Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет6/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Атамның  шаруаға  пысықтығы  соншалық, 
қорамыздан он  шақты  қой, бір бұзаулы  сиыр  мен 
бір  құлынды  бие,  шағын  ғана  шарбағымыздан 
(бақша)  қауын-қарбыз  үзілмейтін.  Сойыс  мал, 
қысқы  соғым,  ағайын  арасындағы  алыс-беріс 
шығындары  деген  шаруалардың  жайын  алдынала 
ойлап,  қамданып  жүретін  еді  жарықтық.  Нағыз 
«қыстың қамын жаз ойланың» адамы дерсің. Белін 
қыл  шылбырмен  тас  қып  байлап  алып,  күні бойы 
дөңгеленіп шаруамен айналысатын.  
Атам  жыл  сайын  қысқа  қарай  соғым 
байлайды.  Соғым  малы  семіз  болу  үшін  оған 
күнде  кешке  қарай  үйме  ғып  майдалап  қызылша 
турап  береміз.  Онысы  «мал  тез  семіреді  әрі  еті 
тәтті 
болады» 
деген 
ой. 
Байланған 

140 
 
жылқығақақалып  қалады  деп,  жоңышқаға  дейін 
балтамен шауып, майдалап беретін едік.  
Орта  шаруа  болғасын  ба,  біздің  үйімізге 
ұры-қары  әуес  бола  беретін.  Бірде  қыста 
ұрылардың 
қорамыздың 
сыртқа 
қараған 
бұрышының  қабырғасын  тесіп  кіріп,  үлкен 
серкемізді  сойып  алып  кеткені  бар.  Әкем 
мұнысоғыстан  кейін  ауылға  келіп  қоныстанған 
бірнеше  үй  шешендерден  көретін.  «Біреудің 
сыртына  ғайбат сөз айтқанды шәрият көтермейді, 
дегенмен  осылардан  күдігім  бар»  деп  отыратын 
еді.  Содан  кейін,  әкемнің  қайдан  тапқанын 
білмеймін, біздің үйімізге қос ауыз мылтық пайда 
болды.  Осыған  байланысты  бір  қызық  жәйт  әлі 
күнге есімнен кетпейді.  
Күз  түсіп,  түнге  қарай  үйге  кіріп 
ұйықтайтын кез болған еді. Түн ортасы-ау деймін,  
әкемнің әбіржіген даусынан оянып кеттім. 
 Ойбай, Алтынсара, қора жақтан дүркіреген 
бір дауыс естіле ме, қалай? 
  Қойшы,  о  қандай  дауыс?!  –  дейді 
шошынған апам. 
    Қайдан  білейін,  тағы  да  ұры  шығар 
бәлкім, бізге дәнігіп алған! Мен барайын.  
Әкем тыпырлап киіне бастады.  
–  Мен де барайын. Тағы кім біледі, жалғыз 
болмай жүрсе... 
Апам да апыл-ғұпыл шам жағып, мәсісін кие 
бастады.  Ұйқым  қашты.  Бөлмедегі  жалғыз  темір 

141 
 
кереуетте әпкем ұзатылғаннан бері жалғыз жатам. 
Әке-шешем  жүгіре  басып  далаға  шыққан  соң, 
бұйыға түсіп біраз жаттым. Кенет әкемнің «Аттан, 
аттан!»  деген  ауыл  түнін  қақ  жарған  ащы  даусы 
шықты.  «Тарс»  етіп  мылтық  атылды.  Шошып 
кеттім. Мен де дереу жеңіл-желпі киіне сап, далаға 
атып шықтым. Ел ынтымақты ғой, шіркін, әкемнің 
«аттандаған»  даусына  көрші  үйлерден  бірнеше 
адам  келіп  те  қалыпты.  Арасында  бірлі-жарым 
ағараңдаған  орамалдар  да  көрінеді.  Бәрінің 
қолында  айыр,  күрек,  ұзын  сырық  сияқты  «қару-
саймандары»  бар.  Әкем,  қолында  қос  ауыз 
мылтығы,  шырылдап,  қораның  алдында  жүгіріп 
жүр.  Айтса-айтқандай,  қора  ішіндегі  малдың  
біресе  олай,  біресе  былай  дүркіреп  жүгіріп 
жатқаны  анық  естіліп  тұр.  Шынымен-ақ  іште 
біреу малды қуалап жүргендей. Жиналғандарда да 
үрей  жоқ,  әркім өзінің  шағын ғана  шаруасы  үшін 
қиналып  тұрғаны  белгілі.  Ұры  бүгін  бізге  түссе, 
ертең  оларға  түспесіне  кім  кепіл!  Әкем 
жиналғандарға: 
  Есіктің  екі  жағына  екі  қатар  болып 
тұрайық.  Мен  есікті  ашам,  сендер  жабылып 
ұрыны ұстап алыңдар! деп бұйырды.  
Бәрі  дәл  солай  тұра  қалысты.  Әкем  батыл 
басып  есікке  жақындады  да,  белдеме  темірді 
түсіріп  жіберіп,  үлкен  қара  құлыпты  лақтырып 
тастады  да,  есікті  ашып  кеп  жіберді.  Мылтығын 
кезеніп тұрып, кіжіне айқай салды.  

142 
 
 Шық, нәлеті, шық деймін!  
Сол-ақ  екен,  бір  бейтаныс  үлкен  ақ  тазы 
қорадан  сымпың  етіп  атып  шығып,  қатар  тұрған 
адамдардың қақ ортасымен зу-у қашсын!  

 
Көтек, әдірәм қасын, бұ не пәле?! 
Бұл – Маймақ апамның даусы. 
Жиналғандар  «ә»  дегенде  есін  жия  алмай 
қалды. Бір сәтке қора да тыныш, адамдар да тым-
тырыс.  
  Қап,  мына  нәлеті  екен  ғой  қораның 
төбесінен түсіп, малды дүркіретіп үркітіп жүрген! 
(Әкем,  күннің  шуағы  түсіп  тұрсын  деген  оймен, 
мал 
қораның 
ортасын 
дөңгелентіп 
ашық 
қалдырған). 
Әкем  осынша  жұртты  мазалағанына  өзін 
кінәлідей  сезініп,  барынша  жұмсақ  сөйледі. 
Үнінде өкініш бар.  
  Е,  жарайды,  Әлтай,  сен  қайдан  білдің 
бұлай  боларын,  ұры  айтып  келмейді  ғой,  Алла 
тағала  «сақтансаң    сақтаймын»  демей  ме, 
әрдайым  сақ  болғанның  несі  айып,  ештеңе 
етпейді.  Малыңды  түгендеп  ал.  Біз  қайтайық,   
деді  Оспан  атам  тонының  шаужайын  қымтай 
түсіп,  үйіне  қара  бет  алып.  «Иә,  иә,  ештеңе  жоқ, 
бір  бұзылған  ұйқы  да,  тәйірі,  мал  аман  болса   
болды»    десті  басқа  жиналғандар  да  ақырын 
бұрылып  тараса  беріп.  Атам  апам  екеуі  қораға 
кіріп,  қойларды  қарап  шықты.  «Аман  екен»  десті 

143 
 
біріне-бірі.  Ақыры  ұйқы  қашып,  біз  біраз 
дөңбекшіп жаттық. 
«Малым  –  жанымның  садағасы,  жаным  – 
арымның садағасы» деген мақал осы малдың адам 
өмірінде  маңызды  болғандығынан  шыққан-ау, 
сірә.  Жоқшылықтың  ауыр  жылдарын  басынан 
өткерген қариялар күнкөрістің көзі боп тұрған осы 
аз  ғана  тұяқты  адамша  қастерлеп,  амандығын 
тілейді 
ғой, 
қайтсін. 
Өйтпегенде 
ше?! 
Ашаршылық  жылдары  ел  бақа-шаян,  тіпті  жылан 
да  жей  бастаған  екен  ғой.  «Жаужұмыр  деген 
шөптің  тамырын  жұлып,  талғажау  ететінбіз» 
дейтін еді үлкендер.  
Сондай  бір  шақта  әкем  марқұм  аштан 
бұралып,  өлерге 
таянғанда,  бір 
қамбашы 
бауырының  үйіне  нәр  сұрауға  бара  жатқан  екен. 
Сонда  жол-жөнекей  бір  кірпі  кетіп  бара  жатқан 
көрінеді.  Әкем  «мына  үйден  де  ештеңе  шыға 
қоймаса,  қайтейін,  сенің  ажалың  менен  болар, 
жазған»,    деп,  әлгі  кірпіні  ұстап  алып,  есік 
алдында  жатқан  кірленмен  төңкеріп  кетіпті. 
Бағына  қарай,  барған  үйі  тыққан  дәнінен  аз  ғана 
пиалаға  салып  берген  көрінеді.  Алғысын 
жаудырып, далаға шыққан әкем «мына бишараны 
жіберейін, ажалы жоқ екен сорлының» деп келсе, 
кірпі  кірленді  құлағы  тұрған  жерден  тұмсығымен 
түртіп  көтеріп,  шығып  кетіпті.  «Сонда  деймін-ау, 
  дейтін  әкем,    әлгі  үйден  түк  табылмаса,  кірпі 
қашып кетсе, мен не болар ем, өзгелер сияқты мен 

144 
 
де  қол-аяғым  созылып,  марқұм  боп  кете  барар 
едім-ау!»  
Әкемнің  ең  кенжесі  болғасын  ба  (менен 
кейін  дүниеге  келген  ұл  бала  он  айында  шетінеп 
кеткен-ді),  ол  кісі  мені  қатты  еркелететін  еді. 
Қайда  жүрсе,  соңынан  қалмайтыным,  қонақта 
отырса, жарбиып жанында  жабысып отыратыным 
есімде.  Жай  емес,  үнемі  оң  тізесін  шынтақтап 
отырам. Әкем ылғи түзу отыруымды сұранады, ал 
мен  өзіме  ұнаған  қалыптан  таймаймын.  Бір  күні 
әдеттегіше  көп  қариялармен  бірге  қонақта 
отырдық.  Мен  әкемнің  оң  тізесін  шынтақтай 
отырғанмын.  Кенеттен  шынтағымның  шым  ете 
қалғаны!  Жұлып  алдым.  Сөйтсем,  менің  осы 
қылығымнан  әбден  мезі  болған  әкем  ілгектің 
кішкене ғана ұшымен шынтағымды нұқып қалған 
екен.  Төңіректе  отырғандардың  дуылдап  кеп 
күлмесі  бар  ма?!  Ұятты  біліп  қалған  кезім-ау 
деймін,  бетімді  басып,  далаға  тұра  қаштым.  Үй 
артын  айнала  беріп,  тіземді  құшақтап  жылап 
отырған  жерімнен  әкем  келіп,  айналып-үйіріліп 
жұбатып  қайтадан  үйге  ертіп  келді.  Бірақ  содан 
былай  әкемді  мазаламай,  дұрыс  отыратын 
болғаным есімде.  
Әкемнің  маған  деген  мейірімі  анашымның 
мейірімінен  еш  кем  болған  емес.  Қазірге  дейін 
ауылға барғанда, үйдегілерге бақша ағаштарының 
арасындағы  тапшанға  төсек  салдырып  жатқанды 
ұнатамын.  Не  үшін  дейсіз  ғой?  Бала  кезімде 

145 
 
кішкентай  тоқал  тамның  алдындағы  атам  тап-
тұйнақтай етіп жасаған шағын тапшан есіме түседі 
сонда. Төсекте апам, атам үшеуіміз жатамыз. Атам 
күнұзақ  жасаған  тірліктен  қатты  шаршай  ма, 
ұйқыға бас қоярда маңдайымнан сүйіп:  
  Қарағым,  ұйықтар  алдында  «Жаттым 
тыныш,  жастығым  –  кеніш,  жатқызғайсың  ила-
алла,  тұрғызғайсың  жан-алла.  Тұрғызбастай  күн 
туса,  ләйлауха  ила-алла,  лайлауха  ила-алла, 
ләйлауха  ила-алла»деп  үш  рет  кәлимә  қайтар,   
дейтін.  
Мағынасына 
түсінбесем 
де, 
атамның 
айтқанын  істеп,  осы  кәлиманы  үш  рет  қайталап 
айту  менің  өмір-бақи  әдетіме  айналды.  Кейіндері 
атам  үнемі  бізге«Кірсе  бар  ләпсі,  шықса  –  жоқ. 
Адам  ұйықтағанда,  жаны  ұшып  кетіп,  әуені  кезіп 
жүреді  дейді  шариятта.  Алыстап  кетсе,  қайтып 
келіп,  ұясына  қонбай  да  қалуы  мүмкін.  Ол 
жағдайда адам ұйқыдан мәңгі тұра алмай қалатын 
болады  екен.  Сондықтан  да  «ұйқы  мен  өлім  тең» 
деп  айтқан  екен  аталарымыз.  Ұйқыға  жатарда 
кәлимаға  тіл  келтіріп,  үй  іші  адамдарының  бір-
бірімен  қоштасып  жатқаны  дұрыс»  деп  отыратын 
еді.  Содан  бері  әлдеқалай  біреу  туралы  «ұйықтап 
кетіп,  сол  бойы  жан  тапсырыпты»  дегенді  ести 
қалсам,  атамның осы  сөздері  есіме  түседі, жаным 
шошып,  ұйқыға  жатарда  үнемі  кәлимә  қайтаруға 
тырысудың әдетіме айналғаны да сондықтан.  

146 
 
Бірде,  осындай  жаз  айларының  маужыраған 
түнінде  тілім  аузыма  сыймай,  тынысымның 
тарылып  бара  жатқанынан  шошып  оянып  кеттім. 
Көзімді  ашып  алдым.  Таң  жаңадан  қылаң  беріп 
келе  жатқан  кез  екен.  Бозғылт  аспан  төріндегі 
жарты  ай  да,  шашыраған  майда  жұлдыздар  да 
ағараң 
тарта 
бастаған. 
Алыста 
түн 
қараңғылығынан қарауытып көрінген таулар үнсіз 
түнеріп  тұр,  қорқынышты.  Ештеңе  түсінбедім. 
Аузым  ашылып  қалған,  қырылдап  барам.  Апам 
жаққа  қарасам,  ол  әдеттегіше,  басын  көрпемен 
бүркеп  алып,  қатты  ұйқыда  жатыр.  Оң  жағымда 
жатқан  атама  қарасам,  сақалы  шошайып,  аузы 
ашылып,  ол  да  қалың  ұйқыда.  «Ата,  ата»  дейін 
десем,  тілім  келмейді,  бар-жоғы  «а-а-а»  деуге 
шамам  келді.  Тек  көрпесінің  сыртынан,  иық 
тұсынан итере бердім. 
А-а-а, а-а-а... 
Атам шошып оянды. 
Аһ, аһ... 
          – А-а-а, а-а-а... 
Басқаға  шама  жоқ,  сұқ  саусағыммен  ашық 
тұрған аузымды көрсете бердім.  
Атам  басын  жұлып  алып,  таң  жарығымен 
аузыма үңілгендей болды.  
  Ойбай,  Алтынсара,  мынау  не  пәле?  Тұр, 
тұр! 
Апам  қисайып  қалған  орамалын  түзей, 
орнынан атып тұрды.  

147 
 

 
О не, не болды?! 
Екеуі де менің аузыма үңіліп, шошып кетті. 
Тілімнің  бір  жағының  астында  жұмыртқадай 
бірдеңе  пайда  болған.  Тілімді  таңдайыма 
жабыстырып,  сөйлетпей,  тыныс  алдырмай  бара 
жатқан осы көрінеді. Екеуі де шошып кеткен. 
 А, құдай, ақсарбас, ақсарбас, – дейді әкем 
безектеп. 
–  Құдай-ай,  тағы  да  сорлатпақпысың,  не 
жаздық саған?!– деп зар илеп апам жүр. 
  Қой,  кетейік,  мен  баланы  Жамбылға 
доғдырға апарайын! – деді атам. 
  Ойбу,  байғұс, бір  ауыз  орысша  білмейсің, 
кәйтіп  апарасың?!  –деді  апам  көзінің  жасын 
жеңімен сүрткілеп жүріп. 

 
Құттықбайдан жөнін сұрайм да... 
Құттықбай  –  атамның  бажасы,  Ақыртөбеде, 
стансада тұрады, біршама сауатты жан. 
Ата-анам  құрақ  ұшып  безілдеп  жүріп,  мені 
киіндіріп  әбігер.  Үрейім  ұшып  барады.  Дегенмен 
атам  бір  амалын  табар  деген  үміт  мені  біраз 
тыныштандырғандай болды. Менің анам мен әкем 
осынау  небәрі  4-5  жыл  болған  аз  ғана  өмірімнің 
мәңгілік  қозғалмайтын  берік  діңгегі    болып 
қалыптасқан сияқты. Сондықтан да олар мен үшін 
ешқандай  қайғы-мұңға,  қиындыққа,  азапқа  тіпті 
ажалға да берілмейтін жандар болып көрінетін.  
Көңілім  бірте-бірте  орнына  түсейін  деді. 
Таңғы салқын самал да ашық аспан астында үш-ақ 

148 
 
адамға  арналып  салынған  жылы-жұмсақ  төсек-
орынды  мейіріммен  аймалайды.  Апам  ылдым-
жылдым  пысық  адам  ғой,  әдеттегіше  аса  ұқыпты 
киініп, орамалын да түзулеп тартып алған. Асып-
сасып,  қапаланып  жүргенін  реңінен  білдірмеуге 
тырысады,  маған  арнап  тігіп  қойған  белі  бүрмелі  
ақ шыт көйлек пен кішкентай қызыл көкірекшемді 
сандықтан 
шығарған 
кездегі 
қуанышымды 
айтсаңыз!  Апамды  құшақтай  алдым,  бірдеңе  деп 
қуанышымды  білдіруге  тілі  құрғыр  жібермейді. 
Апам  аймалап сүйіп: 
  Міне,  көрдің  бе,  күнім,  енді  бұларды 
қалаға  киіп  барасың,  құтты  болсын!    деп  жатыр 
жұмсақ күліп.  
Атам  екеуміз  нәр  сызбай,  жолға  шықтық. 
Стансаға дейін үш шақырымдай. Мен бұл жолмен 
атама  ілесіп  атпен  де,  жаяу  да  Ақыртөбенің 
базарына талай барғам, жақсы білем. Жақсы көрем 
де.  Осы  жолға  түссем-ақ  болғаны,  бір  белгісіз 
керемет 
сұлу 
шаһарға 
бара 
жатқандай 
қанаттанатыным  бар.  Өзіме  бейтаныс,  қызыққа 
толы  әлемді  көргім  келеді.  Сондықтан  да  атам 
жолға  жинала  бастаса  болғаны,  мен  де  қыбыр-
жыбыр  киіне  бастаймын.  Мені  үйде  ешкім 
тоқтатпайды,  себебі  мен  бәрібір  өз  айтқанымды 
істетемін. Барам дедім бе – барам!  
Жаздың  жанға  жайлы  таңғы  самалы 
бойыңды сипалап еркелеткендей, рахат күйде келе 
жатырмыз. 
Стансаға 
апаратын 
арба 
жол 

149 
 
борпылдаған  шаң  емес,  әбден  тапталған,  жүріске 
жеңіл.  Секіре  басып,  атама  жедел  ілесіп  келемін. 
Жасым  бестен  асқан-ау,  сірә,  әлі  мектепке 
бармаған  кезім.  Әр  жерден  шықылықтаған 
шегірткенің  үні  естіледі.  Апам  желдетпесін  деп 
аузымды  бір  қабат  таза  ақ  шүберекпен  орап 
берген,  шүберек  астында  ауызбен  демалуға  тура 
келеді. Мен оны шешпеймін. Қанша бұзық болсам 
да,  жан  тәтті.  Дегенмен  жаныма  батып  еш  жерім 
ауырмаған соң, ой-қиялым өзіме бейтаныс қаланы 
шарлап  келеді.  Атамнан  ештеңе  сұрай  алмай 
сорлап  қалғаным  ғана  жаныма  батады.  Маған  
атам  Жамбыл  жайлы  да  күндегідей  ұзын-сонар 
қызықты әңгіме айтатындай.   
Қатты жүргендіктен бе, әйтеуір Ақыртөбеге 
де лезде жеттік. Маған таныс темір сыммен өріліп 
қоршалған, 
тап-тұйнақтай 
етіп 
ақталған, 
төңірегінде қылау жатпайтын Құттықбай жезденің 
үйіне  де  жеттік-ау.  Есік  алдындағы  үлкен  кәрі 
төбет  бізді  көріп  орнынан  қорбалаңдап  асығыс 
тұрды  да,  атамды  танып,  марғау  ғана «кісі келді» 
дегендей  бір-екі  үріп,  иелеріне  дыбыс  берді. 
Құттықбай  жездем  бақшаның  бас  жағынан  келе 
жатыр  екен,  қолында  құманы.  Бізді  көріп, 
таңданған кейіп танытты: 
– Әлеке, тыныштық па, ассалаумағалейкүм? 
  Әліксәлем. Қайдағы тыныштық болсын,  
деді атам жездемнің ұсынған қолын алып жатып. – 
Мына  балам  ауырып  қалды,  соны  Жамбылға 

150 
 
апарып  көрсету  керек.  Сен  білесің  ғой,  қалай 
жетем, пойыз бар ма, доғдыры қайда, соның жөнін 
айтшы... 
  Не ауру?  
Атам  маған  аузымды  аштырып,  тілімнің 
астындағы көкпеңбек ісікті көрсетті.  
– Бұ не сұмдық, білмейім, сөйлей де, ештеңе 
іше де алмайды... 
–  Апыр-ай,  ә,  қиын  болған  екен.  Қазір 
білейік,  дәу  де  болса  қазір  Жамбылға  қарай  бір 
тауарный пойыз жүру керек.  
Біздің  дабырымыздан  үйден  жемпірінің 
жеңіне қолын жүре сұғып, жездемнің үлкен әйелі 
Нұрқыз апа шықты. Жүзі жылы, аспан көк көздері 
үнемі  күлімдеп  тұратын  аса  мейірімді  жан 
болатын. Ол кісі де аң-таң қалып, басымнан сипап, 
маған  жаны  ашып-ақ  жатыр.  Не  керек,  жарты 
сағаттан соң біз, атам екеуіміз, тауарлы пойыздың 
тамборында Жамбылға, мен өмірі көрмеген қалаға  
қарай кетіп бара жаттық...  
Ашық  тамборда  жел  ұйтқып  тұрады  екен. 
Атам  мені  шапанына  орап,  құшақтап  отырды. 
Екеуміз  осылай  отырған  қалпымызда  аздап  көз 
шырымын алғандай да болдық. Жол-жөнекей бізді 
ешкім мазалаған жоқ. Пойыз әр жерге бір тоқтап, 
Жамбылдың  стансасына  күн  көтеріле,  сәскеге 
қарай  жетіп  тоқтады.  Құттықбай  жездем  бізге 
қандай  емхана  керек  екенін  қағазға  жазып, 
атамның  қолына  ұстатқан  болатын.  Атам  соны 

151 
 
әркімге  көрсетіп  жүріп,  әйтеуір  өз  ойын  ымдап, 
мені  көрсетіп  жеткізе  жүріп,  бір  емханаға  келдік. 
Кейін 
жазбай 
таныдым, 
қалалық 
парктің 
алдындағы 
бұрынғы 
балалар 
емханасы. 
Емхананың  алдында  кішкене  арық  ағып  жатыр. 
Атам,  әдеті  бойынша,  мені  көрсетіп  жүріп,  бір 
есіктің алдында кезекке тұрдық.  
Кенет 
атамның 
қара 
күрең 
жүзі 
бозғылданып,  түрі  бұзыла  бастады.  Мен  шошып 
кеттім.  Атам  да  әлденені  сезгендей,  дереу  сыртқа 
шығуға  ұмтылды.  Есік  алдындағы  арықтың 
жағасындағы  көк  шөпке  қисайып  жата  кетті. 
Шапанын  шешіп  басына  жастанды.  Қолының  әлі 
келмегендей болды ма, мен көмектесіп жатырмын. 
Көзімен  суды  нұсқады.  Мен  түсіне  қойдым  да, 
алақаныммен  арықтан  су  алып,  маңдайын,  бетін 
жуғандай 
болдым. 
Атам 
басын 
изеп, 
мақұлдағандай  болды.  Осылай  екі-үш  рет  істеген 
соң, атам: 
  Мен  жата  тұрайын,  балам,  сен  ана 
кезегіңнен ажырап қалма, қарағым,  деді ақырын.  
Мен  жүгіріп  біресе  ішке  кірем,  біресе 
сыртқа  шығып,  атамның  жанында  отырам,  бетін 
жуам,  аузына  алақаныммен  су  тамызам.  Ішке 
кірсем,  кезектегі  адамдар  маған  сонша  бір 
жанашыр  сезіммен  қарап,  бірдеңелерді  айтып 
жатыр.  Ұққаным  –  «қорықпа,  мына  кісіден  соң 
кіресің». 

152 
 
Әйтеуір  бір  кезде  кезегім  келді-ау  деймін, 
мені  біреу  ішке  алып  кірді.  Ақ  халат  киген 
дәрігерге менің жайымды айтып жатыр. Даланы да 
нұсқап  қояды,  онысы  –  «әкесі  де  ауырып  қалды» 
дегені-ау деп тұрмын. Сөйтті де өзі шығып кетті.  
Дәрігер  менің  аузымды  ашып  көрді  де, 
жанындағы  ақ  халатты  қызбен  екеуі  бірдеңе  деп 
сөйлесті.  Аузымды  керіп  ашқызды  да,  тілімді 
мәрлімен тартып ұстап тұрып, бірдеңе жасағандай 
болды.  Олардың  мені  қаумалап  ұстап,  есімді 
жиғызбай,  бірдеңені  тез  жасағаны  соншалық, 
жылап  та,  қорқып  та  үлгірмедім.  Енді  бірде  ақ 
халатты  қыз  менің  аузымды  пышылдатып 
әлденемен  шайып  жатты.  Аузымды  жауып  едім, 
тілімнің  астындағы  бүйректей  бәле  енді  жоқ! 
Дәрігер  қыз  тілімнің  астына  томпайтып  мақта 
қойып,  аузымды  жапты,  «ашпа»  деп  көрсетті. 
Бетіме қарап жымиды. Ол әуелі сағатын, сосын екі 
саусағын    көрсетті,  «тамақ  ішпе»  деп  ымдағанын 
түсіндім.  Далаға  шықтым,  атам  байғұс  қалқайып, 
түрегеп отыр екен. Арықша, қара сұр өңі боп-боз.  
Мені  көріп  қуанып,  бозамықтанған  жанарынан 
үміт сәулесі байқалғандай болды. Мен де жанына 
жүгіріп  барып,  аузымды  сәл  ашып,  мақтаның 
шетін  көрсеттім.  Бармағымды  көрсеттім.  Ол  – 
«жақсы,  ауырмайды»  дегенім.  Атам  мені 
бауырына  басып,  қатты  құшақтап,  сүйді.  Көзіне 
жас  алды.  «Қарағым,  қарағым»  деп  арқамнан 
қағып-қағып  қойды.  Мен  де  таң  атқаннан  осы 

153 
 
сәскеге  дейінгі  атам  екеуміз  тартқан  азаптан 
қажып қалдым ба, әлде оған жаным ашып кетті ме
әлде  аузымдағы  бәледен  құтылғаныма  қуандым 
ба,  әке  омырауына  басымды  тығып,  солқылдап 
жылап жібердім.  
Расында  да,  адам  өмірі  толқыны  жағаны 
ұрып  тынымсыз  ағатын  үлкен  өзен  сияқты.  Ол 
өзінің ағысының барысында қаншама кедергілерді 
кездестіреді, 
бірақ 
олардың 
ешқайсысына 
тоқтамайды, баяуламайды, керісінше, кедергілерді 
айналып  өткенде  ағысы  арындап,  бұзып  өтуге 
әрекет  жасайды.  Адам  да  сол  өзен  іспеттес, 
өмірдің  қалтарыс-бұралаңдарына  тоқтамастан, 
небір 
шырғалаңдарды 
бұзып-жарып, 
алға 
ұмтылады,  осы  жолда  ол  өзінің  қайрат-жігерін 
шыңдайды.  Өйткені,  оны  әрдайым  болашақ 
беймәлім  қызықтар  шақырады,  жүрегін  келешек 
жарқын өмірге деген сағыныш кернейді... 
Әкем  өнердің  әр  түрінен  хабардар  жан 
болды.  Біздің  жақта  ондай  адамдарды  «қолының 
мүсекері  бар»  деп  айтатын.  Осындағы  «мүсекер» 
сөзінің  қалай  пайда  болғанын  білмеймін, 
дегенмен, әлі де бұл сөз дәл осы мағынада айтыла 
береді.  Шаруа  құралдарын  –  күрек-кетпенді 
жөндеу,  шалғы  шыңлау  дейсіз  бе,  арба    жөндеу, 
қора-жай  салу  дейсіз  бе,  қайыстан  таспа  тіліп,  ат 
әбзелдерін  өру  дейсіз  бе  –  осының  бәрі  әкемнің 
өзіндік  өнері  болатын.  Теріні  шүберектей  жұп-
жұқа ғып илеп, одан ешқандай сызғышсыз-ақ түп-

154 
 
түзу,  жіп-жіңішке  қайыс  таспалар  тілгенде,  сол 
таспалармен  керемет  әдемі  үш  өрім,  төрт  өрім  
жүген, қамшы өргенде, өнеріне сүйсінбейтін адам 
болмайтын. Сол жұмысты беріліп істейтіні сонша, 
жарықтықтың 
езуінен 
сілекейі 
шұбырып 
отыратын. 
Өзі 
өрген 
ат 
әбзелдері 
мен 
қамшыларына  көрік  басып,  күміс  құйып  та 
қондыра  беретін  (пысылдатып  көрік  басып 
отыратыным  есімде).  Тіпті,  қайыстан  биік  өкше 
етік  тігу  де  әкемнің  қолынан  келетін  еді-ау. 
Ауылдың  талай  бойжеткен  қыздарына  етік  тігіп 
берген.  Қораның  ішкі  боғаттарында  атам  тіккен 
етіктердің түрлі өлшемдегі қалыптары қатар түзіп 
тұратын  еді.  Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  халық 
тұрмысының  ауырлығын  еске  алсақ,  ауыл 
адамдарының  менің  әкеме  қаншалықты  зәру 
болғандығын түсіну қиынға соқпайды.  
Соғыс  демекші,  «соғыс  ардагерлері»  деген 
сөздің  мән-мағынасын  түсінген  кезімде,  әкемнен 
«Ата,  сіз  қалай  соғысқа  бармай  қалғансыз?»  деп 
сұрағаным  бар.  Сонда  атамның  орнына  апам 
аққұба  өңі  бал-бұл  жанып,  ішек-сілесі  қата  күліп 
мына жайтты айтып берген еді.  
Соғысқа  солдат  алынады»  деген  хабарды 
естісімен,  әкең  екеуміздің  дегбіріміз  қаша 
бастады,    деді  апам.  –  Қалай  қорықпайсың,  бір 
үйден  екіден,  тіпті  кейде  үштен  жігіттер  кетіп 
жатты.  Ағалы-інілі,  әкелі-балалы  жандардың 
аттанғаны тым ауыр, бүкіл ауыл улыған-шулыған 

155 
 
болып, 
жылап-еңіреп 
шығарып 
саламыз. 
Соғыстың 
сұрапыл 
болғандығы 
соншалық, 
кеткендер  қайта  оралады-ау  деген  ойымызға 
келмейді  де,  көз  жасымыз  көл  болып  зарлап, 
әрқайсысымен 
біржола 
қоштасқандай 
күй 
кешеміз.  
Бір күні сенің әкеңді де шақыртты. Шиеттей 
үш  қызымыз  бар,  Қымбатым  емізулі.  Әкең 
бишара,  қорыққаны  да,  өзінің  аздап  дегбірсіздігі 
де бар, үйге бір кіреді, бір шығады. Бар айтатыны 
«не істейміз, а, Алтынсара, аһ?!» дей береді. Мен 
болсам  «қайдан  білейін  не  істейтінімізді?» 
дегеннен  басқа  айта  алмаймын.  Қызымды 
құшақтаған  күйі  басымды  көтере  алмай,  жылап 
отырамын.  Бір  кезде  әкең  жұлып  алғандай 
«Алтынсара,  ана  үйдегі  жинаған  ақшаны  ала 
кетсем,  мүмкін  уоинкомға  берсем,  қалдырмас  па 
екен?»    деп  қалғаны.  Мен  де  қуанып  кеттім. 
«Сөйтсең  –  сөйтіп  көр,  құдай  оңлап,  қалып 
кетерсің?»    дедім  оны  қуаттап.  Екеуміз  бар 
ақшамызды  жинап  шүберекке  орадық  та,  оның 
түпкі  қойын  қалтасына  жақсылап  бекітіп  бердім. 
Әкең таң қылаң бере бізбен қоштасып, өзгелермен 
бірге  Луговойға  жүріп  кетті.  Бір  Алладан жәрдем 
сұрап мен қалдым. Ештеңеге қолым бармайды, екі 
көзім  төрт  болып,  Ақыртөбе  жаққа  қарай  берем. 
Кенет,  қас  қарая  әкеңнің  үйге  кіріп-ақ  келгені! 
Құдай  мұндай  жарылқамас,  қыздарыммен  бәріміз 
шұрқырастық  та  қалдық.  Менің  сұрағым  «не 

156 
 
болды,  ақшаны  бердің  бе?»  болды.  Сонда  әкең 
байғұс  орнына  отырып  жатып:  «Е-е,  қайда-а-ан, 
біреуді-біреу біліп болмайды, уойнкомы қайсысы, 
кімге берсем екем деп ары-бері сабылуымнан түк 
шықпай,  қатарға  тұрғаным  сол  еді,  менің, 
Тереңөзектің тағы бір жігітінің, пәмилемізді атап: 
«Сендер  қаласыңдар,  ағаш,  темір  ұсталары 
қалқоздың шаруасына жәрдем береді» демесі бар 
ма! Несін айтасың, Алланың рахымы түсті ғой»,  
деп  тоқтады.  Өшкеніміз  жанып,  өлгеніміз 
тірілгендей,  бала-шағамызбен  шұрылдастық  та 
қалдық  сөйтіп.  Міне,  әкең  байғұс  сол  қолының 
мүсекерлігінің  арқасында  қып-қызыл  оттан  аман 
қалды ғой, сендердің нәсіптеріңе,  деді  апам. 
Алайда  осындай  сегіз  қырлы  әкемді  де,  өзі 
айтқандай, «Алла тағаланың қысқан жері» болды, 
ол  ұл  балаларының  тұрақтамауы  еді.  Әкемнің 
Алладан 
ұл 
сұрап, 
қыздарының 
аттарын 
Жаңылыс,  Қымбат,  Ұлбала,  Шарапат  (соңғысы 
азан  шақырып  қойған  менің  есімім)  деп  қойғаны 
да сондықтан болса керек. Менің алдымда дүниеге 
келіп,  жылға  толмай  Әбдіразақтың  шетінеген 
қайғысы  әкем  марқұмды  мүлдем  тұралатып 
тастаған  екен.  Әбзел  апамның  қызы  Мәйкө 
әпкемнің  ақындығы  болатын  еді.  Сол  кісі 
Әбдіразақ өлгенде былай деп өлең шығарған екен: 
Атыңнан айналайын Әбдіразақ, 
Қайтейін, көрер күнің болды-ау аз-ақ. 
Ауыл боп тілеп едік, ұшып кеттің, 

157 
 
Жер қауып атам байғұс тартар азап. 
Апам соңғы, менен кейінгі нәрестесін қырық 
бір  жасында  көтерген  екен.  Ауыл  болып  қуанды 
сонда. 
Әлі 
есімде, 
апамды 
Ақыртөбедегі 
ауруханаға  апарып  салған  соң,  ауыл  әйелдері 
жақсылық  хабар  күтіп,  біздің  үйде  жиналып 
отырды.  Бәрінің  тілеуі  «Ұл  туса  екен!».  Мен  бес 
жастамын.  Менің  атымды  «Алланың  шарапаты 
тиіп,  бұдан  кейін  ұл  берсе  екен  деп  «Шарапат» 
қойғанын  жоғарыда  айттым.  Алайда  апам  ұзақ 
уақыт бала көтермеген соң, осы бала алданыш боп 
қалды  ғой  деп,  «Алданыш,  Алдан»  деп  атап 
кетіпті.  Атам  мен  апам  «Алдантай»  деп 
еркелететін.  
Не  керек,  Ақыртөбеден  де  хабар  жетті-ау 
әйтеуір!  Апам  аман-есен  ұл  босаныпты!  Елдің 
қуанышында  шек  жоқ,  үйдегілер  бірін-бірі 
құшақтап, мәз-майрам.  
Апамды  ауруханадан  шығарып  әкелуге  бір 
машина, бір май арба, бір сатылы арба барғаны әлі 
күнге есімде. Бұл бір ақ түйенің қарны жарылған,  
есте  қаларлықтай  күн  болды!  Мені  машинаның 
кабинасына отырғызған. Апам Ақыртөбенің батыс 
жақ  шетіндегі  жатаған  ауруханадан  нәрестені  өзі 
көтеріп шықты. Жарықтық, сұңғақ бойын кеудесін 
кере тік ұстап, әрдайым асықпай, сылқым басатын 
еді  ғой.  Алтынсара  десе,  Алтынсара  болатын! 
Қазір де солай, баласын бауырына қыса құшақтап, 
бізге қарай маңғаз аяңдап келеді. Аппақ дөңгелек 

158 
 
жүзі сәл бозаң тартқан, дегенмен жүзінен қуаныш 
табы айқын көрініп  тұр.Сәл шұңғылдау, аясы кең 
қоңыр  көздері  момақан  ғана  жымияды,  жүзінде 
керемет  әдемі  мейірім  табы  бар.  Мен  ғой,  тұра 
жүгіріп,  жанына  жетіп  бардым,  әрине.  Бойым 
жеткенше  құшақтап,  етегіне  жабыстым.  Қатты 
сағынғаным  соншалық,  айырылғым  келмейді. 
Атам  болса,  құрақ  ұшып,  апамның  асты-үстіне 
түсіп  әлек.  Сұр  қара  өңі  қуаныштан  ба,  күннің 
ыстығынан 
ба, 
нарттай 
қызарып 
кеткен. 
«Алтынсара, қайда отырасың, мәшинеге ме, арбаға 
ма? Арбаға да қалыңдап шөп салып әкелгем, жұп-
жұмсақ!» дейді атам шамасы, өз арбасына отырса 
дейді-ау  деймін.  Апам  байсалды  қалпынан 
танбастан,  атама  ризашылықпен  бір  қарады  да, 
аяңдап  басып,  машинаның  кабинасына  отырды, 
біз  қара  жолдың  шаңын  көкке  көтеріп,  ауылға 
қарай тарттық.   
Ауылға  келсек  үй  толы  адам,  туысқандар, 
көрші-қолаңдар,  тіпті  күнту  нағашыларым  да 
келіп  қалыпты.  Далада  қазан  көтеріліп,  самауыр 
қойылып  жатыр.  Қарама-қарсымызда  тұратын 
Мақан  атамыздың  қарт  анасы  (аты  есімде  жоқ)  
үйде, төрде отыр екен. Сол кісі кенеттен:  
  Әкел  ана  баланы!    деді  есік  аузында 
селтиіп  тұрған  мені  меңзеп.  Шошып  кеттім.  Бір 
әйел  мені  сүйрей  жөнелді.  Әже  көзді  ашып-
жұмғанша  мені  алдына  өңгеріп  етбетімнен 

159 
 
жатқыза  салды  да,  құйрығымды  жалаңаштап 
жіберіп: 

 
Әпер ана майды!– деді өктем дауыспен. 
Әлдекім кебеже үстінде тұрған тостағандағы 
білеудей  құйрықты  алып  бере  қойды.  Әже  сол 
қолымен  мені  көкжелкемнен  басып  тұрып,  оң 
қолымен  жалаңаштанған  құйрығымды жып-жылы 
құйрық маймен былғап-былғап жіберсін!  
 Бұ қыз енді мәйкөт болды, мәйкөт болды! 
Шешесі  ұл  тапты,  Алла  ұзағынан  сүйіндірсін!- 
деді әже айғайлап.  
Бәрі  дуылдап  күліп,  «рас,  рас»  деп  әжені 
қоштап  жатыр.  Мен,  өзіме  ұят  бітіп  қалса  керек, 
бақырып  жылап  жатырмын.  Жұрт  оған  да  күліп, 
мені жұбатумен әлек.  
Не дейсіз, кішкентай тоқал тамның ішін ғана 
емес,  бүкіл  ауылды  қуанышқа  кенелтіп,  жалғыз 
біздің  ғана  емес,  ақкөңіл,  ақжарқын  ауыл 
адамдарының  ақ  тілеуіне  оранып,  біздің  үйге 
нәресте  келді!  Жай  ғана  нәресте  емес,  ат  жалын 
тартып  мінер,  ізбасар  болар  ҰЛ  келді!  Әкемнің 
жалғыз  арманы  орындалды-ау  әйтеуір!  Ауыл 
адамдары  «тіл-көзге,  пәле-жалаға  ұрынбай,  әке-
шешесінің  көз  алдында  аман  жүрсінші,  ең  жаман 
атты-ақ қояйық» деп, баланы «Алданқұл» деп атай 
салды. 
Сол  нәресте  әлі  күнге  менің  көзімнің 
алдында  тұрады.  Аппақ  торсықтай  болып  бесікте 
жататын  еді-ау,  періштем!  Қасынан  кеткім 

160 
 
келмейтін,  әлім  жеткенше  тербететінмін.  Анам 
марқұмға  тартқан,  маңдайы  кере  қарыс,  қол-аяғы 
торсиған аппақ, аса көркем бала еді. Дөп-дөңгелек 
үлкен  көздерін  төбеге  қадап  уілдейтін,  томпиған 
еріндерін әнтек ашып, «ғ-ға, ғ-ғалап» үйді басына 
көтеріп  «сөйлейтін».  Апам  бесіктен  шешіп, 
жаныма жатқызса, жұп-жұмыр, аппақ қол-аяқтары 
қыбырлап, ойнайтынын қайтерсің. Керемет еді-ау, 
керемет!  
Бірақ  бұл  қуаныш  та  ұзаққа  бармады.  Бала 
анда-санда  өз-өзінен  ішегін  тартып,  көздері 
алаңдап,  шалықтап  қалатын  болды.  Бесікте 
жатқанда,  мен  тербетіп  отырғанда  қалай  осылай 
шалықтайтыны 
көз 
алдымда. 
Жанұшырып, 
апамды  шақыратын  едім.  Сөйтсем,  бар-жоғы 
полиомиелит екен ғой! Медицинаның әлсіздігі-ау, 
бейшара  балаға  аурудың  вакцинасы  салынбады 
ма, әлде егілсе де әлсіз болды ма, кім білсін, бүкіл 
үйді  қара  түнекте  қалдырып,  он  айында  шетінеп 
кете  барды  жас  балғын!  Сонда  әкем  марқұмның 
басын  кебежеге  ұрғылап  өкіргенін  айтсаңызшы! 
Шекеден  аққан  қан  бетін  жапты...  Қайтсін-ай, 
ұябасар,  бойындағы  қаншама  өнер  мен  кәсіпті 
мұра  етіп  алып  қалатын  бір  тізгін  тартар  ұлдың 
болуын  ол  кісі  өмір-бақи  армандады  ғой.  Ақыры, 
бұйырмады!  Осылай  мен  кемпір-шалдың  тағы  да 
кенжесі болып қала бердім...  
Әкемнің  Қаңтарбай  деген  жегжаты  болды. 
Екеуі арасынан қыл өтпейтін тату еді. Қисық арба 

161 
 
секілді,  бір  жағы  келіссе,  бір  жағы  келіспей 
тұратын  жарым-жарты  тұрмыста  екі  дос  бірінде 
жоғын  бірінен  алып,  әйтеуір  қоңыртөбел 
тіршіліктерін  түгендеп,  томпаңдап  жүретін  еді. 
Артық-ауыс  сөздері  жоқ,  аузында  Алласы, 
жүрегінде  иманы  бар  қадірменді  жегжаттар  еді 
бұл қарттар. Қазіргі жастар «жегжат» деген сөздің 
мағынасын  түсіне  бермейді.  Менің  ойымша, 
«жегжат»  болу    адамдардың  өздерінің  қалауы 
бойынша  бір-бірімен  туыстық  қарым-қатынасқа 
түсуі. Ер адамдардың бір-бірімен «қияметтік дос» 
атануы, үйленген балаларға ата-аналарының «өкіл 
әке-шеше»  тағайындауы  немесе  осы  кезде  етек 
алып бара жатқан жаңа туған нәрестеге анасының 
өзі  қалап  «кіндік  шеше»  тағайындауы  (бұрын 
нәрестені туғызып алып, кіндігін кескен адам ғана 
«кіндік  шеше» болған)  сияқты  әрекеттер  ескілікті 
ауыл  арасындағы  «жегжат»  болудың  түрлі 
тәсілдері болса керек.  
Қаңтарбай  ата  көп  сөйлемейтін,  ұзын 
сақалды,  қоңқақ  мұрын  шал  болатын.  Есімде 
қалғаны  –  ескі  қорасының  ішінде  әрдайым 
құнжыңдап, шаруамен айналысып жүретіні. Менің 
есімде  көп  сақталғаны    атадан  гөрі  ол  кісінің 
жұбайы  –  «Мәшине  қыз  апа».  Ауыл  адамдары  ол 
кісіні  осылай  атайтын,  шын  есімі  Добия  еді. 
Қайдан  келгенін  білмеймін,  ол  кісінің  «Зингер» 
деген тігін машинасы болатын, апамның «Мәшине 
жейшем  Зеңгір  мәшинесімен  қатырып  тігіп 

162 
 
тастайды»  деп  отыратыны  есімде.  Расында  да, 
шебер апа сонымен неше түрлі киімдерді, анардың 
сөлімен «нарпосталған» сап-сары тондарды, түлкі 
тымақтар  мен  әртүрлі  терілермен  көмкеріліп 
тігілетін  дөңгеленген  бөріктерді  қоп-қонымды  да 
әсем етіп тігіп шығаратын еді. Ол кезде шебер апа 
тігетін өзбектің оюлы кестелерінің ортасына түрлі 
қызыл-сары  атлас  маталар  салынған  тұскиіздер 
жаңалығымен  де,  әдемілігімен  де  керемет 
жалтырап,  көздің  жауын  алатын  еді.  Әсіресе 
үйлерінде  бойжеткен  қыздары  бар  әйелдер 
«Мәшинеқыз 
апаға» 
осындай 
тұскиіздерге 
тапсырысты  көп  беретін.  Әр  үйде  «ішкі  там»  деп 
аталатын 
бөлме 
сол 
қызға 
арнайы 
жабдықталатынын  айттым.  «Мәшинеқыз  апа» 
тіккен  осындай  тұскиіздер  аппақ  шымылдық 
құрылған  кереуеттің  тұсына  ілініп,  бойжеткен 
арудың  ұядай  орнына  айрықша  көрік  беріп 
тұратын  еді.  Мұндай  қызылды-жасылды  ою-
өрнектер кішкене ғана жұпыны үйге айрықша сән 
беріп  қана  қоймай,  үй  иесінің  «оң  жаққа  аяғын 
салып отырған» сүйікті перзентіне деген құрметін, 
ілтипат-ықыласын да білдіретін еді.  
Қаңтарбай  ата  ауылда  май  таситын  арба 
айдайтын.  Көлік  қажет  болған  жағдайда  атамның 
сол  кісінің  арбасын  сұрап  алып,  шаруасын 
тындырып алатын әдеті болған.  
Бір  күні  әкем  мені  алып,  сол  кісінің 
арбасымен  «құмға»  барғанымыз  есімде.  Шілденің 

163 
 
ыстығында, не шаруа екені есімде қалмапты, атам 
екеуіміз  «құмға»  тарттық.  Арбадағы  май  құятын 
бөшкені  түсіріп,  қалыңдап  шөп  төсегенбіз.  Жол 
алыс. Әкем өткен-кеткеннен неше түрлі әңгімелер 
айтады.  Зерек  адам  ғой,  бәрі  есінде  қалған,  мына 
жерде  кімдер  тұрған,  анау  кімнің  моласы, 
шөптердің  атаулары  қандай,  не  керек,  әйтеуір 
зерікпейсің.  Бір  кезде  ыңылдап  ән  салды.  Даусы 
әйелдің  даусындай,  жіңішке  шығады.  «Бұл  – 
Біржан  деген  жігіт  пен  Сара  деген  қыздың 
айтысқан өлеңдері екен» деп қояды.  
Қызы едім Еспембеттің атым Сара 
Ішінен ер Қаптағай шыққан дара. 
Қолыма он үшімде домбыра алып, 
Бір сүрінбей келемін жалғыз қара... 
Айтыстан бірнеше шумақ айтқан соң, халық 
әніне көшеді. Төмендегі, қазір айтылып жүрген ән 
жолдарын мен алғаш рет әкемнің аузынан естіген 
едім. 
Дүние, ойлап тұрсам, шолақ екен, 
Адамзат бір күн қонған қонақ екен.  
Жайнаған қызғалдақтай қайран дүние,  
Қар жаумай, қазан ұрмай солады екен... 
Әлі есімде, университеттің екінші курсында 
ма,  оқып  жүргенімде  ХІХ  ғасыр  әдебиетінен 
емтихан  тапсырғаным.  Өзіме-өзімнің  сенімді 
болғаным  соншалық    кешкі  пойызға  ауылға 
қайтуға  билет  алып  қойғанмын.  Емтихан  алатын  
профессор Бейсенбай Кенжебаев. Мінезге бай, аса 

164 
 
жұмсақ  кісі  еді,  айтқаныңды  сөз  бөлместен 
үндемей  тыңдап  отыра  беретін.  Маған,  құдай 
оңлап,  «Біржан-Сара»  айтысы  келмесі  бар  ма? 
Мұндай  қуанбаспын!  Басқа  емтихандардың  бәрін 
«беске»  тапсырып  келе  жатсам  да,  дегенмен, 
жүрексініп  отырғаным  рас  еді.  Кезегім  таянып, 
профессордың  алдына  келдім  де,  аздап  кіріспе 
жасап алған соң: 
–  Ағай,  осы  айтыстан  үзінді  оқып  берсем 
бола ма?  дедім. 
Профессор 
көзілдірік 
астынан 
көзін 
сығырайтып, күлімдеп қарап алды да: 
 Айтыңыз,– деп күңк ете қалды. 
Әкемнің  айтқанынан  жасымнан  жадымда 
қалған  үзіндіні  заулатып  кеп  айтып  жіберейін. 
Профессор  басын  көтерместен  үнсіз  тыңдап 
отырды,  отырды  да  «жарайды,  жарайды,  бара 
беріңіз» деді. Шыға сап қарасам, есеп кітапшамда 
«бестік»  тұр  екен!  Әруағыңнан  айналайын  асыл 
әкем,  сол  кезде  тағы  да  есіме  оралып,  жүрегім 
сыздап кеткендей болды.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал