«Алаш айнасына»



жүктеу 0.7 Mb.

бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, 

Екібастұз

Оның айтуынша, бүгіндері бизнесті 

тексеру арыз-шағым келіп түскенде ғана 

жүргізіледі, онда да арыз нақты фактіге 

құрылғанда. 

Сондай-ақ ел заңнамасында эконо-

мика да мемлекеттің қатысуы секілді бәсе-

келестікті дамытудың маңызды секторын 

заң жүзінде анықтауға қол жеткізілген.

«2009 жылы ғаламдық дағдарыстың 

орын алғандығына қарамастан, аталған 

заңға мемлекет қай кезде қандай кәсіпорын 

құра алатынын белгілейтін норма енгізе 

алдық. Оған сәйкес, егер біз аталған на-

рық ты зерттей келе, мұнда нақты бәсе ке-

лестіктің жоқтығын, ал тұтынушы үлкен 

кө л емдегі қызметті пайдаланғысы келеті-

нін, сәйкесінше, оны нарық қанағаттандыра 

алмай отырғанын анықтасақ, мұндай жағ-

дайда мемлекеттік кәсіпорынды құруға 

рұқсат береміз», – дейді Б.Парсегов.

Мысалы, бұл еліміздің жырақта орна-

ласқан ауыл-аймақтарындағы денсаулық 

сақтау саласына қатысты дерек. Керісінше, 

бә секелестік күшті дамыған Алматы мен 

Аста 


на қалаларында денсаулық сақтау 

саласы бойынша нысан ашқысы келген 

мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс 

істеуіне Монополияға қарсы агенттік рұқсат 

бермейді. 

Заң бойынша аталған агенттік жаңа 

кәсіпорындарды құруға рұқсат беріп қана 

қоймай, екі жылдан кейін барлық респуб-

ликалық мемлекеттік кәсіпорындардың 

қызметін қадағалап отыруы керек. Ал үш 

жылдан соң мемлекеттің үлесі 50 пайыздан 

аса тын акционерлік қоғамдардың әрі қа-

рай жұмысын жалғастыру-жалғастырмау 

мә селесін де шешеді. «Бүгіндері біз рес-

публикалық мемлекеттік кәсіпорындар 

бойынша жұмысты аяқтадық: 5400 кәсіп-

орынның 4732-сінің қызметіне рұқсат 

бер сек, ал қарарларынан бәсекелестік да-

мыған қызмет түрлерін алып тастау туралы 

міндеттеме ала отырып, 340 кәсіпорынға 

уа қытша келісім бердік», – дейді Б.Пар-

сегов.


Марал СҰЛТАНҚЫЗЫ

Диірмен 

ұны сапалы 

әрі арзан

Бизнесті жөнсіз 

дүрліктіруді қойдық

Бұған дейін Екібастұз 

наубайханаларын ұнмен 

тұрақты қамтамасыз ету 

қиынға соғып келген 

болатын. Шеттен келетін 

ұн өндірушілер бағаны өз 

қалауынша белгілеп, оның 

арты нанның бағасын 

тұрақты ұстауға кедергі 

туғызушы еді. Ендігі жерде 

мемлекеттің тікелей 

қолдауымен бұл мәселе 

шешімін тапты.

«2009 жылы қаңтарда өз 

күшіне енген «Бәсекелестік 

туралы» Заңның бүгінгі басты 

ерекшелігі – біз сан түрлі 

тексеруден бас тартып, бизнесті 

жөнсіз дүрліктіруді қойдық». 

Бұл туралы кеше Алматыда 

өткен Монополияға қарсы саясат 

жөніндегі мемлекетаралық 

кеңестің 35-отырысында 

ҚР Бәсекелестікті қорғау 

жөніндегі агенттік төрағасының 

орынбасары Борис Парсегов 

мәлімдеді.

Бүгін де Астананың төрінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан 

жәрмеңке жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы артынып-тарты-

нып Қарағанды облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының 

керуені елордамызға келіп, ат басын тіреді. Өткенде Шығыс 

Қазақстан мен Атырау облыстары келіп, жұртты балыққа, 

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары жеміс-

жидек пен көкөніске қарық қылып кетсе, бұл жолы астаналық 

жұрттың аузы Арқаның төсіндегі шүйгінді шөпке семірген бағ-

лан ның балғын етіне тиетін болды. Несін айтасыз, таңертеңгі 

то ғы здан бастап иін тірескен жұрт базардың бір жағынан кіріп, 

екін ші жағынан шығып, керегін сүзіп жүр. Етке лық толған сөре 

түске дейін-ақ босап қалды. 

«Биыл еңбекақыны көтеруге ком-

панияның мүмкіндігі жоқ, оның үстіне 

инфляция бойынша төлемдер толығымен 

орындалды. Дағдарыстың екінші толқыны 

туралы ақпараттар бос сөз емес. Сондықтан 

қатаң үнемдеу режимі іске қосылып отыр. 

Ал кәсіподақтың еңбекақыны көтеру 

туралы талабына келсек, компания бұл 

мәселеде қазіргі қолданыстағы заңнаманы 

басшылыққа алатын болады» деп 

мәлімдейді кәсіпорын жетекшілігі.

Компания келтірген деректер бойынша 

жұмысшылардың еңбекақысы жыл сайын 

көбейіп келеді. 2000 жылдан бері оның 

орташа көлемі 5-6 есе өсіп отыр. Биылғы 

жылдың алғашқы жартысында орташа 

жалақы көлемі компанияның болат өндіру 

департаменті бойынша 115 643 теңге, 

көмір департаментінде 128 750 теңгені 

құраса, бүгінгі күні металлургтер 145 мың, 

ал көмір саласындағы жерасты жұмыс шы-

лары 215 мың теңге алып отыр. «Бүгіндері 

мет комбинат бойынша орташа жалақы 

рес публикалық көлемнен 36 пайыз, ал 

Қарағанды облысындағы орташа жалақы 

көлемінен 50 пайыз артық» делінген жа-

рияланған құжатта.



Еңбекақыны көтеруге 

дағдарыс кедергі

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ



Өткен аптада «Арселор 

Миттал Теміртау» АҚ қара мағын -

дағы металлургия, кө мір және 

кеніш департаменті жұмыс-

шыларының кәсіподағы ком-

пания басшылығына ең бек ақы-

ны 30 пайызға көтеру жө ніндегі 

талаптарын жолдаған бола тын. 

40 мыңға жуық жұ мыс шының 

атынан кәсіп одақ өкілдері егер 

талап  орын дал майтын  болса 

митингіге  шыға тын дарын  айтқан 

еді. Кеше АМТ басшылығы осы 

мәселеге байланысты ресми 

жауабын жариялады.

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№180 (632) 12.10.2011 жыл, сәрсенбі          



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Елебеков есімі қашан берілді?



Эстрада-цирк колледжіне Жүсіпбек Елебеков есімі қашан берілді? Жалпы, 

колледж қашан құрылған? 

Нәзира САЙЛАУОВА, Алматы қаласы

Ж. Елебеков атындағы Республикалық 

эстрада-цирк колледжі 1965 жылы Алматыда 

«Қазақконцерттің» жанынан құрылған. Оқу 

орнын ұйымдастыруға тікелей мұрындық бол-

ған қазақ өнерінің жанашыры Г. Ғалиева еді. 

Алғашқы кезде тек эстрада және цирк өнері 

студиясы деп аталды. Ал оқу орнында өмірінің 

соңына дейін осында ұстаздық қызмет жасаған 

әнші Жүсіпбек Елебеков есімі оқу орнына 

1967 жылы берілді. Ол кезде әлі колледж 

емес, эстрада және цирк өнері студиясы еді. 

Тек 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы 

эстрада-цирк өнері колледжі болып, кейін 

республикалық мәртебеге ие болды. 

Эстрада және цирк өнері әртістерін 

даярлайтын өнер ордасы түлектерінің ара-

сынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, 

Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат 

Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Бал та-

бек пен Раиса Жұмағұловтар сияқты көптеген 

қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары 

шық ты.

Екі онкүндікті өткерген әнші



Жүсекең 1936 жылғы Мәскеудегі онкүндікке қатысқан ба? Ән өнерінің 

дүлділі қашан, қанша жасында өмірден озған?

Жақсыгелді МАЯСАРОВ, Алматы

Жүсекең – 1936, 1958 жылдары 

Мәс 

кеуде өткен қазақ әдебиеті мен 



өнерінің екі бірдей онкүндігіне қатысқан 

ба қытты жан. Сондай-ақ әнші өз өмі рін-

де гастрольдік сапармен Қытай (1950, 

1955), Моңғолия (1960), Үндістан 

(1967) сияқты шетелдерді де ара ла-

ған.


Алғаш Абай, Ақан сері, Біржан сал, 

Жаяу Мұса, Балуан Шолақ шығар ма ла-

рының насихаттаушысы болған 

Жүсекеңнің орындауында жүздеген 

қазақ ән үлгілері этнографиялық-му зы-

калық жинақтарға еніп, ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына арқау болды. Ж.Елебеков 

өмірінің соңына дейін Алматыдағы эст-

ра да-цирк өнері студиясында ұстаздық 

қызмет жасады. Ерен еңбегі елеусіз қал-

май, 1942 жылы Қазақстанның Халық 

әр тісі атағын алып, кейін «Ленин», «Құр-

мет» ордендерімен марапатталды. 

ҚР Халық әртісі Ж.Елебеков 1977 

жылы 12 тамызда 73 жасында Алматыда 

дүниеден озған болатын.

ӨРКЕНИЕТ

ТАҒЗЫМ


АЛАШТАН ӘН ОЗДЫРҒАН 

Әнмен өрілген өмірге 

ескерткіш қойылды

Ән-аманат

Заманында қазақтың әнін күллі Еу ро-

па ға танытқан Әміре «Жүсіпбектен асқан 

ән шіні әлі естіген емеспін» деген ғой. Әмі-

ре ден бата алған табиғи талантқа тағдыр 

қаза қ тың ән өнерінің жанашыры, оны ұр-

пақ 

тан-ұрпаққа жалғастырушы болуды 



жаз ды. Қарқаралыда, Арқаның әншілік 

дәс түрінің ортасында туған Жүсіпбек бес 

жасында ағасы Жақыпбек Балғабайұлынан 

бастап, есейіп, азамат болғанша осы қа-

сиет ті даланың дарабоздары Ғаббас Айт-

баев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, 

Иса Байзақовтардың өнегесін алды. Өт-

кенді жаңғыртуды, жалғастыруды ойлай 

жүріп, жетілдіруді, жас ұрпаққа жаңаша 

үйретуді де естен шығармады. Сөйтіп, есімі 

ұмытылған халық әнші-сазгерлерінің, 

кейін ұлы Абайдың, әннің бекзаты – Ақан 

се рінің, жаны сұлу Біржан салдың, ән өне-

рі не өзіндік бағыт берген Жаяу Мұса мен 

Ба луан Шолақтың, Мәди, Естай, Майра, 

Ыбы 


райлардың шығармаларын қара 

домбырасымен жалпақ жұртқа насихаттап, 

олардың қай-қайсысына да Елебековше 

әр беріп отырды. Халықтың бай музыкалық 

мұрасын орындаушылық жағынан клас си-

ка лық деңгейге  көтеріп, оларға зерт теу ші-

лердің көзқарасын аудара білді. Ел ау зын-

дағы шығармаларды нотаға түсіріп, құнды 

дүниелер қатарына қосты. Жү 

сіп 


бек 

тің 


сахнадағы  өнері  ұлттық  дра ма тур гия ның, 

оның ішінде, қазақ операсы мен балетінің 

ешкімге жалтақтамай өріс алуына ық пал 

етті. Ал оның педагогикалық қыз ме ті тіпті 

ұшан-теңіз. Жезтаңдай дарыннан тәлім 

алған небір жас халық әндерін орындаудың 

қас шеберлері атанды. Мәдениет Ешекеев, 

Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, 

Ғалым Мұхамедин, Мырзахмет Мү ка ма-

нов, Тұрсынғазы Рахимов, Келденбай Өл-

ме секов сияқты Жүсіпбек мектебінен шық-

қан дүлдүлдер кейін дәстүрлі ән өнерінің 

талай-талай талапты өкілдерін туғызды. 

Бүгінде олардың өзінің шәкірттері бір-бір 

тұлғаға айналды. 

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ,  әнші, ҚР еңбек 

сіңірген әртісі:

– Жүсекең – ғасырлардан ғасыр-

лар ға жеткен қазақтың әншілік дәс тү-

рінің аты аңызға айналған өкілі. Жү се-

кең 

 атын 

дағы колледжді бітірген 

барлық дәс түрлі әншілер, осы әншілік 

дәстүрді қа дірлейтін басқа да тұлғалар 

бүгін жиы лып, қойылған мүсінге риза-

шы лығын білдіріп жатыр. Жүсекеңнің 

жары – Хабиба апамыз бен сол кісі лер-

дің өкшесін басқан қазақтың халық әр-

тіс те рі, еңбек сіңірген әртістері, мем ле-

кет тік сыйлықтардың лауреаты атанған 

ал 

дыңғы буын аға-апаларымыздың 

бә рі бүгін Жүсекеңнің мүсініне тағзым 

етіп, дүбірлі кештің көрігін одан әрі 

қыздыруда. Жүсекеңнің еткен еңбегі 

халықтың есінде мәңгі сақталады, 

өнердегі дәстүрі әлі де жалғаса бе ре-

ді! 

Халық  әртісі  атындағы  Рес пуб ли ка лық 

эстрада-цирк колледжінің кіреберісіне 

қойылған ескерткіштің ашылуына дәстүрлі 

ән саласының, ұлттық сахна өнерінің май-

тал мандары тегіс жиналды. Төрде күміс 

көмейдің адал жары, 95-тегі кейуана, 

бүгінгі театр әртістерінің анасы – Хабиба 

Елебекова отырды. Ашылған ескерткіш әп-

сәтте құшақ-құшақ гүлге толды. «Жо ба мен 

жарты жыл бойы жұмыс істедік. Эс киз-

дерін колледж басшылығы Хабиба 

апаймен бірге қарап, ұсыныстарын айтып 

отырды. Алдымен макеті ғаныштан жа сал-

ды, кейін мүсінді Қордайдың гранитінен 

со ғып, орнаттық. Жүсіпбек Елебековпен 

бірге жүрген ақсақалдардың айтуына қа-

ра ғанда, мүсін ол кісінің табиғатына дәл 

келеді. «Жүсекеңнің бет-әлпеті ғана емес, 

ішкі сезімі де көрініп тұр» деп айтып жатыр. 

Мүсіннің сәтті шығып, лайықты орнына 

қойы лғаны мен үшін өте қуанышты», – 

дейді мүсіннің авторы, Т.Жүргенов атын-

да ғы Қазақ ұлттық өнер академиясының 

мүсін кафедрасының оқытушысы, про фес-

сор Мәлік Жүнісбаев. «Жүсіпбек Елебековті 

«ұлттық өнеріміздің пайғамбары» десек, 

артық болмайды. Мұндай адамдардың 

қай 

тып тууы екіталай. Жүсекеңдердің, 



Ғаре кеңдердің, Қаллекилердің ізін ала 

Шәкен Айманов бастаған таланттар буыны 

келді. Жүсекең Шәкенді ерекше жақсы 

көріп, «Хабиба, Шәкеннің сыбағасын сақ-

тап қой» деп отырушы еді. Шәкеннің аман-

дасуға қолы тимей кеткен күндері «Әй, ана 

бала қайда жүр?» деп сағынып оты ратын. 

Ұлыларды ұлы махаббат табыс тырады. 

Мен Жүсекең, Ғарекең сияқты ұлыларды 

көріп қалғаныма өзімді бақытты са най-

мын», – деп, өзінің лебізін білдірген актер, 

режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі 

Әшімов ел ішіндегі талантты қа ра до ма лақ-

тардың жолын ашу мәселесіне көпшіліктің 

на зарын аударды. «Республикалық эс тра-

да-цирк колледжі – шынымен де, өнердің 

бір керемет ордасы. Талай таланттар осы-

дан шықты. Мына жерде Білім және ғылым 

министрлігінің өкілдері отыр, сіздерге ай-

та 


рым, бұл колледжге, өнерге көбірек 

көңіл бөліңіздер! Оқуды ақылы етіп, өнер 

мен білімді саудаға салуды қойыңыздар! 

Таланттың бәрі ауылдан шығады. Ал ауыл-

да ақша жоқ! Сөйтіп, талант сол күйінше 

қа лады. Сондықтан, керісінше, талантты 

балаларды көп қабылдап, оларға шә кір т-

ақы беріңіздер! Байлардың дарынсыз 

бала ларын оқытудан колледждің беделі 

тө мен дейді! Бұл колледжді, тіпті өнер са-

ла сында жоғары білім беретін оқу орнына 

айналдыру керек. Осындай оқу орындарын 

аймақтарда ашу қажет. Бұл іске ме ценаттар 

көңіл бөлуі тиіс!» деген Әші мов ке сту дент-

тер қауымы қол шапалақтап, айрықша 

қошемет  көрсетті.  Асанәлі  ақ са қал дан 

кейін Жү сіпбек әншінің көзін көр гендер 

мен тә лі мін алғандар кезек-кезек шығып, 



сөз сөйледі.

Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы, аудар-

ма шы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:

– Әдемі әнмен өрілген өмір еңселі 

де биік тұғырға қонды. Қазақ халқының 

басына көтеріп, маңдайына басқан 

дүлдүл  әншісі бүгін тағы да өз халқының 

ор тасынан үн қатып тұр. Ол фи лар мо-

ниялық, концерттік орындаушы ғана 

емес, драма әртісі, опера әншісі де еді. 

Опе 

рада «Қыз Жібектегі» Төлегенді 

айтса, драмада «Еңлік-Кебектегі» Жа-

пал ды ойнады. Бұл  сонау  Қарқа ралы-

дан келген қарадомалақ баланың жан-

жақ ты қырын, ішкі бай әлемін, биік 

ру хын көрсетеді. Мен бірде «Екі жақсы 

қосылмайды» дегенді қазақтың қымыз 

ішіп отырып айта салған бопса сөзі деп 

жазып едім. Сол сөзімнің дәлелі – екі 

жақсы қосылмайтын болса, Жүсекең 

қазақтың тамаша қыздарының бірі – 

Хабиба апайға қосылар ма еді?! Екеуі-

нің ғұмыры – эстетикалық гармония. 

Қазақтың әнін жүрегімен, кеудесімен, 

тұла бойымен, тамырымен айтқан 

Жүсекеңнің мектебі мәңгілік. Жүсекең 

Біржан, Ақандардың, Қали Бай жа нов-

тар дың құнды дүниелерін алып қалып, 

бері жылжытты. Қайрат Байбосынов 

пен Жәнібек Кәрменовтер және кейінгі 

буын Жүсекеңнің сол жеткізіп берген 

мұ расын әрі қарай дамытты. 

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ,  актер, 

режиссер, Қазақстанның Халық әртісі:

– Қазақ халқының бағы аспандап 

тұр са, тарихта ізі қалып жатса, неше 

ықы лым замандарда өзінің атын өшір-

мей, бүгінге жетіп жатса, онда, ең бі рін-

ші, бұл Жүсекеңдер сияқты жүй рік те рі-

нің арқасы ғой деп ойлау керек. 

Халықтың өнері – елдің маңдайындағы 

асыл тасы, басындағы алтын тәжі. Ол 

тәж жарқыраған сайын халықтың да 

мерейі өсе түседі. Жылдан-жылға жан-

жағымызға бажайлай қарағанда, 

осыған көзіміз жетіп келеді. Халықтың 

есінде «цементтеліп» қалған Жүсіпбек, 

Манарбек, Ғарифолла ағалар – кейінгі 

ұрпаққа қазақтың қазақ екенін ұмыт-

тыр 

майтындай ерекше әсер еткен 

тұлғалар. Міне, бүгін ұлы тұлғамыздың 

өзінің құттыхана «мешітінің» алдындағы 

мүсіні қара домбырасын құшақтап, ел-

жұртқа халқының өнерін, мәдениетін 

аманаттап, соны биік ұстауға шақырып 

тұрғандай. Жүсекең эстет әнші болатын. 

Бұл кісінің жүріс-тұрысы да өнеріне 

сай, таза, тағылымды еді. Ал Хабиба 

апа мыздың Жүсекеңді ұлағаттап, та бы-

нып жүруі бізге қазақ халқының ұлы 

азаматын, өнерпазын ұлықтаудың мы-

са лын  көрсетті. 

Хабиба ЕЛЕБЕКОВА,  Ж.Елебековтің 

жары, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Шіркін, бұл дүниеде өнерге 

жететін ештеңе жоқ деп білемін. Өнер 

бар жерде өмір бар. Өнерсіз өмірдің 

сәні жоқ. Сол көркем өнердің ішінде 

адам ның бойын тез елітіп, өзіне еркін 

тартып алатыны – ән. Мен бұл өнерді 

қадірлеп, түсініп айтатын азаматтарға 

алғысымды айтқым келеді. Жүсекеңнің 

мүсінін жа са ған азаматқа да алғысым 

үлкен. Жи нал ған қауым, бәріңізге осы 

істі қолға алғандарыңызға рақметімді 

айтамын! Қазақ халқына тыныштық 

берсін! Кең жазира даланы халқым 

ешкімге бермей сақ тап өткен. Бірақ 

бізді Ресейдің өзі «қайсақ», «қырғыз» 

дейтін. Ал бүгінде әлемде қазақты 

білмейтін халық жоқ. Азғантай жылдың 

ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзін 

де, халқын да жер жүзіне танытты! Мен 

бүгін соған қуанамын!

Болатбек МҰХТАРОВ

Алматыда қазақ 

музыкасы мен драма 

мәдениетінің дамуына 

өлшеусіз үлес қосқан 

әнші, дәстүрлі ән өнерінің 

көрнекті тұлғасы, 

фольклорымыздың 

дарынды насихаттаушысы 

Жүсіпбек Елебековке 

ескерткіш қойылды. 

Енді Елебеков атындағы 

Республикалық эстрада-

цирк колледжіне келген 

адам ең алдымен оның 

еңселі мүсініне жолығатын 

болды.

Қазақ өнерінің іргетасын қалап, ұлттық мәдениетімізді 

көтеруге өзіндік үлес қосқан халқымыздың жезтаңдай 

әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның 

халық әртісі Жүсіпбек Елебеков аңызға айналған Қарқаралы 

өңірінің тумасы еді. 

Жүсекең бала кезінде ағасы Жа қып бек-

тен көп үйренді. Ол «мен ағамның қасында 

ән шімін бе? – деп, өзіне сын көзбен қа-

райтын. Жақыпбек жас кезінде өмірден 

өтті. 


Танымал әншілер Қали Байжанов, Әмі-

ре Қашаубаев және ақиық ақын Иса Бай-

за қовпен етене араласқан Жүсекең жас-

тайынан өнерге бетбұрыс жасады. 

 1920 жылдары Семейдегі «Ес-аймақ» 

дра ма ұжымы спектакль қойып, артынан 

Әміре бастаған әншілер қауымы кө рер-

мендерге концерт қоятын.

Ән атасы Әміреден көп үйреніп, әр айт-

қан әнін қағып алып, қайта өзіндей ғып 

ай тып беру – Жүсекең сынды зерек адам-

ның ғана қолынан келсе керек. 

Осы тұста өнер жолындағы ұстазы 

Әміре жайлы Жүсіпбек Елебековтің ойын 

ортаға салсақ. Бұл ой Қазақ радиосының 

алтын қорынан алынды.



ӘМІРЕНІҢ АТЫ МАҒАН

БАЛА КЕЗІМНЕН ТАНЫС ЕДІ 

1920 жылы атақты әншіні өз көзіммен 

көріп, әнін тыңдадым. Содан бастап Әмі-

рені ұстаз тұтып, Әміреден сабақ алдым. 

Әміренің дауысы өте жоғары болатын. 

«Әлі есімде, жеті-сегіз шақырым жүрген 

жыл 

қышылар Әміренің дауысын естіп, 



жиналып келіп қолқалап отырып тағы да 

ән салғызатын» деп әнші ұстазын әрдайым 

осылайша еске алып жүретін.

Кейін Жүсекең Майра Уәлиқызынан 

халық композиторларының әнін, Әл ма-

ғам беттен Абай әндерін үйреніп, өзінің ән 

қорын байытты, тәжірибе жинақтады. 

1930 жылдары Қазақ драма театрында 

Жү сіпбек Елебеков «Айман-Шолпанда» 

Әлібектің, «Қыз Жібекте» Төлегеннің, «Ең-

лік-Кебекте» Жапалдың рөлдерін шебер 

ойнап, әндерін орындайтын. 

Қазақ халқының ұлттық өнеріне өз қол-

таң басын қалдырған белгілі композитор 

Ла тиф  Хамиди:

«Мен Қазақстанға 1933 жылы кел ген-

мін. Ең алғаш танысқан әншім Жүсіпбек 

Елебеков еді. Жүсекең «Қанапия», «Ғалия», 

«Көк көбелек» әндерін ерекше сезіммен 

шырқайтын. Ал әнші «Қанатталды» әнін 

орындаған кезде әсерлілігі сонша, көзіме 

жас алғанмын. Кейін филармонияда бірге 

қызмет еттік. Менің шығарған әндерімді 

Жүсекең ерекше бағалап, пікір айтатын. Ол 

кісінің ән салудағы кейбір ырғақтарын өз 

шығармамда қолданып отырдым», – деген 

еді.

«Аса шебер ұста бар, артына қалар 



нұсқа бар» демекші, Жүсіпбек ән өнерін 

Әміреден тыңдап, бойына дарытқан әнші. 

Кезінде академик Ахмет Жұбанов өзінің 

«Өскен өркен» атты жинағында Жүсіпбек 

Елебековтің өнері жайлы арнайы мақала 

жазған. Онда: «1931 жылдың жазы. Драма 

  театр да  концерт  жүріп  жатыр.  Сах на ға 

отыздың шамасындағы жас жігіт шықты. 

Аяғында тұмсығы үшкір өкшелі етік, үстінде 

пүліш шапан, басында құндыз бөркі бар. 

Орта бойлыдан биіктеу, көрікті жүзіне күлкі 

үйіріледі. Жүріс-тұрысында ерекшелік 

байқалады.

– Жүсіпбек «Сұржекей» әнін орын дай-

ды, – деп хабарлады. Ән басталды. Төменгі 

регистрден баяу қалқыта көтеріп алғанда, 

әншінің алған тынысын байқау мүмкін 

емес. Дауысы бірте-бірте қалықтай өрлеп, 

шырқау биікке көтерілді. Бірде баяулай, 

бірде серпіле жөнелетін бұл ән біте Жү се-

кең орнынан тұрып, кішіпейілділікпен сәл 

басын иіп, сахнадан шығып кетті, – деп 

Ахаң өз әсерін қағазға түсірген-ді.

Жүсіпбек Елебеков концерттік сапармен 

ел аралады. Осы бір қимас сәттердің бірін 

әншінің жұбайы, Қазақстанның еңбек 

сіңірген әртісі Хабиба Елебекова былайша 

еске алады:

«Менің әкем әнші болатын. Құсбегі, 

сері адам еді. Біздің тұрған жеріміз Қар қа-

ра лыдан 60 шақырымдай жер. Әкем алыс 

та болса ауданнан газет-журналдарды 

жаз ғызып алып оқып отыратын. Мен бала 

кезімде газеттен бір актілі пьесаларды оқи-

тынмын. Әкем қай жерде ән, Абайдың сөз-

дері болатын болса, әншіні алғызып, ауыл 

балаларына ән үйретіп отыратын. 

Тұзащы дейтін жер бар еді. Тұздың 

бойына Жүсекеңдер бай ағайындарының 

жылқысын тоғытуға алып келген ғой. Сол 

жерге келіп Әміреден үйренген «Ағаш ая-

ғын» айтады. Дәлила тәтем «мына жігіт ән 

айтады, соны біз үйреніп алуымыз керек» 

де ген соң, әнші екі рет «Ағашаяқты» сах-

нада айтқанда біз тез үйреніп алдық. 

Мен Жүсекеңді 1935 жылы көргенде 

16 жастағы кезім. «Ағашаяқты» сахнада 

айтқанда бала күнгі естігенім есіме түсті. 

Жүсекең екеуміз сол жолы көңіл қосып, 

Алматыға бірге кеттік. Содан жұбымыз 

жазылған жоқ».

Жүсекең филармонияда қызмет еткен 

кезінде сырнайға қосылып та ән шырқаған. 

Әсіресе Жамал Омарова екеуінің қос 

дауыс пен айтқан әндерінің әсері ерекше 

еді. Қазақ өнерінің майталмандары 1936 

жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен 

өнерінің онкүндігіне қатысып, Жүсекең 

Кремль сахнасында өнер көрсетті. Сол 

сапар дан соң Жүсіпбек Елебековке Қазақ-

станның еңбек сіңірген әртісі атағы бе-

рілді. 


Кешегі Ұлы Отан соғысында Жүсекең 

де концерттік топпен майдандағы жауын-

гер лерге концерт береді. Осы сапарында 

Рамазан Елебаевқа жолығып, «Жас қазақ» 

әнін елге алып қайтады. Бұл ән кейін Ахмет 

Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Төлеген 

Тоқтаров» операсындағы Төлегеннің ария-

сы на арқау болды.

Майдан даласында көрсеткен ерен 

еңбегі әділ бағаланып, Жүсіпбек Елебеков 

сол жолы Қазақстанның Халық әртісі деген 

атаққа ие болады. 

Әншінің жібектей есіліп, бұлақтай сың-

ғыр лаған үні жайлы «қазіргі заманның 

Ақа ны да, Біржаны да Жүсіпбек қой» деп 

Мұх тар Әуезов өз кезінде әділ баға бер-

ген. 

Халқымыздың мәдениетіне қамқор 



бол ған қоғам қайраткері, сол кездегі мә-

де ниет қайраткері Ілияс Омаров Жүсекең 

60 жасқа толғанда өз лебізін былайша 

білдірген еді:

«Қазақ халқын сүйген адам сізді сүймей 

қоймайды. Асыл мұрамыз ән болса, сол 

мұраны меруерттей жарқыратып, заман-

дас 


тарыңыздың көңіл сезіміне құйған 

шоқтығы биік өнер иесісіз. Арқа әндерін 

нәзік сезімге сырлы мән бере орындауда 

аса шеберлікпен алдыңызға жан сал май-

сыз. Сонымен қатар сізде адам сүйсінерлік 

адамгершілік қасиет бар. Сіз өнерді де, 

аза 

маттық қасиетті де халық рухының 



тереңінен тапқан тәріздісіз. Сізге ұзақ өмір, 

зор бақыт тілеймін!» десе, сол мерейтой 

үстінде Жазушылар одағының атынан 

жазылған мына бір шумақтарда Жүсекең 

жайлы былай делініпті:

Бұлақтай сұлу әнге таза тұнық,

Қалатын сыр ұққандай дала тұнып,

Сыймайтын киіз үйге кемпір мен шал,

Тыңдайтын босағада бала тұрып.

Есітіп әсем әнді тым алыстан,

Жылайтын қариялар қуаныштан.

Асқақ ән ел көгінде қалықтайтын,

Қырандай шың басынан түлеп ұшқан.

Жүрегі жаралмаған мұң-зар үшін,

Ерекше елден шыққан

 

 

                шын дарынсың.

Арыны алпыста да басылмаған,

Қазақтың сен бүгінгі Біржанысың.

Іздеген адам едің жыр өмірден,

Өнердің өзенінде жүзе білген.

Қабыл ал, достарыңның ақ тілегін,

Өзіңнің махаббатты жүрегіңмен, – 

деген еді. 

Жүсекең эстрада-цирк студиясында ар-

найы мектеп ашып, шәкірт тәрбиеледі. Жү-

секеңнің алдынан Мәдениет Ешекеев, 

Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, 

Мұратбек  Жүнісбеков, Ғалым Мұхамедин, 

Амангелді Жікенов, Тұрсынғазы Рахымов, 

Мара Есмұханова, Санақ Әбеуов, Кел ден-

бай Өлмесеков, Мәкен Мұқышева, Райхан 

Тергеубаева, Клархан Жаналиева, Мыр-

зах мет Мұқаманов, Алмахан Кенжебекова

Хасен Төпеев, Әнуза Нүксінханова, Дүйсеке 

Дайы ров және Кенжеғалы Тәшкенов сын-

ды шәкірттер дәріс алса, солардың ең кен-

же шәкірті де, іздеуші, өнерін наси хат-

таушы да менмін. 

Жүсекең халық композиторларының 

әнімен қоса, Қазақстан компо 

зи 


тор 

ла-


рының да әндерін шебер орындайтын. Ол 

кісінің орындауындағы жүздеген ән 

үлгілері  эт но гра фиялық  жыр  жинақтарына 

еніп, ғы 

лыми-зерттеулерге ие болды. 

Жүсекең ән сапарымен Қытай, Моңғолия 

және Үн 

дістан жерінде болып, ұлттық 

өнерімізді насихаттады. Халқымыздың ән 

дәстүрін қаймағын бұзбай ұрпағына жет-

кізіп, екі ғасырдың алтын көпіріне ай нал-

ған ұла ғат ты ұстаз, асқақ әнші Жүсіпбек 

Елебековтің өнері мен өмірі жайлы Хабиба 

апамыздың «Ән-аманат», «Үні кетпес 

құлақтан», «Қай 

ран, Жүсекем!» атты 

жинақтарында  баян да лады.

Әміреден үйренген әндерін өміріне 

азық етіп, шәкірттеріне үйреткен біртуар 

дарын иесі Ақан сері, Біржан сал, Балуан 

Шолақ, Жаяу Мұса, Жарылғапберді ән де-

рімен қоса, ұлы Абай әндерінің бірден-

бір насихаттаушысы еді. Ұрпағына 

бабалар үнін жеткізген, әншілігімен қоса 

им про ви за торлық  қабілетімен  көптеген 

халық композиторларының әндеріне әр 

беріп, кәсіби деңгейге көтерген өнер 

жанашыры да Жүсіпбек Елебеков еді.

Халық композиторларының әндерін 

өз бояуымен тыңдаушысына жеткізіп, 

көп ші ліктің жүрегіне жол тапқан, әсерлі 

үнімен жан тебіренткен асқақ әншінің 

артында ше бер орындаған 300-ден астам 

әні қал 


ды. Бұл шығармалар Қазақ 

радиосының алтын қорынан берік орын 

алған. 

 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал