«Алаш айнасына»



жүктеу 0.7 Mb.

бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

Оразбай САҒЫНДЫҚҰЛЫэколог:

–  Мен ұзақ жылдан бері Сыр 

бойындағы жануарлардың тыныс-

тіршілігін зерттеп келемін. Бұл 

бағытта бірнеше ғылыми-

әдістемелік еңбектерім жарыққа 

шықты. Бір жылдары еліктің тыныс-

тіршілігі жайына көбірек зер 

салдым. Қолыма ілінген дерекке көз 

салғанда, еріксіз жағамды ұстауға 

тура келді. Біз бала кезімізде иен 

даладан елікті көбірек көретінбіз. 

Қазір біздің аймақта бар-жоғы бес 

елік қалыпты. Оның өзі арнайы 

қорғалымда бағылады. Сонда 

Сырдың жерінде еліктер мүлдем 

құрыған деуге болады. Біз табиғатқа 

жанашырлық көрсетсек, бұрынғы аң 

мен жануарларды қайтадан қалпына 

келтіруіміз тиіс. Осы мақсатта 

арнайы бағдарлама жасалса деймін. 

Болмаса, барлығы да бекер. Табиғат 

қорғауды қалайды. Мен бірқатар 

елдің қоршаған ортаны қорғау 

бағытындағы жұмысына қайран 

қаламын. Олар әрбір аң мен құсты 

көзден таса етпейді. Тіпті олардың 

санын тап басып айтып отырады. 

Бізде де осындай көзқарас болуы 

қажет қой. 

Ақындар «Елігім-еркем» деп жырға 

қосқан жануар осылайша азайып барады. 

Осындай күйге түскен аң мен құстарға 

қамқорлық жасай аламыз ба? Бізде жан-

жануарлар жайлы айтқанда, олардың 

еріксіз азайып бара жатқаны алдымен тіл 

ұшына орала беретіні рас қой. Біз қашан 

табиғатты түсіне аламыз осы?

Қызылорда облысы

Ерке еліктер 

неге жоғалып 

барады?

ДЕРЕК

Қызылжар қаласында жалпы саны 40 мектепке дейінгі жастағы 

ба лалар ға тәрбие беру мекемесі бар. Олардың 24-і – балабақша, 

ал 16-сы – мек тептер жанындағы шағын орталық. Балабақша-

ларға 5,500-дей  бала барып жүр. Ал тағы 9000-нан астам сәби 

кезекте тұр. 

Басы 1-бетте

ДЕРЕК

Ресейде ең алғашқы айықтырғыш «Маскүнемдерге арналған 

баспана» 1902 жылы дәрігер Федор Архангельскийдің 

ұйымдастыруымен Тула қаласында ашылған. Ол қалалық 

қазынадан қаржыландырылған. Делбеші көшеде мас болып жатып 

қалған адамдарды айықтырғышқа жеткізіп отырса, ал фельдшер 

оларды мастықтан айықтырған. Кейінірек осы еңбегі үшін Федор 

Архангельский Санк-Петербордағы гигиеналық көрмеде алтын 

және күміс медальдармен марапатталған.

Ал Алматы қаласында алғашқы айықтырғыш 1937 жылы 

ашылған. 

1940 жылы Л. П. Берияның бұйрығымен НКВД-ға бағынған.

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының Қазақстан аумағы 

арқылы өтетіні белгілі. Менің білгім келгені – Қазақстан аумағында ғы 

осы жолдың ұзындығы қанша және ол қай облыстардың тер рито-

риясы арқылы өтеді? Бұл жолмен көліктер қай уақыттан бастап жү ре 

алады және ол толығымен қашан аяқталады?

Жантілеу ЕРТІЛЕУОВ, Жамбыл облысы

2011 жылдың аяғына дейін «Ба-

 тыс Қытай-Батыс Еуропа» авто дә-

лізінің 750 шақырым болатын учас-

кесінде автоқозғалысын ашу жос-

парланып отырған көрінеді. Бұл ту-

ралы VIII халықаралық «Казав то дор-

2011» көрмесінде ҚР көлік жә 

не 

коммуникация министрі Берік Ка-



малиев мәлім етті.

Ол төрт облыста ұзындығы 1815 

шақырым болатын учаскеде жұмыс 

жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Оның айтуынша, барлығы 2415 

шақырым жол тапсырылмақ шы.

«Қытаймен шекарадан бастап, 

Түркістанға дейін бетон жұмыстарын 

жасап жатырмыз. Түркістаннан Ре сей 

Федерациясының шекарасына де йін 

асфальтбетон жұмыстары жүр-

гізілуде», – деді Б.Камалиев мырза.

Министрдің айтуынша, жол құ-

ры лысына 35 мың жұмысшы мен 

6000-дай техника жұмылды 

рыл-


ған.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас 

жолының Қазақстан арқылы өте 

тін 


учаскесінің ұзындығы – 2787 ша қы-

рым. Автодәліз бес облыстың терри-

то риясы арқылы өтеді. Жо баның жал-

пы құны 825 млрд тең ге ні құрайды.

Жоба жолдың 1391 шақырым 

учас  кесін төрт жолақты І техникалық 

ка те горияға  ауыстыруды,  ұзындығы 

1061 шақырым болатын қалған 

учас  кені ІІ техникалық категорияға 

ауыс тыруды  қарастырады.

 Бұл халықаралық автомобиль 

жолы Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қы-

зыл ор да және Оңтүстік Қазақстан 

об лыс тарын  басып  өтеді.

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Кезекші бөлімге жылдам хабар түскен 

соң, полиция қызметкерлері қолға түсіру 

операциясын құрды. Қала шетіне ызғытып 

бара жатқан күдікті бірден құрыққа ілікті. 

Тәртіп сақшысының формасын киіп алып 

күдікті көлікте отырған жалған әріптестерін 

көргенде, тәртіп сақшыларының өзі 

абдырап қалыпты. Баста күдікті өзін 

тәжірибеден өтіп жүрген тәртіп сақшысы 

екендігін айтып сендірмек болыпты. 

Алайда қудың құйрығы бір тұтам екені 

белгілі. Оның ойы жүзеге аспады. 

Дулат ҚҰРМАНБЕКОВ, 

Жамбыл облыстық ІІД Жол полициясы 

басқармасының өкілі: 

– Күдікті әлі кәмелеттік жасқа 

толмаған. Облыс орталығындағы 

тоғызыншы ықшамауданда 

орналасқан «Диана» атты дүкеннен 

полицей формасын сатып алғанын 

мойындады. Енді осы іске байланысты 

қылмыстық іс қозғалып, оған бес 

жылға дейін бас бостандығынан 

айрылу қаупі төніп тұр

Гүлжан КӨШЕРОВА

Таразда 

«тәртіп 

сақшысы» 

көлік ұрлады

КӨЗҚАР


А

С

Бүгінде полицей формасын 



киіп алып, неше түрлі қулық-

сұмдыққа баратындардың 

қарасы көбейіп тұр. Жуырда 

Таразда тапа тал түсте тәртіп 

сақшысының киімін киген 

азамат жеңіл көлікті ұрлап, 

мініп кеткен. 

Ақтөбе облыстық сотының судьясы 

Ағысбек Төлегеновтен осыдан бір ай 

бұрын басшылары қызметінен өз еркімен 

кетуге сұраныпты. Ондағылар облыстық 

қауіпсіздік комитеті департаментінің 

жолдаған ұсыныс хатын көрсеткен. Құ-

жатта судьяның экстремистік ағымдағы 

діни ұйымдармен байланысы бар және 

оларды қаржыландып отырған, құқықтық 

кеңестер берілген деп көрсетілген. 

Ағысбек ТӨЛЕГЕНОВ, 

Ақтөбе облыстық сотының судьясы:

– 2000 жылдан бері намазға 

жығылғанмын. Содан бастап өзімше 

Алланың алдындағы парызымды 

қолымнан келгенше адал атқаруға 

тырысып жүрмін. Менің ойымша, бұл 

жерде ешқандай діннің қатысы жоқ 

деп ойлаймын. Әрбір азамат, судьяны 

былай қойғанда, Ата Заңымыз 

бойынша, оның жеке сөйлесуіне, 

кіммен кездесуіне ешқандай тыйым 

салынбаған. 

Осыдан тура 10 күн бұрын Ағысбек 

Төлегеновті қызметінен шеттету туралы 

шешімді облыстық сот алқасы шығарыпты. 

Ондағы әріптестері де Ұлттық қауіпсіздік 

департаменті таққан айыпты құптап отыр. 



Самал ҚАРАЖАН, 

Ақтөбе облысы

Судья 

тағылған 

айыппен 

келіспейді

Ақтөбе облыстық сотының 

судьясы «экстремистік 

ағымдағы діни ұйымдармен 

байланыс орнатқаны үшін» 

деген ресми шешімге сәйкес 

қызметтен шеттетілді. Оған 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

департаментінен жолданған 

құжат себепші болған. Қазір 

судья Ағысбек Төлегенов 

әріптестерінің шешіміне 

қарсы нарызылық білдіріп, 

тіпті Ұлттық қауіпсіздік ко-

митеті департаменті үсті нен 

сотқа шағым түсіріп отыр. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№180 (632) 12.10.2011 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Айдос САРЫМ, саясаттанушы

Сейфулла САПАНОВ, саясаттанушы

Қырғыз ғалымдары ұсынғандай, Қазақстан-

Қырғызстан конфедерациясын құру мүмкін бе?

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ОК хатшысы:

– Жалпы, одақтың қандай формасы болсын, ең бастысы, 

интеграция керек. Интеграцияға қарсы емеспін. Бірақ алдымен 

өз халқымыздың әл-ауқатын жақсартып алуымыз қажет. 

Конфедерацияның да өзіндік пайдасы бар шығар. Бірақ оған әлі 

ертерек сияқты. Қазір көршілес елдің жағдайы сын көтермейді. 

Саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайы шиеленіске толы. 

Сондықтан бірігуге белгілі бір уақыт қажет.

БЕЙТАРА П ПІКІР

Кеңес Одағына қайтып оралмаса да, 

империалистік пиғылда жұмыс істей-

тінін осы бастан ашық байқатып отыр. 

Шығысымызда Қытай жыл өткен са-

йын қуатты державаға айналып келеді. 

Сондықтан Орталық Азиядағы түркітілдес 

мемлекеттер осы бастан қимылдап, бірі-

ге бастауы қажет. Түркі әлемінің бірлігі 

идеясын әзірге Қазақстан, Түркия және 

Әзірбайжан ғана белсенді түрде қолдап 

келеді. Осы үш мемлекет түркі әлемінің 

доноры бола алады. Орталық Азия ел-

дерінде демографиялық даму үрдісі бай-

қалады. Келешекте бірігіп жатсақ, 250 млн 

халқымызбен Еуропа державаларымен, 

Қытай, Ресей сияқты мемлекеттермен тең 

дәрежеде тілдесетін қуатты одаққа ай-



Дайындаған Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

 

АҚШ Ауғанстандағы әскерін шығара қалған жағдайда, Орталық Азия елдеріне ортақ қауіпсіздік шараларын ойластыру қажет пе?



Талғат 

ИСМАҒАМБЕТОВ,

 

саясаттанушы:



Нұрлан СЕЙДІН, 

ҚР 

Президенті жанындағы 

Қазақстан стратегиялық 

зерттеулер институтының 

бөлім меңгерушісі:

Сұлтан 

ӘКІМБЕКОВ, 

саясаттанушы:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– АҚШ әскери күштері жақын уақытта Ауғанстаннан кете қояды деп ой-

ламаймын. Америкалықтар өздерінің Ауғанстанға қатысты ұзақ мерзімді 

жоспар ларын жалғастырып, сол жақтағы әскери базаларын, керісінше, арт-

тырып, кеңей тіп жатыр. Мәселен, олар Ирактан да кеттік деп жариялаған, 

алайда сол жақтағы базаларын сақтап, тұрақтап қалды. Жалпы, Орталық 

 Азия елдерінің ресми әкімшіліктері АҚШ-тың Ауғанстаннан кетуіне, анау 

айтқандай, мүдделі емес. Екінші жағынан, америкалықтар кете қойған күннің 

өзінде тәлібтер кү шейіп, билікке шығып кетеді деп үрейленудің қажеті жоқ. 

Себебі тәлібтерді Ауған станның пуштундары құрайды. Алайда негізгі күш 

солтүстік аймақтардағы ұлт тық азшылықты құрайтын топтардың, хазар-

лықтар, тәжіктер, өзбектердің қо лында болып тұр. Оның үстіне, олар Иран 

мен Ресейдің қолдауын көреді. Тіпті тәлібтер билікті жаулап алды деген қауіпті 

сценарий жүзеге асқанның өзінде, олар әскери күшейіп, өзге елдерге қауіп 

төндіре алатындай шамада болмайды. Ауған станның маңында оңай лықпен 

«таяқ жейтін» елдер жоқ. Өзбекстанның бір өзі тәлібтердің аймақ қа қарулы 

қадамына тосқауыл қоя алар еді. Әрине, сақ тықта қорлық жоқ, ҰҚШҰ мен 

ШЫҰ күн тәртібінде бұл мәселені ескеруі қажет.

– Орталық Азия аймағының өзіндік жеке 

құрылымы жоқ қой. Сондықтан бұл мәселе ҰҚШҰ, 

ШЫҰ секілді ха лық аралық мекемелердің жанында 

қарала алады. Жуыр да Мәскеу АҚШ-тың Ауғанстаннан 

кетуін қалай ты нын ресми түрде мәлімдеді. Бірақ бұл 

мәселеде әр мем лекеттің өзіндік көзқарасы бар. Оның 

ішінде  Ор та лық азиялық мемлекеттер АҚШ-тың ке-

туін қалайды деп ой ламаймын. Қырғызстан үшін бұл 

мәселе «Манас тың» тағ дырын шешеді. Тәжікстан да, 

Өзбекстан да бұл тер ри торияға бір ғана державаның 

ықпалы болуын қала майды. Біздің билік те АҚШ-

тың кетуін қалап отыр деп айта алмаймын. Екінші-

ден, АҚШ Ауғанстаннан бұл тер риторияны жақын 

уақытта тастап шықпайды. Ол анық. Сондықтан бұл 

мәселе дәл қазір Орталық Азия ел де рін алаңдатарлық 

күрделі тақырып деп ойламаймын.

– АҚШ-тың Ауғанстанда жүргеніне он жыл өтті. Осы уақыт 

аралығында олар миллиардтаған қаржы шығын көрді, адам 

шығыны да аз болған жоқ. Тіпті олардың ауған дала сына сал-

ған қаржысына жаңа бір мемлекет тұрғызуға болар еді. Бұл, 

әрине, АҚШ-тың ішкі саясатына әсер етеді. Бұл мә се ле тіпті 

АҚШ-тағы  президенттік  сайлауда  Оба ма ның  кан ди да турасына 

кедергісін тигізуі мүмкін. Соған қара мастан АҚШ өз әскерін 

бірден алып шығады деп ойламай мын. Әс ке рін қайтара қой-

ған жағдайда, біз үшін қиын ға соғуы мүм кін. Өйт кені мұн дай 

жағдайда тәлібтер қайта күш жинайды. Жуыр дағы бір мә-

лім демесінде Хамит Карзай да өзі нің кететінін меңзеді. Бұл 

жағдайда Ауғанстан қайтадан экс тре мистік, террорлық идея-

лардың ошағына айналып кетуі мүм кін. Есірт кі тасымалы мен 

адам саудасы қайта ушы ғаты ны сөзсіз. Солай болмауы үшін 

Орталық Азия елдері жә не Ресей, Қытай бірлескен шаралар 

ұйымдастыруы қажет. Өйт пеген жағ дайда сол проблемалар-

мен әр мемлекет жеке күре сетін болады.

Дайындаған Сәкен КӨКЕНОВ

Ал қазіргі Қазақстан мен Қырғызстан-

ның басында мұндай қауіптілік жоқ деп 

айтуға болады. Екі мемлекет арасында ше-

шілмеген проблема шаш етектен. Алдымен 

сол мәселелер өз шешімін табуы керек. 

Мы салы, су-энергетикалық, екі ел азамат-

та 


рының қарым-қатынасы, алыс-беріс 

саудасы төңірегіндегі қордаланған проб-

ле маларды шешу үшін конфедерациядан 

гөрі одақтық қатынас орнату тиімдірек. 

Қазақстан Кедендік одаққа мүше бол-

ғаннан кейін үшінші елге айн ал ған Қыр-

ғызстанмен сауда қатынасы күрт төмендеп 

кетті. Азаматтардың шекарадан өтуі де 

қиын дай бастады. Ал мұндай кезде жаңа 

атап өткен одақтық қатынас өз жемісін бе-

реді. Мысалы, Ресей мен Беларусь – одақ-

тас елдер. Осы одақтастықтың арқасын да 

олар екі ел арасындағы кейбір түсінбеу ші-

ліктерді оңай шеше алды. Және Кедендік 

одаққа бірігу үрдісі де жеңіл әрі тез жүрді. 

Мысалы, Ресей Украинаны газ бермеу ар-

қылы Кедендік одаққа тартып еді, онысы-

нан түк шықпады. Ал, керісінше, Беларусьтің 

сүтін, етін кіргізбей қойса да, сол елмен Ке-

дендік одаққа оңай бірікті. Міне, конфеде-

ра циядан гөрі одақтық сипат оңай әрі 

тиім ді. Конфедерацияға біріккен мемлекет-

тер дің мемлекеттік бас қару формасы қа-

Оралман мәселесі – қазақ мәселесі

әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ах-

метов те жарытып ештеңе айта алмады. 

Батыл мәлімдеме жасауға Ішкі істерге 

берілген комитеттің төрағасы штат саны 

жетпейтінін қайта-қайта алға тартып бақса, 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми-

нистрлігі өзінің құзыретінде оралман мәсе-

лесі атымен жоқ екенін анық аңғартатындай. 

Бірі бұлғақтаса, екіншісі алаңсыздыққа 

көшкен тәрізді. Ал Әлеу меттік кеңестің ұсы-

нысына келетін болсақ, бұндағы негізгі 

жаңалық — «Нұрлы көштің» жаңа кезеңін 

әзірлеу керектігі айтылады. Бұдан бөлек, 

кеңес ұсыныс ретінде ірі қалалардың айна-

ласына оралмандар араласа қоныстана тын 

кіші серік қалаларды салу бағдарла масын 

әзірлеуге, оралман 

дардың әлеумет 

тік-


экономикалық жағда йы туралы кешенді 

зерттеу жүргізуге, сон дай-ақ Қазақстанда 

тұруға рұқсатнама алған оралмандар үшін 

кіру визасын алу рәсімін оңтайландыру ту-

ралы мәселеге баса назар аударуға үн дей-

ді. Жиын барысында депутаттар оралман-

дар мәселесіне қатысты екі жауапты орган-

нан келген рес ми өкілді біршама сұрақтың 

астына алып көріп еді. Әйткенмен төрайым 

Айткүл Самақова қайта-қайта араша түсіп, 

көп сауал жауапсыз қалды. Бірсыпырасына 

жазбаша жауаптар жасалатын секілді. 



ОРАЛМАН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛІП, 

МАСЫЛ БОЛЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Уәлихан ҚАЛИЖАН,

 депутат:



– Отанына оралған қандастары-

мыздың 5 пайызы ғана зейнет жасын-

да, 51 пайызы — 18-ге дейінгі жасөспі-

рім дер мен жастар. Сондықтан да зия-

лы қауымның ортасындағы түрлі 

әңгімені мен түсіне бермеймін. Ондай 

әңгімеге тыйым салу керек. Тыйым салу 

үшін жұ мыс істеуіміз керек. Өйткені біз 

орал 

манның арқасында 64 пайызға 

жетіп отырмыз. Мына деректі қараңыз: 

1996 жылға дейін Қазақстанда табиғи 

өсім «құлаған» еді. Сол жылдан бері 

ғана біз іс жүзінде өсімге қол жеткіздік. 

Ендеше, оралманды Қазақстанға мей-

лінше көп әкелу керек. Бұл — біздің 

ұлттық қауіп сіздігімізбен қатар қойылып 

отырған дүние. 

ОРАЛМАНҒА ЖАСАЛҒАН 

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БӘРІ ТОЛЫҚ ЕМЕС, 

ЖАРТЫЛАЙ ҒАНА

Алдан СМАЙЫЛ, депутат:

– Бүгін тың ұсыныс естіген емеспін. 

Бәрі — бұрынғы әңгіме. Оралманға 

«ана дай жақсылық, мынадай жақсы-

лық» дейміз, іс жүзінде бәрі бірдей 

аяғына жетпей жатыр. Осы тұрғыдан 

келгенде елімізде индустриялық бағ дар-

лама, оның ішінде жастарға жаңа маман-

дықты игерту туралы көп әң гі мелейміз. 

Ендеше, осындай жаңа ма 

ман 

дыққа 

неге шетелдегі қазақтарды тартпаймыз. 

Бұл маған түсініксіз. «Нұр 

лы көш» 

бағдар ламасын қайтадан жасау керектігі 

айтылады. Бұрынғысының қорытындысы 

нешік, кемшілігін қалай ескереміз? Ең 

ақыры оралманға толық жағдай жоқ, 

бәрі жартылай. Ендеше, оралманға қа-

растырылатын жеңілдіктер мемлекеттік 

тұрғыдан қайта қаралуы шарт. 

ЖИЫН


Осы күні қазақтың басындағы өзекті мәселелерді жіпке 

тізсек, оралман мәселесі соның ең негізгісінің бірі болатыны бек 

шындық. Тәуелсіздіктен бері тағдыр талайымен төрткіл дүниеге 

тарыдай шашыраған қазақты түгендеуге кіріскенімізге біраз 

жыл. Соның арқасында 300 мыңнан астам отбасы атажұртымен 

қауышыпты, қазақ халқының саны 1 млн-ға жуық еселеніпті. 

Қуанышты-ақ! Шетел асқан өз ұлтын бауырына тартып жатқан 

әлемдегі үш елдің біріне айналдық. Қазына қаражатын да 

ұлғайтып жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, «атқарылған іс 

аз емес» болса, атқаруға міндеттіміз бұдан да көп. Өйткені 

олар Отанына оралуға тиіс! Өйткені оралман мәселесі – қазақ 

мәселесі. Кеше Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының 

жанындағы Әлеуметтік кеңес кезекті отырысын осы тақырыпқа 

арнапты. Әйтсе де кеңестің отырысын тақырыпты талқылауға 

емес, түсінуге талпыныс десе де болатын еді.

Жиын барысында кеңес төрайымы 

Айткүл Самақова оралмандарға қатыс ты 

кешегі күннен жалғасып келген жақсы-

лықтарды ғана емес, бүгінгі кедергілерді 

де атап шыққан. Мәселен, депутаттың ай-

туынша, бүгінгі күні оралмандарды жаңа 

жағдайға бейімдеуде біршама қиын дықтар 

бар. «Ең алдымен, тілдік кедергі. Орал-

мандардың мемлекеттік және орыс тіл-

дерін үйренуі жеткіліксіз. Баспана салуға, 

шаруамен айналысуға бөлінетін жер лерге 

қатысты проблемалар әлі толық шешілген 

жоқ. Оралманның бәрі бірдей ипотекалық 

несие алуға төлем қабілеттерін растай ал-

майды. Жұмысқа орналасуға қатысты 

оралманның алдынан шығатын қиындық-

тарды шешу де өзекті. Олардың ел аума-

ғына орналастыру проблемасы да оңтайлы 

шешуді талап етеді. Өйткені бүгінгі күні 

оралмандардың 60 пайызы онсыз да ай-

тар лықтай демографиялық қысым туып 

отырған бес облысқа: Ақмола, Алматы, 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маң-

ғыстау облыстарында шоғырланған», — 

дейді Айткүл Байғазықызы. Әйтсе де орал-

ман мәселесі мұнымен тамам емес. Бас-

пасөзде барынша кең талқыға түсіп жатқан 

мәселенің бірі болғандықтан, оны көзі 

қарақтылар өздері де байқап бағар. Әйтсе 

де алдағы уақытта Отанына оралған, ора-

ламын деген қазақтың жайы қалай бола-

ды? Әлеуметтік кеңес отырысының бір діт-

тегені де осы болуға тиісті еді. Алайда 

ортаға келіп ой айтатын органнан біршама 

дәрменсіздік байқалатындай. Өйткені, 

кеңес отырысында негізгі баяндама жа-

саған Көші-қон комитетінің төрағасы Пат-

рис Нокин мырза да, еңбек және халықты 

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ 

КӨШІРУ ҚАЗАҚТЫ 

ҚҰТҚАРУМЕН БІРДЕЙ

Бекболат ТІЛЕУХАН,

 

депутат:



– 1999 жылы қолданысқа енген 

Адам құқықтары жөніндегі халықара-

лық пактілердің негізінде Қазақстанда 

жә не Қытайда бөлініп-жарылған от-

басылардың туыстары өздерінің жеке 

кепілдігімен құзыретті органның ке лі-

сімін алу арқылы көрші елдегі отандас-

тарымызды көшіріп әкелуші еді. Сол 

тәртіп 2006 жылдан бері сап тоқтап 

қалды. Ал халықаралық пактіге сәйкес

шекараның екі бетінде қалып қалған 

туыстар бір-бірін еліне шақыруға құ-

қығы бар болатын. Осы халықаралық 

құжатты біз өзіміздің заңымыз арқылы 

басып тастаппыз. Бұл қалай? Қытайда 

1,5 млн қандас бар. Алып көрші «батыс 

Қытайды игеру» саясатына үдете кіріс-

кен уақытта сол қандастарды құт-

қармаса болмайды. Өйткені қытай 

саясатының жемісі — 13 жасқа дейінгі 

қазақ баласы бара бара қазақшадан 

қалып, қытайшаға көшіп жатыр. Бір 

сөзбен айтқанда қытайландыру үдерісі 

керемет қарқын алып барады. Сон-

дықтан да бүгін қимылдамасақ, ертең 

бәрі кеш болуы мүмкін.

налар едік. Қырғыз қоғам қайраткерінің 

аталған пікірі қолдауға әбден лайық. 

Егер конфедерация аясында екі мемле-

кет бірігіп жатса, екі ел арасындағы суға 

қатысты, сауда қарым-қатынастарындағы 

кейбір проблемаларды шешуге мүмкіндік 

туатын еді. Интеграция аз уақыттың ішінде 

сөзсіз өзінің тиімділігін көрсетеді. Осы-

лайша бұған дейін бейқам қарап келген 

мемлекеттердің де назарын аударамыз. 

Орталық Азия елдері ішкі мәселелерін осы 

бастан шешіп, ортақ ымыраға келе бас-

тамаса, сыртқы күштердің әсерінен біріге 

алмай кету қауіпі де жоқ емес. Түркітілдес 

мемлекеттер тәуелсіз ел болғанымен, 

әлемдік масштабпен қарағанда, барлығы 

да — ұсақ ұлттар. Бүгін осы ұсақ, ұлттар 

бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар-

са, ертең-ақ қуатты одаққа айналары 

сөзсіз. Бұл сыртқы күштердің ықпалына 

түспеудің қауіпсіз қалқаны болар еді. 

Сондықтан әзірге Қырғызстан тарапы-

нан болып жат қан ұсынысқа қолдау біл-

діргеніміз жөн. Қазақстан-Қырғызстан 

конфедерациясын құру әбден мүмкін. 

Және ол өз жемісін береді. Қырғызстан 

тұрақсыз ел деп қорқатындар көп. Алай-

да бауырлас елге бірінші болып біз көмек 

беруіміз қажет.

зір гідей болмайды. Жә не өзіндік ішкі тәр-

тіптері болады. Яғни ор тақ органдары 

құры луы шарт. Ал ортақ органдардың құ-

зыры өте шектеулі болуы керек. Конфеде-

рацияларда жергілікті бас қару органдары 

билікке бағынбайды. Қыр ғызстанның ішкі 

жағдайын жақсы біле сіздер. Көрші елде 

тұрақтылық орнату үшін орталықтан күшті 

басқару аса қажет. Бір сөзбен айтқанда, 

Конфедерацияның талап тарына қазіргі 

Қазақстанның да, Қыр ғызстанның да жағ-

дайы сай келмейді. Сон дықтан да екі ел 

арасында конфедерация құру мүмкін емес. 

Тосыннан айтылған ұсы ныс жаңалық бо-

лып көрінуі мүмкін. Алайда оның салдары 

біз күткендей болмауы да мүмкін.




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал