Ал тіпті бес мың емес, балпанақтай бес жүз мың болса да, ондай



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата24.02.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Ал тіпті бес мың емес, балпанақтай бес жүз мың болса да, ондай 

сормаңдай  сә биге  алаңдамайтынымызды  (жүрегіміз дің  ауырмай­

тынын)  мынадан  білуге  бола ды:  біріншіден,  бірі  кетіп,  бірі  қалса  да, 

қан нен­қаперсізбіз. Өйткені елімізде баланы жасырын да, ашық түрде 

де шетелдіктерге асырап алуға беріп жатқанымызға он жыл дың төңірегі 

болса да, нақты санын қолмен қойғандай айтып бере алмаймыз. Бұл 

біздің  керенау  жауапсыздығымыздан.  Екіншіден,  тас­түйін  заңымыз 

жоқ. Ұшақ ұшып, пойыз кетіп қалған. «Балалардың құқығын қорғайтын 

заң  керек»  деп  әлі  жүрміз.  Қашан  заң  дайын  болады  екен?  Бұл  –              

тағы  салғырттығымыз.  Біз  сұмдық  тасжүрек  болып  кетіппіз.  Олай  де­

мегенде...

Жалғасы 2-бетте

иә

– Әрине, елімізде саяси клубтардың аз болуы 

саяси  нарықтың  толық  қалыптаспағандығын 

көрсетеді. Саяси тұлғалар мен шенеуніктер осын­

дай  пікірталастарға  енуге  құлық  танытпай  отыр. 

Саяси  нарықта  белсенді  субъектілер  мен  саяси 

күштер  болу  керек.  Егер  пікірталас  клубтарының 

кең  өріс  алуына  мемлекет  тарапынан  да  қолдау 

көрсетілсе, бұл қоғамдағы көптеген мәселелердің 

орынды  шешім  табуына  сеп  болар  еді.  Негізі, 

Үкімет  пен  Парламенттің  күн  тәртібінде  тұрған 

қандай  да  бір  мәселені  қабылдамастан  бұрын 

олар пікірталас клубтарының талқылануынан өтуі 

керек  еді.  Өкінішке  қарай,  біздегі  саяси  тұлға­

лардың самарқаулығынан саяси пікірталас клуб­

тарының  тасы  өрге  домалап  жатқан  жоқ.  Бұған 

біздің саясаткерлер де мүдделі емес. 

Бүгінде елімізде «АйтPARK», «Политон» сияқ­

ты бірнеше саяси пікірталас клубы бар. Дегенмен 

олардың  қоғамдық  пікірге  әсері  болып  жатқан 

жоқ. Ықпал ету аясы шектеулі. Ал кейбір пікірталас 

клубтарының артында саяси күштер жатыр. 



Жоқ 

– Меніңше, саяси клубтар мен саяси нарық­

тың  арасында  аса  үлкен  байланыс  жоқ.  Бұған 

аға  буын  өкілдерінің  арасында  осындай  пікір­

ал масу  дәстүрінің  қалыптаспағаны  бірден­бір 

себеп болып отыр. Айталық, олар дың бойында 

өз пікірін бір сөзбен «дұрыс» деп, өзіне қарсы 

келгенді  үзілді­кесілді  «бұрыс»  деп  қайыра 

салатын  кертартпа  мінез  болды.  Күйді ретін 

тұсы, өз пікірінің неліктен дұрыс болатын ды ғын 

тарқатып та айтпайды, дәлел де келтір мейді. Ал 

өзінен басқаның пікіріне құлақ түр мейді, сөзіне 

назар  салмайды.  Оның  қарсыласы  да  дәл 

сондай болады. «Айттым бітті, менікі – ақиқат» 

дегендей қасаң қағидамен өмір сүреді. Біз сол 

үлкен  ағаларымыздың  газет  беттеріндегі 

пікірлерін оқып өстік қой. Баспасөз беттерінен 

басталған сол айтыстардың ақыры немен аяқ­

талды?! Біреуі «сен еліңді саттың, тіліңді, діліңді 

саттың» десе, екіншісі «сен – халық жауысың!» 

дегендей бір­біріне айдар тағумен бітті. Нелік­

тен бұлай болды? 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Ярослав Кендзьор, 

украиналық саясаткер:

«Кремль тарапынан украиндер 

мен  гүржілерге  қарсы  шовинистік 

көзқарас жалғаса береді. Бұл біле  

білсеңіз,  ген  арқылы  беріледі.  Ке­

рек  десеңіз,  орыстың  қаңғыбас та­

рының  (бомж)  өзі  украиндер  мен 

гүржі лерді  төмен  санайды  және 

бірдеңе дәметіп тұрады». 

(www. ura-inform.com сайтынан)

№137 (137) 

13 тамыз

бейсенбі


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

нұрлан ерІМБеТоВ, 

«АйтPARK» пікірталас клубының 

модераторы, саясаттанушы:

Шәріпбек әМІрБеК, 

саясаттанушы:

ТҮ

й



ТК

іл

3-бет



5-бет

7-бет

Ой­КӨКПАр 

Винокуровтың 

екі жылдан 

кейінгі жеңісі

Технократ 

ұрпаққа дін 

керек емес пе?



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Медведевтің 

мәмілесіздігі 

одақтастықтың 

мәнін кетіріп тұр 

www.аlashainasy.kz

150,72

213,65

4,72

22,05

234,21

9241,44

1013,83

1269,23

72,22

944

Мемлекет Ахмет шалдай 

бола алмай ма?

Саяси пікірталас клубтарының аздығы елдегі саяси рынок әлсіздігінің көрінісі емес пе?

Бүгінде еліміздегі саяси 

пікірталас клубтарының саны 

санаулы-ақ. олардың бір-екеуі 

ғана тұрақты түрде жұмыс 

жасайды. қалғандары айына, 

жылына, мезгіліне бір отырыс 

өткізуді қанағат тұтады. Саяси 

тұлғалардың ашық дебатқа түсіп, 

пікір білдіруге салғырттығы неден 

болып жатыр? Бойға сіңген 

салқынқанды самарқаулық 

мінезден бе, әлде саяси рыноктың 

әлі де болса дамымай 

жатқандығынан ба? Бұл мәселе 

жөнінде саясаткерлер қарама-

қайшы пікір айтады. 

Қ

ҰҚЫҚ



 ПЕН

 ҚҰ


рЫҚ

құрылыс алаңы қаза алаңына 

айналып барады

Кеше  Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігінде  (Қаржы 

полициясы)  болған  брифингте  ресми  өкіл  Мұрат 

Жұманбай  жер  телімдеріне  қатысты  заңбұзушылық­

тары  үшін  құрыққа  ілінген  жемқорларды  жария  етті. 

Алайда бұл жолы да ресми өкіл әдеттегісіндей тергеу 

жұмыстары  жүріп  жатқанына  байланысты  қаржы 

қымқырып  құрыққа  түскендердің  көбінің  аты­жөн­

дерін атамай, құпия қалдырды. 

ресми  өкілдің  айтуынша,  тек  осы  жылдың  алты 

айының  ішінде  ғана  Қаржы  полициясы  жер  қаты­

настары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа байла­

нысты 75 қылмыстық іс қозғалыпты. 59 қыл мыстық іс 

сотқа жіберіліп, бармақ басты, көз қыстылыққа барған 

11  қыз меткер  темір  торға  қамалған.  «Келтірілген 

шығын  кө лемі  де  аз  емес.  Олар  мемлекетке  5  млрд  

62  млн  тең ге  зиян  келтірген.  Сот  барысында  2  млрд 

401  млн  тең ге  өтеліп,  мемлекеттік  жер  қорына  342 

гек тар жер қай тарылып алынды», – деп атап өтті ол. 



Жалғасы 4-бетте

Еліміздің түрлі өңіріндегі құрылыс алаңдарында бір 

күнде үш бірдей құрылысшы қаза тауып, бір адам ауыр 

жарақат алды. Қайғылы оқиғалардың бірі елорданың 

Алматы ауданында болған. Онда Оңтүстік­шығыс ша­

ғынауданында құрылысы жүріп жатқан «753» тұр ғын 

үй кешенінде 48 жастағы тас қалаушы екінші қабаттан 

құлап  кетіп,  оқиға  орнында  көз  жұмды.  Екін шісі, 

Алматы  облысының  Қарасай  ауданында  орын  алды. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің тарат қан 

ақпаратына сенсек, Қаскелең қаласында Алтын­Ауыл 

шағынауданындағы құрылыс алаңында «Ақсу» АҚ­на 

тиесілі  «QTZ­80»  мұнаралы  краны  құлап  кетіп,  ол 

«КамАЗ» тіркемесін басып қалған. 



Жалғасы 2-бетте

Өлгендерге жер 

беріліп жатыр

Бүгіндері ештеңеге де таңғалмайтын 

болдық. Тіптен аспаннан ақша жауса 

да. Алайда «баяғыда-ақ о дүниелік 

болып кеткен жандарға да жер телімі 

беріліп жатыр» дегенді естіп пе едіңіз? 

қостанай облысы Чехов ауылдық 

округінің әкімі аппаратының бас 

маманы қайтыс болған 24 адамға жер 

алып беріпті. әрине, жалған құжат 

арқылы. осылайша, ол жалпы құны 34 

млн 700 мың теңге болатын 792 гектар 

жер телімін «КФК Агро» ЖШС-не тарту 

еткен...

«Кейінгі он жылда 5000-ға жуық қазақстандық бала 

АқШ азаматтарына асырауға берілген» дейді соңғы 

ақпарат көзі. «Алайда мұхит асып кеткен бүлдіршіндердің 

бүгінгі жай-күйі туралы толыққанды ақпарат жоқ» деп 

тағы қоя салады. қалай, күлемісіз, жоқ, күйесіз бе?! Бір 

бала болса, мақұл, маңдайына жазылғаны сол шығар 

деп іштен тынар едік, ал бес мың бала болса... ол деген 

тұтас жүз вагонның не әуеге самғайтын жиырма бес 

алып лайнердің ішін балаға лықа толтырып, алты құрлық 

асырып жібергенмен бірдей ғой. Сөйттік.

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу жалғасады

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

ДАТ!

6-б

етте

Жүрсін ерМАн:

ЕліМіЗДЕ БАҚ­ТЫң  

шЫНАйЫ рЕйТиНгіН 

АНЫҚТАйТЫН 

САрАПТАМАлЫҚ 

ОрТАлЫҚТАр АЗ



әлемдік дағдарыс дүниежүзіне 

қанша салқынын тигізсе де, еліміздің 

ірі қалаларындағы тұрғын үй 

кешендері күн санап бой көтеріп, көз 

қуантып келеді. дегенмен сол әдемі 

үйлер қатардағы құрылысшылар 

өлімін жиілетіп отырғаны 

ойлантарлық жағдай. Соңғы 

жылдарда өндіріс орындарында 

адам өлімі екі-үш есеге көбейіп 

отыр. Статистикалық деректер 

бойынша, былтырғы жылы құрылыс 

объектілерінде 99 адам қаза болып, 

487 құрылысшы зақым алған. 

Серік ЖұМАБАеВ

2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№137 (137) 

13.08.2009 жыл, бейсенбі

www.alashainasy.kz

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Күзетшілікке арнайы лицензия керек

Жеке куәлікті қайта рәсімдеу қажет

Мен күзет қызметіне жұмысқа тұрмақшы едім. Бірақ жұмысқа қабылдарда  

менен арнайы лицензия және наркологиялық, психикалық диспансер лерден, 

сотталмағандығы  тура лы  анықтамалар  талап  етіп  отыр.  Осы  заңды  ма? 

Бұрын ешқандай лицен зиясыз да күзетшілікке қабылдай беретін еді ғой. 

 Мейірғали ЕРҒАЛИЕВАтырау облысы

Сіңлім екі жылдан бері Ресейде тұрады. Жақында Ресей аза ма­

тына тұрмысқа шығып, күйеуінің аты­жөнін алды. Енді Ресей аза мат­

тығын алу үшін төлқұжаты мен жеке куәлігін қалай ауыстырады? 

 Лиза УСКЕНТАЕВА, Орал қаласы

Қоғам


ТүйТКіл

Басы 1­бетте

Әйтпесе жүз вагонға зат тиеп жіберген 

жоқпыз.  Баланың  кеудесінде  жаны  бар, 

өмірге  келген  соң,  бақытты  өмір  кешуге 

тиіс. Қолдан тағдыр жасап, әзірге өз өмі­

рін қолға ала алмайтын, өз ойын біл діре 

алмайтын, жан қалауын жеткізе ал майтын 

кішкентай  адамды  есін  білмей  жатып, 

ертеңі  бұлыңғыр  ма,  жоқ,  бақытты  ма, 

оған көзімізді жеткізе алмай тұрып, арғы 

жағаға өткізіп жібергенімізді айта мын.

Енді...  «Америкаға  дімкәс  балаларды 

жі беріп  жатырмыз»  деп,  көңілімізді  бір 

аула ғымыз келеді. «Ол жақта бәрі жақсы 

болады» деп, өзімізді екі жұбатқан бола­

мыз.  Шындығында,  бәрі  жақсы  екеніне 

көзіміз қайдан жетеді? Қазақстаннан бір­

екі елші барып, олардың жақсы өмірімен 

танысып,  ата­анасымен  дидарласып  кел­

ген,  шамасы.  Бәрі  ойдағыдай  екенін  

АҚШ­тың Қазақстандағы елшісі де айтып 

қал ды. 


Ел­жұрт  аш­жалаңаш  соғыс  кезінде 

Мемлекет Ахмет шалдай бола алмай ма?

не містің жетім баласын бауырына басып, 

басынан сипаған баяғы  Ахмет шал қайда? 

Сол рух неге жоқ? Мұхтар Мағауиннің «Бір 

атаның балалары» дейтін әңгімесі есіңізде 

ме? Председатель бір қора баланы ар ба ға 

отырғызып,  ауылға  алып  келеді.  «Ха­

лайық,  мына  балалардың  әке­шешесі 

бом ба астында өлген, – дейді ел ағасы. – 

Бі рі – белорус, бірі – украин, бірі – орыс. 

Бір­бір  баладан  асырап  аласыңдар!»  Бә­

рінің жанарына жас үйіріліп тұр. Көп үйге 

қарақағаз  келген.  Сонда  қазақ  «оққа 

ұшқан  баламның  орнына  жарылқағыр 

Құдай  бала  беріп  тұр»  деп  шүкірлік  етіп, 

кең құшағын ашты ғой. Қара сирақ, шибұт 

топ  баланың  ішінен  шошайып  жалғыз 

бала  қа лады.  Неміс  баласы  –  Зигфрид. 

Ауыл дың әйелдері бетін шымшиды. «Мас­

қа ра,  фашистің  баласы»  дейді...  «Тіпәй, 

беті құр сын...» Сол кезде Ахмет ақсақал не 

деп  еді?!  «Тәйт,  –  деп  тыйып  тастады.  – 

Білсеңдер, көзінен сорасы аққан нағыз тас 

жетім осы!» Кейін ол бала Зекен Ахметұлы 

болды. Қандай қиын­қыстау кезең болсын, 

қазақ  бір  жапырақ  нанға  зар  болып 

отырып,  өзінің  жетіміне  қосып,  өзгенін 

жетімін  де  асырады.  Ал  сол  рухы  мықты 

адамдар  қазір  әдебиет  кейіпкері  болып 

қана қалды ма?

Кейбір  шенеунік  ағаларға  қарның 

аша ды.  Телеарналардың  бірінде  теле­

жүргізуші  былай  деп  сұрақ  қойды:  «Әр 

баланы  шетелге  25­30  мың  доллардан 

сатып  жатыр  дейтін  айғақсыз  мәліметтер 

бар. Ұстап алсаңыздар, қандай жаза қол­

данасыздар?  Мұның  алдын  қалай  кесе­

сіздер?»  Шенеунік  былай  жауап  береді: 

«Ал дымен  бала  сатқанына  көзіміз  жету 

керек.  Көзіміз  жетпей,  ештеңе  істей  ал­

маймыз».  Жайбарақат.  Ал,  ендеше,  қай 

қылмыскер  «мен  25  мың  долларға  бала 

сатып  жа тырмын,  көздерің  жетсін»  деп 

алдыңыздан  жүгіріп  шығады  екен?  Неге 

жоғарыдағы басшылар әлгіндей жан сыз­

датар сауалға еті үйреніп кеткендей, нем­

кетті  жауап  бе ре  салады,  адам  тағдыры 

сөз  болғанда,  не  себепті  етінен  ет  кесіп 

алғандай  шоршып  түспейді?  Неге  ұлтқа 

қатысты мәселелерге келгенде биік емес­

піз?  Бірақ  біз  биік  болсақ,  іштен  шыққан 

баланы  тірі  жетім  етер  ме  едік,  тастанды 

атандырар ма едік, жетімдер үйіне өткізер 

ме едік, ол аз болып, басын құрай алмай 

жатқан қа зақтың баласын өз топырағынан 

аластап,  қыр  асырып  жі берер  ме  едік? 

Неге  осынша  дәрменсізбіз?  Шетел  асып 

кеткен дімкәс бала секілді біздің рухымыз 

да  дімкәс  болғаны  ма?  Басты  кемшілік  – 

осы.


Дәурен ӘБДІРАМАНОВ,

Шымкент

М

ӘСЕ



л

Е

Құрылыс алаңы қаза алаңына 



айналып барады

Басы 1­бетте

«КамАЗ»­дың  қасында  тұрған  18  жа­

сар  жігіт  те  сол  жерде  кранның  астында 

қа лып, жан тәсілім еткен. Мұнаралы кран­

ның  29  жастағы  машинисі  ауыр  жара­

қаттармен ауру ханаға жеткізілді. Құрылыс 

алаңда рында  жұмыс  істеп,  арты  қайғыға 

ұласатын оқиғалар тек мұнымен бітпейді. 

Сана ма лай берсек, жеткілікті. 

Мұның  көбі  құрылыс  жұмыстарында 

еңбек қауіпсіздігін сақтамаудың кесірі жә­

не  оған  жауапты  тұлғалардың  бақы лау­

сыздығы  мен  немқұрайдылығынан  бо­

луда.  Мәселен,  бір  ірі  құрылыс  компа­

ниясы  құрылысты  салуға  тендерді  жеңіп 

алған  соң,  шағын  бригадалар  мен  кіш­

кентай құрылыс компанияларындағы жұ­

мыс шыларды  тартады.  Ал  онда  техника­

лық қауіпсіздікті сақтау деген атымен бол­

май ды.  Себебі  көптеген  құрылыс  ком па­

ния лары  қыруар  қаржыға  сақтық  шара­

ларын жасағанша, аз­кем айыппұл төлеп 

құтылғанды жөн көреді. 

Өткен  жылы  құрылыс  алаңдарында 

қайғылы  жағдайға  ұшыраған  586  құры­

лысшының  99­і  қаза  тапқан.  Өкінішті­ақ. 

Ал  биылғы  жылдың  алты  айында  150  

құрылысшы жара қат алып, 29 адам оқиға 

орнында қайтыс болды. Дағдарысқа бай­

ланысты  үкімет  құрылыс  саласын  қайта 

қаржыландыр ғанына  екі­ақ  ай  уақыт  өт­

кенін ескерсек, онда екі айда 29 адамның 

қайтыс  болуы  –  алаң  туғызарлықтай­ақ 

жағдай. 


Қалай десек те, адам тағдыры – ойын­

шық емес. Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау  министрлігінің  Астана  қаласы  бо­

йын ша  департаменті  деректеріне  жүгін­

сек, өткен жылы еңбек қауіпсіздігі талапта­

рын  өрескел  бұзған  сегіз  учаскеде  және 

24  цехта  жұмыс  тоқтатылыпты.  Бар  ауыр 

жаза  —  осы.  Бірақ  осынша  оқиғаларға 

байла нысты  қылмыстық  жауапқа  тар­

тылған  ешкім,  ешқандай  кәсіпорын  жоқ. 

Сонда  құ рылысшының  су  құрлы  сұрауы 

бол мағаны  ма?..  Мүмкін,  адам  шығыны 

болған  компанияға  әкімшілік  айыппұл 

төлете  бермей,  қылмыстық  жауапкерші­

лік ті  күшейткеніміз  дұрыс  шығар?  Бұған 

ма мандар не дейді?



Арықбай АҒЫБАЕВ, 

заң ғылымының докторы:

– Кез келген құрылыс компаниясы құ­

рылысты жүргізуге лицензия аларда мем­

лекет  алдында  «барлық  жұмыскер лердің 

еңбек қауіпсіздігін сақтаймын, сол ережеге 

байланысты  жұмыс  жасаймын»  деген 

келісімшартқа  қол  қояды.  Егер  құрылыс 

ком паниясының  техникалық  қауіпсіздікті 

сақ та мауынан кісі өлімі орын алатын бол­

са,  онда  ол  нысанның  басшылығын  қыл­

мыс  тық жауапкершілікке тартатын заң біз­

дің  кодексімізде  бар.  Сонымен  қатар  кез 

келген  өндіріс  орны  азаматтық  тәртіп пен 

құрылыста зақымданғандарға келті ріл ген 

залалды өтеуі керек. Осы ретте, әр өндіріс 

орнында еңбек қауіпсіздігін бақы лап оты­

ратын арнайы тексерушілер бо лады. Олар 

кез  келген  жұмысшыны  қауіпсіздік  ере­

жесімен таныстыру керек. Бірақ қазір көп 

құрылыс алаңдарында қауіпсіздік ереже­

лерімен  таныстыру  деген  жоқ,  тек  қол 

қойғызып  алады,  бар  болғаны  сол.  Тіпті 

жұмыскерлердің  басын  сақтандырып  тұ­

ра тын  арнайы  қалпағы  да  болмайды. 

Белбеулер де барлығына жетпей жатады. 

Осындай қарапайым сақтандырудың жоқ­

ты ғынан  құрылыс  саласында  адам  өлімі 

жиілеп  кетті.  Сондықтан  мұндай  компа­

нияларды  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартып  қана  қоймай,  олардың  жұмысын 

тоқтату  шараларын  да  қатаңдатуымыз 

қажет.  Бұған  прокуратура  өкілдері  жіті 

бақылау жасамаса, мәселені шешу қиын. 

Ұзақбай АЙТЖАНОВ, 

Қазақстанның құрметті құрылысшысы:

–  Егер  құрылыс  компаниясы  техни ка­

Нұрғис

а Е


л

ЕУБЕК


ОВ (фо

то)


Бұл  сауалға  Еңбек  және  халықты 

әлеу меттік  қорғау  министрлігінің  бас 

сарапшы маманы 

Ш.Молдабекова жа­

уап береді: 

–  «Күзет  қызметі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2000  жылғы  19  қа­

зандағы  №85  Заңының  1­бабына  сәй ­

кес, жеке (дара кәсіпкерлер) және заңды 

тұлғалардың  жеке  адамдардың  өмiрiн, 

денсаулығы мен мүлкін, сондай­ақ заң­

ды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы 

қолсұғушылықтардан  қорғау  қызметін 

көрсету  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асы­

руы  «күзет  қызметі»  деп  ұғынылады. 

Аталған Заңның 5­бабына сәйкес, күзет 

қызметi,  лицензиялау  туралы  заңдарда 

белгiленген  тәртiппен,  осы  Заңда  көз­

делген  ерекшелiктер  ескерiле  оты рып, 

лицензиялануға тиiс. Күзет қыз метiн 

жүзеге  асыруға  лицензиясы  жоқ 

азаматтар  (дара  кәсiпкерлер)  мен 

заңды  тұлғаларға  күзет  қызметiн 

көрсетуге тыйым салынады. Iшкi iстер 

органдарының  мамандандырылған 

күзет  бөлiмшелерi  жүзеге  асыратын 

күзет қызметi лицензиялауға жатпай­

ды.  Сондай­ақ  аталған  Заңның  10­

бабының  6­тармағына  сәйкес  жеке 

күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне, 

біріншіден, жүйке ауруы, маскүнемдiгi 

немесе  нашақорлығы  себебімен 

ден  саулық  сақтау  органдарында 

есеп те  тұрған;  екіншіден,  қасақана 

қылмыс  жасағаны  үшiн  кезінде  сот­

талған  адамдарды  қабылдауға  бол­

майтыны көзделген. 

Бұл  сауалға  әділет  органдары 

маманы жауап береді:

Әділет органдарының халықты 

тіркеу  және  құжаттандыруға  бай­

ла нысты  берген  нұсқауындағы 

ере же  бойынша,  Қазақстан  Рес­

публикасы  әділет  министрінің 

2005  жылғы  4  наурыздағы  бұй­

рығына  сәйкес,  шет елдерде  тұ­

рақты  тіркеуде  тұр ған  Қазақстан 

азаматтары төлқұ жатын сол елдегі 

Қазақстан  Рес  публикасының  ел­

шілігінде  (консул дығында)  рә­

сімдейді.  Ал  Қазақстан  Рес пуб­

ликасы  азаматының  жеке  куәлігі 

қолданыстағы  заң  аясында,  бұ­

рынғы  тұрғылықты  мекенжайы 

бойынша Халыққа қызмет көрсету 

орталығында ауыстырылып, қайта 

рәсім деледі. 

АҚОРДА

А

л



АШ­АҚПАР

А

Т



«Хан шатыры» 

немістерге 

берілді 

Елбасы 

Бурабайда 

бюджет 

мәселелері 

бойынша 

кеңес өткізді

«Орталықтың  масштабтарына  сай 

келетін  халықаралық  деңгейдегі  сапалы 

қызмет көрсету үшін менеджмент бойынша 

белгілі  немістің  Bilfinger  Berger  компа­

ниясымен  арада  келісімге  қол  қойылды» 

деп атап өтілген онда. 

 Хабарламаға қарағанда, компанияның 

басқару саласында 115 жылдық тәжірибесі 

бар.  Ол  әлемнің  көптеген  елдерінде  қыз­

мет көрсетеді. Компанияның жер жүзіндегі 

қызмет көрсететін алаңы, жалпы алғанда, 

80 млн шаршы метр. 

 Алдында бәрімізге белгілі болғандай, 

алаңы 134 мың шаршы метр «Хан Шаты­

ры» әлемде шатыр үлгісіндегі ең ірі екінші 

құрылым болмақ. Онда сауда ойын­сауық 

орталығы, офистік орындар, тамаша кон­

доминиумдар  мен  бес  жұлдызды  мей­

ман хана болмақ. 

Құрылыстың  инвесторы  –  «Хан  шаты­

ры»  ЖШС.  Инвесторлар  құрамында  түрік 

компаниялары,  оның  ішінде  мейрамха­

налар  желісіне  ие  Rixos  Hotels  бар.  Ин­

вестицияның жалпы көлемі 140 млн дол­

ларды құрайды.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал