Академия педагогических наук



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/11
Дата21.05.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ
 АКАДЕМИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ НАУК
ЖОБА
ПРОЕКТ
Қазақстан Республикасында 
Жалпы орта білім беру сапасын көтерудің 
2015–2029 жылдарға арналған 
Тұжырымдамасы және Кешендік бағдарламасы
*****
Концепция и Комплексная программа 
повышения качества Общего среднего образования 
Республики Казахстан 
на 2015–2029 годы
Алматы, 2015

УДК 373.54 
ББК 74.2
Қ 18
Баспаға Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Президиумы 
шешімімен (№ 6 хаттама, 29.05.2015 ж.) ұсынылған
Рекомендовано к изданию решением Президиума Академии 
Педагогических Наук (протокол № 6, от 29.05.2015 г.)
Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  беру  сапасын 
көтерудің  2015–2029  жылдарға  арналған  Тұжырымдамасы  және 
Кешендік  бағдарламасы  =  Концепция  и  Комплексная  програм-
ма  повышения  качества  общего  среднего  образования  Республи-
ки  Казахстан  на  2015–2029  годы  /  Дайынд.  тобының  жетекшісі                                           
А.Қ.  Құсайынов  =  Рук.  группы  разработчиков  А.К.  Кусаинов.  –                                                                                                                                     
Алматы: ПҒА, 2015. – 144 бет. – қазақша, орысша.
ISBN 978-601-7560-08-9
Бұл жинаққа еліміздің орта білім сапасына жан-жақты баға беріле келе, оның 
сапасын  көтеру  қажеттігі  дәлелдене  отырып,  әлемдік  озық  тәжірибе  негізінде 
дайындалған Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру сапасын көтерудің 
2015–2029  жылдарға  арналған  Концепциясы  және  Қазақстан  Республикасында 
жалпы  орта  білім  беру  сапасын  көтерудің  2015–2029  жылдарға  арналған  Кешендік 
бағдарламасы енгізілген. 
Білім  беру  саласында  еңбек  етіп  жүрген  барлық  қызметкерлерге  мен  ма-
мандарға, ғалымдарға, әдіскерлер мен ұстаздарға арналған.
В  настоящем  сборнике  представлены  Концепция  повышения  качества  общего 
среднего образования Республики Казахстан на 2015–2029 годы и Комплексная про-
грамма повышения качества общего среднего образования Республики Казахстан на 
2015–2029 годы, разработанные на основе анализа состояния отечественной системы 
образования, необходимости повышения ее качества и с учетом передового опыта 
ведущих стран мира.
Предназначается всем работникам  и специалистам, работающих в системе об-
разования, ученым, методистам и учителям.
Қ 18
УДК 373.54
ББК  74.2
ISBN 978-601-7560-08-9
© Құсайынов А.Қ., 2015

3
Қазақстан Республикасының 
2015–2029 жылдарға арналған 
Жалпы орта білім беру 
сапасын арттыру 
Т
Ұ
ЖЫРЫМДАМАСЫ

4
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері
2. Ағымдағы жағдайды талдау және әлемдік тәжірибені шолу
2.1. Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайды талдау
2.2. Мектепте білім беру сапасын жақсарту бойынша әлемдік 
тәжірибені шолу
3.  Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  беру  сапасын 
арттырудың жалпы ұстанымдары
3.1.  Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  беру  сапасын 
арттырудың негізгі принциптері
3.2.  Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  беру  сапасын 
арттыру бағыттары
4. Тұжырымдаманың жүзеге асырылу кезеңдері
5. Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
6.  Тұжырымдаманы  жүзеге  асыруға  арналған  нормативтік-
құқықтық актілер тізбесі 
Кіріспе
Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан–2050» 
стратегиясы Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан әлемнің 
бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына 2050 жылға дейін енуі тиіс» 
деп мәлімдеді. Елбасы: «Ең үздік деген халықаралық тәжірибе елдің 
бәсекеге  қабілеттілігінің  жоғары  деңгейінің  негізгі  факторлары 
–  жағымды  макроэкономикалық  саясат,  инвестициялық  хал-
ахуал, тең бәсекелестік жағдай және ең бастысы – білім беру мен 
денсаулық  сақтаудың  жоғары  сапасы  болып  табылады»,  –  деп 
атап көрсетті.
Талдау  нәтижелері  елімізде  Жалпы  орта  білім  беру  сапасы 
көтерілмей,  керісінше,  біраз  көрсеткіштер  бойынша  төмендеп 
отырғанын көрсетеді. Дайындығы нашар мектеп түлектері жоғары 
оқу орындары мен колледждерде сапалы білім ала алмайды, бұл 
болашақ мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін төмендетеді. Ол, 
өз  кезегінде,  адами  капитал  мен  елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің 
төмендеуіне  алып  келеді.  Осыған  байланысты  үздік  әлемдік 
тәжірибені  және  отандық  білім  беру  жүйесінің  бүкіл  әлеуетін 

5
пайдалана  отырып,  білім  беру  сапасын  арттыру  үшін  кешенді 
шаралар қабылдау қажет.
Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  беру  сапасын 
арттырудың 2015–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (әрі 
қарай  –  Тұжырымдама)  Педагогикалық  Ғылымдар  Академиясы 
Президиумы  шешімімен  (№6  хаттама,  26.11.2014  ж.)  бойынша 
дайындалды.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру сапасын артты-
ру міндеті:
1) оқушыларды білім берудің жоғары нәтижелеріне жеткізу; 
2) басым біліктілік көзқарасты жеке басқа бағдарланған білім 
беру парадигмасына ауысу; 
3)  жоғары  адамгершілік  және  патриоттық  қасиеттерге  ие 
шығармашыл, ойлана білетін, рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу;
4)  педагогикалық  ғылым  қазіргі  заманғы  үндеулерді  ескеріп, 
дамыту қажеттіліктеріне негізделген. 
1. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері
Тұжырымдаманы әзірлеудің мақсаты жалпы орта білім беру са-
пасын арттыру, жоғары білім әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті және 
рухани бай жеке тұлғаны дайындауды қамтамасыз ету болып та-
былады.
Тұжырымдама міндеттері:
–  жалпы  орта  білім  берудің  халықаралық  талаптарға  жауап 
беретін жаңа стандарттарын әзірлеу;
оқу әдебиеті сапасын арттыру
– педагог кадрлар мәртебесін және олардың кәсіби біліктілігі 
деңгейін арттыру;
– білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамыту;
–  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  және 
зияткерлік дамуының жолдарын анықтау;
– білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулерді қаржыландыру 
көлемін, тиімділігі мен нәтижелілігін ұлғайту;
–  білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша  жүйелі  шараларды 
жүзеге асыруды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

6
2. Ағымдағы жағдайды талдау және әлемдік тәжірибені шолу
2.1  Қазақстан  Республикасындағы  ағымдағы  жағдайды  тал-
дау
Білім  беру  ұзақ  мерзімді  «Қазақстан  –  2030»  стратегиясының 
маңызды  басымдылықтарының  бірі  ретінде  мойындалған. 
2007  жылдың  тамызында  бәсекеге  қабілетті  білім  беру  жүйесін 
құру  мақсатында  ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  жаңа  редакция-
сы  қабылданды.  2010  жылы  Қазақстан  Республикасының  2011–
2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  білім  беруді  дамыту 
бағдарламасы  бекітілді,  ол  экономиканың  тұрақты  дамуы  үшін 
сапалы  білім  берудің  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету  жолымен 
адами  капиталды  дамытуға  бағытталған.  Жалпы  алғанда  елде 
білім  беру  жүйесін  жаңғырту,  материалдық-техникалық  база-
ны жақсарту және мұғалім кадрлар біліктілігін арттыру бойынша 
нақты жұмыстар жүргізілуде. 
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықаралық және 
ішкі зерттеулер нәтижелері келесіні көрсетеді:
1)  Қазақстан  2006–2013  жылдары  Ғаламдық  бәсекеге 
қабілеттілік  индексі  бойынша  жалпы  рейтингті  6  көрсеткішке 
жақсартты, бірақ «Денсаулық және бастауыш білім» көрсеткіштері 
11 пунктке төмендеген (2006 ж. – 86-орын, 2013 ж. – 97-орын); 
2)  Халықаралық  оқушылар  біліктілігі  мен  бағаларының  PISA 
бағдарламасының нәтижелері бойынша 15 жастағы қазақстандық 
оқушылар  оқырман  сауаттылығы  бойынша  2009  жылы  59-орын 
алса,  ал  2012  жылы  63-орын  алды,  математикалық  сауаттылық 
бойынша  –  53  және  49  орындарды,  ал  жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылық  бойынша  58-ші  және  52-ші  орындарды  алды.  Бұл 
нәтижелер ЭЫДҰ елдері бойынша орташа нәтижеден айтарлықтай 
төмен болып шықты;
3) TIMSS зерттеулері нәтижелері бойынша 2007 жылы 4-сынып 
оқушылары математика бойынша 5-орын алды, ал жаратылыста-
ну  бойынша  11-орын  алды,  ал  2011  жылы  4-сынып  оқушылары 
сәйкесінше  27-ші  және  32-ші  орын  алды,  яғни  көрсеткіштер  22 
және 21 жайғасымға нашарлаған. 2011 жылы 8-сынып оқушылары 
сәйкесінше  17-ші  және  20-шы  орындар  алды,  яғни  2007  жылы 
4-сыныпта оқығанда  5-ші  және 11-ші  орындар  алған  балалар  өз 
көрсеткіштерін сәйкесінше 12 және 9 жайғасымға төмендеткен; 
4) білім беру сапасының ішкі көрсеткіші БҰТ болып табылады. 
2012 жылы мектепті 125576 адам бітірді. Түлектердің барлығының 

7
1%-ға  жуығы  олимпиададағы  жақсы  көрсеткіштері  немесе  басқа 
да  жетістіктері  үшін  ҰБТ-дан  босатылды.  ҰБТ-ға  түлектердің                  
25%-ы қатысқан жоқ, түлектердің 75%-ы ҰБТ тапсырды, олардың 
ішінде  36,8%-ы  шектік  деңгейден  өте  алмады,  бұл  бүкіл  мектеп 
түлектерінің 27,6%-ын құрады. Сонымен, бүкіл мектеп түлектерінің 
52%-ы ҰБТ тапсырмады және шектік деңгейден өте алмады. 2013 
жылы бұл көрсеткіш – 51%-ды, ал 2014 жылы 47,3%-ды құрады. 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  мектеп  түлектерінің  жартысына 
жуығы қанағаттанарлықтан төмен білім деңгейін көрсетті.
Мұндай нәтижелердің себебі бірқатар факторларға байланыс-
ты болып табылады:
I  Кеңес  мектебінен  мұрагерлікке  алған  білім  беру  мазмұны 
тәуелсіздік жылдары айтарлықтай өзгерген жоқ. 
Қазіргі уақытта Қазақстандағы орта білім беру жүйесі: 
1) оқу пәндерінің тым көптігімен;
2) білім беру мазмұнының тұтастық пен жүйеліліктен айрылу-
ымен; 
3) оқу жүктемесі көлемінің артықтығымен сипатталады.
Бастауыш  мектепте  игеруі  жоспарланған  қажетті  күрделі 
пәндерді  тым  көп  көлемде  оқып-үйрену  балалардың  психофи-
зиологиялық  және  ақыл-ой  дамуына  теріс  әсер  етеді  және 
олардың сапалы білім алуға деген құлшынысын шектейді.
II  Қолданыстағы  оқулықтар,  электрондық  оқулықтар  мен 
ОӘК-ін  (оқытушыға  арналған  әдістемелік  нұсқау,  хрестоматия, 
зертханалық және практикалық сабақтар, жұмыс дәптерлері, ат-
ластар және т.б.) талдау:
1)  тұжырымдамалық  бірлік  негізіндегі  оқу  модульдері  ара-
сындағы байланыстың әлсіз екенін;
2) желілік оқулықтар мен негізгі пәндер бойынша жаңартпашыл 
(инновациялық) оқу әдістемелік кешен (ЖОӘК) әзірлеу бойынша 
бірыңғай Тұжырымдама болмауын;
3) әр түрлі авторлар немесе авторлар ұжымдары әзірлейтін оқу 
материалдары біртұтастығының бұзылуын;
4)  оларға  жүктелген  білім  беру  қызметтерін  орындауға 
жеткіліксіз бағытталғандығын;
5)  білім  беру  мазмұнының  жоспарланған  нәтижелер  мен 
біліктілікті оқытудың жаңа парадигмасына сәйкессіздігін;
6)  мұғалімді  оқу  үдерісі  менеджері  және  ұйымдастырушысы 
ретінде санатқа алмауын;

8
7)  оқушының  оқытудың  интерактивті  әдістері  негізінде  жаңа 
ақпаратты  өз  бетімен  игеруі  жеткілікті  ұйымдастырылмағанын 
көрсетеді.
III Кеңес Одағы кезінде педагог кадрлар мәртебесі жоғары бол-
ды және мектептерде жақсы дайындалған мұғалімдер жұмыс жа-
сады, себебі:
1) мұғалім мамандығы беделді болды;
2) мұғалімдер жақсы еңбекақы алды, әлеуметтік жеңілдіктері 
және ауылдық квотасы болды;
3)  педагогикалық  мамандықтарға  мектептің  терең  білімді 
түлектері барды;
4) жас мұғалімдермен тәлімгерлер жұмыс жасады;
5) мұғалімдердің кәсіби біліктілігі жалпы жоғары болды. 
Бірқатар  объективті және субъективті себептерге байланысты 
Қазақстандағы  мұғалім  кадрлардың  кәсіби  біліктілігі  төмендей         
бастады, себебі: 
1) мұғалімдердің еңбекақысы азайды;
2) мұғалім мамандығының мәртебесі төмендеді;
3)  педагогикалық  мамандықтарға  мектептің  БҰТ  нәтижелері 
бойынша  орташа  балл  немесе  орташадан  төмен  балл  алған 
түлектері құжаттарын тапсыратын болды;
4) мектепте нашар білім алған талапкерлер, іргелі дайындығы 
әлсіз болғандықтан, жоғары оқу орнының бағдарламасын толық 
игеріп, жақсы білім ала алмады;
5) педагог кадрлар дайындау сапасы төмендей бастады; 
6) білікті мұғалімдердің мектептерден басқа қызмет салалары-
на көптеп ауысуы орын алды;
7) мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі лайықты дәрежеде 
жұмыс жасамады. 
Сонымен, педагогикалық мамандықтарға мектепте әлсіз білім 
алған талапкерлер барды, нәтижесінде мектепке дайындығы на-
шар мұғалімдер келді, олар балаларға жақсы білім бере алмады. 
Қазіргі  уақытта  мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларының 
біліктілігін  арттыруға  көп  көңіл  бөлінеді.  НЗМ  «Педагогикалық 
шеберлік  орталығы»  (ПШО)  ЖШС  және  «Өрлеу»  біліктілікті 
арттырудың модульдік курстарын өткізеді. Әрбір модуль аяқталған 
соң мұғалімдердің еңбекақысы өседі: ІІІ модульден кейін – 30%-ға, 
ІІ модульден кейін – 70%-ға, І модульден кейін 100%-ға. Бірақ пе-
дагог кадрлар сапасы туралы мәселе шешілмей отыр.

9
ІV  Қазақстанда  білім  беру  сапасы  мониторингі  жүйесін  жасау 
бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді:
1) 2005 жылы «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» 
РМҚК құрылды;
2) республиканың барлық аймақтарында облыстық білім беру 
сапасын бағалау қызметтері құрылды;
3) халықаралық ТІМSS және PISA зерттеулері жүзеге асырылды;
4) 2012 жылы «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» 
РМҚК  атауы  «Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау 
орталығы» (ҰБСБО) РМҚК болып өзгертілді;
5)  2004  жылы  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ)  түріндегі  білім 
беру сапасын бағалаудың тестілік әдістері енгізілді.
ҰБТ жабық тестілер негізінде өткізілетіні белгілі. Ұсынылған төрт 
жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын оқудағы жетістіктер 
тесті адам жадына сақтаған немесе дұрыс тапқан ақпаратты ғана 
анықтай алады, сондықтан мұндай тестілік сұрақтар оқушылардың 
қандай  да  бір  пәндер  бойынша  шынайы  білімін  анықтаудың 
жеткілікті объективті критерийі бола алмайды.
Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы және Ұлттық білім 
беру статистикасы және бағалау орталығы қызметінің нәтижелерін 
талдау:
1) жекелеген пәндер және мектептер бойынша білім беру сапа-
сын арттыруға әсер ететін шаралар анықталмағанын;
2) өткізілетін сабақтар сапасын арттыруға арналған қажетті ша-
ралар түзілмегенін;
3)  тестілеу  әдістемесін  жетілдіру  бойынша  жұмыстар 
жүргізілмейтінін көрсетеді.
V  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің 
Қазақстан  халқына  жолдауында  (27.01.1012ж.)  былай  деп  атап 
көрсетті:  «Оқыту  үдерісінің  тәрбиелік  компонентін  күшейту  ке-
рек. Патриотизм, өнеге және адамгершілік нормалар, ұлтаралық 
келісім мен толеранттық, дене және рухани даму, заңға бағыну – 
бұл құндылықтар меншік нысанына қарамастан барлық оқу орын-
дарда іске асырылуы керек. Біздің жастарымыз үшін бұл – өмірлік 
қажеттілік».
Білім 
беру 
саласындағы 
жүлдегер 
елдер 
ұлттық 
басымдылықтарды,  мәдениетті,  құндылықтар  мен  бағыттарды 
дамыта  алатын  шығармашыл  және  рухани  бай  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөледі.  Мысалы,  білім  беру 
саласындағы жүлдегер елдер болып табылатын Жапония, Оңтүстік 

10
Корея және Финляндия елдерінде бастауыш мектептің оқу жоспа-
рында  рухани-адамгершілік  құндылықтар  мен  дене  қасиеттерін 
қалыптастыратын  пәндерді  оқып-үйренуге  уақыттың  50%-ға 
жуығы бөлінеді. 
Қазақстанда,  тарихи  тұрғыда,  білім  беру  идеялары  қашан  да 
берік  рухани-адамгершілік  бағдарларға  сүйеніп  іске  асырылған. 
Қазақтардың  өзіндік  рухани  философиясы  туған  жеріне  деген 
сүйіспеншілікке,  даналыққа,  төзімділікке  толы  болған.  Бірақ, 
өкінішке  қарай,  объективті  әрі  субъективті  себептер  негізінде, 
біздің  көптеген  құндылықтарымыз  жоғалып,  ұмыт  болды  және 
идеологияланды. 
Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде білім беру жетістіктеріне 
қол жеткізуге, яғни емтихан тапсырып, жақсы баға алуға ерекше 
ден қойылады.
Орта  білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  рухани  бай  жеке 
тұлғаны тәрбиелеу болуы тиіс, олар:
1) ата-анасын сыйлайды, Отанын сүйеді, мәдениет пен тарихты 
біледі және дамытады;
2)  ел  бірлігін  сақтайды,  толерантты  және  халықтар  достығын 
нығайтады;
3) еңбекті сүйеді, денсаулығын нығайтады және қоршаған ор-
таны қорғайды;
4) қазақ және шетел тілдерін игерген;
5) бәсекеге қабілетті, зияткерлік тұрғыда дамыған және білімді.
VI  Қазақстанда  соңғы  жылдары  ғылымды  қаржыландыру 
айтарлықтай  өсіп  келеді.  Ол  базалық,  гранттық  және 
бағдарламалық-мақсатты  қаржыландыру  негізінде  жүргізіледі, 
білім  беру  саласында  негізінен  гранттық  және  бағдарламалық-
мақсатты  қаржыландыру  жүзеге  асырылады.  Егер  2011  жылы 
28,8 млрд. теңге бөлінсе, ал 2012 жылы 49 млрд. теңге бөлінген, 
яғни  өсу  70%-дан  артықты  құраған.  2015  жылы  бюджеттік 
қаржыландырудың  жыл  сайынғы  көлемін  2  млрд.  АҚШ  дол-
ларына  дейін  жеткізу  жоспарланып  отыр,  оның  60%-ы  зерттеу 
жұмыстарына бағытталатын болады.
Өкінішке орай, білім беру саласындағы зерттеулерді жүргізуге 
қаражат қалдық принципі бойынша бөлініп отыр:
1)  2007  жылы  іргелі  зерттеулер  жүргізу  үшін  2675  млн.  теңге 
бөлінді,  бұл  сомадан  тек  28  млн.  теңге  (1,05%)  ғана  білім  беру 
саласындағы зерттеулерге бөлінді;

11
2) 2009 жылы іргелі зерттеулер жүргізу үшін 6163,5 млн. теңге 
бөлінді, бұл сомадан тек 44,1 млн. теңге (0,7%) ғана үздіксіз білім 
беру  жүйесін  зерттеуге,  оның  ішінде  12  млн.  теңге  12  жылдық 
білім беру проблемасын зерделеуге бөлінді;
3) 2012 жылы бөлінген 6 808 млн. теңгенің тек 120 млн. теңгесі 
ғана білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді 
жүргізуге бөлінді. 
Іргелі  және  қолданбалы  зерттеулерден  басқа  бастамашылық 
сипаттағы жұмыстар жүргізіледі. Мұндай зерттеулердің нәтижелері 
кандидаттық  және  докторлық  диссертациялар,  ал  2011  жылдан 
бастап  –  магистрлік  және  PhD  диссертациялар  ретінде  жарияла-
нады. 
1985–2009  жылдары  педагогика  саласы  бойынша  өскелең 
ұрпақты  оқыту  және  тәрбиелеу  мазмұны  мен  әдістерін 
жетілдірудің түрлі проблемаларына қатысты 231 докторлық және 
1659  кандидаттық  диссертация  қорғалды.  2011  жылдан  бастап, 
педагогика  саласы  бойынша  магистрлік  және  PhD  диссертация-
ларды  қорғау  жұмыстары  жүргізілуде,  бірақ  олардың  сапалары 
жоғары емес. 
VII  Қазақстанда  білім  беру  жүйесін  басқарудағы  сабақтастық 
қамтамасыз етілмейді. 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, 
яғни 23 жыл бойына, білім және ғылым министрлігі лауазымында 
13 адам жұмыс істеген. Орташа алғанда, бір министр 21 ай, демек 
1 жыл және 9 ай жұмыс істеген. Әрбір министр білім беру жүйесін 
реформалау  бойынша  өз  ұсыныстарын  енгізді.  Бірақ  білім  беру 
саласы  айтарлықтай  консервативті  сала  болып  табылатындығы 
және аз уақыт ішінде жаңа реформаларды жүргізу мүмкін еместігі 
туралы  дерек  ескерілмеді.  Жаңа  министрдің  бастамалары  үнемі 
бұрынғы  министрдің  идеяларының  жалғасы  бола  бермеді, 
нәтижесінде  көптеген  басталған  реформалар  аяқталмай  қалды, 
бұл білім беру сапасына теріс әсер етті. 
Зерттеу нәтижесі, бірізді білім беру саясаты болмауы салдары-
нан білім беру сапасы төмендегенін растайды.
2.2 Мектепте білім беру сапасын жақсарту бойынша әлемдік 
тәжірибені шолу 
Қазіргі уақытта көптеген халықаралық салыстырмалы зерттеу-
лер  жүргізіледі,  алайда  анағұрлым  маңыздылары  PISA,  TIMSS, 
PIRLS  болып  табылады.  Бұл  зерттеулер  нәтижелері  бойынша 
соңғы 10 жыл ішінде оқушылары тұрақты түрде жоғары көрсеткіш 

12
көрсететін  жүлдегер  елдер:  Шанхай  (Қытай),  Сингапур,  Гонконг 
(Қытай),  Финляндия,  Оңтүстік  Корея,  Жапония,  Тайвань,  Канада 
және  Жаңа  Зеландия  болып  табылады.  Бұл  елдердің  білім  беру 
жүйелері  табыстылығы  мен  тиімділігіне,  бірінші  кезекте,  ұлттық 
басымдылықтарды, дәстүрлі мәдениетті, құндылықтарды сақтауға 
және  мұғалімдердің  кәсіби  қызметіндегі  жоғары  сапаға  қол 
жеткізуге бағытталған білім беру саясатын жүзеге асыру негізінде 
қол жеткізген. 
Әлемнің барлық жетекші елдерінде ЖІӨ 4%-дан артығы білім 
беру  жүйесін  дамытуға  бөлінеді.  Бұл  елдердің  іс-тәжірибесі 
көрсеткеніндей,  білім  беру  саласындағы  сапалы  реформаларды 
жүргізу  үшін  іргелі  және  қолданбалы  ҒЗЖ  және  эксперименттік 
зерттеулер жүргізу қажет.
Шетелдік ғалымдар әлемнің 25 елінің білім беру жүйесін зерт-
теу негізінде, оларды жүзеге асыру білім беру сапасын арттыруға 
алып  келетін  жалпы  басым  бағыттарды  анықтады.  Солардың 
ішінде үш фактор шешуші маңызға ие. Олар:
1) осыған лайық адамдар ғана мұғалім болуы тиіс
2) оларды оқытушылық жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік 
беретіндей етіп дайындау қажет; 
3) әр оқушы сапалы білім ала алатындай жағдай қамтамасыз 
етілуі тиіс.
Ғалымдар сондай-ақ сан алуан бастапқы жайғасымға ие болған 
және  айтарлықтай  әрі  тұрақты  табыстарға  қол  жеткізе  алған 
әлемдегі  20  елдің  мектептегі  білім  беру  жүйесін  зерттеді.  Олар 
білім беру сапасын үш аспектіні ескере отырып жақсартуға болады 
деген қорытынды жасады:
1)  білім  беру  жүйесінің  қарастырылып  отырған  кездегі  нақты 
жетістіктерін анықтау;
2) оқыту нәтижелерін жақсарту үшін қандай шаралар қажеттігін, 
яғни әсер ету шаралары кластерін анықтау;
3) орта білім беру жүйесі мен мемлекеттің тарихын, мәдениетін, 
саясатын және құрылымын ескере отырып, әсер ету шараларын 
бейімдеу. 
Білім беру жүйесін жетілдіру үшін әсер ету шараларының ба-
сым кластерлері:
1) оқу жоспарын, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын 
қайта  қарап  шығу,  соған  сәйкес  оқу-әдістемелік  материалдар 
әзірлеу;

13
2) мектеп директорлары мен мұғалімдердің еңбекақысы және 
сыйақысы жүйесін қайта қарап шығу;
3) жұмысқа кіріскелі жүрген, жұмыс істеп жүрген мектеп дирек-
торлары мен мұғалімдердің техникалық дағдыларын, яғни кәсіби 
шеберлігін, көбінесе «каскадты» тренингтер арқылы, дамыту;
4)  оқушылардың  оқудың  әр  түрлі  кезеңіндегі  және  әр  түрлі 
пәндер бойынша оқу жетістігін бағалау;
5)  мектептердің,  оқушылардың,  мұғалімдердің,  жекелеген 
өңірлердің  жетістіктері  туралы  мәліметтер  қоры  жүйесін  жасау, 
мәліметтерді жүйе ішінде ресурсты дұрыс бөлу үшін қолдану;
6)  реформалау  бағдарламасының  көрінісі,  мақсаттары  мен 
артықшылықтары  нақты  тұжырымдалған  білім  беру  туралы 
бағдарламалық құжаттар мен заңдар әзірлеу болып табылады.
Білім  беру  жүйесінің  оның  сапасын  арттырудың  бастапқы 
кезеңдеріндегі басты міндеті:
1)  сыныптар  мен  мектептер  арасындағы  үлгерім  айырма-
шылығын азайту;
2) базалық дайындығы нашар мұғалімге мамандар дайындаған 
және  әр  сабаққа  арналған  нақты  нұсқаулар  берілген  оқу-
әдістемелік  материалдар  мен  сабақ  жоспарларын  ұсыну  болып 
табылады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал