Қала мектептерінің арасында өткен «Табысты адамның тарихы» атты әңгімелер байқауында



жүктеу 20.38 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі20.38 Kb.

Қала мектептерінің арасында өткен 

«Табысты адамның тарихы»  атты 

әңгімелер байқауында  

 9-сынып оқушысы Сибатрова Елена 

ІІІ орын иелеленді 

 

Табысты адамның тарихы 

Егер сіз бар болсаңыз - бірінші болыңыз... 

Р.Рождественский 

       Адам баласы өмірге келгеннен кейін өмірде бірінші болу керек. Өмірде бірінші 

болу дегеніміз қоғамда, еңбекте, ұжымда алда болу. Сондай озат жандардың бірі -  

біздің  лицейдің  директоры  Е.В.Коноплева.  Оның  "Егер  сіз    бар  болсаңыз,  үздік 

болыңыз"  деген  өмірлік  ұстанымы  бар.  Бұл  ұстаным  лицейліктер  үшін  өмірлік 

ұранға  айналды.  Е.В.Коноплева  лицейліктер,  әріптестері  үшін  ақылды  тәлімгер, 

педагогтардың  арасында  шебер  маман,  іскер  басшы,  отбасында  сүйікті  ана,  жеті 

немеренің аяулы әжесі,  облыстық мәслихаттың депутаты. 

      Е.В.Коноплева  мұғалімдік  жолға  кездейсоқ  келген  адам  емес.  Оның  ата-әжесі 

Владимир  Яковлевич  пен  Валентина  Самойленко  1930  жылы  Қазақстанға  көшіп 

келіп, мұғалімдік жолды таңдап, білім саласында көп жылдар қызмет еткен. Жалпы 

мұғалімдік династиялары - 350 жылды құрайды. 

     Е.В.Коноплева  еңбек  жолын  мектепте  орыс  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  болып 

бастаған. 1991 жылы Бірінші лицей ашылған кезде лицейге шақырылып, оқу ісінің 

меңгерушісі  болып  еңбек  жолын  жалғастырды.  2007  жылы  лицейдің  негізін 

қалаушы,  облысымызға  танымал  А.С.Слухаевский  өмірден  өткен  кезде,  оның 

басшылық қызметін Е.В.Коноплева жалғастырып кетті. 

     Қазіргі таңда мектеп директорларының сағат 8.00-ден оқушыларды қарсы алуы 

сирек  кездеседі.  Ал  біздің  директордың  бұл  күнделікті  жұмысы.  Таңертең  жылы 

жүзбен  оқушыларды  қарсы  алып  тұрады.  Сонымен  қатар  өзінің    назарын 

мұғалімдер мен жұмысшыларға да аударады да ұмытпайды. 

     Е.В.Коноплева  басқарып  отырған  Бірінші  қалалық  жалпы  білім  беретін  лицей 

оқуға  деген  қабілеттері  жоғары  оқушыларға  арналған  білім  мекемесі.  Лицей 

республикамыздағы  100  үздік  мектептердің  қатарында.  "2013-2014  оқу  жылының 

үздік  білім  беру  мекемесі"  байқауында  1  орынды  иеленді.  Бірінші  лицейдің  іс-

тәжірбиесі  "Қазақстанның  ғылымы  және  үздік  білім  беру",  "Дарынды  балалар  - 

Қазақстанның  болашағы"  атты  республикалық  энциклопедиясында  көрініс  тапты. 

Бірінші лицейдің 25 жылдық мерейтойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен 

тұспа -түс келіп, салтанатты түрде аталып өтілді.Осы білім ошағында тәрбиеленіп 

жатқан  лицейістер  облыстық,  республикалық,  халықаралық  олимпиадалар  мен 

байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 

    Лицейдің  дәстүрге    айналған  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Солардың  бірі  -  4-7 

сыныптар  аралығында  өтетін  "Престиж  зияткерлік  турнирі".      Бұл  турнирдің 

мақсаты  оқушылардың  жеңіске  деген  ұмтылысын  шыңдап,  келешекте 

олимпиадалар  мен  байқаулардың  жеңімпаздары  болуға  жетелеу.  Бұл  лицейдің 

автолық бағдарламасы. Ал жоғары буын 8-11 сыныптар үшін "Олимпиада клубы" 



жұмыс  істейді.  10-сынып  оқушыларының  сөйлеу  мәдениеті  мен  әртістік 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  "Театральный  разьезд"  атты  сахналық 

қойылымы  ұйымдастырылған.  Лицейде  мұғалімдерге  де  сапалы  білім  беруге 

жағдай  жасалған.  Арнайы  сабақтан  босатылған  сынып  жетекшілері  де  бар. 

Олардың  міндеттері  өз  алдына  бөлек.  Оқу  жылының  аяғында    оқушылардан 

"Оқушылардың көзімен" атты сауалнама алынады. Бұл сауалнамада мұғалімдердің 

сабақ  беруі,  оқушылармен  қарым-қатынасы,  бағаны  әділ  қоюы,  сөйлеу  мәдениеті 

және  білім  беру  технологияларын  қаншалықты  меңгергендігі  туралы  сұрақтар 

болады. Жалпы сауалнама 14 сұрақтан тұрады. Әр сұрақ ұпай санымен белгіленіп 

қорытынды шығады. Сол қорытынды арқылы ең үздік ұстаздар мен ең үздік сынып 

жетекшілер анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Оқушы мұғалімнің 

айнасы деп бекер айтылмаған. Сауалнаманың қорытындысы бойынша мұғалімдер 

өздерінің  қаншалықты  жұмыс  атқаратындықтарын  біліп,  қандай  кемшіліктер 

жібергендігін  ескеріп,  келесі  оқу  жылында  қайталамауға  жұмыс  істейді.  Осы 

ұйымдастырылған іс-шаралардың негізгі ұйытқысы Е.В.Коноплева. Ол тек білімге 

ғана  емес,  оқушылардың  жан-жақты  дамуына  және  жеке  тұлға  болып 

қалыптасуына  ерекше көңіл аударуы. Өз мектебінің оқушыларын да, ұстаздарын 

да, өзінде жақсы жағынан көрсете алады. 

     Елена  Викторовна  бірінші  республикалық  педагогикалық  оқулардың 

жеңімпазы,  ҚР  Үздік  оқытушысы,  Ы.Алтынсарин  төс  белгісінің,  А.С.Пушкин 

медалінің иегері. 

      Елена Викторовна - жаңа ағымдағы басшы. Ол адамның психологиясын жақсы 

біледі.  Өзінің  лицейін  жан  дүниесімен  жақсы  көреді.  Облыс  және  республикаға 

таныту үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды деп орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі 

Любовь Строкина айтқандай, Е.Викторовна - іскер басшы, өз ісінің мықты маманы. 

     Мен  Елена  Викторовнаның  осындай  жетістіктеріне  қарап,  оны  табысты  адам 

деп  бағалаймын.  Табысты  адам    ғана  жаңа  жетістіктерге  жете  алады.  Ондай 

жетістіктер  басшының  бойынан  ғана  табылып  қоймайды,  істеген  іс-әрекетінен 



көрінеді. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал