Қаланы кесіп өтетін «сарқырама» каналын білетін болар



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5

Қаланы  кесіп  өтетін  «сарқырама»  каналын  білетін  болар-

сыз?  Иә,  сол  сарқыраманың  жағасына,  жаз  келсе,  жұптасқан 

жас тар  жайғасады.  Сылдыраған  су  бойында  бір-біріне  сама-

ладай  сезімдерін  білдіреді.  Сосын  бүлдіреді.  Жо-жоқ,    қате 

тү сінбеңіз.  Қасында  қоқыс  жәшігі  тұрса  да,  аса  мәдениетті 

ағайындар  тіршіліктің  көзін  ластап,  Сыр  суына  қалдықтарын 

тастап әлек.  Мұнымен мәселе бітпек емес. 

Түн.  Дәлірек  айтқанда 

ораза айының алғашқы таңы-

ның  сібірлеп  атуына  уақыт 

ме зе ті  жақындаған  сәт.  Дала 

тастай  түнек,  жым-жырт. 

Әше йінде аузын жаппас иттер 

де  үруге  ерінетіндей  еренау 

қалғиды.  Тек  жарқырауық 

жұлдыздар ғана мені көрдің бе 

деп  мың  құбылады.  Даланың 

тұнық,  таза  ауасы  оның 

маужырап тұрған денесін дүр 

сілкіндірді.

Ол  қайта  кіріп  кетті.  Ал 

дала  табиғаты  өзіне  тән  бір 

құбылыспен  мынау  әлемді 

түн түнегінен ақырын арылта 

бастады.

Сәресінің  уақыты  біткен 

кез. Ол түн арудың сұлулығын 

сезіну  үшін  қайта  шықты. 

О,  жасаған!  Аз  ғана  уақыт. 

Ал  мынау  әлем  манағыдан 

әлдеқайда басқаша.

Иә,  таң  осылай  атады,  ал 

Рамазан таңы тіпті нұрлы. Ол 

осы  кезге  дейін  әлемдегі  ең 

әдемі  көрініс,  Жаратқанның 

ерекше тартуынан құр қапты, 

өзін  себепсіз  тарта  ұстапты. 

Бойынан  жеңілдік  сезді, 

ойынан  кетпейтін  күндегі 

күйбең  тірлігінің  бәрін  бір 

сәтке ұмыт қалдырғандай. Бір 

нәрсені айқын сезді. Ол – өзін 

бақылап тұрған тылсым күш, 

беймәлім құдірет. Іштей «мың 

тәубе» деп күбір етті.

Байқасаңыз,  бұл  –  ораза 

тұтқан  пенденің  ғана  сезінер 

жансәулесі.  Бұл  айды  бір 

жандар 

құлшылық 



айы, 

мейірім  мен  рақымшылық 

мезеті  деп  асыға  күтсе, 

базбіреулерге  бұл  –  тек 

жаздың  ең  ыстық  мерзімі 

әрі  қауын-қарбыз  пісетін 

кез.  Соңғы  ой  адамдардың 

Рамазан айы туралы білімінің 

таяздығынан болар. Сол үшін 

де  бұл  айдың  қасиетінен  сыр 

тартып көрейік.

№ 27 (97)

9 шілде, 2015 жыл

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

2-бетте

«ДӘМЕЛІМІН ДЕРТКЕ ДАУА 

БІР ТОЙДАН» ДЕУШІ ЕДІМ...

«ҚҰЛ БАЗАРЫ»

ФЛЭШМОБ ДЕГЕН НЕ НӘРСЕ?

АҢДАТПА


3-бетте

7-бетте

8-бетте

2-бетте

2-бетте

-  Жалпы,  «Қазақстан  бары-

сы»  –  жылдың  ең  үздік  спорт тық 

додаларының бірі. Биыл, өз де ріңіз 

көріп  отырғандай,  қор жы нымыз 

бос  емес.  Қос  палуан  да  намысты 

берген жоқ. Нұ рымның жігерлілігі 

көпшілікті  таң  қал дырды.  Жас  та 

болса,  тәжі ри бе лі  палуандармен 

шығып,  тең  өнер  көрсетті.  Оның 

үстіне  жарыс  алдында  аяғынан 

жарақат алған, дегенмен, ақырына 

дейін  шыдады.  Ал  Руслан  финал-

да  Бейбітке  есе  жібергені  болма-

са, қалған белдесулерде жігерлілік 

көрсетті.  Жалпы  жеткен  жетістік 

жаман  емес.  Облыс  әкімінің 

спортқа деген қамқорлығы ерекше 

екенін атап өту керек. Алда бұдан 

да  үлкен  жеңіске  жетеміз,  -  деді 



Садық Мұстафаев. 

-  Қазақ  күресіндегі  айла-

тәсіл дерді  палуандарымыз  то-

лық  пайдаланып жүр ме?

Садық  Мұстафаев:  -  Жалпы, 

палуандар  жүз  тәсіл  білетін  бол-

са,  белдескенде  соның  екі-үшеуін 

ғана  пайдаланады.  Барлығын  пай-

далану  мүмкін  де  емес.  Тәсілдерді 

қарсыласыңның  салмағына,  бойы-

на  қарай,  өзіңнің  ептілігіңе  қарай 

пайдаланасың.  Әлемдік  додаларда 

бір ғана әдісті пайдаланып, чемпи-

он болып жататындар бар. 

- Алдағы уақыттағы жос пар-

ла рыңыз қандай? 

Садық  Мұстафаев:  -  Алда 

Жамбыл облысында өтетін Қазақ 

хандығының  550  жылдығына  ар-

нал ған «Еуразия барысы» турнирі 

бар. Сол додадаға дайындық жүргі-

земіз.  Русланның  алдында  Рио-де 

Жанейрода  өтетін  Олимпиадаға 

жолдама алу мақсаты тұр. Олим-

пиаданың  жолдамасын  қалай  да 

ұтуымыз керек. Одан бөлек биылға 

жоспарланған  кестеміз  бар,  сол 

бойынша  жұмыс  жасаймыз.  Нұ-

рым  да  шамалы  демалыстан  соң 

қайта  дайындыққа  кіріседі.  Оны 

да бірнеше жарыс күтіп тұр.   

-  Руслан,  сен  жарыстың  соң-

ғы  жағында  күресуден  қашқақ-

тап жүргендей көріндің. Не себеп 

болды?

Руслан  Әбдіразақов:  -  Оған 

себеп,  жарыс  алдында  тамақтан 

ұшынып,  ауырып  қалған  бола-

тынмын.  Жарысқа  әлсіреп  шық-

тым.  Күш  жетіспегендіктен  де 

белсенді күресе алмадым. Ал жар-

тылай  финалдағы  қарсыласым 

Жұманазар  Ерсұлтановтың  сал-

мағы 160 келі болды. Көп күш ке-

рек  болғандықтан  айла  жасауға 

тура  келді.  Бапкерлерімнің  кеңе-

сі мен  оны  3-минутқа  дейін  шар-

шатып,  содан  кейін  әдіс  жасау 

керек  болды.  Сөйтіп,  өздеріңіз 

көргендей,  жеңдім.  Ал  финал-

да  шынымен  де  шаршап  қалдым. 

Бейбіт осал қарсылас емес. Негізі, 

биылғы  «Қазақстан  барысын» 

аламын  деп  уәде  беріп  едім.  Де-

генмен, орындай алмадым. Ал дағы 

уақытта бас жүлде бізде болады.

-  Нұрым,  бұл  додаға  алғаш 

қатысып  отырсың.  Әсеріңмен 

бөліссең.

Нұрым Сәлімгереев: - Жалпы, 

бұл жарыстан көп нәрсе үйрендім. 

Шын 

мықтылармен 

шығып, 

тәжірибе  жинадым.  Жалпы,  бұл 

жерде тәжірибе үлкен рөл ойнай-

ды.  Оның  үстіне  жарыс  алдында 

аяғымды  жарақаттап  алған  бо-

латынмын.  Дегенмен,  бар  күшті 

салуға  тырыстық.  Ең  бас тысы, 

төл  өнеріміз  ұлықталып  жатыр, 

соған  қуаныштымын.  Ал дағы  уа-

қытта  дайындықты  екі  есе  кү-

шей теміз, жеңіске жетеміз.

Кездесу  барысында  Садық 

Мұс тафаев  келесі  жылы  қай  па-

луанның  «Қазақстан  барысына» 

қатысатыны белгісіз екенін айтты. 

-  Себебі  Сыр  топырағында  та-

лантты  түйе  палуандар  көбейіп 

келеді.  Олардың  саны  көбейген 

сайын  спорттағы  тартыс  та  қы-

за  түседі.  Ұлттық  спортымыз 

дами  түссін  дейміз.  Спортта 

жастарымыздың бағы жана берсін, 

- деді басқарма басшысы. 

Мәди ҚҰРМАНӘЛІ

ТОПЖАРҒАН

АЙ, ҚАП!

СЫР БАРЫСТАРЫНЫҢ 

БАҒЫ ЖАНДЫ

ОРАЗА ЗЕРІККЕННІҢ 

ОЙЫНЫ ЕМЕС

ЖЫЛДАҒЫ ДӘСТҮР БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДОДАСЫ БИЫЛ ДА ТАР-

ТЫСТЫ  ӨТТІ.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖҮЛДЕСІ  ҮШІН  БОЛҒАН  ДҮБІРЛІ 

ДОДАҒА ЕЛІМІЗДЕН 33 СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ. ТӨЛ СПОРТЫМЫЗДЫ БАСҚА ЕЛДІҢ 3 ТЕЛЕАРНА-

СЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТТІ. СЫР ЕЛІНІҢ НАМЫСЫН РУСЛАН ӘБДІРАЗАҚОВ ПЕН НҰРЫМ 

СӘЛІМГЕРЕЕВ  ҚОРҒАП,  ЕКЕУІ  ДЕ  ОЛЖАЛЫ  ОРАЛДЫ.  БЫЛТЫР  ҚОЛА  ЖҮЛДЕНІ  АЛҒАН  РУС-

ЛАН БИЫЛ КҮМІСТІ ИЕЛЕНСЕ, НҰРЫМ КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛЫП, «ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН 

ЖІГЕРІ»  АТАЛЫМЫ  БОЙЫНША  КӨЛІК  МІНДІ.    ОБЛЫСТЫҚ  ТУРИЗМ,  ДЕНЕ  ШЫНЫҚТЫРУ  ЖӘНЕ 

СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ САДЫҚ МҰСТАФАЕВ ЖӘНЕ ҚОС ПАЛУАНЫМЫЗ ЖУРНА-

ЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСІП, ЖАРЫСТАН КЕЙІНГІ ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ.

АПЫРМАЙ!

САРҚЫРАМАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА 

КІМ ЖАУАПТЫ?


Бір  Алланың  бары  ақиқат.  Тек 

соны бар деп, бір деп сенген жан ғана 

Рамазанның ризығынан құр қалмайды. 

Бұл  уақытта  періштелер  аспан  мен 

жердің  арасында  болады,  шайтандар 

шынжырланып,  жаһаннам  есіктері 

тарс бекітіледі.

Рамазанда  ораза  тұтқан  жанның 

жегісі келгенін Аллаһ Тағала жәннатта 

береді. Себебі Аллаһ: «Аузы берік адам 

ішіп-жеуін  Мен  үшін  доғарды.  Ораза 

–  Мені  мен  құлымның  арасындағы 

ғибадат.  Оған  берілетін  сыйды  Мен 

ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аштық 

пен сусындаудан шыққан ауыз исі Мен 

үшін Миск әтірінен де тамаша» деген 

екен.

Ораза  –  үлкен  сабыр  мектебі. 



Өйткені қасында қаншама әдеп білмес 

кісі не айтса да өзін «ораза ұстаймын» 

деген сөзбен тоқтата алады. Күні бойы 

аштық  пен  шөл  төзіміне  салмақ  сала-

ды, дүниеде қаншама адамның өзіндей, 

тіпті  жыл  бойы  аш-жалаңаш  жүрерін 

ойға алады.

Ал  ауызашар  сәттің  кереметі  не? 

Ауызашарда  Алла  «пендеммен  арам 

бір-ақ перде» деген. Яғни ауызашарда 

Құдайдан тілек тілеу адамның сені мін 

ұлғайтады,  жарқын  болашағын  елес-

тетеді.

Тілің  аузыңа  сыймаған  сәттерде 



газды,  тәтті  суды  есіңе  де  алмайсың, 

тек  ауызашардағы  мөлдір  су  көз 

алдыңа  кеп,  қатықсыз  қара  судың 

қандай  қымбат  екенін  түсінесің.  Ал 

оны  ішудің  рахатын  айту  артық  бо-

лар. Бастысы, өзіңнің күні бойы Алла 

үшін  құлшылық  еткеніңді  ойлап,  бұл 

дүниеге  келген  мақсатыңның  аз  да 

болса орындалғанынан қуат алып, ра-

хат табасың.

Адамның  өз  жанына  мейірімі  – 

туа  сала  бірден  жұмыс  жасайтын 

ағзаларына аз да болса тыныштық беру 

шығар. Яғни 15 сағат ораза тұту орта 

есеппен  күніне  асқазан  мен  бауырды 

4  сағатқа  демалдырады.  Ғылым  док-

торы Рови: «Ораза сырқаттануға қарсы 

иммунитетті  күшейтеді.  Осындай 

маңызды  медициналық  жаңалықты 

ислам  оразаны  парыз  ету  арқылы 

дәлелдеді,  ал  бүгінгі  медицина  ораза-

ны ауруларға қарсы дәрі әрі қорғаушы 

ретінде қолдануда», - дейді.

Ал  ораза  тұтпағандарға  не 

бұйырады? Бұл жайлы Пайғамбарымыз 

кешірім  айындағы  бар  мүмкіндіктен 

құр  қалатынын  айта  келіп,  «олар 

маскүнемдер  мен  зинақорлардан  да 

көбірек азап тартады» дейді.

Иә,  бүгінде  ораза  тұтушылар  ара-

сында  жастардың  үлесі  басымырақ. 

Бұған мемлекетіміз де, аға буын өкіл-

дері  де  қуанбаса,  қайғыра  қоймасы 

анық. Себебі иманды, рухани бай, рухы 

биік жастар елдің кемел келешегі бола-

рына дау жоқ. Мен де қуандым. Бірақ 

«көрген  көзде  жазық  та  жоқ».  Биыл 

таныстарымның  біразы  оразаға  ниет 

білдіріпті. Бірақ бұл көңіліме қуаныш 

емес, қаяу әкелді. «Айтпаса, сөздің ата-

сы өледі».

Замандастар  болып  кешке  бас 

қостық.  Бірақ  ораза  тұтушы  кейбір 

қатарластарым, қазір ораза емес дегені 

ме  (енді  кеш  мезгілі  ғой),  не  болса 

соны  айтып,  тіпті  дарақылана  күліп, 

арзан әңгіме, бос сөзден тыйылар емес. 

Сөз арасында күні бойы ұйықтағанын, 

сәресіде  аузын  «Коламен»  жаба 

салғанын,  «жыны  келгесін»  бүгін 

біраз  адаммен,  анасымен  де  ұрысып 

қалғанын жасырмады. Әңгімеге кірісіп, 

оразаның құндылығын айта бастап ем, 

«негізі  ниетің  дұрыс  болса  болды  ғо» 

дегені.  Түсіне  қойдым,  қанша  айтсам 

да,  өзі  түсінуге  тырыспаған  жанның 

ұқпасын білдім. Сонымен, олар өздері 

айтпақшы,  «ішкісі  келгеннің  бәрін 

ішіп, сәресіге дейін жүріп қайтыпты».

Оразаны ұстау күні бойы аш жүру 

ғана,  әлде  сәресіге  дейін  көшеде 

қыдыру,  ішкісі  келгенді  ішу,  таңда 

тамаққа  тыңқия  тойып  алып,  түске 

дейін  ұйықтап,  одан  қалды,  теледи-

дар  көріп,  телефонмен  сөйлесу  ме? 

Иә, мұндай салулы төсек, салқын үйде 

адамға сусын мен тамақ та онша қажет 

емес болар. 

Сонда  оразаны  күні  бойы  тамақ 

ішпегенін  міндет  етіп,  Алладан  қа-

лағанын тілеу үшін бе әлде диета, әлде 

жұртқа  жақсы  көріну  үшін  ұстағаны 

ма?

Мен  сондай  ойда  қалдым.  Ниет 



еттім екен деп, бүйтіп оразаның құтын 

қашырып,  берекесін  кетірмей,  өзін 

тәрбие  тізгінінде  ұстамаса,  оңай  жол-

мен сауап келе қоймас.

Сол  үшін  де  ниетімізге  сай  іс 

етейік.  Ар  ұялар  жұмыстан  аулақ 

болайық.  Өйткені  Аллаға  ғибадат  ету 

еріккеннің  ермегі,  зеріккенннің  ойы-

ны  емес,  адам  Алланың  добы  екенін 

есімізден шығармайық.

«Адамды сүй, Алланың 

                                      хикметін сез,

Не қызық бар өмірде одан басқа»,-

деп  Абай  ата  жырлағандай,  шын 

құлшылықпен  Аллаға  мінәжат  етейік, 

Ораза  тұтайық.  Кешіккендер  бол-

са, бүгіннен бастайық. Қазасын шілде 

айында  өтерсіз.  Себебі  Жаратушы 

кешірімді әрі шексіз мейірімді.

Ардақты  қауым!  Ораза  мүбәрак 

болсын! Ниеттеріңіз қабыл боп, тілек-

теріңіз орындалсын!



Айдана ЖҰМАДИНОВА

№ 27 (97) 9 ШІЛДЕ, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

МЕЙІРІМ


Жалғасы. Басы 1-бетте

Жалғасы. Басы 1-бетте

ОРАЗА ЗЕРІККЕННІҢ 

ОЙЫНЫ ЕМЕС

Шілденің  13-інен  14-іне  қараған  түн  - 

Ләйләтул-Кадр, яғни осы уақытта әлемдегі, 

еліміздегі  мұсылман  қауымы  Қадір  түнін 

қарсы  алмақ.    Бұл  түні  барлық  мұсылман 

құлшылық  жасап,  қалыс  қалған  намаздар 

мен  Құран  сүрелері  оқылады.  Реніштер 

кешіріледі. VII ғасырда осы күні Мұхаммед 

(с.ғ.с.)  пайғамбарға  көктен  Жәбірейіл 

періште түсіп, Құранның алғашқы сүресін 

ұсынған. Діни әңгімелер бойынша, бұл күні 

көктегі періштелер жақындайды. 

«Қадір  түні  мың  айдан  да  қайырлы».  

«Алаш айнасы» басылымының жазуы бой-

ынша, мың ай 84 жылға тең. Демек, бұл күні 

бұл түнде намаз оқығаныңыз 84 жыл намаз 

оқығанмен  пара-пар.  Садақа  берсеңіз,  84 

жыл садақа берген боласыз. Осылайша бұл 

түні барлық құлшылық арттырылады. 

Жасыратыны 

жоқ, 

«бұл 


түні 

ұйықтамасам» болды деп, теледидар алдын-

да телміріп отыратындар жеткілікті. Қазір 

де Қадір түнінің қасиетті екенін білгенімен, 

оның  шарттарын  толық  түсінгеніміз  аз. 

Бұл  түннің  қадірі  туралы  Алланың  елшісі 

(с.а.у.):  «Расында  сендерге  бұл  ай  келді. 

Онда  мың  айдан  да  артық  түн  бар.  Сон-

да  кім  ол  түннен  мақұрым  қалса,  оның 

барлық игілігі мақұрым қалады. Кім Қадір 

түнінде иман келтірген және сауапқа үміт 

еткен  күйде  намаз  оқып  өткізсе,  алдыңғы 

күнәларының барлығы кешіріледі», - деген. 

Айша  анамыз  пайғамбарымыздан  (с.ғ.с): 

«Әй,  Алланың  елшісі,  егер  мен  Қадір 

түнінің  келгені  туралы  білсем,  не  айтуым 

керек?»  деп  сұрағанда,  ол:  «Аллаһумма, 

иәнәкә  ъафуун,  тұхиббул  ъафуа,  фаъафу 

ъанни  (Уа,  Алла!  Сен  тым  кешірімдісің, 

кешіруді  жақсы  көресің,  мені  де  кешіре 

гөр!)», - деген. 

Имамдардың  айтуынша,  бұл  түні  ша-

масы  келсе,  мешітте  көппен  бірге  Аллаға 

құлшылық  етіп,  уағыздар  тыңдап  өткізген 

абзал. Себебі үйде болған адамның ұйқысы 

келіп, құлшылығы дұрыс болмауы мүмкін. 

Әрі  мешітте  діни  кітаптар  оқып,  діни 

фильм дер көру пайдалы. Бірақ онда әңгіме 

айтып,  тамақ  әкеліп  ішуге  болмайды. 

Себебі  мешіттердің  барлығында  қасиетті 

түнді  күткен  әрбір  мұсылманға  сәресі 

беріледі.  Қадір  түнін  күту  сәресіден  кейін 

таң  намазында  тоқтатылады.  Сондай-ақ 

бұл түні «Қадыр ата келеді» деп, дастархан 

жайып, есік-терезені ашып қоятындар бар. 

Бірақ бұл қате көзқарас. Себебі періштелер 

ішіп-жемейді.  Олар  үшін  адамның  ниеті 

мен  жасаған  құлшылығы  маңызды.  Ал 

Қы дыр ата – қазақ даласы үшін жыл басы 

– Наурыз мерекесімен тығыз байланысты, 

қасиетті ұғым. 

Дана ҚЫСТАУБАЙ

МЫҢ АЙДЫҢ ҚАЙЫРЛЫСЫ

Ол  суда  сылдыраған  цело-

фандар  да,  бүлдіршін  балапан-

дар  да  шомылып  жүреді.  Апыр-

ай,  «өркениет  деген  осы  ма?» 

деп,  іштей  өзімнен  жауап  алып, 

сарқылып аққан сарқырама жаға-

сында  жұмыстан  қайтып  бара 

жатқаным.  Ішінара  су  қызығына 

түскен бүлдіршіндерді сөзге тар-

тамын:


- Атың кім?

- Айдос...

-  Неге  достарыңмен  бірге 

шомылмадың, Айдос?

-  Кеше  Қайсарлармен  бірге 

шомылғанмын, үстім жара болып 

кетті, - деп, аяқ-қолын көрсетеді.

-  Енді  мына  достарыңа  да 

түсіндірмедің бе?

-  Олар  үйреніп  қалған  ғой, 

қандай  су  болса  да  түсе  береді, 

-  деп  қуақы  көзімен  шомылып 

жүр ген  қара  баланы  нұсқады. 

Қара  баланың  қарауға  шамасы 

жоқ. 

- Су лас қой, түспеңдер! 



Менің  айтқан  бұйрық  тектес 

ақылымды олар пысқырмады да.

Мәселені  майшаммен  қарау 

үшін  Қызылорда  қалалық  тұты-

нушылардың құқықтарын қор ғау 

(СЭС)  басқармасына  шық тық. 

Бір  қызығы,  халықтың  құ қығын 

қорғаушы  басқарма  сарқы рама-

ның  тазалығын  бақылауға  құ қы-

лы  емес  екен.  Сонда  кім?  «Жа-

ман  айтпай,  жақсы  жоқ»  ертең 

бір жағдай бола қалса, мәселенің 

се бе бін  емес,  бақылайтын  ме-

ке мені  таппай  басымыз  қата-

тын  сияқты.  Тазалыққа  жауап ты 

ғой  деп,  «Қызылорда  та за лығы» 

мекемесінен  де  сұрап  көр дік. 

Сөйтсек,  сарқыраманың  та за лы-

ғы ның  қаламыздың  таза лы ғы на 

еш  қатысы  жоқ  екен.  Олар  тек 

жа ғасындағы  жағдайға  жауапты 

көрінеді. 

Таң  ала  сарқырама  бойымен 

жұмысқа  шықтым.  «Қызылорда 

тазалығы»  мекемесінің  қызмет-

керлері  сөздерінде  тұрып,  тек 

ай на ласын  тазалап  жүр.  Сыздап 

аққан су жапырақ жамылып жы-

лап  жатыр.  Құтырған  құты лар 

құтыңды  қашырып,  су  ортасын-

да  мазақтайды.  Амалсыз  жү ре 

бердім.  Таптым!  Орталық  алаң-

ның  тұсында  сарқырама  суын 

сүзіп екі апам жүр. Айтуларынша, 

«Ибрайхан және К ЛТД» ЖШС-

нің қызметкерлері екен. Бүгін та-

залап  кетсе,  ертең  қайта  қоқыс 

алаңына  айналатынын  айтып, 

реніштерін  білдірді.  Сондай-ақ 

ағын  суға  тұрмыс  қалдықтарын 

тастайтын  тұрғындардың  көптеп 

кездесетінін де жасырмады олар.

- Біз мемлекеттен бір тиын ал-

май ерікті түрде жұмыс жүргізіп 

жатырмыз.  Қаламызды  кесіп 

өте тін  сарқырама  каналымен  қа-

тар  өзге  де  жеті  каналдың  таза-

лы ғын  бақылап  отырмыз.  Бұл 

жұ мыстарға  барлығы  24  адам 

тартылған.  Әлі  де  болса,  жұмыс 

күші жетіспейді, - дейді «Ибрай-

хан және К» компаниясының бас-

шысы Ыбырайхан Мұсабаев.

Бізге  батыс  десе,  көзімізге 

бүлінген бірдеңе елестейді. Бірақ 

сол бүлінген бірдеңеміз суын су-

дай, нуын нудай ұстайды. Себебі 

әлемдік  туризмде  су  бойындағы 

қалалар  сұранысқа  ие.  Туристік 

құрылымы  қалыптасқан  Еуро-

па ның  кез  келген  қаласын  қа-

ра саңыз,  өзен  бойында  не  су  

белдеулерінің  жағасында  орна-

лас қанын байқайсыз. Бір ғана Ни-

дерландының  астанасы  Амстер-

дам қаласын алайық. Су ортасын-

да орналасқан бұл қалаға жылы-

на мыңдаған турист келіп-кетеді. 

Тиісінше  ел  қазынасына  да  қы-

руар  қаржы  құяды.  Айтпағым, 

біреудің  ақшасын  санау  не 

батыс ты дәріптеу емес, барымыз-

ды бағалауға үндеу. Шүкір дейік, 

Қызылорда – Сыр бойынан орын 

тепкен,  күннен-күнге  сәніне  сән 

қосып  келе  жатқан  әсем  шаһар. 

Алдағы  уақытта  дарияның  арғы 

жағалауына  тоқсан  мың  адам 

қоныстанады  деп  күтілуде.  Сол 

кезде  Сыр  суына  да  сұраныс 

арт пақ.  Оған  дейін  шағын  ға на  

сарқыраманың тазалығын қа лып-

ты  ұстау  -  сіз  бен  біздің  мінде-

тіміз.  Қаланы  бір  үй  деп  алсақ, 

тазалығы  отбасының  кез  келген 

мүшесіне байланысты.



Елжас ӘБДІЛДА

САРҚЫРАМАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА КІМ ЖАУАПТЫ?



НҰРМҰХАМЕДТІҢ ҮЙІНЕ 

ЖАҚЫНДАҒАНДА

Шаруасы кеңге жайылып, малы 

өрісте өрген алақандай ауылдың 

берекесі мол. Талай дана, талай ақын 

шыққан өңір бұл. Сірә, ұлылардың 

кіндігінің қаны тамған өлкеде әлі де 

ұлылар туатыны табиғатынан көрініп 

тұратын болар. Батыс Еуропа – 

Батыс Қытай күре жолының іргесінде 

жатқан Шіркейлі аулына ат басын 

бұрдық. Мұнда біз он екі мүшесі түгел 

жандардың бойына бітпеген талант 

иесімен сұқбат құруға барамыз. 

Ол – Нұрмұхамед Әбілқасымов. Біз 

барғанда ол есік алдында таза ауада 

отыр екен. Қуанып қалды. Таяуда ғана 

шаңырақ көтерген жанның қуанышына 

ортақтастық. Жанарында жалын 

бар жігіттің рухының мықтылығы

иманының беріктігі таңғалдырды. 

ШАБЫТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

- Ақындық өнер біреуге ерте, 

біреуге кеш келіп жатады. Біреулерге 

ақ сақалды қария аян береді, енді бірі 

түсінде домбыра көреді. Сізде қалай 

болды?

- Бала күнімізден өнерге жақын 

болдық. Мэлс, Әселхандардың 

айтысын тыңдап өстік. Бала күнімізден 

тай-құлындай тебісіп өскен үш 

құрдас айтыскерлерге еліктеп, сөз 

сойылдан жіберуші едік. Тауып айтқан 

күндерімізде бір-біріміздің арқамыздан 

қағып, мақтау айтатынбыз. Жазу 

мүмкіндігім болмаған соң көбіне 

жаттайтынмын. Кейін таяқшаны тістеп

ұялы телефонға теретін болдым. 



- Шабытыңыз қай кезде оянады? 

Өлең жазу үшін ерекше бір сезімге 

бөленетін немесе мұңаятын сәттер 


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал