Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет3/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Б.Момышұлы
 
Ескі ауыл ағаларынан бүгінде көзі тірілері аз 
ғана.  Солардың  бірі  –  Әлімқұлов  Нәмет 
Садуақасұлы.  Біз  келгенде  Нәмет  ағайдың  малын 
жайғап,  үйге  жаңа  кірген  сәті  екен.  Жаздың 
ыстығы  қайтыңқырап,  ауыл  адамдары  үлкен  үйге 
жапсарлатып  салынатын,  бұрынғыша  айтқанда, 
«веранда»  деп  аталатын  бөлмеге  көшкен  сәт. 
Ағайдың келіні, томпақша келген аққұба келіншек 
бізді  осы  верандаға  бастап  кірді.  Төрде  отырған 
Нәмет  ағай  орнынан  тұрып,  алыстан  келген  бізге 
ілтипат көрсетіп амандық сұрасты. Баяғы сабырлы 
қалпы.  Қалай  болғанда  да  ұзақ  жылдар  үстел 
басында  отырып,  ел  басқарып  қалған  әдеті 
байқалады.  Басқа  қарттардай  елпілдеп,  сұрақтың 
астына  алған  жоқ,  әліптің  артын  бағып  отыр. 
Сексеннің сеңгіріне бет алған қария әлі де қағілез, 
жұқалтаң.  Жанары  ғана  көгілдір  тартып,  келіп 
қалған кәріліктің белгісін танытқандай.  

 
Мен  бес  жасымнан  жұмыс  істедім,  –
деп  күліп  бастады  ағайәңгімесін.  Ауылда  бидай 
егіледі. Пісіп, орылған бидайды орғанын орғанша 
қырманға  әкеліп,  шашыратып  шашып  тастайды. 
Оны  шашатын  ауылдың  шалдары  –  Күдері, 
Шалдамбай, Шығамбай, Әлтайлар. Сосын аттарға 

53 
 
2  аттық,  1  аттық  дөңгелек  тастарды  сүйреттіріп, 
орылып, 
шашылған 
бидай 
сабақтарын 
бастыртады. Біз, 5 бала, әлгі тас сүйреткен аттарға 
мініп,  қатар  жүріп  отырамыз  да,  бидайды 
бастырамыз.   
Сүрілген  бидайдың  масақтарын  шалдар 
суырып, 
дәндерінен 
ажыратады. 
Масақтан 
тазартылған  бидайды  үлкен,  1  жарым  центнерлік 
қазақы  қаптарға  салады.  4  қаптан  түйеге  артып, 
Ақыртөбедегі  заготзерноға  жібереді.  Біздің 
колхозда  120  түйе  болған,  мұндай  түйе  басқа 
колхоздарда  болмаған  кез.  Ол  кезде  түйе,  өгіз 
деген  жарықтықтар  шаруашылықтың  нағыз  көзі 
дерлік  еді  ғой,  олармен    бидай  да  тасиды,  қой  да 
бағады.  
Бертін  келе  ержетіңкіреп  қалған  балалар 
шөп жинауға атсалыстық. 
Ағай  сүт  қатқан  қою  шайды  сораптай  ішіп 
отырып,  балалық,  жастық  шақтың  естеліктерін, 
ауыл өмірі жайлы сағынышпен осылайша, ретімен 
еске алып, әңгімелей берді.   
Ағай  сол  кездегі  өзі  құралпы  қыз–
жігіттермен:  Жексенқұл,  Күліш,  Қайынжал, 
Әжімнің  қызы  Мейіркүл,  Қарманның  қызы  Пиян, 
Орманның  қызы  Алтынкүл,  Сейталының  қызы 
Захан  –  барлығы  1945  жылы  мектепке  барып, 
білім  ордасының  есігін  бірге  ашқан  көрінеді. 
Кейбір  балалар  оқуды  тастап  қойып,  қайсыбір 
қыздар  күйеуге  шығып  кетіп  дегендей,  олардың 

54 
 
қатарлары жыл сайын сирей береді. Ал Нәмет ағай 
1955 жылы Ақыртөбе орта мектебін жақсы бітіріп 
шығады.  
Оқуға  түсу  қиын  заман,  оның  да  көзін  табу 
керек.  Жасынан  ауыл  жұмысына  етене  жақын 
болған  ағай  бірден  еңбекке  араласып  кетеді.  Сол 
жылы  ауданмен  келісіп,  Шолаққайыңдының 
кітапханасынан  біраз  кітаптар  әкеледі  де,  ауылда 
кітапхана  ашады.  Бұл  шағын  ауыл  үшін  үлкен 
жаңалық  болады.  Ауылдың  кітап  оқуға  құмар 
балалары осы жерден аз да болса, кітап алып, оқи 
бастайды. 2-3 айдан соң Нәмет ағайды сауаты бар 
жігіт  ретінде  өндіріс  бригадасының  есепшісі  етіп 
қояды. 
Ол 
кезде 
ауылдың 
бригадирі 
Шынжарбеков Дәулетқұл болған екен.  
Кейінірек  Ақыртөбедегі  сельпоға  ученик 
болып орналасады да, 4 айдан соң сол кездегі «30 
жылдық  Қазақстан»  колхозына  кассир  болып 
ауысады.  Бұл  1957  жыл  еді.  «Мынау  менің  сол 
алғашқы  кассир  болған  кездегі  ұстаған  сумкам» 
деп  ағай  тозығы  жеткен,  қазір  ескі  құжаттарды 
сақтап  жүрген  көне  сөмкесін  көрсетіп,  бір  күліп 
алды.  Ағайдың  айтуынша,  ол  кезде  колхозды 
Парманов  Сәлімбай  деген  азамат  ұзақ  жыл 
басқарған көрінеді.  
1958  жылы  біздің  ауылымыз  «Жамбыл 
атындағы»  болып  қайта  құрылған  колхоздың 
құрамына кіреді де, ағай енді сол колхозға кассир 
болып ауысады. Қызметіне адал, мінезі байсалды, 

55 
 
оқымаса  да,  іс  көзін  біліп  қалған  жігітті 
колхоздағы Тексеру комиссиясының бастығы етіп 
тағайындайды.  Көп  ұзамай  ағай  Тереңөзек 
ауылдық  кеңесінің  хатшысы  болады  (ол  кезде 
ауылдық  кеңестің  төрайымы  өз  ісінің  білгірі 
Исаева Бүбішира еді).  
Ұзақ жылдар түрлі қызметте істеп ысылған, 
тәжірибе 
жинаған 
Нәмет 
ағайды 
колхоз 
басшылығы  1962  жылы  Алматыдағы  ауыл 
шаруашылығы 
институтының 
агрономиялық 
факультетіне сырттан оқуға жібереді де, ағай оны 
ойдағыдай бітіріп шығады.  
1962  жылдан  бастап  сол  кезде  «Свердлов 
ауданы»  болып  өзгерген  ауданның  Тереңөзек 
ауылдық  кеңесінің  төрағасы  болады.  Ал,  1967 
жылдан  Ақыртөбе  ауылдық  кеңесінің  төрағасы 
болып  қызметін  атқарады.  Бұл  ауылдық  кеңеске  
Ақыртөбе, «Алғабас» совхоздары қарайтын еді.  
1969  жылы  аудан  әкімшілігі  ағайға,  ұзақ 
жылғы  еңбегін  ескеріп,  қызметте  пайдалану  үшін 
«Орал»  мотоциклін,  ал  1970  жылы  «Москвич» 
жеңіл  автомашинасын  береді.  Осы  жылдары 
ағайдың  халыққа  көрсеткен  қызметі  қыруар  десе 
де болғандай. Ағайдың өз сөзімен айтсақ: 
«1)  1968-69  жылдары  50-ге  жуық  адамның 
зейнетке  шығуына  көмектестім.  Аудандық  атқару 
комитетінің  есебінен  Ақыртөбедегі  отызға  таяу 
жесір әйелге зейнетақы әпердім;  

56 
 
2)  Ақыртөбеде  электр  жарығы  келмеген-ді 
(жарықты  СПТУ-дан  мотормен  селоның  төменгі 
жағы  ғана  алатын).  Облыстық  атқару  комитеті 
бастығының 
орынбасары 
Жұрмағамбетов, 
Тоқтамысовтардың 
тікелей 
қолдауымен 
Ақыртөбеге 1 ай ішінде жарық орнаттым; 
3) Ақыртөбе орта мектебінен үлкен асфальт 
жолға  дейін  тас  жол  салдыртып,  халықтың  үлкен 
жолға қиналмай шығуына жағдай жасадым; 
4)  1969  жылы  селода  қатты  сел  жүрді. 
Ақыртөбенің төменгі жағы селден қирап, құлады. 
Мектеп,  СПТУ  бәрі  судың  астында  қалды.Хал 
мүшкіл.  Дереу  комиссия  құрып,  шығынды 
тексердік.  Қыруар  ақша  болды.  Қирандыларды 
тегістеп, орнына жаңа жол, көше салдық. Тағы да 
облысқа  шығып,  болған  жайды  баяндадым, 
халыққа  шұғыл  көмек  керек  екенін  айттым. 
Жұрмағамбетовтің  тікелей  басшылығымен  темір 
жолдың  астындағы  мал  базардың  орнына  орта 
мектеп  салынды.  Ол  1971-72  оқу  жылында 
берілді,мектептің  ашылу  салтанатына  қатысып, 
лентасын  аудандық  партия  комитетінің  үшінші 
хатшысы Шолтырова Нұрсұлу екеуіміз қидық. 
6)  Сельпоның  жанындағы  ескі  көпір  әлсін-
әлсін  құлап,  тұрғын  халықты  үнемі  әбігерге 
салатын  еді.  Сол  көпірді  жөндеп,  қалпына 
келтірдік». 
Әрдайым 
қызметіне 
үлкен 
жауапкершілікпен,  өзіндік  жаңашыл  көзқараспен 

57 
 
қараған  Нәмет  аға  ешқашан  бойкүйезділікке, 
немқұрайдылыққа,  әділетсіздікке  төзе  алмаған, 
кемшіліктерді  лезде  түзеп  тастамай,  жаны 
тынбайтын.   
Ауыл  тірлігінің  ыстығы  мен  суығынбірдей 
көріп,  қандай  да  бір  қиын  кезеңдерде  елінің 
аманатын  арқалаған  атпал  азамат  ұзақ  жылдар 
партия,  кеңес  жұмыстарында  жүрді.  Ысылған, 
еңбегі  еленген  Нәмет  ағайдың  бұдан  кейін  ауыл, 
колхоз  тіршілігіне  де  қосқан  үлесі  зор  болды. 
Сауатты,  тәжірибелі  маман  1976  жылы  Көкарық, 
Шолаққайыңды 
өндіріс 
бригадаларының 
бригадирі  бола  жүріп,  ауыл  азаматтарының 
шаруашылық  жұмыстарын  дөңгелетіп  әкетуіне 
мұрындық болды. Ол кезде колхозды іскер азамат 
Еркінбеков Қанатбай басқарған еді. Қанатбай осы 
қызметте 11-13 жыл отырған болатын.  
1980-85  жылдары  Нәмет  аға  құрылыс 
заттарының  қойма  меңгерушісі,  1986  жылы 
қайтадан  өндіріс  бригадирі  (колхоз  бастығы 
Өскенбаев  Амангелді),  1990  жылы  автокөлік 
диспетчері,  1992  жылы  өндіріс  бригадирі 
қызметтерін  абыроймен  атқарып,  1996  жылы 
зейнетке шықты. 
«Жылқыда  да  жылқы  бар,  қазанаты  бір 
бөлек,  жігітте  де  жігіт  бар,  азаматы  бір  бөлек» 
деген  еді  Шәкәрім.  Бүгінде  сексенді  алқымдап 
қалған ауыл ағасы Нәмет Әлімқұлов өзінің осынау 
саналы  ғұмырын  туған  жерін  түлетіп,  туған 

58 
 
халқына  жақсылық  дасауға  арнаған  жан.  Ол 
әрдайым  аталас  туыстарына,  жастарға  ақыл-
кеңесін беруден аянбады, сонысымен де құрметті. 
Қариядан  тараған  ұрпақтары  да:  Ибадулла, 
Ғабдулла, Талғат, Санат, Нұрлан, Нұркен, Нұржан 
сынды ұлдары мен Гүлзира, Биғайша, Забира атты 
қыздары өмірдің сан саласында қызмет етуде.    
 
БІЛІМНІҢ АЛҒАН ҚАМАЛЫН 
 
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, 
ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа 
нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақшылық. 
Абай. 
 
Ауыл  азаматтары  жайлы  сөз  еткенде 
Хангелдіден  тараған  Шірікбай  атасының  баласы, 
ауылдан  алғаш  рет  білім  қуып,  алысқа  сапар 
шеккен,  жастайынан  армандаған  мамандығына 
қолы  жетіп,  халқына  адал  қызмет  еткен  Ермек 
Есбатыровты  айтпай  кете  алмайсыз.  Ауылдағы 
Есбатыр  ақсақал  шаруаға  қағілез,  еті  тірі  пысық 
жан  болған.  Жасынан  мал  бағуды  кәсіп  еткен 
қария, сонау ауыл Бірлеспен бірігіп тұрған кездің 
өзінен-ақ  колхоздың  сиырын  баққан  екен.  Қыста 
сиыр базда, жазда ауылда тұратын болған. Бір үйлі 
жанды  осы  малдың  арқасында  ақтан  арылтпай, 
асырап-баққан Есбатыр мен оның әйелі Зәуре еді.  
Есбатырдың  қолында  жүріп  өскен  қайнысы 
–  Зәуренің  інісі  –  қоралас  Әбдікәрім  (Шудың 

59 
 
жігіті)  оның  қарындасы  Жұмакүлмен  отбасын 
құрады да, олардан Ермек, Сәрсен атты бір ұл, бір 
қыз  туады.  Есбатыр  Зәуре  бала  көтермеген  соң, 
1936  жылы  28  желтоқсанда  дүниеге  келген 
Жұмакүлдің  ұлын  бауырына  басып,  атын  да 
өздеріне  ерме  болсын  деген  оймен  Ермек  деп 
қойды. Бірақ Есбатыр ақсақал кейінірек Күлсараға 
үйленіп,  одан  Таласкүл,  Ерболған,  Әлібек,  Бибек, 
Шәйбек,  Жәнібек  атты  балалар  өмірге  келеді. 
Жұмакүлдің  балалары  да,  Күлсараның  балалары 
да Зәурені «апа» деп, сол кісінің тәрбиесінде өседі. 
Әрдайым  малда  болған,  үйінен  ас-ауқаты 
үзілмеген  Есбатыр  әкесі  мен  Зәуре  апаларының 
арқасында  екі  үйлі  жан  ештеңеден  таршылық 
көрмейді.  
Қазір  Есбатыр  атаның отбасындағылар  –  ол 
кісінің  жас  балалары,  немерелері.  Ермек  ағаның 
балалық 
шағы 
жайлы 
айтары 
шамалы 
болғандықтан,  маған  атаның  немересі,  көненің 
көзі,  Алматыда  тұратын,  жетпісті  алқымдап 
қалған  Сәрсенмен  сөйлесуге  тура  келді.  Ендігі 
әңгіме сол кісінің сөзінің жүйесімен өрбиді.   
Есбатырдың  тұңғышы  болып  келетін  Ермек 
өте  алғыр,  пысық  бала  болып  өседі.  Мектепте 
Жалал,  Нәмет,  Анарбек  ағайлармен,  Күлтай, 
Күліш  әпкелермен  бірге  оқиды.  Ол  кезде 
Ақыртөбе орта мектебінің жанында малшылардың 
балаларына  арналған  интернат  жұмыс  істейтін. 
«Баланы  ұлша  тәрбиелесең,  ұл  болмақшы,  құлша 

60 
 
тәрбиелесең,  құл  болмақшы»  деген  екен  кезінде 
ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов.  Есбатыр  ата 
ауылға  келген  сайын  баласының  жай-жағдайын 
білу  үшін  мектепке  келіп  тұрады.  Ермектің 
мұғалімдері 
мен 
тәрбиешілеріне 
жолығып, 
баласының  оқу  үлгірімін,  тәртібін  сұрап,  жақсы 
сөз  естісе,  төбесі  көкке  жеткендей  қуанып 
қайтатын  еді  қария.  Жастайынан  оқуға  зерек, 
алғыр,  әсіресе  математикаға  жүйрік  жас  өскін 
Ақыртөбе орта мектебін 1954 жылы үздік бітіреді.  
Мектеп  бітірген  соң  албырт  жас  өз 
болашағын ойлай бастайды. Баланың ендігі ойы – 
қалайда институтқа оқуға түсіп, жоғары білім алу 
болады.  Бірақ  қайда,  қалай  –  әзірге  ол  жағы 
мүлдем  белгісіз.  Осы  кезде  газет  беттерінде 
жастарды  жаппай  тыңға  жұмысқа  шақырған 
хабарландырулар  жариялана  бастайды.  Жасынан 
алғыр  Ермек  екі-ақ  күнде  жүргізушінің  куәлігін 
алып, болашағын өз бетінше қамдамақ оймен, ата-
бабасы  көрмеген  Арқаға  –  тың  жерді  көтеруге 
аттанады.   
Техника  тілін  тез-ақ  меңгеріп  алған  ол 
(туған  әкесі  Әбдікәрім  осы  мамандықтың  шебері 
еді)  тың  жерге  келген  соң,  басқа  қара 
жұмыстармен қатар, машинамен бидай да тасиды. 
Өзіне  тапсырылған  жұмыстарды  аса  абыроймен 
әрі  тыңғылықты  орындайтын  Ермек,  әрдайым  өз 
қатарларынан оқ бойы алда жүреді.  

61 
 
Жігіттің  талабы  мен  талантын  аңғарған 
ересек  жолдастары  оған  Мәскеуге  оқуға  түсуге 
кеңес  береді.  Үш  ай  жұмыс  істеп,  біраз  қаражат 
жинаған  соң,  1957  жылы  ата-бабасы  көрмеген 
Мәскеуге  жол  тартады.  Бірнеше  күн  жүріп 
отырып,  сол  кездегі  Отанымыздың  жүрегі  – 
Мәскеуге  де  жетеді.  Осы  жерде  бір  адам  сенгісіз 
қызық  жайға  тап  болады.  Бүкіл  құжаттары  мен 
киім-кешектерін  салған  тор  көз  сеткасын 
электричкада  ұмытып  тастап  кетеді.  Жерге  түсе 
сала  есіне  түскен  Ермек  жан  ұшыра  жүгіріп 
отырып  сол  электричкаға  қайта  мінсе,  құдай 
оңлап,  сеткасы  сол  қалған  жерінде  жатқан 
көрінеді. Бала жерден жеті қоян тапқандай жүрегі 
жарыла қуанады. Енді қайтсін? Бар байлығы, үміті 
осы жіп сеткада емес пе?! 
Сұрастырып 
отырып, 
Ермек 
емтихан 
тапсыратын жерге келсе, құжат тапсыруға кешігіп 
қалыпты,  емтихан  да  өтіп  кетіпті.  Баланың 
сабылып  жер  түбінен  келген  еңбегінің  заяға 
кеткеніне  қатты  қынжылғанын  байқаған  мұғалім 
оны  бір  кабинетке  шақырып  кіргізіп:  «Достым, 
сен  мына  есептерді  шығарып  берші!»,  –  деп  оған 
математикадан, физикадан, геометриядан бірнеше 
есептер  береді.  Орысша  сөзге  шорқақтау  Ермек 
тақта  бетін  толтырып,  әлгі  есептерді  түгел 
шығарып береді. Мұғалім оған: «Сен мына мекен-
жайдағы  жатақханаға  бар  да,  демал,  ертең  кел» 
деп жібереді.  

62 
 
Келесі  күні  ол  орыс  тілінен  диктант  жазып, 
одан да жақсы баға алады. Сөйтіп, «Талапты ерге 
нұр  жауар»  демекші,  барлық  емтихандарды 
ойдағыдай  тапсырған  Ермек  оқуға  қабылданып, 
Молотов 
атындағы 
«Ауыл 
шаруашылығын 
механизациялау  мен  электрлендіру»  (МИМЭСХ) 
институтының студенті болып шыға келеді. 
«Алдымен  досыңды  көрсет,  сенің  қандай 
екеніңді  айтып  берейін»  деп  аңыздағы  қария 
айтпақшы,  туған  жерден  алыста  жүрген  Ермекке 
жақсы  жігіттер  кездесті.  Сәрсеннің  айтуынша, 
олар  –  қызылордадық  Самат,  тереңөзектік  Тимур 
Шаймерденов,  Арғын  деген  жігіттер  еді.  Ауылға 
каникулға бір келгенде, Есбатыр ата Тимурды мал 
сойып күтіп, Ермек екеуін қияметтік дос қылады. 
Ертедегі 
қазақтың 
осы 
салты 
елдестіріп, 
достастырудың бір жақсы жолы еді ғой.  
Институтты  үздік  тәмамдаған  жігіт  1960 
жылы  Алматыға  жолдама  алып  келеді  де, 
автожөндеу  зауытына  әуелі  токарь,  кейінірек 
инженер-мастер 
болып 
орналасады. 
Зауыт 
директоры  Баубеков  Елтай  Өтебаевич  үздік 
дипломы  мен  қарымы  ұнаған  Ермектің  жаңа 
қызметін меңгеріп кетуіне көп қолдау көрсетеді. 1-
2 жылдан соң Ермек Октябрь ауданындағы 10-шы 
автобазаға  бас  инженер  болып  ауысады.  Осы 
жерде,  Алла  сәтін  салып,    ЖенПИ-дің  биология 
фаультетінде  оқитын  Қызданмен  қайта  кездесіп, 
табысады.  

63 
 
Қыздаркүл  –  ауылдағы  Момынтай  Мұсаев 
деген  кісінің  қызы.  Ермектің  ата-анасы  мен 
Момынтайдың  отбасы  кезінде  жақсы  араласқан 
достар  болған.  Олар  балаларын,  Ермек  пен 
Қыздаркүлді,  екі  жастарында-ақ  атастырып, 
өздерінің 
қимас 
достығын 
мың 
жылдық 
құдалықпен  жалғастырмақ  болған  көрінеді.  Бұл 
әңгімеден  хабардар  болған  мектептес  достары  екі 
жас  мектепте  оқып  жүрген  кездің  өзінде-ақ, 
оларды  жұптап,  барлық  жерге  «Ермек+Қыздан» 
деп  жазып  тастайды  екен.  Қыздаркүл  бұл  кезде 
Ақыртөбедегі  Қали  деген  туыстарының  үйінде 
жатып  оқыған.  Екеуін  достарының  бұл  әрекеті 
шамдандырса  да,  олар  іштей  бұл  әрекетке  қарсы 
да  болмаған  сияқты.  «Жігітті  ел  мақтаған  қыз 
жақтаған»  дегендей,  мектептегі  ең  алдыңғы 
қатардағы  үздік  әрі  тәртіпті  оқушы  болған 
Ермектің қызға ұнамай қалуы мүмкін емес те еді.  
Ермектің Мәскеуде оқып жүргенде де кейде 
Алматыға  тіке  тартып,  оқуға  түскен  Қызданға 
жолығуға  ұшақпен  ұшып  келіп  тұрған  кездері 
болған.  Осы  жерде  Сәрсен  бір  естіген  қызық 
жайтты  айтып,  күліп  алды.  Ермек  бір  келгенде 
ЖенПИ-дің  студенттерін  Красногор  деген  жерге 
практикаға  жіберіпті.  Ермек  ат  сабылтып  іздеп 
келсе,  қыз  кездесуге  шықпай  қояды.  Әрі 
шақырады,  бері  шақырады,  көнбейді.  Енді 
Алматыға  қайтайын  десе,  автобус  кетіп  қалған. 
Барып  қона  кететін  үй  жоқ.  Сосын  Ермек  қыздар 

64 
 
тұрған  жатақхананың  жанындағы  үлкен  бір 
ағаштың  үстіне  жайғасып,  таң  атқанша  сонда 
ұйықтап  шығады.  Таңертең  мұны  бірінші  көрген 
Қызданмен  бір  института  оқитын  Шәркүл 
Айтжанованың  (ол  бізге  жиен  болып  келеді)  дос 
қызына қатты ренжіген екен.  
Қалай болғанда да екі жас тіл табысып, отау 
құрады. Ермек келіншегін ауылға әкеліп, Есбатыр 
ақсақал бір басы екеу болған ұлына есіктің алдына 
ұлан-асыр той жасайды. Ермектің жұбайы Қыздан 
мінезге  бай,  ата-ананың  ұлағатты  тәрбиесін 
жасынан бойына сіңіріп өскен сабырлы, парасатты 
жан  болып  кездеседі.  Қыздан,  сонымен  қатар 
жоғары 
білімді 
маман, 
білікті 
педагог, 
техникумда,  институтта  оқытушылық  қызмет 
атқарды.  Ол  Ермектің  анасы  мен  қарындасын 
өзінің  туған  анасы  мен  сіңлісіндей  көріп, 
құрметтейді.  Ауылдағы  Есбатыр  атаның  үйіне  де 
жақсы сіңісіп кетеді. Алғаш көрген ұлы Талғатты 
да  осы  Ақыртөбеде  дүниеге  әкеліп,  Сатанның 
әйелі өзбек қызы Әнуар нәрестенің кіндігін кеседі.  
Қазақ шіркін аса мейірімді, пейілі кең халық 
қой.  Есбатыр  ата  мен  Зәуре  апа  малда,  ауылдағы 
үйде  атаның  анасы  Әлиман  апа  (ауыл  ол  кісіні 
«Дәу  апа»  деп  атайтын),  Әбдікәрім  әйелі 
Жұмакүл, қызы Сәрсенмен, Есбатыр атаның жесір 
қалған келіні Бәти – барлығы бірге тұрып жатады. 
Тіпті  туыстары  Қойшыбай,  Тұралының  балалары 
да  осы  үйден  тамақтана  беретін  болған.  «Бізді 

65 
 
адам қатарына қосқан Есбатыр көкем, Зәуре апам, 
Тұрдахмет  тәтем болды  ғой»,  – деп Сәрсен  өткен 
күндерді сағына есіне алады. Тұрдахмет – Есбатыр 
атаның кенже інісі болған.  
Есбатыр  атаның  күйеу  баласы  Әбдікәрім 
1940–1946  жылдары Ұлы Отан соғысының қанды 
қырғынынан  еліне  аман-есен  оралады.  Алайда  ол 
атаның  жесір  келіні  Бәтимен    жасырын  көңіл 
қосып, 
оны 
оны 
қазіргі 
Фурмановкаға, 
туысқандарына  алып  қашып  әкеледі.  Бұл  1950 
жыл еді. Әлиман әже бала-шағасын тастап кеткен 
немере  күйеу  баласы  Әбдікәрімге  қатты  наразы 
болып, теріс батасын берген деседі. Содан ба, кім 
білсін,  әйтеуір,  Бәти  бала  көтермей  қалып, 
бұрынғы  күйеуінен  туған  Тұрсынкүл  деген 
қызынан басқа баласы болмайды. Тұрсынкүл қазір 
Пахтаралда 
(Мырзакент) 
тұрады, 
Ермектің 
отбасымен араласып тұрады.   
Жақсы  қызметі  бар,  үйлі-жайлы  болған 
Ермек 1961 жылы ауылдағы ата-анасын Алматыға 
көшіріп  алмақшы  болады.  Бірақ  жасынан  ауыл 
тұрмысына  бауыр  басқан  Есбатыр  ата  мен  Зәуре 
апа  туған  жерін  қимайды.  Олар  Ермекке 
баталарын  беріп:  «Қарағым,  біз  ризамыз.  Өс, 
өркенде.  Біз  қартайғанда  туған  жерімізден  кете 
алмаймыз 
ғой, 
Алматыға 
Жұмакүл 
мен 
қарындасың Сәрсенді әкете бер», – дейді.  
Алматыға  келген  соң  зауыт  Ермекке  екі 
бөлмелі  үй  береді.  Ермек  енді  анасы  мен 

66 
 
қарындасын  қолына  көшіріп  алып,  перзенттік 
парызын  өтей  бастайды.  Зәуре  апаның  інісі 
Әбдікерім  Ермек  үшін  туған  әкесі  емес, 
нағашысыболып  қалған  еді.  Мәскеуде  оқып 
жүргенде  де    оған барып  тұрған  Ермек  Алматыға 
келген  соң,  ол  кісімен  қарым-қатынасын  үзбейді. 
«Әбеке» деп әрдайым құрметтеп отырады.  
«Бәти  апа  өте  мейірімді  кісі  еді,  –  дейді 
Ермектің қызы Нәзира. – Мектепте оқып жүргенде 
каникул  сайын  Көкарыққа,  Есбатыр  атаның үйіне 
қалай барсақ, Шуға, Бәти апаларға да солай барып 
тұратынбыз.  Өз  үйіміздегідей  асыр  салып  ойнап, 
арқа-жарқа болатынбыз. Бір үйде тұрғанда да Бәти 
апа  мен  Жұмакүл  апаның  арасында  ешқандай 
реніш болмайтын еді. Қазір де мен осы отбасының 
қаншалықты  зиялы  болғанын  қызыға  еске 
аламын».  
Еңбекқор,  қызметте  адал,  абыройлы  азамат, 
білікті  маман  Ермек  сол  кездегі  үкімет,  партия 
басшылығына  жақсы  танылып,  оны  1966  жылы 
Талдықорғандағы 
№2560 
автоколоннаның 
бастығы  етіп  тағайындайды.  1968  жылдан  бастап 
қайта  қалпына  келтірілген  Талдықорған  облысы 
автобасқармасының бас инженері, ал 1992 жылдан 
бастап бастығы, «Талдықорғанавтокөлік» АҚ-ның  
президенті қызметтерін атқарады.  
Осы  жауапты  қызметтерді  атқара  жүріп  ол 
өзіне  тән  күш-жігерімен,  әріптестерімен  бірлесе 
отырып,  аз  ғана  уақыт  ішінде  әкімшілік-басқару 

67 
 
және  шаруашылық  құрылымдарын  қалпына 
келтіруге,  оларды  нығайта  түсуге  қол  жеткізді. 
Ерекең  облыстағы  ауыл  шаруашылығының  жүк 
көліктерінің мәселесін көзін жұмып отырып шеше 
беретін  шебер  ұйымдастырушы  болды.  Ол  кісі 
туралы  қызметтестері  мен  достары,  тіпті 
жүргізушілерге дейін «өз саласының нағыз білікті 
маманы»  деп  айтатын  еді.  Ерекеңдей  айтулы 
азаматтардың  арқасында  қалпына  келтірілген 
облысәлеуметтік-экономикалық 
бағдарлама-
лардың орындалуына мүмкіндікалды.    
Ермек  өзінің  жұмысында  істің  жемісті 
болуы өндіріс командирлеріне ғана емес, сонымен 
қатар  өздерінің  тағдырын  автомобиль  көлігімен 
байланыстырған қызметшілерге де, олардың күш-
жігері  мен  кәсіптік  деңгейіне  де  байланысты 
екенін  үнемі  айтып  отыратын.  Инженерлер  мен 
мастерлерден,  барлық  деңгейдегі  басшылардан 
уақыт  пен  мақсатқа  сай,  өз  деңгейлерін  үнемі 
жетілдіріп отыруларын талап ететін. Оның тікелей 
қатысуымен жас мамандардың көпшілігі жауапты 
қызметтерге  жоғарылатылды.  Қазіргі  кезге  дейін 
олар 
абыроймен 
сенім 
үдесінен 
шығып,  
ойдағыдай еңбек етіп келеді.  
Ермек өзінің ерік-жігерінің мықтылығы мен 
белсенділігінің 
арқасында 
Талдықорған 
қаласындағы  №2560  автоколоннасына,  «КАМАЗ» 
автокомбинатына,  Техникалық  қызмет  көрсету 
жөніндегі 
автоорталығына, 
өндірістік 

68 
 
автобазасына, 
көлік 
агенттігіне 
арналған 
объектілердің, сондай-ақ Үшарал, Сарқан, Үштөбе 
қалалары  мен  Қапал  ауылында,  Сарыөзек 
стансасында  және  басқа  жерлерде  бүтіндей  жаңа 
өндіріс  объектілерінің  салынып,  пайдалануға 
берілуіне  үлкен  себепкер  болды.  Көптеген 
кәсіпорындар  тозығы  жеткен  станоктары  мен 
құрал-жабдықтарын 
жаңартып, 
парктер 
ауырсалмақты  жаңа  автомобильдермен,  отандық 
және 
шетелдік 
өндірушілердің 
жайлы 
автобустарымен толықтырылды.  
Тағы  бір  айта  кететін  жай  –  Ермек  ағаның 
басшы  ретінде  кәсіподақ  ұйымдарының  белсенді 
түрде  қатысуымен,  өндірісте  салауатты  өмір 
салтын  қалыптастыру  және  еңбек  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету мәселелеріне үнемі назар аударып 
отырғаны. Оның бұл ұстанымы кәсіподақ комитеті 
тарапынан  қолдау тауып, барлық кәсіпорындарда 
өздерінің қосалқы шаруашылықтары пайда болды, 
қызметкерлерді  және  олардың  отбасыларын 
көкөніс  және  мал  өнімдерімен  қамтамасыз  етуге 
мүмкіндік беретін ұжымдық бақ өсіру мен көкөніс 
шаруашылығы ұйымдастырылды.  
 
Талдықорған  қаласының  оңтүстік  және 
солтүстік  бөліктерінде,  сондай-ақ  Восточный 
шағынауданында  қызметкерлерге  арналған  жаңа 
тұрғын  үйлер  салынып,  балаларға  арналған  екі 
мектеп  жасына  дейінгі  комбинат  жұмыс  істеді. 
Ескелді  ауданындағы  Малиновка  ауылында 

69 
 
балалар 
мен 
оқушыларға 
арналған 
қала 
сыртындағы жаздық лагерь жұмыс істеді. 
 
Осы  және  автобасқарма  өткізіп  тұратын 
басқа да ізгі әрекеттердің ешқайсысы назардан тыс 
қалып  қоймай,  әрдайым  лайықты  бағасын  алды. 
Үкіметтің, 
Қазақстан 
кәсіподағы 
кеңесінің, 
Қазақстан 
ЛКЖООК-нің 
ауыспалы 
Қызыл 
Туымен,  Автокөлік  министрлігінің,  облыстық 
атқару  органының,  салалық  кәсіптік  одақтың 
Грамоталарымен,  Дипломдарымен  атап  өтіліп  
отырды.  
Ермек аға ұжымның және қаланың қоғамдық 
өміріне белсенді түрде қатысып отырған. Бірнеше 
рет  партия  және  кәсіподақ  органдарының  
құрамына, 
қалалық 
кеңес 
депутаттығына 
сайланған кездері де болды.    
 
Еңбекте  қол  жеткен  жетістіктері,  қоғамдық 
өмірге  белсенді  түрде  қатысқаны  үшін  Ермек 
Есбатыров  екі  рет  «Құрмет  белгісі»  орденімен 
және  көптеген  медальдармен,  грамоталармен 
марапатталған. 
 
Еліне қалтқысыз қызмет еткен Ермек ағаның 
жұмыста  да,  тұрмыста  да  қарапайым,  ізетті 
болғаны  оны  білетіндердің  бәріне  үлгі  болды.  Ол 
қол  жеткізгенге  мақтанып,  масаттанбайтын, 
керісінше біткен іске талдау  жасап, ұсақ та болса 
жіберген 
кемшіліктері 
мен 
олқылықтарын 
анықтап, өз ісіне де сынай қарап отыратын болған. 

70 
 
Қызмет  жайын  былай  қойғанда,  Ерекеңнің 
адамгершілік  қасиеттеріде  айрықша  болды.  Өз 
төңірегіндегі 
қызметкерлерді, 
тіпті 
жұмысшыларына  дейін  жатқа  білетін,  аттарымен 
атай  беретін.  Оларға  көмек  көрсетуден  ешқашан 
жазған  емес.  Ол  адамдарды  жақсы  көретін  және 
оларға 
сенім 
артатын. 
Жаңадан 
келген 
қызметкерлерді жұмыс жағдайларымен таныстыра 
отырып,  олардың  алдына  техниканы  ұқыпты 
пайдалану,  халыққа  мәдениетті  қызмет  көрсету, 
еңбек 
және 
жол 
тәртібін, 
моральдық 
сабырлылықты сақтау міндеттерін қоя білетін. 
Қандай  жауапты  қызметте  жүрсе  де 
Ерекеңнің  кіндік  қаны  тамған  туған  жеріне, 
отбасына,  туған-туысқандарына  мейірім-ілтипаты 
жоғары  еді.  Ол  өзінің  кішкене  ғана  ауылы– 
Көкарығын  ешқашан  ұмытқан  емес.  Туған 
әкесімен  араласып  тұрса  да,  өзін  үнемі 
«бектеміспін» деп айтудан жазған жоқ. Балаларын 
да  осылай  тәрбиеледі.  Балалары  да  өзі  сияқты 
Есбатыр атаның есімін алып келеді.  
Ерекең  жұбайы  Қыздан  екеуі  үш  бала 
тәрбиелеп,  өсірді.  Олардың  үлкені  –  1961  жылы 
туған  Талғат,  қазір  Талдықорғанда,  әке  жолын 
қуып,  «Автокөлік»  компаниясының  директоры 
болып қызмет атқарып жүр. Екінші баласы – 1963 
жылы  туған  Жанар,  мединститутты  бітірген, 
Шымкентте дәрігер. Кенжесі – Нәзира, 1965 жылы 
туған,  КазМУ-ді,  одан  кейін  Қазақ  менеджмент, 

71 
 
экономика  және  бағдарлау  институтын  (КИМЭП) 
бітірген, 
Астанада 
«Интергаз 
Центральная 
Азияда»  бас  менеджер  қызметін  атқарады. 
Немерелері Салтанат ҚМЭБИ-н (КИМЭП) бітіріп, 
Астанада  жұмыс  істейді,  Бейбіт  ММУ-ін    (МГУ)  
бітірген, ол да Астанада еңбек етуде. Алуа болса, 
отбасының 
мақтанышы. 
Талдықорғандағы  
Назарбаев  зияткерлік  мектебін  үздік  бітірген 
талантты қыз Англияға, информатикалық техника 
мамандығына  оқуға  барып,  екі  мың  талапкердің 
ішінде  грант  алған  бесеудің  бірі  болып,  оқуға 
түсті.  Бірінші  курста  білім  сынағынан  өткенде, 
білімінің тереңдігі жағынан қытай жігітінен кейін 
екінші орын алғанын туыстары мақтан тұтады.  
Білікті,  тәжірибелі  маман  Ермек  Есбатыров 
2001 жылдың 4 қазанында жүрек ауруынан қайтыс 
болады. 
2002  жылы  аяулы  азамат,  білікті  маман 
Ермек 
Есбатыровтың 
облыс 
ауыл 
шаруашылығына 
қосқан 
ұлан-ғайыр 
үлесі 
ескеріліп,  азаматты  есте  сақтау  мақсатымен, 
Талдықорған  қалалық  советінің  шешімі  негізінде, 
Талдықорған 
қаласындағы 
Восточный 
шағынауданындағы  орталық  көшелердің  біріне 
оның есімі берілді.  
 
БАТЫР АНА БАҚЫТЫ 
 
Құрметтер ел, жан болсаң затың жақсы

72 
 
Талай ғасыр жаңғырар Атың жақсы. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал