Қайран да біздің ебекең халқамыздың аяулы ұлы, ардақты азаматы



жүктеу 59.22 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі59.22 Kb.

Қайран да 

біздің 

ЕБЕКЕҢ... 

(халқамыздың аяулы ұлы, 

ардақты азаматы 

Евней Арыстанұлы 

БУКЕТОВ туралы 

сыр-толғам) 

Осы  ж ы л д ы ң маусым айында, 

Евней Арыстанұлы Букетов атын-

дағы Қарағанды мемлекеттік 

университеті  ө з і н і ң 20  ж ы л д ы -

ғын атап өтпекші деген қуаныш-

ты хабарға бізде елеңдесіп 

қалғанбыз.  Ә р и н е , бұл тойда 

университет  ө м і р і н е елеулі үлес 

қосқан, химия ілімінің бірегей 

таланты, халқымыздың маңдай 

алды азаматы Ебіней ағамыздың 

да әруағы риза болып,  о р н ы -

нан бір аунап түсері ақиқат.  Ш і р -

кін, өмір-ай десеңізші. Ебекең-

нің фәни жалғанмен хош айты-

сып, мәңгілік сапарға аттанға-

нына да он жылдай уақыт болып-

ты. Әсіресе, кейінгі 5-6  ж ы л -

д ы ң мұғдарында Ебекеңнің  ғ ы -

лыми еңбегі мен адамгершілік 

ар-ожданы  ж ө н і н д е нақты шын-

дықтар айтылып, әділ бағалар 

берілуде. Бірақ, ой  ж ү г і р т і п  қ а -

раған адамға бұл істер теңіз-

ге бет алған тұма бұлақтың ал-

ғашқы бастау  к ө з і сияқты. 

Ебекең туралы айтқанымыз-

дан айтпағымыз, жазғанымыз-

дан жазбағымыз  к ө п .  М ә с е -

лен, ағамыздың ғылыми,  ж а з у -

шылық, сыншылық, адамгер-

шілік сияқты түрлі қасиеттері-

нің өзі  ж е к е - ж е к е танып-білу-

ді қажет етеді. Әрине, Ебекең 

туралы қозғалар  б ү г і н г і  ә ң г і м е -

м і з д і ң барысында біз ғалым аға-

ның осы қасиеттерінің бірін 

екшеп алайын деп отырғаны-

мыз  ж о қ . Тек мерейлі тойдың 

қарсаңында  о қ ы р м а н қауымға 

аяулы ағамыздың ұлағатты  ө м і -

рінен аз да болса сөз қозғай 

кетуді  ж ө н  к ө р д і к . 

Евней Арыстанұлының туған 

інісі Қамзабай Букетовтың үйі 

қаламыздағы Ленин  к ө ш е с і н і ң 

бойында екен. Уәделі  м е р з і м д е 

Қ а м з е к е ң н і ң  е с і г і н  қ а қ т ы м . 

Есікті өзі ашты. Бурыл шашын 

артына қайырған алпамсадай, 

тұлғалы ақсақалды  к ө р г е н д е 

к ө з алдыма бірден Евней аға-

ның бейнесі келді. Ұқсайды 

екен. Ұқсайтын да  ж ө н і бар. 

Өйткені  Қ а м з е к е ң Евней аға-

ның тетелес інісі.  Ж а р т ы сағат-

та-ақ  к е р е г і м д і сұрап алармын 

деген асығыстау  о й д ы ң асығы 

алшысынан түспеді. Сөйлескен 

сайын  ә ң г і м е ирімі тым терең-

дерге тартып, аптыққан көңілді 

қ ұ м а р л ы қ басқандай. 

Ебекеңдер  б і р әкеден бес 

ағайынды  ж і г і т екен. Бір ғажа-

бы сонабір жылдары тұрмыс 

тауқыметімен  ж а н - ж а қ қ а бөлініп 

кеткен бес  ж і г і т , атжалын тар-

тып азамат болған шақтарын-

да осы қалада бас қосып тұрақ-

тап қалыпты.  Ә р и н е , әр қайсын 

тағдыр әр  ж о л м е н әкелген. Бәрі 

де  б і л і м д і , үлкен маман иеле-

р і . Қазір ең  к е н ж е л е р і Есіләм-

бектің өзі 50-ден асқан зейнет-

кер. 


Ш е ш е м і з Бәлтәй 14-құрсақ 

көтерген адам. Содан қалғаны 

бесеуміз. Ебіней 1925 жылы 

дүниеге келді. 1928  ж ы л ы мен 

тудым. Бесеуміздің ара жас 

айырмашылығымыз үш жастан. 

Тек Жартас деген  і н і м н і ң ал-

дында  б і р інім жас кезінде қай-

тыс болжы-дейді  Қ а м з е к е ң сөзін 

сабақтап. 

Біздің негізгі  м е к е н і м і з Есіл-

д і ң оң жағасындағы «Алыпқаш» 

деген  ж е р еді.  М е н і ң төртін-

ші атамның есімі Алыпқаш. Біз-

д і ң  м е к е н і м і з де сол кісінің 

атына байланысты қойылған. 

Алыпқаш атамыз туралы әке-

леріміз мынадай әңгіме айтып 

отыратын. 

Алыпқаш атамыздың әкесі 

Нақ деген кісі заманында еште-

ңеден таршылық  к ө р м е с е  к е -

рек. Бірақ тірлігінде перезент 

сүймей,  к ө п зарығыпты. Жасы 

сексенге келген шағы  е к е н . 

Бірде аң аулап ауылға таянып 

қалғанда алдынан  к ө р ш і  қ о -

лаңдары  ж ү г і р і п шығып, ұлды 

болдың, — деп сүйінші сұрайды. 

М ұ н ы естіген Нақ бабамыз: 

— С е к с е н г е  к е л г е н д е мен 

одан не  қ ы з ы қ  к ө р м е к п і н , бары-

нан  ж о ғ ы , — деп қылышын ала 

қаһарлана ұмтылады. Нақтың 

қаһарынан  қ о р ы қ қ а н әйелдер 

сәбиді  к ө р ш і ауылға алып қаша-

ды. Осы оқиғаға байланысты 

баланың атын Алыпқаш деп 

қояды. Алыпқаш сегіз жасқа 

келгенше сол  к ө р ш і ауылда 

өседі. Сол Алыпқаш атамыздың 

Қостанай деген ұлынан Бөкет, 

Бөкеттен Арыстан, Арыстаннан 

біз туамыз. Міне,  б і з д і ң бергі 

ұрым бұтағымыз осылайша  ө р -

биді — деп  Қ а м з е к е ң әңгімесін 

одан әрі жалғастыра  б е р д і . 

—  И ә , Ебекеңнің өмірбаяны 

әлі  т о л ы қ жазылып біткен  ж о қ . 

Ш ы н д ы ғ ы н айтсам  м е н і ң есімде 

ағамның кішкене кезіндегі  б е й -

несі мен істеген қылықтары ғана 

қалды.  О қ у  о қ ы п , оң-солын тани 

бастағаннан-ақ үнемі сыртта 

ж ү р д і . 

« Ә к е м Ебінейді өз теңіне ба-

лайтын. Ал,  ә к е м і з д і ң шешесі, 

б і з д і ң  ә ж е м і з Ебінейге  ж ұ м ы с 

істетпеуге тырысатын. Ебіней 

келе ол  к е н ж е баласының қолы-

нан  б і з д і ң үйге шығады. Ебіней 

ә ж е м н і ң баурында  ө с к е н д і к т е н 

анамызды өз атымен атайды. 

Ебінейді «Ботам» деп  ж а қ с ы 

көретін  ә ж е м оған құс  қ о н д ы р -

ғысы келмейді. «Өзіңді  о қ у  ж е п 

тастапты ғой» деп айналып, тол-

ғанады. Ебінейдің жанына жас-

тар ғана емес, ауыл ақсақалдары 

да үйріліп, әңгімесіне құлақ сал-

ғанда  ә ж е м н і ң  ж ү з і н д е  е р е к ш е 

қуаныш нұры ойнайды. Ебіней 

болса орыс,  қ а з а қ тілдерінде 

өлеңдер  о қ и д ы ,  о қ ы ғ а н - б і л -

генін айтады. Ауыл ақсақалдары, 

әсіресе, қысқы демалысқа кел-

генде  б і з д і ң үйге жиналады. 

Олар Ебінейдің  ә ң г і м е л е р і н 

тыңдауға құмар. Ебіней олар-

ға халық дастандарындағы ар-

дақты батырлар мен сұлулар 

жайлы  ж ы р д ы  о қ и д ы .  Қ о з ы 

Көрпеш-Баян сұлу, Қыз  Ж і б е к 

немесе Алпамыс, Қобыланды 

батырлар туралы айтқанда  б ә р і -

міз ұйып қаламыз. Тыңдаушылар 

айналасындағының бәрін  ұ м ы -

тып, ертегі әлеміне  к і р і п  к е -

теді. Кейбірі  к ө з д е р і н е жас ала-

ды.  М ұ н ы көргенде  ә ж е м н і ң 

ә ж і м д і  ж ү з і н д е сәуле ойнап, 

төбесі  к ө к к е  ж е т к е н д е й  б о -

лады. Енді ше,  о н ы ң «жалғыз 

қарғасы» ауылдың  ү л к е н - к і -

шісін аузына қаратып отырған 

ж о қ па!» 



* * * 

Қ а м з е к е ң н і ң әңгімесі енді 

қызайын деді, орнынан  б і р  қ о з -

ғалып қойып, сөз тиегін әрі 

қарай ағытты. 

— Жалпы бұл айтқандарым 

кезінде баспасөз бетін  к ө р г е н 

дүниелер.  М е н саған Ебекеңнің 

балалық шағынан есімде қал-

ған бір-екі оқиғаны айтайын. 

Ол кезде Ебінейдің  м е к т е п к е 

бармаған  к е з і . Бір күні ауылға 

бақсы келді. Ауылда  б і р адам 

ауырып, арнайы  ш а қ ы р т қ а н 

болатын. Бақсы ауру адамды 

оңаша үйге алдырып,  з і к і р са-

лып, жындарын шақырып аласұ-

ра айғайлап  д е м салды. Таяғын 

шошаңдатып  с е к і р д і . 

Ертесіне  б а қ с ы  к е т і с і м е н 

Ебіней өзінен кіші ауыл бала-

ларын жинап алып, бақсының 

ойынын бастады. Бақсы ұқсап 

аласұра айғайлады: 

Кереге бойлы  к е р жылан, 

Босаға бойлы боз жылан, 

Қайдасың  м е н і ң  ж ы н д а р ы м , — 

деп сарнағанда, біз  к ө з і м і з 

бақырайып қатты  қ о р ы қ т ы қ . Құ-

дай-ау ауылға келген бақсының 

сөздері мен қимылын аудырт-

пай салады. Тіпті әке-шешеле-

р і м і з Ебінейге шынында да 

бірдеңе қонған екен-деп  ү р е й -

ленді. 

Иә, кейін ойлап отырсам со-



ның өзі болашақ дарын иесінің 

бір қырын танытқандай екен. 

Кейіннен  ө з і н і ң мектепте  б і р -

ге оқыған досы К. Сеңкібаев де-

ген азамат Ебекең туралы өз 

естелігінде: «Ебіней  м е к т е п т е , 

ең  ү з д і к  о қ у ш ы болды. Қандай 

іс болмасын қабілетті еді. Тез 

ойлап, іс түйінін тез шешетін. 

Жетінші класс оқып  ж ү р г е н д е А. 

Пушкиннің «Тас тейман» деген 

пьесасын ауыл сахнасында дай-

ындап, өзі басты рольде  о й -

нады. Ол  ө н е р д і ң қай түрін 

болса да  м е ң г е р і п кететін». 

Міне, Ебекеңнің мектепте, ин-

ститутта бірге оқыған жолдас-

тары осылай деп сыр шерте-

Ді. 

Енді есімде қалған екінші 



оқиғаны айтайын. 1934  ж ы л д ы ң 

к ө к т е м і . Бір  к ү н і таңертеңгілік 

мезгіл шағын ауыл у-шу болды 

да қалды. Далаға шықсақ, аспан-

да ағаш арба сияқты  б і р  қ о -

рапша ұшып  ж ү р . Сөйтсек бұл 

аэроплан  е к е н .  Ө м і р і м і з д е аэро-

планды бірінші көруіміз. Бала 

тұрмақ  ү л к е н д е р д і ң  ө з і , ауыз-

дарын ашып таң қалысып қа-

лыпты. Аэроплан ауылдың үс-

тін үш айналды да, зуылдап 

келіп ауыл маңындағы тегістеу 

ж е р г е қонды. Ол кезде үлкен-

д е р д і ң өзі ауыз-екі орысшаны 

ж ө н д і з у білмейтін. Орыс тамыр-

лар келе қалса ауылдың тіл-

машы Ебіней.  Ө з і н і ң жасына 

қарамай орыс тілін тәп-тәуір 

м е ң г е р і п алған. 

Бәріміз аэропланға  ү р к е қа-

рап, состиып  т ұ р ғ а н ы м ы з д а , 

Ебіней ғана олардың қасына 

еркін барды. Бірдеңе-бірдеңе 

деп сөйлесіп жатыр, қолын 

сермеп-сермеп қояды.  Ж а қ ы н -

дауға бата алмай, алыстан қарап 

біз тұрмыз. Бір  к е з д е  ұ ш қ ы ш т ы ң 

бірі Ебінейді  е к і қолымен тік 

көтеріп алды. Сөйтті де аэро-

планға отырғызып, ұшып кетті. 

— Ебінейден айырылдық-ау, 

— деп әке-шешеміз зар  е ң і р е -

ді. Бірақ ауылдың үстін үш ай-

налдырған ұшқыштар  ж е р г е  қ о -

нып, Ебінейді түсіріп кетті. Сөйт-

сек бұлар  к ө к т е м г і егіске  т ұ қ ы м 

сеуіп  ж ү р екен.  М і н е , енді  о й -

лап отырсам бала Ебінейдің 

сол қылығының өзі  о н ы ң  а қ ж а р -

қындығы мен ақ пейілін таныт-

қандай. Адаммен  а ш ы қ ,  ж а й -

дары сөйлесетін сол  а қ ж а р қ ы н 

мінез Ебекеңе  к е р е м е т жара-

сатын. 

*** 

М і н е , бауырым, Ебіней ағаңның 

балалық шағындағы мен білетін 

бірді-екілі оқиға осы еді. Әрине, 

бәрін де тізіп айта беруге  б о -

лады.  Д е г е н м е н де, Ебекеңнің 

осындай  к е й б і р  қ ы л ы қ т а р ы , 

адамның түйсігіне  е р е к ш е әсер 

қалдырады  е к е н . 

Иә,  Қ а м з е к е ң дұрыс айтады. 

Бұл кісінің Ебекең туралы  ж а з -

ған «Аяулым еді, Асқар тауым 

еді» атты естелік-жазбасында 

өзі білетіндердің бәрін де  ж а з -

ған болатын. Одан  ж о ғ а р ы д а 

үзінділер де келтірдік. 

— Ебекең 1983  ж ы л ы  ж е л -

тоқсанның 13-күні қайтыс болды. 

Он бесі күні  ж е р л е д і к — д е й д і 

Қ а м з е к е ң есіне сол  б і р ауыр 

күндерді алып. «Ағамды  ж е р -

леген уақытта республикамыз 

ғана емес, бүкіл  е л і м і з д і ң түп-

кір-түпкірінен телеграммалар, 

хаттар ағылып келе бастады. 

Ж а з у ш ы А. И. Брагин  ө з і н і ң 

хатында былай деп  ж а з ы п т ы : 

Осыдан бір сағат бұрын Н. У. 

Базанованы  ж о л ы қ т ы р д ы м .  М е н 

Е б і н е й д і ң қайтыс  б о л ғ а н ы н 

айтқанымда ол «Жеп тынды-ау» 

деді де жылап  ж і б е р д і . 

Бәрінің де аузында: «құртты», 

«жойды», «аман сақтай алма-

дық-ау» деген  с ө з д е р . Бірақ 

Ебіней өзін шеттеткені туралы 

әңгіме бола бастаса сөз арнасын 

бұрып  ж і б е р е т і н . Ол үнемі 

«Абылай да  ж ү з жасамаған. 

Кезі келсе оған да зауал бо-

лар...» деуші еді  м а р қ ұ м . 

* * * 

Қ а м з е к е ң осылай деп үнсіз 

қалды... Бұдан кейін әр нәрсені 

қазбалап сұрай  б е р у д і мен де 

ж ө н  к ө р м е д і м . 

Қойлыбай ДӘУЛЕТҚАНҰЛЫ. 

«Замандастың» арнаулы тілшісі. 

Фотосуреттер  Қ а м з е к е ң н і ң 

ж е к е архивінен алынып алғаш 

рет жарияланып отыр. 

Замандас.-1992.-17 шілде (№12).-7 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал