Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет5/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

С.Мұқанов
 
 
Ауылда  бақытты  еңбектен  тапқан  аға-
апаларымыз  салып  кеткен  сара  жолды  ары  қарай 
жалғастырып,  ел  шаруашылығының  нығаюына, 
халықтың  әл-ауқатының  жақсаруына,  мәдени 
деңгейінің  артуына  үлкен  үлес  қосқан  жаңа 
толқын  жас  буын  азаматтардың  да  бой  көтергені 
жаныңды  жадыратады.  Ауыл  бұл  кезде  дәнді 
дақылдан  да,  қызылшадан  да  мол  өнім  алып,  мал 
басы  молайып,  ел  жағдайы  жақсара  бастаған. 
Бұрын  бір-ақ  көшеден  тұратын  шағын  ауылдың 
батыс жағынан жаңа көше пайда болып, әр отбасы 
үй-жай  болған  ұлдарына  отау  тікті,  жастар  жаңа 
қоныс  тепті.  Осылайша  түтін  саны  көбейіп, 
тұрмыс жаңғыра бастады.  
60-ыншы  жылдары  ауылға  автоклубтар 
келіп  кино  қойып,  таңның  атысы,  күннің  батысы 
жұмыстан қалжыраған халықтың көңілін көтерген 
болса, бертін келе, орталық көшеде әп-әдемі, іші-
сырты  ақталған  клуб  үйі  пайда  болды.  Ауыл 
жастары ол жерде түрлі кинофильмдер көріп қана 
қоймай,  сенбі  сайын  тақырыптық  жастар  кешін 
ұйымдастырып, көңіл көтерді, ауыл тұрғындарына 
өнерлерін  көрсетті.  Сол  кезде  ауыл  жастары 

101 
 
Сайлау,  Рахымбектер  жергілікті  композиторМэлс 
Өзбековтермен жақсы таныс болып, оның әндерін 
ауыл  жастарының  алғашқылардың  бірі  болып 
шырқауына мүмкіндік жасады. Бірнеше халықтың 
ұлттық  биін  нақышына  келтіріп  орындайтын 
Шолаққайыңды  ауылының  жігіті  Өмірбайдың 
өнеріне  сүйсінбейтін  жан  болмайтын  еді.  Оның 
үндінің  ұлттық  киімін  киіп  алып,  солелдің 
қыздарының биін билегенде, ешкім оны жігіт адам 
деп ойламайтын. Осылай ешқандай арнаулы білім 
алмай-ақ, өмірдің өз қазанында қайнап, оң қол-сол 
қолын  таныпесейген  жастардың  ішінде  бақытын 
еңбектен тапқан жастар да баршылық болатын. 
Тынышбай 
Қасымбековбіздің 
ауылға 
қоныстанған  шанышқылы  Қасымбек  атаның 
екінші  ұлы.  Ағасы  Түлкібай  аңқылдаған  ақкөңіл 
жігіт еді, шаруашылықтың әр саласында еңбек ете 
беретін. Қыздары Шырайкүл әрдайым арсалаңдап 
күліп  жүретін,  ашық-жарқын  аса  көңілді  жан, 
өзімізбен  қатар  өсті.Аналары  Орынбасар  апа  өте 
таза  кісі  болатын,  қазанына  дейін  жарқырап 
тұратын  еді.  Қай  кезде  бара  қалсаң  да,  ысқылап 
ыдыс  сүртіп  отыратыны  есімде.  Бұл  отбасы  руы 
басқа болғанмен, өзімізге туыстай жақын болатын. 
Тынышбай 1940 жылы туған. Ақыртөбе орта 
мектебін 
бітірген, 
техниканыңқұлағындаойнағанмеханизатор.  «ДТ-
75», «Беларусь» тракторларымен соқа тартып, жер 
жырту дейсіз бе, егін егу, шөп шауып, оны жинап, 

102 
 
мая  салу  дейсіз  бе,  әйтеуір  осының  бәрі  
Тынышбайдың  тындырып  істейтін  шаруалары. 
Орта  бойлы,  қара  торы,  кескін-келбеті  келіскен 
еңбеккер 
жігіт 
ауыл 
ішінде 
өзінің 
қарапайымдылығымен  де,  еңбеккерлігімен  де 
сыйлы 
болатын. 
Ауылға 
келген 
«К-700» 
тракторының руліне алғаш отырған азамат та осы 
Тынышбай.  Колхоздың  ауыл  шаруашылығын 
нығайтуға  бар  күш-жігерін  аямай  еңбек  еткен 
механизатор  жігіт  «Еңбек  озаты»  атанып,  «Еңбек 
Қызыл Ту» орденімен марапатталды.  
Мейрамбек  Оспанов  1953  жылдың  26 
сәуірінде  дүниеге  келген.  1984  жылы  Жамбыл 
малдәрігерлік  техникумын  «ауыл  шаруашылығы 
өнімдеріне 
бухгалтерлік 
есеп 
жүргізуші» 
мамандығы  бойынша  бітіріп  шықты.  1974  жылы 
минометті  взводтың  командирлерін  даярлаудың 
үш  айлық  курсын  кіші  лейтенант  атағымен 
бітірген. 
1977-1985 
жылдары 
Мемлекеттік 
автоинспекцияда  жұмыс  істеді  де,  1992  жылы 
лейтенант,  1996  жылы  аға  лейтенант  әскери 
атағын иеленді.  
2009 
жылы  Жамбыл  политехникалық 
колледжін  «Автокөлікке  техникалық  қызмет 
көрсету,  жөндеу  және  пайдалану»  мамандығы 
бойынша  бітіріп,  диплом  алды.  Туған  ауылына 
қызмет  етуді  мақсат  тұтқан  Мейрамбек  бұдан 
кейін  ауылда  гараж  меңгерушісі,  экспедитор-
жабдықтаушы, одан кейін Ақыртөбе жер асты газ 

103 
 
қоймасында  гараж  меңгерушісі  болып  қызмет 
етуде.  Гаухар,  Асыл,  Бекзат  атты  қыздары  бар. 
Жұбайы  Абайкүл  –  математика  пәнінің  мұғалімі 
болды, қазір зейнетте. 
Жиес 
атасынанДөрменов 
Оңламбайақсақалды  көріп  өстім.  Бұл  отбасы 
біздің  жаңа  көшеге  қоныстанғандардың  бірі  еді. 
«Украиншалап» соққан шағын ғана тап-тұйнақтай 
үйлеріболатын.  Аласа  бойлы,  момақан  кісі.  Зілі 
момын,  қарапайым  еңбеккер  Оңламбай  қарияның 
балалары  да  өзі  сияқты,  жұмыс  десе  ішкен  асын 
жерге  қоятын  шаруа,  әрі  тындырымды  жігіттер 
болып өсті.  
Оңламбай 
атаның 
Шатқалбай 
деген 
баласымен  жасымыз  шамалас  болды,  қатар  оқып, 
білім  алдық.  Шатқал  үнемі  жымыңдап,  күліп 
сөйлейтін ақкөңіл әрі момын бала еді. Өсіп-өнген 
жан  болды.  Оңламбай  атаның  одан  кейін  Сәрсен, 
Дүйсен, Әбілсейіт, Алпыс деген ұлдары мен Бақыт 
атты қызы бар.  
Оңламбаев  Сәрсен1953  жылы  дүниеге 
келген.  Жамбыл  орта  мектебін  жақсы  бітірген. 
Сәрсен  ауылдың  қай  жұмысын  болмасын  адал, 
тыңғылықты  атқаратын  еді.  Ол    өзі  туып-өскен 
жерінің 
ауыл 
шаруашылығының 
дамып 
өркендеуіне үлкен үлес қосқан жігіт. Жас жігіттің 
еңбегі  еленіп,  1973  жылы  оған  Батыр  қалаларды 
аралауға  комсомолдық  тегін  жолдама беріледі  де, 
ол  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Киев,  Брест,  Минск 

104 
 
қалаларын  аралап  қайтады.  Бұл  ауылда  туып, 
ауылда өскен қарапайым қазақ жігітінің Ұлы Отан 
соғысы  кезіндегі  кеңес  жауынгерлерінің  Отан 
қорғау  жолындағы  ерен  ерлігінің  куәсі  болғанын 
көрген  естен  кетпес  сәт  болады.  Сәрсен  1980 
жылы 
«Еңбек 
Қызыл 
Ту» 
орденімен 
марапатталады.  Алайда,  өмірдің  өзі  бір  қуаныш, 
бір  өкініштен  тұратыны  белгілі  ғой.  Нәбірі  отыз 
жыл  өмірінде  отбасы  мен  елінің  мақтанышына 
айналған  Сәрсен  1983  жылы  жол  апатынан 
қайғылы қазаға ұшырайды.  
Бұл  отбасы  адам  сенгісіз  бір  оқиғаны  үнемі 
естеріне  алып,  айтып  отырады.  Сәрсеннің  ағасы 
Шатқалдың  түсінде  бір  таңғажайып  аян  беріледі. 
Түсінде  әлдекім  оған  «Келінің  көтеріп,  егіз  қыз 
туады.  Сендер  оларды  Салқын,  Самал  деп 
атайсыңдар. Бірақ әуелі Салқын, содан соң Самал 
дүниеден озады» дейді. Шатқал бұл түсін ешкімге 
айтпастан,  мең-зең  күйде  жүреді.  Расында  да  көп 
ұзамай Сәрсеннің үйіндегі келіні іле-шала көтеріп, 
егіз  қыз  дүниеге  келеді.  Шатқал  оларға  Салқын 
және Самал деп ат қояды. Алқашқы Салқын атты 
нәресте  туа  салысымен,  Самал  алты  айдан  кейін 
қайтыс  болады.  Алланың  кереметі  деген  осы 
шығар.  Сөйтіп,  Сәрсен  атты  болашағынан  көп 
үміт күттірген асыл азаматтан қалған бір ғана қыз 
Гаухар қазір 34-те, 3 ұл, 1 қыздың анасы. Алланың 
көрсеткенінен  әрдайым  тәубә  дейтін  жандармыз 
ғой... 

105 
 
Оңламбай  атаныңАлпысатты  ұлы  Жамбыл 
гидромелиоративтік 
институтын 
агроном 
мамандығы  бойынша  бітірген.Ол  өзі  туып-өскен 
бұрынғы  Жамбыл  атындағы  колхозға  келіп, 
«Бекболат»  өндірістік  кооперативінде  10  жыл 
агроном, 
есепші 
болып 
жұмыс 
істеді. 
Тапсырылған  іске  жауапкершілікпен  қарайтын 
алғыр  жігіт  бірте-бірте  өндіріс  басшыларының 
назарына  шалынып,  2006  жылдан  бері  Тереңөзек 
әкімшілігінде 
бас 
маман-есепші 
қызметін 
атқаруда.  
Ұйымдастырушылық  қабілеті  мол,  жігерлі 
жасты  туған  жерінің  өркен  жайып  гүлденуі  мен 
болашақтағы 
тіршілігін 
жақсарту, 
жаңарту 
мәселелері 
үнемі 
толғандырып 
отырады. 
Ауылдағы  «Қанайып  бағын»  талан-таражға 
ұшыратқандарға тойтарыс бере отырып, оны қайта 
гүлдендіру  ойында  бар  оның.  Ауыл  жастарын 
спорт,  оның  ішінде  өздері  ден  қойған  футбол 
ойындарына 
тартып, 
жеңістерге 
жетелеу 
мақсатында  әп-әдемі  футбол  алаңын  жасауды 
ұйымдастырды.  Ауылдағы  еңбек  адамдарының 
өткенін  елеп,  жаңғырту  да  Алпыстың  назарынан 
тыс қалған емес.Ол Тереңөзек ауылында ашылған 
Өзібек  Ақжолұлын  еске  алу  бағының  ашылуына 
атсалысып, 
ондағы 
соғыс 
және 
еңбек 
ардагерлеріне  арналған  аллеяда  «Көкарықтың» 
айтулы  азаматтарының  да  орын  алуына  үлкен 
себепкер  болды.  Туған  елінің  рухани  әлеуетін 

106 
 
көтеруге  атсалысып  жүрген  жігерлі  азаматтың 
болашағының 
жарқын 
боларына 
ауылдас 
ағайындарының  сенімі  мол.  Жас  отағасы 
Алпыстың  да  Назерке,  Заңғар,  Еңлік,  Айкөркем, 
Асқар атты ұл-қыздары бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

107 
 
 
 
 
 
ІІ БӨЛІМ 
 
КҮНШУАҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

108 
 
ТУҒАН ҮЙДІҢ ТҮТІНІ 
 
Шуақ,  күншуақ...  Жылы  сөз,  жылы  сезім, 
жылы  сәт...  Бәлкім  бұл  күншуақ  мезгіліндеалтын 
күннің  сәулесін  молынан  төгіп,  адамзат  баласын 
маужырата 
бастайтынынан 
болар. 
Сол 
күншуақтың  адамның  көңіліне  ғана  емес,  бүкіл 
ғұмырына  құяр  жылуының  молдығынан  болар. 
Ауылым, балалық шағым әлдеқашан ұмыт болған 
сағыныш сазына толы, әсем әуезді ән болып есіме 
оралғанда,  өн  бойымды  жадыраған  жаз  күнінің 
күншуақ  сәті  баурап  ала  қойғандай  болады. 
Жанымды  ыстық  нұрға  бөлеген  менің  балалық 
шағым  ескі  әуездей  тұла  бойымды  әсем  күйге 
толтырып, жанымды жадыратады.  
Біздің  балалық  шағымыз,  барлық  ауыл 
балалары 
сияқты, 
алаңсыз, 
ойын-күлкімен 
өткеніне қуанамын. Біз ашаршылықтың, соғыстың 
зардабын  көрмедік. Арыстай азаматтары соғыстан 
қайтпаған,  ашаршылық  кезінде  өз  балаларын 
өздері  балалар  үйіне  беріп  жіберген    қаншама 
отбасылар  болды  десеңізші!  Бұл  әңгімелерді 
естігенде,  жанымыз  түршігетін  еді.  Бізге  немере 
туыс  болып  келетінДәулетқұл  атам  сөйтсе  керек. 
Атам  ұзын  бойлы,  еңкіштеу  ірі  денелі,  ат  жақты, 
қарасұр өңді кісі еді. Үп-үлкен көк көздерін ұзын 
қастары жалбырап жауып тұратын. Сол кісі өзінің 
титтей  екі  баласын,  аштан  өлетін  болған  соң, 
көшеде  қараусыз  қалған,  аш-жалаңаш  балаларды 

109 
 
жинап жүрген мәшинеге өз қолымен апарып салса 
керек.  Сөйтіп  атам  қалған  өмірінде  баласыз 
аңырап  өткенін,  «қолдан  қубас  болдым!»  деп  зар 
жылайтынын  үйдегілер  жанашырлықпен  естеріне 
алып  отыратын  еді.  Иә,  бұл  бізге  дейін  болған 
нәубет.  Біздер,  соғыстан  кейін  дүниеге  келген 
балалар,  халықтың  екі  сөзінің  бірінде  қолда 
барына  тәубе  қылып,  аман  жүргеніне  аллаға  мың 
шүкіршілік айтып жүретін кезінде өмір сүрдік.    
Алла 
басқа 
салған 
қиындықтарды 
бастарынан  бірге  өткергендіктен  болар,  сүттей 
ұйып,  қаймағы  бұзылмаған  шағын  ауылдың 
адамдары  бір-біріне  аса  мейірбан,  қайырымды 
болатын.  Бірінде  жоқты  бірінен  алып,  жоғын 
орнына тұрғызып, селбесіп өмір сүретін. Ақысыз-
пұлсыз  бір-біріне  көмекке  келетін.  Үйді  бірге 
соғатын,  отын-суды  бірге  жинайтын.  Ол  кезде 
ауыл  аралаған  қайыршылар  да  көп  еді.  Әсіресе 
Көпесбай, Еркімбек деген екі қайыршы кісі жақсы 
есімде.  Алба-жұлба  киінген,  бірақ  не  бір  ауыз 
өтірігі,  не  біреуге  жасар  жамандығы  жоқ  момын 
жандар.  Кемтар  аяқтарын  сүйретіп,  таяқтарын 
тықылдатып  ауылға  келе  қалса,  оларға  қай  үйдің 
болмасын есігі ашық болатын-ды. Алыстан жақсы 
таныстары 
келгендей, 
жиіркеніп-жеріместен, 
амандық  сұрасатын,  дастарханға  шақыратын. 
Ауыл  адамдары  «е,  бишара,  қайыршы  болам  деп 
болды  дейсің  бе,  бір  қиындық  болған  да!»  деп, 
барын 
солардың 
аузына 
тосатын. 
Біздің 

110 
 
бойымыздағы  көпшілдік,  адам  баласына  деген 
жақсы  ниет,  құрмет  осы  ата  буын  қариялардан 
қалған  шығар  деп  ойлаймын.  «Құдайдан  қорқу» 
деген  ұғым  сонау  атеизм  заманында  да  бізге  жиі 
айтылатын. Бес уақыт намазын үзбей оқып, аптап 
ыстықта да оразасын тастамай, құдайға құлшылық 
еткен 
ата-анамыздың 
имантаразы 
мінез-
қалыптары  бізге  өмір  бойы  темірқазықтай  бағыт-
бағдар беріп өткені қандай абзал болған!  
Ауылдың орта тұсындағы есік-терезесі тауға 
қараған  кішкентай  дуал  там  (біздің  жақта  үйді 
«там»  деп  атайды)  –  біздің  үйіміз.  «Дуал» 
дейтінімнің  сыры  бар:  ол  кезде  ұзындығы  бір 
жарым-екі метрдей келетін тақтайшаларды арасын 
жарты  метрдей  етіп  қатар  қоятын  да,  екі  басына 
келтек  тақтай  қойып  нығарлай  байлайтын.  Ішін 
сары  топырақпен  толтырып,  үстінен  ұстағышы 
бар  тоқпақпен  қатты  ұрғылап,  нығарлайтын.  
Жерден  жаңа  ғана  қазылып  алынған  жұмсақ,  май 
топырақ  тез  арада  жымдасып  жабысатын. 
Қалыптағы  нығарланған  топырақ  әбден  кепті-ау 
дегенде,  тақтайлар  шешіліп  алынып,  көтеріліп, 
дайын  қабаттың  үстіне  байланады.  Осылайша 
жаңа  үйдің  қабырғасы  биіктеп  қалана  береді. 
Кейбіреулер 
жатаған 
шағын 
үйді 
сабан 
араластырылған  батпақты  үлкен-үлкен  кесекпен 
«зуәлектеп» жапсырып қалап та соға беретін (осы 
тәсілмен там соғу, бертінге, 55-ші жылдарға дейін 
созылды). 

111 
 
Салынған  үйдің  төбесінің  жабылуы  да 
қызық:  төрт  бұрышты  етіп  қаланған  үй 
қабырғаларының  дәл  орта  тұсына  ұзын  бөрене 
ағаш  тасталады  да,  екі  жағына  қысқа  ағаштар 
(оларды  «шабақтар»  дейді)  қойылады.  Олардың 
бөренеге  түскен  жағын  шегелеп,  ал  қабырғаның 
үстіне  түскен  жағында  араларын  батпақпен  не 
кірпішпен  қозғалмастай  етіп  нығыздайды.  Сосын 
оның үстіне  майда шыбықтар  тастап,  топырақпен 
жұқалап,  теп-тегіс  етіп  көмеді  де,  оның  үстіне 
қалыңдап сабан төсейді. Ары қарай сабанға аздап 
су  сеуіп,  саз  балшықпен  қалыңдап  сылай 
бастайды.  Бертін  келе  осылай  жабылған  үй 
төбесінің  үстіне  су  өтпес  үшін  «қара  қағаз» 
төселетін  болды.  Көлденең  қойған  шабақтар 
біркелкі  болмай,  кейбіреулері  сорайып  шығып 
тұрады,  ағаштың  бұл  бөлігін  «боғат»  дейді. 
Талғамы  жоғары  үй  иелері  үйдің  екі  жақ  енсіз 
қабырғаларын  үшкірлеп  көтеріп  жабады  да, 
жаңбыр  суы  тайғанап  ағып  кететіндей  амал 
жасайды,  құрылыстан  хабарсыздау  кісілер  тегіс 
қалпында 
жаба 
салады. 
Мұндай 
үйлерді 
«бастырмалатып жапқан үй» деп те атайды.  Біздің 
бала  кезіміздегі  құрылыс  технологиясының 
осындай болғаны есімде.  
Балшықпен  сыланып  жабылған  үйдің 
төбесіне көктемде көк шығып, кейде ара-арасынан 
қызғалдақтар  да  бой  көтеретін  еді.  Бұл  біз  үшін 
көзге  үйреншікті  көрініс  болатын  әрі  бізге  қатты 

112 
 
ұнайтын.  Расында  да  айналаны  көгорай  шалғын 
басқанда,  тұрған  үйіңнің  де  төбесі  желкілдеп 
көгеріп,  бірлі-жарым  қызғалдақтары  желменен 
тербетіліп тұрғаны қандай әдемі!  
Жаздың мамыраған бір күнінде:  
  Әй,  мына,  бір  үйдің  бойжеткен  қызы 
осынша  ұйықтайды  екен-ау,  тұрмай  ма  енді?– 
деген дауыстан оянып кеттім.  
Көзімді  ашсам,  расында  күн  шақырайып 
төбеге қарай көтеріліп келе жатыр екен. Апамның 
маған  жұқалап  жүн  тартып  тігіп  берген  кішілеу 
құрақ  көрпесін  кеудеме  қарай  тарта  түстім  де, 
аспанға  қарадым.  Төбемде  төңкеріліп  тұрған 
жаздың 
көкпеңбек 
тұңғиық 
аспанындағы 
жыпырлаған майда жұлдыздар бозаң тартып, әзер-
әзер  көзге  шалынады.  Түндегідей  күлімсіреп 
жымың  қақпайды.  Апам  ертегідей  етіп  айтып 
беретін  жеті  қарақшыны  әзер  таптым.  Ақ  ат  пен 
көк  ат  байлаулы  тұратын  темірқазық  та  көрінер-
көрінбес күйде. Тылсым сырға, тәтті ертегіге толы 
көгілдір  аспанды,  балдай  тәтті  ұйқыны  қимай 
біраз  жаттым.  Ол  кезде  үйлердің  төңірегінде 
қазіргідей  биік  «қорғандар»  болмайды,  жас 
талдың  бұтақтарынан  әдемілеп  өрілген  адамның 
белінен  ғана  келетін  аласа  қоршаудың  арғы 
жағында 
әрлі-берлі 
жүрген 
адамдардың 
дабырлаған  дауысы,  бірен-саран  өріске  кештетіп 
айдап  бара  жатқан  малдың  маңырап-мөңірегені 

113 
 
естіледі.  Күнделікті  көзім  үйренген  қалыпты 
өмірдің басталғанын сездім.  
  Күн  көргішім-ау,  тұра  ғой,  киін,  төсек 
жинаймын, шай ішеміз. Түс болды ғой. 
Бұл – апам. Ал, әлгі алғашқы дауыс – Манан 
көкемдікі. Кейде осылай, мал айдап шығып, біздің 
үйге  бұрылып  соғатыны  бар.  Ылғи  күліп 
сөйлейтін,  еш  қабақ  шытпайтын,  жаны  жазира 
адам.  Әзілкеш.  Мейірімді.  Екі  әйелі  бар,  оның 
себебі  бірінші  әйелі  Дәния  жеңешем    бала 
көтермеген    адам,  сондықтан  тау  асып  барып 
қырғыздың  бір  қызын  әкелген  (біздің  ауылда 
бірлі-жарым  атайлар  солай  жасап,  бала  сүйді). 
Жақында ғана алған. Екінші әйелінің аты – Жібек. 
Ол-дағы  езуінен  күлкі  табы  кетпейтін  мейірімді 
жан болды. Көкем ол кісіден Бұйракүл, Ділдәкүл, 
Дүйсебек,  Мұратбек,  Тоқтыбек,  Елубай  және 
Бибігүл  атты  ұл-қыз  сүйіп,  өмірден  бір  арманы 
орындалып-ақ кетті.  
Атам 
тапшанның 
төңірегіне 
ұзын 
сырықтардан таяныш белдемше жасап қоятын еді. 
Мен  ұйқыдан  тұрғанда,  сол  белдемшеге  асылып, 
жерде  қыбырлап  жүрген  кішкентай  жәндіктердің 
қимыл-әрекеттеріне  ұзақ  қарап  тұрғанды  қызық 
көретінмін.  Бүгін  де  солай,  апам  төсек-орынды 
жинағанша,  белдемшеге  асылып  тұрдым.  Бір-
біріне 
жұбын 
жазбай 
ілесіп, 
ауыздарына 
әлденелерді 
іліп 
алып, 
алға 
жылжыған 
құмырсқалар  мен  әлдеқайда  кетіп  бара  жататын 

114 
 
қап-қара қоңыздар – ыстық жаздың төл жәндіктері 
сияқты.  От  басы,  ошақ  қасына  тапқан-таянғанын 
тасумен  болатын  осынау  ғажайып  жаратылыстың 
тынымсыз  тіршілігіне  қарап,  олардың,  шаршамай 
әрекет ететініне қызығасың. Кейіннен білдік, олар 
ұжым 
болып 
жұмыс 
істейді 
екен: 
бар 
тасығандарын  бір  жерге  жинап,  оларды  «үйдегі 
қызметшілер»  шөп-шаламнан  ажыратып,  үйе 
береді  екен.  Көгеріп  қалғандары  болса,  қайтадан 
далаға  тасып,  кептіріп  алатын  көрінеді.  Олардың 
жиналған  астықты  пайдалануы  да  аса  ұқыпты 
болатын  болса  керек:  бір-бірінің  нәсібесіне  қол 
сұқпай, 
әрқайсысы 
өзіне 
тиесілісін 
ғана 
пайдаланатын  көрінеді.  Кереметемес  пе?!  Бала 
біткен көзін жыртып ашып, ұйқыдан әзер-әзер бас 
көтеріп  жатқанда,  бұлардың  әлдеқашан  оянып, 
өздерінің  күнделікті  тіршілігіне  кірісетіні  мені 
қатты  таңғалдырады. Құдды менің апам мен атам 
сияқты.  Олар  да,  әне,  қашан  тұрғаны  белгісіз, 
малдарын  өріске  шығарып,  атам  есіктің  алдын 
тап-тұйнақтай  етіп  тазалап,  апам  сиырын  сауып, 
оның  сүтін  пісіріп  жатыр.  Үлкен  болыскей  ақ 
самауырдың  бүйірінен  дем  алып,  буы  бұрқырап 
қайнап  тұрғаны  анау.Баланың  мінез-қалпының, 
бітім-болмысының 
қалыптасуына 
ата-ананың 
ықпалы зор болатынын талай психологтар жазды. 
Ол рас. Құранда да: «Бір іс біткенде дереу екінші 
іске  кіріс,  сонымен  айналыс,  Раббыңа  жөнел» 
(«Инширақ»  сүресі,  7-8-аят),  «Жақсы  істе 

115 
 
жарысыңдар»  («Бақара»  сүресі,  148-аят)  делінген 
ғой.  Менің  де  тынымсыздығым,  бастаған  ісімді 
бітірмей  көңілімнің  орнына  түспейтіні  осы 
қарттарымнан қалған өнеге болса керек...  
Манан  көкем  таңғы  шайды  ішіп  отырып, 
атамдармен  әңгіме-дүкен  құрды,  атама  шалғы-
кетпенін    шыңлатып,  егістік  құрал-жабдықтарын 
түзеттіріп  алды.  Жалпы,  ауылдың  көп  адамдары 
осылай  жасайды.  Ал,  менің  апамның  қашан  да 
пейілі  кең,  дастарханы  жаюлы.  Әсіресе  атам  аса 
көпшіл,  сүт  қатқан  қою  шайды  терлеп-тепшіп 
сораптай 
ішіп 
отырып, 
өткен-кеткеннен, 
шариғаттан әңгіме соққанды жақсы-ақ көреді.   
Ол  кезде  ел  ынтымақшыл  еді  ғой,  бір 
әулетке  қарайтын  жақын  туыстардың  үйлері  бір-
біріне  тақау  салынады.  Ол  да  баяғы  жоқшылық 
болса, әлдеқандай заман туса жақын болайық, бір-
бірімізге арқау-сүйеу болайық деген туыстық адал 
ниеттен  болса  керек.  Біздің  үй  Оспан  ата  мен 
Оразбай  атаның баласы  Мұхаметжан  ағайдың  (ол 
кісі мұғалім еді, сондықтан бүкіл ауыл  үлкен де, 
кіші  де,  ол  кісіні  «ағай»  деп  кеткен)  үйлерінің 
ортасында болатын.  
Мұхаметжан  ағайдың  үйі    көп  балалы 
отбасы.  Әсем  жеңешем  аса  көрікті  адам  еді.  Дәл 
бір  сығанның  сұлу  қызы  дерсің.  Сұңғақ  бойлы, 
тіп-тік, қап-қара қос бұрымы жер сызады, екі көзі 
танадай,  қыр  мұрынды,  екі  бетінен  қаны  тамып 
тұрған жан болатын. Алайда мінезі шайпаулау еді, 

116 
 
«Һәй!» деп ащы даусы саңқ ете қалғанда, «не боп 
қалды?!»  деп,  зәрең  зәр  түбіне  кететін  еді. 
Сондағысы  –  «Малыңды  әрі  айда!»,  «Менің 
жантағыма  тиіспе!»  сияқты  шаруаның  әңгімесі 
болатын.  Жеңешемнің,  осынша  сесті,  айбынды 
жан  болса  да,  ағаймен  жүз  шайысып  ұрсысып 
жатқанын  көрмейтін  едік.  Олар  бірін-бірі  шын 
түсініскен,  бір  біріне  үнемі  кешіріммен  қарайтын 
жандар  болатын.  Ұзақ  жылдар  тып-тыныш,  тату-
тәтті  өмір  кешті.  Ең  үлкен  ұлы  Рахымбек  (оны 
«Қоқан»  деп  атап  кеткен)  менен  бір  жас  үлкен, 
момақан,  жақсы  бала  болатын.  Одан  кейін 
ағайдың 
Тұрғынбек 
(«Дөден»), 
Кемелбек, 
Келдібек, Рәтбек атты ұлдары, ерте қайтыс болған 
Сәуле  атты  қыздары  болды.  Ұзақ  жыл  көрші 
тұрдық, апам Әсем жеңешемнің тілін табатын еді, 
біз ешқашан онымен жүз шайыспадық.  
Оспан  атамның  үйі  жертөле  іспеттес  еді, 
жарты  метрдей  жерге  қазылып  соғылған  қоржын, 
дуал там. Мұндай үйлердің ортасында ауыз үй, екі 
жағында  екі  бөлме  бар,  біреуі  –  «ішкі  там»  деп 
аталады.  Айыз  тамда  бидай,  ұн,  су  құйылған 
шелектер тұрады. Көкемдер бүкіл бала-шағасымен 
ішкі тамда жатады.  
Оспан  атам  қапсағай  денелі,  шаруа,  үнемі 
арсаңдап  күліп  жүретін  қария  болатын.  Кемпірі 
Маймақ апа артық әңгімеге аса зауқы жоқ, момын 
жан,  үнемі  айтатыны  «әдірем  қалғыр».  Мына  бір 
оқиға есімнен кетпейді. 

117 
 
Ол  кезде  елдің  еңсесі  енді-енді  көтеріліп 
келе  жатқан,  қай  үй  болмасын  төрт  құбыласы 
түгел  емес,  керек-жарақтың  бірі  болса,  бірі  жоқ. 
Дүкен атаулыны көрген емеспіз. Сондай бір қиын 
сәт  туа  қалса,  апам  мені  үнемі  Маймақ  апаның 
үйіне  жұмсайтын.  Айтатыны:  «баласы  тауып  тұр 
ғой,  бар  шығар,  бере  тұрсын».  Мен  салып  ұрып, 
жетіп  барам:  «Апам  қант  берсін  деді!»  Маймақ 
апам басын көтерер-көтерместен: «е, жоға, әдірем 
қалғыр,  қант  жоқ!»  дейді.  Енді  бірде  тұз  сұрап 
барам. Еститінім сол баяғы «жоға, әдірем қалғыр, 
тұз жоқ!» Не керек, апам сұрауын қоймайды, мен 
баруымды  қоймаймын,  Маймақ  апам  «жоғын» 
қоймайды.  
Бір күні апам тағы да жұмсай бастап еді, мен 
үзілді-кесілді  қарсыластым,  «бармаймын,  апам 
бәрібір  бермейді!»  Апам  жалына  бастады: 
«айналайын,  күнім,  бара  қойшы,  жеңешем  береді 
бар  болса!»  Апамның  көңілін  қимай  тағы  кеттім. 
Жол-жөнекей  бір  қызық  ой  сап  ете  қалды. 
Секектей  жүгіріп,  үйге  жақындадым.  Қораның 
алдында  көкемнің  менімен  түйдей  құрдас 
Қалижан деген баласы тұр екен. Бишара кембағал 
еді.  Апамдардың  айтуынша,  өмірге  жаңа  келген 
нәрестенің  даусы  шықпай  қалса,  кемпірлер  оны 
шелектегі  мұздай  суға  салып  жіберіпті.  Содан 
баланың  бүкіл  жүйке  жүйесі  тартылып,  мүгедек 
болып  қалған.  Дегенмен,  баланың  аяқ-қолдары 
тартылып қалса да, ақыл-есі түзу еді. Ойын баласы 

118 
 
емес  пе,  мені  көргенде,  баласынып,  айрықша 
қуанатын.  Қазір  де  арсаңдап  күліп,  алдымнан 
шықты.  Даусын  шығарып  әлденені  айтқандай 
болды.  Оған  қарап  жатқан  мен  жоқ,  «Апам 
қайда?»  дедім  бірден  шүйлігіп.  Қалижан  тіксініп 
қалды  да,  оң  қолын  үйге  қарай  сілтеп:  «Аааава, 
аааава»  деді.  Түсіндім,  үйде  екен.  Секеңдей 
секірген  қалпымда  даусымды  қаттырақ  шығарып: 
«Жоқ,  жоқ,  жоқ,  жоқ,  жоқ,  жоқ!»  деп  айғайлаған 
бойы үйге қарай жүгірдім. Дәл кіре беріске келіп, 
есіктің  босағасынан  керіп  тұра  қалдым.  Маймақ 
апам  ауыз  тамда  диірмен  тартып  отыр  екен.  Ісін 
тоқтата салып, маған шошына бір қарады да: «Әй, 
не  көрінді  сонша  айғайлап?»  деді  сабырлығынан 
танбай.  Мен  де  қалыспай:  «Апам  мені  сізге 
жұмсай  береді,  сіз  тек  «жоқ»  дей  бересіз.  Сол 
сіздің  «жоғыңызды»  айтып  келе  жатырмын!» 
дедім  тақылдап.  Маймақ  апам  ыңғайсызданып 
қалғандай болды, дегенмен сыр берместен: «Жоға, 
әдірем  қалғыр,  не  керек  еді?»  деді.  Мен:  «қант» 
дедім.  Апам  етегін  қағып  орнынан  тұрды  да,  арт 
жағындағы  сандықтан  көк  қанттың  үлкен  бір 
түйірін  алып  берді.  «Мә,  әдірем  қалғыр,  ал  да 
көзіңді құрт!» болды бар айтқаны. 
Қуанып  бұрыла  берсем,  не  боларын 
күткендей состиып Қалижан тұр екен. Қолымдағы 
қантты  бұлғалақтатып  көрсетіп  едім,  ол  менімен 
бірдей  күліп,  арсалаңдап  мәз  болды.  Жеңешеме 

119 
 
тартқан  шүңіректеу  мөп-мөлдір  көкшіл  көздері 
күлмең қақты. Мен үйге қарай секіріп жөнелдім.  
Біз  де,  өзгелер  сияқты,  кәдімгі  «қоржын 
там»  деп  аталатын  аласа  ғана  дуал  үйде  тұрдық. 
Ортасында дәліз, екі жағында екі бөлме. Қабырға, 
едені  балшықпен  сыланған.  Бірақ  сол  үй,  өзім 
кішкентай  болғандықтан  ба,  маған  кезінде 
әжептеуір  үлкен  болып  көрінетін  еді.  Аяқ-табақ, 
ұн-пұн тұратын дәлізбен бөлінген екінші жақтағы 
бөлме  –  қонақ  бөлме  іспеттес.  Онда  да  төрде  бір 
үлкен болыскей кереует тұрады. Оған үлбіреген ақ 
жібек  шымылдық  құрылған.  Бұл  –  сол  кездегі 
барлық  бойжеткен  қыздары  бар  үйдің  сәні  болса 
керек. Шымылдықтың арасынан кереует үстіндегі 
көпірсіген ақ мамық жастықтар  көрінеді. Ұшатын 
құстың  қанатындай  қомданып,  еңсесі  көтеріле 
жиналған 
жастықтардың 
бетіне 
Жаңылыс 
әкпемнің  өзі  тоқыған  гүлді  ақ  шілтер  тор  
жабылады. Бұл апам мен әкпемнің нәзік талғамын, 
бір-біріне  деген  ілтипат-ықыласын  білдіретін  еді. 
Жердегі  қызыл-жасыл  ою  салынған  әдемі 
текеметтің  үстіне  апамның  ең  әдемі  құрақ 
көрпелері төселіп жатады. Басқа бұйымдар есімде 
жоқ.  Қалай  болғанда  да  осы  бөлменің  мені  қатты 
қызықтыратыны  соншалық,  оқта-санда  оған 
жүгіріп кіріп, ішіндегі көз қызықтыратын заттарға 
сүйсіне  қарап,  өзіме  ұнағандарының  әрқайсысын 
бір  сипалап  қоятыным  есімде.  Менің  шағын  ғана 
отбасымның  (ата-анам,  мен  және  Жаңылыс 

120 
 
әкпемнен 
тұратын) 
бақытты 
да 
берекелі 
тіршілігінің  куәсіндей  болған  осы  бір  аласа, 
балшықтан  соғылған  үй  мен  үшін  әр  затында 
бақытты  балалық  шағымның  табы  қалған,  бүгінгі 
мынау  асқақтаған  Астананың  ғимараттарына 
бергісіз қасиетті Отаным еді.  
Үйдің екінші жақ бөлмесінде, мен ес білмей 
тұрғанда, әкемнің інісінің үлкен әйелі - Әбзел апа 
тұрған  екен.  Әкем  Әлтай  дінге  адал,  шариғат 
жолын  берік  ұстанатын,  мейір-шапағаты  мол  жан 
еді.  Өзінен кейінгі інісі Сейталы екінші әйел алып 
кеткен  соң,  Әбзел  апаны,  балаларымен  қасына 
көшіріп  алған  көрінеді.  Бойжеткен  екі  қызы 
Күлпән  мен  Мәйкө  ұзатылып  кеткен,  қолында 
Кәбира, Мәмира атты ер жетіп қалған екі ұлы бар 
апа осылай атамның қамқорлығында, бізбенен бір 
үйде тұрған.  
Қаршадай  екі  ұлды  атам  өз  баласындай 
көріп,  барынша  тәрбиелеп  бағыпты.  Өзі  шаруаға 
аса ұқыпты әкем оларға үй шаруасының қай түрін 
де  тиянақтап,  үйретіп  отырған  көрінеді.  Малға 
қарау,  отын-су  жинау,  қора-қопсыны  таза  ұстау, 
бақшаны күту, жоңышқа суару тағысын-тағылар... 
Осы екі ұлдан атам үлкен үміт күтсе керек. Бірақ, 
Алланың дегені болып, көп ұзамай, ержетіп қалған 
екі ұл бірінен кейін бірі қызылшадан опат болады. 
Сонда  Кәбирасы  болса  керек,  төсек  үстінде  алау 
болып  аласұрып  жатып:  «Әйһ,  сорлы  атам-ай, 
сорың  қайнап қалатын болдың-ау,  сорлы  атам-ай, 

121 
 
сорың  қайнап  қалатын  болды-ау!»  деп  қайталай 
берген  көрінеді.  Атам  осыны  айтқанда,  еңкілдеп 
тұрып жылайтын-ды.  
Сөйтіп,  Әбзел  апа  жалғыз  қалады.  Келініне 
жаны  ашыған  атам  (әкемді  «ата»  дейтінмін) 
өздерінің екінші қызы  - Жаңылыс (Жақа) әпкемді 
оның бауырына салыпты. Сөйтіп, Жаңылыс әпкем 
титтей  кезінен-ақ  момақан  Әбзел  апасының 
бауырында,  сол  кісі  тартқан  жалғыздықтың 
мехнатын  бірге  тартып  өсіпті.  Тіпті  апасына 
ұқсап,  сақауланып  сөйлейтін  болған.  Сондықтан 
болар,  Әбзел  апа  өмірден  озғанда,  үйдегілерге 
әпкемді  өздеріне  оралту  оңайға  соқпайды.  Он 
жастар  шамасындағы  қыз  бала  бос  қалған 
бөлменің  ортасындағы  тіреуді  құшақтап  Әбзел 
апасын  жоқтап  «баймаймын,  баймаймын»  деп 
шырылдап  жылап,  естігендердің  сай-сүйегін 
сырқыратыпты. Үйге келген соң да, дәл бір бөтен 
үйге  келгендей,  атам  мен  апамды  бөтенсініп, 
оларға сіңісе қоюы қиын болса керек.  
«Дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»  деген 
рас. Ата-бабадан қалып, қалыптасып кеткен «бала 
асырап алу» дәстүрінің де жақсы, жаман жақтары 
айқындалып  жатады.  Біреу  асырап  алған  бала, 
асыраушысы  өмірден  озғандай  болса,  өз  туған 
үйіне, әсіресе анасына қайтадан еш сіңісе алмайды 
екен  де,  туған  ана  өз  перзентінің  жүрек  жылуын 
сезе  алмай,  бір  кезде  жіберген  қателігінің 

122 
 
салдарынан өле-өлгенше қиналады екен. Апамның 
да осы азапты іштей тартып өткені маған аян.  
 
 
АНА ТУРАЛЫ ЖЫР 
 
 Әке-шешемнің  шаруақол,  пысықтығының 
арқасында,  ауыл  ішінде  орташа  тұрмысты,  түтіні 
түзу  шығатын  отбасы  болдық.  Көрпе-төсегіміз 
таза,  киім-кешегіміз  бүтін,  ішіп-жерлігіміз  бар 
дегендей...  Үйімізде  сырлы  шелектер  мен 
кәстрөлдерде  шыжғырған  май,  тоң  май,  жент 
үзілмейтін. Шағын кәстрөл әрдайым шыртылдаққа 
толы  тұратын.  Жент,  қант  араластырылған  таза 
тарының  талқанына  шыжғырылған  сары  май 
қосып  жасалса,  шыртылдақ    жылқының  майына 
қант  қосылып  жасалатын  тағам.  Бұлардың 
барлығы,  қазіргіше  айтқанда  нағыз  деликатес! 
Тәттілігінде,  құнарлылығында  шек  жоқ.  Бұл 
тағамдар  құрметті  қонақтарға  ғана  салынады. 
Сондықтан да мен ылғи женттің шетінің кертіліп, 
желіне бастаған кезін аңдумен болатынмын. Шеті 
кертілсе  болды,  ары  қарай  ақырын  үңгіп  «ұрлай 
бастауға»  болады.  Апам  байқаса  да  байқамаған 
болатын  еді,  өйткені  ол  үшін  мен  ешқашан  ұрыс 
естімегем.  
Апам мені «күнім менің, күн көргішім» деп 
ерекелететін  еді.  «Күнімі»  түсінікті,  «күн 
көргішім»  дегені  –  «сенің  арқаңда  күн  көріп 

123 
 
жүрмін»  дегені-ау  деймін.  Әйтеуір  апам  мені 
осылай  айналып-үйірілгенде,  мақтанғаннан  жер 
әлемге  сыймай  кететінім  есімде!  Қазір  ойласам, 
ата-ана үшін ең сүйікті бала болу деген зор бақыт 
екен  ғой.  Себебі  сол  еркеліктің  табы  өмір-бақи 
бойға  қуат  береді  екен.  Еш  нәрседен  бетің 
қайтпай,  қаймықпай,  алдыңдағы  мақсатыңа  қарай 
жасқанбай  жылжиды  екенсің.  Дегенмен,  тілін 
алмасам  немесе  бірдеңені  бүлдіріп  орынсыз 
тәлпіштене  берсем,  апамның  мені  «шықпыртып 
алатын» кездері де болып тұратын.  
Әлі  есімде,  бірде  апам  маған  қатты 
ашуланды. 4-5-тердегі кезім. Апам есік алдындағы 
ошақта үлкен қара қазанға құрт (айран) қайнатып 
жатқан.  Неге  ашуланғаны  есімде  жоқ,  әйтеуір 
қолына  шыбық  ала  салып,  «қап,  сенің  көзіңді 
құртайын!»  деп,  мені  тұра  қуды.  Мен  «Апатай, 
апатай!» деп, жүгіре қашқан қалпымда үйге қойып 
кеттім.  Жай  қойып  кеткем  жоқ,  жан  тәтті  екен, 
темір кереуеттің астына сүңгідім. Апам артымнан 
ере  кірді  де:  «Жат  сол  төсектің  астында.  Осыдан 
шықшы,  басыңды  қазандағы  айранға  батырып 
өлтірем  сені!»  деді  айғайлап.  Шошып  кеттім. 
Сұмдық-ай,  қазандағы  ыстық  айранға  батырса, 
нем  қалады  менің?!  Ал  кеп  жылайын.  Кереуеттің 
астына алаша төселген екен, соған бетімді басып, 
ұзақ жылап жаттым. Апам іздеп келген жоқ. «Осы 
ма  мені  жақсы  көргені?  Күнде  менің  басы-
көзімнен  сүйіп,  айналып-үйірілетіні  өтірік  екен 

124 
 
ғой! «Өлтірем» дейді. Қалай айтады өйтіп? Менің 
өліп  қалмағаныма  қуанатыны  қайда?  Менің  оған 
керегім  жоқ  екен  ғой  сонда!  Атам  үйде  болса, 
мұндай  сөзді  айтпас  еді!  Атам  айтқызбас  еді! 
Көрсетейін мен оған өлтіргенді! Өлтірсе – өлтірсін 
онда!»  
Дереу  жылжып  төсектің  астынан  шықтым 
да,  айранды  қотарып  құйып  жатқан  апамның 
жанына жетіп бардым. Қарсы алдына тұра қалдым 
да, үстімдегі көкірекшемнің төрт түймесін ағытып, 
омырауымды ашып жібердім де:  

 
Мәһ, өлтір мені!!! дедім.  
Апамның  көзі  шарасынан  шығып,  ожауы 
қолынан түсіп кетті. Үрейі ұшқан ол ә дегенде:  
  Астағыпыралла,  астағыпыралла!    деп 
шалқалақтай берді. 
Сосын  барып  маған  ұмтыла  беріп,  мені  тас 
қылып құшақтап алды да:  
 
–  Күнім,  күнім!  Қойшы  қайдағыны  айтпай! 
О,  соры  ашылмаған  сорлы  басым!  Қайдан  ғана 
айтып 
едім! 
Тіфә-тіфә, 
тіл-аузым 
тасқа! 
Ботақаным,  енді  ондай  жаман  сөз  айтпаймын, 
жарығым! – дей берді сасқалақтап.  
Апам екеуіміз қосылып жылап, біраздан соң 
ғана мауқымызды бастық. Расында да апам содан 
кейін маған жаман сөз айтқан емес... 
Апам  мені  еркелетіп  қана  қойған  жоқ,  ес 
біле  келе  үй  тірлігіне  ширатып-ақ  өсірді.  Жүн 
түту,  оны  сабау,  текемет  басу,  алаша  тоқу,  масақ 

125 
 
теру, тары түю, ішек-қарын аршу, сеператор тарту, 
май  шайқау,  кеш  сайын  құдықтан  иінағашпен  су 
тартып, бүкіл бос ыдыстарды, малдың астауларын 
суға  толтырып  қою  менің  күнделікті  әрекеттерім 
болды.  Апам  мені  басқа  шаруаларға  да  жұмсай 
беретін еді. Мәселен, таңғы тәтті ұйқымды бұзып 
оятып,  5-6-ларда  өріске  мал  айдатады.  Одан  келе 
салып қора сыпырып, теппе жасаймын. Жаз болса, 
шалғы 
тартып, 
жоңышқа 
шабамын, 
тіпті 
кетпенмен  жантақ  шабу  да  маған  жат  болмады.  
Үйде  менен  басқа  ата-анама  көмек  көрсетер  жан 
болмағасын, қыздікі, баланікі деместен, осылайша, 
бар тірлікті бірден тартып жүре беретін қыз болып 
бойжеттім. 
Бұл  менің  өміріме  азық  болды,  қай  іске 
болса  да  икемді  болып,  ширақ  өстім.  Қолымнан 
келмегені  таба  нан  пісіру  мен  бие  сауу  ғана  еді. 
Таба  нанымның  асты  жабысып,  ортасы  қатып, 
әйтеуір берекесі кететін, ал биенің бауырына атам 
отырғызбайтын, биені не өзі, не апам сауатын.  
Кейін, есейе келе, өз киімімді өзім тігіп  кие 
беретін болдым. Тоқыма тоқуды да үйрендім. Жас 
нәрестенің  аяғына  киетін  пинеткасынан  бастап, 
кеудешесіне,  тіпті  үлкен  шәлі  орамалға  дейін 
тоқыма  жіптерден  өзім  тоқи  беретінмін.  Осының 
бәрі 
апамның 
маған 
берген 
тәрбиесінің 
қолтаңбасы, менің баға жетпес байлығым екенінде 
шүбәм жоқ...  

126 
 
Менің есімде қалған ең бір ұнамды тіршілік 
–  сеператорға  сүт  тартып,  кілегей-қаймақ  айыру 
еді.  Атам  базардан  іздеп  жүріп,  он  литрлік 
сеператор  сатып  әкелді  де,  өзінің  керемет 
шеберлігімен  оны  қалың  тақтайдан  жасалған 
биіктігі  20  сантиметрдей  үстелге  бұрандалап 
отырғызды.  Бұл  мәшинені  тартуға  ыңғайлап 
жасағаны  еді.  Аппараттың  нөмірленген  15 
пластинкасы  болады,  оларды  реттеп  салумен  мен 
ғана  айналысам,  өйткені  апамдар  нөміріне  қарап 
салып отыруды қиынсынады.   
Көршілер  таңертең  ертемен  шелектеп 
сүттерін  алып  келіп,  бірінен  соң  бірі  кезекке 
тұрады.  Ол  бір  әдемі  уақыт:  таңғы  ұйқыларын 
пейнетпен  ашқан  қатын-қалаш  бір  сәт  отырып, 
қызу 
әңгімеге 
кіріседі. 
Естіген-көргендерін 
кезектері  келіп,  сүттері  тартылғанша  жарыса 
айтып, 
шерлерін 
шығарады-ай 
десеңші! 
Әйелдердің жарқын даусы мен сыңғырлаған әдемі 
күлкілері таңғы салқын самалмен кішкентай ауыл 
аспанында  қалықтайды-ау  келіп!  Жеңіл  әзілмен 
көңілдері  көтеріліп,  өздері  де  бір  сейіліп  қалады 
сонда.  Әжім  сызаттары  еркін  орналасқан,  күнге 
тотығып  қоңырқай  тартқан  өңдеріне  әдемі  бір 
қызғылтым  шырай  ұялайды.  Әсем  жеңешемнің 
ауылдың шығыс жақ бетіндегі жантақ өсіп тұрған 
алаңқайдың  біраз  жерін  кетпенмен  шауып, 
дөңгелектеп  қоршап,  «белгі»  салып  қойғаны 
дейсіз  бе,  Ықын  бригадир  ағайдың  қатындармен 

127 
 
«қараңғалғыр» деп ұрсатын болғаны дейсіз бе, не 
керек,  әйтеуір  осындай  ауыл  ішіндегі  езу 
жиғызбайтын  жайларды  айтып,  рахаттанып 
күлісіп отырады.  
Сеператорды  тартып  болғасын,  апам  «суға 
кеткені  обал  болады»  деп,  маған  сол  15 
пластинкаға  жабысқан  бал  татыған  ыстық 
қаймақты 
саусақпен 
тазалатады. 
Аракідік 
саусағымды  жалап  та  отырамын.  Бұл  тірлік  4-5 
сыныпқа барғанша осылай жалғасты. 
Апамның  «Жақсы  адам  кектенсе,  шәй 
орамал  кепкенше,  жаман  адам  кектенсе,  өмірі 
өткенше»  деп,  өкпе-аразды  көкіректе  көп 
ұстамауды  үйрететіні  маған  өмірлік  ұстаным 
болып  қалды.  Әлі  күнге  дейін  әлдекімге  ренжи 
қалсам, көп уақытқа дейін кек сақтай алмайтыным 
да содан, апамның үлгісі. 
Апам аса пысық, таза адам еді, үйіміз үнемі 
ақталған, таза әрі мұнтаздай жинақы болатын-ды. 
Әбзел  апам  қайтқан  соң  қоржын  тамның  олар 
тұрған  бөлме  біздің  күнделікті  пайдаланатын 
бөлмеміз  болды.  Онда  бір  темір  кереует,  жердегі 
төсеніш  киіздің  үстінде  кішірек  дөңгелек  үстел, 
тұсымызда  оюлы  тұскиіз,  есік  аузында  пеш. 
Терезе  кішірек  болғанмен,  оның  да  кішкентай 
ашқышы    (форточкасы)  болатыны  есімде.  Апам 
әдетте  таңертең  мал  айдауға  сыртымнан  құлып 
салып  кетеді  (онда  менің  мектепке  де  бармаған 

128 
 
кезім).  Ұйқымнан  ояна  салып,  сол  ашқышқа 
тырмысып шығып, айғайға басам: 

 
Апа-а-а-а!   
Кішкентай  әйнектен  көк  мұнар  басқан  тау 
шыңдары,  арудай  керіліп,  көз  ұшына  дейін  бір-
бірімен  жалғаса  созылып  жататын  көк  бетегелі 
жоталар  көрінеді.  Көкжиектен  көтерілген  алтын 
табақтай күн маужырап ұйқысынан оянған шағын 
ауылды шапағымен орап, жалындатып, жандырып 
барады.  Әрлі-берлі  жүргіштеп,  мал  шығарып, 
шелекпен  су  көтеріп,  тынымсыз  тіршілік  қамына 
кіріскен  таныс  бейнелер  Алланың  өлшеп  берген 
уақытын  жылдамдатып,  доңғалатып  бара  жатқан 
сияқты.  
Маған  дәл  қазір  сонау  ақбас  таудың 
етегіндегі  көк  шалғын  қыраттардың  ар  жағынан 
қырғызшалап  қайқайта  ораған  кимешегі  таң 
шапағымен  ағараңдап,  менің  ай  жүзді  апам  шыға 
келетіндей  көрінетін.  Дәл  бір  айдында  жүзген  ақ 
кеме  тәрізді!  Бірақ  қанша  айғайласам  да,  апам 
көріне  қоймайды.  Менің  бойымды  апамды  енді 
ешқашан көрмейтіндей сұмдық үрей билейді. Дәл 
сол 
сәттегі 
анама 
деген 
сағынышымның 
кереметтігі сонша, әлі күнге дейін осы көрініс көз 
алдымнан  кетпей  қалып  қойған  десем  де  болады. 
Кенет  осынау  көзге  таныс  көркем  тіршіліктің 
арасынан  шәлісі  ағараңдап,  көне  көйлегінің  етегі 
мәсісін  сипалап,  үйге  қарай  жылдамдата  басып 
келе жатқан аяулы анашымның тіп-тік ұзын бойы, 

129 
 
күн  сүйіп  тотыққан  дөңгелек  жүзі  жарқ  ете 
қалады.  Апамды  көргенде,  қуаныштан  кішкентай 
жүрегім 
аузыма 
тығылып, 
торғайдың 
балапанындай  шырылдап  кетеді.  Анашымның 
«күнім,  күнім,  күнгөргішім,  келе  жатырмын» 
деген  сөзін  жұқалтаң  әдемі  еріндерінің  дірілінен-
ақ байқағандай боламын. Есікке ілінген құлыптың 
салдырымен бірге сыртқа қарай тұра ұмтылам да, 
есік  ашылысымен  апамның  алып  құстың 
қанатындай  кең  етегіне  сүңгіп  кете  барам… 
Шіркін,  ана  құшағына  жетер  не  бар  десеңізші! 
Егер  маған  біреу  «пейішті  білесің  бе?»  десе,  мен 
қиналмай-ақ: «пейіш деген – сағынып келіп қойып 
кеткен ананың кең құшағы» дер едім!  
Бүгіндері,  балалы-шағалы,  немере-шөберелі 
болып  отырған  сәтте  де  мен  осынау  пейішті  еш 
ұмыта  алмаймын,  есіме  түссе-ақ  балғын  балалық 
шағымды,  асыл  анашымды  сағынып,  көзіме  жас 
үйіріледі.  Қайран,  келмеске  кеткен  заман-ай 
десеңізші!  Осындайда  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 
хадисіндегі:  «Мына  бесеудің  қадірін  біліңдер: 
қаусаған 
қарттықтан 
бұрын 
желкілдеген 
жастықтың, 
сырқаттанбастан 
бұрын 
денсаулықтың,  кедейліктен  бұрын  байлықтың, 
қарбаластан бұрын бос уақыттың, өлместен бұрын 
өмірдің»  деген  өсиеті  еске  оралады.  Иә,  өткен 
күндер  біздің  тарихымыз  ғой.  «Уақыт  –  адамға 
берілген  нағыз  сый,  ол  қордаланып  жиналмайды, 
кері  қайтарылмайды,  қарызға  алуға  және  беруге 

130 
 
болмайды.  Сыйға  тартылмайды.  Мирас  ретінде 
қалдырылмайды.  Уақыт  деген    біздің  өміріміз». 
Қамшының  сабындай  қысқа  өмірімізде  өткен 
уақытты  еске  ала  отырып,  оны  қалай  өткіздік, 
ненің қадірін білдік, ненің қадіріне жетпедік, құны 
өлшеусіз өмірімізді бағаладық па, әлде рәсуа еттік 
пе,  бізге  бір-ақ  рет  берілетін  мүмкіндікті 
ғұмырымыздың  кілті  ретінде  пайдалана  алдық  па 
деген сұрақтардың астында қаламыз.  
Әсіресе  келмеске  кеткен  уақытымызбен 
бірге  жылжып,  көзден  ғайып  болған,  өмірден 
озған  асылдарымыз    ата-анамыздың  қадірін 
білдік  пе?  Оларға  қызмет  етуге  арнайы 
уақытымыздың тізгінін бұра алдық па? Біз осыған 
үлгірдік  пе?  Осыларды  ойлағанда,  расында  да 
ісіміздің уақытымыздан көп болғаны абзал екен-ау 
дейсің. Біздің қалдырған мұрамыз ата-бабамыздың 
қалдырған  мұрасынан  көбірек  болғанына  не 
жетсін, шіркін! 
Қайран ана! Бүгіндері, ұлым – ұяға, қызым – 
қияға  қонған,  сабырға  келген сәтте өзіңмен  өткен 
қайырылмас  қымбатты  сәттерім  есіме  жиі 
оралады. Түсіме де жиі кіресің.   
Менің  дәл  қазіргі  жасымда  сен  менің 
тұңғыш  ұлымды  көрген  екенсің.  Тіп-тік  едің, 
сұңқардың  сұлуындай  маңайыңа  байыппен  көз 
тастап,  маңғаз  басып,  қарағанның  көз  жанарын 
тойдырардай  асыл  едің.  Қайнағам  Жорабектің, 
біздің бақшада, үлбіреген шәйі кимешегіңнің етегі 

131 
 
жас  жоңышқаны  сыза  түсіп,  қыдырыстап  жүрген 
өзіңе  алыстан  көз  тастап  тұрып:  «Паһ,  шіркін, 
сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген 
осы екен-ау!» дегені есімде. Жазушы еді ғой, сенің 
қайыңның  талындай  тіп-тік  тұлғаңа,  жаңа  жауған  
ұлпа  қардай  аппақ  кимешегің  мен  жіңішке 
қатпарлап,  қиғаштап  тұрып  ораған  күндігіңнің 
әдемі 
дөңгелек 
жүзіңе 
жарасымдылығына, 
аяғыңды асықпай салып, маңғаз басқан қадамыңа, 
маңайыңа қиғаштап қана көз тастап, жымия түсіп, 
бажайлап  қана  қарайтыныңа  қызығып  көз 
тоқтатқан  екен-ау  жарықтық.  Иә,  мен  де  өзіңмен 
мақтанатын  едім.  Дүниедегі  ең  әдемі,  ең  ақылды, 
ең  асыл  жан  сен  ғана  едің  мен  үшін.  Өзімді  де 
аялап  әлпештедің,  балаларымды  да  бақтың. 
Арқалап  өсірдің,  ауырса  –  қарадың,  ойнаса  – 
қуандың.  Ал,  мен  не  істей  алдым  саған?  Қайтара 
алдым  ба  еңбегіңді?  Баяғыда  біреу  сұраған  екен: 
«Қарызыңды  қайтарып  жатыр  ма?»  деп,  онысы 
«балаларың  қызметіңді  өтеп,  жақсылап  қарап 
жатыр  ма?»  дегені  болыпты.  Сол  айтқандай, 
қызметіңді өтедім бе мен, апа? Әй, қайдам, өтей де 
алмадым-ау, сірә...  
Бар  қуантқаным  –  мектепте  жақсы  оқып, 
сенің жиналыстан ылғи мадақ сөз естіп, марқайып 
қайтатының болар...  
Бар  қуантқаным  –  кішкене  ауылда  бірінші 
болып Алматыға оқуға түскенім болар...  

132 
 
Бар  қуантқаным  –  үшінші  курста  жақсы 
оқитын  студенттердің  қатарында  Болгариядағы 
София  университетінде  дәріс  алуға  барғандығым 
болар...  
Иә,  мұның  бәрі,  сөз  жоқ,  сенің  көңіліңді 
көкке  көтерді,  жүрегіңді  қуанышқа бөледі,  сен  ел 
ішінде еңсеңді тік көтеріп жүрдің.  
Мен  Алматыға  оқуға  түскен  жылы  әкем 
ауыр  науқастан  көз  жұмды.  Сен  жалғыз  қалған 
едің,  анашым.  Менің  алғашқы  кезде  апта  сайын 
сонау  Алматыдан  пошта  пойызымен  өздеріңе 
келіп  тұрдым.  Менің  саған  қатты  жаным  ашыды. 
Бұрынғыдай  емес,  жанарың  солғын  тартып, 
әжімдерің  тереңдеп,  күннен-күнге  қартайып  бара 
жатқандай  көріндің.  Бір  келгенімде:  «Апа,  мен 
сырттай  оқуға  ауысайын,  саған  жәрдем  берейін, 
жалғыз қалдың ғой» дегенімде сен ат-тоныңды ала 
қаштың.  «Айта  көрме,  мен  ел  ішіндемін  ғой, 
күнім,  өлмеймін.  Оқуыңды  алаңсыз  оқып,  бітіріп 
ал»  дедің.  Мені  жалғыз  өзің  қинала  жүріп 
оқыттың.  Зейнетақыңды 
үнемдеп 
жаратып, 
шаруаңды 
күйттеп, 
малыңның 
басын 
жоғалтпадың.  Қолыңда  болған  жеті  жасар  ұлың 
Байту  мен  қаршадай  Ғазизаны    ермек  еттің, 
солармен қуандың, соларменен жұбандың... 
 Қайсыбірін  айтайын,  анашым,  ақыры  мен 
қолыңа  қайта  оралмастан,  оқуды  бітірген  соң, 
Алматыдан  әрі  қарай  «жүрек  қалауымен», 
тұрмысқа  шығып  кете  бардым.  Соны  естігенде 

133 
 
қалай күйзелдің екенсің, жаным анам! «Сол әрекет 
маған ылайық па еді?» деп қиналам кейде. Себебі 
мен  сенің  үміт  жібіңді  үзіп  жібергендей  болдым. 
Осындайда 
«әкемнің 
Алладан 
ұл 
тілеп 
жалбарынғаны сол екен-ау» деп те ойлаймын.   
Одан  кейінгі  тіршілік  белгілі:  қызмет,  бала-
шаға,  отбасы  күйбеңі...  Мен,  ұзатылған  көп 
қыздардың 
біріндей 
ғана, 
қуаныштарыңа 
ортақтасушы едім. Бар өндіргенім – басыңа қорған 
қойдым,  құранымды  үзбедім...  Кейбір  сәттерде 
жүрегімнен жыр төгілді. 
 
Қиынына тірліктің мың ұмтылып, 
Мен бақытқа көргем жоқ құр ынтығып. 
Серік болды сен берген қажыр-қайрат
Қалды мәңгі жүректе сырың тұнып. 
 
Адалдығын, жаныңның пәктігін мен, 
Алып қалғам сүт емген сәтті күннен. 
Жаулығыңнан жел сүйген еркелік ап, 
Түгесілмес кеудеме шаттық ілгем. 
 
Тілеуіңмен ежелден таныс маған, 
Қуат бердің, нұсқадың алысты, анам. 
Күміс шашың күнменен шағылысып, 
Қала бердің таудайын алыстаған. 
 
 

134 
 
Иә,  сен  үндемеуші  едің,  өзіңнің  талап-
тілегіңді, 
өкпеңді 
айтпайтынсың. 
Осынау 
жалғандағы  сексен  бес  жыл  өміріңде  сен 
ешқайсымызға 
ауыртпалығыңды 
түсірмедің, 
анашым.  Бәрімізге  риза  болып,  үнемі  тек  ақ 
батаңды  берумен  болдың.  Тіпті  ең  соңғы  сәтіңде 
де, алыстағы біздерді мазаламай, қасыңда тұратын 
Жаңылыс  әпкем  мен  келініңнің  қолынан  соңғы 
нәріңді татыпсың...   
Менің  осы  кітабым  –  сенің  үмітіңді  ақтауға 
аз да болса себін тигізер деп ойлаймын. Қайсыбір 
армандарыңа 
жеткізе 
алмасам, 
көңіліңді 
қалдырып, жүрегіңе қаяу түсірген жерлерім болса, 
кешір, анашым. 
Мен сені ылғи ойлаумен болам, сағынамын, 
апа! 
 
 
 
 
Әкемнің асыл бейнесі 
 
Атамденесі  шағын  ғана,  қимыл-қозғалысы 
ширақ,  аса  пысық,  шаруа  адам  еді  жарықтық.  
Ауылда  ағайынды  екеуі  әкем  мен  оның  інісі 
Сейтәлі қатар тұрып, өмір кешіпті. 
Әкемнің  азан  шақырып  қойған  аты 
«Мұхаметәлі»  болса  да,  ата-анасы  еркелетіп, 
«Әлтай»  деп  атап  кеткен  екен.  Маңдайы  кере 

135 
 
қарыс,  ат  жақты,  дөңес  мұрынды,  жылтыр  қара 
кісі  болатын.  Дөңестеу  қабағының  астындағы 
шүңірек  көздері  үнемі  жылтырап,  жасаураңқырап 
тұратыны  есімде.  Содан  ба,  атамның  қолынан 
үлкен  ақ  орамалы  түспейтін  еді,  үнемі  оны 
қалтасынан  алып,  бір  сілкіп  қыртысын  жазатын 
да,  көзін,  маңдайын  әлсін-әлі  сүрткіштеп  қойып 
жүретін.  Атамның  ақ  шалған  селдір  мұрты, 
кішкентай  ғана  бурыл  сақалы  болатын.  Оларды 
атам,  қалтасынан  тастамайтын  кішкене  ғана  төрт 
бұрышты  айнасына  қарап,  ыңылдап  бір  әуенге 
сала  отырып,  өзі-ақ  әп-әдемі  етіп  «бастырып» 
алатын.  Ал  төңіректегілер  болса,  «Әлтай,  саған 
келдім»  деп  атама  мұрт  бастыруға  келетін.  Атам 
ешкімнің  меселін  қайтармай,  олардың  сақал-
мұртын  да  алмастай  өткір  ұстарасымен  қияқтай 
етіп  қырқып,  түзетіп  беретін-ді.  Артынан  өзі  шәй 
қойып,  олармен  бірге  рахаттанып  шәй  ішіп, 
әңгімелесіп  отыратын  еді.  «Ең  сауапты  дүние  –  
біреудің  сақал-мұртын  бастырып,  тырнағын  алып 
беру» деп отыратын еді жарықтық. «Өйткені олар 
кісі  қолына  мұқтаж.  Сені  пейішке  жетелейтін  де 
осы қызмет» дейтін-ді.   
Атам  аса  діндар  адам  еді,  суретке  түскенді 
ұнатпайтын,  «Алла  тағала  о  дүниеге  барғанда, 
«мен сені біреу ғана етіп жаратқам, екіншісін өзің 
жасадың  ба,  енді  оған  өзің  жан  сал»  деп  айтады 
екен»  деп отыратын.  

136 
 
Әкемнің 
шежірешілдігі 
айрықша 
еді. 
Шымыр  бабаға  төртінші  атадан  қосылатын 
(Шымыр  –  Бекболат  –  Қарымбет  –  Сәмбет) 
Бектеміс  руынан  екенімізді  маған  ылғи  жаттатып 
отыратын. 
  Қызым,  Бектемістен    Арық,  Арықтан  –  
Бораншы,  Бораншыдан  –  Қангелді,  Қангелдіден  – 
Шіркей, Шіркейден – Телғара,  деп айтып келетін 
еді де: 
 Телғарадан – Шойбек, Қабылбек, Мұсабек, 
Дәлібай,  Оразбай,  Бөзбай,  Есенәлі,    деп  өз 
аталарына бір тоқтайтын. Сосын:  
  Біз  мына  Оспан  атаң,  Жақай  мен  Әйткеш 
аталарыңмен немере туыспыз. Сенің деңгейің анау 
Серік  көкеңмен,  Рахметқұл,  Манан  көкелеріңмен, 
Әпен көкелеріңмен пара-пар, деп мені бір көтеріп 
қоятын.  Расында  да  солай  шығар,  өйткені  мен 
үйдің  кенжесі  болған  соң,  олардың  қасында  кіші 
тартып тұрамын ғой, ал, біздегі үлкендердің бәрі – 
қыздар. 
Атамның  үнемі  ескертуінің  арқасында,  мен 
өзімді  жаратушы  Алланы,  ардақты  ата-анамды 
ғана  емес,  жеті  атамды  да  жадымда  сақтап  өстім. 
Бәйдібек  бабамның  3-әйелінен  туған  Жарықшақ 
бабадан  Дулат,  Дулаттан  Сиқым,  Жаныс,  Ботбай, 
Шымыр.  Біз  Шымырдан  тараған  екенбіз. 
Шымырдан  Бекболат,  Бекболаттан  Қарымбет, 
Қарымбеттен  Сәмбет,  Сәмбеттен  Бектеміс.  Ал, 

137 
 
Бектеміске біз сегізінші атада қосыламыз, оны мен 
жоғарыда айттым. 
Біздің  Көкарық  ауылында  Телғарадан  басқа 
оның 
бауырлары 
Байғозыдан 
тарағандар 
(Жексенқұл,  Әбдіқадыр,  Әбдіманап,  Шарғын, 
Бошқай),  Қастөреден  тараған  Садуалы  ата,  
Бораншыға 
Шіркейден 
барып 
қосылатын 
Назаралының  ұрпақтары  (Есбатыр,  Тұрдахмет), 
Телғараның бауыры Бекболаттан тараған Садуақас 
атаның  ұрпақтары,  не  керек,  түбі  бір  туыстар  – 
Бораншы  балалары  тұратын.  Атам  осылардың 
барлығын  жік-жігін  шығарып  жатқа  айтатын  еді. 
Шежіреден білгісі келгендер үнемі атама келетін-
ді.  Бұрынғының  адамдары  не  деген  зерек  еді 
десеңізші!  
Атамның  еш  сауаты  жоқ,  ал,  есепті  ауызша 
шығарғанда, 
алдына 
жан 
салмайтын. 
«Сейсенбіден  сейсенбі  –  сегіз  және  сейсенбі  –  он 
бес, сәрсенбі он алты, бейсенбі он жеті» деп санай 
беретін-ді. Және қызығы: «сегіз» демей, «бірі кем 
тоғыз», «он» демей, «бірі кем он бір» деп айтатын 
еді.  Сонда  миында  ауызша  санақ  жүріп  отырады 
екен ғой. Ауылда ертеде көшіп келіп қоныстанған 
аз ғана үйлі Шанышқылылар болды, солардың бірі 
Әбдіш деген азамат болған екен (менің жездемнің 
әкесі),  сол  кісі  айтқан  «Әлтайың  бар  есепші, 
есепсіз мал өргізбес» деген сөзі елге тарап, әкеме 
берілген  бір  сипаттама  болып  қалыптасып 
кеткенін  білем.  Мен,  қазіргі  жас  балаларды 

138 
 
ауызша есепке дайындайтын «USMAS» есептегіш 
орталығы  жайлы  айтылғанда,  атам  сияқты  кейбір 
көнекөз  қариялардың  бойындағы  ауызша  есепке 
жүйріктігі  ата-бабаларымыздың  түрлі  ғылымға 
бейім болғандығына көзімді жеткізе түседі.  
Атам  кісіге  қарыз  беруден  еш  қашпайтын. 
«Қысылып тұрған адамға әжет ашсаң – о  дүниеде 
алдыңнан пейіштің есігі  ашылады» деп  отыратын 
еді.  Ал  егер  әлдеқалай  ақшасы  болмай  қалса, 
«жоқ» демейтін, «байып отырмын» дейтін. «Жоқ» 
десең,  жоғалып  қаласың,  ақшаңның  жоқтығын 
«байып отырмын» деп, жақсы сөзбен ұғындырған 
жөн» дейтін еді.  
Атамның  апама  деген  құрметі  айрықша 
болушы  еді.  Апам  әлдеқалай  ауыра  қалса,  атам 
құрақ  ұшып  барып,  Зағипа  апаны  шақырып 
әкелетін. Зағипа апа – менің апамның «құрбысы», 
жұқалтаң  шағын  денелі,  сәл  қитырлау  келген 
кішкентай  көк  көздері  үнемі  күлімдеп  тұратын 
сүйкімді  жан.  Ол  кісінің  әңгімешілдігінде  шек 
жоқ,  қандай  әңгімені  болмасын,  құмарыңды 
қандырып,  төгілтіп  айтатын  еді  жарықтық. 
Күлкіден  езуіңді  жиғызбайтын.  Апам  да  әңгіме 
тыңдағанды  қатты  ұнатады.  Қос  құрбы  нелер 
қызық  әңгімелердің  қызығына  түседі  де,біраздан 
соң  ауырып  жатқан  апамның  сыңғырлаған  әсем 
күлкісі үйдің ашық терезесінен сыртқа шашылады. 
Дөңгелек  аппақ  өңі  сүт  қатып  ішкен  ыстық 
шәйдан  терлеп-тепшіп,  қызарып  алабұртады. 

139 
 
Гүлді  ақ  орамалымен  бет-аузын  сипалай  сүрте 
отырып, ара-кідік жастығының астынан кішкентай 
тас айнасын алып, қас-қабағын керіп, қарағыштап 
қояды.  Зағипа  құрбысы  да  апамның  бұл  ісін 
мақұлдағандай, 
күлімсіреп, 
басын 
шұлғып 
отырады.  Есік  алдында  шаруамен  жүретін  атам 
жүгіре басып үйге кіріп: 
– Аһ, Алтынсара, қалай, жақсы боп қалдың, 
ә?!  –  дейді  елпелектеп.  Екі  «құрбы»  рахат  күйін 
кешкен  бойы  бас  шұлғиды,  атам  соған  мәз.  Үш 
қария әңгіме-дүкен құра отырып, атам дайындаған 
шайларын  ұзақ  отырып  ішеді.  Қайран  бейғам, 
бақытты қарттарым-ай!   

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал