Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет7/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Әкемнің  қолынан  құран,  үлкенді-кішілі 
шарият  кітапшалары  үзілген  емес.  Қашан,  кімнен 
сауат  ашқанын  сұрамаппын,  араб  харпін  ежіктеп 
оқи беретін. Ауызашар, Құран оқыту сияқты ауыл 
адамдары  жиналған  отырыстарда  көпшілік: 
«Әлтай,  мынадай  жағдай  болса,  не  амал  жасау 
керек,  құранда  қалай  айтылған?»  деп  сұрақ  қоя 
берер  еді.  Әкемнің  кез-келген  жағдаятқа  жауабы 

165 
 
әзір, болған істің шешуін шарият жолымен айтып 
беретін.  Әкем  ата-ана,  бала,  тәрбие  жайлы  құран 
әңгімелерін  ылғи  сөзге  кірістіріп  отыратын. 
Әйтеуір  есімде  қалғаны    біз  отырған  жерде  ол 
кісінің 
айтқандарын 
басқалардың 
мүлгіп 
тыңдайтыны. Мына бір әңгіме әлі күнге жадымда 
қалыпты.  
Оспан  атаның  үйінде  соғым  басыда 
отырғанбыз.  Ол  кезде  ауыл  ынтымақты,  көшенің 
арғы басынан Қаңтарбай ата, Сейдуалы, Рай, бергі 
басынан  Садуалы  сияқты  қариялар  жиналып  бас 
қосып,  кәукілдесіп  отырады.  Мал-жандарын 
жайғап,  көңілдері  тыншыған  ауыл  қарттарының 
қыстың  ұзақ  түнінде  естіген-білгендерін  ортаға 
салып,  күліп-ойнап  әңгіме  шертісіп  отырғанының 
өзі олардың өтіп бара жатқан қамшының сабындай 
қысқа  ғұмырындағы  бір  бақытты  сәттері  болушы 
еді.  Балалық,  жастық  шақтарын  бірге  өткізген, 
еске  алатын  қайғы-мұңы,  қуанышы  ортақ  осынау 
бет-әлпеттін  күн  қақтап,  аяз  сорып  тотыққан, 
қолдары 
қара 
жұмыстан 
домбығып, 
буылтықтанған, бір-біріне әрдайым мейірім төгіп, 
бауырмал  сезіммен қарайтын  осы  қариялар  нағыз 
пайғамбарлар еді мен үшін.   
  Әлтай,  шарияттан  бір  әңгіме  айта  отыр,   
деді  Рай  ата  шай  құйылған  пияласын  қолына  ала 
беріп. Атам, дәл осы сөзді күтіп отырғандай, аузы-
басын  орамалымен  сүрткілеп  алды  да,  әңгімені 
бастап кеп жіберді.  

166 
 
Бірде  бір  жігіт  Пайғамбарымызға  мынадай 
өтінішпен келіпті: 
–  Әкем  қартайғанның  салдарынан  жайсыз 
болып  кетті.  Үйіме  келіп,  қолына  не  ілінсе  соны 
алып кете береді, – депті. Мұны естіген Расулалла 
(с.ғ.с.) баланың әкесін өзінің құзырына шақыртты. 
Алдына  келген  қарияның  үстіндегі  киімі  әбден 
тозған, өзі бейшара халге түскен екен. 
– Ұлыңның сөзі рас па? – деп одан сұрайды. 
Ол:  
–  Иә,  дұрыс.  Мен  ұлымды  бақтым-қақтым, 
өсірдім.  Азамат  болсын  деп  жалғыз  өзім 
тәрбиеледім.  Анасы  ерте  дүние  салған  еді.  Өзім 
жемегенді ұлыма жегіздім, өзім кимегенді осыған 
кигіздім.  Қартайған  кезімде  бағады  ғой  деген  зор 
үмітім де болған. Бірақ ұлым анасыз өскеннен бе, 
мейірім-шапағаты  жоқ  азамат  болып  шықты. 
Маған  қарайламайды,  сондықтан  өз  күнімді  өзім 
амалдап  жүрмін.  Ұлымның  үйіне  бара  қалсам, 
қолыма ілінген затты ала кетемін. Ол затты сатып, 
ақшасына  тамақ  жеп  күнелтемін.  О,  Алланың 
елшісі Расулалла! Бұл ісім дұрыс па, әлде қате ме, 
білмеймін, – деп егіліп жылайды. Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)  ашуға  булығып,  әлгі  пақырдың  ұлына 
қарап: 
– Тапқан дүниең, сатып алған заттарың, тіпті 
сенің  өзің  де  әкеңнің  жеке  мүлкіндейсің!  Егер 
тапқан табысың әкеңді бағуға жетпесе, әкең сенің 
өзіңді  сатып  жіберуге  де  құқы  бар.  Сен  тапқан 

167 
 
табысыңды  өзімнің  ғана  мүлкім  деп,  бұған 
басқаның  қатысы  жоқ  деп  ойлама!  Барлық 
дүниеңе әкең ие! – деп қатты айтады. 
Осындай  әңгімелерден  кейін  қариялар 
әрқайсысы өз ойларын ортаға салып, ата мен бала, 
оның  тәрбиесі  жайлы  өткен-кеткеннен  сан  қилы 
қызықты әңгімелер қозғалады. Атамның оң тізесін 
шынтақтай  отырып,  осынау  шұрайлы,  терең 
мағыналы  өсиеттей  әңгімелерді  есту  маған 
қызықты ертегі тыңдағаннан да маңызды, өйткені 
олар 
ата-бабаларымыздың 
тіршілік 
тарихы 
болатын.  Бір  кездері  »асыл  әкеме  мынадай  жыр 
жолдарын арнаппын. 
 
От көзді, сұрлау өңің жүдеу келген, 
Жан едің, қиналсаң да түнермеген. 
Ағаштан түйін түйген шебер едің, 
Соғыстан да қап кеткен броньменен. 
 
Бір ауыл тірлігінің келбеті едің, 
Құйысқан өріп, күміспен өрнектедің. 
Соқа жыртып, тырма істеп, жадау жанның, 
Шалғысын шыңлап беріп, елбектедің. 
 
Жұлдыз ойнап тапқанда дала тыным
Айтылар ед қызыңа сан ақылың. 
Сақалыңды тарақтап тыңдап жатып, 
Талай нұсқаң көңлімде қалатұғын. 
 

168 
 
Қиссалардан сен айтқан сан асыл сөз, 
Құйылатын санама толассыз кеп. 
Үлгі етер ең ынтымақ, мейірімді 
«Бір үйде бір-біріңе қонақсың» деп. 
 
Отбасында  әкенің  орны  бөлек  қой,  шіркін.  
Менің  де  жүрегім  өмірдің  ащы-тұщысын 
ауылдастарымен,  туған-туыстарымен,  халқымен 
бірге  татқан  әкемнің  жүрегімен  әрдайым  бірге 
соғып  тұрғандай  болады.  Мен  де  өмір  бойы 
әкемнен  алған  қағілездік  пен  қайсарлықтың, 
имандылық  пен  ілтипаттың  туын  төмендетпей 
өтуге тырыстым.   
 
 
АУЫЛДЫҢ АРУ ҚЫЗДАРЫ 
 
Менің  үлкен  әпкем  Күліш  (азан  шақырып 
қойған  аты  –  Күлбаһира  болған  екен)  мен  есімді 
білер-білместе  күйеуге  ұзатылып  кетіпті.  Менің 
тек  Ақыртөбеге,  олардың  үйіне  қонаққа  барып 
тұратыным  есімде.  Тым  пысық,  ширақ  әпкемді 
әке-шешеміз небәрі он алты жасында Ақыртөбеде 
тұратын  қапал  Әзірбай  молданың  армиядан  жаңа 
келген,  өзінен  едәуір  үлкен  Рамазан  атты  ұлына 
ұзатыпты.  
Қарт ата-енесі, екі бірдей мауыздай қайнысы 
бар  әпкем  барғаннан  сол  үйдің  «отымен  кіріп, 
күлімен шықса керек». Әсіресе, мінезге қатал, өзі 

169 
 
сал  ауру  Дәмегүл  енесінің  көңілін  табу  әпкеме 
оңайға  соқпаған.  Бұған  қоса,  бұл  үйдің 
жігіттерінің  (жездем  үш  ағайынды  болған)  саз 
балшықтан  үй  соғатын  әдеттері  болған  екен.  Бір 
үйді  соғып  бітірісімен,  оны  сатып,  екінші  үйді 
бастайтын  көрінеді.  Әпкем  де  жігіттерден 
қалыспай, балшық илеп, кірпіш жасапты, қабырға 
қаласыпты.   
Әпкемніңбауырмалдығында, 
адамгерші-
лігінің  молдығында  шек  болмайтын.  Ата-ана, 
ағайын-туыс,  бауырдың  айтарын  емеурінінен 
танып, 
оларға 
барынша 
жағдай 
жасауға 
тырысушы  еді  жарықтық.  Әпкем  ауылға  келе 
жатқанда,  біз  үшін  бүкіл  дүкен  көшіп  келгендей 
көрінетін.  Сөмкелерінен  қант-шай,  науат,  өрік-
мейіз,  киім-кешек  дегендерің  үйіліп-төгіліп 
ақтарылып, 
бәріміз 
мәжіре-жай 
күйге 
бөленетінбіз.  Атам  бишара  ұлдан  көрмеген 
қызығын  осы  қызынан  көргеніне  құрақ  ұшып 
қуанып, аса бір желпініп қалатын еді.  
Олар  кейіннен  Жамбылға  қоныс  аударған-
ды.  Әзірбай  ата  үлкен  молдалығы  бар,  қолынан 
құран  кітабы  түспейтін  аса  тақуа  жан  еді.  Бұл 
ретте  менің  атамның  асығы  алшысынан  түсті 
деуге  де  болады:  қариялардың  шариғат  жайлы 
әңгімелері  ылғи  үйлесім  тауып,  бірін-бірі 
қолпаштап,  ыстық  шайларын  рахаттана  сораптап  
отыратын-ды.  

170 
 
Күліш әпкем сол Жамбылға барғасын да иісі 
Бектемісті  құшақ  жая  қарсы  алуға  әрдайым  даяр 
болатын.  Әсіресе  Бораншы  баласынан  әпкемнің 
керемет сүрленген еті мен қазысынан, майы ағып, 
сәбізі  –  сәбіздей,  күріші  –  күріштей    дараланып 
пісіп,  тілді  үйіріп  тұратын  нағыз  «өзбек 
палауынан» ауыз тимеген адам кемде-кем шығар! 
Көрші-қолаң,  бүкіл  махалланың  өзі  «Күліш» 
дегенде  ішкен  асын  жерге  қоятын-ды.  Басқаны 
қайдам,  дәл  біз  –  Жаңылыс  әпкем,  інім  Байту, 
сіңілім  Ғазиза  және  мен  –  Күліш  әпкемнің 
«шинелінен  шықтық».    Біздің  үй  болып  құралып, 
ел  қатарына  іліккенімізге  осы  кісінің  өз 
қолтаңбасын  қалдырғаны  анық!  Сондықтан  да 
алжапқышы  алдынан  түспейтін,  қашан  да 
жұқалтаң қара торы өңі шырайланып, шүңіректеу 
қап-қара  көздері  мөлдіреп  күлім  қағып  тұратын, 
шап-шағын  әсем  тұрқылы  Күліш  әпкемді 
танымайтын, «әпке» демейтін адам жоқ еді десе де 
болғандай. 
Қазыналы  қариялардың  ақ  батасына,  жас 
өскіндердің  жазира  пейіліне  ие  болған  осы  бір 
қайталанбайтын  асыл  жан  –  осы  алтын  Күліш 
әпкем  75-ке  таянған  шағында  бізбенен  мәңгіге 
қоштасты. Әпкемнің «қара шаңырағын» құлатпай, 
отырған  орнын  жоғалтпай  отырған  қызы  Айнұр 
мен  күйеу  баласы  Бақытжанға  әпкемді  білетін, 
оның  қайыры  тиген  жұрт  дән  риза.  Жаның 
жаннатта болсын, әпкешім! 

171 
 
Жездем (Рамазан) марқұм да аса қарапайым, 
мейірімді,  кең  пейіл  адам  еді,  ес  білгеннен  маған 
әкемдей  қамқор  болды.  Мен  олардың  үйіне 
қонаққа  барғанымда,  дәл  бір  өз  үйіме  келгендей, 
еркін  жүретінім  есімде.  Жездемнің  бірде,  2-
сыныпта оқып жүргенімде әкеліп берген қап-қара 
лактелген  туфлиі  әлі  күнге  дейін  жарқырап 
көзімнің алдында тұрады. Сол қуаныш сол кездегі 
қуаныштың  ең  үлкені  болса  керек.  «Ашта  көрген 
таңғы ұйқы естен кетпес» деген сол шығар...  
Мен ес білгенде, Жаңылыс әпкем бойжеткен 
қыз  еді,  екеуіміз  қоржын  тамның  бір  бөлмесінде, 
бір  төсекте  жатып  жүрдік.  Менің  сабағыма, 
киіміме  қарайтын  сол  кісі.  Әпкем  аса  рәңді  қыз 
болып  өсті.  Ортасы  түйіскен,  қиылып  тұратын 
қап-қара  қастарының  астынан  мөлдірей  қарайтын 
нұрлы,  қоңырқай    жанары  отты.  Аузы  оймақтай, 
екі  бетінің  үшінде  жұқалтаң  қызылы  бар. 
Қарапайым  да  момақан  бойжеткен  қыз  осындай 
керемет сүйкімділігімен тартымды болатын.  
Мен ес біле мереке сайын ауыл жастарының 
жиналып,  «вечер»  жасайтын  кездері  жадымда 
қалған. Әрбір мерекелік «вечерге» әпкем апамнан 
жалынып  сұранатын  еді  де,  апам    бойжетіп,  «оң 
жаққа  аяғын  салып  отырған»  қызын  әзер  дегенде 
және міндетті түрде мені қосып жіберетін еді. Сол 
кездерде  кеш  келе  қалсақ,  апам  бізді  «жазалап», 
біраз  уақыт  есікті  ашпай  қоятын.  Ондайда  мен 
жұлынып  есікті  ұрғылап  жататынмын  да,  әпкем 

172 
 
болса  бір  ауыз  қарсылық  білдірместен,  үйдің 
бұрышында жылап отыратын.  
Ауылда  әпкем  қатарлы  біраз  бойжеткен 
қыздар  болды,  Санақ,  Меруерт,  Кенжекүл, 
Мейіркүл,  тағы  басқалар.  Өзіміз  кішкентай 
болғандықтан ба, сол кезде менің көзіме олар аса 
ірі  болып  көрінетін.  Бәрінің  де  қол-аяқтары 
балғадай,  жұмыр,  керемет  әдемі  болатын. 
Кеуделері 
тырсылдап, 
шәйі 
көйлектерінің 
омырауын кергілеп тұратыны да есімде.  Ауылдың 
ортасынан  әр  үйдің  шарбағын  кесіп  өтіп  әдемі 
ғана  арық  ағып  жататын  еді.  Менің  бойжеткен 
әпкелерім  жаздың  ыстық  күнінде,  тал  түс  кезінде 
сол  арыққа  суға  шомылуға  баратын.  Біз  сияқты 
майда қыздарға киімдерін қаратып қойып, бірінен 
соң  бірі  суға  түсіп,  ақ  балықтай  шорпып 
ойнағанда, ғажайып ойын-күлкі басталушы еді. Біз 
оларға  қарап,  неге  екені  белгісіз,  қатты 
қызығатынбыз.  Бәлкім  бойжеткен  қыздардың 
бойындағы  жастық  жалын,  өмірге  құштарлық 
сезімі, балғын шақтың алабұртқан толқыныстары, 
алғашқы  алаулаған  махаббат  олардың  өне 
бойында  байыз  таппай,  төңірегіне  от-жалын  боп 
шашырайтын болар...  
Кенжекүл 
әпкем 
Қарағандының 
пединститутын  бітірген,  өмір  бойы  ұстаздық 
қызмет  атқарды.  Қазір  Тельманда,  бес  қыз,  төрт 
ұлдың  анасы.  Мейіркүл  әпкем  де  Конезаводта 
тұрады, балалы-шағалы. 

173 
 
«Вечер»  демекші,  ол  қай  үйде  болса  да, 
дастархан жерге жайылып, ас мәзірлері қойылады. 
Буы бұрқырап ет асылады. Меруерт әпкем әкемнің 
інісі Сейталының қызы еді. Әпкем ат жақты, менің 
атама  тартқан  дөңестеу  қыр  мұрынды,  қиықша 
қара  көздері  үнемі  күлімсіреп  тұратын  қара 
торының  әдемісі  болатын.  Әпкемнің  анасы 
Несіпкүл  жеңешем  аса  сұлу,  даусы  сыңғырлаған 
керемет  әнші  еді.  Әпкемнің  де,  анасы  сияқты, 
ақындығы, 
әдемі 
қоңыр 
даусы 
болатын. 
Әзілкештігімен  әншілігі  жарасып-ақ  тұратын  осы 
әпкем әрдайым отырыстардың гүлі болды.  
Ауыл жастарының «вечеріне» кейде сырттан 
да  жігіттер  келіп  қалады.  Әсіресе,  өзім 
танымағандықтан ба, менің назарымды аударатын 
үнемі  басқа  ауылдан  келетін  Шахан  атты  жігіт 
болды.  Бойы  ортадан  жоғары,  қою  қара 
қастарының  арасы  қиылып  келіп  қыр  мұрнының 
үстінде  тоғысқан,  қара  торы,  қызыл  шырайлы, 
жігіттің  келбеттісі  еді.  Неге  екенін  білмеймін, 
Меруерт әпкем екеуі ылғи қатар отыратын. Әпкем 
екеуі  қосылып  ән  салғанда,  айрықша  жарасым 
табатын еді.  
Меруерт  әпкем  Жамбылдағы  кооперативтік 
училищені  бітірді  де,  зейнетке  шыққанша 
қаладағы  ірі  сауда  орындарында  қызмет  атқарды. 
Өте  мәдениетті,  талғампаз,  киім  киісі  мен  жүріс–
тұрысы  жарасымды  еді.  Ойындағысын  бүкпесіз 
батыл айтатын, үнемі адалдықты ту етіп отыратын 

174 
 
бірбеткей  мінезі  де  болатын-ды.  Әпкемнің 
қонақжайлығында 
шек 
жоқ. 
Үйінен 
кісі 
үзілмейтін. Әсіресе бектемістен біреуді біле қалса, 
танысып, 
құрақ 
ұшып, 
құрмет 
жасайтын 
елгезектігі бар еді.  
Ән-жырға  жаны  құмар  әпкем  әрқашан 
отырған  ортасының  да  гүлі  еді.  Өзі  өлең 
шығаратын,  тамылжытып  ән  салатын.  Әпкемнің 
жаяулаған  ақындығы  да  бар  еді.  Жиын-тойларда 
өзі  құрмет  тұтқан  той  иелеріне  арнаған  арнау 
өлеңдері  мен  тойбастарлары  аса  тартымды 
шығып,  тыңдармандарды  риза  қылып  жататын. 
Аяулы  анасы  –  Несіпкүл  жеңешеме  арнаған 
сағыныш өлеңін маған айтқызып, ол әнді қаладағы 
көк  базардың  радиоорталығының  асқақтатып 
талай  шырқатқаны  бар.  Қызметте  де,  туған–
туысқандар  арасында  да  сыйлы,  құрметті  әкпем 
әрқашан  ауылдың  мақтанышы  болды.  Сүйіп 
қосылған  жары  қапал  Адайбек  жездем  екеуі 
Нұрлан,  Ерлан  атты  екі  ұл  және  Гүлжан,  Гүлнар 
атты  екі  қыз  сүйді.  «Жазмыштан  –  озмыш  жоқ», 
әпкем  өмірден  ертерек  озды  да,  Адайбек  жездем 
ораза-намазын  үзбеген,  ел-жұртына  қадірменді 
қария  болды,  жездем  немерелерінің  қызығын 
көріп  отыр.  Ол  кісінің  ендігі  қуанышы  –  оқуда 
үздік,  таланты,  иманжүзді,  тәрбиелі  немерелері. 
Келіндері  Анар  мен  Жанар  да  осы  отбасының 
қадір-қасиетін  арттырған,  берекесін  молайтқан 

175 
 
жандар  болып  кездесті.  Алла  әркімгежақсылықты 
ниетіне қарай беретіні де рас-ау.   
Кенжекүл  әпкеге  де  Кеукер  апа  үнемі 
менімен 
жасты 
сіңілісі 
Тұрсынды 
қосып 
жіберетін.  Екеуімізді,  дастарханға  сыймаймыз  ба, 
білмеймін, 
әйтеуір 
шымылдық 
құрылған 
кереуетке  отырғызып  қояды  да,  қызыққан  ас-
дәмімізді  алдымызға  алып  береді.  Жаңа  піскен 
бауырсақ, 
аппақ 
қардай 
қантпен, 
тәтті 
кәмпиттермен  қою  сүт  қатқан  дәмді  шәйді 
сораптап  ішіп,  мәз  боламыз.  Менің  ән  салуға 
құмарлығымды білетін үлкендер аракідік маған ән 
салғызып  қояды.  Ондайда  төсектен  секіріп  түсе 
қалам  да,  үй  ортасындағы  тіреуге  арқамды  тіреп 
тұрып,  «Ақ  көгершін»,  «Бейбітшілік  сақталады», 
«Маржан  қыз»  сияқты  сол  кездегі  халық  арасына 
кең  тараған  әндерді  бірінен  соң  бірін  ағызам.  Ән 
айтқанда  ұялмау  керек  екенін  апам  үнемі 
құлағыма  құятын.  Солай  ұялмай  «біраз  жерге 
шабам».  Маған  бәрінің  қолпаштағаны  қызық  әрі 
менің  белсенді  болғанымды  қалайтын  анашыма 
мақтанып  барсам  болғаны.  Тұрсын  болса,  менің 
жақсы  тыңдарманым,  менің  жетістігіме  шын 
ниетімен  қол  соғатын  да  сол.  Екеуміз  осылайша 
біраз «бедел жинап», ас-ауқатымызды ішіп аламыз 
да,  сол  жұмсақ  кереуеттің  үстінде  қылжиып 
ұйқыға кетеміз. Бізді әкпелеріміз тек кетерде ғана 
жұлқылап оятып, тұрғызып жатады. Осылай біздің 

176 
 
бойжеткен 
әкпелерімізді 
«қарауылдаған» 
миссиямыз аяқталады. 
Әр  отбасы  бойжеткен  қыздарын  әдемі 
киіндіруге  тырысатын-ды.  Менің  Жаңылыс 
әкпемнің  де  шифонға  тіккен  ашық  гүлді 
понбарқыт  көйлегі  болған.  Есімде  қалғанына 
қарағанда  сол  көйлек  оған  өте  жарасымды  және 
маған  өте  қатты  ұнаған  болу  керек.  Әпкем  осы 
көйлегін кигенде аса ажарланып шыға келетін еді. 
Жарасымды  етіп  тігілген  көйлек  әпкемнің 
тырсылдаған  қос  анарын  кергілеп,  мықын  жағы 
бұлтиып,  етегі  төгіле  түсіп,  өзі  де  «тотыдайын 
таранған»  көрікті  бойжеткенді  бұрынғыдан  да 
құлпыртып  жіберетін  еді.  Аққұба,  ат  жақты, 
еріндері  үнемі  қаламмен  сызғандай  әдемі 
жымдасып  тұратын,  арасы  түйілген  қалың  қара 
қастарының  астындағы  қоңыр  көздері  ылғи 
монтаны  ғана  жымиыспен  қарайтын  әпкем 
шынында  да  сол  ауыл  қыздарының  ішіндегі  ең 
әдемісі  еді  мен  үшін.  Әпкеме  ауыл  жігіттерінің 
руластары  қызығып  қараса,  өзге  жақтан  келген 
Шанышқылы  елінің  жігіті  Есен  ағай  шын  ғашық 
болды. 
 
 
ҒАШЫҚТЫҚ ХИКАЯСЫ 
 
«Пай, пай, Өмір!  
Өтесің-ау бір күні. 

177 
 
Тиясың-ау қуанышты күлкіні. 
Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай
Өмір деген – көк аспанның күркірі.  
Пай, пай, Өмір, 
Өтесің-ау 
бір 
күні!»,–деп 
Мұқағали 
айтқандай,  небір  жақсылар  мен  жайсаңдарға 
мәңгілік  тұрақ  бола  алмаған  қайран  өткінші 
жалған-ай десеңізші! Ақынның: 
«Қаның кеуіп қаталаған кезіңде, 
Сусыныңды қандырсаң бірболғаны» дегені – 
артыңда  өшпейтін  бір  өсиет,  ұлағат  іс  қалдырсаң 
ғанибет,  өміріңнің  босқа  өтпегені  дегені  шығар. 
Менің  екінші  жездем  –  Есен  ағайдың  артында 
қалдырған  өшпес  мұрасы  –  мақсатына  беріктігі 
мен махаббатқа адал болғаны дер едім.   
Ол  кезде  ауыл  жігіттерінің  оқығаны  кемде-
кем,  дегенмен  олар  қазіргінің  институт  бітірген 
жігіттерінен  артық болмаса,  кем  болмағандай еді. 
Киім  киістері,  жүріс-тұрыстары,  адамгершілігі, 
мінезге 
тұрақтылығы, 
бір-біріне 
деген 
ықыластары, қыз балаларды құрметтеуі, оу, қайда-
а-а,  анағұрлым  айрықша  болатын.  Бүгіндері 
кескін-келбеті әлі де көз алдымнан кете қоймаған 
ардақты  ағаларым  –  Елеусін,  Жексенқұл, 
Түлкібай,  Қойшыбай,  Жалалдарды  ақыл-ойдың 
қазынасы, ауылымыздың көркі болды дер едім. 
Есен  ағай  болса,  осы  жігіттердің  ішінде 
«арпа  ішіндегі  бір  бидайдай»  ерекшеленіп 
тұратын.  Артық-ауыс  әңгімесі  жоқ,  таза,  ұқыпты, 

178 
 
іске  ширақ,  сөзі  де  биязы,  ең  тамашасы  –  ән-
әуезге,  кітап  оқуға  жаны  құмар  жігіт  болатын. 
Рең-басы да оңды. Ортадан жоғары бойы бар, дене 
бітімі  түп-түзу,  дөңгелек  аққұба  өңді,  қыр 
мұрынды,  маңдайы  кереқарыс  көрікті  жігіт. 
Әпкесі  Нәзімкүл  Ақшолақта  тұрмыста,  жездем 
анасы  Қаншайым  әпкемен  кішкентай  ғана  ауыз 
үйінде  бидай  төгілген  тоқал  тамда  тұратын.  Иә, 
тұрмыстары  тым  жұпыны,  бірақ  рухани  дүниесі 
мол  жандар  еді  аналы-балалы  екеуі.  Қаншайым 
әпке  (ол  кісі  Бектемістің  қызы  болғасын,  ауыл 
түгел «әпке» дейтін) жиырма бес жасында құйттай 
бір ұл, бір қызбен жесір қалып, бар өмірін соларды 
жеткізуге  арнаған  адам  болатын.  Жан  біткеннің 
момыны,  әрдайым  сабырлы,  қимыл-қозғалысы 
баяу,  өз  үй-ошағының  тағдырын  бір  Алланың 
құзыр-құдіретіне  беріп,  жақсылықты  бір  содан 
ғана күтетін аса тақуа адам еді.  
Жесір  әйелдердің  жалғыз  ұлдарының  мінез-
құлықтары  әркелкі  болады  ғой:  біреулері 
анасының    «жалғыз  ұл»  деп  қанатының  астына 
алып  өсіргеніне  иек  артып  ерке-тотайлау  өссе, 
енді біреулері керісінше, жалғыз анасының жайын 
ойлап, 
оған 
кішкентайынан-ақ 
қамқорлық 
танытатын  түсінігі  терең  болады,  ерте  есейеді. 
Есен  ағай  сол  соңғылардың  қатарынан  болар, 
жасынан  шаруа  жайлап,  бір  үйдің  шағын 
тіршілігін  анасымен  бөлісе  алатын  жағдайда өсті.  
Біздің  үй  көшенің  ортасында  болса,  Есен 

179 
 
ағайлардың  үйі сәл  жоғары,  Маман  көкенің үйіне 
жақын.  
«Ауыл  аралас,  қой  қоралас»  дегендей, 
шағын  ғана  ауылда  сыбыс  сөз  жерде  жата  ма, 
«Есен  мен  Жаңылыс  жүреді  екен»  деген  сөз 
ауылға  тез-ақ  тараған.  Атам  бұны  естігенде,  «ер-
тоқымын  бауырына  алып»  қатты  тулады.  Неге 
екенін  білмейміз,  бар  айтатыны  –  «Әбдіштің 
баласына  өлсем  де  қыз  бермеймін!»  Атам  тіпті: 
«Осыдан қызым сол жігітке баратын болса, не оны 
өлтірем, не өзім өлем» дегенге дейін барды. Апама 
да:  «Қызға  абай  бол,  ауылдың  әпербақан 
немелерінен бәрін күтуге болады, бір күні қыздан 
айырылып,  санымызды  соғып  қалмайық!»  деп 
ескертіп  қойған.  Апам  да  күндіз-түні  райынан 
қайтарам  деп,  әпкемді  айналдырумен  болды,  ал, 
әкпем болса, көзінің жасын көл қылып ағыл-тегіл 
жылайды  да  отырады.  Нағыз  махаббат  жайлы 
қиссалардағыдай тірлік басталды!  
Апамның  айтуымен  мен  де  ылғи  әпкемді 
аңдумен  жүрем:  қайда  барды,  кіммен  сөйлесті, 
жігіттер  үй  жағалап  келді  ме,  әпкеме  әлдекім  хат 
берді  ме,  не  керек,  нағыз  «чекист»  болып  алдым. 
Маған бұл бір қызық әрекет те болды. Ең қызығы 
–  әпкем  менің  ешқандай  тентектігіме  ұрса 
алмайтын  болды,  «Ә»  десе,  «Айтам!»  деймін  де 
тұрам.  Бұрынғыдай  «вечерге  бару»  деген  мүлдем 
тоқтатылды.  Шыны  керек,  әпкем  байғұстың  күні 
күн болмауға айналды. Алқызыл болып алабұртып 

180 
 
тұратын  аққұба  өңі  бозғылт  тартып,  көз 
жанарында ылғи мұң тұратын болды.  
Дегенмен  ақ,  адал  махаббат  сезіміне 
әділетсіз  тосқауыл  жасалғаны  Есен  ағаның  да 
шымбайына қатты батса керек, оны түсінген ауыл 
жігіттері  әпкемді  қалай  да  алып  қашуды 
ұйғарыпты.  Кезінде  ауыл-аймаққа  жыр  болған 
оқиғалар басталды. 
Қалың  қыстың  ортасы.  Түн  ортасы.Ауыл 
шырт ұйқыда жатыр. «Тарс» етіп мылтық атылып, 
дәл есіктің алдынан «шаңқ» еткен иттің жан даусы 
шықты  да,  артынша  жанұшырар  ұзаққа  созылған 
қыңсыл  естілді.  Біздің  ит!  Атам  орнынан  апыл-
ғұпыл  атып  тұрып:  «Әһ,  қызталақ,  итті  құрттың, 
әҺ!»  деп  есікке  тұра  ұмтылды.  Ізінше  тапырлап 
апам  жүгірді  сыртқа  қарай.  Ішкі  тамда,  жұмсақ 
төсекте  үрейіміз  ұшып  бүрісіп  біз,  әпкем  екеуміз 
жатырмыз. Үй-іші қап-қараңғы, сасқанынан әпкем 
дереу  жастықтың  астынан  шырпы  алып  тұтатып, 
бас  жағымызда  үстелде  тұратын  ондық  лампаны 
жаға  қойды.  Қолы  дір-дір  етеді.  Даладан 
дабырлаған 
атамдардың 
үрейлі 
дауыстары 
естіледі.  Сәлден  соң  тыныштық  орнады  да  іле-
шала  үйге кірген апамдар өз бөлмелеріне бармай, 
бірден  бізге  кірді.  Әкемнің  қара  сұр  өңі  ызадан 
мүлдем қан-сөл жоқ қуарып кеткен, артында апам, 
қолында  жетілік  шам.  Біз  орнымыздан атып-атып 
тұрдық.  Не  айтқаны  есімде  жоқ,  атам  әйтеуір 
әлдекімге  ызаланып  көп  нәрсе  айтты.  Ұққаным: 

181 
 
бұл  Әбдіштің  баласының  ұлы  жоқ  шалды 
басынғаны,  қорлағаны,  ертең  ауылды  жинап,  бұл 
бассыздықтың 
тамырына 
балта 
шаппаса 
болмайтыны.  Апам  бізге  төніп  келіп  әпкеме  ала 
көзімен бір қарады да, маған: «Қорқып қалдың ба, 
күнім?»  деп  аузымды  аштырып,  таңдайымды 
көтерді.  Сосын  көрпемізді  қымтап  жатып  атама: 
«Жарайды,  жүр,  бұларда  тұрған  не  бар,  өздері  де 
үрпиіп  отыр  ғой,  ертең  білерсің»,  –  деді  де,  екеуі 
қосақтасып  шығып  кетті.  Олар  кеткен  соң  әпкем 
көрпесін  бүркеніп  алып,  ақырын  ғана,  ұзақ 
солқылдап  жылап  жатты.  Мен  де  жыладым.  Бұл 
қорыққаным ба, әлде әпкеме жаным ашығаны ма, 
не болмаса атамның «ұлы жоқ шалды басынғаны» 
деген  сөзінің  жаныма  батқаны  ма,  кім  білсін.  
Әйтеуір 
бір 
құлазыған 
жалғыздықтың, 
қорғансыздықтың,  кембағал  тіршіліктің  мына 
меңіреу  қараңғы  түн  сияқты  жан-жүйемді 
жаншығаны есімде. Менен кейінгі кішкентай інім 
шетінегендегі  атам  сорлының  кебежеге  басын 
соғып  еңірегенінің  себебін  енді  ұққандаймын. 
Сонда  біздің,  мына  бойжеткен  әпкем  екеуміздің 
ешқандай  қауқарымыздың  жоқтығы  ма?  Біз  адам  
емеспіз  бе?  Біздің  мынау  екі  пақыр  әке-шешенің 
керегіне  жарай  алмағанымыз  ба?  Анау,  еш 
әрекетсіз-дәнекесіз қыңсылап өле салған ит те бір, 
біз де бір болғанымыз ба сонда?! 
Қанша  жатқаным  есімде  жоқ,  қалжырап 
ұйықтап  кетіппін,  сәскеге  таяу  ғана  ояндым. 

182 
 
Дәлізге  шықсам,  арғы  бөлмеде  атам  қарияларды 
жинап  алып,  түндегі  әңгімені  қызу  талқылап 
жатыр  екен.  Апам  мен  әпкем  шай  беріп  жүр. 
Қайта келіп, төсегіме жаттым.  
Бұдан  соң  біраз  тыныштық  орнағандай 
болды.  Дегенмен,  күшті  дауылдың  алдындағы 
тымырсық күн сияқты, ертеңгі күні тағы не болар 
екен  деген  үрей  бәріміздің  көкейімізде  жүрді. 
Атам айтқандай, «аңдыған жау алмай қоймайды». 
Әпкем байғұс мүлдем солып барады. Көкейінде не 
арман  барын  біліп  жатырмын  ба,  жалпы,  мына 
жағдай  оның  да  жүрегін  жеп  жатқаны  рас. 
Түсінбейді  дей  ме,  әлде  айтып  қояды  дей  ме, 
маған ештеңе деп сыр ашпайды. 
Біраз  күн  өткен  соң,  тағы  да  түн  ішінде, 
шырт  ұйқыда  жатқан  екем,  «Жақа,  Жақа!»  деген 
еркектің  даусынан  әпкем  екеуміз  бірдей  шошып 
ояндық.  Қараңғы  түнде  әпкеме  төніп  түрған 
біреуді көрдім. Қол фонарының әлсіз жарығы тура 
әпкемнің бетіне түсіп тұр. Есен ағайдың даусы! 
– Жақа, Жақа!   
Әпкем 
ұйқылы 
дауыспен 
түсініксіз 
ыңыранып,  бетін  шам  жарығынан  көрпесімен 
көлегейлей  берді.  Артынша  ауыз  үй  апыр-тапыр, 
«Аш,  иттің  баласы!  Аш,  иттің  баласы!»  деген 
әкемнің 
жан 
даусы 
шықты. 
Шақырлап, 
тарсылдаған есік... Біз есімізді жинар-жинамастан, 
әлгі  бізге  төніп  тұрған  ағай  қайтадан  сыртқа 
атылды.  Ізінше  арғы  бөлменің  есігі  тарс  етіп 

183 
 
ашылып, қаңғырлаған шелектердің даусымен қоса 
әке-шешем  екеуі  де  қалбалақтап,  бізге  жүгіріп 
жетіп келді.  
– Жақа, Жақа, қызым, қызым!  
Атамның  даусы  жыларман  болып  дірілдеп 
шықты. Қараңғыда біздің жастығымызды сипалай 
берді... 
–  Айналайын,  күндерім,  барсыңдар  ма, 
амансыңдар ма?! 
Апамның  да  дауыс  салып  жылағандай 
ышқынған 
үні 
шықты. 
Шырпының 
әлсіз 
жарығымен  қолы  дірілдеп,  лампаны  тұтата  берді. 
Біздің 
қаннен-қаперсіз 
жылы 
төсекте 
жатқанымызды  көріп,  аз  уақытқа  екеуінің  де 
көңілдері  орнына  түскендей  болды  да,  іле-шала 
әкем сорлы:  
–  Қап,  мына  иттің  баласының  қорлығы 
бітпеді-ау,  мен  мұны  атып  өлтірмесем  болмайды 
екен! – деп, қабырғада ілініп тұратын мылтығына  
тұра ұмтылды. Апам шырқырап, тоқтатып жатыр. 
Біз шулап кеттік. 
Кейін білдік, ауыл жігіттері алдымен дыбыс 
беретін қабаған итімізді өлтіріп, сосын араға біраз 
күндер  салып,  әкем  жатқан  бөлменің  сыртын 
сымтемірмен  бұрап  бекітіп,  әпкемді  алып 
қашпақшы  болған  екен.  Әкем  сорлы  өзінің 
ептілігімен  есіктің  кішкене  саңлауына  қолын 
сыналап  сұғып  жіберіп,  жандәрмен  сымды  кері 
бұрап ашып үлгірген көрінеді.  

184 
 
Ауыл дүрбелең. Адам естімеген сұмдық кім-
кімнің де ашу-ызасын келтірді. Ақсақалдар біздің 
үйге жиналып, тағы да не істерін ақылға салды. Не 
істесін?  Есен  ағай  бой  тасалап  көрінбей  қалды. 
Ауыл  жігіттері  ештеңе  білмеген  болып  шықты. 
Атам ағайдың жесір шешесіне барып, қоқан-лоққы 
көрсеткендей  болды,  одан  не  шара?!  Ақыл 
тоқтатқан кейбір қариялар: «Қайтесің, қызыңа сақ 
бол, енді мұндай бассыздық жасаса, милсаға беру 
керек.  Әбдіш  марқұмның  әруағын  күңірентпейік. 
Бір  жолғы  ашуыңды  бізге  байла»,  –  деп  әкемді 
тоқтатты.  Сонда  әкемнің  үлкен  орамалымен  көз 
жасын  сүрткілеп:  «Қайтейін,  қайтейін,  бұл  да 
Алланың ісі шығар бала-шағаға күлкі ғып қойған! 
Алтындарым тірі болғанда, мұндай иттер маңыма 
жолайтын  ба  еді?!»  –  деп,  әйелдерше  сыңсылап 
жылағаны есімнен кетпейді.  
Дабырлап-дабырлап,  бұл  оқиға  да    бірте-
бірте  басылды.  Есен  ағай  да  ауылға  оралды. 
Көшемен  өтсе,  кепкасын  көзіне  түсіріп  алып, 
біздің үй жақтан теріс айналып бара жатады... 
Менің  ата-анам  әпкемді  оқуға  түсірмек 
болып,  Жамбылға  да  жіберді.  Апамның  қызының 
киімдерін  әдемілеп  жинастырып,  үлкен  қалтаға 
салып  беріп  жатқаны  есімде.  Бірақ,  амал  нешік,  
нәсіп болмай, әпкем  ауылға қайтып келді.  
Осы  бір  кездерде  ауылда  бір  қызық  жай 
болды. Күнту Ізтай деген жітіт қыз көруге келеді-
міс деген сыпсың сөз лезде ауылға тарап кетті. Ол 

185 
 
кезде  осындай  да  салт  бар  болған  екен  ғой. 
Бойжеткен  қыздар  үйлерінде  отырады  да,  жігіт 
ауылға  келіп,  солардың  әрқайсысымен  жүздесіп, 
сөйлесіп  шығады.  Қайсысымен  әңгімесі  жарасып, 
үй болуға келіссе, туыстарын жіберіп, құда түседі 
екен.  Сол  салтпенен  уағдаласқан  күні  осы  жігіт 
біздің ауылдың қыздарын көруге келетін болыпты. 
Ата-аналары қыздарын киіндіріп дайындап қойды. 
Қыздар  дегенде,  Мейіркүл,  Кенжекүл,  Санақ 
әпкелер.  Менің  Жақа  әпкем  де бар,  әрине.  Әпкем 
жаңа көйлегін киіп, дайындалғандай болды, бірақ 
оңашада  жылап  алған  ба,  монтаны  қоңырқай 
көздерінің  аясы  кішірейіп,  қызарып  қапты. 
Ешкімге  тіктеп    қарамайды,  төменшіктей  береді. 
Апам  сорлы  қызын  жұбатып-ақ  жатыр.  «Ештеңе 
етпейді,  құлыным,  бұрынғы-соңғының  жолы, 
Ізтай – жақсы жігіт. Өзімнің төркінім. Әке-шешесі 
де  момын,  жақсы  жандар.  Ылажы  болса, 
келісіміңді бер, күнім!» Әпкем не «иә», не «жоқ» 
демейді,  не  де  болса,  ішінде,  үй  жинастырып 
жатыр. Апам мені есік алдын сыпыруға жіберді.  
Далаға  шықтым.  Күн  шақырайып,  сәске 
болып  қалыпты.  Есіктің  алдына  су  сеуіп, 
сыпырған  болдым.  Екі  көзім  жоғары  жақта.  «Ана 
кісі  келер  ме  екен  біздің  үйге,  әлде  жол-жөнекей 
әпкелердің  біреуі  қағып  кетер  ме  екен?»  Апам 
қатты  мақтаған  соң,  көргім  де  келіп,  делебем 
қозып  тұр.  Кенет,  көшенің  басынан  бір  жүк 
машинасы  бізге  қарай  жылжығанын  байқадым. 

186 
 
Кузовында түрегеп тұрған біреу көрінеді. Машина 
тура  біздің  үйге  қарай  тартып  келеді.  Жүрегім 
аузыма  тығылды.  Сол!  Менің  болашақ  жездем! 
Жақсы  жігіт!  Үйге  қарай  жүгірдім.  Ауыз  үйге 
аяғымды сұға беріп, айғай салдым. 
– Апа, келе жатыр! 
Апам кебісін сүйрете сұғып, атып шықты. 
–  Ақырын,  не  болды  сонша?  Ұят  қайда? 
Өшір үніңді! 
Дегенмен,  өзі  де  сасқалақтап,  қалбаңдап 
жатыр.  Екеуіміз  сыртқа  шықтық.  Машина  есіктің 
алдына  тоқтап  үлгіріпті,  кабинадан  екі  жігіт, 
кузовтан  біреуі  дереу  түсе  қалысты.  Алғашқы 
екеуі апаммен ежелгі таныстарындай даурығысып 
амандасып жатыр.  
– Әпке, амансыз ба? Жағдайларыңыз қалай? 
Жездем аман-есен бе? 
Апамның  етегіне  жармасып  тұрған  мені 
көріп: 
–  Өй,  мынау  Алдантай  ма?  Бойжеттің  бе, 
айналайын?  – деп, басымнан сипап жатыр.  Апам 
да 
олардың 
үй-жайын, 
әке-шешелерінің 
амандығын  сұрап,  ілтипат  көрсетуде.  Менің  есіл-
дертім үшінші жігітте. «Қандай екен? Менің сұлу 
әпкеме лайықты ма?» Орта бойлы, мығым денелі, 
қасы-көзі  қап-қара,  дөңгелек  жүзді,  қызыл 
шырайлы  жігіт  екен.  Әдемі.  Күлімсірегені  де 
жұмсақ, жайлы. Көңілім орнына түскендей болып, 
бір  күрсініп  алдым.  Апам  қонақтарды  дастархан 

187 
 
жайылған  өз  бөлмесіне  әкетті  де,  мені  әпкемнің 
жанына жіберді. Әпкем  есікке қарап  түрегеп тұр 
екен, 
қолында 
шетін 
моншақтаған 
әдемі 
беторамалы  бар  (ол  кезде  үйде  отырған  қыздар 
осындай  қолөнер  бұйымдарын  тоқи  беретін). 
Маған сұрақты жүзін көңілсіз бұрып: 
 
–  Келді  ме?  –  деді.  Даусында  діріл  бар. 
Мұңлы.  
 
– Келді, – дедім.  
Әпкеме  жаным  ашып,  жылағым  келді. 
Қимай кеттім. Дегенмен, ес білгелі анамның емес, 
осы  кісінің  бауырында  өстім  ғой.  Мені  әлдилеп, 
арқалап    өсірген,  бар  жағдайымды  жасаған, 
балалық еркелігімді көтерген  осы әпкетайым емес 
пе?! Оның маған керемет ыстық, қимас жан екенін 
алғаш  рет  ұққандай  болдым.    Жүгіріп  барып, 
етегінен  құшақтай  алдым.  Әпкем  де  мені 
бауырына тартып құшақтап тұрып: 
 
–  Жылама,  апам  ұрсады,  –  деді  ақырын.  
Мен  түсіне  қойдым  да,  жасымды  дереу  сүртіп, 
кері  тартындым,  жерге  төселген  көрпенің  шетіне 
тіземді  құшақтап  отыра  кеттім.  Әдемі  қызыл-
жасыл  құрақтарға  қарап,  көңілімді  алдарқаттым. 
Әпкем  бір  күрсініп  алды  да,  сәл  жоғарырақ, 
шымылдықты  төсектің  жанына,  көрпеге  бір 
тізерлеп  отырды.  Әдемі  қап-қара  қастары 
қайшыланып, көздерін көрпеден көтермейді.  Неге 
де болса белін бекем буғандай, тұнып отыр. 

188 
 
 
Біраздан  соң  біздің  аласа  есігіміз    ашылып, 
табалдырықты  аздап  еңкейе  аттап,  бөлмеге  әлгі 
болашақ «күйеу жігіт» кірді. Қызыл шырайлы өңі 
ұялғаннан  ба,  бұрынғыдан  да  күрең  тартып 
кетіпті.  Әпкем  жайлап  орнынан  тұрды.  Жігітке 
ілесе  кірген  апам  жалтақтап  тұрған  мені 
қатқылдау ыммен сыртқа шақырды... 
 
Қызық болғанда, көп уақыт та өте қоймады, 
апамдар дабырласып отырғанда, әлгі жігіт есіктен 
қарап,  жолдастарына  ақырын  ғана:  «қайтайық!» 
дегендей  болды.  Аналар  абдырап  орындарынан 
атып-атып  тұрды.  Біз  де  тұрдық.  Жігіттердің 
біреуі  батылырақ  екен:  «Не,  болмады  ма?»  деп 
қалды.  Жігіт  үндемеген  қалпы  сыртқа  беттей 
берді... 
 
Әпкемнің  «ұзатылу»  операциясы  осымен 
тағы да доғарылды. Бірақ, әлгі жігіт бәрібір біздің 
ауылға «күйеу бала» болды. Көшенің бас жағында 
тұратын Жәйшібек атайдың Санақ атты қызы сол 
күні оған келісімін беріп, көп ұзамай олар үйленді. 
Бекер  обалы  не  керек,  Санақ  әпкем  де  момақан, 
аппақ  борсықтай  томпиған  әдемі  қыз  болатын. 
Ізтай  ағай  екеуі  жарасымды  отбасын  құрды, 
балалы-шағалы  болды.  Бірақ,  мен  білгенде,  олар 
бірінің артынан бірі ертерек өмірден озды.    
Атамның  үнемі  айтатын  «Аңдыған  жау 
алмай қоймайды» деген сөзі рас болды. «Ер кезегі 
үшке  дейін».  Үшінші  ұмтылғанда,  Есен  ағай 
ақыры  әпкемді  әкетіп  тынды-ау!  Ауылды  жерде 

189 
 
қысқы  мейрам  –  «соғым  басы»  ғой.  Сол  күні 
Зағипа  апамның  үйі  «соғым  басы»  беріп,  ауыл 
қарияларын  шақырған.  Атам  өзі  кетті  де,  бізді, 
апам  екеуімізді  әпкемнің  жанында  қалдырып 
кетті.  Әпкем  ауыз  бөлмеде  кір  жуып  отырды. 
Апам  малды  түгендеп,  қоралап  жүрген
,
  кенет 
дереу асыға басып үйге кірді де: 
–  Біздің  қой  қора  шылып  қалып,  бар  мал 
сыртқа шығып кетіпті, қараңғыда бір өзім қайдан 
іздеймін,  жүгіріп  барып  Әлтайға  айтып  келейін, 
отыра тұрыңдар! – деді.  
Мен  мұндай  жиындарда  ешқашан  әкемнен 
қалмайтын басым, бүгін жіпсіз байланғандай едім, 
қуанып кеттім. Орнымнан атып тұрып: 
 
–  Мен  де  сенімен  бірге  барып  келейінші, 
апа! –дедім.  
Апамның 
«отыр 
әрісіне» 
қарамастан, 
бетпақтанып,  киіне  салып,  бірге  кеттім.  Зағипа 
апаның  үйі  нәбәрі  екі  үйден  кейін  ғана.  Жүгіре 
басып  келдік  те,  апам  есіктің  жақтауынан  ұстап 
түрып:  
 
–  Әлтай,  қора  шылып,  қойдың  бәрі  сыртқа 
шығып етіпті, соны айтайын деп жүгіріп келдім, – 
деді.   
Атам  қалбалақтап,  «аһ,  аһ»  дегенше,  қайта 
тарттық.  Қызықты  қараңыз:  есіктің  бәрі  ашық, 
кірдің суы төгілген, әпкемнің үйде киетін әміркен 
мәсісі  өкшесінен  тартылып  шешіліп,  екеуі  екі 
жақта  жатыр.  Қыз  жоқ!  Апам  сорлы  үйді  қарап, 

190 
 
қораны  айнала  жүгіріп,  жан  даусы  шығып  жүр: 
«Жақа,  Жақа!»    Арасында  мені  арқамнан  бір-екі 
рет  түйіп  қалды:  «Отыр  дедім  саған,  сорлы  қар, 
енді не болды? Әкең өлтіреді бізді!» Өзі ойбайлап, 
бақырып  жылай  бастады.  Қыздың  анық  кеткені 
белгілі болды.  
Жүгіріп атам келді. Гөй-гөй басталды. Ауыл 
жиналды.  Бейне  бір  кісісі  өлген  қаралы  үйдей 
болдық.  Басын соққылап әкем жүр, белін  таянып 
«Құлыным-ай,  енді  күніміз  не  болад?!»  деп 
шешем  дауыс  салуда.  Не  үшін  екені  есімде  жоқ, 
мен  жатырмын  жер  тепкілеп!  «Соғым  басының» 
берекесі  кетті,  бар  ауыл  адамдары  біздің  үйге 
келіп,  болған  оқиғаны  естіп,  біресе  Есен  ағайдың 
«кереметтігіне»  жағаларын  ұстайды,  біресе  атам 
мен 
апамды 
жұбатады. 
Айтатындары: 
«Қайтесіңдер, қыз жат жұрттық деген. Әйтеуір тірі 
ғой. Ұмытылады бәрі, естеріңді жиыңдар. Құдайға 
күпірлік 
жасамаңдар!» 
Бірақ 
ешқайсысы 
қазіргідей  «Бір  балаң  екеу  болды»  деп,  ата-
анамның 
жанын 
жеп, 
намысына 
тимеуге 
тырысады.  Атамның  намысшыл,  қайсар  мінезін 
білетін олардың көкейінде «апыр-ай, аяғы тыныш 
боп  кетсе  екен!»  деген  күдікшіл  ой  тұрғаны 
белгілі.  Сондықтан  да  олар,  шамалары  келгенше, 
сабырға шақыруға тырысып жатыр. Қайран, қазір 
алыстап  кеткен,  отқа,  суға  бірге  түсуге  дайын 
тұратын ағайынның ынтымағы-ай десеңізші!   

191 
 
Дегенмен  намысы  қайнаған  атам  сорлы, 
мылтығын  ала  салып,  жездемнің  үйіне  барып, 
«Балаңды  өлтірем!»  деп,  Қаншайым  апаның 
үрейін ұшырыпты. Одан кейін де ашуы басылмай, 
өз санына өзі пышақ та ұрыпты. Сонау құмда ойда 
жоқта  кездесіп  қалған  күйеу  баласы  Есенді  «Аһ, 
қысталақ,  әбден  басындың  ғой  мені,  бас  көтерер 
кімі бар деп мазақ қылдың ғой! Бүйткенше, не сені 
өлтірейін, не өзім өлейін!» деп ат сауырына алып 
жат та сабайды-ай келіп.  
Сонда 
да, 
ағайын-туыстардың, 
ауыл 
қарияларының 
араласуымен, 
көпшіліктің 
тоқтамынан  аса  алмай,  ашуының  беті  қайтып, 
ақыры, Ақшолақтағы Нәзімкүл әпкелерінің үйінде 
бір  ай  тұрып  келген  әпкем  мен  жездеме  кешірім 
жасайды... 
Әпкем  бара  салып  көтеріп,  өмірге  келген 
тұңғыш  қыздарының  атын  «Бақыт»  қойды.  Әлі 
есімде,  Бақытты  мен  көтеріп  үйге  әкелетін  едім, 
балпанақтай,  аппақ,  аса  сүйкімді  сегіз  айлық 
нәрестені атам марқұм алақанына тұрғызып, «қаз, 
қаз,  қаз,  қаз!»  деп  қаз  тұрғызғанда,  сүйсінгеннен 
сілекейі  шұбырып  кететін  еді.  Жаратылысында 
балажан  атамның,  қазіргіше  айтқанда,  Бақыт, 
жиен де болса, тұңғыш немересі еді ғой!   
Әпкем мен жездем 40 жылға таяу, нақтырақ 
айтсам, 37 жыл бірге жұбайлық ғұмыр кешті. Олар 
үйлене  салысымен  жездем  армияға  кетіп,  үш 
жылда  оралды.  Әпкем  сол  баяғы  тоқал  тамда, 

192 
 
енесімен,  кішкентай  Бақытымен  сүйікті  жарын 
күтіп отырды. Жездем үш жылдық армиядан келе 
салысымен, өз қолымен балшықтан кірпіш құйып, 
жаңа  үй  салды.  Ауылда  алғашқылардың  бірі 
болып, монша салды. Дүкен ашып, сауда жасады. 
Мал-жанын  көбейтті.  Әпкем  екеуі  ауыл  ішінде 
жегжат-жұраты  көп,  сыйлы,  қадірменді  отбасына 
айналды.  Ұлы,  қызы  аралас  сегіз  бала  сүйді. 
Кейіннен,  балалары  өскен  соң,  бір  жарым  метр 
тереңнен  фундамент  құйып,  қызыл  кірпіштен 
дүмбірлеген  жаңа  үй  тұрғызды.  Сол  үй  көшенің 
дәл  ортасында  «менмұндалап»  жарқырап  тұр 
қазір.  Мұндай  үй  ауылда  басқа  ешкімде  жоқ 
десем, өтірік айтқаным емес.  
Біртоға  мінезді,  уәдесіне  берік,    тірлігіне 
мығым  жездемді  ауыл  ішінде  «орыс  мінезді»  деп 
те  атаушы  еді.  Бәлкім,  оның  себебі,  жездемнің 
алған  бетінен  қайтпайтын,  қазақы  мәмлеге  келе 
қоймайтын бірбеткейлігінен де болар.   
Өмірінде  темекі  шегіп,  арақ  ішуді  әдетіне 
айналдырмаған,  итін  де  қолғап  киіп  байлайтын 
таза, 
кісімен 
дауыс 
көтеріп 
ұрысқанды 
қаламайтын  жүйкесі  мықты,  адамдармен  тек 
ілтипат  сақтап  сөйлесуге  тырысатын  осы  асыл 
жездем – Есен аға – 56 жасында, қан қысымының 
көтерілуінен,  «басым  ауырып  жатыр,  кішкене 
уқалап  бересің  бе?»  деп,  әпкемнің  тізесіне  басын 
қойып  жатып,  көз  жұмды.  «Тіпті,  сезбей  де 
қалдым. Ауылдың бір әңгімелерін айтып отырып, 

193 
 
«ұйықтап  қалдың  ба,  үндемейсің  ғой»»  десем, 
жүріп кетіпті», – дейді әпкем күйзеле сол сәт есіне 
түскенде.  «Ақ өлім» деген осы шығар.  
Есен 
жездем, 
Мұқағали 
айтқандай, 
«бақытты  жүрегінен  тапқан»  адам  еді.  Дәл  осы 
Мұқағалидың: 
Алдынан терезеңнің жүріп өттім, 
Сен мені байқадың ба, құдіреттім? 
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында 
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті… 
 
Көзің қайда көшеден мені іздеген
Сөзің қайда жанымыз егіз деген? 
…Терезеңнің алдына келіп тұрмын
Көгершіндей… 
Қысты  күн…  Жем  іздеген…–  деген 
жолдарын  оқығанда,  есіме  еріксіз  осы  Жаңылыс 
әпкем  мен  Есен  жездемнің  сонау  50-жылдардағы, 
бүкіл ауылды таң-тамаша қалдырып тамсандырған 
ертегі-махаббаты түседі. Төңіректі қыс құрсап, аяз 
ұрып тұрғанда, терезенің алдында дірілдеп тұрған 
көгершін  тәрізді,  бірін-бірі  сағынған,  біріне  бірі 
жете  алмай,  зар  қаққан  қос  жүректің  дүрсілі 
құлағыңа  жеткендей  болады.  Иә,  дәл  сондай 
уәдеге тұрақтылық, жігіттік мәрттік, қыз жүрегінің 
нәзік  те  болса  сырға,  сезімге  беріктігі  әркімнің 
бойынан табыла бермес-ау, сірә.  
Мен  бұл  жолдарды  осы  кісілердің  ұрпағы 
үшін,  жалпы,  жас  өскіндер  үшін  жаздым. 

194 
 
Ғашықтар  жайлы,  ғашықтық  жайлы  әңгіме  бола 
қалса, «Ой, ондай махаббат қайда?! Ол тек кітапта 
ғана  ғой»  деп,  қол  сілтей  сөйлейтіндер  болады. 
Ал,  шын  мәнінде,  әрбір  жүрек  қалауымен 
қосылған  жандардың  қайсысының  болса  да 
сезімдері  шынайы  болса,  болашақ  жұбай  өмір 
үшін кез-келген ерлікке барары анық.  
Иә,  тек  қана  махаббат  сезімінің  баянды 
болуын тілейік…     

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал