Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет9/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Осы  кітап  оқуға  құмарлық  қалай  пайда 
болды? 
55-жылдары 
біздің  ауылға  әлдеқайдан 
Мақан  деген  ағай  пайда  болды.  Ұзын  бойлы,  ірі, 
кесек  денелі  жігіт.  Шымкенттің  тумасы,  руы 
қоңырат.  Жамбылдағы  малдәрігерлік  техникумды 
бітірген.  1958  жылы  сол  жерден  бағыттама  алып 
келіп,  өмірінің  соңына  дейін  осында,  біздің 
ауылда  мал  дәрігері  болып  қызмет  істеді.  Әуелі 
Әбдіхалықов  Бектұрған  ағайдың  үйінде,  одан 
кейін  ауылдың  орта  тұсындағы  Садуақас  атаның 
бір  бөлмесінде,  кейін  жалғыз  ұлы  –  Боданбайы 
соғысқа кетіп оралмаған, өмір бойы «Боданбайым 
келеді» 
деп 
өткен 
Ілес 
апаның 
үйінде 
тұрды.Отбасы, 
туған-туысқандары 
жоқ, 
жалғызбасты  кісі  еді  (өзі  туралы  айтпайтын  да). 
Неден  екені  белгісіз,  бір  көзі  әйнек  болатын, 
дегенмен,  ылғи  күлімсіреп  сөйлейтін  ғажайып 
тартымды  адам  болды.  Өз  ісіне  тындырымды, 
білікті  маман  еді.  Оған  қоса  артық  сөзі  жоқ,  аса 
мәдениетті,  сабырлы  болатын.  Шежірені  өте 
жақсы  білетін,  тіпті  жатқа  айтатын.  Өмірінің 
соңында  қарттар  үйіне  орналасып,  сонда  дүние 
салды. Кетерінде елменен жылап қоштасыпты. 

211 
 
Әлі 
есімде.  Біздің,  құрбым 
Тұрсын 
екеуіміздің  кітап  оқуға  құмарлығымызды  оятқан 
осы  ағай  болды.  «Жақсы  оқисыңдар  ма?»  деп 
сұрады  ол  кісі  бірде  көшеде  ойнап  жүрген  бізден 
сау  көзі  күлмің  қағып.  Өзі  еңсесін  маңғаздана 
көтеріп  тұрып,  асқақтаңқырап  сөйлейтін  еді. 
«Жақсы  оқимыз»  дедік  біз  жарысып.  «Кітап 
оқығыларың келе ме?» дейді ағай бізге. «Оқимыз» 
дейміз  біз  құлшынып.  «Онда  жүріңдер,  мен 
сендерге  кітап  берейін».  Ол  кісі  үйіне  алып 
барады.  Үлкен  ескі  қара  шабаданы  бар,  ашып 
қалғанда  біз  таудай  болып  үйілген  кітап  көрдік. 
Шабаданның  аузы  жабылмайды.  Біз  мұнша 
кітапты  ешқашан  көрген  емес  едік.  Көзімізді  ала 
алмай, жұтынып тұрмыз. Ағай екеуімізге екі кітап 
берді. «Осыны оқып, маған түсінгендеріңді айтып 
бересіңдер. Кім жылдам оқып, жақсы айтып берсе, 
мен  оған  жаңа  кітап  берем.  Барыңдар».  Біз 
келісеміз.  Кітабымызды  құшақтап  алып  үйді-
үйімізге  тараймыз.  Ал  енді  жатпай-тұрмай  кітап 
оқу  басталады.  Жарысып  оқимыз.  Бір-бірімізден 
қалмауға тырысамыз. Әрқайсымыз бұрын бітіруге 
тырысатынымыз  анық.  Осылай  біздің,  Тұрсын 
екеуіміздің  кітап  оқуға  құмарлығымыз  оянды  да, 
артты да. 
Ең  алғаш  оқыған  кітаптарымның  ішінде 
Елена  Ильинаның  «Төртінші  белес»  атты 
кішкентай  кітабы  маған  қатты  әсер  еткен  болса 
керек,  есімде  мәңгіге  сақталды.  Бұл  кітап  Ұлы 

212 
 
Отан  соғысының  Батыры  Гуля  Королева  жайлы 
жазылған.  Гуля  кішкентай  кезінде  «Дочь 
партизана»,    «Я  люблю»,  «Бабы  рязанские», 
«Каштанка» фильмдерінде ойнаған кішкентай ғана 
талантты  қыз.  Сондағы  «Алтын  шашты  қыздың» 
арманшылдығы  мен  алғырлығы,  алдына  қойған 
мақсатына жетпей тынбайтын өжеттігі мені қатты 
қызықтырған  еді.  Ұмытпасам,  сол  кішкентай  қыз 
соғысты  да  көрді,  басқа  қиындықтармен  де 
кездесті,  бірақ,  әйтеуір,  ұтылмады,  жеңілмеді, 
мойымады,  ақыры,  дегеніне  жетті.  Менің  де  сол 
қыз  секілді  болғым  келгені  есімде.  Кітаптың 
неліктен  «Төртінші  белес»  деп  аталғанын  қайта 
қарадым.  
Бірінші  белесі  –  Гуляның  он  екі  жасында 
«Партизан  қызы»  кинофильмінде  Сивко  деген 
атпен  шауып,  барьерден  секіргені.  Ол  титтей  қыз 
үшін оңай болмаған. Сивконың бірнеше рет секіре 
алмағанына,  режиссердің  «Репитицияны  тоқтат!» 
деп дамылсыз команда бергеніне қарамастан, Гуля 
ақыры ең соңғы рет секіріп шығады. Бұл, сөз жоқ, 
ерлік еді.  
Екінші  белесі  –  киноға  түсумен  жүріп, 
сабақты  көп  жіберетін  Гуляның,  ешқандай  
репититор  жалдамай-ақ,  өз  бетінше  дайындалып, 
нашар  үлгіретін  география  сабағынан  емтиханды 
«беске» тапсырғаны.  
Үшіншісі – Гуляның комсомолға өткені, ал, 
төртіншісі  –  Отан  соғысына  өз  еркімен  кеткен 

213 
 
Гуляның  шабуылда  жаралыларға  алғашқы  көмек 
көрсетумен  тынбай,  өзінің  де,  ауыр  жарақат 
алғанына  қарамастан,  ақырғы  демі  біткенше 
ерлікпен соғысқаны... 
Мен оқыған «Төртінші белес» суреттері бар 
кішкентай  ғана  кітапша  еді,  шамасы  жас 
жеткіншектерге  арнап  қысқартылып  аударылса 
керек.  Қалай  болғанда  да,  кітап  менің  жаңа 
қалыптасып  келе  жатқан  бүлдіршін  өміріме  игі 
әсер  етті,  бойымда  патриоттық  сезім  оятты,  мені 
де түрлі «ерліктерге» құлшындырды.  
Сол 
жылдары 
қазақ 
жазушыларының 
аудармамен көп шұғылданғаны рас. Біз колхоздың 
орталығы 
болып 
есептелетін 
Тереңөзек 
ауылындағы 
кітапханадан 
керемет 
тамаша 
аударылған  кітаптар  алып  оқитын  болдық.  Жюль 
Верннің  фантастикалық  шығармалары  («Он  бес 
жасар капитан», «Су астына сексен мың километр 
сапар»,  «Сырлы  арал»  т.б.),  О.Бальзактың 
«Шегірен  былғарысы»,  «Аласталған  Алитет» 
деген кітаптар менің жадымнан әлі күнге шыққан 
емес.  
 
Бүгінде  менің  балаларым  психологиялық 
кеңестер беретін, бизнеске үйрететін, адамдардың 
ара 
қатынасын 
айқындайтын 
т.с.с. 
тақырыптардағы,  өздерінің  айтуынша,  «ақыл-
ойды  ретке  келтіретін»  кітаптарды  оқуға  құмар. 
Ал,  кіші  ұлым  көбінесе  «ерлікті  уағыздайтын», 

214 
 
характерді  шынықтыратын  фильмдер  көріп 
жатады.  
Мен  «қазіргі  жастардың  ойлау  деңгейі 
өзгеше»  деген  пікірге  мүлдем  қарсымын.  Адам  – 
қашан  да  адам,  адам  болып  қала  береді. 
Сондықтан да оның биологиялық, физиологиялық 
жаратылысы  ешқашан  өзгермек  емес.  Ал,  оның 
психологиялық  тұрғыдан  заманға  қарай  өзгеріске 
ұшырауы  оның  отбасында  алған  тәрбиесіне 
байланысты.  Бір  отбасында  баланы  үй  тірлігіне, 
мал-жанға  қарауда  аса  ықтиятты  болуға,  оларды 
көбейтіп,  шаруашылықты  молайтуға  тәрбиелейді. 
Жақында  біреу  Шымкентке  тойға  барыпты, 
«ондай  той  еш  жерде  жоқ»  деп  көзін  жұмып, 
аузын  ашып  келді.  Әкесі  нарық  заманында 
Шымкенттен  Алматыға  ет  тасып,  саудамен 
айналысқан  екен.  Қазір  үйленіп  жатқан  ұлы 
экономист  мамандығын  алған,  жоғары  білімді, 
бірақ ол да әкесінің жанында ет сататын көрінеді. 
Міне, ол жігіт бала кезінен-ақ баюдың көзін табуға 
дағдыланған. Қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда, 
соны ілесің» деуі де сондықтан ғой.  
Біздің әулетімізде, шыны керек, білім қуған, 
оның қадір-қасиетін ұғынған адам болған емес. Ол 
кезде  ауыл  адамдарының  кітап  оқып,  уақыт 
жоғалтқаннан  гөрі,  малға  қарап,  соның  жайын 
жасау,  тұрмысты  жақсарту  басты  мақсаттары 
болғаны  рас.  Апам  ғана  қыстың  ұзақ  кештерінде, 
демалғанда, менің сұрауыммен ертегілер айтатын. 

215 
 
Менің есімде қалғаны –адамда жанашырлық сезім 
оятатын  «Шәкір-Шікірат»  ертегісі.  Бұл  ертегіні 
қанша тыңдасам да жалықпайтын едім. Ал бертін 
келе,  апамның  өзі  менің  жаныма  жатып, 
оқулықтағы Б.Майлинның «Күлпашын» оқытатын 
еді.  Қайталап  оқыта  беретін.  Екі  ашаршылықты 
көрген,  сол  зұлмат  жылдарда  ата-анасынан, 
бауырларынан  айырылған  бейбақ  көздері  жасқа 
шыланып, кемсеңдеп жылап та алатын. Аштықтың 
салдарынан  тұрғаны  –  тұрған  жерінде  құлап  өліп 
жатқан  адамдарды  есіне  алатын.  Уылжыған  жас 
келіншек кезінде, «мына зұлматтан аман қаларым 
неғайбыл  ғой,  одан  да  жалғыз  анам,  ауру  әпкем 
мен  бауырым  не  күйде,  солардың  жанына  барып 
өлейін»  деп,  алғаш  тиген  жарын  тастап, 
құйтақандай  қызын  көтеріп,  туған  жеріне 
оралғаны,  сонда  анасының  орнын  сипап  қалғаны, 
өлер  шағы  жақындаған  әпкесінің  мүшкіл  халі, 
жалғыз  інісінің  «тіріден  –  әрі,  өліден  –  бері» 
бейшара  күйі  есіне  түсетін.  Жоқ,  апам  ешқашан 
ешкімді  кінәлаған  емес,  ол  тағдырдың  салғанына 
«бір  алланың  ісі»  деп  қараған,  көнген, 
жақсылықты  Алладан  күткен  адам.  Кім  білсін, 
Күлпаш оның өз образы да болған шығар. Әйтеуір 
анашым  көзін  құрғатып  сүртіп,  әңгімені  оқып 
болған  мені  бауырына  тартып,  елжіреп  сүйетін, 
көрпемді  қымтап:  «Е,Алла,  жан  ғып  жаратқаның 
рас болса, құлыныма еш жамандық көрсетпе, осы 
тілегімді  бер!»  дейтін  күбірлеп.  Тасқа  басылған 

216 
 
шығармашылықтың  құдіретін  мен  осылайша 
жасымнан ұғынып өстім.  
Адамның  жан  дүниесін  байытатын,  өмірлік 
тәжірибесін 
қалыптастыратын, 
оны 
шешен 
сөйлеуге,  шебер  ойлауға  дағдыландыратын  екі-ақ 
нәрсе  бар,  олар  –  көркем  әдеби  кітап  оқу  мен 
халық  арасында  айтылатын  әңгімелерді  тыңдап 
өсу. Бұлар ой-өрісіңді байытады, тіліңді ұштайды. 
Ақыл-есі түзу, тепсетемір үзетін жігіттердің «мен 
сөйлей алмаймын» деп күмілжіп, мөлиіп тұрғанын 
көргенде,  қайран  қаласың.  Олардың  кейде  «бізді 
сөйлеуге  үйретпеді»  деп  ата-анасын  кінәлайтыны 
да бар. Орта мектепте тәлім алған, жоғары білімді 
азамат  Шыңғыстың  «Боранды  бекетін»  оқып 
төзімділікке, «Құс жолын» оқып адамгершілік пен 
ізгілікке  тәрбиеленсе,  құба-құп  болмас  па  еді?! 
Басқа  «Абай  жолын»,  Мұқағали  мен  Мұхтардың 
өлеңдерін айтпағанда.... 
ЖАҢА ҚОНЫС 
 
Мен  жетінші  сыныпта  оқыған  жылы  біз 
ауылдың  батыс  жағына,  ел  қоныстанбаған  тың 
жерге  үй  тұрғызып,  көшетін  болдық.  Бұл  жерді 
таңдаған  –  атамның  өзі.  «Қанайыптың  талымен» 
іргелес,  дөңестеу  жер.  Ойқы-шойқысы  көп.  «Бұл 
жер  түбі  жақсы  көше  болады»  деді  атам  көзін 
сығырайта  құм  жаққа  қарап  тұрып.  Ары-бері 
аяғымен аршындап жүріп, көгі енді ғана тебіндей 
бастаған 
қатқыл 
жерге 
кішкентай 
ағаш 

217 
 
таяқшаларды  қағып,  белгі  соғып  жатыр.  Дәл  бір 
колхоздың  өзі  беріп  жатқандай.«Осы  –  жиырма 
бес  сотық,  басы  артық  жер  маған  керек  емес. 
Ешкімнің  дауы  жоқ»,  –  дейді  бойын  жазып,  өз-
өзімен  сөйлесіп  жүріп.  Жұқалтаң  қара  сұр  өңіне 
қызғылт  шырай  кіріп,  қарияның  өзіне-өзі  риза 
кейпін  танытады.  Біз  апам  екеуіміз  тек 
тыңдарманбыз, атамның айтқан жеріне қадаларын 
апарып беріп жүрміз. Тек апам анда-санда:  
– Ел-жұрттан, туған-туыстардан жырақтап... 
– деп күңкілдеп қояды.  

 
Ел-жұрт маған не береді?   
Атамның  даусы  қатқыл  шықты.  Әлденеге 
ренжіген  түрі  бар.  Неге  болса  да  белін  бекем 
буған. Апам үнсіз қалды.  
 
Атам қай жерге үй, қай жерге қора түсетінін, 
дарбазаның (біз жақта қақпаны солай атай береді) 
қай  жаққа  қарайтынын  белгілеп,  бізге  тәптіштеп 
түсіндіріп жатыр.  
 
–  Бұл  жерге  таудан  сел  ақса  да  көтеріле 
қоймайды,  бізді  айналып  өтеді.  Тек  жоңышқа 
егетін  шарбақты  қолмен  тегістеу  керек,  онсыз 
жоңышқаға  су  жақсы  жайылмайды,  –  деп  қойды 
арасында.  
–  Құдай-ау,  қолмені  несі?!  Топырақты 
зембілмен тасып тегістейміз бе? 
Апам шошып кетті. 
 
–  Енді  қалай  деп  едің?  Зембілмен  тасимыз! 
Кім саған тірәктірін берейін деп тұр?!  

218 
 
Атам  жүзі  сұрғылттанып,  кемпіріне  тіктей 
қалды.  Апам  да  көзін  тайдырып,  жым  болды. 
Атамның  «жанды  жері»  осы-ау  деп  ойладым 
ішімнен. «Туысқандарымен сөзге келіп қалған-ау, 
шамасы.  «Сендерсіз  де  күнімді  көрем!»  деп, 
намысын қайрап, тартып отырған ғой кәрі тарлан! 
Бірақ,  осынша  шаруаны  атқаруда  кімге  сенеді? 
Әрине,  тек  қана  маған.  Бәлкім,  әпкелерім  көмек 
қолын созар. Дегенмен, «тас түскен жеріне ауыр». 
Қалай болғанда да, атама  шын  бел болатын  кезім 
келген сияқты. Нар тәуекел!».   
Түске  шейін  жаңа  қонысымызды  белгілеп, 
күрек-кетпенімізді  көтеріп,  үйге  келдік.  Ескі  үй 
енді,  шынында  да,  көзіме  қораштау  көрінді: 
жатаған,  көне.  Расында  да,  атам  айтқандай, 
кірпіштен  биік  етіп,  «қатырып»  үй  соғып  алсақ, 
төбесін  шифермен  жапсақ,  биіктетіп,  дарбаза 
жасасақ,  тал-дарақ  ексек  –  қандай  жақсы!  Өз 
қиялыма көңілім лепіріп, едәуір көтеріліп қалдым. 
Атамның  «жаңа  тұрмыс  жасаймын»  дегені  жаңа 
өмір  бастағанмен  бірдей  болды  мен  үшін. 
«Асқаралы  алпыстың  алтауына  шыққан,  сенер  ер 
азаматы  жоқ  қарт  әкемнің  жападан-жалғыз  жаңа 
тірлікке  бел  буып,  «жаңаша  тұрмыс  жасаймын, 
елден  қалмаймын!»  дегені  қандай  ерлік!»  деп 
ойладым ішімнен. «Тек қариям аман болса екен!» 
Атам тірлікке шұғыл кірісіп кетті. Қазақтың 
сенері  –  мал  ғой.  Базардан  қалмай  жүріп,  бірлі-
жарым қойын сатып, Ақыртөбеден бір-екі өзбекті 

219 
 
алып  келді  де,  кірпіш  құйдыра  бастады.  Ол  үшін 
топырақ  тасудың  керегі  жоқ,  жерді  ойып,  соның 
топырағымен кірпіш жасай береді, тек сары сабан 
болса  болғаны.  Сабанды  атам  екеуіміз  қапшыққа 
салып,  егістіктен  арбамен  тасып  беріп  отырдық. 
Ол  кезде  он  үш-он  төртке  келіп  қалған  кезім, 
мұндай шаруаға өзім де жарап қалғам.  
Не  керек,  бас-аяғы  екі  айдың  ішінде,  үйіміз 
тұрды. Еденін тақтайдан «жымдай етіп», атамның 
өзі  салды.  Аузында  шегесі,  белдемше  шпалдың 
үстіне  атша  мініп  отырып  алып,  өзі  сүргілеген 
тақтайларды  біріне-бірін  жымдастыра  тақап, 
жүздік  шегелермен  тастай  ғып  бекітеді.  «Шегені 
үш 
қаққаннан 
кіргізбеген 
адамнан 
ұста 
шықпайды» деп өзі айтқандай, жеп-жеңіл, табаны 
тақтайдай  балғасымен  екі-үш  ұрып  қалғанда-ақ, 
қандай  шегеңіз  болмасын,  зымырап  барып,  жетер 
жеріне жетіп тынады. Тақтайларды ұстап отырып,  
атамның  шын  ұста  екеніне  көзім  бұрынғыдан  да 
жете  түседі.  Сүйсінемін.  Самайынан  аққан  терін 
сүртуге де шамасы келмей, бар ынтасымен жұмыс 
істеп  отырған  атамнан  көз  алмаймын.  Қартайып 
қалды.  Дөңестеніп  келген  кең  маңдайындағы 
көлденең  үш-төрт  сызық  әжімі  тереңдеп  кетіпті. 
Жақ  сүйегі  де  қушиып,  жұқалтаң  тартқан. 
Жауырыны бұрынғыдан еңкіштене түскен сияқты. 
Үй  салам  деп  шапқылап  жүріп  біраз  күш-
қайратынан  ажырап  қалғандай,  сынық  өңінде 
әлжуаздық байқалады. Әбүйір болғанда, әпкелерім 

220 
 
мен  жезделерімнің  біршама  көмектері  болып 
жатты. Әттең, атамның осы өнерін жалғастыратын 
бір  ұлдың  болмағаны-ай  десеңші.  Қартымның 
әрбір  ұлы  шетінеген  сайын  сақалы  алты  тарам 
болып  егілгені  сол  екен-ау  деп  ойлаймын. 
Қайтесің, тағдыр ғой.  
Күзге салым үй де бітті. Ортасында пеші бар 
шағын  бөлме,  екі  жағында  екі  жатын  бөлме.  Мен 
жатады  деген  төр  бөлме  қонақ  бөлменің  де 
қызметін  атқаратын  болды.  Жаңа  бұйымдар 
алдық.  Менің  арманым  болып  жүрген  кітап 
жинайтын,  тіреуіштері  буылтықтанып  жонылып, 
лак 
жағылған 
әдемі 
этажерка 
да 
бітті. 
Радиоқабылдағыш,  төбедегі  шамға  қызғылтым 
абажур,  жазу  үстелі  мен  орындықтар  апамның 
тығылып  жататын  жап-жаңа  текеметтерімен 
жарасым  тауып,  жайнап  кетті.  Әпкелерім  әкелген 
тұскиіз, 
кілемдер, 
көрпе-жастықтың 
жаңа 
жапқыштары  үй  тұрмысымызға  едәуір  сән  берді. 
Не  керек,  құрбыларым  келгенде,  ұялмай  қарсы 
алатын болғаныма қуандым.  
Қолға алған ісін тындырмай тұрмайтын атам 
емес  пе,  бірте-бірте  қора-жайды  да  реттеп  алдық. 
Зембілмен 
тасып 
жүріп,  жоңышқа 
егетін 
шарбақты    да  тегістедік  (атам  арасында  жата 
қалып, жердің тегістігін қарайтын).  
Отын-суымызға дейін түгендеп, қысты біз су 
жаңа  үйде  қарсы  алдық.  Бірақ,  ең  қиыны,  қысқы 
соғымбасыға  туыстарымызға  барғанда  (бұл  кезде 

221 
 
атамның  туыстарымен  ара  қатынасы  жөнделген), 
үшеуіміз  тас  қараңғыда,  жан  баспаған  «Қанайып 
талдың»  ішімен,  бір-біріміздің  ізімізбен  ғана 
жүретін  болдық.  Атам  үнсіз  алдымызда,  сосын  – 
мен,  артымызда  апам  күңкілдеп  келе  жатады. 
Айтатыны белгілі – «қайдағыны шығарып...». 
Көктем  шыға  егіс  басталды.  Әлгі  шарбақты 
тырмалап,  жоңышқа  септік.  Есіктің  алдына  тал 
отырғыздық.  Не  керек,  ауылда  атам  ашқан  жаңа 
көше пайда болды, жаңа тіршілік басталды. 
Бір  күні  үйге  Рахметқұл  көкем  келе  қалды. 
Сиыр  базда  тұратын,  денелі,  келбетті  келген 
қызыл шырайлы кісі еді. Үнемі күлімсіреп жүреді. 
Бізге туысқан.  
–  Ассалаумағалейкүм,  Әлеке!  –  деді  атын 
қораның тіреуішіне байлап жатып. 
–  Әліксәлем,  –  деді  атам  қолындағы 
тырмасын дуалға сүйей беріп.  Бала-шаға, мал-жан 
аман ба? 
 
–  Шүкір  аллаға.  Қоныс  жайлы  болсын, 
Әлеке! Жақсы үй салып алыпсыз. 
– Иә, тәубе. Әйтеуір бітірдік қой.  
Екеуі  әңгімелесе  жүріп,  есіктің  алдындағы 
көрпе  төселген  тапшанға  жайғасты.  Атама  кірлен 
мен құман әкеліп, қолына су құйдым, шай қойдым 
(апам базарға кеткен). 
– Иә, шаруа қалай, Рахметқұл, жайша жүрсің 
бе? – деді атам, беті-қолын сүртіп, жайғаса беріп. 

222 
 
–  Жай  болғанда,  тыныштық.  Көкем  мол 
денесімен  бұрылып,  ауланың  ішіне  көз  тігіп 
отырды.  Қора-жайды  жақсы  жасапсыз,  бәрі  көз 
алдыңызда, жақын.  
– Енді амал жоқ, жалғызілікпіз ғой...  
– Жөн-жөн. Қызымыз нешінші оқып жүр? – 
деді маған қарап. 
– Жетінші, – дедім мен іліп алып. 
–  О-о-о,  жақсы,  көптен  көрмеп  едім, 
бойжетіп қалыпты.  
Атама  бұл  сөз  ұнамады,  қабағы  кіржің  ете 
қалды.  Көкем  байқап  қалып,  орынсыз  сөзіне 
ағасынан  ыңғайсызданды.  Күлкіге  жеңе  отырып, 
әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жіберді.  
– Жарайды, Әлеке, шаруа былай. Мына жаңа 
көше  ашқаның  құп-ақ  жақсы  болыпты.  Ауыл 
үлкейіп  келеді  ғой,  балалар  өсіп  дегендей.  Бұл 
көше  енді  әлі-ақ  толады.  Маған  да  осы  көшенің 
бойынан үй тұрғызсам деген ой келіп жүр...  
Атамды  білем,  қушікештенген  тірлік  оған 
ұнамайды,  «ә,  қысталақ,  мені  көріп,  жабысып 
отырсың  ғой,  бұрын  қайда  қалдың?»  деп  отыр 
ішінен. Дегенмен, бауыры емес пе, тез басылды.  
– Е, үй салсаң, жассың ғой, сала бер, құдайға 
шүкір,  алтындарың  бар,  –  деді  дастарханға 
жақындай беріп. Ал, шай ал! 
–  Сол  ғой,  бірақ  қай  жер  ыңғайлы  дегенім. 
Сіз  жердің  жөнін  білесіз  ғой,  Әлеке,  қай  жер 
ыңғайлы? Манан інім де ана ескі көшеден осында 

223 
 
көшсем деп отыр, ағайынды екеуміз қатар болсақ 
дегеніміз ғой... 
 Атам  шайын  сораптап  біраз  үндемей 
отырды да: 
–  Жер  таңдайтын  ештеңе  жоқ,  құдайдың 
жерінің  бәрі  жақсы.  Осы  көшенің  басынан  түсе 
бер.  Таудың  суы  тез  келеді.  Ар  жағыңда 
қалқоздың  қызылшасы,  судан  кенде  болмайсың. 
Шарбағыңды 
бірінші 
суғарасың, 
ешкіммен 
таласпайсың.  Жақсылап  баптасаң,  бау-бақшаң 
төгіліп пісетін болады.   
–  Әһ,  өзім  де  солай  ойлап  едім.  Дұрыс 
болды,  Әлеке!  Енді,  шайыңды  ішіп  болған  соң, 
екеуіміз  бірге  барып,  үйдің  орнын  белгілесек 
қайтеді, а? 
Атам біраз үнсіз отырды да, «жарайды» деп 
күңк ете қалды.  
Осылай,  бірінші  жазда-ақ,  біздің  жоғары 
жағымызға  бес-алты  үй  орын  тепті.  Рахметқұл 
көкем інісімен,  Бекбосын  ағай інілері Мыңбосын, 
Боранбайлармен, 
біздің 
үйдің 
дәл 
түбіне 
шанышқылы Мұхамбет ағай, қарсымызға Әбдібай 
ағай үй сала бастады. Бәрінің ақыл сұрары – атам.  
Үй қабырғасының қисық-түзуін анықтау дейсіз бе, 
есік-терезе  орнату  дейсіз  бе,  пеш  салу  дейсіз  бе, 
әйтеуір  атама  тыныштық  жоқ.  Ақыл  сұраса 
болғаны, атамның «сауап болады» деп домаланып 
сол  үйге  қарай  кетіп  бара  жатқаны.  Әсіресе  «екі 
кемпірді  бірдей  асырап-бағып  отырған  Исадан 

224 
 
қалған жалғыз тұяқ қой. «Орнында бар  – оңалар» 
деген,  адам  боп  кетсін!»  деп  тілеуін  тілеп, 
армиядан  жаңа  келіп,  жас  үйленген  Мұхамбет 
ағайдан көмегін еш аяған жоқ... 
Осылайша,  «Қанайыптың  талының»  батыс 
жағын ала бой теуіп, бүгінде тал-дараққа  оранған 
отыз шақты үйі бар жаңа көше пайда болды. Осы 
жылдары біздің үйге қуаныш үстіне қуаныш келді. 
Алпысыншы  жылдары  өмірге  кішкентай  інім 
Байту  келіп,  сөнген  шырағымыз  маздағандай 
болса,  екі  жылдан  соң,  Жаңылыс  әпкем  қарт  ата-
анамның  бауырына  кішкентай  бөпесі  Ғазизаны 
салды. Ол небәрі алты айлық қана болатын. Атам 
аса  балажан  еді  ғой:  жас  нәрестені  еш 
қиынсынбастан,  өзі  қарап,  өзі  бақты.  Томпайған 
бауырсақтай 
топ-толық, 
аппақ, 
титтей 
бүлдіршіннің  сүйкімді  күлкісі  атамның  жанын 
жадыратты.  Дәл  бір  ұлынан  немере  сүйгендей 
шексіз қуанышқа бөленді. 
Көшенің  дәл  ортасында,  атам  айтқандай, 
қайсыбір  жылдары  таудан  аққан  сары  топан 
селден  есік  алдындағы  орылып  қалған  шұқанаққа 
апам  бір  түп  алма  талын  еккен  еді,  сол  алма  тал 
жайқалып,  жылдар  бойы  мәуе  беріп  тұрды. 
Жетпісінші жылдары марқұм Рамазан жездем мен 
Күліш  әпкем  атамнан  қалған  кішкене  үйді 
дүмбіретіп қайта тұрғызды. Ауылдағы жездем мен 
әпкемнің  де  ол  кезде  тұрмыстары  жақсы,  ауыл 
дүкенін ұстайды. Олар да жақсы көмектесті.  

225 
 
Осы  бір  жаңа  көшенің  дәл  орта  тұсындағы 
еңселі  шатырлы  үй  әрдайым  атамнан  қалған 
ескерткіштей  болып,  көзіме  оттай  басылады. 
Еңбеккер,  қайсар  жанның  «отым  өшпесе  екен!» 
деген  тілегін  Алла  құп  көргендей,  жарықтықтың 
оты  өшкен  жоқ,  қайта  маздай  түсті.  Қартайғанда 
дүниеге  келіп,  көз  қуанышы  болған  Байтуы  мен 
кішкентай бөпелері Ғазизасы да атам мен апамның 
әруағын  әрдайым  естеріне  алып,  ардақтап  
отырады.  Олардан  да  ұрпақ  тарады:  Байтудың 
Ғазиз  атты    ұлы,  Әсел,  Әсия,  Сымбат,  Ұлбике 
(қайтыс болды) атты қыздары болды. Ғазиза күнту 
Әбдірайым ақсақал мен Тоқан бәйбішенің тұңғыш 
ұлы  Нұрланға  тұрмысқа  шығып,  Абзал,  Сұлтан 
атты ұл мен Айжамал атты қыз сүйді.  
Осы  кітап  жазылып  жатқанда,  мен,  сәті 
түсіп,  Айжамалдың  үйінде  Ғазизалардың  құдасы 
Қоштаймен  біраз  әңгіме-дүкен  құрғаным  бар.  Ол 
кісінің руы бестерек, Қыбырайдың қызы Айшамен 
отандасқан  екен.  Еңбеккер,  өзінің  жеке  шаруа 
қожалығы  бар,  ішіп-жемі  жақсы,  «Мырзатай» 
ауылының белді азаматтарының бірі. Ең бастысы, 
қандай әңгіме болмасын, іліп алып кететін көкірек 
көзі  ашық  адам.  Ренат  (Айжамалдың  күйеуі), 
Жасұлан  атты  екі  ұлы,  Ақмарал  атты  қызы  бар. 
Өмірлік  қосағы  –  Айшасын  аузынан  тастамай, 
«Менің  Айшам»  деп  құрметпен  атап  отыратын 
жақсы  әдеті  бар  екен.  Құдалары  Нұрлан  мен 
Ғазизаға  да,  келіні  Айжамалға  да  дән  риза.  «Өзі 

226 
 
жақсы  кісіге  бір  кісілік  орын  бар»  дегендей,  осы 
әңгіме  барысында  мен  Қошекеңнің  төңірегіндегі 
адамдардың  жақсы  болуы  өзінен-ау  деген  ой 
түйдім.  
Дегенмен,  артымнан  ерген  бауырларым 
Байту  мен  Ғазизамның  асығының  оңынан  түсіп, 
өмірлерінің  мәнді  де  сәнді  болғанына  шын 
жүрегіммен қуандым.  
Әйтеуір 
туған 
үйдің 
түтінінің 
түзу 
ұшқанына не жетсін, шіркін! 
 
 
ЖАҚСЫДАН – ШАРАПАТ 
 
Ақыртөбе  селосының  «дүрілдеп  тұрған» 
кезі.  Екі  өкпе  тұсында  «Алғабас»  пен  «Мақпал» 
совхоздары,  тау  жақ  бетінде  Жамбыл  атындағы 
колхоз  тиіп  тұрғандықтан,  бұл  станса  бейне  бір 
аудан  орталығы  іспеттес  еді.  Үлкен  ауруханасы, 
орта мектебі, МТС-і, бірнеше дүкендері, үлкен мал 
базары бар. Түрксіб темір жолы селоны қақ жарып 
өтетіндіктен,  «станса»  деп  аталатын  бұл  елді 
мекен  тоғыз  жолдың  торабында,  сондықтан  да 
халықтың бар керегіне жарап тұратын. 
Төңіректегі  мектептердің  барлығы  жеті 
жылдық 
болғандықтан, 
бірнеше 
ауылдың 
оқушылары  сегізінші  сыныптан  бастап  осында 
қатынап  оқитын  болған.  Шалғайлау  орналасқан 
«Мақпал» 
совхозының, 
тау 
етегіндегі 

227 
 
«Боққайнаттың»  балалары  мектеп  жанындағы 
интернатта жатады.   
Ақыртөбеге қатынап оқу дегенің ол кезде біз 
үшін  қалаға  барып  оқығанмен  бірдей:  көңілің 
көкке  шалқып,  бойыңа  бір  жаңа  жігер,  жаңа  күш 
пайда  болғандай  әсерленеміз.  Балалағымызбен 
қоштасқандай,  ауылдан  үш  шақырымға  ұзап, 
есейіп, 
«адам 
болғанымызды» 
сезінгендей 
боламыз.  Жаз  бойы  хал-қадерімізше  киім-
кешегімізді 
реттеп, 
барымызды 
тазалап, 
жоғымызды  тауып  дегендей,  әбігерге  түсіп 
жатамыз.  
Күн  екінтіден  әлдеқашан  ауған.  Есіктің 
алдындағы  шағын  тапшанның  үстінде  кешкі 
тамағымызды  ішіп  отырдық.  Кішкентай  баланы 
қоспағанда,  небәрі  үш-ақ  жан,  әрқайсымыз  өз 
ойымызбен  әлекпіз.  Жаздың  аптап  ыстығының 
беті  қайтып,  батыстан  соққан  салқын  самал  да 
біздің  көңілімізді  жайландырғандай.  Әдетінше 
қара  қоңыр  өңі  терлеп-тепшіп,  қою  қара  шайды 
сораптай ішіп отырған атам әлден уақытта: 
–  Мен  ертең  бір-екі  тоқтыны  базарға  алып 
шығайын,  Алдантай  Жамбылға  барып,  мектебіне 
керек-жарағын  алып  алсын,  –  деді.  Малсақтығы 
атамнан еш кем түспейтін апам жұлып аклғандай: 
–  Біреуін  сатсаң  да  жетер,  маған  да 
көктемдегі  сақпанға  еңбек  берді  ғой,  –  деді 
сабырмен.  

228 
 
–  Жоқ,  оған  қант-шәй  алармыз,  артық 
болмас. 
Әңгіме осымен бітті. Атам қалтасынан үлкен 
бет  орамалын  алып,  сілкіп-сілкіп  жайды  да, 
жіпсіген  маңдайын,  мойнын  сүртіп,  желпінді. 
Жанары  төменшіктеп  отыр,  менің  бой  жетіп 
қалғаныма қуанғаннан гөрі мұңаятын сияқты.  
Иә, мектептің де бітуіне көп қалған жоқ. Бір-
екі  жыл  дегенің  сөз  боп  па,  сырғып  өте  шығар, 
сонда бұлар не дер екен? «Талабыңа нұр жаусын, 
оқуға  түс,  адам  бол»  деп  жіберер  ме  екен  мені, 
әлде  «бізді  қайда  тастап  кетесің...»  дер  ме  екен? 
«Жоқ,  мен  қалай  да  оқуға  түсіп,  білімді  маман 
болам!  Ол  үшін  бар  күшімді  салып,  өте  жақсы 
оқуым керек, мен соған талпынам. Қарттарымның 
мақтанышы  болуым  керек!  Бұл  –  менің  ақырғы 
байламым, оны ешқашан өзгертпеймін».  
Дастарханның  шетін  шұқылап  отырған 
менің  ойымда  осы  болды.  Атам  мен  апам  да  осы 
ойымды  ұққандай  үнсіз.  Кім  білсін,  шаруалар 
бітпей  жатқанда  кітапқа  қадалып  қалатын 
кездерімде  атамның:  «Осы  ала  қағаздан  менің 
басыма  ақ  тас,  көк  тас  қоясың  ба?!»  дегеніне 
«Қоям!»  деп  жауап  қататыным,  есіктің  әйнегін 
орамалмен  қалыңдап  жауып,  түнімен  лампаның 
жарығымен  кітап  оқитыным  естеріне  түсіп:  «бұл 
қыз бізді тыңдамайды, бәрібір кетеді оқуына!» деп 
тұжырым  жасаған  да  болар,  бәлкім.  Айналайын 
асылдарым-ай,  аман  болыңдаршы,  әйтеуір!  Аман 

229 
 
болсаңдар  көресіңдер  әлі!  «Кімнің  қызы?»  десе, 
«Әлтайдың  қызы,  Алтынсараның  қызы!»  деген 
жақсы атқа душар еткізем мен сендерді! Тек аман 
жүріңдер, 
қайғырмаңдар, 
қартаймаңдар, 
белдеріңді бекем ұстаңдар, жандарым! Сендер әлі 
менімен  мақтанатын  боласыңдар!  Өздеріңнен 
алған  жақсы  қасиеттерімді  өздеріңе  қайтарам  тірі 
болсам!» 
  Атамның  берген  қаржысымен  Жамбылға, 
Күліш әпкеме кеттім. Әпкем пысық адам, қаланың 
дүкендерін  зыр  жүгіріп  аралап,  мені  біршама  
киіндірді.  Ыңғайлы  мектеп  формасы  болмай, 
әдемі  қоңыр  көйлек  сатып  алдық.  Көйлектің  екі 
түймемен бекітілетін үлкен жағасы бар екен, үйге 
келген соң, дәл соның көлеміндей, қажет болғанда 
ауыстырып  киетін  ақ  жаға  тігіп  алдым.  Көптен 
армандап жүрген едім, кішкентай ғана қызғылтым 
түсті  радикуль  сумка  сатып  алғаныма  қуанғаным 
әлі есімде. Мен осылайша өзімді алғаш рет ересек 
сезініп, болашаққа қарай шындап бет алғандай күй 
кеше бастадым. Бұл жаңа өмірдің бастауы сияқты 
бір кезең еді...   
Ақыртөбе  орта  мектебі  бір  қабатты  ұзынша 
үйде  орналасқан.  Сырты  ақталған,  алыстан 
«менмұндалап»  тұрған  бұл  үй  темір  жолдың 
көпірінен  шыға  сала  көзіңе  оттай  басылады. 
Есігінің алдындағы көшеге дейін егілген тал-дарақ 
екіге  жарылып  қоршалған  да,  ортасындағы 
қақпаға  жеткізетін  жіңішке  жолға  тас  төселген.  

230 
 
Кіре 
берістегі 
кішкентай 
холлда, 
барлық 
мектептердегі  сияқты,  атақты  педагогтардың 
портреттері  мен  оқу-білімге  шақырған  түрлі 
ұранды сөздер ілінген.  
Ол  кезде  оқушылар  сынып-сынып  болып 
бөлініп,  кабинетте  отырады  да,  пән  мұғалімдері 
сынып  журналын,  оқулықтарын,  сабаққа  қажетті 
құрал-жабдықтарын 
көтеріп, 
өздері 
келеді. 
Қазіргідей,  мұғалім  оқушыларды  емес,  оқушылар 
мұғалімді  күтіп  отыратын,  ілтипат  көрсетіп, 
орындарынан  тұрып  қарсы  алады.  Мені  әлі  күнге 
дейін таңғалыратыны – сол кездегі мұғалімдердің  
көпшілігінің 
керемет 
байыпты, 
байсалды, 
салихалы  болып  келетіні.  Олар  өз  істеріне 
тиянақты әрі адал, білімдері терең еді. Біз олардан 
көптеген адами жақсы қасиеттерді үйрендік.  
Сынып  жоғарылаған  сайын  біздің  де 
сабақтарға  бейімділігіміз  анықтала  бастады. 
Тұрсын химия, математика пәндеріне, мен тіл мен 
әдебиетке  жақынырақ  болдық.  Ал  Мәрия  болса, 
барлық сабақтарға біркелкі еді.  
Әлі  есімде,  бізге  сегізінші  сыныпта  мен 
жақсы  көретін  әдебиет  пәнін  мектеп  директоры 
Тойбеков  Орынқұл  ағай,  ал  жоғары  сыныптарда 
Шыңғысбаева  Биби  (Бибігүл)  Оразымбетқызы 
оқытты.  Бұл  кісі,  Бейімбет  айтқандай,  Бибі  десе, 
Бибі  еді!  Сол  кездерде  жас  шамасы  33-34-тердегі  
мұғалиманың  сырт  пішіні  қандай  келбетті  болса, 
ішкі жан дүниесі де сондай пәк, таза жан болатын. 

231 
 
Ортадан жоғары бойы бар, аздап толысқан денесін 
сәл шалқайта тік ұстап,  асықпай сәндене басатын 
жүрісі  қандай  әсем  еді  десеңізші!  Бейне  бір 
айдында  қалқып  келе  жатқан  аққу  дерсің. 
Әрдайым,  кімге  болмасын,  таянғанда,  аясы  кең 
қоңыр  көздері  күлімдеп,  аққұба  дөңгелек  жүзі 
нұрланып сала беретін. Басын изеп сәлемдескенде, 
жұқалтаң  әдемі  еріндері  ашылып,  айрықша  аппақ 
тістері маржандай, қаз-қатар тізіле қалатын.  
– Иә, үйге не тапсырма беріліп еді, кім менің 
есіме түсіріп жібереді? – деді Биби әпкей әдетінше 
бізге сәл жымия жағалай көз тастап, биік трибуна 
тәріздес мұғалім орындығына көтеріліп жатып (ол 
кезде орындықтар сондай болатын-ды).  
Аз-кем  үнсіздіктен  соң,  мен  қолымды 
көтердім. 

 
Тұра ғой, қалқам. Атың кім еді осы? 

 
Алдан. 

 
Жақсы  есім  екен.  Шамасы,  Алданыш 
болсын деген ғой сені? 
Балалар жымыңдаса қалды. Әпкей оған мән 
бермей:  

 
Иә, сонымен үйге не беріліп еді? 

 
Ыбырай Алтынсарин... 

 
Өзің сабаққа дайынсың ба, Алдан? 

 
Дайынмын, әпкей. Айтайын ба? 

 
Айта ғой.  
Әпкей  жорналға  үңіліп,  әлденені  жаза 
бастады. 

232 
 

 
Құлағым сенде. 
Мен  тақтаға  шығып,  әпкейдің  қаламсап 
ұстаған  сүйріктей  әдемі  саусақтарынан  көз  алмай 
қарап тұрып, сабақты айта бастадым. Ыбырайдың 
туған  жер,  өскен  ортасы,  атасы  Балғожаның  оған 
көп үміт артқаны, ақыры, атасының үміті ақталып, 
Ыбырайдың  қазақтың  тұңғыш  тәлімгері  болғаны 
туралы  аса  бір  қызығушылықпен  баяндап 
шықтым.  Әпкей  мені  тоқтатпады.  Аракідік  маған 
назар  аудара  қарап,  ризашылық  кейіппен  басын 
шұлғып  қояды.  Жүзінде  жылы  мейірім,  қолдап-
қуаттау  бар.  Бұл  маған  қанат  бітіргендей,  мен  де 
бүкпесіз еркін көсілдім. Бір кезде әпкей: 
–  Ой,  азамат,  Алдан,  сен  қалай  жақсы 
дайындалғансың!  Өзің  өте  жатық,  әдемі  сөйлейді 
екенсің ғой. Болашақта кім болғың келеді, а? 
Мен  мұндай  сұрақты  күтпеген  едім,  «ә» 
дегенде  сасып  қалдым.  Жанымда  отыратын  Баян 
жұлып алғандай:  
–  Ол  кітапты  көп  оқиды,  жазушы  болғысы 
келеді, әпкей, – деп салғаны. 
Мен  қызарып  кетіп,  төмен  қарадым. 
«Қайдағы жазушы?! Ұят болды-ау!»  
Әпкей  ыңғайсызданғанымды  дереу  ұға 
қойып, жаймашуақ кейіппен: 
–  Несі  бар?  Жазушы  болғысы    келсе, 
болады!  Бәрі  талаптануға  байланысты.  «Талапты 
ерге  нұр  жауар»  деп  неліктен  айтқан  дейсіңдер 
біздің  ата-бабамыз.  Алданның,  осылай  тереңдеп 

233 
 
оқи берсе, жазушы да, тіпті болмағанда, өте жақсы 
әдебиетші  де  болуы  мүмкін.  Көрдіңдер  ме,  ойын 
жүйелі, әсерлі жеткізе біледі. Бұл – жақсы өнер.  
Осыдан  кейін  мен  Биби  әпкеймен  қазақтың 
классик  ақын-жазушыларымен  тереңірек  таныса 
бастадым, олардың көркем шығармаларының қыр-
сырына 
үңілдім, 
жақсысынан 
үйрендім, 
жаманынан  жирендім.  Абайдың  өлеңдеріндегі, 
қара сөздеріндегі терең философиясын қарапайым 
тілмен  аса  ұғынықты  түсіндіретін  еді.  Көркем 
әдеби 
шығармалардағы 
жағымды-жағымсыз 
образдарды 
талдағанда, 
кәдімгі 
сахнадағы 
әртістерше, 
бет 
мимикасымен 
сүйсіндіріп-
сүйдіріп, не болмаса жиіркендіріп-бездіріп, әсерлі 
әңгімелейтін.  Бір  ыңғайлы  сәтте  біздің  әпкейден 
осыншама  әсершілдік,  ішкі  ойды  дикциямен,  ым-
ишарамен  дәлме-дәл  жеткізе  білудің  сыры  неде 
екенін  сұрағанымыз  бар.  Сонда  әпкейдің  өз  өмірі 
жайлы аздап қана сыр шерткені есімде. 
–  Біз  бір  әке-шешеден  төртеу  болдық: 
Зипаш,  мен,  Ертай  және  Зылиха.  Мен  жасымнан 
еркін,  ерке  және  өте  талантты  бала  болдым.  30-
жылдардағы  зұлмат  біздің  шаңырағымызды  да 
ортасына түсірді. Әкеміз Шыңғысбай өте бай кісі 
болған  екен.  Ол  конфискацияға  ұшырап,  мал-
мүлкінен айырылды, өзін «жер аударып» жіберді. 
Зипаш 
әпкем 
екеуімізді 
тартып 
алып, 
Жамбылдағы  балалар  үйіне  өткізді,  жалғыз  ұл 
Ертай  соғысқа  кетіп,  оралмады,  Злиханы 

234 
 
әлдекімдер  ұрлап  әкетіп,  бірнеше  жылдан  кейін 
ғана Түркіменстаннан табылды. Айта берсе, бұл – 
ұзақ әңгіме.  
Әпкей  осы  жерде  көзіне  үйірілген  жасын 
сүртіп, бір күрсініп алды.  
– 
Кейін 
сіздер 
аналарыңызбен 
қауыштыңыздар ма? – дедік біз тағатсызданып. 
– Иә, қауыштық қой, қауыштық, – деді әпкей 
желпініп.  Аққұба  өңіне  қызғылт  шырай  жүгіре 
қалды.  –  Апам  сорлы,  аты  Айымхан  еді, 
Жамбылға  келген  сайын  көзіне  көрінген  түсі 
жылы  адамдардан  «менің  екі  қызымды  тартып 
әкетіп  еді  өкімет,  қайда  апарды  екен,  білесіздер 
ме?» деп сұраумен болыпты. Ақыры, «сұрай-сұрай 
Меккені  де  табады»  дегендей,  тапты-ау  бізді! 
Анамызбен 
кездесіп, 
Зипаш 
екеуіміздің 
қуанышымызда  шек  болмады.  Дегенмен,  біз 
оқуымызды 
тастамадық, 
сол 
интернатта 
жалғастыра бердік. Мен өте пысық, оқуға да зерек 
қыз  болдым.  Би  билеп,  ән  салуды  жаным  жақсы 
көретін. Жасымнан әртіс болғанды қатты ұнаттым. 
Ақыры,  сол  арман  жетелеп,  мектеп  бітірген  соң, 
Алматыға  келдім.  Соғыстан  кейінгі  жылдар  ғой, 
Ленинградтың  кино  актерлерін  даярлайтын 
институты  Алматыға  эвакуациямен  келген  екен. 
Сәті  түсіп,  емтихандардан  сүрінбей  өтіп,  сол 
институтқа  түсіп  кеттім  емес  пе!  Анау  атақты 
биші,  актер  апаларың  Шара  Жиенқұловамен, 
Күлпаш 
Сатыбалдинамен, 
Тамара 

235 
 
Қосыбаевалармен  бірге  оқыдым.  Бірақ  киноға 
түсіп немесе басқа да бір өнерімді халық алдында 
көрсетіп үлгіре алмадым... 
– Неге, әпкей? 
–  Неге  болғанда...  –  Әпкей  аздап  күмілжіп 
қалды.  –  Неге  болғанда,  –  деді  біраздан  соң 
әңгімесін  жалғастырып,  –  сол  жылдары  осы 
күйеуім Қали ағаларыңмен танысып қалмадым ба. 
Екеуіміз  бір-бірімізді  қатты  ұнаттық.  Ол  кісі  – 
әскери шенді адам, қатаң тәртіппен қызмет еткен, 
соғысқа  қатысқан,  ерліктер  көрсеткен.  Өмірге 
көзқарасы да қаталдау болды. Қысқасын айтқанда, 
ол  кісі  менің  ән  салып,  би  билеп  жүргенімді 
қаламады.  Мен  де  ол  кісінің  қалауына  қарсы 
тұрмадым,  өйткені  әйелдің  бақыты  жақсы 
отбасының  ұйытқысы  болу  емес  пе?  Содан  мен 
ЖенПИ-дің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  факультетіне 
қайтадан  оқуға  түстім.  Ол  кезде  алғашқы 
сәбилеріміз дүниеге келді. Үлкен қызым Райханды 
ауылда  жалғыз  қалған  анам  Айымханның  қолына 
бердік,  екінші  ұлымыз  Дарханды  Зипаш  әпкем 
тәрбиеледі.  Мен  оқуымды  жалғастыра  бердім  де, 
ақыры  институтты  кілең  беске  бітіріп  шықтым. 
Институттағы  ұстаздарым  маған  аспирантурада 
қалуды ұсынды. Оған қайда-а-ан, «ауылда жалғыз 
анам  қалды  ғой»  деген  ой  маза  бермей,  осы 
Ақыртөбенің  мектебіне  бағыттама  алып  келдік 
емес  пе?  Мен  қазақ  әдебиеті  пәнінің,  Қали 
ағаларың  дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімдері 

236 
 
болып  шыға  келдік.  Міне,  биші,  актриса  болатын 
әпкейлеріңнің  жаңағы  өздерің  айтқан    әртістік 
әсершілдігінің  сыры  осында,  қыздарым,  –  деп, 
әпкей бір жадырап күліп алды.  
Осы  әңгімені  айтқанда,  мен  әпкейдің 
сүйкімді  дидарынан  өкініштен  гөрі  барға 
қанағаттану, тояттануды көрдім. Ризашылық сезім 
байқадым.  «Биліктің  ең  зоры  өзіңді-өзіңе 
бағындыра білу» деген екен Римнің әйгілі шешені, 
қоғам  қайраткері  Марк  Туллий  Цицерон.  Биби 
Оразымбетқызының  өзі  кішкентайынан  жан-
тәнімен  құмар  болған  өнер  жолын  отбасының 
береке-бірлігін 
сақтау 
үшін 
қиып, 
басқа 
мамандықты  иеленуі,  өмірін  мүлдем  басқа  арнаға 
бұруы  қандай  ерлік  десеңізші!  Осы  әңгімеден 
кейін  әпкейге  деген  ілтипатымыз  бұрынғыдан  да 
арта 
түсті. 
Біз 
ол 
кісінің 
сұлулығына, 
сүйкімділігіне, 
білімді, 
әсершіл 
мұғалім 
болғандығына  ғана  емес,  күш-қуаты  мол, 
қажырлы,  қайратты  болмысына,  ұстанымына, 
беріктігіне тәнті болдық. Осындай ұстаздан дәріс, 
тәрбие алып жатқанымызға айрықша қуандық та... 
Әуелі  жасқаншақтап  жүретін  мен  ендігі 
жерде өзімді еркін ұстайтын болдым. Кейде Биби 
әпкей  «Алдантай»  деп  іші-бауырына  тарта, 
еркелетіп  сөйлейтін  баяғы  бастауыш  сыныптағы 
Қымбат 
әпкейімді 
есіме 
түсіретін 
еді.  
Жаратылысында  педагог  адамдар  бір-біріне 

237 
 
соншама  ұқсас  болады  екен  ғой  деп  қайран 
қалатынмын.  
Мектептің 
көркемөнерпаздар 
үйірмесін 
Биби  әпкей  басқаратын  еді,  мен  сол  үйірменің 
белсенді  мүшесі  болып  алдым.  Әпкейдің  қиялы 
дегеніңіз  керемет:  ән  де  салғызады  бізге,  би  де 
билетеді.  Адам  жанына  кіре  сөйлейтін  жұғымтал, 
мейірімді  әрі  өнерге  жақын  әпкей  керемет 
ұйымдастырушы  да  болатын.  Осы  кісінің 
ұйымдастыруымен  біз  мектепте  ғана  емес,  көрші 
колхоздың  клубында,  малшылардың  алдында, 
қырқында  талай-талай  концерттер  қойдық.  Ол 
кезде  қазіргідей  түрлі  музыкалық  аспаптар  қайда, 
биология  пәнінің  мұғалімі  Сырғатай  ағай 
мандолинада  ойнап,  әндерімізді  сүйемелдейді. 
Тыңдаған  колхозшылар  біздің  «өнерімізге»  аса 
риза  болысады.  Біз  соған  мәзбіз.  Тіпті  менің, 
осылай ән салып жүріп, аудан орталығында өткен 
мектепаралық  байқауда  «Қарағанды  вальсін» 
айтып, жүлделі, бірінші орын алғаным да есімде.  
Бір күні әпкей қыздарды жинап алды да: 
–  Қыздар,  Октябрь  мерекесі  қарсаңында 
аудандық 
көркемөнерпаздар 
үйірмелерінің 
байқауы  болғалы  жатыр.  Соған  біз  ұжымдық  би 
апаруымыз керек, – деді.  
Қысқасы,  сегіз  қыз  «Сырласу  вальсіне» 
билейтін  болдық.  Онда  киетін  киіміміз  –  түнді 
бейнелейтін  үстіне  жұлдызшалар  жапсырылған 
қара көйлек болу керек. Қолымызда капрон шарф 

238 
 
болады  да,  біз  соны  ырғақпен  бұлғап,  сәнді 
билеуге тиіс болдық.   
Күнде  сабақтан  соң  репетиция.  Әпкей  өзі 
билеп 
көрсеткенде, 
саусағының 
ұшынан 
башпайына  дейін  майысып  кетеді  десе  де 
болғандай.  Жұмыр  әсем  денесі  мың  бұралады, 
шіркін.  Сол  кездің  соңғы  үлгісімен  тігілген  гүлді 
шифон  көйлегінің  желпеуішті  жеңі  қолтығына 
дейін  сырғи  түсіп,  аппақ  жұмыр  білегі    мен  сүп-
сүйрік 
саусақтары 
толқындана 
бұралғанда, 
қызықпай  тұра  алмайсың!  Кейде  жұмыр  білек 
кеуде тұсына келіп, екі қолы бір-бірімен жымдаса 
біресе  толқынданып,  біресе  дөңгеленіп  кетеді.  
Бізде  биге  жақын  болып  өскен  Мәрия  ғана.  Көз 
қиығыммен  соған  қараймын.  Оның  да  кішкентай 
қара көздерінен құмарлық оты ұшқындайды. Биби 
әпкейдің  әсем  дене  қимылынан,  қолдарынан  көз 
алар  емес.  Өзі  де  екі  қолын  жұптастыра  ұстап, 
әпкейдің  қимыл-қозғалысын  қалт  жібермей 
қайталап  тұрады.  Ақыры  біз  де  биге  едәуір 
жаттығып  қалдық.  Әпкейдің  арқасында  вальстің 
ырғағымен  сырғып  отыратын  халге  де  жеттік-ау. 
Ал,  ендігі  мәселе  –  «киімді  қайтеміз?»  Оның  да 
кілтін  әпкейдің  өзі  тапты:  ақ  марліні  қара  түске 
бояп,  оған  шайдың  жылтырақ  қатты  қағазынан 
жұлдызшалар  жапсыратын  болдық.  Ақ  капрон 
шарфтар  да  табылды.  Мәселе  марліні  бояуда 
болып  тұрды...  Не  керек,  әйтеуір  «ит  қорлықпен» 
әрқайсымыз 
өз 
көйлегімізді 
дайындадық. 

239 
 
Жұлдызшаның  бәрін  баяғы  қолы  епсекті  Мәрия 
біркелкі  етіп  қиды.  Сонымен,  алыстан  қарағанда, 
көйлектер жұлдызшалары жарқыраған әп-әдемі би 
костюмдері болып шықты. Би де керемет. 
 
Түн жамылып келеміз, айсыз, ашық аспан, 
Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымыңдасқан. 
Бара жатқан зымырап байқалмайды уақыт, 
Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт! 
 
Сегіз  қыз  вальстің  ырғағымен  тербетіліп, 
аппақ  капрон  шарфтарды  біркелкі  толқындата 
сермейміз.  Өзіміз  де  сол  ырғақпен  баяу  айналып 
қоямыз.  Айдың  жарығымен  маужыраған  мақпал 
түн, әсем әуез, толқынды би...   
Біз  тағы  да  жүлделі  орынды  иелендік. 
Қуанышымызда  шек  жоқ,  секіріп  жүрміз.  Биби 
әпкей де бізді құшақтап, құттықтап жатыр. Аққұба 
дөңгелек  жүзі  бал-бұл  жанып:  «Е,  айттым  ғой, 
айттым  ғой  әдемі  шығады  деп!»  дей  береді  бізге. 
Ұстазымыздың  сенімінен  шығып,  мектептің 
абыройын  көтергеніміз  бізді  шынында  да  қатты 
қанаттандырды.    
Көп  ұзамай  күз  өтіп,  қыс  та  келіп  жетті. 
Біздің жақтың қысы жұмсақ, әдемі. Бүгін де солай. 
Ашусыз,  дегенмен  қатқыл  аяздың  ызғары  бетіңді 
шымшылайды.  Ауыл  сыртындағы  жазық  даланы 
жапқан аппақ ұлпа қар күн сәулесімен жылтырап, 
жымыңдап,  жүрек  қылыңды  қытықтағандай.  Тек 

240 
 
кітаптан  ғана  оқитын  беймәлім  әсем  әлемге 
шақырады. Ертегідегідей болашақ бақытты өмірге 
құлшындырады.  Қиялда  шек  жоқ:  биыл  мектеп 
бітіретініміз, одан арғы сан түрлі жоспарлар, жаңа 
тіршілік,  жаңа  өмір...  Әр  түрлі  ойлармен  «жол 
қысқарып»,  мектепке  де  жақындап  қалыппын. 
Кенет  «Алда-а-ан!»  деген  дауысқа  жалт  қарадым. 
Үй  жағынан  келе  жатқан  Биби  әпкей  екен. 
Әдеттегі  риясыз  әдемі  жымиысы.  Сөмкеден  бос 
қолын  бұлғап,  мені  шақырады.  Мен  де  тоқтап, 
әпкейге қарай жүрдім. Жақындап амандастық.  
–  Қалайсың,  Алдан?  Кеш  келе  жатырсың 
ғой? 
Мен  себебін  айттым.  Әпкейдің  үстінде  белі 
қыналып  тігілген  әдемі  қара  драп  пальто,  писец 
жағасын 
көтеріп 
алыпты. 
Басында 
өзіне 
жарасымды, маңдайына түскен қыстық береті бар. 
Тап-тұйнақтай.  Бетін  аяз  сорып,  аздап  қызарған, 
үлкен  қоңыр  көздері  күлімдеп,  көңілді  кейпін 
танытады. Менің де көңілім көтеріліп кетті.   
Әпкей  әдеттегіше  сабақтарымның  жайын 
сұрады. 
–  Дұрыс  болған  барлық  сабақтан  кілең  «4» 
пен  «5»-ке  үлгіріп  жатқаның,  –  деді  әпкей  мені 
құптап.  –  Әрқашан  тек  өзіңнің  күшіңе,  өзіңнің 
біліміңе  сенуің  керек.  Қазір  білімің  жақсы  болса, 
оқуға  түсіп кетуің  сөзсіз.  Қалаған  мамандығыңды 
аласың.  Айтпақшы,  сен  әдебиетке  жақсысың  ғой. 
Тіпті  тамаша!  КазГУ-дің  филфагіне  бар.  Ондағы 

241 
 
оқытушылар  күшті.  Терең  білім  аласың.  О,онда 
таяуда  ғана  Мұхтар  Әуезов  дәріс  жүргізді  ғой. 
Ничего,  басқа  да  әйгілі  оқытушы  ғалымдардан 
сабақ аласың. Дұрыс, соған дайындал.  
Осындай  қызу  әңгімемен  мектепке  де 
таяндық.  Кенет  әпкей  маған  бұрыла  қарап, 
жеңімнен тартып қалды.  
–  Айтпақшы,  Алдан,  менің  саған  айтайын 
дегенім,  сен  өлеңді  жақсы  айтасың  ғой, 
айналайын? 

 
 Енді... аздап, өзіңіз көріп жүрсіз ғой...  
Мен күмілжіңкіреп қалдым. 
–  Сол,  Жаңа  Жыл  келе  жатыр.  Мектептің 
балмаскарадында  бір  жаңа  нөмір  шығару  керек 
боп  тұр.  Сен  анау  сыныптасың  Егеш  екеуің 
(марқұм  ерте  қайтыс  болып  кетті)  «Қыз  Жібек» 
операсынан  Жібек  пен  Бекежанның  ариясын 
айтсаңдар қайтеді? – деді.  
Төбемнен  жай  түскендей,  көзім  бақырайып, 
шошып кеттім. 
–  Шошитын  дәнеңесі  жоқ.  Елдің  бәріне 
«Гаккуді»  Күләш  сияқты  етіп  айту  міндетті  емес 
қой. Сен өз даусыңмен айтасың. – Әпкей әдетінше 
нығарлай  бастады.  Ол  кісінің  ойына  алған 
нәрсесін  орындауға  келгенде  пайдаланатын  әдісі 
осы.  –  Даусың  домажор,  құлаққа  жағымды.  Түр-
сипатың  да  келеді.  Тек  киім  демесең...–  Сәл 
күмілжіп тұрды да, жалғастырып кетті. –Жарайды, 
оны  да  реттерміз.  Тіпті  өзің  де  ауылда  тұрасың 

242 
 
ғой, көйлек ештеңе емес, жақсы қамзол іздестірсең 
болғаны. Солай, Алдан, осылай еткеніміз дұрыс.  
Иә, айтылды – бітті. Әпкеймен мәселе ылғи 
осылай шешіледі.  
Егеш  екеуіміз  Биби  әпкейдің  үйретуімен 
бірнеше дайындықтан өттік. Көп ұзамай мектептің 
Жаңа Жыл кеші де басталды. Екеуіміз ұлттық киім 
киіп,  шыршаның  жанына  келдік.  Соңғы  рет  Биби 
әпкейге  қарадым:  қобалжыңқырап  тұр  екен, 
дегенмен,  сыр  білдірмейді.  Маған  көзін  қысып 
қойып,  күлімсіреді,  «Қорықпа!»  дегені.  Егешке 
қарасам, жұқалтаң аққұба өңі қызарып, күлімсіреп 
тұр.  Жұдырығын  бір  ашып,  бір  жұмып, 
дегбірсізденгені  байқалады.  Біз  аз-кем  бөгеліп 
тұрдық  та,  әпкей  басын  изеп  қалғанда,  атақты 
жырдан  Қыз  Жібек  пен  Бекежанның  текетірес 
ариясын бастап жібердік!  
Егеш: 
 
«Айтайын, айт дегенде, арма, Жібек, 
Түйедей ботасы өлген зарла, Жібек. 
Кеткелі жаман жарың көп жыл өтті, 
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?» 
 
Көзін  ежірейтіп  маған  тіктеп  қарайды.  Мен 
де іле-шала: 
 
Арасы екі ауылдың бүрген шығар, 
Етегін түнде жүрген түрген шығар. 

243 
 
Артымда жеткіншегім жас деуші еді
Айналып  сұм  дүниемен  жүрген  шығар,  – 
дедім байсалдана. 
Кейде  екеуімізді  де  күлкі  буады,  бірақ 
күлетін  шама  жоқ,  бүкіл  мұғалімдер  мен 
оқушылар бізден көз алмай қарап тұр! Топтың қақ 
ортасында  жүзі  бал-бұл  қызарып,  біздің  әрбір 
шумақ  әнімізден  соң  қолдарын  шапалақтағандай 
ыңғай танытып Биби әпкей тұр.  
Егеш: 
 
Қыз Жібек, тарылтамын заманыңды, 
Айрылып білмей жүрсің қалғаныңды. 
Ат ізін сегіз жылдай бір салмаған
Келед деп күте берме жаманыңды. 
Бір  қолымен  бүйірін  таянып  алған, 
қамшыны жинап ұстаған қолын сілтеп, мардамсып 
қояды. 
Мен: 
 
Көп екен, сұм Бекежан, ақыл-айлаң, 
Сұмдықпен атағыңды жұртқа жайған. 
Атаңа лағнет қарақшы, ей, Бекежан, 
Көкжорға астыңдағы алдың қайдан? 
 
Әр  шумақты  айтқан  сайын  «даусым  жетпей 
қалмаса екен» деген  үрей де бар бойымда.  
         Егеш: 
 

244 
 
Жол тосып Қособада жатып алдым
Біреуді мергендікпен атып алдым. 
Болған соң өзім батыр, кімді аяйын, 
Өлтіріп  Төлегеннің  атын  алдым!  –  деп, 
қамшысымен  жерді  салып  қалды.  Сол  кезде  мен: 
«Аһ, дариға, құдайым-ай!» деп бетімді бастым да, 
іле-шала  есімді  жинап,  Бекежанды  қарғай 
бастадым: 
 
Адыра қалғыр, Бекежан, 
Тәңірім сені қарғасын! 
Әбі жылан арбасын, 
Тәңірім мені жаратса
Қатын, балаң зарласын!.. 
Ән  бітіп,  жұрт  ду  қол  шапалақтады.  Біз  де 
иіліп  сәлем  беріп,  Биби  әпкей  жаққа  жылжи 
бердік.  «Уһ,  құтылдым  ба,  құтылмадым  ба!» 
болды  менің  ойым.  Әпкей  бізді  құшақтап 
арқамыздан  қағып  жатыр:  «Әдемі,  өте  әдемі 
шықты!» Бұл – әпкейдің өте жиі айтатын сөзі. Біз 
мәзбіз.  
Менің 
бойымдағы 
шығармашылық 
белсенділігім  мен  тынымсыз  әрекеттерімнің 
қайсысы болмасын жақсыға еліктеуден туған. Бұл 
–  мен  оқыған  кітаптардың  ғана  ықпалы  емес, 
қиялымды  қанаттандырып,  өн  бойыма  жігер 
құйған,  мақсатты  болашаққа  сеніммен  қарауды 
үйреткен, ана сүтімен енген табиғи жаратылысыма 
қан  таратып,  жан  бітіріп,  өмір  берген  ардақты 

245 
 
Биби  әпкейімнің  де  еңбегі,  сол  кісінің  менің 
болашағыма  көрсеткен  сара  жолы,  бағыты. 
Ұстазымды  әрдайым  ілтипатпен  еске  аламын, 
марқұмның  әруағының  алдында  бас  иемін! 
Осындай тұла бойында қайрат-жігері тасқындаған
мейірім-шапағатты 
ұстаздардан 
өнеге 
алғандықтан  болар,  менің  өмірлік  бағдарым  ылғи 
алда  болу  және  қандай  жағдайда  да  мақсатқа 
жетуге ұмтылудан жазбау болып қалыптасты! 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал