Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



жүктеу 7.72 Kb.

бет5/23
Дата13.09.2017
өлшемі7.72 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Мәңгілік өмір мәселесі де осы шумерлер дәуірінен күн тәртібіне 
қойылған.  Инанна  әйел  құдайдың  жер  астына  түсуіне  байланы-
сты,  жер  бетіндегі  жасыл  желек  солып,  тіршілік  пен  махаббаттың 
тоқтағанын мәлімдейтін аңыз да қызықты. Тағы бір аңызда, өзінің 
балық аулайтын қайығын аударып тастағаны үшін Оңтүстік желінің 
қанатын сындырғандықтан аңыздық кейіпкер Адапа құдайлар соты-
на  шақырылады.  Оны  аяған  Ану  құдай  оған  мәңгілік  өмірдің  суы 
мен нанын береді. Өзінің істеген іс-әрекетіне сай жазаға тартыламын 
деп ойлаған Адапа дәмнен ауыз тиюден бас тартып, ажалды пенде-
лер қатарында қалып қояды. 
Мәңгілік  өмір  тақырыбы  топан  су  басуы  жайлы  аңыздан 
да  көрініс  табады.  Өздерінің  адамдарды  жаратқанына  өкінген 
құдайлар, оларды топан суға батырып, құртуға шешім қабылдайды. 
Бірақ,  су  стихиясы  мен  даналықтың  көрінісі  болған  Энки  құдай 
өзге  құдайлардың  шешімін  адамның  біріне  айтып,  оны  сақтап 
қалуға ұмтылады. Алдын-ала ескерту алған Зиусудра есімді Шумер 
тұрғыны үлкен қайық жасап, барынша қажет нәрселердің бәрін тиеп, 
биік тау басына барған соң, алғыс айту құрбандығын беріп, қатердің 

80
соңын күтеді. Рахымы түскен құдайлар оған мәңгілік өмір сыйлап, 
ажалды адамдар өмір сүретін мекеннен алыс жерге орналастырады. 
Осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған осы аңыз Нұх пайғамбарды 
есімізге салады. 
Шумерлердің Ур қаласында ағылшын археологы Леонард Вули 
жүргізген  қазба  жұмыстары  кезінде  ұзақ  уақытқа  созылған  су 
тасқынының ізі табылған. Бүкіләлемдік топан су тақырыбы осыдан 
бастау алатын шығар деген болжам жасалады. 
Шумер  аңыздарының  ішінде  тарихи  жыр  жанрына  жататын-
дары да бар. Урук қаласының әкімі Гильгамеш – осындай жырдың 
танымал  кейіпкері.  Қысқаша  кіріспеден  басталатын  «Гильгамеш 
туралы аңызда» оның жаужүректігі, асау сезімдерін, соның ішінде 
қыз-қырқынға  құмарлығын  ауыздықтамаған  жан  болғаны  айтыла-
ды. Батырдың өз қаласы тұрғындарына көрсеткен қысымын көтере 
алмаған халық құдайларға шағымданады. Оның соншама қысастығы 
себебін, оған тең келетін біреудің болмауынан деп білген құдайлар 
«жерге  құдай-ана  Арураны  жібереді.  Ол  саз  балшықтан  құдіретті 
Энкудуды  жаратады.  Жалаңаш,  үсті-басын  түк  басқан,  адамдар 
тірлігінен хабары жоқ Энкуду өзі өмір сүрген ортадағы жабайылар-
мен бірге жүреді.
Жаратылысы адамға ұқсамайтын Энкудуды әуелі адам қалпына 
келтіру керек болады. Осы міндет жүктелген Уруктың жеңіл жүрісті 
бір  әйелі  оны  өзіне  еліктіреді.  Адамдармен  қатынасы  арқасында 
Энкудудың  ақыл-парасаты  шыңдалады.  Әйел  махаббатын  сезініп, 
рухани  жан  иесіне  айналады...  Әлгі  әйел  асқан  шыдамдылықпен, 
оған қоғамдық өмір әдептерін, дастарқан басында өзін қалай ұстауды, 
киініп жүруді үйретеді. Адам қалпына келген Энкуду ойына не келсе 
соны істеп, бетімен кеткен қала әкімінің бейбастақ тірлігіне тыйым 
салу үшін, кездесуге дайындалады. Энкудудың келгенін Гильгамеш 
түсінде көріп, оны өзі ұйымдастырған түнгі қызойнаққа шақырады. 
Мұндай бейбастақ тірлік ұнамаған Энкуду түнгі қызойнақ болатын 
үйдің  алдында  тұрып,  оған  Гильгамешті  кіргізбейді.  Осыдан  екі 
алып жекпе-жек арпалысқа түсіп, алғашында Энкуду басымдық та-
нытады. Күрес барысында ашу-ызалары тарқаған батырлар бір-бірін 
құшақтайды.  Айқастан  кейін  екеуінің  арасында  айнымас  достық 
қатынас  орнайды,  тізе  қосып,  болашақта  талай  тамаша  ерліктер  
жасайды. 

81
Көп  ұзамай  Уруктағы  бейпіл  өмір,  ойын-сауық  Энкудудің 
көңілінен  шықпай,  жалықтырады,  дәрменсіз  жанға  айнала  бастай-
ды.  Сонда  Гильгамеш  самырсын  орманды  алыс  елге  барып,  оны 
күзетіп  отырған  Хубабаны  өлтіріп,  самырсын  ағаштарын  кесіп, 
жер  бетінен  зұлымдық  атаулыны  жойғысы  келетін  батыл  жоспа-
рын айтады. Бұрын сол самырсын орманын еркін аралаған Энкуду 
өмірлеріне қауіп төнетінін айтып сақтандырғысы келгенде, Гильга-
меш оның білдірген қорқынышын күлкіге айналдырады. Ол ұзақ та 
сүреңсіз өмірден атақ-даңққа бөленген өмірді артық санайды. Батыр-
лар  Уруктың  ақсақалдарымен  кездесіп,  күн  құдайы,  жиһанкездер 
қорғаушысы  Шамаштың  қолдауына  ие  болады.  Олар  Уруктың 
ұсталарына қару-жарақ соқтырады. Дайындық жұмыстарын бітіріп, 
ұзақ сапарға шыққан достар ертегідей ғажайып самырсын орманына 
келеді. Хубабаны өлтіріп, орман ағаштарын кесіп тастайды.
Ғажайып оқиғалардың бірі екіншісіне жалғасады. Олар Урукқа 
келгесін, махаббат пен ләззат құдайы Иштар келбетті Гильгамешке 
ғашық болады. Батырға көңілі құлаған құдай әйел оның жағдайын 
жасап,  назарын  өзіне  аударуға,  көңілін  табуға  тырысады.  Бірақ, 
Гильгамеш  өзгерген,  бір  кездегі  адуын  мінезді,  өктем  қылықты 
пенде  емес.  Ол  әйел  құдайдың  көптеген  көңілдесінің  бар  екенін, 
олардың ешқайсына адал болмағанын жақсы біледі. Сондықтан әйел 
құдайдың ұсынысын күлкіге айналдырып, ыстық ықыласын қабыл 
алмайды.
Қатты қорланып, налыған Иштар аспан құдайы Анудан жерге 
аспан бұқасын түсіріп, Гильгамешті өлтіруін, оның қаласын қиратуын 
өтінеді.  Басында  Ану  келісім  бермейді.  Иштар  жер  астындағы 
өлілерді көмекке шақыратынын айтып қорқытып, келісімін алады. 
Аспан  бұқасы  Урукқа  түсіп,  айналасындағыларды,  жүздеген 
жауынгерді өлтіреді, қаланы қиратады. Гильгамеш пен Энкуду жа-
былып, бұқамен айқасады. Екі жақтан қыспаққа алған олар ақыры 
бұл  құбыжықты  өлтіріп  тынады.  Қаһармандар  даңқ  тұғырына 
көтеріледі, Урук тұрғындары олардың ерлігін жырға қосады. Бірақ, 
тағдыр қатал, аяусыз. Олардың қуанышы ұзаққа созылмайды. Хуба-
ба мен аспан бұқасын өлтіруге қатысқаны және әйел құдайға жете 
алса, жазалайтынын айтып тіл тигізгені, өлген бұқаның санын оның 
бетіне лақтырып қорлағаны үшін, құдайлар Энкудуды өлім жазасы-
на кесіп үкім шығарады. Тағдыр алдында шарасыз Энкудудің ауруы 

82
он  екі  күнге  созылады.  Ол  он  үшінші  күні  қайғыдан  қапа  болған 
досы Гильгамештің көз алдында өмірмен қоштасады. Осы күннен ба-
стап Гильгамеш санасын «күндердің күнінде мен де Энкудудің кебін 
киемін, ажалдан құтыла алмаймын» деген ауыр ой торлайды. Оны 
жасаған ерліктері де, атақ-даңқ та бұрынғыдай қызықтырмайды. Ол 
енді мәңгілік өмір құпиясын іздеп тапсам деген ойға келеді. 
Гильгамеш бұған дейін бір адамның, Утнапиштимнің мәңгілік 
өмір сүру мүмкіндігіне ие болғанын білетін. Ол топан су дәуіріне дейін 
өмір сүрген, ежелгі гүлденген бес қаласының бірі – Шуруппактың 
адал, данышпан патшасы болған. 
Гильгамеш мәңгілік өмірді еншілеген қаһарман ажалсыздық сы-
рын ашар деп ойлап, Утнапиштимнің қиыр шеттегі мекеніне бармақ 
болады.  Ол  асқар-асқар  тауларды,  шексіз  жазық  далаларды  артқа 
тастап,  адасып,  ұзақ  жол  жүреді.  Жыртқыш  аңдармен  айқасады, 
ашыққан кездері де болады. Алғаш жаратылған мұхитты жүзіп өтеді, 
«Ажал  теңізінен»  де  аман-сау  шығады.  Әбден  шаршап-шалдығып, 
әл-дәрмені  кеткен,  мүскінге  айналып,  кір-қожалақ  денесін  аң 
терілері ғана жауып тұрған Уруктің бір кездегі өркөкірек әміршісі 
Утнапиштимға келеді, одан мәңгілік өмір құпиясын сұрайды. Деген-
мен, Утнапиштимнің жауабы оны қанағаттандырмайды. 
Шуруппак  патшасы  оған  топан  су  жайлы,  оны  жер  бетіндегі 
тіршілік  иелерін  жою  үшін  құдайлардың  жібергенін  айтады. 
Даналық  құдайы  Эаның  ақылына  құлақ  асып,  кеме  жасамағанда, 
өзінің де ажалдан құтыла алмайтынын сөз қылады. «Егер мәңгілік 
өмір  жайына  келсек,  бұл  –  тек  құдайлардың  ғана  еншісіндегі  
нәрсе», – дейді. 
Ал Утнапиштим сияқты, Гильгамешке де мәңгілік өмірді сый-
лайтын  құдай  табыла  ма?..  Сұрақ  жауабын  таппай  торыққан  ол 
Урукке қайтпақ болады. Осы сәтте оның алдынан үміт оты көрінеді. 
Утнапиштимға әйелі түрткі болып, құпия сырды ашады, яғни адам-
ды  жасартатын  шөпті  қайдан  алуға  болатынын  айтады.  Сиқырлы 
шөптің теңіз түбінде өсетінін білген Гильгамеш теңіз тұңғиығына 
сүңгіп,  шөпті  табады.  Мәңгілік  өмір  беретін  шөпті  жемей,  оны 
Урукке  апарып,  отандастарымен  бөлісіп,  оларды  да  мәңгі  өмір 
сүретіндер қатарына қосуды ойлайды. Еліне қайтуға асығады. Де-
генмен,  құдайлар  ұйғарымы  басқа.  Батыр  шомылып  жатқан  кезде, 
солардың  жіберген  жыланы  келіп,  шөпті  ұрлап  алады.  Гильгамеш 

83
сонда  мәңгілік  өмір  құпиясын  иеленген  және  адамға  қысқа  өмір 
үкімін шығарған құдайлардың алдын ала белгілеп қойғанынан, жаз-
мыштан құтылуға болмайтынын түсінеді. 
Азап шеккен, еңбегі еш кеткен қаһарман Урукке қайта оралып, 
қамалмен қоршалған қаладан пана табады» [39]. 
Діни сенімге шумерлер қоғамында үлкен мән берілді, орын алды. 
Жорықта жүрген немесе сауда керуенімен сапарға шыққан адамның 
ғибадатханаға келіп, құдай алдындағы парызын өтеуге мүмкіндігі 
болмайды. Сондықтан Құдай үйінде болатын діни рәсімдерге сондай 
адамдардың арнайы жасалған мүсіндері қатысқаны жайлы деректер 
бар. Құдайға құлшылық жасайтын жерде мүсіні тұруы сол адамның 
болып жатқан іс-шараларға қатысуын білдірген. Солардың бірінен: 
«Иә,  мүсін  жеткізетін  менің  құлшылығыма  әміршім  құлақ  ассын» 
деген  жалбарыну  сөзі  табылған.  Адамды  тазарту  үшін  жасалатын 
рәсім  мүсінге  де  қолданылған:  Құдайға  жалбарынған  соң,  оған  су 
бүркіп,  дерт  пен  кез  келген  кеселден  құтылатын  емдом  жасалған. 
Қайтыс болған соң, мүсіні сол адаммен бірге жерленген. 
Ең қасиетті ырымдар ата-баба рухын қастерлеумен байланы-
сты  болған.  Әдетте,  қорымдарға  бару,  құрбандық  беру,  сөйлесу 
арқылы әруаққа деген дәстүрлі, қасиетті қарым-қатынас жасалған. 
Қайтыс болған адам артта қалған жақындары еске алып, құрмет 
көрсетер  деп  үміттенген.  Тірілер  қайтыс  болғандардың  қиын 
сәттерде  желеп-жебеуін,  жәрдемін  күткен.  Молаға  құрбандық 
әкелген  адам  әруақты  көмекке  шақырады,  әруақтың  түсіне  еніп, 
аян беретін кезін тосады.
Ата-баба  шаңырағы  қастерленді.  Дәстүр  бойынша,  олардың 
тірлікте мекендеген үйін сату – шарасыздықтың ең соңғы белгісі. 
Бақилық  болған  адамның  туыстары  қаланың  барлық 
ғибадатханасына  барып,  құдайлардан  «өлілер  патшалығына  кет-
кен»  жақыны  үшін  жалбарынып,  көмек  сұрайды.  Жерлеу  рәсімі 
үлкен қайғы-қасіретті білдіреді. Өз беттерін өздері жыртып, денеге 
түрлі жарақаттар салынған. Жарақат байырғы «өлген адаммен бірге 
өлу» салтынан туындаған деп болжанады. Қазба жұмыстары өлген 
көсеммен бірге, оның жақсы көретін жануарының қоса жерленгенін, 
мырзасына  деген  сүйіспеншіліктен  сарай  төңірегіндегілер  мен 
қызметшілердің  өлімді  ерікті  түрде  қабылдағанын  көрсетеді. 
Мәйіттің  жерленетін  жеріне  баратындар  шеруі  жоқтау  жырлары, 

84
соғылған  барабандар,  тартылған  музыка  аспабының  азалы  үніне 
ұласқан. 
Қалалары.  Шумерлер  адамзаттың  архаикалық,  байырғы  ке- 
зеңдегі,  демек  алғашқы  қауымдық  құрылыс  дәуіріндегі  мәдени 
жетістіктерінің  мұрагерлері  болды.  Зерттеушілер  сол  тарихи 
дәуірден жеткен, ғылымға белгілі қалалар атауының шумерлік емес 
сөздерден шыққанын, ол елді мекендердің шумерлерге дейін пайда 
болған  атаулар  екенін  көрсетеді.  «Обейд-шумерлік»  мәдениеттің 
қалыптасуына Қосөзеннің оңтүстігінде, өзен жағасын қоныстанған 
тайпалардың жетекші роль атқарғанына сілтеме жасайды. 
Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында өзен құйылысына 
қайдан  екені  белгісіз  аймақтан  келіп  орналасқан  шумерлер  Эреду 
қаласын басып алады. Белгілі бір уақыт шамасында құрлыққа ден-
дей  еніп,  қалалар  тұрғызады  немесе  жаңа  қалаларды  бағындыра 
бастайды.  Мысалы,  аңызда  қайырымды  Энки  құдайдың  тап-таза 
теңіз  суы  астында  Эреду  қаласын,  ғибадатханасын  тұрғызғанын, 
құрлыққа шығарған кезде, қаланың биік тау тәрізді жайнап кеткенін 
жеткізеді. Іргесін тұщы су шайып жатқан қала – Энки құдай меншігі, 
ол – қала мен халықтың қамқоршысы, қорғаны. 
Шумерлер  Қосөзен  өңіріне  тереңдей  қоныстанып,  байырғы 
тұрғындармен  араласып,  жергілікті  мәдени  жетістіктерді 
қабылдайды.  Зерттеушілер  шумерлердің  мәдениеті  сол  жердегі 
халықтың  мәдениетін  жетілдіру  салдарынан  да  пайда  болған  де-
ген  тұжырымды  қолдайды.  Жергілікті  халықпен  араласып,  б.д.д. 
ІІІ  мыңжылдық  шамасында  шумерлер  тарих  сахнасына  шығады, 
мәдениет  ошағына  айналады.  Арнайы  әдебиеттерде  б.д.д.  3000- 
2600  жылдар  аралығында  өмір  сүрген  Урук,  Джемдет-Наср  қала 
ларынан шумерлер мәдениетінің тарихы бастау алатыны көрсетілген.
Деректерде шумер қалаларының басшылары «энси» немесе «лу-
галь» аталған. «Энси», шамамен «құрылыс басшысы», ал «лугаль» – 
«үлкен  адам,  мырза,  патша»  деген  ұғымдарды  берсе  керек.  Жазба 
деректерде қала басшысы «эн» – бас абыз аталып, оның атқаратын 
қызметіне  қала,  сарайлар,  ғибадатхана  құрылыстары,  суармалы 
егіншілік  жүйесін  жасау,  жөндеу  жұмыстары  кіргені,  ал  «лугаль» 
жорық кезінде қол бастаған әскери көсем болғаны айтылады.
Мамандар  шумерлер  иеленген  екінші  қаланы  Урук  деп  бол-
жайды. Ол Эредудің солтүстік-батысында 75 км жерде орналасқан. 

85
Археологтар мәліметі шумерлер мәдениетінің арта түскенін, мемле-
кет құдіретінің қарқынды дамығанын көрсетеді. Осы қала маңынан 
байырғы  заманда  топырақ  үйіліп,  қолдан  жасалған  көтерме  орын 
табылды. Оның үстіне «Ақ ғибадатхана» деп аталған, әктастан Ана 
құдай  ғибадатханасы  тұрғызылған.  Көлемі  айтарлықтай  үлкен  (80 
×  30  м),  сыртқы  түрі  мінсіз  орындалған  құрылыстың  күмбездері 
мен ғибадатхананың басты бөлмесіне алып келетін баспалдақтары 
сәулет өнерінің үлкен жетістігі деп есептеледі. 
Э.  Церен  шумерлердің  басты  қаласы  туралы:  «Урук  –  адамзат 
мәдениеті  тарихының  ең  тамаша  оқиғалары  өткен  қала.  Бұл  жер-
де  адам  алғаш  рет  жазу  өнері  пайда  болғанға  дейінгі  қараңғылық 
ғасырларының  табалдырығынан  жазу  өнері  сәулесін  түсірген  та-
рихи  өмірге  қадам  басты.  Шығыста  тұрмыс  қажеттіліктерінің 
туындысы  болған  бірінші  пиктографиялық  жазу  құжаттарда 
бейнеленді,  оны  оқып-зерттеу  мүмкіндігі  пайда  болды.  Демек, 
өркениетті  әлемнің  түсінігінше,  бірінші  тарихи  дәуір  бастауын 
осыдан алады. Осы уақытқа дейін болғанның, яғни жазбаша түрде 
жазып  қалдырылмағанның,  бейнеленбегеннің  бәрі  –  тарих  емес, 
ол беймәлім, жасырын тарихтың бастауы. Сондықтан нағыз тарих 
өз мәнінде Урукке жүргізілген жер қыртысы қазбасының төртінші 
қабатынан  басталады.  Атап  айтқанда,  сол  жерде  осы  күнге  дейін 
Азиядан табылған құжаттардың ең ескісі жатыр», – дейді [40. 155 б.]. 
Б.д.д. ІV мыңжылдықпен белгіленетін Уруктің төртінші қабатынан 
ежелгі саз кітапшаларға жазылған кестелер табылған. 
Шумерлер мәдениеті дамуының келесі сатысын зерттеушілердің 
басым бөлігі Киш қаласының солтүстік-шығысында (35 шақырым) 
орналасқан Джемдет-Наср (б.д.д. 2800-2600 жж.) қаласының атымен 
байланыстырады.  Осы  жерден  қара,  сары,  қанық  қызыл  өрнектері 
бар  құмыралармен  қоса,  мыс  пен  қалайы  қоспасынан  жасалған 
бұйымдар  табылды.  Бұл  тарихи  дәуірде  қола  ғасырының  өмірге 
енгенін аңғартады.
Осы 
дәуірдегі 
қалалардың 
бір-бірінен 
айтарлықтай 
айырмашылығы  болған  жоқ.  Әрбір  қала  ортасында  жасанды 
көтерме (топырақ үйіндісі) үстінде ғибадатханалар бой көтерді. Олар 
қабырғаларының  құрылымы,  нақышталуы,  біртекті  күмбездері, 
құрбандық  шалатын  орындары  және  т.с.с.  ұқсастықтарымен, 
бір-бірін  қайталап  отырғандай  әсер  қалдыратын.  Материалдық 

86
мәдениеті,  діни  сенімдері,  әлеуметтік  құрылымдары  біртекті  бола 
тұра, қалалар арасында ауызбірлік болмай, бақталастық орын алған. 
Осыдан  Қосөзен  қалалары  дербес,  өзара  жауласушы  мемлекеттер 
ретінде көзге түседі. 
Қосөзен  аңғарында  пайда  болған  қалалардың  басшылары 
үстемдікке  ұмтылды,  билікке  таласты.  Көрші  отырған  қалалар 
бақталастықпен жер, су үшін аяусыз соғысты. Жеңіске жеткен қала 
билеушісі өзін жартылай құдаймын деп жариялады, патша лауазы-
мын алып, өз тұқымын қуалайтын билік орнатты. Егер ол өз билігіне 
бірнеше  қаланы  бағындырса,  «ұлы  патша»,  «патшалардың  патша-
сы» атағын иеленді. Тек соғыс салдарынан ғана билеушілер жоғары 
биліктен айырылатын еді.
Сол  уақыттағы  қала  қорғандарының  сыртқы  жау  шапқын-
шылығына тосқауыл болғанын, көрген жанның зәресін ұшыратындай 
сұсты қабырғаның арғы беті ұрандап шабуылдаған әскерилерге толы 
болғанын шумерлер әдебиеті көрсетеді. 
Ежелгі Шығыс елдерінде теократтық билік жүйесі қалыптасты, 
билік  иесінің  соғыс  күші  мен  саяси  ықпалы  артқан  сайын,  оның 
құдайлық  қасиеттері  де  өсе  түсті.  Бұл  ежелгі  әлем  халықтары 
ешбір  күмән  келтірмеген  өте  тиімді  саяси-әлеуметтік  жүйе  бол-
ды.  Ежелгі  шумерлер,  вавилондықтар,  ассириялықтар  мен  парсы-
лар  өз  патшаларының  мейірбандығына,  жеткілікті  парасаты  мен 
қайырымдылығына сенді. 
Мемлекет тұрақтылығы патшаның құдайлық құқына, құдайдың 
жердегі өкіліне деген сенімнің шынайы мойындалуынан көрініс тап-
ты. Шын мәнінде, шумерлер қоғамының күші ресми билікке шексіз 
мойын ұсынуда болды.
Халықтың құдай мен оның жердегі өкілі – патшаның құқығын 
шынайы мойындауы мемлекетке жоғары дәрежедегі тұрақтылықты 
сақтауға  мүмкіндік  жасады.  Адам  мен  тұлғаның  еркі  қоғамдық 
санаға бағынды, қоғам өмірінің тұрақты дамуын көксегендер қоғам 
игілігі  үшін  өз  сұраныстарын  шектей  білді,  түрлі  табиғат  апат- 
тары – су тасқындары, қуаңшылық, жер сілкіністері адамның өз тай-
паластарынан оқшау, бөлек өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. 
ХVІІ  ғасыр  басында  Италия  саяхатшысы  Пьетро  делла  Валле 
Қосөзеннің оңтүстік аймағында, арабтар Мукаяр атаған төбеде қазба 
жұмыстарын  жүргізеді.  Ол  «Інжілде»  Ур  деп  аталатын  қаланың 

87
төбе астында жатқанын білмей, шумерлердің ірі қалаларының бірін 
іздестіреді.  Шумер  өнерінің  ең  бір  тамаша  ескерткіш  үлгілеріне 
археологтар  осы  төбеге  қазба  жұмыстарын  жүргізгенде  кезігеді. 
Ғалымдар  қаладан  екі  табыт  тауып,  оның  б.д.д.  ІІ  мыңжылдықта 
өмір  сүрген  Ур  патшасы  Мескаламдуга  мен  патшайым  Шубадтың 
мәйіттері  екенін  анықтайды.  Бұл  жерден  әдемі  сәндік  бұйымдар, 
ағаштан жасалған арфа, алтын, күміс, лазуритпен әрленген заттар; 
сақалы  лазуриттен,  басы  алтыннан  жасалған  бұқа;  дойбы  ойнай-
тын  әсем  безендірілген  өте  бағалы  тақта,  қайықтың  күміс  ескегі 
бейнеленген үлгі, құмыралар, қару-жарақтар және т.б. металдардан 
жасалған бұйымдар табылады.
Қаланың  үлкен  бөлігі  зерттеліп,  б.д.д.  ХVІІ  ғасырға  жататын 
Рамсиннің  патшалық  құрған  уақытындағы  көшелері,  алаңдары, 
тұрғын  үйлердің  орындары  аршылып,  олар  қала  тұрғындарының 
өмірі туралы мәліметтер берді. 
Шумер  қала-мемлекеттері  өз  дамуында  үлкен  жетістіктерге 
жетті.  Егер  салыстырар  болсақ,  бұл  кезде  Еуропа  әлі  де  болса  тас 
ғасырында өмір сүретін. Оның жартастағы үңгірлерді мекендейтін 
Суретте: ежелгі Ур зиккураты болжамы [41]

88
тұрғындарының  бейнелеу,  сәулет  өнерлері  туралы  ешқандай 
түсініктері  де  болған  жоқ.  Ал  б.д.д.  2600  жылдар  шамасында  шу-
мер құрылысшылары қыш кесектен жиырма метрлік аркалы (арка – 
бағаналардың үстін басқан доға тәрізді жабын), күмбезді ғимараттар, 
қос қабатты үйлер тұрғызғаны археологиялық қазба жұмыстарынан 
белгілі еді.
Шумерлер  тұрғызған  ғимараттар  ішіндегі  ең  танымалы  –  зик-
кураттар  –  текше-текше  болып,  бірінің  үстіне  бірі  тұрғызылған, 
баспалдақты  үлкен  ғибадатханалар  еді.  Деректерде  олардың  үш 
қабатты  болғаны  және  ең  жоғарғы  қабатының  құдайларға  тұрғын 
жай ретінде арнайы тұрғызылғаны айтылады.
Ур  қаласының  (б.д.д.  ІІІ  мыңжылдық),  Элламның  (б.д.д. 
ІІ  мыңжылдық)  және  Вавилон  зиккураттарының  қиратынды 
қалдықтары  біздің  заманымызға  жетті.  Ур  қаласы  зиккуратының 
өлшемі 65 × 43 және биіктігі 10 метр бірінші қабаты жақсы сақталған. 
Археологиялық  қайта  қалыпқа  келтіруге  болатын  салмағы 
қомақты,  үлкен  тастар  зиккурат  өлшемдерін,  түрін  және  шумер 
ғибадатханаларының  атқаратын  қызметін  анықтауға  мүмкіндік 
береді.  Ур  ғибадатханасы  үш  қабатты.  Оның  тастары  Вавилон 
жерінен  алынған  «таудың  қара  майымен»  қаланған.  Ал  сыртынан 
күйдірілген қыш кесектер қаланып, қапталған. Ұзын баспалдақ саты 
Ур қаласы қастерлеген Ай құдайы, қасиетті Син (Нанну) тұрағына 
алып  барады.  Бүгін  біз  осыдан  ІV  мың  жыл  бұрын  салынған 
ғибадатхананың өлшеміне ғана куә болып қоймай, ғимарат жобасын 
жасаған сәулеткер шеберлігін де мойындауға мәжбүр боламыз. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  француз  археологы  Эрнест 
де Сарзек шумерлердің Лагаш қаласының орнын табады. Табылған 
материалдық мәдениет қалдықтары арасынан өнер туындылары және 
сына жазуымен жазылған мәтіндері бар саз тақталар ерекшеленеді. 
Сына  жазулар.  Жазу  өнерінің  мәдениет  тарихында  алатын 
орнының  үлкендігі  және  онсыз  бүгінгі  өркениет  жетістіктерінің 
мүмкін  еместігі  түсінікті.  Зерттеушілер  жазу  өнерінің  ең  ежелгі  
түрі – сына жазуын ойлап тапқан осы Қосөзен тұрғындары болғанын 
көрсетеді және сына жазуларының пайда болу, жазылу уақыты б.д.д. 
ІV мыңжылдықтың ортасы деп белгіленеді.
Қазіргі  уақытта  Еуропа,  Азия,  Америка  мұражайларында 
250  мыңдай  шумер  жазу  өнері  жәдігері  бар,  соның  тек  аз  ғана 

89
бөлігі зерттелген. Шумерлер тілінде жазылған ұзақ-сонар мәтіннен 
тұратын  алғашқы  мәліметтер  б.д.д.  ХХІV  ғасырға  жатады.  Саз 
кітаптардың  95  пайызы  еңбек  құралдарының  тізімі,  есепке  алу, 
қолхаттар, есеп беру, құрбандық шалу рәсімдері туралы мәліметтер, 
ғибадатхана  мүліктері  және  т.б.  шаруашылық  мазмұнындағы 
мәтіндерді құрайтыны анықталған. Осыдан зерттеуші ғалымдар шу-
мерлер жазу өнерінің экономикалық ерекшеліктерге, шаруашылық 
сұраныстарына сай өмірге келгені жайлы тұжырым жасайды. Демек, 
қоғамда өмір сүрудің жөн-жоралғыларын реттейтін заңдар жинағын, 
экономикалық есептер және шаруашылықты жүргізу тәсілдерін есте 
ұзақ сақтаудың жолдарын қарастыру жазу өнерінің пайда болуына 
алып келді. Ылғал жерге түскен аң-құс іздерінің ұзақ сақталатынын 
адамдардың  көруі,  содан  ой  түюі,  яғни  өмір  тәжірибелері  жазу 
өнерінің  өмірге  келуіне  түрткі  болды.  Археологтар  алғашында 
сазға жазу үшін ұшталған ағаш, кейін металдан жасалған шегелер 
қолданылғанын дәлелдеп көрсетеді. 
Шумерлердің  жазу  өнері  –  
адамзат  тарихындағы  еңбек  құ-
ралдарын  пайдалана  білуден  кейін 
пайда  болған  ең  ғажап  жетістіктің 
бірі.  Алдыңғы  буын,  ата-баба-
лардан  жеткен,  ғасырлар  бойы 
жинақталған  өмірлік  тәжірибені 
жазып, болашаққа жеткізудің жаңа 
жолдарының пайда болуы өркениет 
жолына 
түсуді, 
эволюциялық 
шыңдалуды  жеделдетті.  Алғаш-
қы  қауымдық  құрылыстан  бас-
талған  тарихи  даму  ондаған 
мыңжылдыққа  созылса,  ал  жазу 
өнері  пайда  болғаннан  кейін  адам-
зат қоғамының жеткен жетістіктері 
мен маңызды табыстары мол. 
Абстрактілі ойлау мүмкіндігіне 
ие  болған,  парасатты  адамның 
болашаққа  мәлімет  қалдыруға, 
уақыт пен кеңістік арқылы ақпарат 
Суретте: Ежелгі шумер 
сына жазуы [42]

90
беруге  деген  сұранысын  тастарға  салынған  суреттері  көрсетеді. 
Әрине, шумерлерге дейін, алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде 
тасқа суреттер салынғаны туралы айтуға болады. Сондай-ақ, белгілі 
бір  дерекке  сүйенген  адам,  жазу  өнерінің  алғаш  басқа  бір  елдерде 
пайда  болғаны  туралы  уәж  де  келтірер.  Әлемдік  мәдениет  дамуы, 
жазу  өнерінің  пиктограммадан  идеограммаға,  одан  фонограмма 
бағытында дамығанын көрсетеді. 
Пиктограммада  тасқа  салынған  суреттен  белгілі  бір  түсінік 
(қашып  бара  жатқан  аң,  жүгіріп  келе  жатқан  адам  және  т.б.) 
қалыптасады.  Уақыт  өте  келе  пиктограмма  орнына,  мазмұны 
суреттік бейнеге сәйкес келмейтін идеограмма келеді. Мысалы, енді 
аяқтың суреті тек аяқты ғана білдіріп қоймай, аяқпен байланысты 
қимыл-әрекеттерді де береді. Алғашында сына жазулары кішігірім 
(ұзындығы 4-5 см және ені 2,5-3 см) піскен бауырсақ тәрізді томпиған 
сазға  ойып  жазылса,  кейін  кітапшалар  жалпақ  түрге  ие  болып, 
көлемі де ұлғайған (11 × 10 см). Абстрактілі түсініктерді, әрекеттерді 
бейнелейтін  идеограммалар  белгілі  бір  ой  қорытындысын  қажет 
етеді. Арнайы әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыс адамының 
«жүгіру», «ішу» тәрізді етістіктерді су ішіп жатқан адам немесе жа-
нуар суретін салмай бере алмайтыны айтылады. Зерттеу жұмыстары 
шумер  жазу  өнерінің  аз  уақыт  ішінде  өз  дамуында  бірнеше  са-
тыдан  өтіп,  айтарлықтай  жетілгенін  көрсетеді.  Уруктің  төртінші 
қабатына  жататын  (б.д.д.  2900-2600  жж.)  саз  кітапшаларда  адам, 
оның  дене  бөліктері,  еңбек  құралдары  және  т.б.  бейнеленген.  Бұл 
бейнелер адамдар, жануарлар, өсімдіктер, құрал-жабдықтар туралы 
мәліметтер береді.
Саз  кітаптардың  мазмұнынан  соқаның,  жүк  арбасының, 
қайықтың, әртүрлі қарулар мен тұрмыстық заттардың шумерлерде 
болғанын көреміз. 
Алғашқы  жазу  өнерінде  қолданылған  суреттер  күрделі 
түсініктерді  беруге  тиімсіз  болған,  сондықтан  ол  сөз  дыбыстарын 
беретін  белгілерге  ауыстырылған.  Тарихи  дамудың  бір  кезеңінде 
идеограммалар  фонограммаларға  өтіп,  енді  жұлдыз  белгімен 
белгіленіп, ол «а» деп оқылды. Осылайша, фонетикалық жазу өнері 
өмірге  енеді.  Шумерлер  жазу  өнерін  жүйеге  келтіріп,  оны  біздің 
түсінігіміздегі  жазу  өнеріне  жақындатып  қана  қоймай,  мыңдаған 
жылдарға созылған күрделі өмірлерінде мәдениет жетістіктері мен 

91
жазу өнерін Алдыңғы және Кіші Азия жеріне таратушылар да бол-
ды. Оған мемлекеттер арасында жүргізілген елшілік, сауда-саттық 
қатынастарының үлкен әсер еткені белгілі. 
Археологиялық  жұмыстар  кезінде  шумер  суретшілерінің 
шеберлігін көрсететін көлемі әртүрлі, биіктігі 8 см, диаметрі 5 см ци-
линдр мөрлер табылған. Осындай, ұзындығы 16 см болатын мөрдегі 
бейнелер  өмір,  тіршілік  салттарын,  сенім  нышандарын  білдіреді. 
Ерте пайда болған цилиндр мөрлер мен пиктограмма жазуының бай-
ланысты болғаны күмән тудырмайды. 
Ағылшын  археологтары  Г.  Лэйярд  пен  Х.  Рассама  Лондонға 
қазба жұмыстары жүргізілген жерден Қосөзен елдерінің мәдениеті 
туралы мәліметтерді беретін, мыңдаған жылдар бойы көмулі жатқан 
30 мыңға жуық «қыш кітаптар» жібереді. Осы жазу өнеріне сына жа-
зуы (клинопись) деген атауды 1700 жылы Оксфорд университетінің 
профессоры  Т.  Хайд  берді.  Міне,  осы  сына  жазуларының  сырын 
ашуға ұмтылыс Шумер мәдениетімен танысудың алғышарты болды. 
1616 жылы Шығысқа саяхат жасаған итальяндық Пьетро делла Вал-
ле  сол  кездегі  Парсы  жерін  толық  аралап,  еуропалықтарға  ежелгі 
қала орындары, әсіресе Вавилон мен Персеполь туралы мәліметтерді 
жеткізеді.  Өзінің  туыстары  мен  достарына  1625  жылғы  6  тамызда 
жазған хатында ол арабтардың Мукайяр деп аталатын құм төбесінен 
түсініксіз таңбалары бар саз кесектер тапқанын мәлімдейді. 
Арабтар  шайтандар  мен  жындардың  іздері  деп  түсіндірген 
белгілері бар саз кітапшалар қираған Персеполь мен Вавилон орын-
дарында да болады. Ал Валле болса, мұны құпия жазу өнерінің үлгісі 
дегенге, жазудың солдан оңға қарай оқылу мүмкіндігіне назар ауда-
рады. Күнге кептірілгендей әсер қалдыратын саз кесектердің сырын 
түсіну үшін ол төбені бірнеше жерден қазып, құрылыс негіздерінің 
осы  кесек  өлшемімен  бірдей  қыш  кесектерден  қаланғанына  көз 
жеткізеді. Атап айтқанда, Мукаяр төбесінің астындағы шумерлердің 
ежелгі қаласы Урды басқан құм төбеге күрек салып, сына жазуларын 
ғалымдарға  көрсеткен,  оның  оқылуына,  сырының  ашылуына  жол 
ашқан алғашқы адам Пьетро делла Валле еді. 
Күнделікті өмірде шаруашылықты жүргізу ісі көптеген қызметші 
мен жұмыскердің болуын, нақты жазбаша есеп беруді талап етеді. 
Сондықтан  арнайы  зерттеулерде  жазу  өнерінің  екі  түрлі  бағытта 
жүргізілгені айтылады: біріншісі күнделікті, ағымды тірлікте пай-

92
даланылады.  Бұлар  қарапайым  саздан  жасалды  және  ұзақ  уақыт 
сақталмайды.  Екіншілері  –  ұзақ  сақталатын  саз  кітапшалар.  Олар 
отқа  күйдіріліп,  ғибадатхана  мұрағаттарына  жіберілген.  Міне, 
осындай  алғашқы  саз  кітаптар  б.д.д.  ІV  мыңжылдық  соңы  мен  ІІІ 
мыңжылдық басында пайда болса да, күні кеше ғана жазылғандай 
әсер қалдырады.
Күрделі жазу өнерін үйрету мектептер мен оқытушының болу-
ын талап етті. Осыдан шумерлердің баршаға танымал болған «эдуб-
тар» (сына жазулар үйі) мектебі өмірге келеді. 
Көшірмешілік  білім  отбасында,  әкеден  балаға  мирас  болса  да, 
жазу өнерін игергендердің басым бөлігі мектептерде оқиды. Уақыт 
өте  келе,  Қосөзен  аймағына  орналасқан  барлық  елде  шумерлер 
үлгісінде  пайда  болған  мектептер  мемлекет  пен  ғибадатханалар 
үшін мамандар дайындаған. Білім беру мен мәдениет орталықтарына 
айналған мектеп тәрбиесіне діни білім беретін пәндер кірмей, онда, 
негізінен, шумерлер тілі және әдебиеті оқытылғанын тарихи дәуір 
мәтіндері көрсетеді. 
Оқушылар  емле,  математика,  астрономия,  құқық,  емдеу 
білімдерін алған. Мектеп өмірі білім, кеңес беретін сипатта дамыған. 
Дегенмен,  мұнда  оқушы  мен  оқытушыға  қатысты  мысқыл,  әжуа 
да  кездеседі.  Мысалы,  «Бұзақы  ұл  туралы»  атты  шығармада  әкесі 
жалқау ұлын көше кезіп сенделмей, жақсы оқушылардан үлгі алуға, 
ынта  қойып  білім  алуға  үгіттейді.  Нашар  үлгерімі  үшін  мектепте 
жиі  жазаға  тартылған  баланың  өтініші  бойынша  әкесі  мұғалімді 
көңілдендіру  мақсатында  қонаққа  шақырады.  Құрметті  орынға 
отырғызып, бар дәмді тағамын қояды және бағалы сыйлық береді. 
Осыдан  кейін  оқытушы  баланы  қабілетті,  ынталы  оқушы  ретінде 
мақтай бастайды.
Қала  орындарына  қазба  жұмыстарының  жүргізілуі  және 
шумерлердің жазба деректері сырының ашылуы олардың өркениет 
дамуының  алғашқы  сатысында  тұрған,  мәдениеті  дамыған  халық 
болғанын  көрсетті.  Шумерлер  тарих  сахнасынан  кеткенімен, 
олардың мәдениет саласындағы қол жеткізген табыстары ізсіз қалған 
жоқ. Мысалы, шумер жазу өнерін, шумер тілін оны жаулап алушы 
ассириялықтар  мен  вавилондықтар  қабылдады.  Д.  Веллард  шумер 
тілі Вавилонда барлық мақсатта қолданылғандықтан, оның құқық, 
дін және халықаралық қатынастар тілі болғанынан дерек береді [43].

93
Сыры ашылған сына жазулар – «саз кітаптардың» бірінде: «Кім 
де кім осы саз кітаптарды алып кетер болса, соған Ашшур мен Бел-
лит  кәрін  төксін.  Оның  өзінің  және  мұрагерлерінің  аты  бұл  елде 
ұмытылсын», – деген, тарихи дәуірдің өктем сөзі жазылған. Әрине, 
Ассирия  патшасы  Ашшурбанипалдың  қатал  ескертпесі  О.  Тихсен, 
Ф.  Мюнтер,  Г.  Гротофенд,  Г.  Роулинсон  сияқты  зерттеушілерді 
сескендірді  деп  айта  алмаймыз.  Біз  бұл  адамдардың  сына  жазу-
лар  сырын  ашқанын,  саз  кітапшалардың  даналық  мазмұнымен 
таныстырғанын  мойындаймыз.  Жазылуы  мен  оқылуы  өте  күрделі 
бұл  деректер  сол  тарихи  дәуір  тұлғаларына  да  үлкен  қиындықтар 
туғызған. Өзінің осы жазу өнерін игергенін және оқи да алатынын 
мақтаныш  қылған  Ашшурбанипал  патша:  «Мен,  Ашшурбанипал 
патша, Набудың (Набу – ғылым мен жазу құдайы) даналығына қол 
жеткіздім. Барлық шебердің білімін, көшірмешілердің күллі өнерін, 
олар  қанша  болса  да,  игердім...  Жазу  өнерінің  құпия  сырларын 
білдім», – дейді.
Мәдениет  жетістіктеріне  қол  жеткізген  Қосөзеннің  ежелгі 
тұрғындары – шумерлер жазу өнерін игеру үшін қандай зат қолайлы, 
нені қолдану керектігі жайлы бұрыннан ізденген. «Саз кітапшалар» 
таңдаудың  сазға  түскенін  көрсетеді.  Зерттеушілер  ғасырлар 
бойы  сақталған  саз  кітаптардың  жасалу  технологиясын  былайша 
көрсетеді: өзен жағалауынан алынған сазды суға салып жібітіп, ері-
теді; оған араласқан әртүрлі қоқыстар су бетіне қалқып шығып, та-
стар су түбінде қалады; тас пен қоқыстан тазартылған саз су түбіне 
шөккен  соң,  суын  төгеді;  сосын  тұнған  таза  сазды  кептіріп,  жазу 
үшін пайдаланатын болған.
Шумерлердің  кім  екені,  Қосөзен  аралығына  қайдан  келіп 
қоныстанғаны  белгісіз  болса  да,  қалдырған  жазба  деректерінде 
олардың  қандай  өмір  салтын  ұстанғаны,  сенім  нысандары,  билік 
жүйесі жайлы мәліметтер жеткілікті.
Қосөзен мәдениеті деректерінің сырын ашу оңайға түспейді, 
зерттеу жұмыстары ұзаққа созылады. Жазу өнерінің бір таңбасы 
бір  буынды  және  тұтас  сөзді  ғана  білдіріп  қоймай,  сол  таңба 
бірнеше буын мен бірнеше сөзді де берген. Мысал үшін, «р» ды-
бысы бар буын дауысты дыбыспен байланысуына орай (ра, ар, ри, 
ру, ур деп), түрлі таңбамен беріледі. Дауыссыз дыбыстар тек буын 
құрамында көрінсе, ал дауысты дыбыстар жеке, дара таңба ретінде 

94
де тұрады. Оқылудың осы «екі жақтылығын» Набукудурриуцир 
(Навуходоносор) патша атын білдіретін сына жазулары тобынан 
көруге болады. Жеке белгілерді оқығанда шығатын дыбысқа сай, 
оның ан-па-ша-ду-шеш деп оқылуы керектігін арнайы әдебиеттер 
көрсетеді [44].
ХІХ  ғасырдың  ортасына  қарай  тіл  білімі  үлкен  жетістіктерге 
жетіп,  ежелгі  тілдердің  құрылымын  зерттеген  лингвистердің 
тәжірибесі  артады.  Айтыс-тартыстар  сына  жазуларының  үшінші  
түрі – аккад тілінде жазылған деректер, оның пайда болуы және тіл- 
дік сипаты төңірегінде жалғасады. Зерттеушілерді сына жазуының 
өте  көнелігі  және  көптеген  ғасырға  созылған  ғұмырында  қандай 
өзгерістерге ұшырағаны толғандырады. Осылайша, ХІХ ғасыр орта-
сында ассириология ғылымы пайда болды. Осыдан ежелгі дәуірдегі 
семит  халықтары  (вавилондар,  ассириялықтар)  пайдаланған  жазу 
өнерінің басқа бір, шығу тегі семиттік емес халықтан алынғаны жай-
лы  болжам  өзінен-өзі  туындайды.  Кейін  зерттеушілер  тарапынан 
қолдау  тапқан  мұндай  қортындыға  Эдвард  Хинкс  «Хорсабадтағы 
жазулар туралы» еңбегінде келеді.
Жазу өнерінің сыры ашылғаннан кейін ғана адамзат ежелгі Шу-
мер мәдениеті туралы деректерге ие болды. Мәдениет жетістіктері, 
қираған  сарайлар  мен  діни  ғибадатханалар,  қала  орындары  ұзақ 
жылдар  бойы  төбе-төбе  болып,  топырақ  астында  көміліп  жатты. 
Керемет  тарихи  жетістіктерді  ішіне  бүккен  Мукаяр,  әл-Ухаймир, 
Варка  және  т.б.  төбелер  шығыстанушы  зерттеушілер  үшін  тап-
тырмас  құндылықтар  көзіне  айналды.  Міне,  осы  төбелер  астында 
сақталған  шумер  әдебиеті,  эпостар  сыры  алғашында  ғалымдарға, 
кейінірек жалпы жұртшылыққа мәлім болды. Бұрын тек еврейлер-
ге тиесілі деп қарастырылып келген рухани құндылықтардың «Ескі 
өсиетке» негіз болғаны айғақталды. Археологтар ежелгі мәдениетті 
қалыптастырған тұрғындардың күнделікті өмірі, тіршілігі, рухани 
құндылықтары, қуанышы мен қайғылы сәттері, бос уақытты қалай 
өткізгендері жайлы дерек беретін құнды мәліметтер тапты. 
Қосөзен аймағында қалыптасқан мәдениеттердің шумерлерден 
қабылдаған мұралары: қыш құмыра, дөңгелек, соқа тісі, қыш ке-
сек өндіру, сәулет өнері мен металл құю, суландыру жүйелерін жа-
сау, есептің ондық жүйесі, ай күнтізбесі, сағат шеңбері, шеңбердің  
360 градусқа бөлінетіні, жазу өнері, билік жүйесі, құқық, мұрағат 

95
ісі,  математика,  астрология,  әдебиет,  білім  берудің  мектептік 
жүйесі және т.б. болды. Міне, осы келтірілген әрбір құнды мәдениет 
жетістігі  өзгелердің  өркениет  жолына  түсуіне  ықпалын  тигізгені 
даусыз. 
Қосөзен  мәдениеті  христиан  дінінің  негізін  қалаушыларға 
да  үлкен  әсерін  тигізді.  Христиандық  пен  оның  қасиетті  кітабы  – 
Інжілдің  аспаннан  түскендігі,  адамға  берілгендігі,  яғни  құдайлық 
табиғаты  дін  тарихында  дәлелденіп,  дәріптеледі.  Алайда,  ежелгі 
Қосөзен  мәдениеті  жазба  деректерінің  сыры  ашылған  соң,  Інжіл 
мазмұнында  шумер  аңыздарының  бары  белгілі  болды.  Інжілдің 
аспаннан  ешқашан  түспегендігі,  яғни  құпия,  ғажайып  қасиетінің 
жоқтығы, оның кәдімгі «күнәһар жерде», «лас жерде» адамзат ойы 
жетістігінің көрінісі ретінде пайда болғаны анықталды. 
Алдыңғы қатарлы, дамыған, бай елдерге қызыға көз тігушілердің 
көп болатыны белгілі. Сирия даласындағы аморейлер мен ирандық 
эламит  тайпалары  ежелгі  Шумер  мәдениетінің  басты  жаулары 
болды.  Міне,  осы  тайпалар  ақыры  шумерлерді  тарих  сахнасынан 
кетіріп  тынды.  Әрине,  Шумердің  сыртқы  ел  шапқыншылығына 
қарсылық көрсеткені түсінікті. Деректер азаттық үшін жүргізілген 
күреске Урук, Ур қалалары билеушілерінің басшылық жасағанын 
көрсетеді.  Нәтижесінде,  б.д.д.  2112  жылдар  шамасында  теңдікке 
қол  жеткізіліп,  ол  б.д.д.  1997  жылдарға  дейін  созылады.  Жеңіске 
жеткен аморейлер Вавилон мемлекетінің негізін қалайды. Осыдан 
кейін шумерлердің қайтадан ел болу мүмкіндігі жойылады да, тек 
олар жайлы түрлі мәліметтер ғана қалады. Бізге жеткен деректер 
шумерлердің  вавилондықтармен,  аморейлермен,  аккадтықтармен 
сіңісіп,  араласып,  бір  халыққа  айналғаны  туралы  ой  түйіндеуге 
итермелейді.
Жаулап  алушылардың  қашан  да  адами  қызметтің  барлық  түрі 
бойынша  өздерінен  әлдеқайда  артық  тұрған  елдермен  кезігетіні 
тарихтан  мәлім.  Аккад  жаулап  алушылары  шумер  мәдениетінің 
жетістіктерін – жазу өнерін, заңдар жинағын, құрылыс технологи-
ясын, егін шаруашылығын және саяси-әлеуметтік құрылымын ғана 
емес, тілін де қабылдап, солардың мәдениетін жалғастырды.
Қосөзеннің  оңтүстігіндегі  ежелгі  мәдени  мұраларды, 
әдетте,  Вавилондікі  деп  атайды.  Дегенмен,  мұнда  Вавилон  ба-
сын  біріктірген  шумер-аккад  елдерінің  де  өнер  туындылары  бар 

96
екені  даусыз.  Өйткені,  Вавилон  шумер-аккад  мәдениетінің  тікелей 
жалғастырушысы  болғанын  дәлелдейтін  арнайы  әдебиеттер 
жеткілікті. Ежелгі дәуірлерден жеткен бұйымдар бір-бірінен ажыра-
тылып, қолөнер жетістіктеріне талдау жасалады. Сыртқы пішін, жа-
салу тәсілдері, өрнектеу, нақыштау және т.б. мәліметтерге сүйеніп, 
жеке мәдениеттер дамуындағы бірізділік анықталады. Пайда болған 
өзгерістер  уақытына,  өзара  тәуелділік  сипатына  қарап,  түйіскен, 
тоғысқан  екі  мәдениеттің  қайсысының  жеңіске  жеткені  туралы 
мәлімет алынады.
Зерттеу  жұмыстарында  б.д.д.  2000  жылдар  шамасы  шумерлер 
қоғамының соңғы өмір сүрген кезі деп аталады. Б.д.д. 1900 жылдар 
шамасында сауда және күнделікті істерде аккад тілі шумерлер тілін 
қолданыстан ығыстырып шығара бастайды. Жүргізілген реформаның 
соңы  шумерлер  құдайының 
ежелгі Вавилон құдайы Мардук-
пен ауыстырылуына ұласады. 
Шумерлерден жеткен жазба 
жәдігерге  назар  аударсақ,  онда 
ол  аты  аңызға  айналған  патша 
Шуруппактың атымен байланы-
сты. Ол «Патшалар тізімінің» бір 
нұсқасында  Убартутудың  бала-
сы  және  Зиусудра  әкесі  ретінде 
беріледі.  Арнайы  әдебиеттерде 
Шуруппак  «Ғибраттар»  атты 
шығармасымен  танымал  деп 
көрсетіледі.  Осы  ежелгі  сына 
жазуының  мәтіні  Абу-Сала-
бих  (Ирак)  қалашығына  қазба 
жұмыстары  жүргізілген  кез-
де  табылған.  Жазудың  пайда 
болған уақыты б.д.д. 2600 жыл-
дар шамасына жатады. «Шуруп-
пак ғибраттарынан» үзінділер: 
*  Баяғы,  баяғы  күндерде, 
бұрынғы,  бұрынғы  заманда, 
ежелгі,  ежелгі  түндерде,  өте 
Суретте: Шуруппак ғибраттары. 
Сына жазу [45]

97
көне дәуірлерде, ойлы да айлакер, сөз тапқыш, сөздің мәнін білетін 
бір данышпан, Шумер тұрғыны Убартутудың ұлы Шуруппак, өзінің 
баласы Зиусудраға өсиет айтыпты:
* Ұлым менің, саған кеңес бергім келеді. Зиусудра, менің сөзіме 
құлақ сал, бар ниетіңмен тыңдап ал. Берген кеңесімді елемей қойма. 
Айтқан сөзімді екі етпе. Әкелер өсиетінің киесі бар, оларды тыңда, 
құлақ  қой.  Дауысы  зор  есек  сатып  алма  –  дауысы  миыңды  теседі. 
Жол  жиегіне  егін  салма  –  жұрт  таптап  тастайды.  Есек  сүрлеуінің 
бойына егін екпе – құртады. Жазық жерден құдық қазба – су басып 
кетеді. Көшеге жұрттан асырып үй тұрғызба, ел қатарлы бол.
*  Кепілдік  етпе,  сонда  тәуелді  болмайсың.  Иә,  ешкімге  де 
кепілдік етпе – кім кепіл болса, сол ақымақ. Және куәгер де болма –  
сол адам туралы оның отандастары айтсын. Дауласып жатқан жерге 
барма, сонда дауға куәгер болмайсың. Даудың өзінен-өзі басылғаны 
дұрыс. Өзің дау шығарма. 
* Дау от сияқты – өзінен-өзі тұтанбайды. Даудан қаш, одан басқа 
жолды  білме.  Ұрлама,  өзіңді  құртасың.  Үйге  баса-көктеп  кірме, 
өзгенің елеуішіне көз салма. Ұры деген – арыстан, ал қолға түссе –  
құл.  Ұлым  менің,  ешкімді  өлтірме!  Өзің  балта  көтерме!  Күйеуге 
шыққан жас келіншекпен қылжақтаспа, өсек сөзге ілігесің. О, балам 
менің, күйеуге шыққан жас келіншекпен оңаша отырма...
* Даудың тууына себепші болып, өз беделіңді түсірме. Жалған 
сөйлеме,  бастан  мойынды  ажырата  біл.  Сөзді  бұзба,  сөзің  –  сенің 
іргетасың.  Сөзіңді  қайтып  алма,  өзіңе  ашулы  көзбен  қаратпа. 
Ұрланғанға  қызықпа,  қолыңды  былғама,  көп  пайда  таппайсың. 
Жалған сөйлеме – кейін торға түскендей сөзіңнен ұсталасың. 
* Өрісте бөтен қойды қуалама. Бұқаны қолайсыз жерді жыртуға 
мәжбүрлеме.  Мақсатың  сенімді  болса,  жолың  да  сенімді.  Қара 
ниетті жолға түспе, оның жақсылығы да – жаман. Даланың есегін 
сатып  алма,  айдаушылар  оның  екі  жағында  жүгіруге  мәжбүр  бо-
лады.  Күңді  қойныңа  алма,  дандайсып  кетеді.  Қатты  ашуланғанда 
ешкімді  қарғама,  қарғысың  өзіңе  қайтып  келеді.  Суды  қолыңмен 
ұстауға ұмтылма, әлің құриды. Нені күшпен лақтырсаң, соны саған 
да лақтырады. Қарыз алғанды қуа берме, жау табасың. 
* Батыр – жалғыз, адамдар ортасында да жалғыз. Күн – жалғыз, 
адамдар ортасында да жалғыз. Батырмен қатар тұру, сол еншің бол-
сын! Күнмен қатар тұру, сол еншің болсын. 

98
* Шағын қала патшаға өгіз береді. Үлкен қала үйлер тұрғызады, 
арықтар қазады. 
*  Кім  үйлерді  қиратса,  соны  үй  басып  қалады.  Кім  халыққа 
қарсы тұрса, халық та соған қарсы болады. Кім алып бұқаны мой- 
нына  салып  алса,  сол  өзеннен  жүзіп  өте  алмайды.  Егер  сен  өз 
қалаңның  мықтыларына  қосылсаң,  балам  менің,  жоғарыға  көте- 
рілерің сөзсіз. 
* Батырлық пен ұстамдылық – ел қорғаудың мәні. Батырлыққа 
басыңды иесің. Билігі барға бағынасың. Балам менің, сонда зұлым 
адамның алдында да өзіңді ұстай аласың. 
* Өз анаң мен сақтаушы құдайыңның сөзін тәрк етпе.
* Ана – күн құдайы Уту сияқты, ол адамды өмірге әкеледі. Әке – 
құдай сияқты, ол жарық береді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал