Қайрат МӘМИ, Қр жоғарғы Cотының Төрағасы: Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғары тұрғаны



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/8
Дата06.05.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қайрат МӘМИ, ҚР Жоғарғы Cотының Төрағасы:

«Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғары тұрғаны 

Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – 

Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы».

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың

                                                                судьялардың VI съезіндегі сөзі

(Соңы 4-5 беттерде)

Сот реформасы мемлекет пен халық 

игілігі үшін жүзеге асырылуда

Сәті түскен сұхбат



– Қайрат Әбдіразақұлы, осы жылғы 

съезд ел Тәуелсіз ді гі нің 25 жылдығы 

мерекесі мен тұспа-тұс келіп отыр. Бұ дан 

тыс, келелі басқосу Қазақ стан судьялары 

сьезінің өтке ніне 20 жыл толуымен де 

сәй кес келеді екен. Тәуелсіздік ал ған 

жылдар  ішінде  отандық  сот  жүйесі 

қаншалықты өзгерді?

–  Расында  да,  ағымдағы  жылғы 

шаралардың барлығы дерлік Тәуелсіздік 

мерейтойымен сабақ тасып жатыр. Осы 

уақыт ішінде сот жүйесі елі мізбен бірге 

жаңарып, жасарды десек те болады. Біз ескі 

кеңес тік жүйенің қалдықтарынан қол үзіп, 

жаңа институттарды енгіздік, заңна ма лар ды 

заман талабына сай жетілдіру жолында 

жұмыс істедік, судьялар корпу сының сот 

билігі нің дербестігі ұстанымына сай тиімді 

жұмыс істеуі үшін қажетті алғышарт тарды 

қалыптас тырдық. 

№130 (2908) 21 қараша 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Қазақстан Республикасы судьяларының VIІ съезі



Құрметті Қазақстан Республикасы судьяларының 

VII съезіне қатысушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аты-

нан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі съезд еліміз Тәуелсіздігінің 25 

жылдық мерейтойы қарсаңында өтуімен ерекше мәнге ие.

Қазақстан жаңа мыңжылдыққа жаңа құқықтық жүйемен аяқ басты 

және тәуелсіз сот билігі ажырамас атрибуттарының бірі болып табы-

латын демократиялық құқықтық мемлекетті одан әрі орнықтыру жо-

лында келе жатыр.

Тәуелсіздік жылдарында адамның және азаматтың құқықтары мен 

бостандықтарын қорғау мақсатында конституциялық құрылыс 

тұрақты лығының мүддесіне орай, Қазақстан Республикасының Кон-

ституциясына сәйкес берілген өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемле-

кеттік биліктің өз алдына дербес тармағы ретінде бірыңғай сот жүйесін 

қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционал­

дық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты 

Ұлт Жоспарын іске асыру аясында былтыр бірқатар маңызды 

заңнамалық актілер мен өзге де шешімдер қабылданып, олар сот 

құрылысының ұйымдастырушылық­құқықтық негіздерін және проце-

стік заңнаманы айтарлықтай жаңартты.

Өзін демократиялық ел ретінде орнықтыратын кез келген мемле-

кетте сот арқылы қорғалу құқығы құқықтар мен бостандықтардың ең 

негізгі кепілі болып табылады. Бұл құқық халықаралық актілердің 

бәрінде де түбегейлі бекітілген. Сот төрелігі мәселелері әлем 

елдерінің бәрінде дерлік конституциялық реттеу нысаны болып табы-

лады. 


Игорь РОГОВ,

Қазақстан Республикасы

Конституциялық Кеңесінің

Төрағасы

Құрметті съезд 

делегаттары мен қонақтары!

Тиімді әрі әлеуетті сот жүйесі – кез кел ген мемлекет 

үшін құқықтың үстемді лігін қам тамасыз етудің негізі мен 

кепілі. Онсыз қоғамның сәтті дамуы мен азаматтардың 

әл­ауқатының артуы мүмкін емес.

Біздің сот органдары әлі жас. Нарықтық экономика 

және билік тармақтарының бөлінуі жағдайында ширек 

ғасыр қызмет етуде. Дегенмен, осы уақыт ішінде Мем-

лекет басшы сының үнемі назар аударуы мен қолдауы 

арқасында сот жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды 

жұмыстар ат қа рылды.

Бүгін соттарда отандық заңгерлердің элитасы 

топтасты рылған. Соттар азамат тардың құ қықтары 

мен  бостан дық тарын,  бизнес  пен  мем лекетті 

қорғаудың сенімді құралына айналу да. «100 нақты 

қадам» Ұлт Жоспары еліміз дің сот­құқықтық жүйесін 

әрі қарай сапалы жаңғыртудың жаңа көкжиегін анық­

тады. Сон дықтан, сіздердің алдарыңызда сот төре­

лігін жетіл діру бойынша бірқатар мәселелерді шешу 

міндеті тұр.

Судьялардың VII съезі сіздердің жос парларыңызды 

сәтті іске асыруға, сонымен қатар, еліміздің сот 

құрылымы мен сот өндірі сінде басталған өзгерістерді 

аяқтауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Жұмыс­

тарыңыз табысты болып, тиімді шешімдер қабылдап, 

үлкен жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін!



Жақып АСАНОВ,

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

ҰЛТ ЖОСПАРЫ 

ҰТЫМДЫ 

ОРЫНДАЛУДА

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР 

КЕМЕЛДІККЕ ЖЕТКІЗЕРІНЕ 

СЕНІМДІМІН

Құрметті судьялар қауымы!

Биылғы  съезд  ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығын  мерекелеумен  тұспа­тұс  келіп 

отыр. Жылдар бойы сот жүйесі іс жүзінде заң 

үстемдігін қамтамасыз етумен қатар, елдің да-

муына зор үлесін қосып келеді. Елімізде Мем-

лекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт 

Жоспары шеңберінде ауқымды реформалар 

жүргізілуде. Бұл жұмыста сот билігінің одан әрі 

дамуына ерекше көңіл бөлінуде. 

Биылғы 1 қаңтардан бастап соттардың үш 

сатылы жүйесі жұмысын бастады, судьяларға 

қойылатын білік тілік талаптары жоғарылады, 

инвесторлардың  заңды  құқықтары  мен 

мүдделерін сот арқылы қорғау күшейтіліп, 

тергеу судьяларының өкілеттіктері кеңейтілді. 

Осы себепті алдағы съезд іскерлік рухта өтіп, 

ұлттық сот жүйесін одан әрі да мыту үшін жаңа 

мақсаттарды ай қындайтынына сенімдімін. 

Тиімді сот төрелігі және халықтың оған деген 

сенімі – бұл «Қазақстан­2050» стратегиясын 

табысты іске асыру дың басты кепілдерінің 

бірі. 

Судьялардың VII съезінің барлық деле-



гаттары мен қонақтарына табысты жұмыс, 

қызықты пікірталас пен сот төрелігі саласын 

жетілдіру бойынша жаңа жетістіктер тілеймін. 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ,

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

ТАЛАПТЫҢ ӨСУІ 

ТАБЫСТЫ 

ЕСЕЛЕЙДІ

Съездің  қа зақ     стандық  сот  жү­

йе сіндегі ор ны ерекше. Құ ры лым 

жұ мысы  енді  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев ұсынған Ұлт Жоспарын 

тиімді орындауға бағыт талып отыр. 

Шындығында, Ұлт Жоспары сот төре­

лі гін жаңаша қырынан көрінуіне, сот 

корпусын қалыптастыруға, судьялар 

біліктілігін көтеруге тың серпін берді. 

Судьялар одағы да Мемлекет бас ­

шы сының сот корпусына берген тап­

сырмаларын басшылыққа алып жұмыс 

жүргізуде. Оларды талқылауға судья­

лармен қатар, заңгерлердің, саясаткер­

лер мен ғалымдардың, журналистердің 

қатысқанын айта кеткеніміз жөн. 

Судьялардың VІ съезінде сот жұ­

мы  сын ұйымдастырудағы әлсіз тұс­

тар сынға алынған болатын. Сот ісін 

жүр гізу мәдениетінің төмендігі, істі 

қараудағы мерзімнің созбалаңға салы­

нуы, талдамалы жұмыстың жасалма­

уы, қарапайым ха лықпен байланыстың 

аздығы, қыз мет тік құжаттардың сапа­

сыздығы, жаңа тех но логиялардың 

сот  ісін  жүргізуде  қолданылмауы 

осы съезде жан­жақты көрсетіліп, 

мәселелердің шешімін табу сот корпу­

сына жүктелген болатын. 

Осыған  орай,  Судьялар  одағы 

тара пынан соттардағы ұйымдастыру 

жұ мы сын жандандыру мақсатында 

об лыс тық,  аудандық  және  оған 

теңес ті ріл ген  соттарда  жұ мы с 

тиімді жүргізгендерге арнап байқау 

қолға алынды. Бұл байқаудан рес­

публика  соттарының  ешқайсысы 

шет  қалмады.  Шара  нәтижесі  сот 

ор ган дарының  жағымды  имиджін 

қалып тастыруға оң әсерін тигізді. 

Осылайша сот отырыстарын негізсіз 

кейінге қалдыруға түрткі болатын 

әуре­сарсаң азайып, сот тарапынан 

тұрақты  ұйымдастырылатын  бри­

фингтер, шаралар, БАҚ беттеріндегі 

мақалалар соттар мен халық арасын 

неғұрлым жақындатты. 



Жетістікке 

жетелеген 

бастама

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 

қарсаңында республика 

судьяларының кезектен тыс 

VІІ съезін өткізу құқықтық 

демократиялық мемлекет 

қалыптастырудағы сот билігінің 

қаншалықты маңызға ие екенін 

көрсетеді. 

(Соңы 8-бетте)

Республика судьяларының VІ съезінен кейінгі жылдар сот жүйесін 

түбегейлі қайта құру мен ерекшеленеді. Әсіресе, бұл бағыттағы 

жұмыстар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары-

нан кейін неғұрлым жандандырылып, отандық сот жүйесі одан әрі 

жетілдіріліп, дами түсті. 

Осы ретте заңнамалар жаңартылып, судьялық қа үміткерлерге 

қойылатын талаптар күшей тіліп, қызметтегі судьялардың жұмысына 

ақпараттық технологиялар белсенді түр де енгізілуі елімізде сапалы 

жаңа сот-құқықтық мәдениетті қалыптас тыруға ықпал етті. 

Судьялардың VІІ съезінің қарсаңында Жоғарғы Соттың Төрағасы 

Қайрат Мәми «Заң газетіне» берген эксклюзивті сұхбатында судьялар 

өздерінің биылғы форумына неліктен әдеттегіден ерте жина-

латындығын, судьялар қауым дастығының қазіргі таңда қандай 

мәселелерді шешіп жатқанды ғын және таяу болашақта атқаратын 

жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

2

№130 (2908)

21 қараша 2016

zangazet@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗI

Судьялардың қателігін 

Сот жюриі анықтайды

Қазылардың қамсыз жұмыс 

істеуіне жағдай жасалған

Осы ретте қайткенде судьялардың біліктілігі мен 

тәр   тібі талапқа сай болады? «Кемшілікке жол бер-

мес үшін қайтпек керек?» деген сауалға жауап іздеп 

көрсек.

Қазіргі уақытта кез келген адам Жоғарғы Сот­



тың жанынан құрылған Сот жюриіне судьялардың 

түрлі әрекеттеріне орай шағымдана алады. «Қазақ­

стан Республикасының сот жүйесі мен судьялары­

ның мәртебесі туралы» конституциялық заңның 

38­1­бабына сай, Сот жюриі қызмет істеп жүрген 

судьяның кәсіби біліктілігін, құқығын, оған қатысты 

тәртіптік іс жүргізу мәселесін қарайтын соттар 

қауымдастығының алқалы органы болып табылады. 

Осыған орай, Мемлекет басшысының Жарлығымен 

Сот жюриі туралы ереженің жаңа редакциясы 

бекітілді. Міне, енді Сот жюриі ағымдағы жылдың 

басынан талапқа сай жұмыс істеп келеді.

Жоғарғы Сот жанынан құрылған Сот жюриі  

біліктілік және тәртіптік комиссиядан тұрады. Білік-

тілік комиссиясының құрамына жеті адам, ал 

тәртіптік комиссияға тоғыз адам кіреді. Олар 

Жоғарғы Соттың, облыстық соттың судьялары, 

аудан дық соттың және отставкадағы судьялар. 

Атал ған қос комиссияның басын қосқанда оларды 

Сот жюриі деп атаймыз. Комиссия мүшелерін жа-

сырын дауыспен Жоғарғы Соттың жалпы отыры-

сында үш жылға сайлайды. 

Біліктілік комиссиясы бүгінгі күнге дейін Астана, 

Алматы қалаларының және көптеген облыстар дың 

соттарында болып, судьялардың біліктілігі мен 

тәртібіне негізделген сынақтарды өткізді. Республи-

ка бойынша соттарда қызмет істейтін 2600 судья бар. 

Олардың бәрінің бірдей біліктілігі тара зыға тартыл-

майды. Еңбек өтілі бес жылдан жиырма жылға дейін-

гі судьялар біліктілігі міндетті түрде тексеріледі. Ал, 

еңбек өтілі жиырма жылдан асқандарға мұндай 

сынақ көзделмеген. Өйткені, жиырма жыл қызмет 

еткен судьяның тәжірибесі де, білімі де талапқа сай 

келетіндігі айтпаса да түсі нікті. Сол сияқты, еңбек 

өтілі әлі бес жылға тола қоймаған жас судьялардың 

да бұл таразыға тартыл майтындығын айтқан жөн. 

Алайда, жаңа заң бойынша келесі жылдан бастап 

қызметке келген жас судьяның еңбек өтілі бір жылға 

толған да оның білімі сарапқа салынады. Бұл сынақ 

оның бес жылға дейін судья болып жұмыс істейтін-

дігін немесе істей алмайтындығын, жұмысына жа-

рамды, не жарам сыз дығын белгілеп береді. Бес 

жылдан соң тексеріс тағы қайталанады.

Біліктілігі тексерілген судьяның жарамсыздығы 

анықталса, Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесіне ұсыныс 

тү сі реді. Онда нақты судьяның білім деңгейі мен бі лік­

Осы жұмыстағы басым бағыттардың бірі 

жаңа ғимараттар салу, қолданыстағы нысандар-

ды  жөндеу  және  олардың  ескі лерін  қайта 

қалпына келтіру болып табылады. Соңғы үш 

жылда әзірленген үлгілік жобалар негізінде 

Астана қала сында, Қызыл орда, Ақтөбе, Шығыс 

Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 

халықаралық стандарттарға сәйкес келе тін 45 

мыңнан астам шаршы метрді құрай тын сегіз 

жаңа ғимарат жаңартылды.

Соттардың жаңа ғимараттарында сот төре­

лігін сапалы іске асыру үшін сот залдары, 

кеңесу  бөлмелері,  адвокаттардың,  про­

курорлардың,  медиаторлардың  жұмы сы на 

арналған бөлмелер, күту залдары және тағы 

басқа көптеген үй­жайлар көз делген.

Соттарды тиісті ғимараттармен қамта ма сыз 

ету мәселесі мүдделі мемлекеттік және жер-

гілікті  атқарушы  органдарымен  бір лесіп 

пысықталуда. Мәселен, Қоста най, Маңғыс  тау, 

Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыста-

рында сот ғимаратта рын жобалау мен құрылыс 

жұмыстарын жүргізу бойынша келісімдерге қол 

жеткізілді. Алматы қала сын да, Маңғыстау, 

Оңтүстік Қазақ стан, Қостанай, Батыс Қазақстан, 

Ақтөбе және Ақмола облыстарында сот тарға 

әкімшілік ғимараттарды беру және ауыстыру 

2013 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы судьяла ры ның 

алтыншы съезінде Елбасы Н.Назарбаев соттар мен судья   лардың табысты қызмет 

етулері үшін оларды барлық қажетті лік термен қамтамасыз етуді тапсырған 

болатын. Осы тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республика сы ның Жоғарғы 

Соты сот жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және 

инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстарды жүргізіп келеді. 

тілігі, одан әрі судья болып қызмет етуіне жара май ды 

деген қорытынды түйінделеді. Осыған байланысты 

Жоғары Сот Кеңесі сәйкесінше шешім шыға ра ды. 

Ал, судьялардың білімі мен біліктілігін анықтау  

әр судьяға билет беру арқылы жүргізіледі. Билетте 

негізінен төрт сұрақ жазылған. Үш сұрағы әр 

судьяның атқаратын қызмет саласына қатысты. Ал, 

төртіншісі жалпы сұрақ болып табылады. Онда 

судьяның бүгінгі өмір тынысынан қаншалық ты ха-

бардар екендігі назарға алынады. Осы сұрақ 

арқылы судьяның жан­жақты білімділігі, біліктілігі 

анықталады. Сол сияқты, емтихан қабылдау бары-

сында судьяның атқарған қызметінің үш жылдық 

нәтижесі қаралады. Онда жұмыс сапасы, тәртібі, 

істерді қарауы, үстінен түскен арыз­шағым дар т.б. 

сарапқа салынады. Осылайша, осындай таразылау 

арқылы кімнің кім екендігі айқын далып шығады. 

Сонымен қатар, жоғары лауазымға тағайын­

далатын, яғни, аудандық соттың судьясы аудандық 

соттың төрағалығына ауысуы үшін судьялардың 

барлығы Сот жюриі біліктілік комиссиясынан өтеді. 

Сот жюриі оның, яғни әлгі аталған судьяның 

аудандық сот төрағалығына лайықты ма, жоқ па 

дегендей, қабілетін жан­жақты тексеріп айтып бе-

реді. Облыстық соттың судьясы Жоғарғы Соттың 

судьялығына талпынса, оның да тиісті білімі мен 

біліктілігі тексеріледі. Бір сөзбен айтқанда, жаңа 

лауазымға ұмтылған судьяның бәрі Сот жюриінің 

елегінен өтеді. Дегенмен, осы Сот жюриінің 

шығарған әр шешімімен келіспеген судья Жоғары 

Сот Кеңесіне шағымдана алады. 

Қазіргі күнге дейін екі шағым түсіп, шағымдар 

бойынша Сот жюриінің шешімдерін Жоғары Сот 

Кеңесі өзгеріссіз қалдырды. 

Ал, Сот жюриінің тәртіптік комиссиясына ке-

летін болсақ, Конституциялық заңға сәйкес, судья ға 

қатысты материалды қарауға Жоғарғы Соттың не-

месе облыстық соттың жалпы отырысы ның шеші мі 

негіз бола алады. Сонымен қатар, егер жеке адамдар 

судьяның әрекетіне шағым жасаудың заңдылығын 

сақтаған болса, онда олардың да судьяға қатысты 

арыздары негізінде Сот жюриі өтініштерді қарайды. 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен 

судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық 

заңның 39­бабына сәйкес, теріс қылық жасағаны, 

яғни, сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел 

бұзғаны үшін, судья әдебіне қайшы келетін, атына 

кір келтіретін әдепсіздік жасағаны үшін және еңбек 

тәртібін бұзғаны үшін тартылуы әбден мүмкін. 

Бұған қоса барлық сот төрағалары, сот алқаларының 

төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген 

лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны 

үшін де тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Осы-

лайша,  судьяның  жасаған  теріс  қылығының 

деңгейіне, ауыртпалығына байланысты тиісті шара 

қолданылып, тіпті атқарып отырған лауазымынан 

босату да көзделеді.

Жыл басынан бері тәртіптік комиссияның 7 оты-

рысы өтіп, онда 28 судья тәртіптік жауапкершілікке 

тартылған. Бұған қоса 22 судьяның құрметті 

демалыс қа шығу құқығы расталған. Қазіргі таңда 

судья қабылдаған шешіммен келіспеген тараптар Сот 

жюриіне шағымдар түсіреді. Сондай арыздардың 

саны 244­ке жеткен. Бірақ, бұл арыз  дардың көпті гін 

білдірмейді. Судьяның үстінен жазылған арызда ғы 

деректер расталған жағдайда, яғни, судьяның әре­

кетінде Әдеп кодексінің нормалары бұзылғандығы 

анықталса, осы дәлелін тапқан фактілер бойынша 

судья тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Әрине, кез келген судья нақақтан­нақақ тәртіпік 

жауапкершілікке тартылмайды. Судьяны жауапкер-

шілікке тарту нәтижесі жалпы сот корпусын құқық­

тық және адамгершілік тұрғыдан нығайтуға себеп 

болуы керек. Судьяны жауапкершілікке тарта оты-

рып, заңдылықтың сақталуын, негізгі мақсат­мүд­

де нің орындалуын, әділеттілік пен адалдықтың 

сал та нат құруын қамтамасыз ету көзделеді. Бұл – 

теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриі қолда натын 

тәртіптік шара. Ал, жасалған теріс қылық тың 

ауырлығына қарай тәртіптік шара қолдану судьяның 

болашақта өзінің атқаратын жұмысы мен әрекетін 

бақылауда ұстауына әсер етері анық. Міне, судьялар 

арасында тәртіптік жауапкершіліктің үс тем дік 

құруы деген судьялар арасында болуы ықтимал 

бірде­бір заң бұзуышылық жауапсыз қалмайтын­

дығын білдіреді. Судьялардың жауапкершілігін 

күшейту, жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби 

қызметін бағалау, Сот жюриі арқылы шара қолдану 

– судьялардың тәртіпті сақтап, кәсіби қалыптасуына 

жол  ашып,  сот  төрелігі  сапасын  жақсартып, 

халықтың сотқа деген сенімін арттырары сөзсіз.



Моряк ШЕГЕНОВ, 

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы

Сот жюриінің төрағасы

Антқа адалдық

Судьялардың жаңа Әдеп ко­

дексінің бірінші бабы үшінші билік 

өкілдерін  антқа  адал  болуға 

үндейді. Аталған бапта «судья 

лауазымының жоғары мәртебе­

сіне лайық болып, сот төрелігін 

іске асыруға, қоғамдық қызмет 

пен тұрмысқа байланысты кез 

келген  іс­әрекеттерді  жүзеге 

асырған  кезде  әдепсіз  жүріп­

тұрудың көріністеріне жол бер­

мей, әдеп нормаларын мүлтіксіз 

сақтауға тиіс» деп көрсетілген. 

Сондай­ақ, судья еліміздің Ұлт 

жоспарының  басты  мақсаты 

заңның үстемдігін қамтамасыз 

етуге, сот органдарының тәуелсіз­

дігі қағидаттарын қорғауға және 

жүзеге асыруға міндетті. Бірінші 

бапқа сай судья сот билігінің бе­

делін түсіруден, сот төрелігінің 

тәуелсіздігі мен объективтілігіне 

негізді күмәннің туындауына әкеп 

соғуы мүмкін кез келген іс­әре­

кеттерден аулақ болуға тиіс. 



Түсініктеме 

беру тәртібі

«Судья заңды күшіне енбеген 

сот шешімдерінің заңдылығына 

қатысты жария мәлімдемелерден 

тартынуға тиіс және сот жүйесінің 

абыройын түсіруі мен сот төрелігі­

нің мүдделеріне залал келтіруі 

мүмкін түсіндірмелерден тарты­

нуға тиіс». Бұл норма кодекстің 

3­бабында көрініс тапқан. Алайда, 

заңға сай, «Аталған ережелер су­

дьяны бірыңғай сот практикасын 

әзірлеу мақсатында сот шешім­

дерін құқықтық талдауда шекте­

мейді және оны істерді қарау нә­

тижелерінің жария пікірталасында 

шектемейді. 

ӘДЕП КОДЕКСІ



Адам сотқа әділдікті іздеп, үлкен сеніммен жүгінеді. Алайда, адам тағдырын шешетін 

судьялар арасында кемшілікке жол беретіндері де кездесетіні жасырын емес. 

мен  инженерлік  жүйе ле рін 

қалпына келтіру бағы тындағы 

жөндеу жұмыс тары жүргізі луде, 

атқару техникасы, судья лар дың, 

маман дар дың және сот залда ры­

ның жиһаз  дары уақ тылы жаңар­

тылуда. Елдегі барлық соттар 

компьютерлермен және атқа ру 

техникаларымен жаб дық  талған. 

2013­2016 жыл    дар аралы ғында 3 

мың  нан ас там компьютер, 1500 

көп  функцио нал дық құрыл ғылар 

сатып алынды. Сот органдарында 

жеке адамдар дың қауіпсіздігі мен 

Құрметті 

Қайрат Әбдіразақұлы!

Құрметті съезге қатысушылар!

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан 

сот реформасы, сот саласын жетілдіру мен 

біртіндеп дамытудың үлгісі болып табыла-

ды. Ол құқықтық ой және құқық қорғау 

тәжірибесінің  үздік  дәстүрлеріне  не-

гізделген. Жүргізіліп отырған реформа­

лардың құқықтық мәде ниет ті арттыруға, 

адам  құқықтарының  сот  арқылы  қор  ға ­

луына кепілдік, әділдік пен гуманизм иде-

алдарын бекітуге бағытталуы ұлттық және 

халықаралық құқық тық қоғамдастық тара-

пынан жоғары бағаға ие болды.

Съезд сот жүйесінің реформасына тың 

серпін  береді  және  Қазақстан  Респуб­

ликасының  сот  жүйесі  алдында  тұрған 

өзекті міндеттерді анықтайтын болады. Сот 

саласын  дамытудағы  маңызды  уақиға, 

әрине,  Қазақстан  Республикасы  судья­

ларының Әдеп кодексін қабылдауы болады, 

ол  мемлекеттің  сот  жүйесіне  қоғам ның 

сенімін нығайта түседі.

Алдағы уақытта да Қазақстан Республи-

касы мен Ресей Федерациясы сот жүйе лері 

арасындағы жемісті ынтымақтастықтың 

қалыптасқан дәстүрі табысты дамиды және 

нығая түсетін болады деп сенемін.

Съезд  қатысушыларына  жұмыстары 

жемісті,  қоғам  мен  мемлекет  игілігі 

жолындағы  жауапты  істерінде  табысты 

болуына тілектеспін.

Қазақстан Республикасы Судьяларының 

VII съезіне қатысушы ларды Ресей Федера-

циясы  Жоғарғы  Сотының  атынан  құт­

тықтаймын.



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал