Аймақтарда жайсыз ауа райы қалыптасады. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпіні 18- 23 м/с-ға жететін жел соғып, боран болады



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/7
Дата09.09.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

А

УА Р



АЙЫ

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметіне сүйенген 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының 

хабарлауынша, алдағы тәуліктерде циклон ықпалына 

байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс 

аймақтарда жайсыз ауа райы қалыптасады. Жамбыл 

облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпіні 18-

23 м/с-ға жететін жел соғып, боран болады. Алматы 

облысының Жалаңашкөл көлі аумағында да жел екпіні 

18-23 м/с-ға дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан 

облысында – 16-21 м/с, Қызылорда, Қостанай, Аты-

рау, Ақтө бе, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 

м/с жел тұрып, кей жерлерде боран соғады. Қара-

ғанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, 

Шығыс Қазақстан облыстарында 40 градустық аяз 

сақта лады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, 

Атырау облыстарында да аяз күшеймек. Суық желдің 

әсерінен ауа температурасының төмендеуі қалыпты 

мөлшерден асып кеткен Ақмола облысы мен Астана 

қаласы аумағында шыңылтыр аяздың беті келесі 

аптаға дейін қайтпайды. Мамандар ақпанның 12-сіне 

дейінгі аралықта елорда аумағында сынап бағанасы 

күндіз – -33-38, кей жерлерде – -43, түнде -23-28 

градус т ан жоғарыламайтынын айтады. Қазіргі мезгілде 

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан 

облыста рын да аязға байланысты түрлі бағыттар бо-

йын ша кө лік қатынасы шектелді. 



Болатбек МҰХТАРОВ

Шыңылтыр аяздың 

беті әлі қайтпайды

ОЙ-КӨКПАР



Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдау қажет пе?

Қазақ шайтанарбаны баланың ойыншығы санай ма?

Қазақ велосипедке баланың ойыншығы 

деп қарайды. Бұл – рас нәрсе. Есі кірген 

баласына алып беріп жатады. Оның біздің 

даламызға қашан келгенін білмейміз. 

Білетініміз – о баста қазекем оны жақтырмай 

қараған секілді. Өздігінен жүретін техниканы 

жалпақ тілмен «шайтанарба» деп атап кеткен 

екен. Сол көзқарас әлі күнге дейін сейілмей 

тұр. Ал Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде 

оған ерекше көңіл бөледі. Әлемде 

шайтанарбаны шыр көбелек айналдырып 

жүрген елдердің қатарында Финляндия көш 

тізгінін қолға алып тұр. Бұл елдің жазы қысқа, 

қысы ұзақ. Осыған қарамастан, аталмыш 

мем 


лекет велосипедтің санын арттырып 

келеді. Оның жолын салу үшін де қазына қа-

занынан қомақты қаржы бөліп жатады. 

Қысқасы, оны фин халқы ұлттық жоба деп 

санайды. Сондай-ақ олар елге ат басын бұрған 

жиһанкездерге велосипед ұсына алады. Оған 

көрші қонған Норвегия елі де сол саясатпен 

өмір сүріп жатыр. Тіпті бұл елдің шаңғыны 

көбі рек пай даланатын курорттарында атал-

мыш техника кәдеге жарап жатады. Одан 

кейін гі орынды Чехия, Дания, Германия, Бель-

гия секілді елдер алады. Мәселен, Данияда 

бір адам жылына велосипедпен 853 шақырым 

жолды артқа тастайды екен. Сонымен қатар 

Азияның Үндіс тан, Малайзия, Қытай секілді 

мемлекеттерінде де велосипед мініп жүрген 

жандардан көз сүрінеді. Көршіміз Ресей өзіміз 

секілді. Ве лосипедке мінгеннен көлікке аяқ 

артқанды қалайды. 

Аталмыш техниканың адам денсаулығы 

үшін маңызы зор. Ол алдымен адамның аяқ 

бұлшық еттерін нығайтып, ағзаның қалыпты 

жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сондай-

ақ қан айналымының дұрыс жүруіне оң әсерін 

тигізеді. Осындай көптеген игі ықпалы болса 

да, оған біздің елімізде ешқандай көңіл 

бөлінбей келеді. Бір қызығы, бұл техниканы 

біз сырттан сатып алуға мәжбүрміз. Өйткені 

Қазақстанда оны жасайтын ешқандай өндіріс 

орны жоқ. Амалсыздан Ресей және өзге 

елдерден қымбат бағаға сатып аламыз. 

Қазір қазекем «темір тұлпарды» тақымына басқанды 

қалайды. Оған ешкімнің дауы жоқ. Қалтасында қаржысы 

болса, ала берсін. Көшеміз толы көлікке айналды. Кептеліс 

жиі болады. Ал одан шығудың жолы бар ма? Осы сауал 

талайды мазалап жүр. Өркениетті өмірге қадам басқан 

елдердің өзі оның қарапайым жолын қарай бастады. 

Қала көшелерінде велосипед мінген адамдар саны артты. 

Олардың арасында бәрі де бар. Билік басындағы шенеуніктер 

де биікте жүрмін ғой демейді. Күнделікті қызметіне 

велосипед мініп келе береді. Қарапайым жұмыс жасайтын 

жандар да оны пайдаланады. Ал бізде бұл көрініс езуге 

күлкі шақыруы ықтимал. Өйткені шіренген шенеунік түгіл, 

қатардағы қызметкердің өзі бағасы бас айналдыратын 

қымбат көлікке аяқ салғанды қалайды. Әрине, велосипед 

мінген адам бірен-саран кездеседі. Дегенмен оған өз 

деңгейінде көңіл бөле алмай жүргеніміз жасырын емес. 

Бүгінде Қазақстан қарқынды 

құ ры   лыс  алаңына  айналып  отыр. 

Елбасының бастамасымен жа-

ңа «Тұрғын үй-коммуналдық 

шар уа шылықты  жаң ғырту» 

бағдарламасы қабылдан ғаны 

белгілі. Бағдарламаның басты 

бағыты ның бірі – жылына 6 мил-

лион текше метр шамасында 

тұрғын үй салуды қам та масыз 

ету. Оған 2011-2013 жылдарға 

бюджеттен 40,8 миллиард теңге 

бөлініп отыр. Бұл дегеніңіз – 

құры лыс қарқыны қызбаса, 

кемімейді деген сөз... 

Әділжан ҮМБЕТ

ОЙТҮР


ТКІ

Жалғасы 2-бетте 

Қуанышты жаңалықтың «әттеген-айы» да жоқ емес. 

Егер құрылыс материалдары қымбат болса, онда пай-

да  лануға берілетін баспананың бағасы да арзан бол-

майтыны анық. Жасырары жоқ, қарқын алған құры лыс 

саласына қажетті материалдардың дені шеттен тасы-

мал дануда. Отандық өнім жоқ деп ауызды қу шөппен 

сүр туге болмас. Дегенмен отан дық құрылыс материал-

дарын өндіретін кәсіп орын дардың барлығы жабыла 

да, жарыса да, жанталасып өнім өндірсе де, ішкі нарық-

ты толық қамтамасыз ете алмайды. Расы – осы. Индус-

т рия және сауда ми нистр лігінің мәліметтері бойынша

қа зақстандық құрылыс компаниялары жыл сайын 900 

миллион доллардың құрылыс материал дарын сырттан 

әкеледі екен. Ал Статистика агент ті гінің мәлі мет теріне 

жүгінсек, құрылыс материалдарын тұ тынуда им порт-

тың үлесі 50 пайыздан асатынға ұқсай ды. 

Техника ғылымының докторы Медiрбай СӘ-

ДУАҚАС ОВ: «Еліміздегі компаниялардың 90 па йы зы 

шетел ден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұ мыс iстеуге 

мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шы  ға ратын за уыт-

тар баршылық, бірақ ол зауыттар дың өнiм ге қосатын 

құр ғақ қоспаларының барлығы шет  елден әкелiнедi. 

Сол себептен де құрылыс ма териалдарының бағасы да 

қым бат»,  –  дейді. 

Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың 

бірі – цемент. Оны өндіретін өндіріс орындары елімізде 

сау сақпен санарлықтай ғана. Жамбыл облысындағы 

Мың арал цемент зауыты мен Шымкенттегі француз дар-

дың қолына өткен цемент зауыты, Састөбе зауыты бар. 



Гүлжан КӨШЕРОВА 

Алматы


0..-4 

о

-26..-28



о

Астана


АҢДАТПА

дедім-ай, ау!

-бетте

3

ЖОҚ



ИƏ

– Меніңше, бұл мәселеге бір-

жақты қарауға болмайды. Салық 

жүйесі қатаң сақталатын дамыған 

мемлекеттердің тәжірибесінен 

алын са керек. Бұл ұсыныс елдегі 

жем   қорлықпен  күреске  байла ныс  т ы 

айтылды.  Сыбайлас  жем қор  лық қа 

қарсы түрлі әдіс-тәсіл 

дер қо 


л-

данылып жатыр ғой. Бірақ со  лар -

дың жақсы нәтиже бергенін еш  кім 

нақты  айтып  бере  алмайды.  Әри   не, 

күрес жүргізу керек. Бірақ тиім   ділігі 

жоғары жолды таңдауы мыз қа жет. 

Бізде  жемқорлықпен  кү   рестің  нә-

тижелері  мемлекеттік  ста   тистиканың 

қорытындысымен  көр   сетіліп  жа-

тады.  Алайда  күнде лік  ті  өмірде 

жемқорлықтың бар еке 

 

нін қа 



ра-

пайым жұрт жақсы бі ле ді. 

– Мен бұл мәселені қолдаймын. 

Бізде шенеуніктерге қатысты кірісін 

жариялайтын декларация бар да, 

оның шығысы туралы көрсетіл ме-

ген. Бұл – біздің ойлап тапқан дү-

ниеміз емес, жемқорлықпен 

күрес ке  мүдделі  барлық  мем л е -

кет 


тердің жүріп өткен жолы. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

биыл   ғы  Жолдауында  сыбайлас-

тық  пен күрес барысында қолда-

ны латын барлық әдіс-тәсілді зерт-

теп-зерделеуді тапсырды. Оның 

ішінде осы мемлекеттік қыз мет-

керлердің кірістерін ғана емес, 

шы ғыстарын да мағлұмдауға көшу 

қа жет деп ерекше атап өтті. Осыған 

бай ланысты заң қабылдануы ке-

рек тігін де айтқан болатын. 



Түрлі саяси жүйе түзген жер бетіндегі барлық мемлекет 

жемқорлықпен күрестің әрқилы амалдарын 

қарастыруда. Мемлекеттің дамуына кедергі 

келтіретін сыбайластықпен біздің ел де күрес 

жүргізіп келеді. Жақында халыққа арнаған 

Жолдауында Президент бізге сыбайлас 

жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын 

жасау қажеттігін алға тартып, «басқа 

елдердің тәжірибесін зерттеу арқылы 

мемлекеттік қызметшілердің кірістерін 

ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға 

көшу қажет» деген болатын. Осы 

мәселеге байланысты 

сарапшылардың пікірін білген едік.

Түркі жұртының 

тұтастығын 

қашан көреміз?

«Қос шынар» 

арамызға 

қайта оралды

«Милан 


найзағайынан» 

есе қайтара 

аламыз ба?

-бетте

-бетте

-бетте

5

5



7

Кенжехан МАТЫЖАНОВ:

АЙТӨБЕЛ – ДАТ

Кенжехан МАТЫЖАНОВ:

Ішкі саясаттың 

негізі ұлттық 

саясат болуы 

керек

148,61

195,08

23,58

12716,46

1207,04

1743

4,91

1,31

1604,69

111

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



Геннадий ОНИЩЕНКО, 

РФ бас мемлекеттік 

санитарлық дәрігері:

– Мәскеуліктер, егер сіздер ми-

тингіге баратын болсаңыздар, алды-

мен 80-жылдары көл-көсір мол-

шылықтың белгісі болған, бүгінде 

сән нен шыққан, күйе жеп қоймаған 

әжелер пимасын тауып киіңіздер, со-

дан кейін қалай сандалсаңыздар да 

еріктеріңіз... 

(Ақпанның 4-інде митингіге шығуды 

жоспарлап отырған жерлестерінің 

денсаулығына алаңдап айтқаны,

www.utro.ru сайтынан)

А с т а н а   у а қ ы т ы м е н   1 8 . 0 0   б о й ы н ш а

Құрылыс заттарын қашанғы 

сырттан тасимыз?

Нұрлан СЕЙДІН, 

саясаттанушы:

Гүлмира ИЛЕУОВА, «Стратегия» 

әлеуметтік-саяси зерттеулер 

орталығының президенті:

бетте

6

Алдағы тәуліктерде еліміздің көптеген 



аймағында қатты аяз күшейе түспесе, 

бәсеңдемейді. Арқа аязының әлі он күн бойы 

беті қайтпайтын түрі бар. Ал оңтүстік пен 

батыс өңірлерде боран болып, жайсыз ауа 

райы қалыптасады.

№18 (700) 

3 ақпан, жұма

2012 жыл


А

б

ай ОМАРОВ (к



о

лла


ж)

№18 (700) 

3.02.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Декреттік демалыстағы қызметкерге еңбек демалысы қалай беріледі?



Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы мөлшері қанша болуы тиіс? Ай сайын 

берілетін әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма? 

Замира МАНСҰРОВА, Алматы облысы

Әлеуметтік сақтандыру қоры маманының айтуы-

на қарағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның 

күтіміне байланысты табысынан айырылған жағ-

дайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бұдан 

әрі – ӘТбк) мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы 

24 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақ тан дыру 

қорына (бұдан әрі – Қор) жұмыс берушіден түс кен 

әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) негізінде 

(осы кезеңде ӘА үзіліс болуына қара 

мастан) 

анықталады.

Қордан төленетін ӘТбк бала туған күнге дейінгі 

соңғы 24 ай ішінде ай сайынғы ӘА төленген орташа 

айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайын-

далады.


Бұл орайда ӘТбк ең төменгі мөлшері осы тектес мем-

лекеттік бюджет есебінен жұмыс істемейтін әйел дерге 

бала санына орай бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін 

төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәр дем ақы дан кем 

болмауы, ал ең жоғары мөлшері 10 еселенген ең төменгі 

жалақының 40 пайызынан аспауы тиіс.

Айта кетерлік жайт, тағайындалған ай сайынғы 

ӘТбк сомасынан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарна-

лары ұсталынып, сіздің жинақтаушы зейнетақы қоры-

ңызға жолданады.



Балам жасына толған соң, қызметке қайта шығып, төрт ай жұмыс істедім. Енді тағы декрет-

тік демалысқа кеткелі отырмын. Осы орайда менің білгім келгені, 2012 жылдың еңбек дема-

лысын қай уақытта ала аламын? Және еңбек демалысы толық беріле ме, әлде тек жұмыс істе-

ген уақытыма ғана ма? 2011 жылдың еңбек демалысын алғанмын.

Зубайра РАЙЫМҚҰЛОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

ТҮЙТКІЛ


Құрылыс заттарын қашанғы 

сырттан тасимыз?

нында гранит өндірісі жолға қойылған. 

Мұнда гранит, мәрмәр плиткалар жасап 

шығарады. Еліміздегі осы салаға қажетті 

кеңістікті тағы да Қытай жаулап алған. Бір 

жылдың ішінде Қытайдан 180 миллион 

доллар тұратын гранит өнімдері тасымал-

данады екен. «Қазгранит» компаниясының 

өнімдері ішкі нарықтың тек 3-4 пайызын 

ғана қамтамасыз ете алады. Әйтеуір, жоқ-

тан бар ғой деп шүкіршілік етуден ары аса 

алмаймыз тағы да. Ал толық қамту үшін 

елімізге кем дегенде осындай зауыттың 

30-ы керек екен. Дерек бойынша әлемдегі 

гранит пен мәрмәрдің ең мол қоры біздің 

елімізде. Елімізде гранит өндіруге болатын 

205, мәрмәр өндіруге болатын 176 ашыл-

ма ған кен орны бар көрінеді. Оның бәрі де 

Кеңес Одағы кезіндегі геологиялық-бар лау 

жұмыстарында белгілі болған. Бү 

гін 

де 


соның тек 1 пайызға жетер-жетпесін ғана 

кәдеге жаратып жатыр екенбіз. Әлем де 

гранит өндірісінің көшбасында тағы да 

Түркия мен Қытай тұр. Осыншама кен ор ын-

дарымен әлемдік нарықты жаулап алуға 

болады-ақ. 

Бүгінде еліміздегі кабель өніміне қа-

жеттілік 105 миллиард теңгені құрайды, 

Мұнда өндірілген өнімге сұраныс мол. 

Тіпті кейде сұранысты қанағаттандыра ал-

май қалатын кездер де көп. Өнімдері Ас-

тана мен Алматы сияқты ірі қалаларға 

жөнелтілуде. Өнімнің бір тоннасы 11 мың 

теңгеден босатылады. Алайда арадағы 

алыпсатарлардың қолына өткен соң, 

бағаның аспанға ұшып кететіні белгілі. 16-

18 мың теңгеге бір-ақ шарықтайтын кез-

дер де жоқ емес. 

Кейде өнім тапшы болған жағдайда 

қытайлық өнім мүмкіндікті молынан пай-

даланып кетеді. Негізінен, елімізге ағылып 

жатқан құрылыс материалдарының басым 

бөлігі Қытайдан тасымалданса, екінші 

орында Түркия табандап тұр. Одан бөлек 

құры лысқа аса қажетті материалдың бірі 

– ағаш өнімдері. Еденінен бастап, шаты-

рын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті 

ағаш тарды амалсыз тағы да шеттен тасы-

мал даймыз. Еліміз орман қорымен мақ-

тана алмайды. Қолда бардың өзін әжетке 

жарата алмай отырған жайымыз бар. Сол 

себептен де осы аса құнды материалды 

импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан 

бөлек линолеум, терезе, тұсқағаз, әйнек 

– бәрі-бәрі қазақтікімін деп тұрған жоқ. 

Тіпті шегеге дейін шетелден тасымалдаған 

соң... айтуға сөз жоқ. Күйген кірпіш, шлако-

 блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары 

баршылық. Бірақ оның өзі де там-тұм. 

Олар дың шығарған өнімдері алып құрылыс 

алаң дарының бір шетіне ғана жұтылып 

кетіп жатыр. 

Отандық өндірушілердің арасында бе-

тон плита шығаратын салада тіпті кеңістік 

бос деуге болады. Павлодар қаласындағы 

«Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-

екілі ғана өндіріс орындары бар. Былтыр 

Шымкентте де шеге шығаратын цех ашыл-

ды. Бірақ аларманы көп болғандықтан

сұранысты дер уақытында өтей алмайды. 

Бір қызығы – өнім отандық болғанымен, 

оны шығаруға атсалысатын технологиялар-

дың бәрі де тағы да шетелге барып тіре-

леді. Бетон плитаны немістің технология-

сымен шығарса, шегені Қытайдың техни-

касы жасап шығарады. 

Әсем ғимараттардың көркін кіргізетін 

керамогранит саласында сең қозғалды. 

Бүгінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауда-

Басы 1-бетте

жартысына жуығы шетелдерден әкелінеді. 

Ал жылыту батареяларына деген сұраныс 

ешуақытта да төмендеген емес. Бұл салада 

да бізді Ресей мен Қытай «жылытып» отыр. 

Тағы бір «әттеген-айымыз» бар. Ол – Ресей 

мен Қытайдан заңды және заңсыз жолдар-

мен жеткізілетін құрылыс материалда ры-

ның рынокты жаулап алғандығы. Елбасы 

Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар ай-

налымына қатысты статистикалық мәлімет-

тердің жылына орта есеппен 3 миллиард 

долларға айырмашылықта болып шыға-

тынын Үкімет пен Қаржы министрлігінің 

наза рына бірнеше мәрте салған болатын. 

Кейіннен құрылыс компанияларына жүр-

гізген тексерулерде құрылыс бизнесімен 

айналысатындар шығындарының өзін дік 

құнын, құрылыс материалдарының баға-

сын аспандата көрсететіні белгілі болды. 

Ал шындығында олар шетелдерден арзан 

бағаға әкелетін құрылыс материалдарын 

декларацияда көрсетпей, контра бан далық 

жолмен тасиды. Осылайша қазына қазаны 

шөміштен қағылып, бірталай табысынан 

айырылуда. Бұл – бөлек тақырып... Бір 

мақала барысында құрылыс саласына 

қатысты түйіні тарқатылуы тиіс барлық 

мәселені қамту мүмкін емес, әрине. Бас-

ты-басты дегендеріне ғана тоқ 

талдық. 

Құрылыс саласына қатысты шаруаның 

бәрінің шешімін табуға болады-ақ. Қар-

қынды даму жолына түскен шақта 

отандық өндірушілерге қолдау мен де-

меу қажет сияқты. Шетелдік өнімді на-

рықтан ысырып шығаруға қауқарымыз 

жетерлік. Тек тетігін тауып, ынта-ықылас 

танытсақ болғаны.

Нұрғани ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

«Отау строй» ЖШС-нің 

учаске бастығы: 

– Құрылысқа қажетті материалдар-

дан, негізінен, отандық өнімдерді пай-

да лануға тырысамыз. Дегенмен өзіміз-

де өндірілмейтін өнімдер де бар ғой. 

Мәселен, декоративті панельдер, тере-

зеге қажетті пластик өнімдер, жылыту 

батареяларын шетелден тасымалдауға 

мәжбүрміз. Тез тұтанғыш алюкобондты 

бүгінде құрылысқа пайдалануға тыйым 

салғандықтан, оны мүлде пайдаланбай-

мыз. Жылу блоктары, көбікті блоктар 

сияқты материалдардың басым бөлігін 

отандық өндірушілерден аламыз. 

Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы 

жарналары ұстала ма?

Өткен жылы арнайы жүргізілген рейд-

тердің нәтижесінде облыс аумағында 907 

ата-анасының қарауынсыз жүрген жет-

кіншек анықталған. Олардың 11-і ба ла-

лар үйіне жіберілсе, 47 бала Кентау қа-

ла 

сындағы арнайы девиантты мінез-құ-



лықты балаларға арналған мектептің тәр-

биесіне өткізілген. Қалған жеткіншектер 

өз үйі, өлең төсегіне қайтарылған. 

Жоғарыда аталған департамент ма-

ман дарының айтуынша, былтыр жайсыз 

отбасы ретінде тіркелгендер саны 115-

ке жеткен. Ал олардың балалары көбіне 

жал пы міндетті білім берумен қамтылмай 

қалатыны анықталған.

Шадияр МОЛДАБЕК, 

Оңтүстік Қазақстан облысы 

Қаңғыбас балалармен 

қоғамдық ұйым 

айналыспақ

ҚАМҚОРЛЫҚ

Осыдан он жыл бұрын БАҚ біткеннің 

назарын өзіне аударған Нұржан – бүгінде 

жиырмадағы жігіт. Кәсіптік-техникалық ли-

цей 


ді дәнекерлеуші мамандығы бойын-

ша бітірген. Өткен жылдың қазан айын-

да ресейлік «Пусть говорят» ток-шоуына 

қатысып, елді біраз шулатқаны бар. Шы-

ны керек, он жыл бұрын пәтер береміз деп 

есек дәмеге салған жергілікті «ақ үй» де, 

басқалары да осы бір бетін әжім торлаған 

баланың болашақ тағдыры туралы ұмыта 

бастаған еді. Мүмкін оған Германияға

одан соң «Ақсай» балалар ауруханасына 

қара лып, жазылуынан үміт болмағаны да 

себеп еткен шығар. Бірақ «Жыртық үйдің 

де Құдайы бар». Орыстар назар аударып, 

телеарналары арқылы тағдырын талқыға 

салған қазақ ұлы Мәскеуге сапарынан 

соң, отандастарының назарына ілікті. Тіпті 

Алматыдағы «Ниссомед» клиникасы тегін 

пластикалық ота жасап та берді. Алдағы 

көктемде Нұржанды тағы да екі ота күтіп 

тұр. Жүзін әжім торласа да, қиындыққа 

жасы май, арманын жоғалтпаған Алаштың 

бір ұлына Алла жар болсын дейміз...



Бақытгүл БАБАШ,

Атырау

Ғаламдағы төрт милли-

он тұрғынның біреуінде ғана 


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал