Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет10/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
АҚ ТІЛЕК 
 
Қолымызға 
аттестатымызды 
алып, 
мектеппен  қоштасқалы  едәуір  уақыт  өтті. 
Қуанышы  мен  қайғысы  аралас  бір  беймәлім 
күндер өтіп жатыр. Қуанышы дейтінім – мектепті 
«4»  пен  «5»ке  бітіріп,  жоғары  оқу  орнына  баруға 
жол  ашылғаны.  Ал,  қайғысы  дегенім,  құдай 
адамның  басына  бермесін,  атамның,  менің  асқар 
тау  алыбым  –  әкемнің  айықпас  науқасқа 
ұшырағаны.  
Ерте  көктемде  таңертең  есіктің  алдына 
шықсам,  атам,  жанында  құманы,  кішкентай 
орындықта үнсіз төмен қарап отыр екен. Қолын да 
сүртпепті, екі тізесінің үстіне қойып алыпты. Өңі, 
бұрынғыдай емес, сұп-сұр.  
–  Ата,  не  болды,  тыныштық  па?  –  дедім 
жақындап. 

246 
 
Атам аз-кем үнсіздіктен соң: 
–  Білмеймін,  қарағым,  кеше  Дәулетқұлдың 
үйінен  күріш  жегенімде,  бір  қасығы  түйіліп, 
тамағымнан  әрең  өтіп  еді,  содан  бері  тамағымда 
әлі  бірдеңе  түйіліп  тұрған  сияқты,  біртүрлі... 
түсіне  алмай  отырмын,  –  деді  мұңайып.  Жаным 
ашып кетті. Мен атамның еңкіштеу жауырынынан 
құшақтап, еңкейіп бетінен сүйдім. 
–  Қойшы,  ататай,  несіне  қорқасыз?  Түйіліп 
жұтқан  күрішіңіздің  орны  ауырып  қалған  шығар. 
Қаймақ  қатып,  ыстық-ыстық  шай  ішіңіз.  Жүріңіз, 
көрпеге отырыңызшы, мен шай жасайын. 
Атам,  үндемеген  қалпы,  орнынан  тұрып, 
дастарханға келді. Қолына берген шайды асықпай 
жұтып  отырды.  Бірақ  өте  абайлап,  байқап, 
бірдеңеден  күдіктеніп  жұтатын  сыңайлы.  Мен  де 
Байту  мен  Ғазизаға  тамақ  берген  болып,  аракідік 
көз  қиығымды  тастап  қоямын.  Бір  кезде  отын 
арқалап 
апам 
келді. 
Қабағы 
салыңқы. 
Арқасындағы  жантақты  шешіп  тастай  салды  да, 
біздің  жанымызға  келіп,  кебісін  асығыс  тастай 
бере, атама қарап: 

 
Қалай, жақсысың ба? – деді. 
–  Шүкір,  –  деді  атам  жай  ғана.  Көзін 
көтермеді.  
Тұнжырап отырып шай іштік.  
Не  керек,  атам  күннен-күнге  әлсірей  берді. 
Көп  кешіктірмей,  Күліш  әпкем  таксимен  келіп, 
атамды қалаға дәрігерге көрсетуге алып кетті. Екі 

247 
 
күнде  қайтып  әкелді.  Көңілсіз.  Атамды  ішке 
кіргізіп  жатқызды  да,  апам  екеуі  оңаша  біраз 
сөйлесті.  
Белгілі  болды:  атам  –  ауру.  Жазылмайды. 
Дәрігер:  «дайындала  беріңіздер,  төрт-бес  ай  өмірі 
қалды» депті. Төбемізден жай түскендей болды. 
Ентігіп,  әлсіреп,  буын-буыны  босап  атам 
жүр.  Жанары  мұңға  толып,  ертелі-кеш  тірлігін 
істеп,  сылпылдап  апам  сорлы  жүр.  Салым  суға 
кетіп мен жүрмін. «Әкем сорлының жайы мұндай 
болғанда,  маған  ненің  оқуы?!»  Бұл  уайым  менің 
жанымды  атамның  ауруынан  артық  жемесе,  кем 
жеп  жүрген  жоқ.  Бірақ  оны  айтпаймын,  ішімде. 
Дегенмен,  уақыт  бола  қалса,  қазақ  тілі  мен 
әдебиетке, 
тарихқа 
дайындалып 
қоям. 
Шығармаларымды  реттеп,  түгендеймін.  Бұл  – 
менің емтихандарға дайындалғаным... 
Таңертең  балғаның  тықылынан  ояндым. 
Тық-тық,  тық-тық,  тық-тық.  Терезеден  сыртқа 
қарасам,  атам,  басындағы  тақиясының  сыртынан 
орамал  шандып  алыпты,  бір  кішкентай  шалғыны 
төске  салып,  шыңлап  отыр  екен.  Есіме  түсті:  ол 
кісі  таяуда  жеті  жасар  Байтуға  арнап,  ескі 
шалғыны  кесіп,  кішкентай  шалғы  жасаған 
болатын.  «Баланы  шалғы  тартуға  үйретейін»  деп 
айтқан-ды. Сол ғой. Жуынып, жанына бардым.   
– Не істейміз, ата, жоңышқа шабамыз ба? 

248 
 
–  Иә,  балам,  жоңышқаның  сабағы  қатайып 
барады, шауып тастау керек... Байтудың да қолына 
шалғы ұстатайын деп ем... Үйрене берсін...  
Демігіп отыр. Апыл-ғұпыл таңғы шайды іше 
салдық  та,  баланы  ертіп,  үшеуіміз  шарбаққа, 
жоңышқаға  кеттік.  Шіркін-ай.  Бір  жүйекті  бір-ақ 
деммен  шауып  шығатын  қайран  атам,  төрт 
демалып, жүйектің басына әзер жетті. Мен де аса 
көсілте  қоймаймын.  Байту  бала  ғой,  тіпті  тыпыр-
тыпыр.  Шынында  да  атам  болмаса  бұл  үйдің 
шаруасының  күйзелетініне  менің  көзім  енді  анық 
жетті.  
Жоңышқаны біраз жәукемдеп, үйге беттедік. 
Атам  жуынып,  үйге  кірді.  Бойы  бүгіліп,  едәуір 
еңкіштеніп 
қалыпты. 
Жастықты 
биіктетіп 
қойғызды  да,  көзін  жұмып,  ұйықтағандай  болды. 
Байқаймын, көз жанары ғана емес, жағы  да суала 
бастаған.  Тамаққа  зауқы  жоқ.  Жарықтық,  осы 
аурудан  кеткендерді  көрген  ғой.  Сезеді.  Тамақты 
өте  сақтықпен,  аздап  қана  аузына  алады.  Бірақ, 
әйтеуір,  қимылдап  қалған  ширақ  кісі  емес  пе, 
отырып 
қалғысы 
келмейді, 
кіріп-шығып, 
жыбырлап жүреді.   
Сенбіге  қарай  үйге  қаладағы  Күліш  әпкем 
мен  Рамазан  жездем  келді  артынып-тартынып.  
Соңғы  кездері  олар  үйге  ұн-пұн,  қант-шай,  түрлі 
мата,  әйтеуір  керек-жарақ  заттарды  әкеле 
бастайтын  болған.  Бүгін  де  солай.  Атаммен 

249 
 
амандасып,  жайғасқан  соң,  жездем  оқыс  сөз 
бастады. 
–  Жәке,  мына  Алданның  мектеп  бітіргеніне 
бір  айға  таянды.  Бұл  балаңызға  енді  не  дейсіз? 
Оқысын ба, әлде жұмыс істесін бе? 
Үй  тым-тырыс.  Бәріміз  төмен  қарап 
отырмыз. Кенет атам әлсіз жіңішке дауыспен: 
 
– Оқуға құмар еді ғой, қарағым, оқысын... 
Апам  көзін  сүрткендей  болды.  Жылап  отыр 
екен.  Әпкем  басын  көтерген  қалпы  біресе  атама, 
біресе  маған  көз  тастап  отыр.  Оның  да  атама 
тартқан  қара  сұр  өңі,  уайымнан  ба,  бозғыл 
тартыпты. Бір кезде: 
–  Жамбылға,  мұғалімнің  оқуына  барсаң, 
болмай  ма?  –  деді  маған  қарап.  Даусы  қатқыл 
шықты.  

 
Түссем – Алматыға түсем... 
Күмілжіп, 
әзер 
айттым. 
Осы 
үйге 
ауыртпалық  әкеліп  тұрған  ешқандай  да  «жаман 
ауру» емес, дәл менің өзім сияқты, жермен-жексен 
болып  отырмын.  Апам  «Осылай  боларын  білгем» 
дегендей,  басын  көтеріп,  маған  тіктеп  қарады. 
Жүзінде қиналыс бар.  
– Мейлі, жәке, сіз ризалығыңызды берсеңіз, 
барса  барсын,  –  деді  Рамазан  жездем.  – 
Алматыдағы 
бір 
жамағайын 
туыстарыма 
табыстадым.  Қорықпаңыздар.  Солар  тосып  алып, 
институтын 
көрсетіп 
жібереді. 
Арғысын 
пешенесінен  көрер.  Түссе  –  түсер  оқуына,  түсе 

250 
 
алмаса  –  қайтып  келеді  ғой.  Жұмыс  істейді, 
өздеріңізге жәрдем береді.  
– Иә.., дұрыс айтасың, пешенесінен көрсін, – 
деді атам әлсіз ғана. – Баланы босқа қаңтармайық. 
Оқығанды  жақсы  көреді...  Пешенесінен  көрсін... 
Біз  елдің  ішіндеміз  ғой,  құдай  сақтар...  Титтей 
бала осында жүргенде не өзгертер дейсің?  
Көзімнен  жас  бұрқ  ете  қалды.  «Әкешім, 
асылым,  асқар  тауым...  Менің  жан  дүниемді 
түсінген  жанашырым  сол.  Құдай  оңлап,  жазылып 
кетсең екен...» 
Осымен әңгіме бітті. Әпкем мен жездем мал 
қарауға  Ақыртөбенің  базарына  кетті.  Қайтып 
келген  соң,  олар  мені  киім-кешек  әперуге 
Жамбылға  алып  кетті.  Қаншама  қиын  жағдай 
болса  да,  балалық  екен  ғой,  іштей  қуанғаннан 
жүрегім  жарылғалы  жүр.  «Үлкен  қалаға  барсам, 
оқуға  түсіп,  студент  болсам!»  Иә,  Тұрсын  да 
Алматыға барам деген, бірақ ол келесі жылы ғана 
барады.  «Несі  бар,  қалған  жылдарда  бірге 
боламыз. Екеуміз ғой, қорықпаймыз. Бірге барып, 
бірге келіп тұрамыз» деп ойлап қоям.   
Қиял  шіркіннің  шарықтап  бармайтын  жері 
жоқ.  
Ақыры  кететін  күн  де  таянды.  Маған  арнап 
сатып  алынған  чемоданға  жеңіл  киімдерімді, 
кітаптарымды  мұқият  салдым  да  далаға  шықтым. 
Атам  ауызғы  бөлмеде  бір  уыс  боп  сеператор 
тартып  отыр  екен.  Апам  күндік-кимешегін  киіп 

251 
 
алған, далада малды жайғап, Байтуға тапсырмалар 
беріп  жүр.  Ширақтанып,  сыр  білдірмеуге 
тырысады.  Мен  атамның  жанына  келіп,  тізерлеп 
отырдым  да,  мойнынан  қатты  құшақтап  алдым. 
Атам да осыны күткендей, сеператорды тоқтатып, 
үнсіз  отырып  қалды.  Кемсеңдеп  жылады.  Мен  де 
үнсіз  егілдім.  «Бітті.  Әкемен  өткен  қызықты 
дәурен  осымен  тоқтады!»  дедім  ішімнен.  Бүкіл 
іші-бауырым  қуыстанып,  бос  қалғандай  болдым. 
Құр  қуыс  кеуде.  Сырты  бар,  іші  жоқ.  Байлығы, 
қазынасы  жоқ.  «Қайран,  әкемнің  алдында  шарқ 
ұрған  балалық  шағым-ай  десеңші!  Оралмайтын 
бақытты  күндерім!  Қайран  ӘКЕМ!  Пайғамбарым 
менің!»  
Атам 
екеуіміз 
құшақтасып, 
теңселіп 
отырмыз.  

 
КәҺ! 
Апамның  даусы  саңқ  ете  қалды.  Екеуміз  де 
селк ете түстік.   
–  Не  көрінді  соншама,  жаманат  шақырып?  
Жылайтын  болсаң  –  барма  ешқайда,  әкеңнің 
қасында бол! Кетеді екенсің  – ешкімнің қамырын 
жібітпей,  жыламай  кет!  Онесі-ей,  түге,  таң  атпай 
шуылдап жылап!  
Иә,  бұл  –  апамның  қатайтқан  сөзі.  Мен 
түсіндім.  Бетімді,  атамның  бетін  орамалмен 
сүртіп, өзімді бекіткендей болдым. Атам да аздап 
қайраттанып: 

252 
 
-–  Бара  ғой,  балам!  Көз  қуанышым! 
Құдайдың  қартайғанда  берген  алданышы  сол! 
Қайда жүрсең бағың жансын, қарағым. Аман-есен 
оқуыңа түсіп, қуанып кел үйге!  
Бәрібір  өзін-өзі  ұстай  алмай,  қайтадан 
ышқынып  жылап  жіберді.  Енді  мен  жұбаттым 
атамды.  
–  Ататай,  жыламашы.  Сіз  бүйтіп  қалсаңыз, 
мен  уайымдап,  емтихан  да  тапсыра  алмай  қалам 
ғой... 
Осы сөз тоқтатты білем, атам: 
– 
Қойдым, 
қойдым, 
балапаным. 
Жыламаймын.  Сенің  дегенің  болсын.  Батамды 
бердім, арманыңа жет, балам! 
...Біз  апам  екеуіміз  жылдамдата  басып, 
Ақыртөбені  бетке  алып,  жүріп  кеттік.  Апамның 
елуден  жаңа  асқан  кезі.  Бой-басы  тік,  еңселі. 
Ширақ  басып  келе  жатқаны  болмаса,  шүңіректеу 
қабағының  астынан  қоңырқай  екі  көзі  мұңдана 
қарайды.  Өңі  солғын.  «Үй  не  болады,  жай  не 
болады? Шалдың жайы қалай болады? Ата-бабасы 
көрмеген жерге кетіп бара жатқан мына қаршадай 
қыздың  алдынан  не  тосып  тұр?».  Бірақ,  қайратты 
жан ғой, білдіргісі келмейді.  
Күні  кеше  ауылдың  ұл-қыздары  қысы-жазы 
мектепке  қарай  ағылған  жіңішке  жалғыз  аяқ 
жолмен  тартып  келеміз.  Мен  жан-жағыма 
қарадым.  Балалық  шағымның  ыстық  табы  қалған 
қайран  көкорай  шалғын  бел,  қайран  кішкентай 

253 
 
ғана  алпыс  шақты  үйлі  туған  ауылым!  Он  алты 
жыл  өмірімнің  небір  қызық  кезеңдерін  сенде 
өткізіп едім. Енді алды-артыма қарамай безіп бара 
жатқандаймын-ау сенен, кешір мені! Өмірдің заңы 
осы ғой.  Адам өседі,  өркен  жаяды,  жолы,  бағыты 
өзгереді.  
Барын  аузыма  тосып,  әлдилеп,  арқалап 
өсірген  қайран  менің  қарттарым-ай,  сендерді  де 
қиып барам-ау!  
Біз,  анам  екеуміз,  Ақыртөбедегі  үлкен  тас 
жолға  шығып,  Алматының  автобусын  күттік. 
Сонда,  жол  шетіндегі  көгалда  отырып  ұзақ 
сырластық.  Апам  маған  алыста,  туған  үйден 
жырақта  абайлап  жүруім  керектігін,  ешқашан 
адамгершілік  ар-ұяттан  аттамауымды  сұранды. 
Білім 
нәрін 
бойыма 
сіңіріп, 
өздерінің, 
ұстаздарымның  үмітін  ақтауымды  өтінді.  Иә, 
қанша дәті берік болса да, көзіне жас үйірілді. Күн 
қақтаған,  қатқылдау  қолына  менің  балғын 
саусақтарымды  салып,  ұзақ  уақыт  қысып  ұстап 
отырды.  Ана  алақанының  табы  бүкіл  ағзама  қуат 
болып  тарап  жатқандай  күй  кештім.  Мен  үнсіз 
жыладым.  Үйдегі  атамның  күйі,  апамның  көретін 
қиыншылықтары  көз  алдыма  келіп,  не  істерімді 
білмей  айран-асыр  болдым.  Апам  кимешегінің 
сыртынан  басымды  кеудесіне  қойып,  арқамнан 
сипалап, ұзақ құшақтап отырды. Сосын бір кезде, 
кенеттен, екі иығымнан қатты ұстап, сілкіп қалды. 
Бетіме  тіктеп  қарап:  «Қоя  қой,  құлыным.  Босама! 

254 
 
Ақыл-санаң  толысып,  осы  әлетке  де  жеттің.  Енді 
осы  оқуыңа  түсіп  кетуді  ойла.  Басқа  алаңдайтын 
ештеңе  жоқ!»  –  деді  де,  бетімнен,  маңдайымнан 
кезек сүйіп, бауырына басты.  
Мен апамның аппақ қардай кимешек жапқан 
омырауына  бетімді  басып,  жасымды  төктім, 
төктім  де,  бірте-бірте  есімді  жинап,  едәуір 
қатайғандай  болдым.  Алдымда  тұрған  белгісіз 
әлем мен үшін енді қорқынышты да болмағандай. 
Көзімнің  жасын  сүртіп,  апама  аса  ризашылықпен 
қарадым  да,  басымды  изей  бердім.  Екеуміз 
құшақтасқан  қалпымызда  қара  жолдың  арғы 
жағындағы  жаздың  ыстық  желімен  тербетілген 
селеулі  жазыққа,  көз  ұшында  сағымданған  сап-
сары жоталарға қарап, тербетіліп ұзақ отырдық. 
Асыл  анашым  менің!  Өмірдің  басыңа 
түскелі тұрған барлық тауқыметін бір ғана өзіңнің 
мойныңа  алып,  менің  жарқын  болашағым  үшін 
қиындықтарға 
беліңді 
буып 
отырсың-ау, 
апатайым!  

 
Апа, өлең айтайын ба? 

 
Айта ғой, қарғам... 
Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған, 
Сен бердің құстардың қанатын самғаған...  
 
Баяу  басталған  Шәмшінің  әсем  әні  бірте-
бірте  қалықтай  көтеріліп,  аспанды  шарлады.  Енді 
апамның  да  ет-жүрегі  езіліп,  ол  дағы  көзінің 
жасына ерік берді... 

255 
 
 
Менің  есіме  бала  кезімде  оқыған  Сафуан 
Шаймерденовтің  «Инешінің»  сөзі  түсті.  Роман 
былай аяқталатын еді. Алыс сапарға аттанып бара 
жатқан  Инешке,  пойыздың  тамборында  тұрғанда, 
ұмытпасам,  мынадай  ой  келетін:  «Өзіміз  жүріп 
өткен  жолдан  тайсақ,  бәрі  де  құрыды  деп 
ойлаймыз. Шынында жаңа да, жақсы да осы тайып 
кеткен жолдан басталады».  
 
Ылайым солай болғай...  
 
 
КИЕЛІ ӨНЕР 
(эпилог орнына) 
 
Өнердің түрі көп: әнші де, биші де, суретші 
де  өнерпаз.  Әнші  демекші,  кейде  есіме    енемнің 
бірде  телевизордағы  ән  салып  тұрған  әншіні 
тыңдап  отырып:  «Байғұс-ай,  өстіп  өлең  айтып  та 
бала-шағасын асырап жүр-ау» дегені бар аса үлкен 
жанашырлықпен.  Ол  кезде  әншілердің  жалаң 
айлыққа  қызмет  істейтіні  де  шындық  еді  ғой. 
Алайда,  үлкен  кісілер  әншілердің  қазіргі  «той-
бизнесті»  кәсіп  етіп,  нағыз  байлыққа  кенелгенін 
көрмей кетті ғой. 
Иә, өнердің түрі көп. Бірақ солардың ішінде 
мен  ардақ  тұтатын  бір  киелі  өнер  бар,  ол  – 
жауқазындай  жайқалып  өсіп  келе  жатқан  жас 
буынға  мүлдем  беймәлім  дүниенің  қыр-сырын 
ұғындырып,  жан  дүниесін  байытатын  ұстаздық 

256 
 
өнер.  Ескендір  Зұлқарнайын  «Даңқ  пен  абыройға 
кенелуімде  мен  бір  адамға  қарыздармын,  ол  – 
ұстазым  Аристотель»  деген  екен.  Өзінің  қол 
астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе 
көп  әскері  бар  Дарий  патшаны  күйрете  жеңген, 
қазақ  даласын  да  жаулап  алуға  құмар  болған 
әлемге  аты  әйгілі  қолбасшының  –  аңыздар 
бойынша  қос  мүйізді  Ескендірдің  –  ашкөздіктен 
тыйылып, жер-дүниені жаулап алудан бас тартуы, 
байлық-мансапты  тәрк  етуі  осы  ұлы  ұстазының 
оның  пенделік  ашкөздігін  бетіне  басып,  дұрыс 
жолды нұсқағандығынан болса керек.   
Иә,  мамандықтың  жаманы  жоқ.  Дегенмен 
солардың  ішінде  ұстаз  мамандығы    –  адамзат 
қоғамы  тарихында  жинақталған  ой  асылдарын, 
ғылым  негіздерін  ілгері  жылжытып,  ғасырларға 
жеткізуші,  «білсем,  үйренсем»  деген  албырт 
сезімді  шәкірттің  арманына,  болашақ  тағдырына 
бағыт-бағдар  беруші.  Шыр  етіп  дүниеге  келген 
сәбидің  қанатын  қатайтып,  өмір  сүруге  дайындау 
– ұстаздың міндеті. Баланың болмысына бажайлап 
барып, тура жолға салудағы ата-ананың ең сенімді 
көмекшісі  де  –  ұстаз.  Алла  тағала  оған  айрықша 
қасиеттер  берген:  білуге  құмарлық,  мінездегі 
икемділік,  адам  жанын  түсінудегі  шеберлік, 
ілтифат пен ізеттілік, шәкіртжандылық. Бұған қоса 
және ең бастысы, ұстаз ұлт ұрпағын тәрбиелейтін 
болғандықтан, 
нағыз 
елсүйгіштік 
пен 

257 
 
ұлтжандылық.    Осынысымен  де  ұстаз  –  айрықша 
жаратылған тұлға.  
Ұстаз  өзгермейді,  қартаймайды.  Өмір  бақи 
ұстаз  болып  өтеді,  ұстаз  болып  өмірден  озады. 
Себебі  ол  өз  шәкірттерінің  санасында  мәңгі  өмір 
сүреді. Сондықтан да мен ұстаз мамандығын Алла 
тағала  айрықша  жаратқан  киелі  мамандық  дер 
едім! 
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:  
 
Жай мұғалім хабарлайды, 
 
Жақсы мүғалім түсіндіреді,
 
Керемет мұғалім көрсетеді, 
 
Ұлы мұғалім шабыттандырады,– дейді. 
Мен  ұстаз  болдым.  Журналистикаға  түсіп, 
қолыма  қалам  ұстап  ысылмаған  соң,  ана  тілінің 
қыр-сырын  игеріп,  оның  теориясын  меңгеруге 
көбірек  көңіл  ауып  кетті,  ақыры  университетті 
осы  пәннің  мұғалімі  болып  тәмамдадым.  Мен 
еңбек  жолымды  бастауыш,  3-сыныптың  мұғалімі 
болып бастадым. Ә дегеннен-ақ алдымдағы тоғыз-
он  жасар  бүлдіршіндер  маған  бейтаныс  дүниенің 
есігін  ашқандай  болды.  Бала  деген  қандай, 
олардың  жаратылысындағы  ерекшеліктерін  қалай 
білуге  болады,  қай  жағдайда  олармен  қалай 
сөйлесу 
керек, 
олардың 
білімге 
деген 
қызығушылығын  арттырудың  жолдары  қандай, 
осының  бәрі  терең  ойлануды,  көп  ізденуді  қажет 
етті.    Бұл  ретте  мен  мектептің  басшысы  Мәден 

258 
 
Тәжібаев  ағайға  дән  ризамын.  Ол  кісі  менің 
ұстаздық  қызметімдегі  әкем  немесе  екінші 
университетім  болды  десем,  артық  айтқандығым 
емес.  
Менің  арманым  білгенімді  оқушыларға 
дереу  және  толық  жеткізу  болды.  Бүгін  Абай 
туралы  айтсам,  таңертең  Абай  жайлы  қабырға 
газетін  шығарып  іліп  қоямын.  Ыбырай  туралы 
айтсам – Ыбырай туралы, Жамбыл туралы айтсам 
– Жамбыл туралы дегендей...  
Үлкенуниверситеттің 
филология 
факультетінің 
нақты 
пән 
мұғалімін 
дайындамайтыны  белгілі,  сондықтан  мен  өзімнің 
бұл әрекетімнің қандай әдіс екендігінің байыбына 
да бармадым. Менікі, әйтеуір, білдіре беру, үйрете 
беру.  Мен  әрбір  шәкіртімнің  алдында  өзімнің 
үлкен  жауапкершілігімді  сезіндім.  Олардың 
мөлдір  жанарынан  білуге  құмарлық,  жаңаға 
ұмтылыс,  болашаққа  талпыныс  көрдім.  Дәл  қазір 
мен оларға қалай айтсам, өмірлері де солай бағыт 
алатындай  болды  да  тұрды.  Мен  өзімді  қоғамға 
нағыз  қажетті  тұлға,  рухы  биік  ұрпақ  даярлап 
жатқан  бір  құдіретті  адамдай  сезіндім!  Шын 
мәнінде  солай  екенін  қазір,  арада  ұзақ  жылдар 
өткенде, толық мойындадым.  
Иә,  ҰСТАЗ  –  ұлы  сөз.  «Қырық  бес  жыл 
ұстаз  болсаң  да,  қырық  бес  минуттық  сабағыңа 
дайындалып кіруің керек!» деген ұлағатты сөзбен 
талап  қоятын  менің  қарт  педагог-әріптестерім 

259 
 
«адам  тәрбиелеу»  деген  ұлы  міндетті  адал 
атқарған  асылдар  екен-ау.  Біздер,  жетпісінші 
жылдардың  жас  мұғалімдері,  солардың  ізін 
бастық.  Солар  жүрген  ақ  жолға  еш  қиянат 
жасамадық. Мен осыған ризамын.  
Менің  алдымнан  мыңдаған  шәкірт  өтті. 
Сонау  алпыс  тоғыздағы  балаң  дауысы  дірілдеп, 
басын  қисайта,  бір  нүктеге  қадалып  алып, 
ойындағысын 
бүкпесіз 
айтатын 
кішкентай 
жеткіншек  Мариев  Дәулеттен  бастап  екі  мың 
екідегі өткір көздерін алысқа қадап, анық та айқын  
сөйлейтін  Диханбаев  Елдар,  әдебиет  сабағының 
үзілісінде  «Ерке  сылқымды»  төгілтіп  беретін  аса 
сүйкімді  ұлан  Қадыров  Айдосқа  дейін  менің 
сүйікті шәкірттерім болды.  
Мен «орда бұзар» отызымда мектеп бітірген 
өз  сыныбымды  әрдайым  сағынышпен  еске 
аламын.  Ол  кезде  Жамбылдағы  Карл  Маркс 
(қазіргі  Керімбай  болыс)  атындағы  орыс-қазақ 
орта  мектебінде  ұстаздық  ететінмін.  Маған  9-
сыныпқа жетекшілік ету тапсырылған. Мен сынып 
оқушыларымен ә дегеннен-ақ тіл табысып кеттім. 
Оқушыларым  да  аса  жинақы,  көркем,  өнерлі 
болды.  Сынып  старостасы  –  15-тердегі  Қаламқас 
атты қыз бала.  
Мен олардың  бойына патриоттық  сезім  мен 
ұлттық  әдебиетімізге  деген  ілтипатты  тереңдете 
сіңіруге  тырыстым.  Көркем  әдебиеттегі  түрлі 
образдарға талдау жасай отырып, адам бойындағы 

260 
 
жақсы-жаман  қасиеттерді  анықтап  тани  білуге, 
жақсыдан  үйреніп,  жаманнан  жиренуге,  айтылған 
ақыл-өсиет сөздерге ұғымтал болуға, қазақтың сөз 
өнерін  қастерлеп,  оларды  мүмкіндігінше  есте 
сақтауға,  орынды  жерде  қолдана  білуге  үйреттім. 
Ұлы  тұлғалар,  шешендер  мен  көсемдер  жайлы 
мағлұматтар  бере  отырып,  олардың  қанатты 
сөздерін жаттатқызып отырдым. 
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – 
ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді 
іс-әрекетке  қатыстырсаң,  үйренемін»  деген  дана 
сөзі  бар. М.Әуезовтің  «Абай»  спектаклінен  үзінді 
қойған  кездеріміз  де  болды.  Оқушыларымды 
Абай, Құнанбай, Дәркембай т.б. рөлдеріне енгізіп, 
сөз салғастырттым. Сыныпта шағын спектакльдер 
қойған 
кездеріміз 
болды. 
Абайдың 
шығармашылығы  жайлы  сабақ  үстінде  ұлы 
ақынның ақын ғана емес, өз өлеңдеріне ән жазған 
композитор 
екендігін 
де 
баса 
көрсететін 
едім.Оқушыларыма 
көркемдік 
әсер, 
шығармашылық  тереңдік  беру  үшін  Абайдың 
«Көзімнің  қарасы»,  «Айттым  сәлем  Қаламқас», 
«Бойы бұлғаң», «Татьянаның қырдағы әні» сияқты 
әндерін өзім нақышына келтіріп айтып та беретін 
едім. Оқушыларым сабақта емес, концерт залында 
отырғандай  әндерімді  аса  ынтамен  тыңдайтын. 
Қаламқас та қап-қара көздері мөлдіреп, қиялымен 
дала  кезгендей  терең  ойға  шомып  кететін-ді.  Иә, 
ол эмоцияға берілмейтін, қайсыбір қыздардай көп 

261 
 
күлмейтін  де.  Әрдайым  ересек  адамдай  өзін 
байсалды,  бірқалыпты  ұстайтын  еді.  Дегенмен, 
оның  ризашылығы  мен  жақсыға  сүйсінуі 
қылығынан,  әрекеттерінен  көрініп  тұратын.  Мен 
періште  қыздың  осы  қасиетін  іштей  ардақ 
тұтатынмын,  болашақта  оның  білікті  маман, 
абыройлы  қызметкер,  беделді  азамат  және  ең 
бастысы,  асыл  жар,  ақылгөй  ана  болатынына 
сенімді болдым.  
Ұстаздық 
еткен 
жылдарым, 
алғашқы 
сыныбым  жайлы  ойланғанда,  әлі  күнге  есімнен 
шықпайтындар - осы Қаламқас, Рустембекова Рая, 
Болжанбаева Зоя, Мақұлова Айымжан,  Әміртаева 
Нұрзипа, Аманбаева Айман, Сәрсенбаева Шолпан, 
Бакаев  Адан,  Райымжанов  Арыстан,  Түменов 
Нақыпбек, 
Жакатаев 
Сейсенбек. 
Олардың 
әрқайсысы қазіргі кезде өмірден үлкенді-кішілі өз 
орындарын тауып, еңбек етуде. 
 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Ұстаз  болу  –  адамның  асылдығы,  –деп 
жазған  еді  ақын  Ғафу  Қайырбеков.  Расында  да, 
мұғалім  болып  қызмет  атқаруға  болады,  ал  нағыз 
ұстаз  болу  барлық  мұғалімнің  қолынан  келе 
бермес-ау.  Ұстаздық  ету  деген  сабақ  берумен 
шектелмейтініне,  ең  бастысы,  оның  өз  бойында 

262 
 
адамгершілік,  ізгілік  сияқты  қасиеттердің  болуы 
керектігіне еш шүбә болмаса керек.   
Менің  алғашқы  үйретуші-ұстазым  Мәден 
ағай  туралы:  «Мәден  айлық  алған  күні  магазинге 
барып,  конфет  сатып  алып,  балаларына  апарып 
береді»  деп  күлетін  кейбіреулер.  Бәлкім,  расында 
да  солай  болған  шығар.  Нағыз  ұстаз  баланың 
қуанышын бірінші орынға қояды. Баланы өсіретін 
– ойын мен қуаныш. Неге әке-шешесі «базарлық» 
әкеп береді? Қуантады. Неге жаңа киіміне байғазы 
береді?  Қуантады.  Қуанған  бала  ғана  өзгені  де 
қуантуға  құмар  болады.  Сондықтан,  баланы 
қуанта  отырып,  өмірге  күле  қарап,  одан 
қаймықпай керегін ала білуге үйрету керек. Осы – 
нағыз шеберлік.  
Мен таяуда мынадай бір кішкентай көріністі 
оқыдым, соны келтіре кеткім келіп отыр.  
«Кішкентай 
қыз 
көңілсіз 
бейтанысқа 
күлімдейді.  Оның  жылы  жүзі  проблемаларынан 
түңіліп  жүрген  адамның  көңілін  көтеруіне  себеп 
болады. 
Жақсы  көңіл-күйде  болған  адамның  есіне 
көмегі үшін досына алғыс айтпағаны түседі. Дереу 
рахметін айтып досына СМС жолдайды.  
Досы  СМС-ке  қатты  қуанып,  үнемі  түскі 
асын ішетін кафеде үлкен шайпұл тастап кетеді.  
Даяшы  қыз  осындай  үлкен  шайпұлды 
бірінші  рет  алған  болатын.  Кешкісін  үйге  келе 
жатып, алған шайпұлының бір бөлігін күнде үйдің 

263 
 
табалдырығында  отыратын  қайыршының  қолына 
ұстатады.  
Екі  күн  бойы  аш  жүрген  қайыршы  қатты 
қуанады.  Алған  садақаға  қарнын  тойдырып, 
қайыршы  жертөле  жаққа  әндетіп  барады.  Жақсы 
көңіл-күйде болған қайыршы манадан бері далада 
жаурап  отырған,  үсті-басы  кір  күшікті  бауырына 
басып алады.  
Күшік  түнейтін  жылы  орын  тапқанына  мәз 
болады.  Ыстық  жертөле  ішінде  қуанып,  жүгіріп 
ойнайды.  Түннің  бір  уақытында  тұрғын  үйде  өрт 
шығады.  Түтін  иісін  сезген  күшік  қатты  үре 
бастайды. Күшіктің үргенінен алдымен қайыршы, 
кейін үй тұрғындарының бәрі оянады…  
Уақтылы  оянған  тұрғындар  далаға  шығып 
үлгіреді  де,  өрттен  аман  қалады.  Мұның  бәрі  де 
ақысы болмаған жылы жүздің арқасы». 
Міне, 
көрдіңіз 
бе, 
адамға 
жасаған 
жақсылықтың  қайтарымының  қаншама  екенін! 
Қырық жылдан астам ұстаздық өмірімде менің де 
адам  жанын  марқайтып,  оның  өмірге  деген 
құлшынысын  оятқан  титтей  ізгілігім  болса,  өзім 
таңдаған  КИЕЛІ  ӨНЕРДІҢ  абыройына  кір 
келтірмеген  болсам,  мен  өзімді  мағыналы  өмір 
кештім дер едім.  
Кім біледі... 
 
 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал