Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/20
Дата23.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


 
 


 
Алаш 
көсемсөзі 
 
1 том 
 
"Шолпан" 
журналы 
 
Қырғыз-қазақ тілінде айында бір шығатын саясат – 
шаруашылық, білім - әдебиет журналы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1-
 
саны. 1922 жыл, 15 октябрь 
 
Ашық хат 
 
Түркістан  коммунистер  партиясы  һәм  жетінші  аймақтық  партия  конференциясының 
Түркістан коммунистер партиясының барлық мүшелеріне жазған Ашық хаты. 
 
Қадірлі жолдастар! 
 
Партия  конференциясында  болған  баяндама,  шығарылған  қарарларда  айтылған  бүкіл 
Россия  коммунистер  партиясының  соңғы  көрсеткен  жолдарын  тіршілік  жүзінде  жүргізу 
реттерін қарастыру біздің конференцияның мойнындағы ісі еді. 
 
Партия  конференциясында  шығарылған  қарарлар,  Түркістан  коммунистер  партиясының 
керекті істерін белгіледі. Сондықтан, партия конференциясы һәм Түркістан коммунистер 
партиясы,  Россия  коммунистер  партиясының  көрсеткен  жолдарын  һәм  соларға  сүйеніп 
шығарған  қарарларды,  осы  хат  арқылы  Түркістан  коммунистер  партиясының  барлық 
мүшелеріне білдіруді тапсырды. 
 
Ұлт  мәселесі  шешілетін  зор  мәселелердің  ең  үлкені  саналады.  Байлар  һәм  патшашыл 
хүкіметтің  тұсында  салынған  жолға  қарай  келімсектер  қожалығы  жүруі  бірте-бірте 
тоқталып,  һәм  бір  ғана  ұлттың  пайдасын  ойлаған  ұлтшылдықтардан  тартынып,  бір 
жағынан  Түркістанда  бар  барлық  ұлттардың,  рулардың  еңбекшілері  серіктесіп  екінші 
жағынан  бүкіл  Россия  еңбекшілеріменен  бірлігі  табылу  жолын  қолдайтын  саясат 
бұрынғыдай  жүре  береді.  Және  де  көзбенен  қаралы  іс  негізі  тіпті  өзгерілмейді.  Қай 
жағынан  қарағанда  да,  тіпті  жаңа  шаруа  саясаты  болса  да  бұрын  жүргізілген  жер 
реформасы  кедей  дихандар  көпшілігін  азаттыққа  бастау  саясаты  жаңармайды.  Және  де 
жергілікті  еңбекшілердің жаңа аяқталып келе жатқан жергілікті  сауда капиталына қарсы 
тұруы, кейбір жерлерде биікшілдік дәуірін жаңарту істеріменен күресуі үшін жәрдем беру 
істер де жаңадан тағы өзгерілмейді. 
 
Жаңа  жол  іздеп,  жаңа  саясат  құрастыру  құрғақ  әңгіменің  соңында  жүргендікке  келіп 
тоқтайды.  Өйткені,  түсінігімізге  лайықтап  һәм  әдіс,  программаға  сиыстырып  жолымыз 
ілгеріде түзу белгіленген, һәм бөтен көрсетілген тіпті жол жоқ. 
 
Біздің  шаруашылық  туралы  енді  істейтін  ісіміздің  де  жөні  осындай.  Қолдан  суарылатын 
жердің  мөлшерін  бұрынғы  санға  жеткізіп,  тайымы  егілетін  егістіктің  ауданын  кеңейту. 
Мақта  шаруасын  жаңарту,  ең  әуелі  қазіргі  пайдаланып  жүрген  арықтарды  жөндеп  тағы 
жаңадан  арық  шығару.  Мал  шаруасын  молайту.  Ақша  мәселесі  һәм  азық-түлік  ісін 
тәртіпке салу, қазіргі керекті істердің жөні мінекей. Осы негізді жаңартудың тіпті қажеті 
жоқ.  һәм  керекті  істер  тіпті  өзгерместен  бұрынғы  сияқты  тіршілік  жүзінде  жүргізілудің 
ретін күтіп тұр. 
 
Кеңес хүкіметінің құрылысы партия һәм ағарту ісі туралы керекті істері осы сияқты ілгері 
белгіленген.  Енді,  оған  қосылатын  нәрсе  жоқ.  Сөйтсе  де,  біздің  кеңес  һәм  партия 
құрылысымыз  туралы  программамыздың  негізінде  көрсетілген  жол-жобаларымызды 
жүзеге  шығару  үшін,  құрғақ  әңгімелерден  іске  өтудің  заманы  туып  отырғаны  анық. 
Мұның өте керектігі әсіресе, біздің партия конференциясында сезіліп тұр. 
 
Біздің  Түркістан  коммунистер  партиясы,  осы  уақытқа  шейін  бұл  ашық  көрсетілген 
мақсаттарды  іс  жүзінде  орындай  алмаған.  Түркістан  коммунистер  партиясы  әсіресе, 
бастықтары  партияның  отаршылық  һәм  ұлтшылдық  тақырыпты  ашық  айтқан  сөздеріне 


 
қарамай, бұл мәселелер туралы құрғақ таласпен өткізген көп жерлерде, партия ұйымдары 
қызметке  зиянды  майда  таптарға  бөлініп,  кейбір  керекті  еңбекшілерді  үркітіп  орынсыз 
майда  саяси  күреспенен  өткізген.  Мінекей,  осылардың  барлығы  шаруашылық  һәм  ел 
билеу құрылыстарын түзетуге кесірі болып, жергілікті еңбекшілердің партия һәм кеңесшіл 
хүкіметіне  жақындаспауына  себеп.  Бүкіл  Россия  коммунистер  партиясының  кіндік 
комитетінің  көрсеткен  жолдарын  ауызбіршілікпен  жүзеге  шығаруға  Түркістан 
коммунистер партиясының барлық мүшелеріне ұсынады. 
 
Бірінші орында шаруашылық мәселелерін қоюды, һәм шет жерлерде ел билеу бөлімдерін 
тәртіпке салып түзетуді керек қылады. 
 
Қайсы  мемлекет  һәм  партия  бөлімдерінің  партия  мүшелерінің  істеген  ісі  болса  да,  осы 
жақтан сыналып қана қаралуы тиіс. 
 
Кейін  қалған  Түркістанда  ұйымдастыру  істерін  жолға  салу,  жергілікті  еңбекшілердің 
шаруашылық мұқтаждарын жөндіктіру үшін һәм оларға кеңестер құрылысының пайдалы 
екенін байқату үшін іс-жүзінде ашық, һәм түсінікті қылу өте қажет. 
 
Сондықтан  істің  ең  зоры  -  сөздерде  шығарылған  қарарларда  емес,  жергілікті  диханның 
шаруасын  түзету  үшін  қылынған  жұмыста.  Мемлекет  бөлімдері,  партия  ұйымшалары 
қыстақтарда  дүние  молайтып,  өнімді  көбейтуінде.  Жергілікті  халықтар  алдында  үлгілі 
болуда,  мемлекет  бөлімдерінің,  һәм  партияның  істейтін  істерінің  жергілікті  тұрмыспен 
байланысы зор болуы қажет. Сондықтан барлық шығатын бұйрық-жарлықтар диханменен 
байланысуы  өте  керек.  Бұл  шаруашылық  мақсаттарын  жүзеге  шығаруға  зиян  келтіретін 
себептердің  бірі  -  басбашылық.  Сондықтан  басбашшылықпен  күресу  партия  һәм  кеңес 
хүкіметінің орны болуы керек. Бұл мәселені орындау үшін барлық күш-қуатты сарп етіп, 
ауызбіршілік қылып қарсы тұруымыз керек. 
 
Басбашылық  құртылмаса  Түркістанда  шаруашылықты  жөндіктіру  мүмкін  емес  екендігін 
де жақсы білу керек. Уақыттарды қайтып беріп, діни мектептер ашқызып, һәм қазыларға 
жол беріп баспашыларды саяси жағынан күшсіз һәм зиянсыз қыламыз деген пікір  үлкен 
қата.  Бұл  сияқты  еріктер  егер  баспашылықпен  күресудегі  жалпы  тәртіптер  қатарында 
берілген  болса,  бәлки  пайдалы  да  болып  табылар  еді.  Ең  түпкі  түйін  Кеңестер  хүкіметі 
шаруашылық жағдайында пайдалы екеніне диханды сендіру. Сондықтан, диханға жәрдем 
үшін  берілетін  әр  бір  пұт  тұқым,  әрбір  аяқты  мал,  һәм  диқаншылыққа  керекті  аспап. 
Басмашылыққа  құралдар  мінекей  осы.  Бұны  істемек  түгіл  өз  арамыздағы  хүкімет 
бөлімдері  патшашыл  шенеуніктер,  халықты  тонаушылардан  хүкімет  дүниесін 
ұрлайтындар  сияқты  кісілерден  де  әлі  тазаланбаған.  Мұндай  хүкімет  бөлімдерінде 
отырғандарды құрту үшін, барлық хүкімет бөлімдерін, ауыл іс атқару бөлімдерінен бастап 
облыстық мекемелерге шейін жаңадан көзден өткізу қажет. 
 
Сондықтан, бұл істерді тегіс жүзеге шығару үшін партияның күшті болуы керек. Өйткені, 
партияның  күшсіз  болғандығынан,  кеңес  құрылысында  түзелмегені  Түркістан 
тәжірибесінен көрініп тұр. Бірақ бұдан былай оны құрту керек. 
 
Партия бөлімдерін бастан аяғына дейін күшейтуге, партияның ішкі құрлысын һәм тәрбие 
ісін  тәртіпке  салуға  кірісу  қажет.  Партияның  кезекті  мақсаттарының  бірі  жас  буындар 
менен  мектепті  түзетіп  қолға  алу,  һәм  білімге  талпынған  жергілікті  жастарды  діни  һәм 
ұлтшыл мектептерден сақтап қалу. 
 
Партияның  тағы  да  айрықша  ескертетін  кезекті  істерінің  бірі  -  партия  ішіндегі  кейбір 
бетіменен  кеткен  ұйымдардың,  һәм  мүшелердің  майда  таптарға  бөлінуін  еш  нәрседен 


 
қайтпай құрту. Майда таптарға бөлінудің орнына Фергана сияқты күйзелген аудандарды 
көтеруге,  мал  шаруашылығын  түзетуге,  мақта  шаруасын  тірілтуге,  су  сақтау  істерін 
жөндеуге  кірісу  қажет.  Байлықты  молайтып,  жергілікті  еңбекшілердің  тіршілігін  түзету, 
ел билеу істерін һәм партияны күшейту үшін қойылған кезекті мақсаттардың төңірегінде 
барлық партия мүшелерінің болуын 7-аймақтық партия конференциясы ұсынады. 
 
Біріне-бірі  сеніп,  бірін-бірі  сыйлап  дихандар  менен  жұмысшылардың  мақсаттарын 
орындау  үшін  өзгеріс  жолында  қызмет  етуге,  барлық  партия  мүшелерін  7-аймақтық 
конференциясы шақырады. 
 
Коммунист  сәлемі  мен  7-партия  конференциясының  тапсыруы  бойынша  6  -  аймақтық 
конференциясының басқармасы. 
 
АБЫР-САБЫР ЗАМАНДА САҚТАНУ КЕРЕК 
 
Төңкерістен  бұрын  қырғыз-қазақ  кедейлері  ылғи  өгейлік  керіп  келді.  Басынан  тоқпақ 
кетпеді. Жақсылықтың сәулесі тимеді, көргені ылғи зорлық-зомбылық, жауыздық еді. 
 
Түркістанда  патшашыл  хүкіметті  басқарып  келген  жергілікті  жұрттың  «қамқоршылары» 
менен  патшашыл  хүкіметті  арқа  сүйеп,  іштен  келген  келімсектердің  мақсаты  үйлесіп 
қуғыштағандары  қырғыз-қазақ  болып  еді.  Өзін  санға  алмай,  қырғыз-қазақты  байлығы  - 
жер  суы  үшін,  жеп  -  сору  үшін  ғана  патшашыл  хүкімет  билеп  келді.  Бұдан  басқа 
мақсаттары  да  жоқ  емес  еді.  Сондықтан  революцияның  әуелгі  күндері  қырғыз-қазақ 
жұрты  төңкерістің  жақсылық  ниеттеріне  сенімсіз  көзбен  қарады.  Төңкерістің  әуелгі 
дәуірінде  төңкеріс  жемісін  жалғыз  орыстар  пайдаланады  деген  пікірден  төңкеріс  ісіне 
тіпті  араласпады.  Қырғыз-қазақтың  ол  пікірлілігі  түпсіз  емес  екендігі  де  кейін 
ақиқатталды. 
 
Революцияның 
әуелгі 
орнықпай 
тұрған 
күндері 
хүкімет 
жалғыз-ақ 
орыс 
жүмысшыларының  қолында  болып,  Түркістанда  орыстардың  ғана  қожалығы  жүрді. 
Коммунист партиясының жолы, көздеген мақсаты, келімсектерге жағымды тиімді болып, 
Түркістанда  жүрілуі  қырғыз-қазақтың  орыстарға  сенімсіздігін  күшейтіп,  келімсектерге 
дем беріп, бұрынғыдан да жаман тамырын жуандатты. Орыс арасынан шыққан Түркістан 
коммунистерінің қолданған жолы коммунист партиясының жолына тіпті ұйқаспай ілгергі 
патшашыл  Россияның  отаршылық  мақсаты  коммунист  партиясы  түйінінің  астымен 
жүргізіліп  жатқаны  кіндік  партияға  мәлімдеген  соң,  коммунист  партиясының  кіндік 
комитеті Түркістанға сенімді өз кісілерін жіберді. 
 
Сөйтіп,  20-жылдан  бері  қарай  Түркістанда  Кеңес  хүкіметі,  коммунист  партиясының 
ұстаған жолы өзгеріліп жаңа саясат жүре бастады. Коммунист партиясының Түркістанда 
жүргізген  жаңа  саясатының  көздеген  мақсаты  —  жергілікті  жұрттардың  кедейлерін 
коммунист партиясы Кеңес хүкіметіне жақындастырып, жерлі халықты азаттыққа бастау 
еді. 
 
Жергілікті  жұрттың  кедейлерін  бостандық  майданына  шығару  үшін  ішкі  Россияда 
жұмысшылар  мен  помещик  капиталисттердің  арасындағы  болған  күрестің  амал  -  әдісін 
қолдануы  мүмкін  болмады.  Өйткені,  Түркістан  халқының  тіршілік  тілегі,  Түркістан 
шарттары  ішкі  Россиянікіне  тіпті  үйлеспейді.  Ішкі  Россияда  жұмысшылар  капиталист 
помещиктерменен  ғана  айқасса,  Түркістанда  жерлі  жұрттың  кедейлері  бір  жағынан  өз 
арасынан  шыққан  атқа  мінер  алаяқтар,  тілмаштарменен  жауласып,  екінші  жағынан 
ілгеріден билеп үйренген тұзшыға аузы тиген отаршылдарменен күресті. Сондықтан, ішкі 
Россияда ауызға алынбайтын ұлт мәселесі Түркістанда бірінші орынға қойылды. 


 
 
Сөйтіп,  Түркістанда  жерлі  жұрттың  кедейлері,  жерлі  жұрттың  сырты  сұлу  сұмдарының 
«аяушылығынан»  құтқарып,  жерлі  ұлттардың  қолын  ұлт  теңдігіне  жеткізу  қажет  болды. 
Бұл, оңай әңгіме, жеңіл жұмыс болған жоқ. Және де оны аз уақыттың ішінде орындай қою 
мүмкін  емес  еді.  Елу  жылдан  бері  билеп  үйренген  халық  төңкерісінен  кейін  бірден 
теңдікке көне алмады. Алғы кемдік сыбағасына тегін жерлі жұрт та бірден теңдікке сене 
алмады. 
 
«Істің  түзу  басталуы  жұмыстың  жарты  істелгенімен  бірдей»  деп  неміс  айтқандай,  аз 
уақыттың ішінде Түркістанда бірталай жұмыс істелді. 
 
Түркістанда  ұлт  теңсіздігінің  түпкі  түйіні  жер-судің  дұрыс  бөлінбеуінде  еді. Сондықтан, 
коммунист  партиясы  кіндік  комитетінің  жаңа  саясатын  Түркістанда  жүргізу  һәм  ұлт 
теңдігін жүзеге шығару қырғыз-қазақ кедейлерін отаршылдар менен жер - суға теңгеруден 
басталды. Түркістанда жер реформасы тіршілік жүзінде жүргізілуден бұрын әңгіме әбден 
пісіп, талай кеңеске салынып, тартқыға түсіп, аудандары белгіленіп, ақырында Әулиеата 
қаласында  болған  қырғыз-қазақ  кедейлерінің  түңғыш  съезінде  жер  реформасын  жүргізу 
туралы  жол-жоба  жасалып,  ақтық  қарар  қабылданып,  21-жылдың  басында  Жетісу 
облысынан  басталып  жер  реформасы  іс-жүзінде  жүре  бастады.  Оның  Жетісудан 
басталуына себеп, шарттар болды. 
 
Түркістан  ішінде  Жетісу  патшашыл  хүкіметінің  тұсында,  ішкі  Россиядан  келген 
келімсектердің  тепкісінің  астында  болған  жер  еді.  һәм  16-жылғы  бөлшектің  кесірінен 
Жетісу қырғыз-қазағы жер-суден құралақан қалған еді. 
 
Түркістанда  революцияның  ең  қарқынды  дәуірі  осы  жер  реформасы  жүргізілген  уақыт. 
Кеңес хүкіметі һәм партияның кезекті істерінің алдында жер реформасын жүргізу жұмысы 
қойылды.  Партия  һәм  хүкіметтің  де  қолға  алған  жұмысы  жалғыз  осы  сияқты  болып 
көрінді. Жер реформасын жүргізу үшін кезекті дүние де табылды. Әдейі алаяқты кісілер 
мобилизовать етілді. Сондықтан Түркістанда жер-су реформасын жүргізу отаршылдардан 
артық  жерді  қырғыз-қазақ  кедейлеріне  алып  беру  сияқты  болып  қана,  өйтпестен  барлық 
Түркістан халқының көзіне ұлы революция сияқты болып көрінді. 
 
Жер-су  реформасы  асығыстықпен  жүргізілді.  Сондықтан,  бірлі-жарым  қатесі  де  болған 
шығар. 
 
Түркістан  ұлы  революциясының  арқасында  қырғыз-қазақ  кедейлері  бір  көтеріліп  қалды. 
Қырғыз-қазақ  кедейлері  де  есепке  алынып  санға  өтті.  Жетісу  ішінде  жер-су  туралы 
келімсектер менен тіршілік жүзінде теңгерілді. Күні кеше жоғалған шошқасын қоңсылас 
қырғыз-қазақтан  төлетіп  алып  жүрген  қара  шекпен  бүгін  қашаннан  бері  қатар  отырған 
қоңсыластығының  зиянсыздығын  айтып  жалынып  отыр.  Февраль  революциясының 
бастапқы  күндері  қырғыз-қазақтарды  киізге  орап,  лампы  майын  құйып  өртеп  жіберіп, 
жеріне  ие  болған  отаршылдар  ондап,  жиырмалап  қырғыз-қазақ  пасөлкелерін  қайтарып 
берді. Әр отаршылардың есігінде 5-10 жалшы жүрген қырғыз-қазақ жігіттері азаттық алып 
«Қосшы» союзына мүше болды. Жер, көлік алып кеше өзін жалшы жалдаған отаршылмен 
қатар  егін  егіп  тіршілік  құрып  жүргендері  де  толып  жатыр.  Қырғыз-қазақ  кедейлері 
бұрынғы  қара  күнін  сыртқа  салып,  қай  ісі  туралы  болса  да  көтерілді.  Қырғыз-қазақ 
кедейлері  есін  жиып,  басын  құрап  жұртпен  қатар  революция  ісіне  шын  араласып,  топан 
суындай  бұрын  қаптаған  қара  көш  жауыздықтың  бетін  бір  қайтарып  салды. 
Революцияның ең қарқынды дәуірінде қырғыз-қазақ кедейлері белсеніп іске кіріскен соң, 
дос  та  дос,  дұшпан  да дос  болып  ішінен  атарға  оғы  жоқ  болып  жүргендер  қырғыз-қазақ 


 
кедейлерінің  шашбауын  көтеріп,  шаш  ал  десе,  бас  алатындай  өте  «қамқоршы»  болып 
жүруші еді.
 
 
Енді  жаңа  шаруа  саясаты  құрылғаннан  бері  қарай  «қамқоршылардың»  барлығы  кешегі 
шабыстан  танып,  күн  қатса  қалпына  баратындай.  Жаңа  шаруа  саясаты  біздер  үшін  ғана 
шығарылды  дегендей  қылып  ауыздары  көпіріп,  тағы  -  тағы  түпсіз  дәлелдер  айтып 
партияға  да  байқатпай  астыртын  қырғыз-қазақ  кедейлерін  жаңа  тонау  жолына  түсетін 
сияқты көрінеді. Оның үстіне, революцияның қызықты, екпінді күндері бас қамын ойлап 
кімнің  үстемдігі  жүрсе,  соның  таяғын  соғып  жүрген  атқамінер  ала  аяқ  сұмдар  да  әр 
нәрсені  бір  себеп  қылып  қайтадан  бас  көтергісі  келетіндей  көрінеді.  Қырғыз-қазақ 
кедейлері қамсыз қалса, қасықтап жинағаны шөміштеп төгілуі мүмкін. 
 
Сондықтан, жаңа шаруа саясаты шығып бұрынғы жаңарыс, өзгеріс ылғи құбылыс заманы 
өтіп тіршілік орнықты жолға құрылып жатқан дәуірде әркім қолда барына мықты болып, 
жоғын заманның ағымына сиыстырып түгендеуі қажет. һәм жаңа шаруа саясатының ішкі-
сыртқы  жұбына,  сырына  жақсы  түсініп  бағытын  байқап,  ішкі  өз  арамыздағы  сыртқы 
шеттен келген, айнала қаптаған қара бұлттың бетін қайтару керек. 
 
Өйткені өзгеріс дәуірінен жаңа шаруа саясатына өту аралығында осы абыр-сабыр заманда, 
қазақ-қырғыз  кедейлері  қайтадан  таз  қалпына  түсуі  мүмкін.  Ұстағанның  қолында, 
жегеннің аузында кетуі ықтимал. 
 
Қазіргі ойнақшыған дәуірде, қырғыз-қазақ кедейлері сақтану керек. 
 
Т. 
 
Шаруашылық 
 
ТҮРКІСТАНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОСЫ КҮНГІ ЖАЙЫ ҺӘМ ОНЫҢ 
ІЛГЕРІ БАСУЫ ТУРАСЫНДА 
 
Орыс хүкіметі 1821-жылы осы күнгі Түркістан топырағына аяқ салуыменен-ақ,  уысынан 
шығарып жібермес үшін отаршылдық саясатын жүргізе бастады. 
 
1889-жылы  Еділдің  бергі  бетіне,  іштен  қара  шекпендерді  көшіру  қақында  шығарған 
жалпы  заңына  шейін,  Түркістанға  іштен  келген  келімсектерді  орнату  реті  Түркістанда 
тұрған  хүкіметтің  тәртібімен  бөліп  тұрды.  1905-жылы  қозғалыс  болғанда  көбірек  дем 
берген ішкі Россиядағы жерсіз һәм жері аз қара шекпендер болған. Ол қозғалысты патша 
үкіметі  басқаннан  кейінгі  жерде  бұл  пәлелерден  құтылу  қамына  кірісіп,  Россияның 
шеттегі  аймақтарына  топ-тобымен  көшіре  бастаған.  Сол  қатарда  Жетісуға  да  қара 
шекпендерді орнату үшін әдейі арнап жергілікті халықтың жерін алатын ана келгендерді 
орналастыратын мекеме ашты (переселенский организация). 
 
Отаршылдық  саясатының  бастапқы  кезеңде  Петроградтағы  біреуден  алып,  біреуге 
екіншіні  орнататын  мекеме  Түркістандағы  қара  шекпендер  пайдасына  алынатын  жердің 
көбін суғармайтын телім жер деп санаған. Шынында, ол облыста телім жерде егін шашып, 
тіршілік қылушылар азайды. Себебі, жылдан жылға телім жердің егіні аз һәм кем шығуы: 
соның  үшін,  іштен  өз  беттерімен  ауып  келген  һәм  хүкімет  көшіріп  алып  келген 
келімсектер  өтірік,  айла,  күш  барлығын  араластырып,  жергілікті  халықтың  не  заманнан 
бергі  табан  ақы,  маңдай  терін  сіңіріп  суғарып,  диқаншылық  қылып  отырған  жерлеріне 
келіп  орнаған.  Іштен  келушілерді  қызықтырып  көбейту  үшін,  бір  жағынан  хүкімет 
«аузыңды ашсаң алма түседі» деп дақпырт шашқан. 


 
 
1908-жылы Жетісу облысына хүкіметтің һәм іштегі жерсіздердің өте назары түседі. Оның 
есепсіз  көп  байлығы,  «жерінің  жақсылығы  көп  еңбек  сіңірмей  оп-оңай  байып  кетеді» 
деген хабарлармен іштен қара шекпен лек-лек болып ағылады. 
 
Жергілікті халықтың  жерін  алып,  келімсектерді  орнататын  мекеменің  аз  уақытта  істеген 
ісін көрсету үшін оқушылардың алдына тартамыз: 
 
Облысқа  қарайтын  жер  36.139.535  десятина,  пайдаға  аспайтын  қоласты  жер  4.786,669 
десятина. Жергілікті халықтан іштен келген келімсектердің пайдасына тартып алған жер 
4.193.56  десятина,  жергілікті  көшпелі  халықтың  пайдасында  27.159.346  десятина, 
жоғарыдағы  есептің  көрсетуіне  қарағанда,  Жетісу  облысындағы  пайдаға  аспайтын 
қолайсыз  жерді  шығарып  тастағанда,  жүзден  87%  қазақ-қырғыз  пайдасында,  13%  іштен 
келген келімсектерге алынған болып көрініп отыр. Бірақ бұл санның көрсетуімен білмеген 
адам адасуы мүмкін. Қазақ-қырғыздан алып, келімсектерге берген жердің көбі бұрыннан 
мехнаттанып,  суғарып,  тіршілік  қылып  келе  жатқан  жерлерді  һәм  суғаруы  үшін  көп 
мехнат  керек  емес  жақсы  жерлер  алынған.  Қазақ-қырғыз  пайдасында  қалған  жерлердің 
ішінде көбі тіршілік қылуға жарамайтын бетпақ жол дала, һәм қарлы таулар. 
 
Келімсектердің  орнаған  жерлерін  қарасақ  мысалы,  Ташкент  уезіндегі  керуен  жолының 
бойын  қуып,  Алатаудың  етегіне  қуып  орнаған  келімсектердің  қаласы  біріне  -  бірі 
жалғасып  Әулиеата  уезіндегілеріне  барып  қосылады.  Екінші  бір  тобы  Шу  бойының 
алабына  орнаған,  үшінші  тобы  Ыстық  көлдің  Темірқазықпен  күн  шығыс  жақ  жағасын 
алған. 
 
Сонымен,  келімсектердің  орнаған  жері  -  Алатаудың  етегі.  Өзендердің  алабы,  көлденеңі 
15-тен  20-ға  шейін  жер  алып  шегін  тартып  алып,  мал  шаруасымен  тіршілік  қылатын 
көшпелі қазақ-қырғыз халқының бір жағынан ауыз суға, екінші жағынан мал жайылатын 
жайылымдарына бөгет болыпты. Күн көретін жерден айырылып, жаздың уақытына қарай 
жайлау - күзеу деген сияқты жайылым өрісі тарылып, ата-бабасынан бері қарай өру болып 
меншіктеп  келе  жатқан  қоныстан  айырылып  нашар  күйге  түсті.  Өріс  тарылғанның 
зардабынан, мал жұтқа, түрлі дертке, аштыққа ұшырап ұсақталып кемуге айналды. Бұрын 
қоныстасы  ретпен,  бір  ру  екінші  руға  жәрдем  қолын  созып  ата  көршілік  борышын  өтеу 
деген жотала бастап, жұқа дәулеттілері малдан айырылып тамақ асырауы үшін қасындағы 
келімсектердің  қаласына  жалданып  малай  болып  кетті.  Тіршілік  жүзінде  мұндай  хәлге 
түсу  күйінің  күн  көргіштік  дәулеттен  айырылуы,  қазақ-қырғыз  халқының  өсуі  тоқтап 
кемуіне себеп болды. 
 
1898-жылғы есепке қарағанда, әр үйде 5,5 жан келетін еді. 1907-жылда 4, 75 жан, 1916 — 
3, 5 жан келетін болды. 
 
Осы  күнгі  есепте  мұнан  да  кем  болуы  тиіс.  Сонымен  18  жылдың  ішінде  үй  басына  екі 
жаннан  кеміген,  болмаса  520  мың  үйден  1.180  мың  жан  кеміген:  20-30  жылдың  ішінде 
қазақ-қырғыз халқын Европаның «мәдениеті һәм тарихы» жолына түсіп зулап кеткендігін 
көрсетеді ғой! 
 
Патша  хүкіметінің  Түркістанға  аяқ  салып  орнағалы  50  жылдай  болып  қалды.  Сол  50 
жылдың  ішінде  Түркістанда  шаруа,  кәсіп  басқа  да  түрлі  істеген  ісін  алып  қарасақ,  бір 
негізді  пәленмен  жүрген  ісі  жоқ,  бір  жұмыс  реттеліп  аяғына  жеткен  емес.  Жергілікті 
халықтың жерін алып келімсектерді орнату, отаршылдық саясаты, диқаншылық шаруасы 
болсын, қай қайсысында болса да бұрыннан көздеп болжанған жол жоқ. 
 


 
Бүйтіп  алып  істеген  жұмыстың  бірі  халықтың  шаруасының  екінші  бір  түріне  зиян 
келтіреді.  Болмаса  халықты  жоғалтып  жібереді.  Міне,  осы  халық  әсіресе,  жергілікті 
халықтың  мал  шаруасына  кесірі  тиіп  отыр.  Фабрика,  заводқа  көбірек  Россия  жалмауыз 
байларының  қалталарын  толтыру  саясаты  жолына  түсіп  кетіп,  жергілікті  халықтың 
тіршілігіне  назарын  салмады.  Түркістанда  мақта  шашу  жұмысына  шұғыл  кірісіп, 
Европаның  капитализм  ретімен  жергілікті  халықтың  шырынын  copy  үшін,  неше  түрлі 
тұзақтар  құрып,  мал  шаруасымен  тіршілік  қылатын  халықтарды  өлмесең  тұр  ма  деген 
күйге  ұшыратты.  Түркістанда  мал  шаруасы  не  хәлде  екендігін  мына  төмендегі  сан 
көрсетеді. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал