«Алаш айнасына»



жүктеу 0.7 Mb.

бет1/6
Дата12.03.2017
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

«Алаш айнасына» 

«Алаш айнасына» 

жазылу басталды

жазылу басталды

Индекс 

64259

1 айға

3 айға

6 айға

12 айға

Алматы


506,89

1520,67

3041,34

6082,68

Қала


565,69

1697,07

3394,14

6788,28

Аудан 


(ауыл)

619,24

1857,72

3715,44

7430,88

ИӘ

– Менің бұрыннан бері жалықпай 

айтып жүрген идеямның бірі түркі әле-

мі нің бірлігі еді. Қырғыз ғалымдарының 

мына ұсынысы сол идеяға «құланның 

қа 


суына мылтықтың басуы» боп тұр 

екен. Жалпы, конфедерация деген 

ұғым  нан қорқудың қажеті жоқ. Себебі 

кон 


федерацияға біріккен елдер 

ешқашан ел дігінен айырылмайды. Ең 

басты құн дылығы – тәуелсіздігін сақтай-

ды. Прези дент тің өзі – Орталық Азия 

ел дерінің одағы туралы идеяның жақ-

тау шысы. Ке зінде осы мәселені көтерген 

еді, бірақ Өзбек стан, Түрікменстан сияқ-

ты ел 


дердің бас 

шылары үнсіздік та-

нытты. Қа зір гі заман жайбарақаттылықты 

көтер мей ді. Келесі жылы Ресей пре зи-

денттігіне Владимир Путин келеді де ген-

нен бастап шыққан ма қалалар мен оның 

сұхбат тарын қарап шық саңыз, Путиннің 

екінші кезеңі бұрын ғысынан да күшті 

болайын деп тұрғанын аңғарасыз. 

ЖОҚ 

– Конфедерация – тәуелсіз мем ле кет-

тердің егемендігін сақтай отырып ерікті 

түрде бірігуі. Ал осы конфедерация – 

халықаралық қатынастардағы ұлттар дан 

жоғары құрылатын барлық одақ түр ле-

рінің ең әлсіз түрі. Сондай-ақ Қазақ стан-

Қыр 


ғызстан конфедерациясын құру 

мүм кін емес. Себебі бұл бірігу формасы 

тә уел сіз екі мемлекет үшін де тиімсіз. Қа-

зіргі халықаралық саясатта конфеде ра-

ция құрып жатқан мемлекеттер кемде-

кем. Неге десеңіз, қазіргі заман басқа. 

Иә, XIX ғасырда Германия, Швейцария 

же рінде осындай үрдістер болды. Бірақ 

уа қыт өте келе сол конфедерациялар фе-

де рацияға айналып кетті. Конфедерация 

түп тің түбінде федерацияға айналады. 

Се бебі халықаралық қатынастардың да му 

эволюциясы осыны көрсетіп отыр. Кон  фе-

дерацияға, негізінен, елдігі күмәнді, мем-

лекеттілігі әлсіз, шекаралары бекіме ген 

мемлекеттер мүдделі болып келеді. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№180 (632) 

12 қазан

сәрсенбі


2011 жыл

3-бетте

Сейфулла САПАНОВ, 

саясаттанушы:

Айдос САРЫМ, 

саясаттанушы:

ОЙ-КӨКПАР 



Қырғыз ғалымдары ұсынғандай, Қазақстан-Қырғызстан конфедерациясын құру мүмкін бе?

Қырғыз ғалымдары Қазақстан-Қырғызстан 

конфедерациясын құруды ұсынып отыр. 

Пікірін ашық айтқан – қатардағы жай ғана 

ғалым емес, қырғыз қоғамында беделі бар 

саясаткер, бұрындары елдің ең жоғарғы заң 

шығарушы органы Жоғорғұ Кеңештің 

төрағасы болған Зайнидин Құрманов. Оның 

айтуынша, Қырғызстанның нағыз әріптесі әрі 

одақтасы бола алатын тек қана – Қазақстан. 

«Біз Қазақстанның бір облысының 

территориясындай ғанамыз. Қазақ жағы 

бізден қорықпауы керек. Конфедерация 

құруымыз керек. Ол кейіннен федерацияға 

айналуы мүмкін» дейді қырғыз қоғамының 

қайраткері. Бүгінде Қырғыз-Ресей 

университетінде қызмет ететін профессор тек 

өз елінің тұрақсыздығына, ішкі тәртібіне 

алаңдайды. Сонымен, Қазақстан бауырлас 

елмен бас қосып жатса, неден ұтып, неден 

ұтылады? Қырғыз ғалымының пікіріне біздің 

елдің сарапшылары қандай ой айтар екен?

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабар-

лауынша, алдағы тәулікте Қазақстанның барлық аума-

ғы ауқымды антициклон ықпалында болады. Жауын-

ша шын болмағанымен, күн суытып, жел тұрады. Батыс 

Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы 

облысындағы Алакөл көлі ауданында жел тұрып, оның 

екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау 

облысында шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Қостанай, 

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан 

об лыстарында таңғы және түнгі мезгілдерде тұман тү-

седі. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 

Пав лодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы және 

Жам был облыстарында күн 0-5 градусқа дейін суытып, 

ыз ғар  болады. 

Болатбек МҰХТАРОВ

Тоғыз облыста 

0-5 градус ызғар 

болады

Алдағы тәуліктерде еліміздің тоғыз облы-

сы ның аумағында сынап бағанасы 5 градусқа 

дейін төмендеп, ызғар болады. Синоптиктер 

еліміздің батысы мен Алакөл көлі аумағында 

қатты жел тұратынын да ескертеді.

А

У



А Р

АЙЫ


Қаңғыбас атанғандардың 

ертеңгі күні не болмақ?

Ерке еліктер неге жоғалып барады?

Кеңес өкіметі тұсында Алматы 

қаласында әрқайсысы 30 орындық 

аудандық ішкі істер бөліміне қа-

рас ты тоғыз айықтырғыш жұмыс 

істеген. 90-жылдардың басында 

көппен бірге қаржы қыспағына 

түс кен айықтырғыштар біртіндеп 

жа была бастады. Алматы қаласы 

Же 


тісу ауданындағы ең соңғы 

айық тырғыш өткен жылы өз қыз-

метін тоқтатты. Сөйтіп, қаладағы 

айық тырғыштар түгелімен жабыл-

ды да, маскүнемдер мәселесі 

ашық қалды. Айықтырғыштар жа-

былды деп арақ ішуді тоқтатқан 

ешкім жоқ. Ішімдікке салынған 

жан дардың азайғаны былай тұр-

сын, кері сін ше көбейді. Бүгінгі күн-

де 1,5 мил лионнан аса халқы бар 

Ал маты  қа ла сында  бұрынғы  айық-

тырғыш тарды алмастыратын 30 

орынға шақ талған бір ғана уа қыт-

ша бе йім деу және детоксикациялау 

ор та лығы бар. Ал оның өзі ішім-

дікке салынып, қаңғыбас атанған 

жан 


 

дарға көз қиығын салғысы 

кел мейді. Олар тек қана үсті-басы 

таза, ауру-сырқаудан ада, аяқ-

қолы бүтін, ішімдікті мөлшерден 

ар тық пайдаланатын адамдарды 

туыс т арының  арызымен  полиция 

қызметкерлері әкелген жағдайда 

ғана қабылдайды.

Руслан ДАЛЕНОВ, 

ҚР қаржы вице-министрі:

– Бірінші адам Екінші адамға 

Екіншінің кандидатурасын Бі рін-

ші лікке ұсыну жөнінде ұсыныс 

жа сады. Олар кімдер? 

(twitter-дегі жеке 

парақшасынан)

...де

дiм-ай, а

у!

3-бет

5-бет

Ән-аманат

Оралман мәселесі – 

қазақ мәселесі



7-бет

Татамиге 

шығарда төкпе күй 

тыңдайтын ару

ТҮЙТКІЛ

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,08

201,34

4,68

23,23

1,35

11433,18

1352,89

1148,33

108,20

1669,60

Ішкі істер саласына реформа жасау барысында 

айықтырғыштар аталмыш министрліктің құзырынан 

алынып, Денсаулық сақтау министрлігінің еншісіне 

берілді. Бірақ бұл бәсірені не істерге білмей, ақ халатты 

абзал жандардың басы қатуда. 

Жалғасы 2-бетте   

 Қалдар БЕК

Ерте кезеңде Сыр өңірінің аң мен құсы топ-тобымен өріп жүретін, жасыл желегі 

жайқалған жұмақ жер болғаны қазір бүгінгі ұрпақ үшін құр әншейін ертегі секілді 

көрінетіні рас. Адамзат өркениетінің өрісі өрге шыққан сайын табиғаттың тереңнен 

тартқан тамырына аяусыз балта шауып жатырмыз. Қазір көптеген аң мен құс 

екі қолдың саусағындай санаулы болып қалды. Аңшылықты кәсіп еткен кейбір 

адамдар басқасына бас ауыртпай, мылтықтың шүріппесіне жан-жануарларды 

оңды-солды байлап жатады. Мұндай мейірімсіз көзқарас иен далада желе жортқан 

талай аң мен құстың басына қара бұлт үйіріп, кейбірінің тұқымын тұздай құртып 

жібере жаздады. Талай қалам ұстаған қаламгердің жүрегінен жыр болып төгілген 

еліктер осындай күйге түсті. Дарияның бойында мың жылдай бұрын ерке еліктер 

молынан кездесетіні жайында араб жиһанкездерінің жазбаларынан оқуға болады. 

Сондай-ақ облыстың оңтүстік аймағындағы Қаратау етегінде де аталмыш аң топ-

тобымен жүргенге ұқсайды. Қазір ше? Еліктер мүлдем жоқ деуге негіз бар. Тек 

Шиелі ауданында бір-екеуі көзге ұшырасып қалады.

Бұғы тұқымдасына жататын еліктер Еуропа мен Азия 

құрлықтарында мекен етеді. Дене тұрқы 120-160 сан ти-

метр шамасында. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз бол-

са, текесі наурыз-мамыр айында толық жетіліп, жыл со-

ңына таман 3-5 ашалы мүйізді болады. Елік кең-бай тақ 

даламыздың көптеген өңірінде кездеседі. Мәселен, Іле, 

Жоңғар Алатауы, Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тар ба ға тай 

мен Алтай тауларында бар. Еті мен терісі бағалы жа нуар-

ға көз алартқан ағайын да баршылық. Мүйізі де – тап тыр-

мас дүниенің бірі. Осындай қасиетіне байла ныс ты кейбір 

адам дар оны еріксіз құрбандыққа шалып жа тады. 



Жалғасы 2-бетте   

Әділжан ҮМБЕТ

6-б

етте

Марфуға АЙТҚОЖИНА:

Манас мектебі сияқты, 

ең құрығанда, бір 

мектепті сақтап қала 

алмағанымыз өкінішті...

ДАТ!

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

2

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

№180 (632) 12.10.2011 жыл, сәрсенбі        



www.alashainasy.kz

ҚОҒАМ


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы жайлы не білесіз?

ҚЫНЖЫЛЫС

Әкімнің әлсіздігінен 350 бала 

балабақшаға бара алмады

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің 

айтуынша, балабақша тапшылығын жою 

үшін әкімдік қолынан келгенін істеп жатқан 

көрінеді. Бірақ кейбір әрекеттерінен 

нәтиже шығар емес. Мысалы, үш айдан 

астам уақыт бұрын әкімдік аукционнан 

104 миллион теңгеге Шухов көшесіндегі 

40-шы үйде орналасқан бұрынғы 

қонақүйдің ғимаратын сатып алған-ды. 

Әрине, бюджет қаржысына. Жоспар 

бойынша, бұл ғимаратқа кемтар балаларға 

арналған №1 арнайы мектеп-интернаттың 

181 оқушысы және 78 мұғалімі мен 

тәрбиеші көшуі тиіс болатын. Ал көп 

жылдар бойы интернат қызметін атқарып 

келген 350 орындық «Березка» 

балабақшасына осы ауданда тұратын 

қалалықтардың сәбилері баруы керек 

еді. 


Бірақ бұл жоспар әлі жүзеге асқан жоқ. 

Сәбилер интернаттың көшкенін күтіп отыр. 

Ал интернат тәрбиеленушілері көшейін 

десе, қонақүйдің бұрынғы иелері 

ғимараттың ішін түгел қиратып кеткен. 

Сонда сатып алғаннан бергі үш жарым 

айда ғимаратты бүлдіртіп қойып, қала 

әкімі ай қарап жүрді ме? 

Бәрін басынан бастасақ, Сынковтар 

әулеті қарыздарын өтей алмаған соң, банк 

кепілге қойылған ғимаратты саудаға 

шығарған. Аукционнан оны әкімдік сатып 

алады. Бірақ мұнымен келіспеген кәсіпкер 

ғимаратты босатпай қояды. Әкімдік үш ай 

бойы жалынған. Бұл мәселеге байланысты 

әкім Нұржан Әшімбетов те бірнеше 

жиналыс өткізіп, не істеу керектігін ақылға 

салған екен. Мүмкін, күз келіп, ғимаратты 

қысқы жылыту маусымына дайындау 

мәселесі туындамағанда, бұдан ары қарай 

да осылай жүре берер ме еді, кім білсін? 

Биліктегілер осылай жиналыстатып жүрген 

үш ай ішінде кәсіпкер ғимараттың ішіндегі 

сатуға жарамды нәрселердің бәрін сатып, 

ал сатуға жарамайтындарын сындырып 

тастаған. Тіпті ішкі жылыту жүйелерін түгел 

алып кетіпті. Ал қабырғалары мен төбесін 

қасақана бүлдіргені көрініп тұр. 

Оқу жылы басталып кеткен соң, әкім 

амалсыздан «Барыс» күзет агенттігінің 

жігіттерін жалдап, қонақүйге басып кірген. 

Кірсе, іші адам көргісіз, алдарынан 

ғимаратты бұзып жүрген жұмысшылар 

шыққан. Дереу полицейлерді шақырып, 

олар 18 қыркүйек күні қылмыстық іс 

қозғаған екен. Міне, содан бері де жарты 

ай уақыт өтті. Қонақүйдің қожайындары 

табылар емес. Ресми емес деректерге 

сүйенсек, отағасы Ресейдің азаматы екен, 

кәсіпкер әйелі де көрші елдің паспортын 

алып алған сияқты. Демек, олар ойларына 

келгендерін істеп алған соң, өз тарихи 

Отандарына тайып тұрғанға ұқсайды. 

Интернат тәрбиеленушілері сатып 

алынған ғимаратқа жақын күндері көше 

қояды дегенге сену қиын. Себебі оған 

күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сөйтіп, 

әкімдіктегілердің әрекетсіздігінің кесірінен 

шығын көлемі еселеп артайын деп отыр. 

Төсек-орындарын буып-түйіп қойған 

интернаттың кемтар балалары қыстың күні 

көшіріп, әуре-сарсаңға салмаса екен деп 

тілейді. Ал 350 сәби балабақшаға баратын 

күндерін күтумен көздері бозарып әлі 

отыр. 

Қызылжар

Қызылжар қаласында тоғыз мыңнан астам бала балабақша 

кезегінде тұр. Олардың 350-і осы күзде пайдалануға берілетін 

сәбилер үйіне баруы қажет болатын. Бірақ қалалық әкімдіктегі-

лердің әлсіздігі мен құқық қорғаушылардың әрекетсіздігінің 

кесірінен олар балабақша табалдырығын әлі аттай қойған жоқ. 

Бюджет қаржысына сатып алынған ғимаратты қиратып кеткен 

бұрынғы иелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, 

полицейлер оларды таба алар емес. 

Басы 1-бетте

Қазақстанда жылына қанша уран өндіріледі?

Қазақстан әлемнің уранға деген сұ-

ранысын 80 жыл бойы қамтамасыз ете 

алады. Бұл туралы KAZENERGY VI Еу -

разиялық форумында «Қаз атом өнер-

кәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төра ға сының 

орын басары Сергей Яшин мәлім етті.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі 

күні рес публикада бар қорлар мен ре-

сурс тардың небәрі 4,2%-ы өндірілді. 

«Біздің ойы  мызша, уран тұтыну көлемі 

артатын уақыт осы жүз жылдықтың 40-

60-жылда ры на сәйкес келеді. Қа зақ-

стан табиғи уран ға деген нарықты 80 

жыл бойы қам та масыз ете алады. Яғ ни 

бүгінгі күні Қа зақстандағы ре сурс тар 

мен қорлар айтар лық тай көп», – дейді 

бас қарма  төра ға сының  орын ба сары.

С.Яшин мырзаның айтуынша, Жа-

по нияның Фу кусима АЭС-індегі қай ғы-

лы оқи ғадан кейін (2011 жылдың нау-

ры зында бол ған зілзала мен цунамиден 

ке йінгі апат) табиғи уранға деген көз-

қарас өзгер ген, бірақ уранға деген сұ-

ра ныс артып ке леді.

«Болжамға сәйкес, 2030 жылға қа-

рай уран өн дірісін 1,5 есеге арттыру 



Қазақстан әлемдегі ірі көлемде уран өндіруші мемлекет екендігін 

білеміз. Осы орайда менің білгім келгені, елімізде жылына қанша уран 

өндіріледі және уран қоры қанша жылға жетеді? 

 Исмет 

КАРКУСОВ, 

Қарағанды облысы

қа жет болады, осы сұ ранысты кім қам-

та масыз ете алады деген мә селе алда 

тұр», – дейді ол.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы 

орын  ба сарының  пікірінше,  Қазақстан 

«өндірісті тез әрі оңтайлы шығындар-

мен арттыра ала тын» аз елдердің бірі 

болып табыла ды.

«Біз жылына 20 мың тонна уран 

өндіреміз, бұл әлемдік уран өндірісінің 

33%-ын құрайды. Нарықта қажеттілік 

туын  да са, өндірісті 25-30 мың тоннаға 

арт тыруға мүм кіндігіміз бар», – дейді 

Сер гей Яшин мыр за.

Алайда, оның пікірінше, өндіруді 

арт  тыру нарықтың сәйкес реакциясы 

мен ла 


йық 

ты кіріс табатынымызды 

түсін генде ға на мүмкін болады. 

ТҮЙТКІЛ


Демек, бұдан былай көше жиегінде құ-

лап жатқан маскүнемдерді жиі көрсеңіз, 

таңғалмаңыз. Себебі бұрындары оларды 

сәл де болса тәртіпке шақыратын поли ция-

ның мойнынан бүгінде бұл міндет алынып 

тас талды. Ал дәрігерлердің бұл міндетті ат-

қаруға құлқы да, мүмкіндігі де жоқ.

Көшеде  ес-түссіз жатқан қаңғыбас-

тарды кейде полиция, кейде жедел жәр-

дем ауруханаға жеткізеді. Ал аурухана ның 

олар дың бәрін бірдей қабылдауға мүм-

кіндігі шектеулі. Алғашқы медициналық 

жәр 

дем көрсетілген соң, қайта көшеге 



шығарылып жіберілетін үйсіз-күйсіз 

жандар сол сәтте-ақ бұрынғы тіршілігін 

қайта жал ғас тырып, араға уақыт салып, 

қайта орала ды.



Гүлмира ТОЙБАЕВА, 

Медициналық же дел көмек 

ауруханасының  бөлім  меңге ру шісі:

– Мемлекеттік тапсырыс 

бойынша біз бір жылда 1255 

науқасқа көмек көрсетуге тиіспіз. 

Соған орай қаржы, дәрі-дәрмек 

бөлінген. Ал бізге осы жылдың бес 

айында ғана 4454 адам ды әкелді. 

Олардың барлығын жуын ды рып-

шайындырып, алғашқы меди ци-

налық көмек көрсеттік. Қаржы бө-

лін беген деп оларды қабылдамай 

та ста маймыз  ғой.  Негізінде, 

аурухана ға ес-түсінен айырылған, 

аяқ-қолы  ты рыс қан,  жүрегі 

қысылып, тыныс алуы бұзыл ған, екі-

үш күн тоқтаусыз құс қан, жағдайы 

ауыр жандарды қабыл дауымыз 

керек. Басқа жағдай лар да алғашқы 

медициналық жәрдем көр сетіп, екі 

сағаттан соң көшеге шы ға рып 

жіберуге мәжбүрміз.Талап со лай!

Қаңғыбас атанғандардың 

ертеңгі күні не болмақ? 

Алда қыс мезгілі келе жатқанын ескерер 

болсақ, бұл мәселе одан әрі ушығуы ық-

ти мал. Өйткені жылы мезгілде кез келген 

жер ді пана ететін үйсіздер, көпқабатты үй-

лер дің дәлізіне кіріп, тұрғындардың бере-

кесін алатын болады. Олар әртүрлі ауру 

таратуы да мүмкін. Дәліздің тазалығына, 

ба 

лаларының қауіпсіздігіне алаңдаған 



тұрғындар мен қаңғыбастар арасында 

қақтығыс жиілей түсуі мүмкін. Мұндай 

жағдайда тұрғындар полицияға хабарласа 

ма, әлде жедел жәрдем шақыруы керек 

пе? Бұл мәселені кім шешуі тиіс? 

Полиция мен дәрігерлер бір-біріне сіл-

теп, мәселені шешетін орган табылмай қа-

луы да ғажап емес. Айналып келгенде, 

қа ра пайым  халық  зардап  шегеді.

Алматы қаласы ІІД қоғамдық қауіпсіздік 

бө лімінің бастығы, полиция полковнигі Се-

рік Қазыбаев қаладағы әрбір ауданнан 

бұрын жабылып қалған айықтырғыштар 

ор нына үйсіз-күйсіздерге арналған жата-

тын орындар ашуды ұсынады. Оның ай-

туына қарағанда, бұл мәселені бір ғана 

дәрі герлер мен полиция шешуі тиіс емес. 

Ше ше де алмайды. «Мұны қоғам болып 

қол ға алу қажет. Бұл мәселеден мемлекет 

пен әкімдік тыс қалмауы керек», – дейді 

по лиция  өкілі.

Медициналық жедел көмек ауруха на-

сының дәрігері Г. Тойбаева да бұл пікірді 

қол дайды. «Бұл – шешімі табылмай тұр-

ған әлеу меттік проблема. Мұны қоғам 

болып ше шуіміз керек. Кей жағдайда 

мас тар дәрі герлерге құлақ аспай, қызмет-

керлерге қол жұмсап, шу шығарады. 

Мұндай кезде по лиция шақырамыз. Осы 

міндет мойын да рынан алынып тасталса 

да, бұл мәселеге полиция еріксіз ара ла-

сады. Онсыз мәселе шешілмейді. Ал бір-

ақ полиция оларды орналастыратын жер 

тауып бере алмайды ғой. Сондықтан бұл 

мә селеге жан-жақты келу керек сияқты»,– 

дейді.


Расында да, бұл мәселеде жедел шешім 

керек. Өйткені алда қылышын сүйретіп қыс 

келе жатыр. Ал қыстың аязы «айық тырғ ы-

шың бар ма?» деп ешкімнен сұрап жатпай-

ды. Сонда өмірден өз орнын таппаған, тағ-

дырдың қыспағына төтеп бере алмай, 

қаңғыбас атанған жандардың ертеңгі күні 

не болмақ?!

МӘСЕЛЕ

Елік жүзге тарта өсімдік түрін қорек 



етеді екен. Сол себепті еті де талайдың 

таңсық асына айналса керек-ті. Терісінен 

өте қымбат тондар тігіледі, жылылығы өте 

жоғары. 1917 жылы Венгрия астанасы – 

Будапешт қаласында болған көрмеде 

оның мүйізі бас бармақпен бағаланып

алтын медальға ие болған деген дерек 

айтылады. Бейнелеп айтқанда, еліктің 

сымбатын сипаттауға сөз жетпейді дейді 

табиғаттың тынысын зерттеп жүрген 

ғалымдар. 

Аталмыш аң арнайы рұқсат арқылы 

ауланады. Оны кез келген адамның оққа 

байлай беруіне қатаң тыйым салынған. 

Дегенмен бұл заң-зәкүн қатаң сақталып 

отыр деуге келмес. Көзіңді ала бере 

қоршаған ортаға залал тигізуге әуес кейбір 

адамдар оған мылтық көздеп жататыны 

жасырын емес. 

Исатай ӘБДІРАЗАҚОВ, 

Облыстық орман және аңшылық 

шаруашылығы аумақтық 

инспекциясының бөлім бастығы:

– Шиелі ауданындағы «Қарғалы» 

мемлекеттік қорғалымында еліктер 

тіршілік етеді. Оны біздің өңірде тоғай 

бұғысы деп те жатады. Еліктер өзен 

аңғарларында, шөбі бітік, жайылымы 

мол аймақтарды мекен етеді. Бұрын-

ғы кезеңде Қаратаудың етегіндегі 

«Мыңбұлақ» жайлауында, Жент, 

Баршынкент секілді көне шаһарлар 

маңайында болғанын көнекөз 

қариялардан естіген едік. 

Сырдың бойында еліктер неге азайды? 

Оған байланысты айтылатын жормал түр-

ліше. Ілгеріде сыңсыған тоғай өскен, өсім-

діктің сан алуан түрі болған дария бойы 

қазір жалаң күйге түсіп, шөлейтті аймаққа 

айналып барады. Бұл еліктің өрісін тарыл-

тып, саны азайып кетуіне әсер етуі әбден 

мүм кін. Сондай-ақ табиғатты қорғауға де-

ген селқос көзқарас та дария бойындағы 

аталмыш жануардың кемуіне алып келді. 

Ғалымдардың айтуынша, үскірігі бет 

қарыған қыс айларында олардың емін-

еркін жайылуына кедергісін келтіреді. 

Мұн дай уақытта еліктерді қамқор лыққа 

алып, мүмкіндігінше қолдан азықтан-

дыруға жағдай жасағанымыз игі. Деген-

мен бізде осындай қамқорлық жетісе 

бермейді. Саны аз болса да, оларға азық 

болатын жем шөпті беруге немқұрайдылық 

таны тамыз. 

Орманды кесу және егіс алқабының 

артуы да еліктің азаюына болмаса басқа 

жаққа ауып кетуіне әсер етті. Табиғатты 

зерттеушілер осындай жағдайда олардың 

мамыражай тіршілігін бұзды деп те 

жорамал жасайды. Өйткені емін-еркін 

жайылуына өріс тарылып, адамдар көзіне 

түсе бермеуді қалаған жануарлар өзге 

өңірлерге қоныс аударуы ғажап емес. 

Дегенмен басты себеп – адамдардың елікті 

есепсіз аулауы деп қарауға негіз бар. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал