Айтулы алаштанушы



жүктеу 47.2 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі47.2 Kb.

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

АЙТУЛЫ АЛАШТАНУШЫ 



(Профессор Тұрсын Жұртбай туралы бір үзік мөлтек сыр) 

 

Рысбек Көркембаев, 



Қазақстан Республикасы  

Журналистер Одағының мүшесі. 

 

Профессор  Тұрсын  Жұртбай  –  қазағын  жанындай  сүйген  азамат.  Оның 

адамдық,  адамгершілік  ғажап  қасиеттері  халқымыздың  қай  ұрпақтарына  да 

мәңгі өнеге! Бүгін сол асыл перзентіміз, біртуарымыз жайлы сыр шертіледі... 

Қаламгер  қарымының  шығармашылық  шабытына  ойда  жоқта  шоқ  түсіріп, 

көңіл  толғанысын  толқытып  әкетіп,  әдемі  бір  туындының  дүниеге  келе 

қалатын  шақтары  әдебиет  әлемінде  сирек  жай  емес  екені  аян.  Ондайда 

алдымен  көмейі  күмбірлеп,  тілінен  жыр  ағыла  жөнелер  ақын  болары  тағы 

анық.  Ал  соған  тебіреніс  қуатын  қайраушы  жеке  адам  өмірі  һәм  тағдыры 

болса  ше?!  Бұл  енді  бөлек  оқиғаға  пара-пар  ғой.  Ол  менің  «Кім  екеніңді 

айтайын, досың  кәне,  дегенде көрсететін бірен-саран  адамымның біреуі.  Ол 

мені , мен оны қабағымызбен ұғып, жанарымызбен түсініп жүреміз. Мынау 

қалтарысы  мен  жұмбағы  көбейіп,  үміті  мен  күдігі  молайып  бара  жатқан 

заманда, мен оның жарқын істеріне көбірек таңданатын, жиірек риза болатын 

сияқтымын.  Бірін-бірі  басып-жаншып жанталасқан  осынау  қатыгез  де қатал 

уақыт  қанжығасында  оның  адамдарға  жақсылық  жасауға,  қамқорлық 

көрсетуге  уақыт  тауып,  емешегі  үзіліп  тұратын  бауырмалдығына  қалай  бас 

имейсің.  Әттең,  қолыңда  барда  ғана  өзгеге  керектігің  жанды  ауыртады. 

Менің  бір  қайран  қалатыным  –  ол  осы  жақсылықтардың  бәрін  атын 

шығарайын 

деп 

істемейтіндігі, 



тарихымыз 

бен 


әдебиетімізді 

сыйлағандықтан,  жәй  ғана  қадірлеп  қоймай,  терең  білгендіктен  қол  ұшын 

беруге  әзір  тұратындығы.  Иә,  ол  көп  оқиды.  Арғы-бергі  тарихымызды, 

көркем  әдебиетімізді  жүйелі  зерттеген,  терең  білім  иесі.  Сондықтан  да 

таңдап,  талғап,  бағамдап  отыратын  ақсүйектік  қасиеті  тағы  бар.  Бұл  кез 

келген пенденің басына қона бермейтін ұлы қасиет. Ал, осы сирек кездесетін, 

бекзада  мінездің бәрі бір бойына жарасқан  аптал  азамат, екі  сынып  жоғары 

оқыған,  тамыры  терең  тұлға  менің  досым,  Тұрсын  Құдакелдіұлы  Жұртбай 

екенін  қалай  мақтанбай  айтамын.  Шыңғыстау  топырағында  түлеп,  бүгінде 

бүкіл  қазаққа  мәшһүр  болған  жерлес  ғалымның  жұртына  сіңірген  еңбегі 

ұшан  теңіз.  Тәуелсіз  Қазақстанның  аты  қазақ  арманына  сай  дамуын  бар 

болмысымен  тілеп  келе  жатқан  ғалымның  бүкіл  шығармасы  да  ұлттық 

рухымыз  бен  руханиятымыздың  жетіле  түсуін  үндейді.  Әсіресе,  алаштану 

мәселелерінде де аянбай тер төгіп, ұлттық идеология төңірегінде дегдарлық 

танытып келеді. Тәуелсіздікке тәңіріндей табынып өткен Алаш арыстарының 

мақсат-мұратын бүгінгі қоғамға ұғындыру барысында: «Алаштың аманатына 

адал боламыз, оны жүзеге асырамыз десек, Қазақстан Халқы Ассамблеясын 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

өзінің  орнына  қоюымыз  керек.  Халық  Ассамблеясы  жалған  ғалым,  жалған 



идеология,  жалған  насихатты  дамытып  отыр.  Қазіргі  кезде  қоғамдық 

наразылықты  да  тудырып  отырған  осы  Ассамблея.  Қазақстан  Халқы 

Ассамблеясы  тарқатылмай  қазақ  толық  тәуелсіз  мемлекет  болмайды»  деп 

айтуына  да  тура  келді.  Тұрсын,  60  жастың  нақ  төріне  сен  де  аяқ 

іліндіргеніңізді  көріп,  жай  күнде  елей  бермейтін  уақыт  шіркіннің 

жүрдектігіне  еріксіз  бас  иемін.  Сен  әлде  қашан  ауыл  асып,  көп  жыл 

Алматыны, кейінірек Астананы тұрақ етсеңіз де, ошағынан түтіні, кеудесінен 

әні,  төрінен  мәні  кетпеген  қонақжай  қазақ  ауылын  өзіңмен  бірге  Алматыға 

ала кеткенсің. Сенің жазушылығың жайлы айтар болсам да, ақ жауынға ұқсап 

жаууға бармын. Сенің көркем туындыларыңның стилі ерекше. Әдебиетшінің 

көркемдік  әлемі  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Сенің  объектің  қазақтың 

«қоңыр  дала,  қоңыр  тіршілік  иелері».  Сондықтан  да  бұл  шынайы  шыншыл 

проза.  Ауылдас  болғандықтан  емес,  әдебиеттің  қордалы  ауылына  кең 

жайлап,  оның  таңғы  жұпар  самалын  жүзіп  ішкеніңіз  үшін,  кең  құлашты 

көсіліп  шабар  тіліңіз  үшін,  сезім  иірімдеріне  терең  бойлап,  адамның  жүрек 

қылына  дәл  түсетін  түйсігіңіз  үшін,  заман  көшімен бірге жүріп,  тәлімі  мол, 

көп  оқырманға  шамшырақ  іспеттес  терең  мазмұндағы  түсімді  дүниелеріңіз 

үшін  де  айтар  алғысым  шексіз.  Сендегі  сұлу  сөз  сарайы  кез  келген 

оқырманды  өзіне  еріксіз  баурап  әкететінін  де  талай  көріп,  іштей  талай  рет 

қуандым.  Бәлкім,  сен  атақ-дәрежеге  көп  ие  болмаған  шығарсың,  бірақ 

шынайылықтан,  рухани  тазалықтан  ауытқымағаның  үшін  де  мен  саған 

журналист  ретінде  бас  иемін.  Сені  сол  үшін  де  ардақ  тұтамын.  Расында  да, 

сендей  қасына  қарапайымдылықты  серік  еткен,  жүрегіне  жылылықты 

ұялатқан,  қазақи  дарқандықты  тұла  бойына  дәру  еткен  қадірлі  замандасым 

барына мақтанамын, марқаямын. Сенің асқақ бейнеңе дақ түспесе екен, сен 

жайлы сызаты бар сөздер төгілмесе екен деп әрдайым қам жеймін. Ғылым – 

мұхит. Сол мұхитта еркін жүзетін де, шама-шарқы келгенше күн кешетін де 

теңізшілер  бар.  Бұл  -  өмір  шындығы.  Еркін  жүзетін  теңізшілер  мұхит 

айдынында  кездесетін  проблемаларды  анықтайды.  Кейінгі  теңізшілер  еркін 

жүзу үшін соларды шешумен шұғылданады. Бұл дегеніңіз – қиыншылдықпен 

атқарылатын ауыр міндет. Нағыз теңізшілерге оны ешкім көрсетпейді. Ешкім 

оларға  оны  жүктемейді.  Ол  –  жүрек  қалауы.  Мұхиттың  беймәлім  сырын, 

аумалы-төкпелі  мінезін,  алай-дүлей  толқын  болатынын  білсе  де,  нағыз 

теңізші,  мұхитты  сүйгендіктен  өз  мақсатынан  таймай,  соны  аяғына  жеткізу 

үшін  кейде  тіпті  жанкешті  өмір  кешеді.  Ғалым  адамның  өмір  жолы  да 

теңізшінің  өмірі  тәріздес  ұқсас  келеді.  Нағыз  ғалым  ғылымды  шын 

сүйгендіктен,  оның  адамзат  өміріндегі,  өсіп  өркендеуіндегі  орнын  терең 

сезінгендіктен осы жолға түседі. Бұл – азапты да, ауыр да күрделі жол. Бірақ 

ғалым  жолы  –  адамның  бойындағы  рухани-адамгершілік  қасиетінен 

туындайтын  өзінің  таптырмайтын  жүрек  қалауынан  тұрады.  Еліміздегі 

осындай  ғалымдардың  бірі  –  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Ш.Құдайбердіұлы  атындағы  «Алаш»  және  І.Жансүгіров  атындағы  әдеби 



сыйлықтардың  лауреаты,  ҚР  ғылымына  еңбегі  сіңірген  қызметкері, 

филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай. 

 Талапкерлігімен, әдеби мүмкіндігін оқырман жүрегіне жеткізгенге дейін 

алдымен  өзі  өмір  көрігінен  армансыз  суырылып,  қазақ  журналистикасының 

нар  жүгін  көтерген  замандастарының  бейнесі  де  берекелі  тағылым  жолын 

тебірене толғайтын очерк, эссе – толғаныстары деректі дүниелер арқылы өз 

уақыты,  кезеңінің  көкейкесті  сауалдарын,  қастерлі  құндылықтарын  бірте-

бірте көркем хикаят-әңгімелерімен, өлең жолдарымен толғаған жүрек жарды 

балауса  жырларымен,  тарихи,  ғылыми  ізденістерімен  қаламның  қызуын 

қалың  оқырманы  қуанышына  ұластыра  алған  абыройлы  азаматтарымыздың 

бірі. 

 Т.Жұртбайдың  «Талқы»  кітабында  әлемдік  сөз  өнерінің  ХХ  ғасырдағы 



ұлы  тұлғалар  қатарына  жататын  Мұхтар  Әуезовтің  бүкіл  өмірбаяны  мен 

шығармашылық жолы нақтылана жазылған. Қысқаша айтсақ, Т.Жұртбайдың 

аталмыш  кітабы  қазақ  мәдениетінің  ұлы  тұлғасы,  атақты  жазушы,  суреткер 

М.Әуезовтің тартымды бейнесін жасайды.  

 Т.Жұртбайдың  «Дулыға»  кітабы  көне-түркі  батырлары  туралы,  тарихи 

әфсаналар  туралы  дастандар  қатарына  жатады.  Баспасөз  бетінде  лайықты 

бағаланып  жатқан  күні  кешегі  «Дулыға»  1-2  кітаптардан  тәлім-тәрбие, 

тағылым  сабақтарды  көкірегімізге  жете  сіңіріп,  біз  әлі  мың  таратып 

талдармыз деген ойдамыз. 

 Құнанбай  мен  Абайдың  өмір  сүрген  ортасына  қатысты  200-ден  астам 

архив  деректерін  ғылыми  айналымға  түсіріп,  олардың  өмірбаяндық 

шежіресін  жасады.  Шәкәрім  Құдайбердиевтің  шығармашылық  өмірі  туралы 

эссенің авторы.  

 Азаматты  руханиятқа,  парасатқа  бастар  жолдар  көп.  Бірақ  олардың  ең 

бастыларының  бірі  және  басқаларының  басын  тұтастыра  қайта  алатыны  – 

қоғамдық-философиялық  ой  тарихының  орны  өзгеше.  Т.Жұртбай  өзінің 

рухани  тарихын  білмейтін  ұрпақтың  жан-жақты  жетілуі,  парасат  биігіне 

шығуы  мүмкін  емес  деп  есептейді.  Сондықтан  да  Т.Құдакелдіұлы  түркі 

әлемінің  адамзат  ұлықтаған  ұлыларынан  бастап,  ХХ  ғасырдағы  қазақ 

зиялыларының  шығармашылықтарын  өзінің  ғылыми-рухани  ізденістеріне 

арқау етті. Ал, Тұрсын Құдакелдіұлының жеке басына айтар ой-толғанысым! 

–  «Сенің  кітаптарыңда  күрделі  ірі,  маңызды  да  өзекті  философиялық 

мәселелер  әлемдік  қоғамдық-философиялық  оймен  ұштасып  жатады.  Сенің 

жеке  өз  басыңыз  тындырған  тарихи-философиялық  еңбектеріңіз  әлемдік 

қоғамдық ойды дамытуға қосылған зор үлес деп білемін. Сен философиялық 

ойдың Тянь-Шаньдай биігіне шықсаңыз да, зор атақ-абыройға бөленсеңіз де, 

қарапайым 

адами 


қасиетіңізді, 

қарапайым 

адамдармен 

қарым-


қатынасыңызды,  жүрек  жылуыңызды  сақтай  алдыңыз,  философиялық 

даналық  өмір  салтынан  бір  сәтте  танбадыңыз,  міне,  сондықтан  да  мен 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

әрқашанда  сенімен  жүздесуді,  пікірлесуді  өзіме  бақыт  санаймын,  тағатсыз 



күтіп жүремін...». 

 Ойымды  қорыта  келе  айтарым,  Қазақстан  философтарының  көш 

басшысы,  білімді,  ойлы,  әрі  халық  ағасы  профессор  Тұрсын  Жұртбай 

шығармалары  ұлтымыздың  рухани  байлығын  молайтар  құнды  қазына. 

Кезінде: 

 «Қалдырмаса даналар хатқа жазып, 

 Кім  айырар  өткенді  ақ-қара  ғып»  -  деп  Жүсіп  Баласағұн  жазғандай, 

Тұрсын  Жұртбай  еңбектері  біздің  болашақ  ұрпақ  үшін  де,  олардың  рухани 

тарихымыздың  ақ-қарасын  ажыратуы  үшін  де  қажетті,  құнды  дүниелер. 

Профессор  Т.Жұртбай  еліміздің  рухани-тарихи  жазба  мұраларын  сақтау, 

сирек қолжазбалар мен кітаптарды жинау, жүйелеу және кеңінен пайдалану 

қазақстандық тарихтану мен деректанудың ғылыми базасын дамыту, кеңейту 

мақсатында  белсенді  түрде  еңбек  етіп  келеді.  Оның  көп  жылдық  ғылыми 

зерттеу  еңбектері  (31  әфсана  мен  монография)  халқымыздың  үш  мың 

жылдық  рухани  тарихын  қамтиды.  Ғылыми-ұйымдастырушылық  қабілетінң 

нәтижесінде  «Әуезов  үйі»  ғылыми-мәдени  орталығы,  сондай-ақ  «Отырар 

кітапханасы»  ғылыми  орталығы  құрылды.  Ғалым  ғылыми  зерттеу,  ғылыми 

мәдени, ғылыми білім беру бағыттарын үйлестіретін жаңа үрдістегі ғылыми 

кітапхананың  қалыптасуына  негіз  қалады.  Ұлттық  идеяның  қалыптасуына 

белсене араласып келеді. Тұрсын, 60-тың желкесіне шыққан жасыңыз құтты 

болсын!  Жаныңыз  жүдемей  жеңгей  екеуіңіз  көгіміздегі  Күніміз, 

көкжиегіміздегі Гүліміз боп жүре беріңіздер. Алланың нұры, шапағаты жауа 



берсін! 

Тоқтамыс ауылы.  

Ертіс өңірі.2011. 25 қазан. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал