Алашорда және Халел Досмұхамедов Табылдиев Х. Б



жүктеу 39.14 Kb.

Дата30.01.2017
өлшемі39.14 Kb.

Алашорда және Халел Досмұхамедов 

                                              Табылдиев Х.Б. (Атырау, Қазақстан) 

Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай қиыншылықтарды 

өткеріп  келеді.  Осы  қиыншылықтармен  кері  тартпалықтан  құтылудың  алғаш  жолын 

іздегендер  қазақтың  көзі  ашық,  көңілі  ояау  зиялылары  болды.  Бұлардың  көбі  Москва, 

Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде оқыған қазақ жастарының қаймағы еді. 

Алашордашылар  тарихын  зерттеу  мәселесіне  келсек,  Қазан  төңкерісіне  дейін  оны 

зерттеуді  қазақ  зиялыларының  өздері  бастап  берген  болатын.  Оған  дәлел  Ә.Бөкейханов, 

М.Дулатов,  М.Тынышбаев,  Е.Омаров  және  басқалардың  жарық  көрген  еңбектері.  Ал 

Алаш  сөзінің  төркініне  келсек,  қазақтар  оны  ертеден  қолданып  келді.  Қазақтар  елге 

қамқоры болған қадірменді адамдарын «Алаштың азаматы» атады. Қысқасы, «Алаш» сөзі 

ел  аузында  жақсы  орынға  жұмсалған.  Бірақта  кешегі  Кеңес  үкіметі  кезінде  осы  сөзді 

айтудан  халықты  бездіріп  жіберді.  Олардың  осындай  тағылығы  мен  идеологиясының 

орнауы  қазақтың  кейбір  азаматтарын  қарсы  қоюға  мәжбүр  етті.  Мәселен,  Сәкен 

Сейфуллин  1920  жылы  «Қазақ  интеллигенциясы  туралы»  мақаласында  ұлы  төңкерістен 

кейін Алаш қозғалысы реакцияшыл сипат ала бастады десе, 1927 жылы жариялаған «Тар 

жол,  тайғақ  кешу»  романында  большевиктер  партиясының  дұшпандарының  бірі  осы 

Алаштар  болды  деген  тұжырымын  айтты.  Бірақ  ол  кейін  өз  көзқарасын  өзгертті.  Мұнан 

басқа Алаш қозғалысын сынаған партиялық тапсырыспен жазылған еңбектерде шықты.  

«Алаш» партиясының құрылуына келсек, Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы 21-26 

шілде  аралығында  Орынборда  қазақтардың  тұңғыш  съезі  өткізіліп,  оған  Ақмола,  Семей, 

Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария,  Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан өкілдер 

қатынасып  14  мәселені  қарап  талқылайды.  Соның  ішінде  мемлекетті  билеу  түрі,  қазақ 

автономиясы, қазақ облыстарындағы жер мәселесі, әскер құру, әйел теңдігі және земство 

туралы  т.б.  қаралады.  Соның  ішінде  қазақ  өнері  туралы  алынған  қаулыда  «қазақ  халқы 

өзіне  еншіні  жерге  орналасып  болғанша,  қазақ  жері  ешкімге  берілмесін...»  деп,  осы  жер 

мәселесін  тиісті  дәрежеде  қою  арқылы  жалпы  ұлттық  дәрежеге  көтеріп,  өзінің  тарихи 

міндетін  орындаған  болатын.  Мұнан  басқа  съездің  жасаған  үлкен  бір  қызметі  «Алаш» 

партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. 

Жалпы  қазақ  съезінен  кейін  орынборда  Ресей  үкімсетінің  ұйымдастырумен 

Бүкілресейлік мұсылмандар съезі шақырылып, әр облыстан бір-бірден депуттаттар барды. 

Осы съезде «қазақ халқын отарлық езгіден құтқаратын Алаш партиясы болу керек» деген 

қағида алды. 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінің 251 санында Алаш партиясының 

бағдарламасы жарияланды. 

Бағдарламаның  мазмұнына  қарап,  біз  Алаш  зиялыларының  бірінші  кезекте  ұлттық 

саяси дербестік және экономикалық-әлеуметтік даму жолына түсу мақсатын қойғандығын 

көреміз.  Сондықтанда  бағдарламада  қойылған  мақсат-мүдделердің  жалпыұлттық, 

жалпыдемократиялық    сипатын  негізге  ала  отырып,  оны  құрушы  ұлт  зиялыларын  ұлтты 

демократиялық  интеллигенциясы  партиясы  деп  атаулары  да  орынды.  Ал  қазақ 

мемлекеттігі туралы мәселе 1917 жылы 5 желтоқсанда  Орынборда жалпы қазақ съезінде 

қаралып,  онда  «Қазақ-қырғыз  автономиясы  «Алаш»  деп  аталсын»  деген  шешім  алады. 

Сондай-ақ  Алаш  облыстарын  қазіргі  тығырықтан  қорғап  қалу  мақсатында  оның  аты 

«Алашорда»  болсын  және  Алашорданың  уақытша  тұратын  жері  Семей  қаласы  болсын 

деген  қаулы  алды  жаңа  үкімет  құрамын  бекітіп,  оған  Бөкейден  Уәлитхан  Танашев, 

Оралдан  Халел  Досмұхамедов,  Ақмоладан  Айдархан  Тұрлыбаев,  Торғайдан  Ахмет 

Берімжанов,  Семейден  Халел  Ғаббасов,    Жетісудан  Салық  Аманжолов,  сырдариядан 

Мұстафа Шоқай енді.  

Алашорданың  «Ұлт  кеңесі»  құрылып  оның  төрағасына  үш  адам  -  Ә.Бөкейханов, 

Бақыткерей  Құлманов  және  айдархан  Тұрлыбаев  ұсынылып,  көпшілік  дауыспен  Әлихан 

Бөкейханов сайланды (Сүйінов С. Қайраткер Құлманов. Алматы, 1997ж. 56 б.) 


Бір  айта  кетер  жай,  алашордашылар  большевиктер  партиясы  ұстаған  саясатты 

қолдамады,  ол  әсіресе  азамат  соғысы  жылдарында  анық  көрінді.  Олар  ақгвардияшылар 

жағында  болды,  сонымен  қатар  алашордашылардың  өз  арасында  бірлік,  түсінушілік 

болмады.  Қазақ  зиялылары  алғашқы  кезде  әр  қайсысы  әр  жақта  ұйым  құрды.  Мәселен, 

олар  Омбыдан  «Бірлік»,  Қызылжарда  «Талап»,  Ақтөбеде  «Жас  тілек»,  павлодарда 

«Ғылым», Зайсанда «Қазақ жәрдемі» және басқа ұйымдарды құрған.  

Міне,  осылардың  салдарынан  Алашордашылардың  өмірі  ұзаққа  бармады,  бар 

болғаны  жыл  жарымдай  өмір  сүрді.  Ғалымдарымыздың  бір  ауызға  келген  пікірлеріне 

қарағанда  «Алашорда»  1918  жылдың  ортасынан  1919  жылдың  желтоқсан  айына  дейін 

өмір сүрген. 

Алаш партиясы, Алашорда үкіметін құруда, оның жемісті еңбек етуіне ерекше үлсе 

қосқан. Оның басшыларының бірі болған – Халел Досмұхамедов.  

Х.  Досмұхамедов  1883  жылы  Атырау  (бұрынғы  Гурьев)  облысының  Қызылқоға 

ауданының  тайсойған  құмындағы  Жарыпшыққан  өзені  бойында  дүниеге  келеді.  Алғаш 

ауыл  молдасынан  сауатын  ашқан  Халел  Ойыл  (Көкжар)  қаласындағы  бір  кластық  орыс-

қырғыз (қазақ) училищесінен бастапқы білім алып, одан кейін Орал қаласыедағы реалды 

училищені  1903  жылы  үздік  бітіреді.  Сол  жылы  ол  Санкт-Петербург  қаласындағы 

Императорлық  әскери  медицина  Академиясына  түсіп,  оны    199  жылы  үздік  бітіреді. 

Оқуды  бітірген  ол  сол  жылы  Пермь  губерниясына  қарасты  Чердынь  уезіндегі  Морчань 

бөлімшесінде  және  бөлімшенің  қабылдау  бөлімінде  елі  бірдей  жұмысты  атқарады.  Сол 

1909  жылдың  аяғында  Халел  Досмұхамедов  Түркістанға  оралып,  сонда  дәрігер  болып 

1910  жылдың  сәуіріне  дейін  істеп,  Оралға  ауысып,  орал    казак-орыстарын  емдейтін 

Ілбішін,  Калмыков  қамалдарындағы  ауруханада  алғаш  кіші  дәрігер,  кейін  аға  дәрігер 

болып  қызмет  атқарады.  Осында  ол  әскери  дәрігер  қызметін  аяқтап,  отставкаға  шығып 

1913-1919 жылдар аралығында Темір уезінде дәрігер болып еңбек етеді. 

1905  жылғы  қанды  жексенбіден    кейін  халел  Досмұхамедовтың  саяси  күресі 

басталады.  Ол  дәрігерлік  қызметін  тастап,  біржола  Алаш  қозғалысының  белсенді 

көсемдерінің  бірі  болады.  Ол  Орал  қаласында  Қазақстанның  бес  облысынан  800  делегат 

қатынасқан,  қазақ  халқының  тәуелсіздігін  ту  еткен  алғашқы  жалпы  халықтық  съезін 

ұйымдастырушылардың  бірі.  Осы  съезде  Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедовтер 

облыстық  қазақ  аудандарын  басқаруды  қайта  құру  жайлы  баяндамаларын  тыңдап,  оны 

толықтай  қолдады.  Сондай-ақ  Халел  1918-19  жылдары  мемлекеттік  саяси  құрылым 

ретінде өмір сүрген Ойыл уалаятының қызмет жүйесінің негізін салған адам. 

Съезде  Москвада  өтетін  Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезіне  қазақстаннан  үш 

делегат сайлағанда соның бірі – Халел Досмұхамедов болған. 

1917  жылы  5-13  желтоқсан  арасында  Орынборда  өткен  бірінші  Бүкілқазақстандық 

съезінде  Халел  Досмұхамедов  бастан  аяқ  төрағалық  еткен.  Алашорда  тапсырмасымен 

Жаһанша  екеуі  1918  жылы  РК  ФСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  В.И.Ленин 

және  Ұлт  істер  Халық  Комиссары  И.В.Сталинмен  Алашорда  және  Кеңес  үкіметінің 

арақатынасына байланысты келіссөздер жүргізді. 

Халел  Досмұхамедов  азамат  соғысы  жылдарында  Алаш  қозғалысының  бір 

орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиын болған кезеңде Жымпиты қаласында 

өткен Орал казак-орыстарының төртінші съезінде Москвада өткен кездесу жайлы баяндап, 

съез шешімі бойынша Ойыл уәлаятының Уақытша үкіметін құрады.  

Сөйтіп,  саяси  күреске  түгелдей  берілген  Халел  Досмұхамедов  Алашорданың  өзге 

қайраткерлерімен  бірге  Алаш  партиясы  жұмысына,  Алаш  автономиясын  жариялау  ісіне, 

Алашорда үкіметін құруға белсене қатынаса отырып, оның басшыларының бірі болды. 

1920  жылдан  бастап  Алаш  қозғалысына  Кеңес  үкіметі  тиым  салуына  байланысты 

Халел  Досмұхамедовтың  білім,  ғылымға  бағытталған  қызметі  басталады.  Ол  192-25 

жылдары  ташкенттегі  Орта  Азия  университетінің  медицина  факультетінде  ординатор, 

Түркістан  Автономиялық  Республикасы  Орталық  атқару  Комитеті  жанындағы  Қырғыз-

қазақ  білім  комиссиясының  төрағасы  қызметін  атқарады.  1926  жылы  қазіргі  Абай 



атындағы  (бұрынғы  КазПи)  Алматы  педагогикалық  университетін  құру  жөніндегі 

комиссиясының  төрағасы  болып,  Қазақстандағы  1928  жылы  құрылған  тұңғыш  оқу 

орнының проректоры болып тағайындалады. Проректорлық қызметпен қоса ұстаз ретінде 

профессорлық (1929 жылы) қызметті де атқарады. 

1930  жылы  Алашордаға  қатынасқаны  үшін  Халел  Досмұхамедовке  саяси  айып 

тағылып  жұмысына  босатылып,  Ресейдің  Воронеж  қаласына  жер  аударылады.  Сөйтіп 

халелдің  қуғын-сүргінге  ұшыраған  кезеңі  басталып,  1938  жылы  26  сәуірде  тұтқынға 

алынып, 1939 жылы 23 сәуірде үштіктің шешімімен атылады.  

Халел Досмұхамедов 1958 жылы ақталғанмен ұзақ жылдар есімі аталмай, еңбектері 

жарияланбай  келді.  Шындығында  Халел  қоғамдық  қызметімен  қоса,  көптеген  әр  саланы 

қамтыған  құнды  ғылыми  еңбектер  қалдырды.  Оның  медицина,  биология,  тарих,  әдебиет 

тақырыбында жазған еңбектері, соның ішінде «Табиғаттану» (1992), «Жануарлар» (1922), 

«Адамның тән тірлігі» (1923), «Как бороться с чумой среди население Киргизского края» 

(1918  және  1925),  «Оқушылардың  саулығын  сақтау»  (1925)  оқулықтары,  қазақ  тілі 

мәселесіне  арналған  «Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сингорманизм  заңы»  (1924),  әдебиет, 

фольклор  мәселесін  қамтыған  «Шернияз  шешен»  (1925),  «Қазақ  халық  әдебиеті»  (1928), 

ауыз  әдебиетімен  қазақ  ақындары  мұрасына  арналған,  жинастырылған  «Мұрат  ақын 

сөздері»  (1924),  «Исатай-Махамбет»  (1925),  «Аламан»  (1926)  жинақтары  тарихи 

мәселелерге  арналған  еңбектер.  Мұнан  басқа  Халел  Досмұхамедов  көптеген  көпшілік-

ғылыми,  публицистикалық  мақалалардың  авторы.  Оның  еңбектері  бүгінде  терең 

зерттеліп,  бірнеше  докторлық,  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды.  Халел 

Досмұхамедов  шығармалары  жарық  көрді,  Халелтану  сабағы  жүргізілуде.  Оның  атында 

Атырау  мемлекеттік  университеті,  Қызылқоға  ауданындағы  бұрынғы  «Қызыл  ту» 

совхозы, Атыраудағы Московская көшесі берілді. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал