Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



жүктеу 7.72 Kb.

бет1/23
Дата13.09.2017
өлшемі7.72 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАЛАС  ЖАМАЛОВ
ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ 
ІЗДЕРІ: 
ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС 
Сөздік-Словарь
Алматы, 2015

ӘОЖ 930.85
КБЖ 71. 05
Ж 24
ӘОЖ 930.85
КБЖ 71. 05
ISBN 978-601-7809-00-3
© Жамалов Қ., 2015
© «Сөздік-Словарь», 2015
Белгілі географиялық аймақта пайда болған, әлемдік өркениеттер дамуының 
алғы  шебінде,  ізашар  ретінде  кейінгіге  өшпес  мұра,  үлгі  қалдырған  Шығыс 
елдерінің аңызбен астасқан материалдық игіліктерді өндіру, жасау жолдары мен 
діни,  адами  ұстанымдары,  рухани  құндылықтары  кітапқа  арқау  болды.  Өзара 
ықпалдасқан  мәдениет  жетістіктері  арнайы  әдебиеттер,  археологиялық  қазба 
жұмыстары, жан-жақты, кең көлемді зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Кітап ежелгі 
Шығыс  елдерінің,  соның  ішінде  көшпенді  өмір  салтын  ұстанған  халықтардың 
да  өзіндік  ерекшеліктерімен  дамыған  мәдениеті  жетістіктеріне  қызығушылық 
білдіретін оқырман қауымға арналған.
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді.
ISBN 978-601-7809-00-3
Әлемдік  өркениет  іздері:  Ежелгі  Шығыс/Қалас  Жамалов.  –  
Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 360 бет.
Ж 24
Жамалов Қ.

3
АЛҒЫ СӨЗ
Мазмұны,  мәні  грек-римдік  антикалық  кезеңді  меңзеген 
«Ежелгі»  немесе  «Көне»  уақыт  түсінігі  Қайта  Жаңғыру  кезеңінде 
қолданысқа енді. Осы мәдениеттің негізін қалаушылар өздері өмір 
сүрген  уақытты  «Ежелгі»  дәуірдің  қайта  түлеуі,  жаңаруы  ретінде 
қарастырды.  Христиандықтың  пайда  болуы  немесе  варварлар 
шапқыншылығы нәтижесінде Рим империясының құлауы (б.д.V ғ.) 
еуропалық санада «Ежелгі дәуірдің соңы» деп пайымдалады. Осы-
дан кітапқа Еуропа халқы ежелгі деп есептейтін антика мәдениетінен 
бұрын  өмір  сүрген,  байырғы  Шығыс  өркениеттерінің  адамзат 
қауымының дамуына тигізген ықпалы арқау болады.
Шығыс  елдерінің  шынайы  зерттелуі  Пекинде  өмір  сүрген 
иезуиттердің еуропалықтарды Конфуций ілімдерімен, таң қаларлық 
«қытайдың салтанатты рәсімдерімен» таныстырған ХVІІІ ғасырдан 
басталды. 
Отарлау  саясатының  етек  алуымен  Шығыс  елдеріне  қызы- 
ғушылық арта түседі. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың ба-
сында  Наполеонның  Мысырға  жорығы  нағыз  ғылыми  экспедиция 
ретінде ерекше дайындықпен жүргізіліп, әскермен бірге іссапарларға 
арнайы жіберілген суретшілер ескі бедерлерді, сыры беймәлім иеро-
глиф, таңбаларды көшіреді. Тарихи дәуірде Мысыр өнерінің болмы-
сы, әуені, сазы жалпыеуропалық үлгілерге айналады. Мұражайлар 
өз коллекциясында ежелгі Мысыр жәдігерлері болғанын мақтаныш 
тұтады. Зерттеушілер осы орайда Францияның Лувр, Италияның Ту-
рин мұражайлары жинағын ең бай деп айтуға болатынын көрсетеді.
ХХ  ғасыр  басында  француз  экспедициясы  Элам  астанасы  Суз 
қаласында  (Оңтүстік-Батыс  Иран)  жүргізген  қазба  жұмыстары 
кезінде қара базальт (жанар таудан шыққан тау жынысы) бағанаға 
ойып жазылған, б.д.д. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Вавилон патшасы 
Хаммурапи заңдарын тапты. Інжілде айтылатын Моисей заңдары- 

4
нан да ескі Хаммурапи заңдарының ежелгі Шығыстағы ең жетілген 
құжат болғаны анықталды.
 Зерттеу жұмыстарының қарқыны артқан сайын, ежелгі Шығыс 
мәдениетінің  ғасырлар  қойнауына  сіңген  тамыры  тереңдеп,  б.д.д.  
І  мыңжылдыққа  жататын  жаңа  Ассирия  сарайларының  орындары 
аршылады.  Қосөзен  аңғарындағы  (Тигр  мен  Евфрат  өзендері  ара-
сы) ежелгі мекендер орнын зерттеу нәтижесінде археологтар Шумер 
мәдениеті  туралы  деректерге  кезігеді.  Леонард  Вулли  (1880-1960) 
Ур қаласындағы шумерлер қабірінен б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың ла-
зуриттен  жасалған  керемет  зергерлік  өнер  ескерткішін:  жорық, 
той  салтанаты  көрсетілген  «штандартты»  (ескіше  штандарт  –  жа-
лау) және сақалы бар бұқаның басы түрінде бейнеленген алтынмен 
безендірілген арфаны табады. 
Солтүстік-Батыс Үнді жерінен ірі Хараппа және Мохенджо-Да-
ро қалаларының орындары аршылады. Зерттеу жұмыстары олардың 
көнелігі,  ежелгілігі  жағынан  Ур  қабірлерімен  және  Мысыр  пира-
мидаларымен  қатар  тұратынын  көрсетеді.  Әсіресе,  археологтарды 
қыш кесектен тұрғызылған үйлердің жоғары дәрежеде жабдықталу 
деңгейі және қолданыстан шыққан лас су мен нәжісті қала сырты-
на  шығаратын  құбырлардың,  жетілген  кәріз  жүйесінің  болғаны 
таңдандырады.
Сондай-ақ,  Солтүстік  Қытайдың  Аньян  қаласы  төңірегінде 
жүргізілген  қазба  жұмыстары  Хуанхэ  өзенінің  бойында  Шан-
Инь  мемлекетінің  болғаны,  ежелгі  Қытай  мәдениетінің  б.д.д. 
ІІ  мыңжылдықтың  екінші  жартысында  өмір  сүргені  жайында 
мәліметтер береді.
Адамзат  тарихы  бастауының  өте  тереңге  кететінін  алғашқы 
қауымдық құрылыстан соң өмірге енген мәдениет, меншік сипатының 
өзгеруі,  көпшілікке  танымал  билік  жүйелерінің  қалыптасуы 
көрсетеді.  Осы  кезде  адам  санасы  мен  әлеуметтік  қатынастардың 
түпкілікті өзгергенін айғақтап, дүниеге жазу өнері енеді... 
...Кітапта  келтірілетін  ежелгі  Шығыс  жазба  деректерінің, 
мәліметтерінің  мазмұны  бізге  де  жат  емес.  Ол  рухани 
құндылықтарымыздың ортақтығын көрсетеді. Батыс ойшылдары өз 
рухани қазынасын сақтаған Шығыстың оянып келе жатқанын, бұл 
елдердің болашақта өркениет үлгісіне айналуы мүмкіндігін мойын-
дайды. Осы дамуға, жетістіктерге зер салады, қадағалап зерттейді. 

5
Қашаннан  өзіндік  келбеті  бар,  дініне  берік  Шығыс  елдерінің 
жетістіктерін білу, олармен жақын араласу мәңгүрттіктен құтылудың 
жолы боларына күмән болмас.
Рухани мұралар өмір тұтқасына айналса, шығыстық құндылықтар 
бізде жеткілікті. Қазақ халқы кешегі кеңес империясының зорлық-
зомбылығы, аштығы мен кемсітулерінің неше атасын көрсе де, «Жа-
ным арымның садағасы» деген ұстанымынан айрылған емес. «Қой 
үстіне  боз  торғай  жұмыртқалаған»  жайлы  заманды  аңсап  қоймай, 
оның жолында малын да, жанын да пида еткен бабалар рухы бойы-
мызда әлі бар. Одан күдерімізді ешқашан үзбек емеспіз. Рухы асқақ 
көшпенді  бабалары  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  құрғанына  
550 жыл толған Қазақ елінің асқаралы болашағына деген сенім нық...
Кітаптан шығыстық ұстаным, әлеуметтік болмыс туралы түп- 
нұсқалық  мәліметтерді,  мамандардың  зерттеу  жұмыстарын  табуға 
болады.  Ежелгі  мәтін  түпнұсқасына  барынша  жақын  болу  үшін, 
аудармаларда  оның  өзіндік  ерекшелігі,  тіл  оралымдарын  сақтау 
мақсат етілді. Сондықтан оқырман кейбір төл сөз ретінде берілетін 
түпнұсқалық  мәтіндер  аудармасына  түсіністікпен  қарар  деп  үміт- 
тенеміз.  Деректерде  хронологиялық  даталардың  болжаммен  алы-
нуына орай, зерттеушілер еңбектерінде әртүрлі көрсетілетіне және 
құдайлар аттарының да өзгеріп отыратынына назар аудару керек. 
Автор

6
ЕЖЕЛГІ МЫСЫР
Ежелгі Мысыр қоғамы жан-жағын сұрқай шөл басқан, ені үш 
шақырымнан жиырма шақырымға дейін жететін Ніл өзенінің жа-
сыл  желек  жамылған  аңғарында  қалыптасқан.  Жерорта  теңізіне 
құяр  жерінде  тармақталып  кететін  өзен  мыңдаған  жылдар  бойы 
сумен араласып келген тропикалық өсімдік қалдықтары, ығынды 
көкөніс тоспаларымен теңіз атырауын толтырады. Олар даладағы 
табиғи  тыңайтқышқа  айналып,  егін  өніміне  әсерін  тигізіп, 
тіршілікке қолайлы «жасанды» мекенді өмірге әкеледі. Міне, осы-
дан  да  болар,  ежелгі  грек  тарихшысы  Геродот  Мысырды  «Нілдің 
сыйы» деп атайды.
Ежелгі  мысырлықтар  Ніл  өзенін  жағалай  созылған  екі  тау 
тізбегінің ортасында орналасқан өз елін Та-Кемет – «Қара Жер» деп 
атаған. Осы жерге келген өзге ел адамдарының: «неге Қара Жер?» 
деген  сұрағына,  «Қара  –  құнарлы  жер,  ал  «Қызыл  Жер»  –  аңызақ 
жел,  ыстық  аптап  соққан  таулы  қыраттардың  екінші  жағы.  Шөл  
дала – ажал ұрығын сепкен зұлым Сеттің патшалығы. Өмір «Қара 
Жерде», жасыл желек жамылған аймақта», – деп үлкен ыждаһатпен 
жауап берілген. 
Өзен құдайы қайырымды Хапи – беліне балықшы алжапқышын 
байлаған ересек ер адам, Нілдің қожасы, су тасқынының әміршісі. 
Ол әрбір жыл сайын өзен суын кең далаға жайылуға мәжбүр етеді; су 
қайтқан кезде егіс алқабында құнарлы қалың шөгінді қалады. Осы 
Та-Кемет жерін жанды қара түске батырады... [1. 26-б.]. 
Ніл өзенінің аңғары бірде суы тасып, ернеуінен асқанда шалғынды, 
шұрайлы  жерге,  енді  бірде  су  деңгейі  көтерілмей,  күн  күйдірген 
жансыз,  сағым  ойнаған  маң  далаға  айналады.  Егін  шаруашылығы 
болмаған  бастапқы  кезде  өзен  бойында  мал  шаруашылығымен 
айналысқан көшпенді тайпалардың өмір сүргені жайлы деректер бар. 
Археологиялық  қазба  жұмыстары  ежелгі  Мысыр  қоғамының, 
мәдениетінің  қалыптаса  бастауы  –  энеолитке,  тас-мыс  дәуіріне 
сәйкес  келетінін  көрсетеді.  Осы  кезде  өзен  бойы  құнарлы,  егін 
шаруашылығына тиімді, халық тығыз қоныстанған қасиетті мекен 
болған. 
Б.д.д.  V-ІV  мыңжылдықтар  шамасында  осы  өзен  аңғарына 
белгісіз  бір  халық  келіп  қоныстанған.  Зерттеушілер  еңбектерінде 

7
бұлар, азиялық семит тайпасының бір бөлігі болуы мүмкін деген жо-
рамал жасалады. Табиғат тануда, оны игеруде үлкен жетістікке жет-
кен осы адамдар құрғақшылықтан сақтану жолдарын қарастырып, 
жасанды  суландыру  жүйелерін  жасайды,  жетілдіреді.  Тасыған 
өзен  суын  тоқтату  жұмыстарымен  айналысады,  суы  мол  жерден 
егіншілікке  қолайлы  басқа  өңірлерге  арықтар  тартылады.  Жер 
өңделіп,  су  бөгейтін  жасанды  тоғандар  салынады,  құрылыстар 
тұрғызылады. 
Тарихшы  Д.И.  Иловайский  өзінің  «Древняя  история.  Средние 
века. Новая история» кітабында осы ел тұрғындарының қолымен, III 
Аменемха перғауынның бұйрығымен қазылған ең үлкен су қоймасы 
Мери (мысырлық түсінігі көл деген ұғымды білдіреді) деп аталаты-
нын, ал арықтар ортасындағы айтарлықтай үлкен Иосиф каналының 
Ортаңғы Мысырды бойлай, Ніл өзеніне паралелль ағатыны туралы 
мәліметті береді [2. 4 б.]. Демек, ежелгі заманның өзінде өзеннің мол 
суының  адам  өміріне  қауіпсіз  болуы,  ел  игілігіне  пайдаланылуы, 
ылғалды ұзақ сақтаудың мүмкіндіктері қарастырылды. 
Ұжымдасқан  еңбек  бір  орталыққа  бағынған  күшті  билікті, 
көптеген  адамның  ортақ  мүддеге  жұмылдырылуын  қажет  етеді. 
Материалдық игіліктер мен адам санының жеткілікті болуы ғажайып 
үлкен  құрылыстар  тұрғызуға,  мемлекеттің  гүлденуі  ғана  емес, 
басқаларға  үлгі  боларлық  ғибратты  өмір  салтын  қалыптастыруға 
жағдай  жасайды.  Уақыт  өте,  мол  өнімнің  арқасында  халықтың 
белгілі бір бөлігі тікелей егін шаруашылығы жұмыстарынан босап, 
діни рәсімдерді атқарумен айналысады, қол өнерімен шұғылданады. 
Аңыз  әңгімелер,  діни  сенімдер,  алғашқы  білім  негіздерінің  пай-
да  болуы,  таралуы  Ніл  аңғарының  өркениет  жолына  түскенін  
білдіреді.
Ең алғашқылардың бірі болып мәдениет дамуы жолына түскен 
ежелгі мысырлық дүниетанымнан әлемнің жаратылуы, күн құдайы 
және Осирис туралы аңыздар ерекшеленеді.
Әлемнің пайда болуы туралы аңыздар. Есте жоқ ерте заманда 
Хаос – шетсіз де шексіз әрі түпсіз Нун деп аталған мұхит болыпты. 
Нунның салқын суы қозғалыссыз, көңілсіз көрініс. Ол кезде ауа да, 
жылу да, жарық та болмай, барлық жерді меңіреу тыныштық жай-
лайды. Қаншама ғасыр өтсе де, оны ешкім бұзбайды, Нун мұхиты 
қозғалыссыз... сұрықсыз... 

8
Дегенмен,  бірде  ғажайып  оқиға  орын  алады.  Аяқ  астынан 
су  буырқанып,  жал-жал  толқындар  көтеріліп,  оның  бетінен  Ұлы  
Құдай – Атум көрінеді.
– Мен өмір сүремін, – деп оның ғаламды тітіркендіре, күркірей 
үн қатқан даусы, өмірдің басталғанын мәлімдейді. 
–  Мен  мұхит  суынан  өзімді-өзім  жасай  алдым,  енді  әлемді  де 
жаратамын!  Менің  әкем  де,  анам  да  жоқ;  бар  Ғаламдағы  бірінші 
құдаймын, мен өмірге басқа құдайларды да алып келемін!
Айналаның  бәрі  үнсіз,  қараңғылық  құшағында  еді.  Мұхитта 
әлі  де  болса,  аяқ  басарлық  құрлық  жоқ.  Атумды  жұтып  қоярдай, 
төменде көбіктеніп, қапас иірімі буырқанады. Қалайда жерді, ажал 
тырнағынан құтқарар кішігірім арал, құрлық жасау керек болды...
Үлкен  күш  жұмсап  судан  ажыраған  Атум  тұңғиық  бетінде 
қалықтап, екі қолын жайып, сиқырлы дұға айтады. Сол сәтте құлақ 
тұнарлық қатты дыбыс шығып, шашыраған көбік ортасынан Бен-Бен 
төбесі көрінеді. Төбеге түскен Атум енді не істеуі керек екені тура-
лы толғанады: «Әрине, мен басқа құдайларды жасаймын. Тек, кімнен 
бастаған жөн? Әлде... құнарлылық құдайынан бастасам ба екен? Бірақ, 
өсімдіктер мен астық шығатын жер жоқ емес пе?! Егін егіп, оны жи-
найтын  адамдар  да  жоқ...  Дұрысы  –  желді  жасаған.  Жел  болмаса, 
мұхитта тыныштық орнап, мәңгі қозғалыссыз қалады. Иә, оған қоса, 
мұхит суы, ылғал атаулы бағынатын әйел құдайды жасайын...». 
Атум жел құдайы Шу мен ашулы арыстан басты ылғал, жауын-
шашын  құдайы  әйел  Тефнутқа  өмір  береді.  Бұлар  жердегі  бірінші 
құдайлар жұбы болды.
Дегенмен,  қайғы-қасіреттің  де  ауылы  алыс  емес  еді.  Әлі  де 
болса Ғаламды қоршап жатқан мейрімсіз түнекте Атум балаларын 
жоғалтып алады. Қаншама дауыстап шақырса да, өзегі өртеніп жы-
ласа  да,  меңіреу  су  айдынынан  ешбір  жауап  болмайды.  Шарасы 
таусылған Атум көзін жұлып алып:
– Көзім, мен не айтсам, соны істе. Мұхит Нунға түс, балаларым 
Шу мен Тефнутты тауып, маған алып кел!-дейді. 
Уақыт жылжып өте береді. Барлық жерде караңғылық қапасы, 
мүлгіген  тыныштық  пен  салқын  суықтық...  Ұзақ  күтіп  шыдамы 
таусылған Атум жаңа көз жасап, оны бос қалған ұяшыққа орнала-
стырады.  Бірақ,  осы  бойда  ол  алыстан  бір  дыбыс  есіткендей  бола-
ды. Уақыт өткен сайын дыбыс күшейе береді: алғаш пайда болған 
жалғыз  төбеге  қарай  біреулер  келе  жатыр,  дауысты  да  ажыратуға 
болады... Құдай өз балаларының дауысын таниды. 

9
Төбеге аяқ басқан перзенттеріне қарай ұмтылған Құдайдың ал-
дын ашудан күреңітіп кеткен Көз кеседі:
– Бұның не сенің?! Мен балаларыңды тауып әкеліп, саған үлкен 
қызмет көрсеттім. Ал сен жаңа көз жасап, маған тиесілі орынға орна-
ластырып қойыпсың. Маған білдірген алғысың осы ма? 
– Ашуланба, сені маңдайыма орналастырамын. Сол жерден мен 
жасаған  әлемді  көресің,  оның  сұлулығына  сүйсінесің,  –  деп,  оны 
маңдайына орналастырады... (Осы аңызға байланысты болуы керек, 
ежелгі  Мысырда  Құдай  жыланы  Урейдің  ерекше  орны  бар.  Шығу 
тегі тотемдік жылан, перғауын символы. Шексіз билікті көрсететін, 
қасиетті  жан  иесі  ретінде  түсінілетін  ол,  Перғауынның  бас  киімін 
безендіреді.  Мұрынның  екі  көз  аралығындағы қырына  орналасқан 
Урейдің  оң  көзі,  Құдайдың  жолында  кезіккен  жауларын  жанары-
мен күлге айналдырып құртады деп есептеледі. Ал дәстүр бойынша 
кейін Горға тиесілі болатын сол көз, сауықтыру көзі аталып, емшілік 
өнерімен байланыстырылады. Міне, осыларға байланысты, байырғы 
заманнан  құдайлар  мен  фараондардың  тәжі  қырағылығымен  көзге 
түсетін Урей аталатын жыланның көзімен безендіріледі).
...Нун мұхиты суынан ақ лотос гүлі өсіп шығады. Гүлдің қауызы 
ашылғанда, одан күн құдайы Ра көрінеді. Алғашқы түнекке жарық 
түседі, әлем жан бітірерлік жарыққа толады. Атум мен оның балала-
рын көрген Ра қуаныштан жылап жібереді. Оның жерге тамған көз 
жасы адамға айналады. 
Шу мен Тефнуттың жер құдайы Геб және аспан әйел құдайы Нут 
атты балалары болады. Олардың бір-бірін жақсы көргендері сонша, 
өмірге құшақтасып келеді. Осыдан алғаш жаратылғанда аспан мен 
жер тұтас болды деген түсінік қалыптасқан.
Дегенмен,  бірде  Геб  пен  Нут  ұрсысып  қалады.  Ұрыс  әйел 
құдайдың таңғы ас ретінде өз балалары – жұлдыздарды жұтып қоя 
беретінінен шығады. Керісті доғару үшін күн құдайы Ра Шу құдайға 
бейбіт, қатар өмір сүре алмаған оларды ажыратуға бұйрық береді. 
Жел  құдайына  әміршінің  еркін  орындауға  тура  келеді.  Ол 
ғаламдық  дауылды  тұрғызады.  Геб  пен  Нут  қанша  қасарыса 
қарсыласқанымен, жел олардың құшағын ажыратады. Аспан жерден 
бөлектенеді. Осының салдарынан Нун мұхитында кішігірім аралдар, 
үлкен материктер, тау жоталары, таудан аққан өзендер пайда болады. 
Раның көз жасынан пайда болған адамдар Бен-Бен төбесінен кетеді. 

10
Жасыл  желек  жамылған  алқаптарға  тарап,  қалалар  тұрғызып,  жер 
жыртып, астық өндіреді...[3]. 
Ежелгі  патшалық  дәуіріне  жататын  келесі  деректе,  Мемфис 
аңызында  әлемнің  пайда  болуы  Птах  есімді  жаратушы  құдаймен 
байланыстырылады (Птах қол, сәулет және кескіндеме өнерлерінің 
қамқоршысы ретінде де көзге түседі). Алғашқы сегіз құдайды өмірге 
әкелген  Птах  оларды  «өзінің  жүрегінде  жаратуды,  аттарын  тілмен 
атауды»  ойлайды  («Птах  жүрегімен  және  тілімен»,  демек,  «ойы-
мен және сөзімен жаратты»). Құдіретті билік иесі ретінде ол бүкіл 
әлемді, жер мен аспан, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, қалалар, 
ғибадатханалар,  қолөнерді  өмірге  әкеледі  және  құдайлар  культін 
анықтайды.
Жаңа патшалық дәуірінде (б.д.д. ХVІ-ХІV ғғ.) жаратушы құдай 
ретінде Рамен теңестірілетін фивалық құдай Амон барлық құдайдың 
патшасы ретінде көзге түседі. Оған арнап: «Аспанды көтерген, жерді 
орнықтырған және барлық құдайдың әкесі... Адамдар оның көзінен 
шықты, аузынан құдайлар пайда болды. Барлық құдайдың құдіретті 
басшысы. Ол ұзақ, салтанатты өмір сүрсін, аман-сау болсын» деген 
дұға жасалады. 
Міне,  абстрактылы  ойлау  қабілеттері  жетілген,  жоғарғы 
дәрежеге  көтерілген  сайын,  ежелгі  әлем  тұрғындары  өздерін 
қоршаған орта туралы толғаныстарға беріледі. Ғалам, Әлем, Хаос, 
бүлінбеген түпсіз тұңғиық су – Нун ретінде елестетіледі. Хаостан 
жер, аспан, адам, жануарлар мен өсімдіктерді жасайтын құдайлар, 
соның  ішінде  алғашқы  жаратушы  ролін  атқарған  Күн  құдайы 
шығады. Күн қандай түрде берілсе де (құс, аң, жануар, қоңыз, адам 
және т.б.), ол әрқашан от, жылу, жарықтың – су, салқын, түнекке 
қарама-қарсылығын білдірді. 
Байырғы  мысырлықтар  түсінігі  бойынша,  Құдайға,  мысалы 
Амонға, оның ұлы деп мойындалатын перғауын ғана теңестіріледі. 
Кемелденген  Мысыр  қоғамы  аңызында  патшаға  құдай  бекіткен 
биліктің  тән  болатыны  айтылады.  Гераклеопольдік  патша  Ахтоя 
өзінің ұлы Мерикараға: «адамдар – құдай тобыры», олар жаратушы 
құдай денесінен, оның нақты көшірмесі ретінде пайда болды. Адам 
үшін Ол, хаостан аспан мен жерді, тыныс алуы үшін – ауаны, азығы 
үшін – жануарлар, құстар мен балықтарды жаратты» дегенді айтады 
[3. 167 б.]. 

11
Мысыр  күнтізбесі  бойынша,  маусым,  тамыз,  қыркүйек  –  Ніл 
суының таситын айлары. Тек қыркүйек айының соңына қарай, өзен 
өзінің  қалыпты  деңгейіне  түседі.  Осыдан  кейін,  қарапайым  еңбек 
құралдары  –  соқа,  кетпенмен  жер  өңделіп,  ылғал  топыраққа  егін 
егіледі.
Өмір, тіршілік, молшылық, құнарлылық, жайлы тұрмыс бастауы 
тәуелді болған өзенді мысырлықтар ерекше қастерлейді, фетиштік 
табыну  нысанына  айналдырады.  Оған  арналған  дұғаның  бірінде: 
«Болашақ  әлемге,  Мысырға  өмір  беру  үшін  осы  жерден  шыққан 
Хапи (Нілді мысырлықтар Нарі деп атаған), сен қасиеттісің. Сен – 
барлық жан-жануарға өмір беру үшін Күн жаратқан құпия құдайсың, 
бау-бақшаларды ылғалдандырасың; сен – барлық жерді және төніп 
тұрған аспан күмбезін суландырасың; сен – нан жасаушысың, арпа 
өндірушісің,  балықтар  қожасысың;  сенің  арқаңда  ғибадатханалар 
өмір  сүреді,  бақытсыз  бейбаққа  сенің  еңбегің  демалыс  береді... 
Сенің  суың  тасығанда,  жер  қуанышқа  толады,  тіршілік  иелерінің 
бәрі  той  тойлайды,  кез  келген  жан-жануар  өзінің  тағамын  таба-
ды, кез келген ауызға ас түседі; сен өнім өндіресің, ләззат бересің; 
сен  –  таңдаулының,  дәмді  тағамның  билеушісісің;  сен  кез  келген 
жақсылықты  жасайсың,  жануарлар  үшін  шөп  шығарасың,  астық 
қоймаларын толтыру, кедейлерге дүние-мүлік әкелу үшін Жоғарғы 
және Төменгі Мысырды құшағыңа аласың. Сен барлық көздің жасын 
ішесің және сол үшін өзіңнің мол игілігіңді ысырап етесің» деп ай-
тылады [4].
Аңыз  бойынша,  Шу  құдай  жаңбыр  бұлтын  қуып  келсе,  Теф-
нут  әйел  құдай  егістікті  суарады,  жомарт  Хапи  егістік  жерін 
құнарландырады. Ал ұлы Ра өзінің алтын сәулесімен жерді жылы-
тады.  Егіннің  мол  өнімі  үшін  құдайларға  үздіксіз  алғыс  айтылып, 
ғибадатханаларда  әнұрандар  шырқалады,  құдайлардың  мүсіндері 
гүлдермен көмкеріледі. 
Бақытты  өмір  сүрген,  қуаныш  сәті  мәңгілік  тәрізді  көрінетін 
мысырлықтар  жақын  арада  ұлы  жұтқа,  қуаңшылық  пен  індетке 
душар болатынын білмейтін еді. Бұған Ра мен Тефнут арасындағы 
араздық себеп болады. 
Адам  берген  құрбандық,  сыйлар  мен  мадақ  жырларға  бойы 
үйренген  Тефнут  бірде  Күн  ғибадатханасында  Раның  беретін 
жарығы  пен  жылуы  үшін,  егіншілердің  алғыс  білдіргенін  есітеді. 

12
Күн  құдайына  артығырақ  құрмет  көрсетіледі  деп  ойлаған  оның 
көңілі құлазиды:
–  Бұл  қалай,  Күн  топырақты  құрғатады,  егер  менің  жауыным 
болмаса, егілген бір де бір дән шықпас еді! 
– Қателесесің, – дейді сонда Күн құдайы. Жерге қарашы, өзен 
бойына қашылар салынған, арықтар қазылған. Адамдар жауын бол-
маса да егіндерін суарады. Ал олар менің беретін жарығымсыз, жы-
луымсыз не істейді? 
Назаланған  құдай  әйел  егер  жауын,  ылғал  керек  болмаса,  бұл 
жерге енді мәңгі оралмайтынын білдіріп, ұрғашы арыстан бейнесіне 
еніп,  Нубия  жеріне  кетіп  қалады  (арнайы  әдебиеттерде  осы  кету, 
құрғақшылықтың бастауы болса керек деген ой айтылады). Ра білім, 
даналық, дәрігерлік және арбау құдайы деп есептелетін Тотқа әйел 
құдайды алып келу міндетін жүктейді. 
Шөл  далада  ұзақ  жүріп,  арыстан  бейнесінде  аң  аулап  жүрген 
құдай әйелге кездескен Тот парасатты сөз, ақылмен оны тоқтата ал-
май, айлаға көшеді. Өйткені, «кім өте күшті болса, әдетте өте ақымақ 
та  болады»  деп  ойлап,  құдай  әйелді  мақтан  сөзге  еліктіріп,  елге 
оралуға мәжбүр етеді [1. 42 б.]. 
Құдай әйелдің қайтып келуі мереке ретінде атап өтіледі. Халық 
оны  ән,  биімен  қарсы  алады.  Ыдыстарға  масайтатын  ішімдіктер, 
сапалы  шараптар  құйылады.  Фива  халқы  тойлайды,  бүкіл  Мысыр 
қуанышқа бөленеді. О, оның келуі қандай қуаныш сезіміне бөлейді! 
Тефнуттың  қайтып  келуімен  шөл  далаға  құрғақшылық  әкелетін 
Суретте: Тоттың Тефнутты сөзге еліктіріп, Мысырға қайтару сәті [5]

13
аптап  жел  тоқтап,  өсімдіктер  әлемі  жанданады.  Қайтып  келген  ол 
Шумен  тұрмыс  құрады.  Бұл  табиғаттың  қайта  түлеп,  мол  жеміс 
беретініне меңзейді...
1822 жылы француз филологы Франсуа Шампольон (1790-1832 
жж.). Мысыр иероглифтері сырын ашқасын, оқырман қауым ежелгі 
жазу  мазмұнымен  танысу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Бұл  жердегі 
баса  назар  аударатын  нәрсе  ол,  Мысыр  аңыздары  мазмұнының 
сол  тарихи  дәуірде  өмір  сүрген  басқа  халықтар  шығармаларына 
мүлде  ұқсамайтыны.  Зерттеушілер,  Құдайлар  туралы  пікірлерде 
бірізділіктің  жоқтығын,  оларды  қалай  бейнелеу  керектігі  тура-
лы түсініктің де болмағанын көрсетеді. Мысалы, енді шығып келе 
жатқан күн, қи қоңыздың бейнесіне енген, күн шарды батқанға дейін 
алдына салып домалататын Хепри құдай; күндізгі күн – қаршыға ба-
сты адам Ра құдай; ал кешкі «өліп бара жатқан» күн – Атум құдай 
бейнелерінде көрінеді. Хепри, Ра, Атум бір ғана күн құдайының үш 
түрлі кейіптегі көрінісін береді [1. 9 б.]. 
МЫСЫР ҚҰДАЙЛАРЫ. Күндіз Ра аспан өзені бойымен жерге 
жарық  түсіріп,  күндізгі  қайығы  Манджетпен  жүзіп  жүреді,  кешке 
жанындағы  нөкерлерімен  бірге  түнгі  қайығы  Месектетке  отырып, 
жер асты әлеміндегі өзенмен жүзеді. Мәңгі түнек кеңістігіндегі түнгі 
саяхатында Ра басқа құдайлармен бірге он екі тозақ аймағынан өтеді, 
түнек әзәзілдерімен сайысады. Раның қатерлі жауларының бірі, жер 
асты  әлемінің  әміршісі  алып  жылан  Апоп  оның  жолына  тосқауыл 
қою, жазым ету үшін өзен суын жұтып қояды. Жыланмен соғыста 
Ра  мен  оның  нөкерлері  жеңіске  жетіп,  Апоп  суды  қайта  қалпына 
келтіруге (құсуға) мәжбүр болады. Ра, таңертең жерге жарық түсіру 
үшін жолын жалғастырады. 
Суретте: Мысыр құдайлары [7]

14
Мысыр  аңыздары  ішінде  күнді  құс  ретінде  бейнелейтіндері 
де бар. Мысалы, аңыз бойынша, мұхиттан көтеріліп төбе көрінеді. 
Ондағы  жер  мен  ылғалдың  қосындысынан  жұмыртқа  пайда  бо-
лып,  соны  жарып  құс  –  күн  шығады.  Келесі  аңызда  құдайлық 
қасиеті бар Гоготун қаз төбеге ұя салып, кейін күн құдайы шығатын 
жұмыртқаны туады. Бұлармен қатар, күнді кешкісін жұтып қоятын, 
нәтижесінде түн келетін, ал келесі таңда оны қайта шығаратын аспан 
құдай әйелі туралы да аңыз айтылады. 
Ежелгі  Мысырда  егін,  мал  шаруашылығының  пайда  бо-
луы,  күнделікті  тұрмыста  ірі  қара  малдың  қолданылуына  орай, 
күн  құдайы  туралы  аңыздарға  өзгерістер  енеді.  Елдің  белгілі  бір 
аймақтарында аспан әлемі үлкен сиыр түрінде сипатталады. Аңызда 
осы сиырды Шу құдай өз қолымен демеп, оның арқасына Ра отыра-
ды. Аспан сиыры өмірге әкелген алтын бұзау күн түрінде көрінеді. 
Ра ежелден қалыптасқан аңыздық белгілерді сақтап, басы құс, денесі 
адам ретінде бейнеленді. 
Ежелгі  тұрғындар  Күн  құдайы  Ра  және  онымен  байланысты 
құбылыстарға  қызығушылық  білдіреді.  Сондықтан  Ніл  өңірінде 
өмір  сүрген  түрлі  аймақ  тұрғындарының  бәрі  Күнге  табынып, 
Күн  құдайы  туралы  аңыздардың  көбеюіне  әсерін  тигізеді.  Ніл 
аңғарындағы  халық  бірігіп,  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет 
құрылғаннан  кейін,  Ра,  Амон  және  Осирис  барша  халыққа  ортақ 
құдайлар  ретінде  мойындалады.  Өзіндік  шығу  тарихтары  бар  бұл 
құдайлар табиғат құбылыстарын, әлемнің пайда болуын түсіндіруге 
қызмет етеді. Егер аңыздық деректерге сүйенер болсақ, онда хаостан 
шыққан Ра басқа құдайларды жаратады, өз әйелі мен балаларының 
көмегімен хаостан жарық пен ғаламдық денелерді бөледі. Ғаламды 
жарату кезінде оған аспанды жерден ажыратқан баласы, жел құдайы 
Шу ерекше көмек көрсетеді. 
Ежелгі  грек  авторларының  мәліметтері  бойынша,  құдайлар 
ішіндегі  ең  танымалы  –  Осирис.  Аңызда  ол  жер  құдайы  Себтің 
(қайсыбір  мәліметтерде  Кеб  немесе  Геб)  аспан  әйел  құдайы  Нут-
пен  байланысынан  дүниеге  келеді.  Күн  құдайы  Ра  әйелі  Нуттың 
зинақорлыққа барғанын біліп, ашумен оның ешбір айда сәбиін бо-
сана алмайтынын мәлімдейді. Бірақ, әйел құдайдың жанашыры Тот 
құдай аймен дойбы ойнап, әрбір күннің жетпіс екіден бір бөлігін ұтып 
алады. Оларды қосқанда шыққан толық бес күнді Мысырдың үш жүз 

15
алпыс күннен тұратын жыл күнтізбесіне тіркейді. Мысырлықтар ай 
күнтізбесін күн күнтізбесіне сәйкестендіру үшін, жылдың соңында 
қосылатын  күндердің  пайда  болуын  осылай  түсіндіреді.  Жылдың 
он  екі  айына  қосымша  болатын  осы  бес  күн  ішінде,  күн  құдайы 
қарғысының әсерінің болмайтынын аңыз жеткізеді. Осы күндердің 
бірінде Осирис дүниеге келеді. 
Ежелгі  Мысырдың  Абидос  қаласы  орнына  қазба  жұмыстары 
жүргізілгенде,  жер  құдайы  Себ  пен  аспан  сиыры  Нуттың  баласы 
Осирис  құдайға  арналған  ірі  діни  орталық,  Мысырдың  алғашқы 
билеушілерінің қабірлері орналасқан ғибадатхана табылды. 
Осиристің  дүниеге  келу  сәтінде  Фива  ғибадатханасынан  ұлы 
билеушінің,  құдіретті  иенің  дүниеге  келгенін  жариялаған  дауыс 
естіледі. Абзал мемлекет басшысы ретінде ол елін адам етін жеген 
жабайылық жағдайынан құтқарып, заңға бағындырып, құдайларды 
құрметтеуді үйретеді. 
Осириске қатысты тағы бір аңыз түрі егін шаруашылығының кең 
таралуынан мәлімет береді. «Өлілер кітабында» – дән, ал «Пирамида 
мәтіндерінде» жүзім шоғы аталатын Осирис – табиғи өндіргіш күш, 
өлетін және қайта тірілетін өсімдіктер құдайы. Сондықтан егіннің 
егілуі – дәннің (Осиристің) жерленуі, көктеп жер бетіне шығуы – қайта 
тірілуі, піскен соң дәннің жинап алынуы – құдайдың өлтірілуі ретінде 
түсіндіріледі.  Егіншілікке  бай-
ланысты  жүргізілетін  жұмыстар 
Осиристің өлімі мен қайта тірілуі 
ретінде  мысырлықтар  санасынан 
кең көрініс табады. Осыған орай, 
өлген  перғауындар  магиялық 
жерлеу  рәсімі  арқылы  Осиристің 
тірілгені  тәрізді  қайта  өмірге  ке-
луге құштарлық танытады. 
Ортаңғы  патшалық  дәуірінен 
бастап Осириске тек перғауындар 
ғана  емес,  әрбір  танымал,  қара-
пайым ортадан шыққан байлар да 
теңестіріледі.  Қабір  мәтіндерінде 
өлген адам атынан бұрын міндетті 
түрде  «Осирис»  есімі  жазылады. 
Суретте: Осирис, Изида, Гор [8]

16
Егер әрбір мысырлықтың жерленуі кезінде жасалуы керек болатын 
рәсімдер толық сақталса, о дүниеде мәңгілік өмір сүреді деген сенім 
қалыптасады. 
Жер өңдеуді, дәнді дақылдарды егуді қолға алып, мысырлықтарға 
егін шаруашылығын үйреткен, жемістерді жинауды, жүзімнен шы-
рын  алуды  жолға  қойған  Осирис,  пайдалы  еңбегінің  нәтижесін 
адамзатқа үйретуге ұмтылады. Астық, жеміс өнімдерін пайдалануға 
көшкен  Мысыр  билігін  жұбайы  Исидаға  беріп,  бар  әлемді  аралап 
жер өңдеу, егін егу өнерін басқа елдерге таратады.
Барлық халық оны жақсы қарсы алып, құрмет көрсетеді, белгілі 
уақыттан кейін ол, алғысын білдірген халықтардың берген үлкен сый-
ын алып, еліне оралады. Оның бұл ісіне қызғаныш білдірген бауыры 
Сет басқа құдайлармен бірігіп, қастандық ұйымдастырады. Құпия 
түрде  ағасының  бой  өлшемін  алып,  соған  шақтап  өрнекті  сандық 
жасайды. Бірде, құдайлардың көңіл көтеруі кезінде, Сет сандықты 
әкеліп, кімнің денесі мен бойына шақ келсе, соған сандықты сыйға 
тартатынын  жариялайды.  Отырғандардың  ешқайсының  ойына 
сандық шақ келмейді, оған ең соңғы болып Осирис кіреді. Осы сәтті 
күтіп тұрған қаскөйлер сандық қақпағын жабыла жауып, шегелеп, 
Ніл өзеніне ағызып жібереді... [3. 173-175-б.].
Осирис пен оның баласы Гор туралы аңызда жарық пен түнектің 
арпалысы айқын көрсетіледі. Осирис өлгеннен кейін жұбайы Изида 
босанып, Гор дүниеге келеді. Ай құдайының көмегімен Сетті жеңген 
Гор әкесін тірілтеді. Бірақ, жеңіс толық, түпкілікті болмайды. Оси-
рис  жер  асты  әлемінде  қалады.  Жеңімпаз  Гор  тек  күндіз  үстемдік 
жүргізсе де, түнді Сетке беруге мәжбүр болады. Демек, күнделікті 
тұрмыс  тәжірибелерінде  көзге  түсетін  күн  мен  түн  ауысуының 
аңыздық діни түсінігі, әлем құпиясын тануға талпыныс ежелгі Мы-
сырда ерте пайда болады. Аңыз бойынша, кейде күндіз де қиянатшыл 
қара Түнек құдайы аз уақыт болса да, нұрлы Күн құдайын жеңіп, өз 
жеңісін тойлайды. 
Ежелгі  мысырлықтар  күннің  тұтылуын:  «Сет  жабайы  қабан 
бейнесінде Горға шабуыл жасап, оның бір көзін ойып алады. Көзінен 
айырылып,  ауруға  шалдыққан  құдайды  Тот  емдейді,  жанарын 
қалпына келтіреді» деп түсіндіреді. Гор зұлымдықты жеңіп, жердегі 
өміршеңдікті, өнімділікті қамтамасыз етеді. Ал о дүниеге барғанда 
өлілер патшалығына билігін жүргізеді. 

17
Аңызда  ежелгі  Мысырдың  алғашқы  перғауыны  Ра  болғаны 
айтылады.  Перғауын  бейнесі  –  ел  тұтастығының  белгісі,  Ніл 
суының  молаюын  магиялық  қамтамасыз  етуші.  Егіннің  өнімі,  үй 
жануарларының  төлдеуі,  әрбір  отбасындағы  сәбилердің  дүниеге 
келуі де соған тәуелді. Оның атын тікелей атауға болмайды, ол тура-
лы «үлкен үй, патша сарайы» деп астарлы сөзбен сөйлеу қалыптасқан 
(мысырлықтар тілінде перо, яғни фараон, перғауын ұғымының шығу 
негізі). 
Ра  құдай  ұзақ  уақыт  елді  әділетті  басқарады,  ел  ағаларын 
құрметтеп,  азғындарды  жазалайды.  Дегенмен,  уақыт  өте,  адамдар 
ол  туралы  ғайбат  сөздер  айта  бастайды:  «Қараңдаршы,  перғауын 
Ра  қалай  қартайды?!»  Кінәмшіл  сөздер  оның  ызасын  келтіреді. 
Құдайларға айтқан сөзінде ол: «Адамдарға қараңдаршы! Мен оларды 
жараттым, ал олар маған қарсы сөз айта бастады; сендер оларға не істер 
едіңдер, маған дұрыс кеңес беріңдер, сендердің пікірлеріңмен сана-
спай, адамдарды жазалағым келмейді», – дейді. Кеңес нәтижесінде, 
адамдардың  жазасын  беру  туралы  шешім  қабылданады.  Құдайлар 
бүлікшіл адам ұрпағын өлім жазасына кесуді мақұлдайды. Осыдан 
кейін құдай әйел Сехет, «көп түн бойы аяғын адам қанымен жуады». 
Мұндай зұлымдықты күтпеген Ра құдайдың адамдарға жаны аши-
ды. Аңыз, ыдысқа адам қаны, сыра және басқа да жеміс шырында-
рын араластыруға бұйрық берілгенін, осы ішімдікпен қанішер құдай 
әйелдің  тойдырылғанын,  оған  қырып-жоюды  тоқтатуға  бұйрық 
берілгенін жеткізеді. 
Бүлікшілерді жазалаудан шаршаған Ра құдай өзіне тұрақ болған 
жердегі  иелігін  қалдырып,  мәңгілік  мекеніне  кетуге  ниеттенеді. 
«Мен  тірімін,  –  дейді  ол  құдайларға,  –  бірақ  жүрегім  адамдармен 
бірге  болудан  жалықты...  Алғаш  рет  менің  тәнім  ауруды  сезінді, 
екінші рет бұл әлсіздіктің маған қашан келетінін күткім келмейді. 
Мен көкке көтерілуге бел будым», – деп сөзін аяқтайды. Құдіретті 
аспан сиырының арқасына отырып көкке, мәңгілік мекеніне кеткен 
Радан соң, оның балалары деп мойындалатын басқа құдайлар билік 
құрады. Перғауын Гор ел басқарған ең соңғы құдай болады. Ежелгі 
заманнан жеткен деректе, Гор ізбасарларының ағзасында құдай қаны 
болса да, олар – тек кейбір құдайлық қасиеттерді сақтаған адамдар 
ғана еді деген пайымдау жасалады... 
Мысырлықтар  әрбір  перғауынды  «Раның  баласы»  деп  есепте-
ген.  Мысалы,  өз  уақытында  кең  танымал  болып,  бізге  аты  жеткен 

18
ІІ Рамсес перғауын туралы: «Ол туылған кезде аспан зор қуанышқа 
бөленді  және  Ра  шынайы  салтанат  құрып,  «мен  оны  туғыздым, 
енді жерде тыныштық орнайды және құдайлар да риза болады» деп 
айтқаны  белгілі.  Деректер  ежелгі  Мысыр  жәдігерлерінде  мұндай 
сипаттағы мәтіннің жиі кездесетінін көрсетеді. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал