғамдық өмірдегі саяси-

Қоғам қайраткері, Халком 

төрағасы Н. Нұрмақов. 

әлеуметтік  құбылыстар сырын білуге 

құштарланады. Осында Сәкен мен 

екеуінің өмірлерінің ең соңғы сәттеріне 

дейін дерлік жалғасқан шынайы достығы 

басталып, қалыптасады. Асылды асыл та-

бады ғой, бір қалашты бөліп жеген олар-

дың көздеген мақсаты, ой-арманы бір 

жерден шығады. (Тар жол, тайғақ кешулі 

өмір сапарында олардың басынан нелер 

қиыншылық күндер өтпеді десеңізші!..) 

Халқының бостандығы мен елінің 

егемендігін аңсап, соны іске асыру жолын 

іздеген Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин, М. 

Жұмабаев, Ә. Досовтардың, А. Сидель-

ников секілді орыс оқымыстыларының 

ықпалымен Нығметтің өмірге, қоғамға де-

ген көзқарасы қалыптаса бастайды. Ом-

быда оқып жүрген алдыңғы қатарлы жа-

стармен бірге «Бірлік» жастар  ұйымына 

кіреді, «Бостандық, бірлік, демократия» 

ұрандарын бұқара халық арасына тара-

тып, патшалық Ресейдің отаршылдық са-

ясатына қарсы үгіт-насихатқа тартылады. 

Семинарияны бітіріп  Қарқаралыға, 

училищеге мұғалім болып келген Нығмет 

Нұрмақов Омбыда туған идеяларды 

жүрегінде  ұстайды. 1917 жылғы ақпан 

революциясында патшаның тақтан 

түскендігіне қуанса, оның орнын басқан 

уақытша үкімет саясатының бұрынғы 

режімнен айырмашылығы аз екеніне көзі 

жеткен Нығмет үкімет басына больше-

виктер келген әйгілі  Қазан төңкерісінің 

«Бейбітшілік орнасын, жер шаруаға 

берілсін,  қанау жойылсын»  ұранын өз 

көкейінің арман-мүддесімен  ұштастыра-

ды. 


1918 жылы  Қарқаралыда Совдеп 

(халық депутаттарының кеңесі)  құрылғ-

анда оның жауапты хатшылығына Н. 

Нұрмақов сайланады. Сол жылы патша 

генералы Колчак әскерлері совдепті 

құлатып, оның басшыларын түрмеге 

қамайды. Он алты ай  қапасында сарғай-

тқан түрмеден босап шыққан Нығмет 

патша заманын қайтып келтірместің, елде 

жаңа өмір орнатудың іс-қарекетіне ашы-

на, белсене араласады. Алайда ақпан 

төңкерісінің нәтижелері оны әр іске 

терең ой жіберуге үйреткен болатын, 

большевиктер ұранын толық қолдағаны-

мен, партия қатарына кіруге асықпайды, 

тек 1920 жылы жан досы Сәкен 

Сейфуллиннің халықты теңдік пен бос-

тандыққа жеткізетін осы партия деген 

сеніміне  қосылады, бұл жөнінде жазу-

шының «Тар жол, тайғақ кешу» 

кітабында айтылған. 1920-21 жылдары Н. 

Нұрмақов  Қарқаралы уездік және Семей 

губерниялық атқару комитеттерінде жа-

уапты  қызметтер атқарады. 1921 жыл-

дың наурызынан бастап бір жылдан ас-

там уақыт губерниялық «Қазақ тілі» 

газетінің жауапты редакторлық міндетін 

қоса атқарады. 

Сол жылы  Қазақстанды автономия-

лы республика етіп  құру туралы В. И. 

Ленин мен М. И. Калинин  қол  қойған 

декретке байланысты Орынбор қаласын-

да шақырылған  құрылтай жиналысына 

Семей губерниясынан делегат болып 

қатысқан Н. Нұрмақов осы конференци-

яда Орталық Атқару комитетіне (ОАК) 

мүше болып сайланады. Сол жылдан ба-

стап ол бар білім-жігерін  Қазақстанның 

өз алдына ел болуына бағыштайды. Со-

вет құрылысының маңызды мәселелеріне 

көп көңіл бөле отырып, Н. Нұрмақов 

өзінің саяси білімін жетілдірумен, марк-

сизм-ленинизмді түбегейлеп оқумен 

шұғылданады. 1922 жылы ақпанда 

РКП(б) Киробкомының пленумында ол 

Әліби Жанкелдинмен бірге президиум 

мүшелігіне кандидат болып сайланады, 

1923 жыл президиум мүшесі болады, 

партияның ХП съезінің жұмыс қорытын-

дылары туралы баяндама жасайды. Елде 

идеялық-саяси тәрбиені өрістетуге, қазақ 

тілінде саяси әдебиет шығаруға белсене 

қатысады. 1921-1930 жылдар аралығын-

да К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Лениннің 

30-дан астам еңбектерінің басылып шы-

ғуына ол редколлегия мүшесі ретінде 

еңбек сіңіреді, республикалық бас саяси 

журналдың идеялық жауапкершілігі де 

оған жүктеледі. 

Н. Нұрмақов СССР  құрамындағы 

біртұтас  қазақ халқының жер көлемін 

анықтап-межелеуде көп еңбек жаса-

ған.1924 жылы  қыркүйекте Киробком 

өкілі ретінде Ортаазиялық республика-

ларды бөлу туралы мәселені шешуге ар-

налған мәжіліске  қатысады, ал 1925 

жылы өткен өлкелік конференцияда Н. 

Нұрмақов «Орта Азия республикалары-

ның мемлекеттік-ұлттық бөлінуі және 

Қазақстанның даму перспективалары ту-

ралы» баяндама жасайды. Ол жылдары 

Нығмет Нұрмақов жауапты лауазымдар 

атқарды: республика Жоғары трибуна-

лының төрағасы (1922 ж.), Жоғарғы сот 

төрағасы, Әділет халкомы, елдің Бас про-

куроры (1923-24), ОАК Президиум 

мүшесі  қызметтерінде болды,  құқық 

қорғау органдары  құрылып-қалыптасуы-

ның бастауында тұрғандардың бірі де 

біздің атақты жерлесіміз еді. 

Нұрмақовтың іскерлік  қасиеттеріне 


көз жеткізген орталық оны Халық Ко-

миссарларының Төрағасы  қызметіне жо-

ғарылатады (1924-1929). Бұл  қызметінде 

Н. Нұрмақов жас республикамыз эконо-

микасының, ауыр өнеркәсібінің, ауыл ша-

руашылығының, мәдениеті мен білім 

жүйелерінің 

қ ажетт і деңгейге 

көтерілуіне  ұйымдастырушылық дарын-

қабілетін сарқа жұмсайды. 

Архив  құжаттары  Қазақстанның ірі 

өнеркәсіп орталықтары Екібастұз, Рид-

дер,  Қарсақпайдың, мұнайлы Ембі, ал-

тынды Степняктің т. б.  құрылып-дамуы-

на, яғни республиканың қазба байлығын 

тезірек игеру, өндіргіш күштерін дамыту 

мәселелеріне, сөйтіп ел экономикасына 

өріс ашуға оның баса көңіл бөлгенін ай-

ғақтайды. Сол мақсатпен Н. Нұрмақов 

басқарған үкімет елімізде Түркістан-Сібір 

(Түрксіб) теміржол магистралін салу 

мәселесін көтереді. Мұны бірден  қолда-

ған орталық оған  ә р ж а қ т ы көмек 

көрсететін және басшылық ететін екі 

беделді комиссия (одақтық және респуб-

ликалық)  құрып, комиссиялар төрағалы-

ғына Т. Рысқұлов пен Н. Нұрмақовты та-

ғайындаған. Осынау тарихи 

теміржолдың мерзімінен бұрын пайдала-

нуға берілуіндегі  қазақ халқының маң-

дайына біткен бұл замандас, мұраттас, 

біртуар екі азаматтың еңбегі өлшеусіз. 

Н. Нұрмақов  Қазақстан астанасын 

Орынбордан  Қызылордаға көшіру идея-

сына және оның орындалысына мұрын-

дық болған екен. Оның одақтық үкімет 

алдына қойған бірқатар маңызды ұсыны-

стары терең дәйектілігімен назар аудара-

ды. Мәселен, ол 1928 жылы желтоқсан-

да СССР Бүкілодақтық Орталық Атқару 

Комитеті сессиясында жасаған  қосымша 

баяндамасында Совет Одағының негізгі 

астықты ауданы ретінде  Қазақстанның 

рөлін арттырудың қажеттігін мәселе етіп 

қойған. 

Н. Нұрмақов1925 жылы Советтердің 

Ү съезінде республикамызды  Қырғыз 

АССР-і емес,  Қазақ АССР-і деп атау 

жөнінде мәселе қойып, оның іске асыры-

луын тікелей қадағалайды. Ол - еліміздің 

бірінші Конституциясы авторларының 

бірі, шығыс халықтарының алфавитін 

құрастырушы Бүкілодақтық комиссия-

ның мүшесі және қазақ алфавитін жасау 

комиссиясының төрағасы болған кісі. 

Қазақ елінің бақуаттылығын аңсаған 

асыл азамат Қазақстан Республикасының 

экономикасы мен ауыл шаруашылығына 

ғана емес,  ұлт мәдениетінің өрлеп-

өркендеуіне көп көңіл бөлген. Нығмет 

Нұрмақовтың  қолдауымен Қызылордада 

бірінші  Қазақ театры ашылады, ол атақ-

ты әнші Әміре  Қашаубаевтің Парижде 

өткен әлем әншілерінің бәйгесіне қатысу-

ына қамқор болады, белгілі өнертанушы-

композитор Александр Затаевичтің 

қазақтың әндері мен күйлерін нотаға 

түсіруіне тікелей себепкер. Затаевичтің 

Нығметке жолдаған хатындағы (1925 ж.) 

«Сіздің  қазақ музыкасын нотаға түсіру 

туралы пікіріңізді әбден  қолдаймын...» 

деген жолдар оның «Қазақ халқының 

мың ән-күйі» атанған әйгілі еңбегінің 

өмірге келуі Халком төрағасының халық-

тық өнерге қамқорлық жасап, өнертану-

шыға жағдай туғызғандығының нәтижесі 

екендігін айғақтайды. 

Елі мен жерінің жанқияр патриоты, 

заманының лидері Н. Нұрмақов одақтық 

деңгейдегі сьезд, сессияларда Қазақстан-

ның дамып-өркендеуіне  қатысты алуан 

мәселені күн тәртібіне табандылықпен 

қойып отырған және  қазақ халқы мен 

қазақ өлкесі хақында тікелей де жанама-

лай айтылған бөтен пиғыл, көзқарасты 

ешкімнен жасқанбай өзіне тән сұңғыла 

зиялылықпен батыл тойтарып отырған. 

Айғақ ретінде Нығмет Нұрмақовтың жо-

ғарыда аталған сессиядағы сөзінен 

үзінділер келтірелік:  Қазақстанның жер 

аумағына  қатысты: «...Многие наши со-

седи, полагая, что Казахстан тяготится 

громадными размерами своей террито-

рии, часто покушаются на отдельные ее 

части... Но мы ни клочка от своей терри-

тории не намерены никому уступить...» 

десе,  Қазақстанға бөлінетін  қаражат ту-

ралы: «...Я не думаю, что бюджет РСФСР 

есть волшебный мешок с неисчерпаемы-

ми богатствами,...но я в нескольких мес-

тах говорил, что органы РСФСР недоста-

точно внимания уделяют на нужды Ка-

захстана... По нашему докладу ВЦИК 

особым постановлением должен подчер-

кнуть необходимость большего и все уси-

ливающего внимания, выражающегося в 

материальном обслуживании потребнос-

тей отсталых национальных республик 

как Казахстан» дейді, «...Нужно при-

знать, что в наших Центральных органах 

много еще старого барахла, которому 

чужды интересы национальных респуб-

лик. Таких «специалистов» давно нужно 

было вымести из аппаратов Центральных 

органов» дейді. 

Сол кездегі Қазақстан республикасы 

партия 

ұйымының хатшысы Ф. 



Голощекиннің жергілікті  ұлт халқына 

қатысты арандату саясатының астарын 

аңдап, оны тікелей әшкерелеген де Нығ-

меттей сабазым еді. Олардың пікір  қай-

шылығы ақырында Халком Кеңесінің 

төрағасы  қызметінен босату туралы Н. 

Нұрмақовтың өзі жазған арызымен 

аяқталған ғой. Сол кездегі жағдай 

шеңберінде, әрине, басқаша болуы 

мүмкін де емес еді. Голощекиндердің 

Сталин «көсеммен» пікірлес болғаны 

бүгінде баршаға аян болды. 

1929-1931 жылдары Н. Нұрмақов 

Мәскеу жоғары партия мектебінде оқиды. 

Алайда оны тәмамдаған соң  Қазақстанға 

қайта жіберілмейді де, Орталық аппарат 

қызметіне қалдырылады. Ол кезде халық-

тан шыққан оқымысты, жүрегі адал, да-

рынды  ұйымдастырушыларды елдерінен 

алшақ  ұстау Станиннің зұлымдық саяса-

тының бірі болған екен де!...Сондай сая-

сатпен ол  қазақ халқының алдыңғы 

қатарлы ұлдары Тұрар Рысқұловты, Сан-

жар Асфеңдияровты, Әбілқайыр Досов-

ты, Нәзір Төреқұловты, тағы басқаларды 

Қазақстаннан тыс жердегі жұмыста ұста-

ған. Жоғары партия мектебін бітірген Н. 

Нұрмақовты орталық Бүкілодақтық атқ-

ару комитетінің (БОАК) Президиум 

мүшесі, жауапты хатшының орынбасары 

және БОАК Президиумы Ұлттар бөлімінің 

меңгерушісі  қызметтеріне тағайындаған. 

Бұл  қызметтерде де замандастарының 

естелігінде көрсетілгендей, жерлесіміз 

терең білімділігімен, іскерлігімен Одаққа 

танылған. Ұлттар бөлімін басқарудағы 

жұмыс тәжірибесін ол 1934 жылы Мәске-

уде басылып шыққан «РСФСР-дегі аз 

ұлттардың жағдайы және оны жақсарту 

мәселелері» атты кітабында жүйелейді. 

Айта өту керек, орталықтан шығатын бас-

пасөз көздерінде Нықаңның қырықтан ас-

там жазба еңбегі жарық көріпті. 

Халқы сүйген ардагердің артындағы 

мұраларын, белгі-іздерін сөз еткенде оның 

жаңа өмірге  ұмтылған  қазақ оқырманы 

іздеп жүріп оқыған мақалалар, кітаптар 

авторы болғанын атап айтқан жөн. 

Тегінде сол тұстағы барша  қайраткерлер 

сияқты Нығмет те социалистік  құрылыс-

тың өркендеу ісіне ерте бастан  қалам 

күшімен де мықтап атсалысқан ғой. Ол 

сонау 1917 жылдың  қазан айынан 1918 

жылдың мамырына дейін Сәкен Сейфул-

лин, Рақымжан Дүйсенбаев, Абдолла 

Асылбековтер Ақмолада шығарып тұрған 

тұңғыш кеңестік  қазақ баспасөзі 

«Тіршіліктің» басы-қасында болған. Бұл 

жөнінде Сәкеннің «Тар жол, тайғақ 

кешуінде», академик-жазушы Т. 

Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» тарихи 

ғұмырнамасында жан-жақты айтылады. 

Нығмет  қаламының  қарымды болғанына 

«Еңбекші қазақтың» (Социалистік Қазақ-

стан») 1924 жылғы 7 қарашада газеттің 3 

жылдығына арналып берілген нөмірінде 

әр кездегі редакторлар мен қызметкерлер 

қатарында оған да (Сейфуллин, Жолды-

баев, Сәдуақасов, Нұрмақов, Майлин, 

Жүргенов, Арыстанбеков, Мұқанов) алғ-

ыс айтылғандығы бір айғақ. Сол қаламын 

ол қолынан 1937 жылы сталиндік жендет-

тер тартып алғанға дейін бір сәт түсірген 

емес. «Қазақстан құрылысы» (Строитель-

ства Казахстана) деген атпен 1928 жылы 

Қызылордада, «РСФСР-дегі аз ұлттар ара-

сындағы жұмыстың жәйі мен міндеттері» 

(Состояние и задачи работы среди наци-

ональных меньшинств РСФСР) деген ат-

пен 1934 жылы Мәскеуде жарық көрген 

екі кітабы отыз жетінші жылы Нығметтің 

өзімен бірге «тұтқындалып», оқушысына 

бертінде ғана  қайтарылды. Нығмет 

Нұрмақов  Қазақстаннан Сталин мен 

Голощекиннің «жоғары мәртебелі» рақы-

мымен шеттетіліп, Мәскеуде өткен 

өмірінің соңғы жылдарындағы жа-

бығыңқы көңілін сол  қалам  қайратына 

көбірек күш салумен жаныған сияқты. Ас-

танада соғысқа дейін шығып тұрған 

«Власть Советов», «Революция и нацио-

нальность», «Жизнь национальностей» 

журналдарында үзбей көлемді мақалала-

ры басылған. Осы жылдары өзінің құрас-

тыруымен ол «РСФСР-дегі  ұлттық  құры-

лыс» (Национальное строительство в 

РСФСР) деген көлемді жинақ шығарған. 

Отыз екінші жылға дейін  қазақстандық 

баспасөз беттерінде қаншама мақалалары 

жарық көргенін бұған  қосып  қойыңыз. 

Міне, осыларды жинастырып, партия-

мемлекет  қайраткері Нығмет Нұрмақов-

тың өмірбаянымен  қоса жеке кітап етіп 


Нығмет Нұрмақовтың қарындасы Қайша Нұрмақова (солдан бірінші) 

жазушы Ж. Бектұров, Нығметтің жұбайы Зүпнүн және Н. Нұрмақовтың 

жиені Тамара Смағұлова балаларымен бірге. 1995 жыл. 

шығару - бүгінгі азат Қазақстан тарихшы-

лары мен баспасөз қайраткерлерінің пары-

зы, мұны олардың назарына салу - аға 

ұрпақ интеллигенция өкілі ретіндегі біздің 

міндетіміз. 

Мұрағат 

құжаттарынан жән е 

көзкөргендердін естеліктерінен Нұрма-

қовты Мәскеуден жібермей  ұстаса да, 

оның Қазақстан жағдайымен тұрақты та-

нысып,  қолынан келген көмегін көрсетіп 

тұрғанын байқаймыз. Сексенінші жылда-

ры республикалық дәрежедегі еңбек 

ардагері Шәкір Уәлиев көзі тірісінде бы-

лай деп естелік қалдырды: «...Қос өкпем-

нен суық тиіп, отыз екінші жылы Қыры-

мға ем алуға жіберілдім. Жүрерде әкем 

Уәли Мәскеу арқылы жүретін болдың, 

жерлесіміз Нығметке жолық, елдегі жағ-

дайды өз аузыңмен сол кісіге айт деп тап-

сырған соң әдейі аялдап, өзім бұрын 

көрмеген Мәскеуді көріп, Қазіргі ГУМ-нің 

үйінде орналасқан ВЦИК кеңсесінен Нығ-

мет Нұрмақовты іздеп тауып жолықтым. 

Мен Нығмет ағайға әкейдің сәлемін 

жеткіздім және өзімнің көргендерімді, ха-

лықтың аштан  қырылып жатқаны тура-

лы, опат болған ағайындар жайлы айтып 

бердім. Ол кісі суық хабарды естігеннен 

кейін түсі бұзылып орнынан тұрып кетті, 

терезеден сыртқа көз салып терең ойға 

батты. Аздан соң «Шырағым, мынауың 

сұмдық хабар болды. Жақында оралған 

комиссия «өліп жатқандар 1928 жылы 

конфискелеген байлар көрінеді, жұмыс 

істегілері келмей аштан өліпті» деп келді. 

Сонда олары жалған болды ғой...Жақын-

да Тұрардан да хат келген-ді...Тағы да ко-

миссия шығаруымыз керек, өзім көзбе-

көз жолығып та, ВЦИК председателі Ка-

линин арқылы да Сталинге, Орталық Ко-

митетке, одақтық Совнаркомге 

жеткіземін...» деді. Сталинге жолданған 

Тұрардың сол хаты әдрісіне жетіп, жағ-

дайдың шұғыл бетбұрыс алғаны міне, 

дәл сол кезең...». 

Асыл ағаларымыз Сәкен мен Нығмет 

соңғы рет 1936 жылы Мәскеуде өткен 

қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі 

кезінде Нығметтің астанадағы пәтерінде 

кездескен екен. Тірлігінде Әшімбек Бек-

тасов ақсақал тебірене жазғандай, үлкен 

ел астанасында мәртебелі  қызмет атқа-

рып жатқанымен, өзін елі мен жерінен 

аласталған адамдай сезініп жүрген Нығ-

мет пен елдегі мүшкіл халді,  қазақ зия-

лыларының басына төніп келе жатқан 

қатерлі мезетті жан-жүрегімен түйсінген 

Сәкеннің бір-біріне айтар мұңы, арызда-

сар сыры сол бір кездесуде көп болған 

сияқты. Сәкеннің Нығметке арнаған 

мына шумақтарын оқиықшы: 

Қалғанда тар лахатта жалғыз өзім, 

Жан кетіп, жұмылғанда екі көзім, 

Айрылған тән мен жандай қаларсың сен, 

Жалындай жүрек жарған мұңлы сөзім! 

..Ешкім жоқ шер тарқатып, құмар ашар, 

Жүректің күйіп-жанған дертін басар. 

Мұңымды жұртқа айтпаған саған шақтым, 

Жүрек - от, көңіл - дария, халім нашар!... 

Сол  қазақ өнерінің Мәскеудегі 

онкүндігі Нығмет өмірінің соңғы шат-ша-

дыман күндері болған екен де! Сол 

күндегі Сәкен мен екеуінің шек  қырын-

дысына дейін сырласып әңгіме-дүкен 

құрғандары ертегі-жырдай бір тамаша. 

Бірі ірі мемлекет қайраткері, бірі атақты 

ақын бола тұра аңқылдап ақтарылып, 

ұзақ түндер ұйқы көрмей сыр шертіседі... 

Енді ойласақ,  ұлтының өнеріне шо-

мылған сол күндер Нығмет өмірінің ең 

соңғы қуанышты сағаттары, туған елінің 

ақиық дарындарының ықыласына, ән-

күйіне бөлене тұра фәнимен қоштасу са-

ғаттары екен, жалған! Жас шақтары ре-

волюция дауылында өткен екі ардагер 

Сәкен мен Нығмет осылайша соңғы рет 

кездескен. 

Нығметтің бай мазмұнды  қысқа 

өмірінің соңғы сағаттары туралы  қолда 

бар деректер, өкінішке орай, әзірге не-

кен-саяқ. Артында жастай қалған сүйген 

жары, тағдыр тауқыметін батпандап-ақ 

тартқан жеңгеміз Зүфнүн Ыбырайқызы 

былай деп еске алатын: «Нығметті Мәске-

уде отыз жетінші жылғы үшінші маусым 

күні жұмысында  ұстады. Түнгі сағат 

төртте НКВД-ның төрт адамы келіп, 

үйдің астан-кестеңін шығарды. Не іздеп 

жүргенін қайдан білейін... Әйтеуір ақта-

рып шығу олардың міндеті сияқты бола-

тын. Мәскеуде зобаланның нағыз күшіне 

еніп тұрған кезі-тін. Бойымды қорқыныш 

билеп алды. «Күніне бөленше адам ұста-

лыпты» деген алып-қашпа хабар жүректі 

суылдата суыт тарайтын. Көршіміз мар-

шал Тухачевскийді алдында  ұстап әкет-

кен болатын... Кейін Нығметпен кездесу-

ге рұқсат сұрап, НКВД-ға талай бардым. 

Күнде «ертең кел» дейді. Ақыры жолым 

болмай сергелдеңге түсіп жүргенімде көп 

ұзамай, яғни 20 шілде күні өзім тұтқын-

далдым. Мәскеудің Бутырка түрмесінде 

төрт жарым ай отырдым...». 

Зүфнүн бикенің бастан кешкендерін 

көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес еді, 

әрине... Аяулы ананың өз туған-туысқан-

дары - басы Ақбайдың Ыбырайы мен 

Жақыбы болып тоз-тоз боп олар кеткен 

еді: айдалғаны айдалып, жер аударылып, 

сол итжеккен жақта жүріп  қаза болды, 

атылғандары атылып кетті, әйтеуір өсіп-

өнген дарынды ұрпақ тып-типыл болған-

ды... Ол аздай, Нығметтің ауылдағы 

әкесі,  қарапайым еңбек адамы Нұрмақ 

ақсақал мен інісі,  қазақ атты әскер 

полкінің  қатардағы командирі  Құрманғ-

али қамауға алынып, «үштіктің» үкімімен 

атылып кетті. Зүфнүн екі баласымен ме-

кен-жайынан  қуылды, одан өзі  қамауға 

алынып, екі бала - Тамара мен Ноян 

жетімдер үйіне алынып, «НКВД балала-

ры» атанды, Нығметті танитын, онымен 

қызметтес, істес, туыстас деген адамдар-

дың бәрі де тұтқынға алынып, сотталып, 

айдалып жатты... 

Нығметтің өзіне  қатысты әңгімелер 

де аянышты. Жақын ағайыны Шәкір 

Уәлиевтің бір айтқаны бар: «партияның 

тарихи XX съезінен кейінгі жерде сол 

кездегі Қазақ ССР Минисгрлер Советінің 

төрағасы Н. Ондасыновтың араласуымен 

Қазақстанның белгілі ғалымы, Зүфнүннің 

немере бауыры 3. Жандеркин Нығметтің 

тиісті орындарда сақталған жеке ісімен 

танысқаннан кейін біздерге, туыстарына 

«Жеке істің» соңғы беттерінен «Н. Нур-

маков умер, не выдержав пыток...» деген 

мағнадағы сөздер жазылғанын жылап 

отырып айтып беріп бәрімізді жылатып 

еді... ». 

Міне, шындыққа сәуле құятын осын-

дай әңгіме баршылық. 

Әттең, заманы туса да Н. Нұрмақов-

тың Мәскеудегі өмірі мен қызметін зерт-

теуге әзірше ешкімнің қолы тимей келеді, 

бұл бір зерттелмей жатқан тың тақырып 

екенін тарихшы-ғалым бауырларға 

құлаққағыс етуді үлкендік парыз санай-

мыз. 

Жазушы Әшімбек Бектасовтың 1975 



жылы жариялаған естелігі де Нығмет 

бейнесін аша түседі. «...Нығметті 1935 

жылы Семейде көрдім, - деп жазады 

Әшкең марқұм.  Қазақстанның 15 жыл-

дық тойына М. И. Калинин ақсақалмен 

келді. Олар республиканың өндіріс орын-

дарын аралады, колхоздары мен совхоз-

дарында болды. Мен Нығметті жасымнан 

жақсы білетінмін. Білгір, іскер, тиянақты, 

халқының қамын ойлайтын аяулы азамат 

еді. Әсіресе оның батылдығы мен алғыр-

лығы әріптестерін  қайран  қалдыра-

тын...1936 жылдың көктемінде Москвада 

болған  Қазақ әдебиеті мен өнерінің 

бірінші декадасында Нығмет Нұрмақов 

зайыбы Зүфниза Ыбырайқызымен келіп 

декадаға қатысты,  қазақ өнерінің тамаша 

табысына  қоса  қуанды. Парижде коман-

дировкада жүрген Леон Исаевич Мирзо-

янға  қазақстандықтар өнерінің табысы 

туралы күнбе-күн телефонмен хабарлап 

тұрғанына куә болдық. ..Әкесі момын 

шаруа бола тұра кітап, хиссаларды көп 

оқитын, ауыз әдебиетін жетік білетін... 

Омбы семинариясына түскен күннен ба-

стап-ақ Сәкен Сейфуллинмен танысып, 

достасады. Сол жылы Шәймерден Әлжа-

нұлының басқаруымен «Бірлік»  ұйымы-

на мүше болады.1916 жылы семинария-

ны үздік бітіріп,  Қарқаралыдағы өзі 

оқыған мектепке мұғалім болып орнала-

сады. Революция ісіне  қызу араласқан 

Нығмет Егіндібұлақ төңірегінде Дутов 

жендеттерінің 300 адамнан  құрылған 

бөлімшесіне  қарсы аяусыз күрес 

жүргізеді. Совдеп мүшелерінің күшімен 

жергілікті орыстар мен  қазақтардан 

қарулы жасақ  ұйымдастырып, аз күннің 

ішінде Дутов бөлімшесін тас-талқан 

етеді. Бұл  ұрыстарда  Қапан Әбдрахма-

нов, Смақ Байсейітов, Әлінің Хасені, Ка-

мал Жайсақов, Нұрқан Жақыпұлы,  Қар-

қаралы өңірінің атақты шеберлері  Қосы-

бай мен Оспан  ұсталар да бар. Олардың 

ішінде ержүрек Байжанның Әубәкірі, 

Асайдың Әубәкірі деген адамдар да бол-

ды. Отрядқа жақсы аттарды Ақайдың 

Хасені мен Рақымберлінің Жұмабайы 

берді, Мәди Бәпиұлы бұл отрядтың со-

ғыс ісін тікелей басқарды. Отрядта сон-

дай-ақ 1916 жылы Мәдимен Ақмола 

түрмесінде бірге отырған Күллебай Шы-

манов та бар еді. Ақгвардияшылар  Қар-

қаралыда кеңес өкіметін  құлатып, ревком 

мүшелерін  қамауға алғанда, онда Нығ-

меттермен бірге Мәди Бәпиұлы да бола-

ды. Сонда Мәди Нығметке мына өлеңді 

арнаған екен: 



...«Сары алтын - сабыр түбі» деген сөз бар, 

Бойласаң мұңға терең қайғы қоздар. 

Ойменен тым қамығып жасымаңдар, 

«Елім» деп еңіреген саңлақ боздар! 

Жақсы інім, Нығыметім, қыран құсым, 

Мәңгіге өлмеуі хақ ұранды ісің. 

Күн туып, жендеттердің торы қирап, 

Соңыңа елді ертіп тұрармысың!...» -

деп Мәди туралы алғашқы кітап жазған 

Әшімбек Бектасовың 1975 жылы облыс-

тық «Орталық  Қазақстан» газетінде жа-

риялатқан естелігін әдейі келтіріп отыр-

мын. Біріншіден, «көзден кетсе - көңілден 

ада» дегендей , Семей-Қарқаралы-Қу та-

рихынан аса көп білетін Әшкеңдей зерек 

азамат болғаны жұрт жадында жаңғыр-

сын, екіден, сарғайған газет материалы 

жоғалса, әңгіме келешек  ұрпақ оқитын 

ж у р н а л д а  қалсын, кейін  Қ а з а қ елі 

тәуелсіздігі мен мемлекеттігінің бастау-

ында тұрған ағаларын іздейтіндерге на-

қты дерек бола берсін дегендік еді. 

Біздің бағымызға Нығмет Нұрмақов 

туралы осындай деректерді талмай жи-

нап, Әшкең секілді жандармен көзі 

тірісінде тілдесіп, көркем шығарма жазғ-

ан Сапарғали Ләмбекұлындай тамаша 

жазушымыз, Зарқын Тайшыбай сынды 

ғалым баурымыз бар. Отыз жетінші 

ж ы л ы  қ а й р а н боздақтар өмірінің 

неліктен баудай  қиылғанын жетпісінші 

жылдары ешкім айта алмады ғой, Әшкең 

де өз естелігін «Қазақ халқының адал 

ұлы Нығмет Н ұ рма қ о в 1937  ж ы л ы 

мезгілсіз  қаза болды. 1971 жылы бұры-

нғы Омбы семинариясының үйіне  қазақ 

халқының ардагер  ұлдары Сәкен Сей-

фуллин мен Нығмет Нұрмақовқа  қала 

жұртшылығы ақ мәрмәрдан ескерткіш 

тақта орнатты» деп  қана бітіреді. 

Нығмет Нұрмақов  қоғамдық жұмы-

сқа да көп тартылған. Ол XI, ХІҮ партия 

съездерінің, Советтер съездерінің, көпте-

ген сессиялардың делегаттары болып 

сайланған. Бұл жылдар Н. Нұрмақовтың 

Ресей федерациясына  қарайтын  ұлттық 

республикалар мен аз  ұлт кадрларын да-

ярлауда, еңбекші бұқараны достық 

қарым-қатынаста тәрбиелеуде жемісті 

еңбек еткен жылдары болды. Осы  қыз-

метте аяулы азамат 1937 жылдың 3 мау-

сымына дейін, сталиндік жендеттердің 

қанды шеңгелімен  қамауға алынғанша 

отырды. Әміршіл, күдікшіл система ба-

сында отырғандар  ұлт кадрларына аса 

сенімсіздікпен  қарағаны енді ғана деректі 

түрде белгілі болуда. Бүкіл өткен ғұмы-

рында еркіндік аңсаған  қазақ елінің 

«қолым жетті ме, жетпеді ме» деп  қазан 

төңкерісінен үміт шуағын күткен күндері 

бірден келмеді, ардақты азаматтарынан 

қапыда, өкініште айырылуы, солардың 

құрбандығы, оларсыз кешкен азапты 

күндерді өткеру арқылы келді. 

Еліміздің біртуар  ұлы, көрнекті мем-

лекет және  қоғам  қайраткері Н. Нұрма-

қов небары 42 жасында, 1937 жылы жа-

зықсыз жаламен репрессияға  ұшырап, Ә. 

Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Т. Рысқұ-

лов, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. 

Майлин, М. Жұмабаев, С.  Қожанов, Л. 

Мирзоян т. б. сияқты ардақты арыстар 

сияқты сол жылдары Мәскеуде атылып 

кетті. Оған да басқаларға жағылғандай 

қара күйе жағыла келіп: «...Под его ру-

ководством проводилась повстанческая 

диверсионно-вредительская, террористи-

ческая работа в Казахстане» деген шын-

дыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, 

қаскөй пиғылды айып тағылған. 

Тарихи XX сьездің жеке адамға табы-

ну зардаптарын жою жөніндегі 

шешімдерінен кейін Нығмет жөніндегі үкім 

1956 жылы күшін жойды, басқа да ақтал-

ған арыстармен қатар оның абзал есімі ха-

лқына  қайтарылып берілді. Сот үкімі 

негізсіз деп табылып, Нығметтің атақ-абы-

ройы орнына келтірілді. СССР Жоғарғы 

Соты әскери коллегиясының сол жылғы 

11 тамыздағы үкімінде: «...что Нурмаков 

был привлечен к уголовной ответственно-

сти и осужден необоснованно... 

Рассмотрев материалы дела и допол-

нительной проверки по нему и находя 

заключение обоснованным, Военная кол-

легия Верховного суда СССР 

Определил: 

Приговор Военной коллегии Верхов-

ного суда от 27 сентября 1937 года в от-

ношении Нурмакова Нигмета Нурмако-

вича во вновь открывшимся обстоятель-

ствам отменить и дело о нем на основа-

нии 5-ст. УПК РСФСР производством 

прекратить» делінген. 

Міне, арада жиырма жылдай уақыт 

өткенде ғана есіл ерлер мойнына тағыл-

ған жала жоққа шығарылды.Зайыбы 

Зүфнүн сол әділдіктің орнағанын көріп 

өмірінің соңында аяулы жар атағының 

аясында, аруағын елімен бірге ардақтап 

тыншу ғұмыр кешті. Өкініштісі, екі бала-

сының үлкені Тамара жетімдер үйінің 

«рақатына» төзе алмай ол дүниелік бол-

ды (маған сол әпкемнің есімі беріліпті), 

жалғыз  ұлы, кеңес офицері Ноян өмірге 

Нығмет, Елена есімді екі бала әкеліп, зо-

балаң жылдар  қалдырған сырқат салда-

рынан бертінде, Мәскеуде анасымен бірге 

тұрған шағында қайтыс болды. 

Бүгінде Нығмет Нұрмақовтың атымен 

Алматыда,  Қызылордада,  Қарқаралыда 

көшелер, мектептер аталған, Алматы-

дағы үйіне мәрмәр тақта орнатылды. Біз 

әсіресе  Қарағаныдағы Нығмет Нұрмақов 

атындағы орта мектеп-интернат педұжы-

мы мен шәкірттерінің аз ғұмырында көп 

іс тындырғанымен, оның жемісін көрмей 

арманда кеткен асыл аға есімі мен еліне 

риясыз  қызметін насихаттап,  ұрпақтан-

ұрпаққа жеткізіп келе жатқан еңбегіне 

аса ризамыз! Нұрмақов мектебі оқу-

тәрбие ісінде облысқа танымал үлгілі оқу 

орны, мектепте Нықаң жөнінде мол 

мұрағат жинақталған мұражай бар, оған 

өзіміз де үлес  қостық, үнемі байланыс 

жасап тұрамыз. Ағаның биылғы дөңге-

лек датасын да  ұжым алуан шаралармен 

атап өтуде. 

Ал, осы мектеп Нығмет атасының би-

ылғы мүшелді жылында бір күрделі жөндеу 

көрсе дұрыс болар еді. 

Сөз соңында айтарымыз, жетпіс жы-

лға созылған Кеңес дәуірі - еліміздің 

ғасырларға жол тартып жатқан  ұлы та-

рихының, атышулы жиырмасыншы 

ғасырдың ағынан қарасы көп қасіретті де 

қасиетті бір белесі ғой. Сондықтан өз 

еліңнің де тарихынан ешқайда  қашып 

қ ұ тыл а алмайсың. Жасампазды қ т ы 

тәжірибе,  қателікті сабақ ете отырып 

алға басу, адамзат сапарының көшін жа-

лғастыру - тірілерге парыз. 



Сол заманда өмір сүріп, игі 

қызметтерімен еліміздің бостандығы мен 

егемендігін жақындатқан, зұлымдық си-

стеманың құрбаны болып кеткен аяулы 

азаматтар есімдерінің мәңгі есте сақта-

луы заңды! Өйткені олардың өмірін ту-

ған халқының тарихынан бөліп  қарау 

мүмкін емес. 

Азия Транзит. - 2005 . - N4 (сәуір). - 4-8 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал