Қаламгер шығармасындағы адам болмысының бейнеленуі абашева Б. С



жүктеу 100.5 Kb.

Дата22.02.2017
өлшемі100.5 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ҚАЛАМГЕР ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ 

БЕЙНЕЛЕНУІ 

 

Абашева Б. С. 



4-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қ.М. Байтанасова 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

 

Жазушы 


– 

ӛзі


а

ӛмір


в

сүрген


в

кезеңнің


ап

тамыршысы.

а

Ол

d



ӛмірдегі 

құбылыстарды  кӛркемдік  тұрғыдан  игере  отырып,  жинақтау  арқылы 

заманның  кӛркем  шежіресін  жасайды.  Қаламгер  қым-қиғаш  оқиғаларды 

шығармасына  арқау  етіп,  кейіпкерлердің  психологиясын  айқындайды. 

Кӛркем  әдебиеттегі  психологизм  мәселесі-ғылыми,  әдеби  мәні  мол,  күрделі 

мәселе. 


Психологизм-қоғамдық 

алғышарттар 

мен 

жеке 


адамдар 

дүниетанымына,олардың  іс-әрекетіне  жетекші  болатын  күштерді  сенімді 

суреттеу  жемісі.  «Қаһарманның  рухани  әлемін,  жан  сырын  жеткізу  амал-

тәсілдерінің  жиынтығы  немесе

о

идеялық-эстетикалық  шығармашылық 



феномен-психологизм»,-  дейді

а

Б.Майтанов



е

[1].


в

«Психологизм  –  кӛркемдік 

әлемнің

в

жұлын



к

жүйесі»


к

[2] 


болғандықтан 

психологияның 

әдебиет 

саласының  тұрақты  «елшісі»  ғана,  себебі  әдебиет  психологияның  ӛзінен 

бұрын  енші  алып  ерте  дамыған  да,  осы  даму  барысында  психологизмнің 

элементтері  кӛрініс  берген.  Психологизмнің  кӛркемдік  тәсіл  ретінде 

әдебиетке  келуі  ХVIII  ғасырдан  бастау  алады.Сол  кезеңдегі  сентименталист 

жазушылардың  басты  мақсаты-адамның  жан  қозғалысын,  жанның  нәзік 

иірімдерін  терең  сезімталдықпен  суреттеу  еді.ХІХ  ғасырдың  басына  қарай 

адамның  жан  дүниесіне  үңілу  тереңдей  түсті  деуге  болады.Кӛркем 

шығармада  басты  нысан  етіп  адамды  алғандықтан,  оның  ішкі-сыртқы 

болмысы шынайлықпен сомдалып, адам жанының ішкі иірімдерін айшықтап 

кӛрсету  мақсатында  психологизм  тәсіл  ретінде  алдыңғы  орынға  шықты. 

«Литературная энциклопедия терминов и понятий» сӛздігінде кӛркем сӛздегі 

психологизмге  мынадай  анықтама  беріледі:  «Әдебиеттегі  психологизм-

кейіпкердің  ішкі  әлемін  толық  суреттелуі,бұл  шығармадағы  эстетикалық 

әлемнің 

мәнді 


бӛлігін 

құрайды» 

[3]. 

Ал, 


«Әдебиеттану 

терминдерінің

п

сӛздігінде»



п

психологиялық

п

талдаудың    пайда



 

болуын


п 

3.Фрейд


а

есімімен


н

байланыстырып

р

былай


р

делінген: 

«Шығармашылық

к

қабілетті



а

жыныстық


к

инстинктерімен

в

тӛркіндететін



в

әйгіл


і

к

туындылардың  психологиялық  астарына  басқаша  үңілуге  шақыратын 



психоталдау  тәсілі  ӛнердің  барлық  саласына  соның  ішінде  әдебиеттануға 

ерекше  ықпал  етті...»  Психологиялық  талдау  ӛнертанудағы  соны  сипаттағы 

белес  болды,  кейіпкер  психологиясын

ап

талдау



вп

тереңдей


вп

түсті»  [4]. 

Осы

у

анықтамаларды



о

«Суреткер

о

кейіпкердің



о

жан


н

дүние 


диалектикасын, 

белгілі  бір  іс-әрекетке  бастар  кӛңіл-күйінің  себеп-салдарын  кӛркемдік 

тұрғыда  талдап  жазғанда  ғана  шығармада  психологизм  ӛріс  алады»,  -  деп 


WWW.ENU.KZ

 

 



ғалым  Г.Пірәлиева  дамыта  түседі  [5].  Расында  кӛркем  шығармадағы 

кейіпкердің  ӛмірге  деген  кӛзқарасы,  дүниетанымды  оның  іс-әркеттері 

арқылы

а

талданып,



ва

табиғаты


в

ашыла


а

түседі. 


Жалпы, 

ғылымда


Р

психологиялық

А

талдаудың



М

аналитикалық, 

синтетикалық

к

және



а

динамикалық

а

деген


в

түрлері


в

орныққан. 

Орыс

и

зерттеушісі



о

М.Храпчепко

о

Гоголь


а

шығармашылығын

п

зерттеп, 



типологиялық

н

психологизм



о

ұғымын


в

қалыптастырса, 

ғалым

а

Б.Майтанов 



психологизмнің

р

бұл



р

түрін


в

М

.



Әуезовтің

а

шығармашылығын



в

талдау 


барысында  «тұйық  психологизм»  түрімен  байыта  түсті  [6  ].  Синтетикалық 

психологизм  дегеніміз-қоғамдық  тартыстағы  кейіпкер  кӛрсететін  іс-әрекет, 

қақтығыстар  сыртқы  кесін-келбет,  бет-жүздегі  құбылулар.  Ал  аналитикалық 

психологизм 

бұған 

қарама-қарсы. 



Ішкі 

толқыныстарды 

кӛрсету 

аналитикалық  психологизм  деп  аталады.  Мұндағы  басты  кӛрініс-монолог. 

Адам  психологиясын  терең  суреттеген  орыс  жазушылары  Л.Толстой  мен 

Ф.Достоевский әдебиетке  «мінез диалектикасын» ашудағы тамаша үлгілерді 

жасады.  Орыс  әдебиетінде  ХІХ  ғасырда  психологиялық  роман  Л.Толстой 

шығармаларынан  бастау  алады.Ол  адамның  сезім-күйін,  толғанысын, 

қуаныш-қайғысынғысын

п

барлық



в

қайшылығымен

в

терең


и

ашып  бейнелеген. 

   

«Анна  Каренинадағы»



е

психологизм,  кейіпкердің  ішкі  сезімнің  нәзік 

иірімдерін,  құпия  сырларын  әсерлі  суреттеу  арқылы  адам  мінезін  асқан 

шыншылдықпен,  нанымды  кӛрсетуге  мүмкіндік  берді.  Индивидтың  жан 

дүниесін  ашып  беру  арқылы  жазушы  қоғамдық  ӛмірдің  қайшылықтарын, 

адамгершілік  пен  қатыгездіктің  қақтығысынан  туған  трагиялық  жағдайды 

әсерлі бейнеледі.  Толстой  кейіпкердің кӛңіл-күйін тікелей суреттеуде де,  іс-

әрекеті  немесе  оның  толғанысы,  ішкі  монологы  арқылы  кӛрсетуде  де  аса 

шебер.  Ф.Достоевский:  «Адам  дегенiмiз  –  құпия.  Бүкiл  ғұмырыңды  осы 

құпияны  шешуге  сарп  етер  болсаң,  уақытымды  босқа  ӛткiзiп  алдым  деп 

ӛкiнушi болма. Мен осы құпияны шешуге тырысамын, ӛйткенi адам болғым 

келедi»  деп  жазған  ұлы  жазушы    ӛмірінің  соңына  дейін  адам  құпиясын  

ашуға  үңілді.  Достоевский  кейіпкерлер  психологиясын  бейнелеудегі 

даралығы  –  романдағы  ӛмірдің  сан  алуан  құбылыстарын  ӛзінше  сезінуі, 

олардың  әр  қилы,  тіпті,  бір-біріне  мүлде  қайшы  дүниетанымын,  кӛзқарасын 

үңіле  зерттеп,  сипаттауынан  айқын  аңғарылады.  Психологиялық  романның 

кӛркемдік  әлемін  Ф.Достоевскийше  түсінсек,  бар  мәселе  –  автордың 

оқырманды  ӛз  кейіпкерінің  ішкі  ӛміріне  қалай  ендіруінде  жатыр. 

Зерттеушілер  Ф.Достоевский  тек  әдебиетке  ғана  емес,  адамтану  iлiмiне  де 

тӛңкерiс  iспеттi  үлкен  жаңалықтар  әкелгенiн  айтады.  Ол  ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысындаақ

а

ӛз



р

туындылары,

о

сомдаған


ор

кейiпкерлерi

р

арқылы


р

ХХ

а



ғасыр

лар


о

әйгiлi


о

Зигмунд


о

Фрейд 


негізін 

қалайтын 

психоанализ 

ілімінің 

алғы

в

шарттарын



о

жасап


о

кеттi.  Қазақ  әдебиетіндегі  психологиялық  романдар 

жайлы  сӛз  қозғағанда,  кӛркем  сӛз  шебері  М  Әуезов  «Заман  шарты»  деген 

мақаласында: 

«біз 

адамның 


сыртқы 

ісін 


кӛп 

баяндап,оның 

ішкі

а

дүниесіне



а

аз

в



үңілеміз,образды

п

даралау,характер



а

дәрежесіне 

жеткізу 

үшін


к

психологиялық

п

талдауға


к

кӛңілді


у

аса


к

бӛлген


к

жӛн», 


депті. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Кейіннен

п

заңғар  жазушыларымыздың  тың  туындыларынан  адам  мінез-



құлқын  сипаттау,«жан  диалектикасына»

о

кӛп  кӛңіл  бӛле  бастады. 



Әдебиеттегі  тұңғыш  психологиялық  роман  «Ақбілекте»,  М.  Әуезовтің 

шығармалары  мен  М.Жұмабаевтың  «Шолпанның  күнәсі»

к

туындыларында 



психологиялық сипат терең қозғалады. Медицина ғылымында әлі күнге дейін 

жұмбақ  болған  тұлғаның  екіге  жарылуы    құбылысынның  сырына  үңілген  

жазушы  Тӛлен  Әбдікұлы  шығармаларында  адам  психологиясы  («Оң  қол») 

ӛзгеше  сипатта  кӛрініс  береді.Шындығында    әңгімедегі  «оң  қол  да»  бір 

адамның  бойында  ӛмір  сүретін  қостұлғалық  зұлымдықтың  сыртқы  кейпін 

кӛрсету  үшін  таңдап алынған символдық белгілер. Әңгімеде сӛз ететін шын 

қылмыскер олар емес. Ал нағыз қылмыскер ештеңені тыңдағысы келмейтін, 

ақылға  бағынбайтын  –  адамның  санасы.  Кінәлі қылмыскерді  жазаға  тартуға 

болады,бірақ  адамның  санасында  жасалып  жатқан  зұлымдықты  атаулыны 

ауыздықтайтын амал не тәсіл бар ма? Әдебиет әлемінің есігін аттауға куәлік 

алған  алғашқы  шығармасымен-ақ  жазушы  Тӛлен  Әбдікұлы  жұрт  күтпеген 

күрделі сауал қойып,  халықты алаңдатып, оқырманды ойландырып  тастады. 

Қаламгердің  бұл  әңгімесін  әдеби  қауым  үш  жыл  талдады.  Әңгімені 

оқығаннан  кейін,  адамның  мінезі  де  ӛзіне  үрке  қарады.  Жас  қыздың  ӛлімі 

«бір адам ішінде біріне – бірі қараған екі мінезі егіз ӛмір сүреді» деген үрейлі 

қағиданы  қалыптастырды.  Автордың  ӛзі  бұл  туралы  былай  дейді:  «Студент 

кезімде  Италия  елінің  психиаторының  кітабы  қолыма  түсіп  танысқанмын. 

Сол  еңбекте  психиаторлардың  ӛмірлерінен  келтірген  қолжазбалар  бар. 

Қолжазбаны  парақтай  отырып,  ауруханада  болған  оқиғаны  кезіктірдім. 

Қалың  ұйқыда жатқан  қыздың сол қолы ӛз бетінше, жеке бір адам  ретінде 

қимылдар жасайды екен. Қыздың үстіндегі кӛрпе жерге түсіп кетсе, сол қолы 

кӛрпені алып қыздың үстіне жабады. Егер қолы жетпесе, жанындағы анасын  

түртіп  кӛрпені  кӛрсетеді  екен.  Әрине,  бұл    толық  сыры  ашылмаған  дүние. 

Бұл арада ең үлкен мәселе-бір адамның ішінде екі тұлғаның ӛмір сүруі. Осы  

мәселені қызық кӛріп кӛп зерттедім. Психиаторлармен сұхбаттасып, ӛмірдегі 

осыған  ұқсас  оқиғаларды  салыстыра  отырып  ақырында  «Оң  қол»  әңгімесі 

жазылды». Жазушының әңгімесі 1970 жылдары жазушылар мен оқырмандар 

арасында  бірталай  айтыс  туғызған  еді.  Әңгіме  адам  психикасының  сан  мың 

алуан  екенін  кӛрсетеді.  Әңгіме  дәрігердің  айтуымен  баяндалады.  Сұлу 

қыздың  жаңа  басталған  ӛмірі  тек  қана  үрей  мен  қорқыныштан  тұрады. 

Ауруды емдеп жүрген жас дәрігер қыздың мына бір  сӛзін  келтіреді: «Маған 

қастандық  жасаған  мынау,  бұл  менікі  емес,  мүлде  бӛтен  қол,  мені  ӛлтіргісі 

келіп  жүр»,  –  деп  ӛзінің  оң  қолын  кӛрсетті.  Мұндай  аурудың  түрін  ішкі 

тұлғаның  екіге  жарылуы  дейді.  Яғни  бір  денеде    екі  түрлі  жан  иесінің 

кезектесіп,  қатар  ӛмір  сүруі.  Қыздың  есімі-Алма.  Жас  дәрігер  ӛзіне  ғылыми 

нысан табылғанына қуанады. Ауруды бақылауға күнделік арнайды. «Оң қол 

шынында  да  ӛз  бетінше  ақылға  симайтын  әрекеттер  жасайды.  Оң  қолы 

кеңірдегін  тас  қылып  ұстап  алады.  Сол  қолымен  жанталасып  айырмақ 

болды.Оң  қол  қыз  тек  қалың  ұйқыға  кеткенде  ғана  шабуыл  жасайды.  Ӛзіне 

қанша түсініксіз болғанымен ӛзін - ӛзі ӛлтіру ниеті қыздың миында бар деген 



WWW.ENU.KZ

 

 



сӛз.  Бірақ  ол  ниет  кімнен,  қайдан  келді?  Алманың  бүкіл  ӛмірін,  мінез-

құлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мұны ӛз басынан туған 

ниет  деуге  себеп  таба  алмадым.  Бұл  қалайда  қанмен  тұқым  қуалап  келген 

ниет.  Науқастың  шешесі,  не  әкесі,  не  әкесінің  әкесі  бір  кезде  ӛзін-ӛзі 

ӛлтірмек болған. Енді олар әлдебір құпия заңдылықпен Алманың санасында 

тұрып ӛздерін–ӛздері ӛлтіргілері келеді. Бірақ олардың ӛздері жоқ. Сананың 

иесі  –  қыз  ӛлуге  тиіс.  Әлгі  ниет  қыздың  ағзасы  толық  тыныштыққа

к 

енген



в 

шақта 


п

таңғажайып 

к

қатерлі


в 

рефлекс 


арқылы

а

оянып,оң



а

қолға


о

сигнал


к

береді...». 

Бақылаудың  нәтижесінде  Алма  оңала  бастайды.  Күндіз  ол  кітап  оқиды. 

Жалғыздық сұлу қыздың серігі болды. Автордың сӛзін келтірсек: «Дүниедегі 

ең  қиыны  жалғыздық  қой.  Тӛңірегіңде  іштегі  қайғың  мен  қуанышыңды 

ӛзіңмен  бӛлісе  алатын  жан  серік  адамдар  барда  тірліктің  де,  ӛлімнің  де  бір 

мағынасы  болуы  хақ.  Бұдан  әрине,  ӛлімнің  салмағы  жеңілденіп  кетпейді. 

Ӛлім  қашан  да  қорқынышты.  Бірақ  сенің  ӛлімнен  қашып,  тіршілікке 

ұмтылуыңның  ӛзі  сол  тіршіліктің  мағынасы  барын  дәлелдейді.  Ал  жер 

бетінде  бүкіл  тіршілік  атаулы  жойылып,  әлемде  жалғыз  қалған  сәтіңді 

елестетіп  кӛрші.  Мұндайда  ӛлім  қорқынышты  емес,  керісінше  тірлігің 

қорқынышты  болмақ.  Алманың  бойындағы  рухани  жалғыздық  та,  осыған 

ұқсас  бірдеңе  еді...».  Дәрігер  нақты  дәлелдерін  кӛрсетіп  аурухананың  бас 

дәрігерінен  Алманың  оң  қолына  ота  жасауға  келісімін  алады.  Әттең-ай,  не 

керек, сол күні түнде зұлымдық жасайтын оң қолы Алманы ӛлтіртіп тынады. 

Қаламгер  Тӛлен  Әбдікұлының  бұл  әңгімесінде  адамнан  тыс  бір  күштің  бар 

екені айтылады. Сол күш қандай күш? Ақ ниетті ме, әлде... Әлде қара ниетті 

ме?  Тағы  да  дәрігердің  сӛзін  мысалға  алсақ:  «–  Рас,  адамның  ӛз  денесінің 

ӛзіне  жау  болғаны  -  бақытсыздық.  Бірақ  адамның  ӛзіне  –  ӛзі  жаулығы 

соншалық  сирек  оқиға  ма?  Сот  залына  барып  айыпталған  адамдардың 

қателіктерін  тізіп  кӛріңіз,  бәріне  де  ӛздері  кінәлі.  Кісі  ӛлтіруден  бастап, 

ұрлық істеу, арақ ішіп тӛбелесу, әйел зорлау, адамды балағаттау, содан кейін 

түрмеге  түсіп,  ӛмірін  қор  қылу  ӛзіне  -  ӛзі  жаулық  жасау  емес  пе?  Адам 

бойындағы  әзәзілдің  жаңағы  оң  қолдан  несі  кем?...»[7].  Әңгіменің  идеясы  - 

әлі құпиясы ашылмаған тылсым ӛмірдің жұмбағы. Әңгіме ӛткен дәуірдің 70-

ші  жылдарда  жазылса  да,

о

дәл  қазіргі  кезеңдегі  қоғамды  суреттегендей  әсер 



аласыз.

к

Жазушының 2002  жылы  жазған  «Парасат  майданы»  атты  повесінде 



де  адам  жанының  екіге  бӛлінетіндігі  туралы  тағы  да  дәлелдегендей  болады. 

«Оң  қолда»  кейіпкер  әлі  ӛмірдің  дәмін  татпаған  уыздай  жас  қыз  болса, 

«Парасат  майданындағы»  кейіпкер  ӛмірдің  «дәмін»  татып,  ауыртпалықтан 

жүйкесі тозған адам. Ӛмірдегі қарама – қайшылықты бір-біріне қарсы қойып, 

бұл  екі  түрлі  ӛмір  кешетін  адамның  күнделігі  арқылы  суреттеледі.  Асылы, 

адам жанының бір күнде қырық құбылатыны баршамызға аян. Бірақ ешкім де 

осыған  мән  беріп,  ӛзін  –  ӛзі  зерттемейтіні  рас  қой.  Повесть  жайында  автор 

былай  дейді:  «Парасат  майданындағы»  оқиға  ӛмірден  алынған.  Адам 

ұйықтайды,  үш  күннен  соң  басқа  адамға  айналады.  Сол  адам  бірақ  ӛзін 

басқамын  деп  айтатын  кӛрінеді.

е

Осы  бір  ауруды  дәрігерлер  тексерген. 



WWW.ENU.KZ

 

 



Нәтижесінде  адам  санасының  екіге  жарылу  құбылысын  байқаған.  Науқас 

осылайша  бір-бірімен  хат  жазысады.  Ең  қорқыныштысы  бейтаныс  хатты 

жазушының  келтірген  қисындары  мен  дәлелдерінде  ақиқат  жоқ  емес  еді.  

Бірте-бірте  ол  ізгілікке  ғана  емес,  зұлымдыққа  да  сену  қажет  екенін 

дәлелдеуге  құлшына  кірісіп,  қарсыласының  санасында  оны  заңдастырып 

беруге  тырысады.  Қарсыласы  парасат  тауының  асқарына  кӛтерілген  биік 

рухтың адамы болғандықтан, бейтаныс хатты жазушының айтқанына кӛнгісі 

келмей,  кӛр  азабына  түскендей  қиналады.  Ізгіліктің  ғана  әлемді  құтқарып 

қалатынына  кәміл  сенетін  ол  байғұс,  зұлымдықтың  жамылғысын  жұлып 

тастау үшін, бейтаныс хатты жазушымен қайта-қайта айтыс-тартысқа  түседі. 

Онымен  жүзбе-жүз  кездесіп,  райынан  қайтармақ  болғанымен,  ол  әрекетінен 

түк нәтиже шықпайды. Бейтаныс хат жазушы кездесуге келмей қояды. Міне, 

әр адамның рухани ӛмірінде үлкен күрестер жүріп жататынын осыдан кӛруге 

болады. Данышпан Абайдың: 

Ӛлсем, орным қара жер сыз болмай ма? 

Ӛткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? 

Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, 

Қайран менің жүрегім мұз болмай  ма?-деп ақын бір жүректетің  ішіндегі 

күресті осылайша кӛрсетеді. 

Повестің  тақырыбы  шығарманың  оқиғасын  дәл  ашады.

к

Шығармада: 



«Тіршіліктің 

мағынасын 

іздеу 

деген 


бір 

қиын 


іске 

бел


а

буған


а

екенсіз.Мұның

в

ӛзі,


в

шындап


в

келгенде, 

рух

в

деп



к

аталатын 

ұлы

а

әлемге



н

сапар


ч

шегу


к

ғой… 


…Менің  ойымша,  адам  ӛмірі  –  жақсылық  пен  жамандықтың  мәңгілік 

қақтығысы  деген  қалыптасқан  тұжырым  әлі  де  ойлануды  қажет  етеді. 

Себебі

вв+


жаңағы

в

Жамандық



в

пен


в

Жақсылықты

в

жеке-жеке



л

бұғалықтап 

а

екі


т

жаққа


о

бӛліп


о

қоя


в

алмайсың.[8]. 

…Ең  қызығы  –  Жақсылық  пен  Жамандық  қашан  кереғар  болғанымен, 

бірімен-бірі  ӛзектес,

н

сабақтас,



о

бір-бірінсіз  күндері  жоқ  егіз  құбылыс».. 

Жазушы ізгілік пен зұлымдықты ӛмірдің негізі ете отырып философиялық ой 

тастайды.  Әлбетте,  бұл  дұрыс  ой  сияқты.  Себебі  ӛзің  жақсы  білетін,құрмет 

тұтатын танысың күндердің күнінде қылмыс иесі болып шықса, кӛп уақытқа 

шейін  бұл  мүмкін  емес,  оның  қолынан  мұндай  іс  келмейді  деп  қарсылық 

білдіресің. Оны жазушы да мысалға келтіреді. Мысалы: Біреу жақсы отағасы, 

ұқыпты  қызметкер,  ал  түнгі  сағат  12-ден  кейін  кісі  ӛлтіруі  мүмкін.  Ол  бұл 

іспен бірнеше жыл шұғылданып жүргенін ешкім де білмеуі мүмкін. Мұндай 

мысалдар  ӛмірде  аз  емес.  Жазушы  жүйкесі  тозған  адамның  бейнесі 

арқылы

о

осы кезеңдегі әрбір адамды жекелеп табиғатын аша отырып мысалға 



алып  тұрғандай.  Жоғарыда  келтірілген  мысал  осыған  күмән  келтірмейтін 

дәлел емес пе? Жазушы шығармасындағы жүйкесі тозған ауруға осындай ой 

салдыра  отырып,  ӛмірдегі  ізгілік  пен  қиянат,  жамандық  пен  жақсылықтың 

қоғамда  орын  алғанын  кӛрсетеді.  Жазушы  кейіпкерін  екі  тұлғаға  бӛліп,бір 

адамды  ӛзімен  ӛзін  айтыстырады  (хат  арқылы).  Повесті  оқып  отырғанда 

шығармада  келтірілген  ақиқаттан  қашып  құтыла  алмайтындай  шынжырға 



WWW.ENU.KZ

 

 



байланасың.  Мұнда  шындық  пен  ӛтірік,

р

ізгілік  пен  қиянат,  тәуелсіздік  пен 



тәуелдік,  бостандық  жайында  айтысады.  Жазушының  бұл

в

повесінен 



әр

а

оқырман  ӛміріне  қажетті  ӛзекті  мәселелерді  философиялық  тұрғыдан 



болсын,психологиялық  тұрғыдан  болсын,мораль,тіпті  адамгершілік  хақында 

да  болсын  үлгі  алады.  Бізде  қазіргі  ХХІ  ғасырда  ӛркениетті  қоғамда  неге 

адам 

болмысы 


жұмбақ 

болып 


бара 

жатқаны 


қызықтыруға 

тиіс.Оған

о

мынадай


в

дәлел


в

айтқым


в

келеді: 


1.  Адам  баласы  қай  кезеңде  де  ӛзінің  ішкі  болмысын  қоғамның  күрделі 

қайшылықтарымен байланыстырып отырады. Осы бағытта еңбек етеді, білім 

алады,  ізденеді,  жаңалық  ойлап  табады.  Егер  адамның  бұл  әрекеті  қоғамда 

ұнамды 


қабылданып 

жатса, 


адамның 

биіктегені. 

Ал 

керсінше 



болса,

а

адам



а

баласы


аа

тұйықталады,ортасымен

в

тіл


в

табыса 


алмайды, 

қоғамнан


а

оқшауланып

к

қалады.  



2.  Болмысы  ортасынан  оқшауланған  адам  (экзистенциалист)  ӛзгеге 

ұқсамайтын  ойға  беріледі,  әркетке  барады.  Мұның дұрыс,  бұрыстығына  кӛз 

жеткізе  алмай  екіұдай  күйге  түседі,  ойы  екіге  жарылады.  Бұл  проблема 

медицина, психология ғылымдарының ауқымынан шығып кӛркем әдебиеттің 

де  проблемасына  айналды.  Себебі,бұл  ғылымдардың  басты  зерттеу  нысаны 

Адам болып қалмақ. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.Б.Майтанов.  Қаһарманның  рухани  әлемі.  Зерттеулер.  –  Алматы:  Жазушы, 

1987. - 3 б 

2.Б.Майтанов.  Қаһарманның  рухани  әлемі.  Зерттеулер.  –  Алматы:  Жазушы, 

1987. - 12 б. 

3.Литературная энциклопедия терминов и понятий. – Москва: 2003.с.844. 

4. Әдебиеттану терминдер сӛздігі. – Алматы: Ана тілі,1998. – 278 б 

5.  Пірәлиева  Г.  Қазіргі  қазақ  прозасындағы  психологизм  мәселелері. 

Автореферат. – Алматы: 2004. - 13 б. 

6.Б.Майтанов.  Қаһарманның  рухани  әлемі  Зерттеулер.-Алматы:  Жазушы, 

1987. - 86 бб.  

7. Т.Әбдік. Оң қол. – Астана: «Атамұра», 2002. 31 б 



8.Т.Әбдік. Парасат майданы. – Астана: «Атамұра», 2002. – 78 б 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал