Қайтаоралған әН



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


 
Алдан МҰСАБЕКОВА 
 
 
 
 
 
ҚАЙТАОРАЛҒАН 
ӘН 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана – 2015 
 
 


 
ББК 
 
 
 
 
МҰСАБЕКОВА Алдан. 
Қайтаоралған ән. Мемуарлық повесть. – Астана: 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан  Республикасы  оқу-ағарту  ісінің 
үздігі,Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері,  Қазақстан 
Журналистер 
Одағының 
мүшесі 
Алдан 
Алтайқызы  Мұсабекованың  бұл  мемуарлық 
повесінде  соғыстан  кейінгі  шаруашылықты 
қалпына  келтіру  жылдарындағы  ауыл  тіршілігі 
мен  ел  есінде  қалған  еңбеккер  азаматтар, 
бүлдіршін қыз баланың жарқын өмірінің қызықты 
сәттері  мен  талпынысқа  толы  қиял-арманы, 
өнегелі отбасы берген еңбек тәрбиесі суреттеледі. 
Шығарманың тілі тартымды, көркем, кейінгі буын 
– жас ұрпаққа берер тағылымы мол. 
 
 
                            Мұсабекова А.2015 
 


 
 
МАЗМҰНЫ 
Аңсау ........................................................................4 
 
І  БӨЛІМ. АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ 
 
Қалдырған ізін мәңгілік ...........................................8 
Ауылдың бағын ашқан азамат...............................11 
Алдыңғы толқын – ағалар......................................15 
Еңбегіне ел сүйсінген .............................................19 
Халықтың қамын ойлаған ......................................23 
Білімнің алып қамалын ..........................................26 
Батыр ана бақыты....................................................33 
Кемел келін.............................................................39 
Жаңа толқын жас буын...........................................46 
 
ІІ БӨЛІМ.  КҮНШУАҚ 
 
Туған үйдің түтіні ...................................................50 
Ана туралы жыр ......................................................56 
Менің пайғамбарым ..............................................61 
Ауылдың ару қыздары ..........................................81 
Ғашықтық хикаясы ................................................85 
Менің алғашқы мектептерім ................................95 
Кітап оқуға құмарлық .........................................103 
Жаңа қоныс ..........................................................106 
Болашаққа бағдар ................................................112 
Ақ тілек .................................................................124 
Киелі өнер (эпилог орнына).................................131 


 
 
АҢСАУ 
(пролог орнына) 
 
Алысқа  кеткен  анасын  сағынып,  сарыла 
күтіп  жүрген  жас  баладай,  ұзаққа  созылған 
қытымыр  қыстан  бой  құрыстап,  көңіл  жүдеп 
жүрген  шақ.  Қартаң  тартып,  құрыстаңқырап 
қалған  дене  де  еркін  керіліп,  табиғаттың  тылсым 
нұрына  малынғысы,  бой  жазғысы  келетіндей. 
Бөлмені  бозамық  нұрға  бөлеген  сәуірдің  ақ  таңы 
қалжыраған  көңілге  жылылық  құйып,  бойға 
серпіліс  береді.  Терезеге  төнген  қараталдың 
бұтақтары  әзірге  тастай  қатып  тұрса  да,  кеш 
түсетін  көктем  «менмұндалап»  дыбыс  беретін 
сияқты,  құлағыңа  алыстан  бір  күмбір  күй  келіп, 
жүрегіңді белгісіз жылылық жайлағандай болады.  
Таңмен  ояну  әдетке  айналғалы  қашан.  Қала 
үйінің  кең  де  жарық  терезесіне  таянсаң  болғаны, 
өлі  төсектен  ажырап,  тірі  тіршіліктің  шылауына 
орала  кетесің.  Қатарласа  орын  тепкен,  меңіреу 
тартып, 
мүлгіп 
тұрған 
зәулім 
үйлердің 
ауласындағы  сан  алуан  жеңіл  автокөліктердің 
қайсыбірі  жол  қамын  жасап,  шырақшаларын 
жыбырлатып  жаға  бастапты.  Кейбірінен  әлсіз 
мияулар  шығып  қояды.  Басқа  дыбыс  жоқ,  ел 
қалың  ұйқыда.  Үйлердің  етегінде  үйіліп  жатқан 
қар  қарақожалақтанып,  бұрынғы  ақ  көрпедей 
әдемі  күйінен  ажыраған.  Солтүстіктің  кеш 


 
қайтатын  қысындай,  ол-дағы  сүйкімсіз,  ажарсыз. 
Әр  нәрсе  өз  кезінде  әдемі,  сұлу,  жарасымды-ау, 
сірә... 
Уақыт  шіркіннің  сырғып,  дегенін  істейтіні 
рас.  Қар  құрсанып,  боран  оранған  қыс  кетіп, 
көгілдір көктеммен қауышасың, жадыраған жазды 
өткеріп,  сары  күзбен  кезігесің,  сосын  қайтадан 
қылышын  сүйреткен  қыс  келеді.  Ең  ұзақ  өмір 
сүрген  Нұх  пайғамбарға  өлім  періштесі:  «Дүние 
қандай  екен?»деп  сұрағанда,  ол:«Дүние  екі  есігі 
бар  үй  сияқты  екен,  бір  есігінен  кіресің  де, 
екіншісінен  шығып  жүре  бересің»депті
.
  Расында 
да, дөңгеленген дүние екен ғой бұл жалған. 
 Өмір  алға  жылжиды.  Сен  де  балалық, 
жастық  шақты  белден  басып,  есейіп,  шау 
тартасың.  Ақыл-ойың  тереңдеп,  қазыналы  қартқа 
айналасың.  Өткен  өміріңнің  келмеске  кеткеніне 
өкініп,  бойыңды  бір  болмашы  салқын  діріл 
жайлап, тұлабойың тоңазығандай болады. Сондай 
бір  сүреңсіздеу  сәтте  туған  жеріңді,  оның 
шұғылалыкөктемі мен шуақты жазын аңсайтының 
рас... 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
І БӨЛІМ 
 
 
 
АУЫЛЫМ –АЛТЫН 
БЕСІГІМ 
 
 
 
 
 
 
 
Айналайын  Алтайым,  осы  құдіретіңнен, 
осы 
келбетіңнен, 
осы 
гүліңнен, 
осы 
жұпарыңнанайырылып қала көрме, өйткені мен 
сені  сүйемін,  өйткені  мен  сенің  перзентіңмін, 
өйткеніжаһанда  саған  жетер  салтанатты 
жер жоқ. 
                                                             О. Бөкей  
 
 
 
 


 
 
ҚАЛДЫРҒАН ІЗІН МӘҢГІЛІК 
 
Туып-өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат. 
Қазыбек би. 
 
Жапырағын  кеңге  жайып,  тамырын  тереңге 
жіберген  мен  тараған  Бектеміс  руының  да 
шежіресін 
жинақтап, 
жүйелеген 
азаматтар 
баршылық.  Қыз  да  болсам,  артыма  қарайлаған 
шағымда  елдігіміздің  тұтастығына,  тегіміздің 
тазалығына 
көзім 
жетіп, 
ру 
шежіресін 
жинастырып,  толықтырып,  өскелең  ұрпақтың 
назарына ұсынған ағайынға риза боламын.  
Әкем  айтып  отыратын  бес  ата  Бектемістің 
өткен-кеткен  өмір  жолы,  ата  қонысы,  ат  үстінде 
күн  кешкен,  жетімекке  пана,  шөлдегенге  сусын, 
қорғансызға  қорған,  жігерсізге  демеу  болып,  ел 
аманатын  арқалаған  азаматтары  жайлы  тұтас 
жазбасам  да,  өзімнің  кіндік  қаным  тамып,  ақ 
топырағына  табанымды  тіреген,  қаз-қаз  басып, 
дүниені  таныған  туған  ауылымның  өмір  жолы 
жайында  ақ  қағазға  қалам  жүгіртіп,  тасқа  басу 
болашақ  ұрпағымыздың  алдындағы  парызым  деп 
ұқтым.  
Өз  руымыздан  шыққан  ғұлама,  суырып 
салма  ақын,  қазақ,  қырғыз  еліне  танымал  болған 
Өзібек Ақжолұлының: 
Төменде бір старшын Бораншы бар, 


 
Не жақсы, не мансапқор содан шығар. 
Егерде жолың түсіп бара қалсаң, 
Шықпай  жүрген  бүйірің  содан  шығар,  –
деген 
жолдары 
Бектеміске  екінші  атадан 
қосылатын,  Арық  ұлы  Бораншы  жайлы  айтылған 
екен.  Cол  Бораншыдан  тараған  Біржан,  Қангелді, 
Жиес  ұрпақтары  Алатаудың  Сұлутөр  етегін 
жайлап  отыр.  Менің  үлкен  атам  Мұсабек 
Бораншыға үшінші атадан қосылады.  
Тау  етегі  ерте  көктемнен  сары  күзге  дейін 
осы  өңірді  жайлаған  бес  ата  Бектеміс  пен 
Боққайнат  руы  ұрпағының  ырыс-құты,  жаз 
жайлауы, қыс қыстағы болған. Қыр қазақтарының 
көрші  қырғыз  бауырлармен  тек  таумен  ғана 
бөлініп  тұратын  осы  бір  құтты  мекені  сол  бәз 
баяғы  мұнар  тартып  бозамықтанған,  таңғы 
шапақтың  алтын  сәулесіне  оранған  қалпында 
менің көз алдымда қалып қойғаны рас. Ұшар басы 
мәңгілік  ақ  қарға  оранып  жататын  тау  шыңдары, 
оған  қиялай  жапсарласқан  биік-биік  өркешті 
жоталар  кейде  сарқырап,  кейде  баяулап  ағып, 
еңіске қарай асыға ұмтылып жататын мөп-мөлдір,  
мұздай,  тап-таза  тау  суы  мен  оны  қоршап  өскен 
сан  түрлі  тал-дарақ,  көкорай  шалғын,  қызылды-
жасылды гүлге оранған қия беттер мәңгілік есімде 
сақталыпты.Осынау  қызықтай  жеткен  кім-кімнің 
де  ой-қиялын  тербетіп,  жан-дүниесіне  нәр 
құятынкішкентай  ғана  ауыл  «туған  жер»  деген 
қасиетті сөздің тылсым табиғатын ұқтыратын еді. 


 
Мал  қайырған  бақташы  болсын,  жоқ  іздеген 
жоқшы,  арнайы,  қызықтап  келген  жолаушы 
болсын, 
таңғажайып 
нұрлы 
табиғаттың 
айналасына  төккен  мейір-шапағатына  бір  сәт  мас 
адамша елтіп, жүрегі жырлап қоя берердей-ді.   
Соғыстан  кейінгі  жылдар...  Халық  тұрмысы 
аса  жүдеу,  аштықты,  соғыс  зұлматтарын  көріп, 
есеңгіреген ел. Әйтеуір әупірімдеп аяғына қаз-қаз 
тұрып, 
тіршілік 
тұтқасына 
жармасқан 
шаруашылық.  Бүгінгі  өмір  шылауына  ілесіп  келе 
жатқанына  тәубесін  мың  қайтара  айтып,  барына 
шүкіршілік  еткен,  күн  сүйіп  тотыққан  өңінен 
үнемі  үміт  пен  өмірге  құлшыныс  табы  байқалып 
тұратын  қарапайым  шаруалар.  «Мынау  менікі, 
мынау  сенікі»  деп  жататын  ешкім  жоқ,  ауыл 
ортақ,  шаруа  ортақ,  күнкөріс  ортақ.  Небәрі 
алпыстай  ғана  түтін,  әрқайсысы  өз  алдына  бөлек  
үйлерде  тұрады  демесеңіз,  бәрі  бір  үлкен  отбасы 
сияқты, «әу» десеңіз, «не болды?» деп жанұшыра 
жинала  қалардай  тұтасып  кеткен

«Ағайын  бір  – 
өліде, бір – тіріде» деген ата-бабадан қалған өсиет 
сөз  осындайдан  қалса  керек.  Сондықтан  да 
осынша  қияметтен  кейін  «бас  аман  болса,  мал 
түгел» деген ұғымды берік  ұстанған олардың бір-
біріне  тілері  –  тек  жақсылық,  әсіресе  елдің, 
отбасының амандығы.  
Қазіргі «Көкарық» атанған  ауылдың - менің 
қасиетті туған жерімніңортасын қақ жарып өтетін 
ирелеңдеген  қара  жол  қиялай  созылып  барып, 

10 
 
жоғарыға, тау етегін бетке алып өрлей беретін-ді. 
Ауыл үстіндегі дөңнен әрі өткен жолаушы Алатау 
сілемдеріне,  оның  етегін  көлденеңдей  жайлаған 
Шолаққайыңды ауылына көз тоқтатар-ды.  
Енді  ауылымның  бұрынғы  тарихына  шолу 
жасайық. 
«Көкарық» 
колхозынең 
алғаш 
ұйымдастырғанДәлібаев  Рахметқұлағай  болыпты. 
Бізге  немере  туысқан  болып  келетін  ағай 
өтекішіпейіл,  мейірімді,  көпшіл  жан  еді.  Мол 
денелі,  көркі  де  келісті  Рахметқұл  аға  үнемі  әзіл  
араластырып 
сөйлейтін 
қалжыңбастаукісі 
болатын.  Шешек  дақтары  ұялап  қалған  қызыл 
шырайлы  дөңгелек  жүзі  жадырай  түсіп,  бар 
денесімен  селкілдей  күлетін.  Ісіне  тиянақты, 
абырой-беделі 
артық 
ағайды 
ауылдас, 
туыстарының бәрі қадір тұтып, қатты сыйлайтын-
ды.  Әйелі  Нұржан  жеңешем  де  қандай  іске 
болмасын  сарамжал,  әрі  алды-артын  ойлап 
сөйлейтін  байсалды  адам  болған.  Қайсыбір  ауыл 
әйелдеріндей  артық-ауыс  сөзге  бармай,  сабырмен 
сөйлейтін. 
Абысын-ажындарының 
арасында 
сонысымен де өзгеше болып тұратын еді. 
Өкінішке орай, ол кісілер бала сүймеді. Ағай 
бертін  келеекінші  рет  Советкүл  атты  жас 
келіншекке 
үйленді. 
Ағай 
мен 
Нұржан 
жеңешемнің  тілегі  шын  қабыл  болып,  Советкүл 
жеңешем оларға Еңсебек, Түйтебек, Орынбек атты 
алтындай  ұлдар  мен  Майса  атты  бір  қыз  туып 
берді!  Халықтың  мейірімді  кезі  ғой,  ауыл  ішінде 

11 
 
абыройлы  азаматтың  оты  жанып,  ұрпағы 
жалғасатын  болғанына  ақсарбас  аталып,мал 
сойылып,  ауыл  болып  қуанғаны  есімде.  Алайда 
Рахметқұл  ағай  да,  жұбайы  Нұржан  жеңешем  де 
өмірден  ерте  озды.  Жап-жас,  көрікті,  аңқылдаған 
ақкөңіл  Советкүл  жеңешемнің  үлесіне  тағдыр 
ауыр  жүк  қалдырды:  күш-қайраты  мол  жас  әйел 
жесірліктің азабын тарта жүріп, бір өзі балаларын 
ел қатарлы аяғына тұрғызды.   
1932-33  жылдары,  Рахметқұл  ағайдан  кейін, 
колхозға  Шарғын  Жаманқұловбастық  болыпты. 
Ол  кісінің  де  ауылға  сіңірген  еңбегі  зор  болған 
көрінеді,  күнкөрістің  қамымен  әр  жақта  қашып-
пысып  жүрген  ағайын-туыстарды  жинап,  басын 
біріктіріпті. 
Олардың 
бір 
ауыл 
болып 
ұйымдасуына, 
соның 
нәтижесінде 
біртұтас 
колхоздың  құрылуына  себепкер  болыпты.Ұзын 
бойлы,  арық  келген  қарасұр  кісі  менің  көз 
алдымда.  Қырғыздан  алған  Арзанкүл  деген  жас 
әйелі  де  есімде.  Шарғынның  кенжелеп  көрген 
Бақтыбек  атты  ер  баласы  да  есімде.  Екі  беті 
қырғыз  нағашыларына  тартқан  торсиған  қып-
қызыл  болатын.  Бір  қызығы,  жер  аппақ  қар 
жамылып  жатқан  қыстың  күнінде  жалаң  аяқ 
жүгіріп  жүре  беретін  еді.  Оны  бәріміз  қызық 
көріп,  таңғалатынбыз.  Шарғын  атадан  Бақтыбек, 
Бекзат атты ұлдар қалды. 
Нәмет  ағаның  айтуынша,  соғысқа  дейін 
ауылда  2  бригада  болған  екен,  оның  бірін 

12 
 
Бектембаев  Тәжібай  (Ықынның  ағасы),  екіншісін 
Төребеков  Мәди  (Жүнісәлі,  Жанқұлының  ағасы, 
Бекетайдың  әкесі)  басқарыпты.  Мәди  1941  жылы 
соғысқа кетіп, оралмаған. Бұл жылдары халықтың 
шаруашылықты  нығайтуға  деген  ынтасы  зор 
болып,  осы  екі  бригада  жарыса  жұмыс 
істейтінболған.  Ынтасы  ғана  емес,  халықтың 
ынтымағы  да  зор  болатын.  Ел  тұрмысының 
күннен-күнге  жаңарып,  жақсаруы  үшін  ауылдың 
әр  азаматы  бел  шешпей,  күндіз-түні  еңбек  етті. 
Кетпен  салып,  тоған  қазды,  арық  шауып,  егіс 
суарды.  Еңбеккер  жандар  көктем  шығысымен 
қосқа  ат,  өгіз,  сиыр  қосып,  егіс  алқабына 
аттанады. Бар еңбек құралдары күрек, кетпен және 
ағаш  соқа.  Сол  ат  соқамен  жер  айдап,  тұқым 
себеді.  Бұл  жұмыста  қарттардың  да  еңбегі  ерен, 
олар  мойындарына  дорбаны  іліп  алып,  айдалған 
жерге біркелкі етіп тұқым тастап отырады.  
Егістік  бойына  кетпенмен  арық  қазып 
шығатындар  –әйелдер.  Сонау  таудан  тартылған 
тоғандарды 
тазалап, 
егіс 
алқабына 
су 
келтіретіндер де солар. Таң намазын оқи сала егіс 
алқабына  аттанған  қариялар,  балалықтан  баз 
кешкен  бүлдіршін  балалар  мен  арқан-жібін 
белдеріне  орап,  шарт  түйінгенәйелдербір  тынбай 
еңбек  етіп,  түн  қараңғылығы  қоюлана  үйлеріне 
қайтады. Ал әйелдер жағы жай емес, отын арқалай 
қайтады.  Төрткөз  болып  телміріп,  анасын  күтіп 
отырған балаларына түннің бір уағына дейін тамақ 

13 
 
пісіреді.  Кір-қоңын  жуып,  жыбырлап  жүріп,  түн 
ортасы  ауғанда  көзін  бір  іліп  алып,  таңсәріден 
тағы да егіс алқабына аттанады.  
«Өткен күнде белгі жоқ» дейді қазақ атамыз. 
Қазіргі  ауыл  жастары  біле  бермейтін  Самылтыр 
Аманбаев  атты  азамат  жайлы  айтпай  кету  әруақ 
аттағанмен  бірдей  болар  еді.  1927-28  жылдары 
Ақыртөбе 
бойынша 
колхозды 
алғаш  
ұйымдастырған осы кісі болатын. Атасы жағынан 
келетін  болсақ,  Хангелдіден  Шіркей,  Шіркейден 
Сағазы, Сағазыдан Аманбай, Аманбайдан Мәжіре, 
Мәжіреден  -  Самылтыр.  «Бораншылардың  жерін 
Мақпал  Қармыстан  қорып,  бар  бораншыны 
осында 
алып 
келіп,қоныстандырған 
осы 
Самылтыр», – дейді Нәмет ағай өткенді еске алып. 
Самылтыр  кейін  «халық  жауы»  болып  кетті.  Ол 
кісінің  Зағипа  атты  әйелініңаса  зерек,  шежірешіл 
жан  болғаны  барлық  ауыл  адамдарына  аян. 
Самылтырдан  Қалмағамбет  пен  Дербіс  атты 
азаматтар  болған  екен.  Олар  соғысқа  кетіп, 
оралмады.  Қызы  Күнімкүлмен  қатар  өстік. 
Ойнақы  мінездіғ  үй  шаруасына  аса  пысық, 
достыққа  адал  қыз  болатын.  Ол  қазір  балалы-
шағалы, немере сүйіп отыр. 
«Шағын  ғана  «Көкарық»  ауылы  1945-1946 
жылдары  қазіргі  бейіт  тұрған  жерде  болған  еді,–
дейді көнекөз қария Әлімқұлұлы Нәмет ақсақал. – 
Төменгі  құм  жағында  Біржан  аталары,  жоғары 
жағында  жиестер  тұратын.  Ескі  гараждың 

14 
 
орнында  -  гараж,  ал  оның  бергі  жағында  астық 
сақталатын  қамба  болған.  Қамбаны  ұстайтын 
Биханов Орман ақсақал еді. Ауыл 1948 жылы ескі 
қонысынан қазіргі «Көкарық» ауылы тұрған жерге 
көшіп келді».  
Қарияның  әңгімесіне  қарағанда,  ауыл  1955 
жылы  «30  жылдық  Қазақстан»  колхозы  болып 
құрылып,  оған  «Шолаққайыңды»,  «Көкарық» 
және «Бірлес» бөлімшелері кірген екен. Орталығы 
-  осы  «Көкарық».  Колхоздың  алғашқы  бастығы  – 
Бірлес  ауылының  тұрғыны  Парманов  Сәлімбай 
деген азамат.  
Ауыл  1958  жылы  қаңтар  айында  «Жамбыл 
атындағы  колхоз»болып  қайта  құрылып,  оған 
«Шолаққайыңды», 
«Көкарық», 
«Тереңөзек», 
«Мақпал»  және  «Ынтымақ»ауылдары  кіріпті. 
Колхоздың  ең  алғашқы  бастығы  -  бұрын 
Жаңатұрмыс  ауылында  бастық  болған  Сәлімбаев 
Шәуен,    руы  қарақойлы.  Шәуен  ақсақал  мықты 
ұйымдастырушы  болса  керек.  Ол  кісі  шайқалған 
шаруашылықты қалпына келтіре жүріп, сол кездің 
өзінде  колхозшылардың    күндік  еңбек  ақысына  3 
келіден бидай беріп тұрыпты. Бұл аудан бойынша 
ең  үздік  көрсеткіш  болып  қана  қоймаған, 
әупірімдеп 
әзер 
күнелтіп 
жүрген 
ауыл 
адамдарының  күнкөрісіне  жараған  үлкен  жәрдем 
еді. 
Қырқыншы  жылдардың  соңын  ала  ауылға 
сонау  Кавказ  жерінен  арып-ашып  шешендердің 

15 
 
бірнеше отбасы келіп қоныстанды. Мейірбан ауыл 
адамдары 
оларды 
жатырқамай 
қабылдады. 
Үйлеріне кіргізіп, барымен бөлісті. Сөздері мүлде 
түсініксіз,  киім  киістері  де,  әдет-салттары  да  бір 
өзгеше бейтаныс жандар ә дегеннен-ақ еңбекке аса 
зауқы жоқ екендіктерін көрсетіп алды. Тіпті, ауыл 
ішінде  бірдеңе  жоғалса,  «оны  ана  шешеннің 
балалары қымқырды» деген алып-қашпа сөздер де 
шығып жататын...  
Шешендердің  ең  үлкені  Дуда  деген  ақсақал 
біздің  аталарымызбен  тез  тіл  табысты.  Қариялар 
ым-ишарамен-ақ  тез  түсінісіп,  шаруа  жайлы 
әңгімелесіп  отыратын.  Олардың  бір  ғажабы,  той-
томалақ  жасағанда,  әр  ауылдан  тез-ақ  жиналып 
қалатындары,  ат  үстінде  тарсылдатып  мылтық 
атып, әрлі-берлі шапқылап шабатындары есімде... 
Көп 
кешікпей 
шешендер 
туған 
жеріне 
қайтарылды.  Бұл  –  біздің  ес  білген  кезіміз 
болатын. 
Бертін  келе  ел  өміріне  жаңалықтар  ене 
бастады.  Колхоз  бірте-бірте  ұлғайып,  күрделене 
берді. Мемлекет колхозға ат,соқа, өгіз арба берді. 
1949 жылы ауылға үлкен жаңалық келді, 2 аяқты, 
3 аяқты «Беларусь» тракторы бар колхозға НАТИ 
тракторы  келді  (сол  жылы  өмірге  келген  Әбіш 
ақсақалдың  баласының  атын  «Нәтибай»  деп 
қойды).  Бұл  трактор  талай  адамның  қолын 
босатып,  егіс  даласында  еркін  самғады.  Жаңа 
техника 
еңбек 
өнімділігін 
де 
арттырып, 

16 
 
шаруашылық  бұрынғыдан  гөрі  едәуір  оңала 
бастады.  
Ауыл 
есіме 
түскенде, 
сол 
ауылды 
көркейтуге  атсалысқан,  ақыл-ойы  мен  парасатын, 
білімі  мен  біліктілігін  шаруашылықты  аяғына 
тұрғызуға, ауылдастарының, ағайын-туыстарының 
тұрмыс-тіршілігін  жақсартуға  арнаған  алдыңғы 
буын  ардақты  ағаларым  көз  алдыма  келеді. 
Ендеше,  құрметті  оқырманым,  бүгіндері  көзден 
кетсе  де,  көңілден  кетпеген,  сондай-ақ  өткен 
өмірдің  елшісіндей  алшаң  басып  арамызда 
жүрген,  алмағайып  заманда  елінің  белінкөтеріп, 
аяғына  нық  тұрғызған  ардагер  ағалар  жайлы 
зерттеу-әңгімеге құлақ салыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

17 
 
АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН – АҒАЛАР 
 
Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды. 
Шәкәрім. 
 
Колхоз  ұйымдасқан  алғашқы  жылдарда 
осынау  қауырт  жұмыстың  ауыртпалығын  бір 
кісідей  көтерген  жандардың  бірі  Орман  ақсақал 
болған  екен.  Ол  кісі  ауылдағы  «Жиес»  деп 
аталатын атаның Бақашынан көрінеді.  
Орекең  колхозды  ұйымдастырушы  ғана 
емес,  жұмысты  өте  таза  істейтін  кісі  болған 
көрінеді,  қойма  да  ұстаған.  Колхозшыларға 
еңбекақыны  дәлме-дәл  өлшеп,  100  грамнан  ұн 
тарататын  кезі  де  болыпты.    Комбайнда  есепші 
болыпты.Қанаев 
Омардан 
қалған 
ауыл 
бағындаосы  Орман  ақсақал  басқарып,  баптап 
күткен  көрінеді.  Баласы  Асықбай  Луговойда 
тұрады.  Бірлеске  тиген  Алтынкүл  деген  қызы 
балалы-шағалы болды. 
Колхозда алғаш рет комбайн тізгінін ұстаған 
Сарманатты  кісі  өте  еңбеккер,  тындырымды 
азамат  еді.  Сол  кезде  техника  тілін  меңгерген 
бірден-бір  маман  тек  осы  Сарман  ғана  болған 
екен.  Мен  көргенде  ол  кісі  ұзын  бойлы,  қапсағай 
зор  денелі,  қартаң  тартқан  кісі  еді.  Сарманнан 
Башан,  Башаннан  Рысқұл,  Рысбай,  Жақсылық, 
Нұрлан атты ұл балалар,  Шынар атты қыз болды. 
Біз  Шынармен  қатар  өсіп,  бойжеттік.  Ешқандай 

18 
 
артық  іс-қимылы  жоқ,  сыпайы,  момын  қыз 
отбасын құрып, өсіп-өніп кетті.  
Сарман  атаның    «түйе  палуан»  деген  аты 
болған.  Кеңес  жылдарында  мамыр,  қараша 
мерекелерінің  дүрілдеп  аталып  өтетіні  баршаға 
белгілі.  Ауыл-ауылда  қызыл  жалаушалар  ілініп, 
әртүрлі  мерекелік  шаралар  өткізілетін.  Түрлі 
жарыстар мен ойындарға қатысқан немесе оларды 
қызықтаған  халықтың  ауыр  жұмыстардан  кейін 
едәуір  көңілдері  көтеріліп  қалатын  еді.  Сол 
ойындардың  бір  түрі  –бала  күрес.  Үлкендердің, 
тіпті  қатындардың  күресі  де  болған  екен.  Сондай 
күрестерде  Сарман  ақсақал  жеңіс  туын  ешкімге 
бермейтін  көрінеді.  Қарсыласын  жамбасқа  салып, 
жер  жастандыратын  алып  күштің  иесі  болған 
деседі. Сондықтан да ол кісіні ауылдастары «түйе 
палуан» деп атап кеткен.  
Сарман атаның адамгершілігі де зор болған. 
Жетпегенге  қол  ұшын  беруден  аянбаған  ақкөңіл, 
дархан  жүректі  жанды  бүгінде  көзкөргендер 
құрметпен  еске  алады.  Сарман  атаның  немересі 
Жақсылық  –бүгінде  ел  аузына  ілігіп  қалған 
кәсіпкер. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары 
ауылдың  қақ  ортасынан  қарияларға  арнап  Аллаға 
мінәжат ететін мешіт салып берген азамат. Бұл да 
немереге атадан қалған асыл қасиет болса керек. 
Сарман ақсақалдың бүкіл ауылдың баласына 
«Дәу  апа»  болған  анасы  есімнен  кетпейді.  Сол 
кездегі  қариялардың  ауыл  балаларына  деген 

19 
 
мейірбандылығын 
айтсаңызшы! 
Ол 
кісі, 
ұмытпасам,  ауылдың  бас  жағында  тұратын.  
Үстінде  ұзын  көйлек-қамзолы,  басында  биіктете 
ораған күндігі болатын еді. Біздің үй көшенің орта 
тұсында-ды. Бізге қарама-қарсы, Көктал көкемнің 
үйі  мен  екі  арада  кішкентай  көлшік  болатын.  Біз, 
әлі мектеп есігін аша қоймаған балалар, осы жерде 
шүпірлеп 
ойнап 
жүреміз, 
балшықтан 
үй 
жасаймыз,  түрлі  жануарлар  мен  аңдардың 
сұлбаларын  жасаймыз.  Тіпті  болмаса,  шалшық 
көлді  шапақтатып  кешіп,  мәз-майрам  боламыз. 
Сондай  бір  күндерде  көшенің  басынан  Дәу  апа 
көрінсе  болды,  бірінші  болып  айғайға  басатын 
өзіміздің  Қоқан  (шын  аты  Рахымбек  еді)  болады. 
Бойы  бізден  биіктеу,  жасы  да  ересек  ол  жан-
жағына қырағылықпен қарап жүре ме, әйтеуір: 
–  Дәу  апа  келе  жатыр,  Дәу  апа!  –    деп, 
көшенің басына қарай құстай ұшады. Сол-ақ екен, 
бәріміз  шалшық  көлшікті  тастай  салақара  жолға 
түсеміз. Батпақ-батпақ аяқтарымызбен борпылдақ 
шаңды  аспанға  көтере  шапқылап  мен,  Қоқан, 
Мәрия,  өзімізден  кіші  інілеріміз  Мейрамбектер 
бар,  не  керек,  қыз  демей,  ұл  демей  ауылдың  бар 
баласы  солай  қарай  құстай  ұшамыз.  «Кім  бұрын 
жетеді?»  деп  жарысамыз-ау  тағы!  Арсалаңдап 
апаға жетеміз, «апалап» етегіне ораламыз. Дәу апа 
да  қанатын  жайып,  күнге  тотыққан  әжімді  өңі 
жадырай 
арсалаңдай, 
бізді 
сыйғанымызша 
бауырына  басып,  айналып-толғанады.  Сосын  іле-

20 
 
шала  сақина-білезіктерін  сыңғырлатып,  қолдарын 
қамзолының  екі  терең  қалтасына  кезек  сұғып-
сұғып  жібереді де,  тереңнен-тереңнен сыртын  кір 
шалған  көк  қанттың  үлкен  бір  түйірін  алып 
шығады.  Не  деген  керемет!  Біз  болсақ  басымыз 
қисайып,  сілекейіміз  шұбырып,  әлгі  кесек  қантты 
апа  тісімен  қатырлатып  уатпайынша,  күтіп 
тұрамыз.  Апа  әрқайсымызға  үлкенді-кішілі  қант 
түйірлерін  берген  соң  ғана  тырағайлап,  бет-
бетімізге  жүгіреміз.  Қазіргідей  рахмет  айту  да 
жоқ, «рахмет айтпады» деп ренжіп жатқан апа да 
жоқ, бізді бір қуантқанына мәз болып, арсалаңдай 
күліп  қала  береді.  Ауыл,  балдан  тәтті  балалық 
шағың  есіңе  түскенде,  көз  алдыңа  осындай 
қайталанбайтын  қадірлі  бейнелер  келеді.  Сағына 
отырып,  олардың  бойға  құйған  ізгіліктеріне  дән 
риза боласың.  
Орман  мен  Сарман  аталардың  інісі  Қарман 
ақсақал даадал еңбеккер еді. Қырманда істеді, мал 
бақты.  Ербосын,  Етберген,  Әділ,  Нұрбосын, 
Нұрболат  атты  ұлдары,  Мейраш,  Жайлаукүл, 
Гүлжан,  Гүлнаратты  қыздары  бар.Мейрашпен 
бірге ойнап, бірге өстік. Қара торының әдемісі, аса 
көрікті қыз еді. Қазір Ұзынағашта тұрады, балалы-
шағалы. 
Таңат  ата  жайлы  әңгімелерге  біз  жас 
кезімізден  қанық  болып  өстік.  Ол  кісі  -Біржан 
Байбол  атаның  екі  ұлының  бірі.  Таңат  атадан 
Әбдікәрім, Әбдікәрімнен  Әбдіқайың (Қайың) мен 

21 
 
Әбдіжәжел  (Жалал)  атты  ұлдар  болды.  Ата  ел 
ішінде «Таңат молда» деген атқа ие болған кісі. Өз 
заманында әуелі Әулиеатада, содан соң Самарқан, 
Бұхарада  ескіше  оқып,  арабша  діни  білімді  жетік 
меңгерген екен. Молданың емшілік қасиеті де зор 
болған.  Өз  үйінен  мешіт  ашып,  оған  Қайыңды, 
Өрнек,  Қызыл  ту,  Жарлысу,  Тереңөзек,  Бірлес, 
Ақыртөбе,  Мамай,  Сөгетіден  қариялар  жұма 
сайын  ағылып  келіп,  намазға  жығылатын  болған. 
Молданың тақуалығы жайлы мынадай әңгіме бар. 
Молда  туысқаны  Иманәліні  өзінің  жалғыз  атын 
сатуға  базарға  жібереді  де,  сатып  алушыға  аттың 
тістеуік  екенін  ескертуін  өтінеді.  Алайда  Иманәлі 
ақсақал  аттың  жаңа  иесіне  оны  айтуды  ұмытып 
кетеді.  Мұны  естіп,  қатты  өкінген  молда  дереу 
есегіне міне салып,  әлгі сатып алушыға  ат жайлы 
ескертуге өзі кеткен екен дейді.  
Қазір  колхоздың  орталығы  Тереңөзекте 
«Таңат ата» мешіті салынды.  
Әлібаев  Сқақбайағай  1920  жылы  туған,  өзі 
Біржан  атасынан.  Менің  есімде  қалғаны  –  тал-
дараққа  оранған  үйі  жақтан  баяу  басып,  көшеге 
шығып,  төңірегіне  маңғаздана  көз  тастап 
тұратыны. 
Иә, 
ол 
кісінің 
бойында 
кәдімгідейкербездігі  болатын  еді.  Аса  ұқыпты, 
сыпайы  жан  болатын.  Үстіне  сол  кезде 
«московский»  деп  айтылатын  ақсұр  макинтош 
киетін.  Бар-жоғы  жеті  сыныпты  ғана  бітірген 
зерделі 
балажігіт 
кадрға 
тапшы 
заманда 

22 
 
колхоздың 
есеп-қисап 
тіршілігіне 
ерте 
араласыпты.  Әуелі  Мамайда  есепші  болады. 
Жамбыл  колхозында,  Тереңөзекте  бас  бухгалтер, 
кейіннен қамбашы болды. 
Сқақбай ағай ауылды көркейтуге де көп үлес 
қосты. Көз көргендердің айтуынша, жиналыстарда 
үнемі  сөз  алып,  ауыл  өмірін  жақсартуға  өз  ой-
пікірін білдіріп отыратын болған, сондықтан да ол 
кісіні ауыл тұрғындары қатты сыйлаған екен.  
Сқақбай  ағаның  қолының  өнері  де  болған. 
«Алматы  қаласына  үш  айлық  бухгалтерлік  оқуға 
бара  жатқанда,  сол  заманға  лайықты  етіп,  киім 
салатын  чемоданды  өзі  жасап  алған  болатын»,  – 
дейді  ағаның  үлкен  ұлы  Жаңабай.  Ағайдан 
Жаңабай,  Сиқымбай,  Бақтыбай,  Бақыт,  Бақытбек, 
Дәурен  атты  ұлдар  мен  ГүлбаҺрам  атты  қыз  
қалды.  Гүлбаһраммен  бірге  оқып,  бірге  өстік. 
Аққұба,  дөңгелек  жүзді  аса  сүйкімді  қыз  еді. 
Мінезі  бірсыдырғы,  тәрбиелі  бала  болатын.  Неге 
екенін  қайдам,  анасы  қызының  атын  атамай, 
«Алтынқыз» дейтін еді.  
Әбдікәрімов  Әбдіқайым  (Қайың)ағай  да 
нағыз  есеп-қисаптың  адамы  болған  екен.  Ол 
даБіржан  атасынан  шыққан.  Ұзын  бойлы,  еңселі 
келген  аққұба  жігіттің  мінезі  байсалды,  аса 
мәдениетті  жәнеісіне  мықты  жан  еді.  Ол  да  бар-
жоғы  жеті-ақ  сыныпты  бітірген  жас  жігіт, 
ауылдың  кеңсе  жұмыстарына  ерте  араласқан 
көрінеді.  Көп  жылдар  бухгалтерияда  есепші 

23 
 
(счетовод)  болып  жұмыс  істейді.  Жұмысқа  (есеп-
қисапқа)  өте  мықты,  зерек  кісі  «Алғабас» 
совхозында 
бас 
бухгалтер, 
ауылда 
бас 
бухгалтердің  көмекшісі  қызметтерін  атқарады. 
Танабай,  Амантай,  Бейбіт,  Өрнек,  Асан,  Үсен, 
Жандос атты ұлдары, Жанат, Жанар, Жаухар атты 
қыздары бар.  
Серік  көкем-Оспан  атаның  жалғыз  баласы 
еді,  кезінде  ол  да  соғысқа  алынып,  бейшара 
қарттардың үміт оты кемігендей болған. Себебі де 
жоқ емес: аз ғана уақытта ауылдағы бірнеше үйге 
«қара  қағаз»  келіп  үлгірген.  Сондай  қаралы 
күндердің 
бірінде, 
апамдардың 
айтуынша, 
көкемнің  анасы  Маймақ  апа  елмен  бірге 
«әәәәәәәәәә-әу»  деп  жылап  келе  жатады  екен  де, 
сасқанынан  «Серігім  аман  келсін!»  деп  жылауын 
үзе  қояды  екен.  Ел  басына  түсіп  жатқан  нәубет 
қой,  бірнеше  азаматынан  айырылып  жатқан 
үйлерді  көрген  сорлы  ана    жалғызын  аман  келсін 
деп тілейді де...  
Серік  көкем  ұзын  бойлы,  атжақты  кісі 
болатын.  Қыр  мұрынды,  аласы  көбірек  отты  қара 
көздері танадай болып жалтырап тұратын қараның 
келбеттісі  еді...  Менің  есімде  қалғаны:  қашан 
болмасын  ат  үстінде,  ерте  кетіп,  кеш  келіп 
жататын-ды.  Өз  балаларымен  тел  өскендіктен  бе, 
әлде  кемпір  мен  шалдың  аңсап  көріп,  тоқтаған 
кенжесі  болғандығымнан  ба,  көкем  мені  де  өз 
балаларындай өте жақсы көріп, қатты еркелететін. 

24 
 
Үйіне  бара  қалсам,  тізесіне  отырғызып  алып,  әр 
нәрсені айтып, мені сөйлетуге құмар болатын.  

 
Атың кім? – десе болды, мен: 
–  Атым – Алдан, жылым – тышқан, жасым – 
үште, – деп қақсап қоя беремін. Көкем көзінен жас 
аққанша күліп: 

 
 Сенің  жасың  қанша  жыл  үште  бола  береді 
осы?  –  деп  мені  қытықтап–қытықтап  қоятын. 
Жұқалтаң  қараторы  өңіне  қан  жүгіре  күреңденіп,  
өткір  қара  көздерінен  қуаныш  нұры  төгілетін  еді 
сонда.  
Серік көкем жайлы айтар әңгіме көп. Ол кісі 
1924  жылы  дүниеге  келген.  10  жылдық  мектепті 
бітірген,  өте  сауатты  жазатын  кісі  болған.  1942 
жылы,  18  жасында  Отан  соғысына  аттанады  да, 
тек  1947  жылы  ғана  оралады.  Ол  кісінің  әскери 
билетіне  үңілсек,  төмендегі  хронологиялық 
кестені көреміз: 
1942  жылы  96-шы  атқыштар  полкінде 
атқыш; 
1943  жылы  203-ші  атқыштар  полкінде 
атқыш; 
1944  жылы  384-ші  атқыштар  полкінде 
атқыш; 
1945  жылы  157-ші  атқыштар  дивизиясында 
атқыш;  
1945  жылы  203-ші  атқыштар  дивизиясында 
артпулеметчик, 

25 
 
1946  жылы  6/6  артиллериялық  полкте 
телефонист; 
1947  жылы  1122  пушко-артиллериялық 
полкте топограф; 
1947 жылы 5 наурызда еліне қайтарылды. 
Серік  көкем  Германиядағы  соғыс  жеңіспен 
аяқталған  соң,  Жапонияға  жіберіліп,  онда  1947 
жылға  дейін  болған.  Көкемнің  Германияны, 
Жапонияны  жеңгені  үшін,  Кенисбергті  алғаны 
үшін медальдары бар.  
Соғыстың  алапат  ауыртпалығын  көріп 
ысылған, жақсы-жаманды ажырата алатын, жазуға 
да, сөйлеуге де сауатты Серік көкем ұзақ жылдар 
ауылда  өндіріс  бригадирі,  правление  хатшысы, 
қойма  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарды. 
1954жылы  партия  қатарына  өтті.  Шаруашылыққа 
мығым,  адал,  тындырымды,  ұйымдастырушылық 
қабілеті мол Серік көкем колхоз бастығының мал 
шаруашылығы  жөніндегі  орынбасары  да  болды. 
Жұмысқа  берілген  еңбеккер,  әрдайым  шындықты 
айтатын  адал  азаматты  колхоз  басшылығы  да, 
халық  та  жақсы  көретін.  Ол  кісі  колхоз  малының 
өсуіне,  ел  тұрмысының,  күнкөрісінің  жақсаруына 
өте көп ықпал етті. Брезент жамылғымен жаңбыр 
демей,  қар  демей  колхоз  малының  жайын  ойлап, 
қысы-жазы  ат  үстінен  түспеген  есіл  ер  өкпе 
ауруына  шалдығып,  1976  жылы  ауыр  науқастан 
көз жұмды.  

26 
 
Ақсарының  келістісі,  аса  инабатты,  үнемі 
күліп,  жарқылдап  жүретін  Күләнда  жеңешем 
осынау аяулы азаматына  –  әкеден қалған жалғыз 
тұяққа,Қалижаннан  (ерте  қайтыс  болды)  басқа 
Мейрамбек,  Бұйрабек,  Шекербек,  Қанат  атты 
ұлдар мен Ширакүл, Мереке, Жанат, Назира атты 
қыздар сыйлады. Иә, «орнында бар оңалар»  деген 
осы  да.  Қой  аузынан  шөп  алмайтын  момын 
жандар  –  Оспан  атам  мен  Маймақ  апамның,  ел-
жұртына  сыйлы  азамат  Серік  көкем  мен  ай 
дидарлы  Күләнда  жеңешемнің  артында  халық 
қажетіне жарайтын ұл-қыздары қалды.   
Ауылымыздың 
мал 
шаруашылығына 
сіңірген ерен еңбегі еленген шопан ағаларымызды 
ауыл  азаматтары  құрметпен  еске  алады.  Бөзбаев 
Әйткеш  (1909-1991)  «Озат  шопан»  атағына  ие 
болып,  «Еңбек  Қызыл  Ту»  орденімен,  Садыханов 
Әуесбай  (1936-1983)  «Еңбек  үздігі»,  «Еңбек 
ардагері»  медальдарымен  марапатталды.  Колхоз 
орталығы  Тереңөзек  ауылында  ашылған  соғыс 
және  еңбек  ардагерлеріне  арналған  аллеяда  бұл 
кісілердің де бейнесі орын алған. 
Мақпалбай 
Шалдамбаевағай 
ауылға 
оралғанда,  біз  11-12  жасар  балалар  едік.  Ұзын 
бойлы,  кесек  денелі,  сымбатты  келген  қара  торы 
жігіт  ағасы  келе  салысымен  ауыл  ортасынан 
дүмбіретіп шатырлы үй сала бастағаны есімде. Ол 
кісінің жұбайы Бүбіажар жеңгей де көркіне мінезі 
сай,  аса  инабатты,  биязы  сөйлейтін  сабырлы  жан 

27 
 
екен.  Кезінде  осынау  екі  бірдей  сымбатты  да 
ибалы  жандардың  лайықты  кездесіп,  отау 
құрғанынаауыл адамдары қызығатын еді. 
Мақпалбай  аға  1922  жылдың  1  мамырында 
дүниеге келген. Ақыртөбе орта мектебінде оқыған.  
«1941жылы, 7-сыныпта оқып жүрген кезім, ауылға 
келе  жатыр  едім,  біреу  артымнан  атпен  шауып 
келді  де:  «Сені  ауданға,  военкомат  шақырып 
жатыр»  деп,  қолыма  шақыру  қағазын  ұсынды. 
Луговойға  военкоматқа  барған  маған    Жамбылда 
Орта  Азия  әскери  округінің  105-ші  атты  әскер 
дивизиясына  баратынымды  айтты.  Қаладағы 
лесхозда  екі  полк  дайындалды,  штабы  Абай 
көшесінде.  Мен  сол  жерде  әскери  оқуды  оқи 
бастадым», – деп есіне алады Мақпалбай аға.  
Осында  10  ай  оқып,  қажетті  білімді  алған  
жас  жігіт  1942  жылы  Мәскеу  әскери  округінің 
152-ші  артиллериялық  полкінде  аға  шолушы 
болады.  Сол  1942  жылдан  1946  жылға  дейін 
Оңтүстік  шығыс  фронтта,  Қырымда  152-ші 
артиллериялық  полктің  командирі  болады.  Ағай 
20-30  адам  сиятын  американдық  «Судо-Беккер» 
машинасымен  Сталинградтан  Ялтаға  дейін  жетіп, 
Румыния,  Болгария,  Венгрия,  Украина  жерлерін 
неміс  фашистерінен  азат  еткен  де,  ең  соңы  –
Австриядан  қайтқан.  «Соғыстың  соңғы  күні  әлі 
есімде,  –  дейді  ағай.–  Расчетымда  9  адамым  бар, 
орудие  командирімін.  Бізге  1  май  күні  таңертең 
«фронтқа  қарай  жылжимыз»  деген  тапсырма 

28 
 
берілген  болатын.  Кенет,  қасымызға  бір  виллис 
машинасы  келіп  тоқтай  қалды  да,  ішінен  3-
Украина майданының командирі генерал Соколов 
түсе  қалып,  «Соғыс  бітті!»  деп  хабарлады.  Несін 
айтасыз,  сол  сәттегі  қуанышта  шек  жоқ,  бәріміз 
секіріп  жатырмыз,  бір-бірімізді  құшақтап  сүйіп 
жатырмыз». Осылайша Мақпалбай ағай 3-Украина 
майданынан 1946 жылдың бесінші қаңтарында, 24 
жасында  аман-есен  туып-өскен  еліне  оралды.  Бір 
ғажабы,  «қырық  жыл  қырғын  болса  да,  ажалды 
өледі» деген рас екен, 5 жыл қан майданда жүрсе 
деМақпалбай  ағай  бір-ақ  рет  тізесінен  жарықшақ 
алып, жараланыпты. 
Отан  соғысына  қатысып  елін,  жерін  жау 
шапқыншылығынан  азат  еткені  үшін  Мақпалбай 
аға  «Отан  соғысы»,  «І  дәрежелі  Отан  соғысы» 
ордендерімен,  «За  отвагу»,  «За  боевые  заслуги», 
«Варшаваны  азат  еткені  үшін»,  «Румынияны  азат 
еткені  үшін»,  «Болгарияны  азат  еткені  үшін» 
медальдарымен марапатталды.   
Ағайын-туыстарының 
ендігімақсаты–
соғыстан  аман  оралған  жас  жігітті  аяқтандыру 
болды.  Мақпалбайдың  жақын  туыстарының  бірі 
Жұманов  Әбдіқадыр  оны  ертіп  алып,  екеуі  біраз 
ауылдарды  аралап,  бойжетіп  отырған  қыздарды 
көрсете бастайды (сол кездегі жігіттердің осындай 
«қыз  көруі»  болатын).  Бірнеше  қыздарды  көріп, 
аса  көңілі  соқпаған  екі  жігіт  Мәкеңе  лайықты 
бойжеткенді  «Восток»  колхозынан  табады.  17 

29 
 
жастағы бота көздері мөлдіреген қыр мұрынды, ат 
жақты  аққұба  қыз  бірден-ақ  жас  жігіттің  жүрегін 
дірр  еткізді.  Үлкен  кісілердің  құдалық  алыс-
берісінен  соң,  екі  жас  отауын  тігіп,  отбасын 
құрды.  
Мақпалбай  ағаның  соғыстан  кейінгі  еңбек 
баяны өзінің туған ауылы «Көкарықта» МТФ-ның 
(сүт  фермасы)  меңгерушісі  болудан  басталады. 
1946-1959  жылдар  аралығында  ағай  «Қайыңды», 
«Жаңа  тұрмыс»  колхоздарында  парторг,  Луговой 
аудандық 
партия 
комитетінде 
инструктор, 
Луговой 
МТС-інде 
бухгалтер, 
Калинин 
колхозында  зоотехник-парторг,  Ленин  атындағы 
колхозда  колхоз  бастығының  мәдениет  саласы 
бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.  
1959  жылы  туған  ауылына  оралған  Мәкең 
колхоздағы  шаруашылықтың  сан  саласында 
(бригадир,  завхоз,  гидротехник,  зоотехник,  кадр 
бөлімінің  бастығы)  абыроймен  еңбек  етті.  Ұлы 
Отан  соғысының  ардагері,  Тұрар  Рысқұлов 
ауданының  Құрметті  азаматы,  қазір  93  жастағы 
ақсақал 
зейнетте, 
сүйікті 
жары 
Бүбіажар 
жеңгеймен  дүниеге  әкелген  жеті  баланың 
(Бекмұрат,  Бекмырза,  Бексұлу,  Түймекүл,  Света, 
Эльмира, Гүлмира), немерелерінің, шөберелерінің 
қызығын  көріп  жүрген  жайлары  бар.  Қос  қария  – 
ауылдың көркі, абыройы. 
Жұманов  Әбдіқадыр  1927  жылы  туған. 
Әбдіқадыр  ағаны  өзінің  атасы  –әйгілі  Таңат 

30 
 
молданың  өзі  арабша  оқытып,  сауатын  ашқан. 
Әкесі Жұман ақсақал да арабша, латынша сауатты 
кісі  болған.  Соның  нәтижесінде  Әбекең  қари 
болған  кісі.  Қызмет  жағына  келетін  болсақ,  ол  өз 
ортасының  беделді  азаматы  болды.  Ұлы  Отан 
соғысы  басталғандакөп  замандастары  секілді 
Әбекең  де  тілерсектен  қан  кешіп,  жалындаған 
жастық  шағын  оқ  пен  оттың  арасында  өткізеді. 
Көзкөрген  ағайын  мына  бір  жайтты  күле  отырып 
еске алады. Сұрапыл соғыс бейбіт елдің берекесін 
кетіріп,  қан  майданнан  бірінен  соң  бірі  келіп 
жатқан  қаралы  хабар  ел  ішін  дүрбелеңге  салып 
жатқанда,Жұман ақсақалдың үйіне де жалғыз ұлы 
Әбдіқадырдан  «өлді»деген  «қара  қағаз»  келеді. 
«Жазмыштан  озмыш  жоқ».  Жүрегі  қан  жылаған 
қария  құран  оқытып,  баласының  қырқын  бергелі 
жатқанда,  күтпеген  жерден  баласының  өзі  аман-
сау  келіп  қалып,  ағайын-туыстарын  қуанышқа 
кенелткені, 
шынында 
да, 
айта 
қаларлық 
таңғажайып жағдай болған екен.  
Ағай  елге  келген  соң  комсомолда,  ауылы  –
Көкарықта  әр  түрлі  жұмыстар  атқарады.  Кейін 
Ынтымақ  колхозында  (артельде)  бастық  болады. 
Сельпода,  саудада  қойма  меңгерушісі,  товаровед, 
сатушы  болып  жұмыс  істеп,  мол  тәжірибе 
жинаған  Әбдіқадыр  аға  ауыл  ішінде  әрдайым 
сыйлы, беделді азамат болып өтті. 
Күлтай–Әбдіқадыр  ағайдың  жалғыз  қызы 
ғана емес  мақтанышы да  еді.  1937  жылы  көкорай 

31 
 
шалғынға  бөленген  Көкарық  ауылында  дүниеге 
келген  қыз  өзге  құрбы-замандастарымен  бірге 
Ақыртөбе  орта  мектебін  «өте  жақсы»  деген 
бағамен  бітіреді.  Еркін  өскен,  табиғатында  өжет 
жаратылған қыз мектепті бітіре салысымен, арман 
қуып  Алматыға  жол  тартады.  Ол  кезде  ауыл 
қыздарының ішінде мұндай үлкен қалаға ат басын 
бұратындар  тек  жүректілері  ғана  деп  айтсам, 
артық  емес.  Осындай  санаулы  қыздардың  бірі  де 
бірегейі осы Күлтай әпкем болатын.  
Мектептен  тиянақты  білім  алған  Күлтай 
барлық  емтихандарды  ойдағыдай  тапсырып, 
Алматы  медицина  институтына  оқуға  түсіп,  оны 
балалар дәрігері мамандығы бойынша үздік бітіріп 
шығады.  Әпкейдің  өмірі,  қызмет  жолы  жайлы 
деректер іздестіргенімде, ұлы Қайрат маған анасы 
жайлы  жазылып,  газет  бетінде  жарияланған  
дәрігер-хирург, 
медицина 
ғылымдарының 
докторы  Сағындық  Ордабековтың  «Қазақтың  бір 
әйелі  Күлтай  деген...»атты  көлемді  мақаласын 
әкеліп берді. Сіз әрі қарай кездесетін деректер осы 
мақаладан  алынғанын  айта  кету  керек  деп 
есептеймін.  
Жасынан 
адам 
жанының 
арашашысы 
болуды  армандаған  бойжеткен  қыз  еңбек  жолын 
Жамбыл  қаласындағы  балалар  ауруханасында 
дәрігер-педиатр  болып  бастайды.  Осылайша 
Әбдіқадыр ағаның бір арманы орындалып, сүйікті 

32 
 
қызы  халық  қажетіне  жарайтын  азамат  болып 
өседі.  
Ауруханада өткен он жылда Күлтай әпке мол 
тәжірибе  жинап,  бала  денсаулығын  сақтаудың 
қыр-сырын  толық  ұғынған  тәжірибелі  маман 
болып  шықты.  Жамбыл  облыстық  денсаулық 
сақтау басқармасы Күлтайды 1971 жылы Жамбыл 
теміржол  ауруханасына  ауыстырып,  ол  жерде 
дәрігер  қан  құю  бөлімін  ұйымдастырып,  оны 
қысқа  мерзімде  бір  жүйеге  келтірді.  Жаңа 
саладағы  жұмысы  жемісті  болу  үшін  білімін 
жетілдіруді  мақсат  еткен  Күлтай  Мәскеу, 
Ленинград,  Киев,  Харьков,  Алматы  қалаларына 
барып,  көп  нәрсені  көңілге  түйіп  қайтты. 
Жамбылға  келе  сала  біраз  жаңалықтарды 
тәжірибеге  батыл  енгізді.  Соның  нәтижесінде  ол 
ұйымдастырған  қан  құю  бөлімі  көп  ұзамай 
облыстағы  ең  таңдаулы  емдеу  орнына  айналды. 
Осы  саладағы  ең  тәжірибелі  маман  болып 
есептелген  Күлтай  Әбдіқадырқызы  1973  жылы 
облыстық  қан  құю  стансасына  бас  дәрігерлік 
қызметке тағайындалды. Ширек ғасырға жуық осы 
қызметті  абыроймен  атқарған  әпкей  осы  жерден 
құрметті  демалысқа  шыққанымен,  мекеменің  аға 
дәрігері,  кеңесшісі  ретінде  қызметін  әрі  қарай 
жалғастыра  берді.  Күлтай  әпкейден  кейін 
облыстық  қан  орталығын  басқарған  Бақберді 
Кезембаев ардагер-дәрігер жайлы   былай деп сыр 
шертеді.  

33 
 
«Күлтай 
Әбдіқадырқызы 
өзінің 
адал 
еңбегінің,  ізденімпаздығының,  еңбексүйгіштігі 
мен  жаңалыққа  жанын  бере  атқарған  қызметінің 
арқасында  тек  біздің  облыста  ғана  емес,  бүкіл 
республикаға 
аты 
танымал 
болған 
нағыз 
майталман 
дәрігер. 
Облыстағы 
қан 
құю 
стансаларының  дамып,  заман  талабына  сай 
болуына  ол  аянбай  тер  төккен,  көптеген 
аудандарда  қан  құю  пункттерін  ұйымдастырып, 
оған кадр-мамандар дайындауға мұрындық болған 
тәжірибелі  маман.  Қазір  де  Күлтай  апай  бұл 
қызметтен  шет  қалып  қойған  жоқ,–  дей  келіп, 
дәрігер мына бір есте қаларлық жайды баяндайды. 
–1991  жылы  Сарысу,  Талас  аудандарында 
бұрын  бұл  аймақтарда  тіркелмеген  кене  арқылы 
адамға  жұғатын  өте  қатерлі  ауру  «Конго-Қырым 
қанды  безгегі»,  яғни  халық  тілімен  айтсақ, 
«көкала»  ауруы  етек  алды.  Алғашқы  кезде, 
тәжірибенің  жоқтығынан,  бұл  аурудан  бірнеше 
адам көз жұмды. Кейін Мәскеу, Алматы, Ташкент 
қалаларынан 
ғалым-дәрігерлер 
келіп, 
ауру 
эпидемиологиясын 
зерттей 
келе, 
«көкала» 
ауруының  алдын  алу  шаралары  мен  емдеу 
жолдары  анықталып,  тиісті  жүйеге  келтірілді. 
Біздің  қан  құю  стансасында  қан  сарысуынан 
арнайы  дәрі  жасалып,  оларды  ауру  жұққан 
адамдарға  пайдаланғанымызда,  сырқаттар  сол 
қауіпті аурудан айыға бастағанын көріп, қуандық. 
Кейін біздің сол тәжірибеміз бүкіл КСРО-ға, яғни 

34 
 
одақ  бойынша  таратылып,  мүйіздері  қарағайдай-
қарағайдай  ғалымдардың  ризашылығын  алдық. 
Сол  жылдары  жинақталған  тәжірибелер  негізінде 
жерлестеріміз 
Мәлік 
Әбдікәрімов, 
Еркін 
Дүрімбетов, 
Станислав 
Казаков 
тәрізді 
дәрігерлеріміз  кандидаттық  диссертация  қорғап, 
отандық  ғылымға  біраз  жаңалықтар  енгізді.  Сол 
қиын-қыстау 
жылдары 
«көкала» 
ауруына 
шалдыққан  сырқат  адамдарды  өлім  тырнағынан 
алып  қалу  мақсатында  күн  демей,  түн  демей 
аудан-ауданды 
шапқылап 
аралап, 
қан 
препараттарынан 
сарысу 
дайындауды 
ұйымдастырып,  аурулардың  дін-аман  қалуына 
аянбай 
тер 
төккендердің 
бірі 
Күлтай 
Әбдіқадырқызы  болатын.  Ол  кісінің  бұл  қызметі 
ерлікке пара-пар еді, – дейді Бекберді Кезембаев. 
«Адамға қан құю – өте жауапты іс. Бұл жерде 
жіберілген  абайсыздық,  мүлт  кеткен  қателік 
кешірілмейді.  Қан  арқылы  адамға  100-ге  жуық 
ауру  жұғады.Сондықтан  біздің  қызмет  әр 
маманнан  үлкен  жауапкершілікті,  адалдықты 
талап  етеді,  –  деп  отырады  екен  Күлтай  әпке.  –
Адам  бойындағы  адалдық  пен  тазалықты  ерекше 
жақсы  көремін.  Ал,  өтірік  айтқан,  арамдық 
жасаған,  жағымпаздық  пен  жылпостыққа  жақын 
адамды  суханым  сүймейді.Мен  бақытымды 
еңбектен  таптым.  Ал,  еңбегім,  қызметім  –  ел 
құрметтейтін 
дәрігерлік 
мамандығы 
екенін 
мақтаныш етемін,– деп отырады екен абзал жан. 

35 
 
Күлтай  Әбдіқадырқызының  отбасы  –  оның 
үлкен  мақтанышы.  Отағасы  Дүйсек  Жамбылов  –
Социалистік  Еңбек  Ері  Құралбай  Жамбыловтың 
ұлы,  Алматыдағы  зооветеринарлық  институтты 
бітірген,  мал  маманы  болып  абыройлы  қызмет 
атқарып  өткен  жігіт.  Олардың  бір  ұл,  бір  қызы 
бар. 
Қыздары 
Римма– 
Алматыдағыконсерваторияны  бітірген,  жастарға 
музыкалық  білім  берумен  шұғылданады.  Ұлдары 
Қайрат  политехникалық  институтты  бітірген 
жоғары білімді маман. Қазір Астанада, энергетика 
министрлігінде  басшы  қызмет  атқарады.  Күлтай 
әпкейдің  бес  немересі  бар,  Мөлдірі  әжесінің 
жолын қуып, дәрігер мамандығын алмақшы.  
Қазір  фанилік  болған  білімді,  білікті 
маманқоғамда өз орнын тапқан сыйлы дәрігер, ең 
бастысы,  қарапайым  да  адамгершілігі  мол  азамат 
Күлтай 
Әбдіқадырқызын 
туыстары, 
дос-
жарандары әрдайым сағына еске алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

36 
 
АУЫЛДЫҢ БАҒЫН АШҚАН АЗАМАТ 
 
Бақытты адам қаласа, 
Қар үстінде от жанар. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал