Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет2/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Төле би. 
 
Таңсәріде,  есік  алдындағы  тапшанда,  үрген 
иттердің, 
сайраған 
құстардың, 
енесінен 
ажырағысы  келмей  маңыраған  жас  төлдердің 
даусымен  ұйқылы-ояу  жатып,  аспан  көгіне  көз 
тастайтының  болады.  Бала  қиялың  көк  әлемін 
шарлап, 
шарықтайды-ау 
сондайда! 
Құстар 
демекші,  осынау  сарқырап  аққан  өзені,  көгілдір 
айдын  көлі  жоқ  кішкентай  ғана  ауылда  сайраған 
құс  қайдан  жүр  дейсіз  ғой?  Рас.  Дәл  біздің  ауыл 
суға  аса  бай  емес-ті.  Әр  үй  өз  бақшасын  таудан 
аққан  бұлақ  суымен  кезектесіп  суаратын. 
Дегенмен,  ауылдың  батысында,  дәл  біздің  тәп-
тәтті балалық шағымыздай, шағын елді қуанышқа 
кенелтіп 
тұратын 
көкпеңбек 
«орманымыз»  
болатын-ды.  Бұл  орман  жайлы  тоқталмасқа 
болмайды.Әсіресе  есімде  қалғаны  –  таңсәрідегі 
тал жақтан шыққан құстардың сан алуан сайраған 
үні.  Таң  қылаң  бергеннен  оянған  торғайдың  
безілдеген  шырылы,  көкектің  өзін-өзі  шақырған 
маңғаз да әдемі үні, құрлардың құрылы, қайсыбір 
құстардың  бірін-бірі  қуалап  сайраған  сан  түрлі 
құбылмалы  дауыстары  біріне-бірі  дес  бермей 
қосыла жөнелгенде, керемет бір сиқырлы дүниеге, 

37 
 
ну  орманға  кезіккендей  боласың.  Құстардың 
бірінен-бірі  өткен  әдемі  әуені  құлақ  құрышын 
қандырып, жан дүниеңді рахатқа бөлейді. Көзіңді 
жұм да, тыңдап жата бер! Бұрын-соңды көрмеген 
ертегілер  еліне  сүңгіп  кетіп,  өзіңді  бейтаныс 
әлемде сезінесің...  
Оны  ауыл  «Қанайыптың  талы»  дейтін. 
«Қайда  барасың?»  десе,    «Қанайыптың  талына», 
«Қайда  тұрады?»  десе,  «Қанайыптың  талының  ар 
жағында»  деп  айтыла  беретін-ді.  «Талдың»  бір 
жақ  шеті  жүзім  егілген  алаңқай  еді  де,  ал  екінші 
жақ  шеті  тұнып  тұрған  жеміс  ағаштарына  толы 
болатын.  Жүзім  ағаштарының  аласа  болып 
тарбиып  өсетінін,  ал,  тұт  жемісінің  кәдімгі  ағаш 
басындағы 
ақшылтым 
бүлдірген 
тәрізді 
болатынын  көргеніміз  сол.  Біздің  кейде,  түс 
әлетінде үйден қашып барып жармасатынымыз да 
осы  тұт  ағашы.  Тарбиып  өсіп  тұрған  ағаштың 
жұп-жуан бұтағына жабысып ал да, қолың жеткен 
жердегі мөлдіреп пісіп тұрған тұт «бұршақтарын» 
теріп, ауызға ұра бер! Таңдайға салып бір басасың 
да, жұта бересің! Тәттілігі тіл үйіреді-ау, шіркін!  
Талдың ішінде бұдан басқа жеміс ағаштары 
да, жай қараталдар да жеткілікті. Олар кәдімгідей 
арық 
тартылып, 
жүйек-жүйек 
болып 
отырғызылғандықтан  жиі  суарылатын  болса 
керек,  талдың  іші  әрдайым  көкпеңбек,  жабайы 
шөптер  тұтасып  өсіп,  олардың  арасында  әр  түрлі 
көк,  қызыл,  сары  гүлдер  жайқалып  тұрады.  Мен 

38 
 
кішкентай кезімде әрдайым «ит тұмсығы өтпейтін 
қалық  орман»  деген  тіркесті  оқығанда,  осы 
өзіміздің  «Қанайыптың  талындай  шығар»  деп 
ойлайтын едім...  
Осы  шағын  «орманды»  қолдан  жасап, 
балдай  тәтті  бала  ойын  жеті  қат  аспанға 
шарықтатқан,  қиялына  қанат  байлап,  жүрегіне 
әдемі  әсер  құйған,  өміріне  нәр  берген  кім  дейсіз 
ғой? Ол  – менің Түрғанкүл  – Тұрсын құрбымның 
әкесі  –  Қанаев  Омар  деген  кісі.  Есімі  ауылдағы 
аталардың  бірінің  атына  ұқсас  болғасын,  бүкіл 
бораншы  әулетінің  әйелдері  ол  кісіні  өз  атымен 
атамай  (бай  баласында  «Қара  молда»  деген  лақап 
атпен  әйгілі  болған  Омар  атты  үлкен  кісі  болған 
екен),  «Қанаев»  деген  тегін  бұрмалап  алып, 
«Қанайып» деп кетіпті.  
Бұл  ретте  мен  атақты  Әлімқұл  бидің 
немересі,  бірнеше  жыл  Ақыртөбедегі  ауылдық 
кеңестің  төрағасы  болған  Нәметқазы  ағамыздың 
жұбайы  –  аса  зерделі,  зерек  жан  Жібек 
жеңгеміздің  жазбалары  мен  Нәмет  ағайдың 
естеліктеріне үңілген абзал болар деп шештім. 
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары. Ауылға 
сол  кездегі  Қызыл  отаудың  бастығы  болып 
Шымкент  облысы,  Арыс  бекеті,  Ленгір  деген 
жердің  тумасы  Қанаев  Омар  деген  жігіт  келеді. 
Руы – қоңырат, үш ағайынды жігіттің ортаншысы 
екен.  Тастан  деген  ағасы,  Тұрғанбай  деген  інісі 
бар.  Ол  кісі  әуелі  Ақыртөбеге  Сағыздың  бастығы 

39 
 
болып 
келді. 
1927 
жылы 
Ақыртөбедегі 
аурухананы,  мектепті  соқтырған  да  осы  кісі 
деседі. 
Отыздарға  таянған,  бірақ  әлі  үйленбеген 
жігіттің  ауылға  келгенде,көзі  ә  дегеннен-ақ 
Әлімқұл  би  атаның  Смайыл  атты  ұлынан  туған 
тұңғыш  немересі  15  жасар  Нұрпану  атты  қызға 
түседі. Бота көздері мөлдіреп тұратын, аққұба өңді 
бүлдіршін  бойжеткенді  көргенде,  дәл  осы  қызбен 
ғана  болашақ  бақытты  өміріне  жол  ашылардай 
сезінді. 
Кеңестің 
шаш 
етектен 
келетін 
жұмыстарынан қолы қалт ете қалса, осы мәселені 
қалай  шешу  керектігі  жайлы  ойлаумен  болды. 
Қазақ  қыздары,  әсіресе  мынадай  бұғанасы 
қатпаған жас бала өз еркімен тұрмыс құру жайлы 
ойлар  дейсіз  бе,  оның  үстіне  өзі  бай,  өзі  би  ата 
немересін  әлдеқашан  біреуге  атастырып  та 
қоюымүмкін  ғой.  Сұрастыра  келе,  анықталғаны: 
би ата расында да бұл немересін Шу өңіріндегі бір 
байдың ұлына  бермек  болып,  қалың  малын  алып, 
жасауын  дайындап  қойған  екен.  Омардың  қызға 
құда түсіп алуға  шамасы жоқ, өзі – Кеңестің өкілі, 
қыз – байдың қызы.  
Қызға  ынтығы  ауған  жігіт  бір  күні  осы 
атаның күйеу баласы Шарғын атты милиционерге 
қызды  қалай  да  қызыл  отауға  алып  келуге 
тапсырма  береді.  Шарғын  би  үйде  жоқ  кезде 
қыздың  үйіне  келіп,  «Қыз  қайда?»  деп  зіркілдеп, 
айғайды  сала  бастайды.  Сол  кезде  біреу 

40 
 
сасқанынан  «отауда!»  деп  көрсетіп  жібереді. 
Анасы Кеукердің «Қыз бесінде түйе қарап кеткен» 
деп  шырылдағанына  қарамай,  ентелеп  үйге  кіріп 
келген  жігіттер  үйді  тінтіп  жүріп,  төсектің 
астында  тығылып  жатқан  жас  қызды  суырып 
алады.  Бақыртып-шақыртып  атқа  отырғызып, 
қызыл  отауға  қарай  тартып  отырады.  Би  ата  келе 
сала  болған  жайды  естіп,  дереу  «Қызыл  отауға» 
тартады.  Бара  салысымен 
отаудың  есігін 
тоқпақтап,  қиғылық  салады,  айғайлап  шатақ 
шығарады.  Сол  кезде  қызыл  отаудың  бастығы 
Омар сыртқа шығып, «Қызыңыз өз еркімен келді, 
нанбасаңыз,  мінеки»  деп,  қыздың  бармағы,  мөр 
басылған заңды қағазды көрсетіпті. Қарияны ішке 
кіргізіп,  етек-жеңі  қысқа  көйлек  кигізіп  қойған 
қызын  көрсетеді.  Мына  жағдайды  көрген  қарттар 
жылап-сықтап  үйлеріне  қайтады.  Менің    жан 
досым,  балалық  шақтың  бал  дәмін  бірге  татып, 
құлын-тайдай бірге өскен құрбым Тұрсынның ата-
анасының  жұбай  өмірінің  басталуы  осындай 
керемет, әдемі хикая еді. 
Бұл  –  кеңес  үкіметінің  дүрілдеп,  би  атаның 
«мені  қай  күні  ұстап  әкетеді»  деп  өз  басынан 
қорқып  жүрген  кезі.  Әйтеуір,  бір  жақсысы,  күйеу 
балалары  Омардың  арқасында,  сол  кезде  жер 
аударылғалы  жатқан  Әлімқұл  би  ата,  Әсіл  ата, 
Төребек  аталар  қудаланбай,  туған  жерінде  аман 
қалған екен.  

41 
 
Осылайша  Омар  мен  Нұрпану  отау  құрып, 
он екі перзент сүйген, олардың екеуі ғана – Мәрия 
мен  Тұрғанкүл  (көпшілік  «Тұрсын»  деп  атап 
кеткен)  қалған.  Әңгіменің  басында  баян  етілген, 
құстары  сайрап,  мәуесі  албырап  пісіп  түратын 
ауыл  бағы  –  осы  Омар  азаматтың  еңбегі.  «Әке  – 
балаға  сыншы»  деген  рас-ау.  Омекең  көзінің 
тірісінде үлкен қызы Мәрияға: «Сен қанша пысық 
болсаң  да,  ошақтың  үш  бұтынан  аспайсың,  болса 
осы Тұрғанкүлімнен бірдеңе шығады» дейді екен. 
Расында да мінезі бірсыдырғы байыпты, еңбеккер 
жан  Мәрия  әпке  ауылдағы  Қалдыбек  ағайға 
тұрмысқа  шығып,  8  бала  сүйді.  Ағай  да,  әпке  де 
өмірден  озды,  бірақ  олардан  алтындай  балалар 
мен  27  немере,  20  шөбере  қалды.  Ал  Тұрсын 
болса,  1965  жылы  Алматыдағы  медицина 
институтына түсіп, оны өте жақсы бітірді де, ұзақ 
жылдар  Тараз  қаласында  балалар  дәрігері  болып 
қызмет  істеді.  Білікті  маман  ретінде  құрмет-
лауазымның  иесі  болды.  Жары  Әділбай  (ертерек 
қайтыс болды) екеуі Дина, Бауыржан атты екі бала 
сүйіп,  Тұрсын  да  қазір  немере  сүйді.  Қазір 
Нұрпану  апа  да  өмірден  озған.  Ешкімге 
жаманшылығы  жоқ,  әрдайым  күле  сөйлейтін, 
мейірім-қайырымы мол жан еді марқұм. 
Омар  аға  кезінде  Ақыртөбе  бойынша 
тұрғындардың  бәріне  жүзім  жегізді.  Жүзім 
ағаштары туралы ол кезде ешкім білмейтін, жүзім 
өсіру  мәселесі  аудан  бойынша  бірінші  болып 

42 
 
біздің  ауылда  ғана  көтеріліпті.  Омар,  бұл  ғана 
емес, ауылдан жоғары, Шолаққайыңдыға қарай да 
5-6  арық  тартып  тал  екті,  мақсаты  –  ауыл 
сыртында үлкен әдемі саялы бақ жасауболғанекен. 
Ауыл ішіндегі бақты дуалмен қоршатты. Баққа ол 
кезде рұқсатсыз бір адам кірмейтін. Нәмет ағаның 
айтуынша,  Омекең    бақ  ішіндегі  арықтарды 
жалғыз өзі қолмен тартқан көрінеді. Кеңес үкіметі 
орнап,  ел  шаруашылықпен  айналысқан  кезде  де 
Омар  аға  елдің  еңбек  ақысына  піскен  жеміс-
жидектерден,  көкөністерден  таратып  беріп, 
халықты  аштыққа  ұшыратпаған  көрінеді.  Өзі  де 
тұрмыс-жайға  ұқыпты,  ауыл  ішіндегі  ішіп-жемі 
тоқ отбасы болып саналған. Ел ішінде «Қанайып» 
атанған еңбекқор, ақылды, пысық жігіт осылайша 
жат  жерге  сіңісіп  кетіп,  аса  үлкен  беделге  ие 
болған көрінеді.  
1955  жылы  «ішім  ауырды»  деп  ауруханаға 
барады да, ертеңінде қайтыс болды.  
Халықта «Ер адам артымда ізім қалсын десе 
үй соғуы, тал егуі және ұл өсіруі керек» деген сөз 
бар  ғой.  Омар  аға  –  осынау  ұлағатты  өсиеттің 
барлығын  да  іске  асырған  азамат.  Ол  кісіден  бір 
емес,  бірнеше  үй,  дәл  бұрынғыдай  жеміс  беріп 
тұрмаса  да,  өмір-бақи  көгеріп,  көктеп,  бүгінде 
халықтың  игілігіне  жарап  тұрған  мәуелі  бақ,  ұл-
қызы аралас ұрпақ қалды.  
 
 
КҮЗЕТ ҚЫРАНЫ 

43 
 
 
Жақсыдан жаның жадырар, 
Асылғандай еркелей. 
Көтерілер көңілің 
Ойнақтаған серкедей. 
Өзібек ақын. 
 
Өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Жамбыл 
(қазіргі  Тараз)  қалалық,  ондағы  Завод  аудандық 
ішкі  істер  бөлімін  басқарған  милиция  полковнигі 
Нұрәділов  Қасабек  елге  танымал  азамат  болды. 
Мен ол кісіні бір ғана рет көргенім есімде.  
1984  жылы  Тараз  қаласындағы  Абай 
атындағы  орта  мектепті  басқарып  жүрген  кезім. 
Түстен кейінгі мезгілде, күтпеген жерден, қайдан, 
қалай  пайда  болғанын  білмеймін,  мектептің 
екінші, үшінші қабаттарына қолқаңды жарған ащы 
түтін  жайыла  бастады.  Қабаттардағы  оқушылар 
көздері  мен  құлақтарын  түтіннен  қорғап, 
шуылдасып  кетті.  Тіпті,  үрейленгендері  сонша, 
кабинет  терезелерінен  сыртқа  секіруге  ұмтыла 
бастағандары  да  болды.  Жыламсырап,  шулаған 
балалардың дауысы құлақ жарады. Мұғалімдер де 
үрей  құшағында,  оқушылармен  бірге  қарбаласқа 
түсіп,  әрлі-берлі  сабылып  жүр.  Өрттен  бе,  әлде 
әдейі  жасалған  қастандықтан  ба,  білмеймін, 
әйтеуір  бір  сұмдықтың  болғаны  рас.  Дереу  өрт 
сөндірушілерге  телефон  шалдым.  Сәлден  соң 
сиреналары  шуылдап,  қатарынан  бірнеше  өрт 
сөндіргіш  машина  келіп  жетті.  Өрт  сөндірушілер 

44 
 
келе  салысымен  дереу  мектеп  үйінің  сыртынан 
ұзын-ұзын 
сатыларын 
терезелерге 
тақап, 
оқушыларды  бірінен  соң  бірін  жылдамдатып 
жерге  түсіре  бастады.  Бірте-бірте  мектеп  ішіндегі 
ащы  түтін  де  сейілгендей  болды.  Мәселе 
айқындалды.Бұл  «дымовая  шашка»  деп  аталатын 
түтемені  тұтатып,  жоғары  қабатқа  көтерілетін  екі 
баспалдаққа 
лақтырып 
жіберген 
бұзақы 
балалардың тірлігі екен. Әйтеуір, әбүйір болғанда
балалардың  денсаулығына  зақым  келмей,  осынау 
дүрбелең тез аяқталды.   
Ендігі  уайым  –  мектептегі  тәрбие  жұмысы 
мәселесінің  аудандық,  қалалық  оқу  бөлімдерінде 
даурыға  талқыланатыны  болды.  Ал  ақпарат 
аудандық  ішкі  істер  бөліміне  барады.  Ол  кезде 
басшының  көбі  орыс  ұлтынан,  аяушылық  күте 
алмайсың.  Әлдекімдердің  ақылымен  мен  Завод 
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұраділов 
Қасабек мырзаға бардым. 
Кең  кабинеттің  төрінде  отырған  зор  денелі, 
милиция  полковнигі  шеніндегі  кісіге  таянғанша 
тілерсегім дірілдеп, үрейден үрей қалмады.  «Неге 
келдім,  өзім  кінәлі  бола  тұрып  бұл  бейтаныс 
кісіден қандай көмек сұрамақпын?!» 

 
Келіңіз, отырыңыз! 
Бастық  маған  алдындағы  тұмсықша  үстелді 
нұсқады.  Мен  жалтақтай  қараған  қалпымда 
орындыққа 
батылсыздау 
жайғастым. 
Дегенмен,алпысқа  таянған  аққұба  өңді  ел 

45 
 
ағасының  жүзінен  сабырлылық  байқалғандай 
болды  да,  өзімді-өзім  біраз  қолыма  алуға 
тырыстым.  Қалай  болғанда  да  мен  де  бір 
мекеменің басшысымын ғой... 

 
Ағай...  
Күмілжіңкіреп  отырып  болған  жайды 
баяндадым. Сосын «Айран сұрап келіп, шелегіңді 
жасырма»  дегендей,  түпкі  ойымның  да  шетін 
шығардым.  

 
Мен Көкарықтың қызы едім... бектеміс...  
Алдымда 
отырған 
кісі 
аздап 
қозғалақтағандай болды. 

 
Кімнің қызысыз? 

 
Әлтай деген кісінің... 

 
Әкеңіз бар ма? 

 
Жоқ... 

 
Қанша 
жыл 
болды 
мектеп 
басқарғаныңызға? 

 
Биыл екінші жыл... 
Ағай аз үнсіздіктен соң: 
–Жарайды,  қарындасым,  бара  беріңіз. 
Еңбегіңіз  жемісті  болсын,  –  деді  де  орнынан 
тұрып,  маған  қолын  ұсынды.  Осындай  үлкен 
кісінің  әңгімені  қысқа  қайырып  қана  қоймай, 
ілтифат  жасап  тұрғанына  қатты  риза  болдым. 
Қолымды  беріп  қоштасып  тұрып,  ағайдың  кең 
маңдайлы  аққұба  өңіне  тағы  бір  рет  анықтап  көз 
салдым: өңі аса мейірімді, жүзі жылы жан екен.  

46 
 
Менің  мектебімде  болған  төтенше  жағдай 
туралы еш жерде әңгіме көтерілмеді... 
Қасабек  ағайдың  тегіне  келетін  болсақ,  біз 
Шіркейден  (Ханкелді  баласы)  тарасақ,  ол  кісі 
Шірікбайдан тарайды екен. Мүсір атадан Кембай, 
Кембайдан 
Талқанбай, 
Қожабек, 
Жұмабек; 
Талқанбайдан 
Мәмеш, 
Ағәділ, 
Нұрәділ; 
Қожабайдан  Сыдық,  Қасен,  Рахман;  Нұрәділден 
Қасабек  (Қонысбай,Сәрсенбек  атты  екі  бауыры 
болған  екен,  бірақ  олар  хабарсыз  кетіпті).  Осы 
аталғандардың  ішінде  Қожабектің  Қасені  ел 
ішінде  белсенділік  танытып,  біраз  қызметтер 
атқарса  керек.  Ынтымақта  қолхоз  ұйымдасқанда, 
сонда  бастық  болыпты,  кейін  сельпода  қызмет 
істепті.  1929  жылы  туған,  кішкентайынан  жетім 
өскен  бала  Қасабек  осы  Қасен  ағасының 
тәрбиесінде  болады,  сол  кісінің  қамқорлығының 
арқасында аяғына тұрады.  
Тойған  қозыдай  топ-томпақ,  момақан, 
сонысымен  де  аса  сүйкімді  Қасекең  жас  кезінде 
кітапты  көп  оқитын  зерек  бала  болса  керек. 
Ауылда  оны  білетін,  көрген  ағайын-туыстар  «әй, 
осы  баладан  түбі  бірдеңе  шығады  құдай  қаласа» 
деп үміттенген көрінеді.  
Ел  тұрмысының  ауыр  кезеңі.  Қасекең 
еңбекке  ерте  араласады.  1947  жылы,  он  сегіз 
жасында  Луговойда,  темір  жолда  стрелочник 
болып  еңбек  жолын  бастайды.  Сол  18  жасында 
болашақ  жары  Әминамен  танысып,  отбасын 

47 
 
құрады.1949  жылы  талапты  бала  жігіт  Аягөз, 
Түркістанның, 
одан 
кейін 
Самарқанның 
техникалық  мектептерін  бітіріп,  техникалық  
мамандықты меңгереді. Оқу бітіріп келген соң, ол 
Үшбұлақта,  Луговойдың  НОД-5  стансасында 
станса  бастығының  көмекшісі  болып  жұмыс 
істейді.  
Темір  жол  жүйесіндегі  жұмыс  барысында 
қатаң  тәртіп  талап  етуге  дағдыланған  Қасабек 
1955 жылы Луговой аудандық милиция бөлімінде 
учаскелік  милиционер  болып  қызмет  істей 
бастайды. Жұмыс барысында қоғамдық орындарда 
қатаң  тәртіп  орнату  мен  оны  талап  етуді  еркін 
меңгереді. Қасекең көп ұзамай ССРО ІІМ-нің орта 
арнаулы  мектебіне  оқуға  жіберіліп,  онда  екі  жыл 
оқып,  білім  алады.  1958  жылы  Талас  аудандық 
атқару  комитетінің  милиция  бөлімінде  тергеуші 
болады,  содан  соң ол  Талас,  Шолақтау  аудандық, 
Жамбыл  облыстық  атқару  комитеттерінің  тергеу 
бөлімдерінде оперативтік өкіл қызметін істейді.  
1963-1966  жылдары  Шу  аудандық,  Жамбыл 
облыстық 
ішкі 
істер 
басқармалары 
бастықтарының  орынбасары,  ал  1966  жылдан 
бастап  1974  жылға  дейін  Жамбыл  облысы 
Жамбыл  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  бастығы, 
1974-1976  жылдары  Жамбыл облыстық  Ішкі істер 
басқармасында  бөлім  бастығы,  ал  1978–1985 
жылдар арасында Жамбыл қаласы Завод аудандық 
ішкі істер бөлімін басқарады.   

48 
 
Қасабектің 
қолында 
қызмет 
істеген 
Нұрсовет  Қасеновтың  айтуынша,  ол  кісінің 
Қазақстан  бойынша  бірінші  рет  ДНД-ны  (Ерікті 
халықтық  жасақтар)  ойлап  тауып,  әрбір  еңбек 
ұжымын  белгіленген  кесте  бойынша  кешке 
(түнде)  болатын  кезекшіліке  тартады.  Әрбір 
ұжымның  міндетті  түрде  өзіне  міндеттелген 
территориясы  болады  да,  ұжым  сол  территорияға 
жауапты  болып  есептеледі.  Ішкі  істер  бөліміндегі 
журналға  кезекшіліктің  қорытындысы  міндетті 
түрде  жазылып  тұратын  болады.  Қасекеңнің  бұл 
идеясы (ДНД) республика бойынша қолдау тапты. 
Бұл  идеяны  тіпті  Мәскеу  де  қолдайды.  1970 
жылғы  Мәскеуде өткен Олимпиада кезінде де осы 
бастама көп нәтиже береді.  
«Ол  кісі  өкімет  жұмысына  шын  берілген 
азамат  еді,–  дейді  Қасекеңмен  жиі  араласып 
тұрған  Адайбек  аға.  –Тік  жүріп,  тік  тұратын, 
ешкімге  жаманшылығы  жоқ,  әлдекімнің  ісі  түсіп, 
бір  сұраныспен  алдына  бара  қалса,  ешқашан 
меселін  қайтармайтын.  Біз  Қасекеңнің  отбасымен 
көп  араластық.  Менің  жұбайым  Меруерт  марқұм 
өте  көпшіл,  бауырмал  жан  еді.  Қасекеңді  «аға», 
әйелі  Әминаны  «жеңге»  деп,  әрдайым  құрмет 
тұтатын  да,  ол  кісілер  үнемі  құрметті  қонағымыз 
болатын.  Артық-ауыс  сөзі,  әрекеті  жоқ  сабырлы 
Қасекең  балаларына  да  жақсы  білім  әперді,  олар 
да  адамгершіліктері  жоғары,  сәлемі  түзу,  қазақи 

49 
 
алыс-берісті  жақсы  білетін  қонақжай  жандар 
болып өсті».  
Қасекең 
адал, 
үлкен 
жауапкершілікті 
қызметкер  ғана  емес,  абзал  әке  де.  Ол  кісі  Раиса, 
Роза,  Ұлпан,  Қалиман  атты  қыздары  және 
Бақытжан  атты  ұлының  жоғары  білім  алып, 
өмірден өз орындарын табуларына көп ықпал етті.  
Оларды 
үйлендірді, 
қызық-қуаныштарына 
ортақтасты. Бұл тұрғыда да Адайбек аға өз пікірін 
ортаға салды.  «Қасекеңнің Қызылордада бір қызы 
бар,  аты  –  Ұлпан.  Өзі  Ұлпан  десе,  Ұлпан,  өте 
жақсы бала. Өзі де бір жақсы жерге барды. Қайын 
атасы  да  (Елеу  Көшербаев),  қайнағасы  да,  өзінің 
күйеуі де үлкен қызметтегі адамдар. Бірақ сондай 
кішіпейіл,  жақсы  жандар.  Ұлпанның  әпкесі  Рая 
қайтыс болғанда, барлығы келіп, бата қылып кетті. 
Табақтас  болдық.  Ұлпанның  өзі  келіп,  туған-
туысқандарын, жегжат-жұрат, таныстарын жинап, 
ата-анасына,  бақилық  болған  әпкесіне  құран 
оқытып, үлкен сауапты іс жасап кетті». 
Расында  да  Қасекең  құдаларымен  қоян-
қолтық 
араласып, 
нағыз 
туысқандардай 
ынтымақта 
өмір 
кешкен 
екен. 
Әсіресе 
Қызылордадағы  ұзақ  жылдар  үкімет  пен  партия 
қызметтерінде  болған  Елеу  Көшербаевпен  құда 
ғана емес, нағыз сырлас достардай болған еді. 
«Жақсыдан  жақсы  қалса  бір  ғанибет». 
Қасекеңнің  үлкен  қызы  Раиса  Трансагентствода, 
одан  кейін  Тараз  мемлекеттік  университетінде 

50 
 
әкімшілік  қызметте  жұмыс  істеген.  Өмірден 
ертерек  озды,  артында  Қайрат,  Ләйлім,  Талғат 
атты  балалары  қалды.  Екінші  қызы  Роза 
Жамбылдағы Теріні алғашқы өңдеу фабрикасында 
жұмыс  істеп,  алғашқы  партия  ұйымының 
хатшысы  деңгейіне  дейін  көтерілді.  Оның  да 
Тахмина,  Зарина,  Сания  атты  үш  бірдей 
бойжеткен  қыздары  бар.  Ұлпан  болса,  медицина 
институтын  қызыл  дипломмен  тәмамдаған, 
фармацевт.  Оның  жұбайы  Айтбай  Көшербаев  - 
Қызылорда  облысына  белгілі  тұлға,  Қызылорда 
қаласының  әкімі,  Қызылорда  облысы  әкімінің 
орынбасары 
қызметтерін 
атқарды. 
Қазір 
Қызылордадағы 
мұнай 
компаниясы 
бас 
директорының  орынбасары  қызметін  атқарады. 
Ұлжан, Ақмарал, Досбол, Айборан, Рысалды атты 
ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.  
Қасекеңнің  жалғыз  ұлы  Бақытжан  темірге 
жан  салатын  механик.  Әлия,  Ботагөз  деген 
қыздары  бар.  Қасекеңнің  ең  кіші  қызы  Қалиман 
жоғары  білімді  педагог,  әке-шешенің  қара 
шаңырағында  отыр.  Ұлы  Нұржан  мемлекеттік 
қызметте.  
Қасекеңнің ағасы Нұрадилов Қонысбай Ұлы 
Отан соғысына кеткен, хабарсыз. Оның туған жері 
Ақыртөбеде  соғыс  ардагерлерін  еске  алу 
тақтасында  есімі  жазулы.  Інісі  Қасенов  Нұрсовет 
ҚазМУ-ді бітірген, ұзақ жылдар (35 жыл) Жамбыл 
зооветеринарлық-малдәрігерлік 
техникумында 

51 
 
студенттер  тәрбиелеп,  соңғы  жылдарда  Тараз 
қаласындағы  Әулиеата  университетінде  дәріс 
оқыды. 
Қазір 
зейнетте, 
бірақ 
қоғамдық 
жұмыстармен айналысады.  
Қасекеңнің  жүрген  жерінде  кездескен 
адамдардың көңіл күйін көтеріп, күлдіріп жүретін 
әдеті 
болатын-ды. 
Қолынан 
келгенше 
төңірегіндегілерге,  жетім-жесірлерге  қамқорлық 
жасайтын. 
Атақты 
композитор 
Шәмші 
Қалдаяқовты 
да 
Таразға 
келген 
сайын 
орналастырып,  оған  өзінің  бауырындай  шынайы 
қамқорлық  жасайтын.  Денсаулығына  да  мән 
беретін.  Жұмысындағы  жас  жігіттердің  білімін 
көтеріп,  біліктілігін  арттыруды  да  назардан  тыс 
қалдырмаған.  Мысалы,  қарамағындағы  жай 
қызметкер Бектұрғанов Оразды тәрбиелеп, Жуалы 
аудандық  ІІБ-нің  басшысына  дейін,  кейінірек 
Тараз  қаласындағы  Орталық  аудандық  ІІБ-нің 
басшысына дейін өсірді.  
Халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  абзал 
азамат, 
милиция 
полковнигі 
Қасабек 
аға 
Нұрадилов  2009  жылы  ауыр  науқастан  дүние 
салды.  Парасаты  мен  пайымын,  білімі  мен 
тәжірибесінқоғам  мен  халқының  қажеті  үшін 
сарқа  жұмсағанардақты  азамат  тыныштық  пен 
бейбіт  өмірдің  күзет  қыраны  ретінде  өскелең  
ұрпақтың есінде мәңгі қалары сөзсіз. 
 
 

52 
 
ХАЛҚЫНЫҢ ҚАМЫНОЙЛАҒАН 
 
Ежелден ел тілегі –ер тілегі, 
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал