Айына 4 рет шығады 2009 жылғы 5 желтоқсаннан



жүктеу 106.94 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі106.94 Kb.

   

Айына 4 рет шығады

     

2009 жылғы  5 желтоқсаннан



шыға бастады

Редакция телефоны  8-72-251-2-58-11

№  8 (333) 8 наурыз,  2017  жыл,

Курчатов  қаласы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Гүл  көктемнің  алғашқы  мерекесі  -  әсемдік  пен  әдеміліктің,  сұлулық  пен  ізгіліктің

жаршысындай  жайма-шуақ  күйге  бөлейтін  жарқын  мейрам.  Өйткені,  әйел  ана  -  өмірдің

өзі,  бақ  пен  берекенің  көзі,  нәзіктік  пен  көркемдіктің  сәні,  мейірімділік  пен  парасаттың

мәні.  Сондықтан  да  8  наурыз  -  Халықаралық  әйелдер  күні  мерекесінің  орны  бөлек.

Бүгінде, алтын құрсақ ананың  амандығы  мен  баланың жарқын күлкісі -  біздің  басты

байлығымызға  айналып  отыр.  Бойымыздағы  ізгілік  пен  құт-береке  атаулы  сол  ананың

жүрегінен  бастау  алады.

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  "Әйел  -  өмір  тірегі  ғана  емес,  әйел  -

өмірдің  өзі"  деп  атап  өтуі,  біздің  қоғамдағы  әйел-аналардың  орнының  биіктігін  көрсе-

теді.  Тәуелсіз  еліміздің  бүгінгі  күнге  нығайып,  әлем  таныған  абыроймен  жетулеріне

асыл  аналарымыз,  ардақты  жеңешелеріміз  бен  апа-әпке,  сіңлілеріміздің  өлшеусіз  үлес

қосқандығы  ақиқат.  Отбасының  күнбе-күнгі  шаруасын,  бала  тәрбиесін  және  қоғамдық

жұмыстарды  қоса  атқара  жүріп  әйел  заты  біздің  қоғамдағы  тұрақтылық  пен  ел  бірлігін

сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Қазіргі  таңда  қоғамның  түрлі  саласында  қажырлы  еңбек  етіп,  ғылым  мен  білімнің,

мәдениет  пен  өнердің  шыңына  көтерілген,  мемлекетіміздің  дамуы  мен  өркендеуінде

парасаты  мен  пайымын,  біліктілігі  мен  әлеуеттілігін,  танымы  мен  талғамын  аямаған

әйел  аз  емес.  Ұрпақ  тәрбиелеуде  ғана  емес,  билік  пен  бизнесте,  саяси-экономикалық

және  әлеуметтік  ахуалды  ер  азаматтарымен  иық  тірестіре  жүрген  қыз-келіншектер  -

бүгін ел мақтанышы.

Сіздерді  көктемнің  шуақты  мерекесімен  құттықтаймыз!

Әрқашанда  шаңырақтарыңыздың  берекесі  болып,  жүздеріңізден  нұр  шашып  жүре

беріңіздер.  Сіздерге  зор  денсаулық  пен  баянды  бақыт  тілейміз!

Аяулы аналар!

Ардақты апа-қарындастар!

А. Глазинский,

Курчатов қаласы  әкімінің міндетін  атқарушы

Көктемгі  мейрам  –  Халықаралық  әйелдер

күнімен  шын  жүректен    құттықтауымды  қабыл

алыңыздар!

Бұл  күні  біз  сіздердің  мейірімдеріңізге,      әдемі-

ліктеріңіз бен    ақылдарыңызға бас иеміз. Сіздердің

қолдауларыңыз  бен  ыстық  ықыластарыңыз  ер

азаматтарды  әр  уақытта  игі  істерге  бастап,  күш-

жігерлерін             арттырады.

Сіздер  нәзіктіктеріңізді  сақтай  отырып,  отбасы-

ның ұйытқысы   болып, тыныштығын сақтайсыздар,

бала  тәрбиелеп,  кәсіби  және  қоғамдық  қызметте

жетістіктерге  қол  жеткізе  білесіздер.

Біздерге  сыйлайтын    таусылмас  жан  жылула-

рыңыз  үшін,  қажымас  қайраттарыңыз  бен  бүкіл

әлемді  көркейте  білетін  зор  қабілеттеріңіз  үшін

шынайы  алғысымды  білдіремін.

Әрбір  істеріңіз  сәтті  болып,  жандарыңыз

көктемдей  жарқын  болсын,  үнемі  айналаңыздағы

ер-азаматтардың  қамқоры  мен  ілтипатында  болы-

ңыздар!


Жүздеріңізден  күлкі  кетпесін,  қуаныш  пен  шат-

тықтарыңыз  мол  болсын!   Сүйіспеншілік  пен  бақыттарыңыз  ұзағынан  сүйіндірсін!

Үйлеріңіз  береке  мен  бірлікке  толы  болсын,  үміттеріңіз  ақтала  берсін!

Қымбатты қыз-келіншектер!

Құрметпен,

Эрлан  Батырбеков

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

Курчатов  қаласының    полиция

бөлімі  ұжымының    атынан  және

жеке  өз  атымнан  Курчатов  қаласы-

ның    полиция  бөлімінің  барлық

әйел  қызметкерлерін, ардагерлерін

шуақты    көктемнің  алғашқы    мере-

кесі  –  8  наурыз  Халықаралық

әйелдер  күні  мейрамымен  шын

жүректен  құттықтаймын.

Қымбатты  ханымдар!   Көктем

мерекесі  көңілдеріңізге  қуаныш

сыйлап  ,  жүздеріңізге  нұр  шашсын.

Әрқашан  шаңырақтарыңыздың

берекесі болып, үйіңізден жылылық

кетпесін.

Қазіргі күні тәртіп  сақтау сақшы-

ларының  арасында  нәзік  иыққа

құқық қорғау жүгін арқалаған қарын-

дастарымызға  қызметте  табыс,  өмірде  сөз  еткен  әпкелерінің  жолымен,  әйел  бақытын

тілеймін.

Барша әйел қауымына  асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың

мол болуын, денсаулықтың мұқалмауын,  мол  табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен

әсемдік  тілеймін.

Курчатов қаласының полиция

бөлімінің нәзік жандары !!!

С.Қ. Құмарғажин

Полиция бөлімінің  бастығы полиция полковнигі



2

Редакция телефоны 8-722-51-2-58-11

№  8 (333)  8 наурыз,  2017  жыл

Құттықтаймыз!

8  наурыз  –  ер  азаматтардың  назарынан  тыс  қалмайтын

мерекелердің  бірі.  Осы  күнді  ақ  шашты  қариядан  бастап  жас

жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі

мен  ұйытқысы  болып  табылатын  біздің  аналарымыз,  жары-

мыз,  әпкелеріміз  бен  қыздарымызға  жарқын  көңіл  мен  жақ-

сылық  тілейтін  күн.  Сіздер  өздеріңіздің  ізеттіліктеріңізбен,

сыпайлықтарыңызбен  өмірді  шуақтандырып,  жақындарыңыз

бен  туыстарыңызға  жылу  сыйлайсыздар.

Ұжымның  ару  қыздарын,

Құттықтаймыз  біз  бүгін

Мерекеге гүл  сыйлап,

Шуақ төксін нұрлы күн!

Қуандырып  біздерді,

Жасарыңдар  жылма-жыл

Отбасының  ұйтқысы

Болып  жүр  ғой қыз әрбір!

Құтты  болсын  мереке,

Орнасын  бақ-береке,

Қастарыңнан  табылып,

Жүру бізге бақ екен.

Құрметті  ҚР  ҰЯО  РМК  «Байкал»  филиалының

әйелдер  қауымы!

Слямбек  Ахмеджанов,

ҚР ҰЯО  РМК «Байкал» филиалының басшысы

8 Наурыз – тамаша көктемгі мерекесіне орай шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыз-

дар!


Осы  керемет  көктемгі  мерекеде  Сіздерге  денсаулық,  амандық  және  сәттілік,  кәсіби

жетістіктер,  жастық,  әдемілік  пен  тамаша  көктемгі  көңіл-күй  тілейміз!  Сіздердің  өмірлеріңіз

жарқын,  қуанышты  күндерге  толы  болсын  және  Сіздер  әрқашан  жақындарыңыздың  ілтипаты

мен  қамқорлығына  бөленіп  жүріңіздер!  Сіздерге  және  сіздердің  отбасыларыңызға  барлық

жақсылықты  тілейміз!

Қымбатты әйелдер!

 Ақ ниетпен,

Геофизикалық  зерттеулер  институтының  ұжымы

 

8  Наурыз    Халықаралық  әйелдер  күнімен  шын  жүректен  құттықтай  отырып,



шынайы  көңілден  шыққан  ең  ізгі  тілектерімізді  жолдаймыз.

Осынау  жарқын  мерекенің  біздің  барлық  үміттеріміз  бен  армандарымызды

тығыз байланыстыратын  көктемнің алғашқы  айының басында  келуі, жақсылық-

тың  нышаны  болса  керек.

Қашаннан  бергі  дәстүріміз  бойынша  біз  бұл  күні  Сіздерге  –  аналарымыз

бен  апа-қарындастарымызға,  қыздарымызға  ең  ыстық  құттықтауларымыз  бен

ең  ізгі  тілектерімізді  жолдаймыз.

Сіздерге 

шынайы 

көңілден 



зор 

денсаулық, 

баянды 

бақыт,


отбасыларыңызға  береке-бірлік,  еңбектеріңізге  табыс  тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Қорғаныс істері жөніндегі  бөлімінің  ерлер ұжымы

8  наурыз  –  ер  азаматтардың  назарынан  тыс  қалмайтын

мерекелердің бірі. Осы  күнді  ақ  шашты  қариядан  бастап  жас

жеткіншектерге  дейін  асыға  күтеді. 

Құрметті  қаламыздың  барша  нәзік  жанды  әйелдер

қауымын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттық-

таймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік

пен  нәзіктіктің  мәңгі  белгісі  сияқты.

Біздің  қазіргі  қоғамымызда  әйел  тек  отбасының  береке-

бірлігін  ойлайтын    тұлға  ғана  емес,  ол  мемлекеттің  өмірге

және  саяси  мәселелерге  белсене  араласатын  қоғам  мүшесі.

Қымбатты  ханымдар!  Сіздердің  аттарыңызға  айтылатын  ақ  алғыстар мен  жылы  сөздер

еш  уақытта  толастамасын.  Көктемнің  басымен  келетін  мерекелік  көңіл-күй  Сіздердің

сергектіктеріңіз  бен  күш-жігерлеріңіздің  қуат  көзіне  айналсын.  Сіздерге  және  отбасылары-

ңызға  әрқашан  бақыт  және  сәттіліктер  тілеймін! 

Б. Жолдахмет,

Курчатов  қаласының

жастар  ресурстық орталығының  директоры

            «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы

Мереке құтты болсын!

Аяулы  арулар!

Сіздерді    8  Наурыз Халықаралық  әйелдер  күнімен  шын  жүректен  құттықтай

отырып,  шынайы  көңілден  шыққан  ең  ізгі  тілектерімізді  жолдаймыз.

Көктем  мерекесі  көңілдеріңізге  қуаныш  сыйлап,  жүздеріңізге  нұр  шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін.

Сіздерге  зор  денсаулық,  мол  бақыт,  жанұяларыңызға  береке-бірлік  тілейміз!

Құрметті  Арай  Иманбекқызы

және сынып қыздары!

№ 1 мектептің  2 “Б” сынып оқушылары


3

№ 8  (333) 8 наурыз, 2017 жыл

“Ұстаз…  жаратылысынан  өзіне  айтылған-

ның  бәрін  жете  түсінген,  көрген,  естіген  және

аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы

сақтайтын,  еш нәрсені ұмытпайтын… алғыр да

аңғарымпаз ақыл иесі…” деп ұлы ғұлама  Әл -

Фараби  ұстаздарға  баға    берген болатын.

Мектебіміздің  осындай  ұстаздарының  бірі

-  математика  пәнінің  мұғалімі    Лаззат

Нұрмұгамбетқызы  Көшерғанова. Білімді ұстаз,

аяулы  ана,  ардақты  әже  бүгінгі  күні  үш  бала-

ның  анасы,    қыздарын  қияға  қондырып  отыр.

Жан  жарымен  бірге  екі  немересін  де  тәрбие-

леп,  отбасының ұйытқысы да болып  отыр.

Мектепте  шәкірттерін  білім  нәрімен

сусындата отырып,  жаңа заман талабына сай

бәсекеге  қабілетті  жас  ұрпақ  тәрбиелеуде  өз

үлесін  аянбай  қосуда.  “Ұстаздың  жетістігі  -

шәкіртінің  биіктен  көрінгені”  дегендей

оқушыларын  қала,  облыс,  республика  көлемі-

не  дейін  олимпиадаларға,  ғылыми  жобаларға

қатыстыра  отырып,  жүлделі  орындарды

иеленуде.

Ұстаз  үнемі  ізденіс  үстінде  болу  керек  де-

ген  ұстаныммен    өзі  де  сайыстарға,  пән  бой-

ынша  сабақ  әзірлемелеріне  қатыса  отырып,  республикалық,  халықаралық  дәрежедегі

дипломдарға  ие  болды.    Еңбектері    «Ұстазға  жаңа  талап»  ІІ  Республикалық  ғылыми  -

әдістемелік  конференция  жинақтарында  басылым  көрген.    “Білім  саласындағы  үздіктер”

деген құрмет медалімен марапатталып отырған ұстазға 8  наурыз  Халықаралық  әйелдер

күні  қарсаңында  талмас  қайрат,  қажымас  күш  және  білімді  шәкірт  тілейміз.

Ұстаз – Ана, Ұстаз – Дана

Құрметті қалалық аурухананың  әйелдер қауымы!

Сіздерді  8  наурыз  Халықаралық  әйелдер  күнімен

ыстық  ықыласпен  құттықтаймыз!

Біздің  қазіргі  қоғамымызда  әйел  тек  отбасының

береке-бірлігін  ойлайтын  тұлға  ғана  емес,  ол  мемле-

кеттің  өмірге  және  саяси  мәселелерге  белсене  арала-

сатын  қоғам  мүшесі.  Сондықтан  біздің  елімізде  әйел

адамның  әлеуметтік  қорғалуына,  олардың  өмір  сүру

деңгейін  арттыруға  айрықша  маңыз  беріледі.

Қымбатты  ханымдар!  Сіздердің  атыңызға  айтыла-

тын  ақ  алғыстар  мен  жылы  сөздер  ешуақытта  толаста-

масын.  Көктемнің  басымен  келетін  мерекелік  көңіл-күй

Сіздердің  сергектіктеріңіз  бен  күш-жігерлеріңіздің  қуат

көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқа-

шан  бақыт  және  сәттілік  тілейміз!

Осы  ұжымның  мүшесі,  өз  ісінің  маманы  Қарлығаш

Қамзақызы  Тлеуғабылова туралы айтқымыз келіп отыр.

Қарлығаш  Қамзақызы    1966  жылғы  28  мамырда

Шығыс  Қазақстан  облысының  Семей  қаласында  дүние-

ге  келді.  1980  жылы  Қарағанды  облысының  Абай  қаласының  орта  мектебін  бітіріп,

Семей  медицина  училищесінің  медбике  ісі  факультетіне  түсті.  Оқу  орынын  бітіргеннен

кейін,  Семей  қаласындағы  орталық  қалалық  ауруханасының  гастроэнтерология  бөліміне

медбике  болып  жұмысқа  тұрды.  1988  жылы  Семей  мемлекеттік  медицина  институтының

емдік  іс  факультетіне  түсті.  1995  жылда  оқуын  аяқтап,  ем  дәрігері  мамандығына  ие  бол-

ды.  Семипалатинск  –  21  (Курчатов)  қаласының  Аймақтық-диагностикалық  орталығына

жедел  медициналық  көмек  дәрігері  ОСНП  меңгерушісі  болып  жолданды.  2002  жылы

Курчатов  қалалық  ауруханасының  бас  дәрігерінің  орынбасары  болып  тағайындалды.

Терапевт  дәрігері  жоғарғы  біліктілік  санатына  ие  болған,  денсаулық  сақтау  саласының

және  әлеуметтік  гигиена  ұйымдастырушысы.

Қалалық  ауруханасында  жұмыс  істеген  жылдарда  Қарлығаш  Қамзақызы    өзін

жауапкершілігі   зор,   сауатты қызметкер  ретінде танытты.   Ол  кісі өз  ісінде өте тиянақты,

ал  емделушілеріне,  әріптестеріне  түсіністікпен  қарайтын  дәрігер.

22  жылғы еңбек  ішінде Қарлығаш Қамзақызы  көптеген адамдарға қажетті медицина-

лық  қызмет  көрсетті.  Оның  ісіне,  жылы  сөздеріне,  қолдауына  қала  тұрғындары    алғыс

білдіреді.  Ол  кісі  әр  адамға  бос  уақыт  тауып,  ешқашан  көмегін  аямайды.  Ол  кісінің

бойында  медициналық  қызметкерге  тән  қасиеттердің  барлығы  бар  деп  айтуға  болады:

қарапайым,  еңбексүйгіш.

2016  жылы  Қарлығаш  Қамзақызы    «Денсаулық  сақтау  саласының  үздігі»  төс  белгісі-

мен  марапатталды.  2016  жылы  Курчатов  қалалық  депутаты  болып  сайланды.  Жолдасы

С.Т. Таттыбаев –  ҚР  ІІМ  зейнеткері. Ұлы  Данияр  Сабыркенұлы  Камзаев Мәскеу экономи-

калық институтының студенті.

Медициналық  қызметкер  болу

борышы

22   жыл  бұрын Вера Вален-



тиновна  Пронина    №  3  орта

мектебінің табалдырығын       ма-

тематика пәні  мұғалімі     ретін-

де аттаған,  2004 жылдан        ба-

стап 

мектеп 


директоры

болып 


жұмысын 

атқарып


келеді. 

Сондықтан 

Вера

Валентиновнаның 



есімі

«Курчатов қаласының № 3 орта

мектебі» КММ тығыз байланыс-

ты.


Бір  кезде  Пронина  Вера  өз

ықыласына  бой  ұрып  мұғалім  болуды  шешті.  Барнаул  қаласының  мемлекеттік

педагогикалық  институтын  бітіріп,  өз  арманына  жетті.  Өз  педагогикалық  шеберлігін,

педагогикалық  талантын  іске  асырып,  математика  пәні  мұғалімі  ғана  емес,  жоғары

санатты  мұғалім  атанды.

Вера  Валентиновна  бар  өмірін  мұғалім  саласына  сарп  етті,  мұғалімдік  өмірі  ол

үшін  ең  маңызды  болып  табылады.  Мыңдаған  мектеп  бітірушілері  сүйікті

директорларына  осы  күнге  дейін  алғыстарын  білдіріп  келе  жатыр.

Өзі  әдемі,  сауатты,  сымбатты,  өз-өзіне  сенімді.  Таңғаларлық,  сүйкімді  және  өте

жақсы  әйел!  Өзінің  жоғары  мәдениеттілігімен,  парасаттылығымен  және  қарапайым

мейірімділігімен  өз  айналысын  шығармашылық,  түсінушілік  пен  жақсылық  ,  үнемі

ізденіс  атмосферасымен    қоршап  алды.

Мектеп  директоры  қызметін  басқарғанынан  бастап  Вера  Валентиновна  өз

шеберлігін  және  басшының  ең  жақсы  қадыр-қасиеттерін  көрсетіп,  өскелен  ұрпақты

тәрбиелеу  және  оқытуда  кез  келген  мәселелерде  шеше  алатын  педагогикалық

ұжымын  біріктіріп  және  ынтымақты  берекелі  команда  өсірді  деп  айтуға  болады.

Ұйымдастырушылық  қабілеті  мен  психологиясын  жақсы  білгендігі  оған  педагогикалық

ұжымды  жалпы  істермен  қызықтырып  алға  тартуға  көмектеседі.  Жарқындық

жаратылыстығы,  қарапайымдық,  шапшаңдығы  міне  оған  тән  қабілеттері.  Оның

барлығымен  тіл  тапқыштығы,  ықыластығы,  әр  уақытта  қол  үшін  беруге,  жас

педагогтарға  үнемі  көмек  көрсетуге  дайындығы  адамдарды  таң  қалдырады.

Оның  жетістіктерге  деген  сенімі  болашаққа  сеніп  қарауға,  өз  күшіне  сенуге

оқталады.

2005 жылдан бастап Вера Валентиновна Курчатов қаласының мәслихаттың екінші,

үшінші  және  бесінші  шақырылымдарының  депутаты  болып  табылады.

Н.Ә.Назарбаевтың  Ел  басшысы  үміткерінің  сенімді  тұлғасы  болған.

Вера  Валентиновнаның  көп  жылдық  шығармашылық  еңбегі  «Қазақстан

Конституциясына  10-жыл»  және  «Қазақстан  мәслихаттарына  20-жыл»  мерекелік

медальдарымен,  мадақтау  қағаздарымен,  алғыс  хаттарымен  оның  бірі  «Нұр  Отан»

партиясының  төрағасы    Н.Ә.Назарбаевтың  атынан  аталып  бағаланған.

Барлық  істерде  талантты  адам!  Осы  сөздер  біздің  мектеп  директорымызға  тура

қатынаста  келіп  тұр.

Халықаралық  әйелдер  күнінің  қарсаңында  Вера  Валентиновнаға  шын  жүректен

жаңа  жеңістер  мен  табыстар  тілейміз.

Вера Валентиновна Пронина

№ 3 орта мектебінің ұжымы

№  1 орта мектебінің  ұжымы

Курчатов қалалық ауруханасының  ұжымы

Курчатов  қаласы      әкімдігінің  Балалар  музыка

мектебінің    директоры  сауатты басқарушы    және тәжіри-

белі оқытушысы өз еңбек жолын Лидия Валерьевна 1976

жылдың  31    тамызында  Курчатов  қаласы  (Семипала-

тинск-21)  бастады.

Оқытушының  жеке  әдістемесін  жасай  жүріп,  педаго-

гикалық  ғылымын  игере  отырып,  бағалы  тәжірибесін

жинауда  адал  да  таза  еңбекпен  жетті.

Лидия  Валерьевна  –  тәжірибелі  маман,  талапты

педагог, жақсы  адам және ақылды  басқарушы. Мектепте

және қалада  сауатты  мұғалім және әдіскер  ретінде сый-

лайды  және  жақсы  көреді.

Лидия  Валерьевнаның оқушылары   көптеген халықа-

ралық,  республикалық,  облыстық  байқаулардың  жеңім-

паздары.  Көп  жылдың  жұмыс  тәжірибесінен,  өз  оқу

әдістеме  құралын  құрайды.  Бастауыш  сыныптарына  ар-

нап, «Школа игры на  фортепиано» атты кітабын шығар-

ды.


Астана  қаласында  өткен  республикалық  байқауда  дайындық  сыныбына  оқу

әдістемелік  бағдарламасы  бірінші  орын  алды.  Оның  тәжірибесі  әр-түрлі  республика-

лық  ғылыми  –  әдістемелік,  педагогикалық  журнал  беттерінде  жарық  көрді.  Ол

республикалық,  халықаралық,  педагогтар  шеберлігі  байқауларына  қатысып,  көптеген

жүлделі орынды  иеленді. Көптеген  жылдар  бойы  ол өз  оқушыларын  бағалап,  педагог

ұжымнын  қызметін  қорытындылап  және  бағалап  келді.  Мейірімді  жүрегіне,  ақылына,

кәсіптілігіне  өмір  баға  беретін  уақыт  келді.

Құрметті  Лидия  Валерьевна,  8  наурыз  күні  сізді  музыка  мектебінің  ұжымы  шын

жүректен  мерекеңізбен  құттықтайды.

Сізге  денсаулық,  амандық  тілейміз.

Музыкалық мектептің  ұжымы

Лидия  Валерьевна Лобкова



Айына 4 рет шығады.  Көлемі 1 баспа табақ.  Меншік иесі  «Газета«Спектр»

ЖШС  баспа Орталығында  басылды.  Типография мекен-жайы:

 071446, ШҚО, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 30 -үй.

Редакцияның мекен-жайы: Курчатов қаласы,  Тәуелсіздік көшесі, 4- үй,

тел/факс: 2-58-11

Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Қажетті  ақпараттар,

суреттер ресми сайттардан алынды. Қолжазбалар мен фотосуреттер  қайтарылмайды.

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №10516-Г куәлікті 2009 жылғы

30 қарашада Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат  министрлігі берген.

4

Таралым  1000  дана.



Курчатов  қаласының  аумағында  таралады.

Редактор:  А.Р.  ЖУМАБЕКОВА,  А.Р.  АЛТАЕВА

Фото:  И.  Олжаева

№ 8 (333)  8 наурыз,  2017 жыл

Басты  мақсат  –  ашық  қоғам  қалыптастыру

немесе  Елбасы  үндеуінен  түйген  ой

Ширек  ғасыр  ішінде  Қазақстан  Республикасы  әлемдік  аренада  тәуелсіз  ел  ретінде

танылды.  Кеңес  үкіметінен  қалған  ескі  ғимараттар  мен  кәсібі  тоқтаған  мекемелер,  өзге

менталитетке  лайықталған  заң  мен  саясат  –  барлығы  да  күрделі  реформаларды

бастан  өткеріп,  құлап  барып,  қайта  бой  түзеді.  Біз  бүгінгі  күні    тәуелсіздік  пен

бейбітшіліктің,  ынтымақ  пен  еліміздің  басына  орнаған  берекенің  арқасында  дамудың

оң  бағытында  жылдам  ағыспен  жүріп  келеміз.  Осы  орайда  тәуелсіз  елдің  тұңғыш

Президенті  Н.Назарбаевтың  да  мемлекеттік  басқарудағы  табандылығы  мен  қажырлы-

лығын,  көрегендігі  мен  тұрақтылығын  атап  айтпасқа  болмайды.  Біз  бір  жеңнен  қол,  бір

жағадан  бас  шығарып,  Елбасының  сарабдал  саясатымен  бір-бірімізге  қолдау  көрсете

отырып, ТМД  елдері арасынан оқ бойы  оза шықтық. Ал,  саяси-экономикалық реформа-

лармен  қатар  жүргізілген  сот  реформаларын  жүзеге  асыруда  еліміздің  сот  жүйесі

белсенділік танытып,  тәуелсіз  сот  билігі  қалыптасты.

Мемлекеттің  билік  тармақтары  болашаққа  деген  бағдары  мен  бағытын  айқындап,

бір жүйеге түсті. Алға қойылған меже бар.  Оған  жетуде арнайы  стратегия да жасалған.

Енді  заман  талабына  сай  ел  дамуының  жаңа  кезеңіне  қадам  басуымыз  керек.

Бұл  батыл  қадамды  жасамас  бұрын  ел  Президенті  Н.Назарбаев  билік  тармақтары

арасында  өкілеттіктерді  қайта  бөлу  мәселелері  жөнінде  халыққа  үндеу  жариялады.

Ел  мүддесі  мен  заман  талабын  ойлай  отырып,  мемлекеттің  басқару  жүйесін

жаңғыртуды  жөн  деп  тапқан  Елбасы  алдағы  өзгерістер,  яғни  реформа  екі  негізгі  бағыт

бойынша  іске  асатынын  айтты.  «Біріншіден,  Президенттің  әлеуметтік-экономикалық

процестерді  реттеудегі  біршама  өкілеттіктерін  Үкіметке  және  басқа  да  атқарушы

органдарға  берген  жөн.  Екіншіден,  одан  да  күрделі  міндет  –  билік  тармақтары

арасындағы  қарым-қатынасты  конституциялық  деңгейде  теңгерімді  ету.  Айтылған  екі

бағыттың  қай-қайсысы  да  жауапкершілік  пен  кәсібилікті  арттыру  арқылы  мемлекеттік

басқару  тиімділігін  күшейтеді»,  -  деді  Н.Назарбаев.

Елбасы  қашан  да  мемлекеттік  мәселені  сөз  еткенде,  сот  жүйесін  де  назардан  тыс

қалдырған емес. Ал, енді кешегі үндеуінде  «...Конституциялық  Кеңестің, сот  жүйесі мен

прокуратураның  қызметін  жетілдіру  туралы  мәселені  қарастыру  талап  етілетіндігін»

айтты.  Жаңа  бағыт  алған  реформа  Елбасы  сөзімен  айтсақ,  «елдің  болашақ  дамуына

жауап  береді  және  Бес  институттық  реформаға  сәйкес  келеді».

Бүгінде республика соттары да мемлекет басшысы ұсынған маңызды мәселе - билік

тармақтарының  өкілеттіктерін  қайта  бөлуді  және  осы  тұрғыда  Конституция  мен

заңдарға  өзгерістер  енгізуді, тәуелсіз  сот  жүйесін  жетілдіруді қызу  талқылауда. Биліктің

басқа  тармақтары  секілді,  сот  билігі  де  алдағы  үлкен  реформаға  толық  дайын.  Себебі

бұған  дейін  Елбасының  қолдауы  мен  қамқорлығының  арқасында  сот  жүйесі  толық

қалыптасып,  дамыған,  кемелденген  межесіне  жеткен  еді.  Еліміз  тәуелсіздікке  қол

жеткізген алғашқы күндерден бастап, сот-құқық жүйесінің қызметі даму қарқынын үдетті

және  соттар  мен  судьялар  іс  жүзінде  нағыз  тәуелсіздікке  қол  жеткізді.  Ал,  тәуелсіз  сот

дегеніміз – азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуының кепілі. Тәуелсіздіктің

алғашқы  күнінен  бастап  қолға  алынған  сот  реформасы  сот  билігін  нығайтып,  беделін

арттырды,  бүгінде  азаматтар  сауатты  түрде  сот  арқылы  өз  құқықтарын  қорғай  алатын

болды.  Осы  орайда  Елбасы  тапсырмаларымен  сот  жүйесіне  енгізіліп  жатқан  заманауи

технологиял  мен  электронды  сервистердің  сотқа  жүгінушілерге  мол  мүмкіндік  беріп,

ешбір  кедергісіз  байланыс  орнатуына  жағдай  жасап  отырғанын  айта  кету  керек.

Соның  ішінде  сот  жүйесіне  қолжетілімділікті  арттыру  және  оңтайландыру

мақсатында  2014  іске  қосылған  «Сот  кабинеті»  электронды  сервисі  бүгінгі  күні  кеңінен

пайдаланылуда. Себебі, аталған сервистің мүмкіндігі де көп. БАҚ беттерінде ол туралы

айтылып  та,  жазылып  та  келеді.  Яғни,  «Сот  кабинеті»  арқылы  жеке  және  заңды

тұлғалар сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат ала

алады,      талап арыз бен өтініш бере алады.

2016 жылы  Шығыс Қазақстан  облысы соттарына келіп түскен  барлығы 67  446 талап

арыздың  66  240-ы,  яғни  98,2  пайызы  «Сот  кабинеті»  арқылы  рәсімделген.  2015

жылдың  есепті  мерзімінде  барлық  талап  арыздың  70,72  пайызы  электронды  сервис

арқылы  қабылданған  еді.  Демек  жылдан  жылға  азаматтардың  «бір  терезе  арқылы»

жылдам әрі қолжетімді жағдайда сотқа  жүгінуі артуда. Сот  жүйесіндегі  реформалардың

да, тіпті елімізде жүргізіліп жатқан реформаның мақсаты сол – ашық қоғам   қалыптасты-

ра  отырып,  әлеуметтік,  саяси-құқықтық  жүйені  жетілдіру  болып  табылады.

Рустам  НАБИЕВ,

Шығыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі

 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік

әкімшілендіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы

Қазақстан  Республикасының  2016  жылғы  30  қарашадағы  №  26-VІ  заңымен  Салық

кодексінің  67,  162  және  364  баптарына  2017  жылғы  1  қаңтардан  күшіне  енетін

өзгерістер  енгізілгенін  хабарлайды.

Сонымен  қатар,  «Салық  есептілігі  нысандарын  және  оларды  жасау  қағидаларын

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің  2014  жылғы  25  желтоқсан-

дағы  №  587  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан

Республикасы  Қаржы  министрінің  2016  жылғы  31  қазандағы  №  579  бұйрығымен

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  бойынша  жеке  табыс  салығы  (ЖТС)  және

әлеуметтік  салық  бойынша  декларациясы  ЖТС  және  әлеуметтік  салық  бойынша

декларациясына  өзгертіліп  шетелдiктер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғалардың

табыстарынан  салықтар мен  бюджетке  төленетін басқа  да  міндетті төлемдерді  есептеу

бойынша  ақпарат  қөрсетілетін  қосымшасымен  толықтырылды,  яғни  200.00  және  210.00

нысандары  2017  жылғы  1  шілдеден  қолданысқа  енетін  бір  ортақ  ЖТС  және

әлеуметтік  салық  бойынша  декларациясына  (СЕН  200.00)  нысанына  біріктірілді.

Бұл  ретте,  кәзіргі  уақытта  «Салық  есептілігі  нысандарын  және  оларды  жасау

қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің  2014  жылғы

25  желтоқсандағы  №  587  бұйрығының  (әрі  қарай  –  Бұйрық)  біріктірілген  СЕН  200.00

және  оны  толтыру  ережелерін  қолданысқа  ену  мерзімі  бөліміне  өзгертулер  енгізу

жұмыстары  жүргізілуде.

Қазақстан  Республикасының    «Құқықтық  актілер  туралы»  заңының  11  бабының

3  тармағына  сәйкес  егер  нормативтiк  құқықтық  актiнiң  өзiнде  оның  қандай  да  бiр  құқық

нормасы  қосымша  нормативтiк  құқықтық  акт  негiзiнде  қолданылатындығы  көрсетiлсе,

онда бұл норма  негiзгi және қосымша  нормативтiк құқықтық  актiге сәйкес  қолданылады.

Қосымша  нормативтiк  құқықтық  акт  қабылданғанға  дейiн  тиiстi  қатынастарды

реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілер  қолданылады

Жоғарыда жазылғанга сәйкес, Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгенге дейін,

салық  агенттерінің  Қазақстан  азаматтары,  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғалар

бойынша салық  есептілігін ұсыну  міндетерін орындау  мақсатында  Бұйрықпен  бекітілген

200.00  және  210.00  нысандарын  тапсыруы,  Салық  кодексінің  584-бабына  сәйкес  салық

агенттерінің  міндетерінің  орындалуы  деп  саналады.

Бұйрыққа  енгізілетін  өзгерістердің  күшіне  енгеннен  кейін  салықтық  міндеттемені

орындағанда,  біріктірілген  СЕН  200.00  тек  қана  салық  есептілігін  ұсынбаған  салық

төлеушілермен тапсырылады, аталған міндеттеме салық есептілігін 200.00 және  210.00

нысандарында  тапсырып  қойған  салық  агенттеріне  таратылмайды.

Хабарландыру

Курчатов  қаласы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы

Ағымдағы  жылдың  наурыз

айының 6-ы күні Жастар ресур-

стық  орталығы  директорының

қаладағы  жастар  саясатын

дамыту 


туралы 

жұмыс


бабымен 

кездесуі 

өтті.

Кездесуге Курчатов қаласының



Ардагерлер  кеңесінің  төрағасы

– Ш.И. Тулеутаев, ҚР Ұлттық яд-

ролық 

орталығының 



жас

ғалымдар  мен  мамандар

кеңесінің 

төрағасы 

А.Ж.  Миниязов  және  қалалық



Жастар  ресурстық  орталығы-

ның      директоры  –      Б.С.  Жол-

дахмет    қатысты.  Кездесудің

күн  тәртібінде  3  мәселе

қаралды.  Олар:

1.  Курчатов  қаласындағы

жастар  саясатының  дамуы;

2.  ҚР  Ұлттық  ядролық  орталығы  жастарының  қалалық жастар  саясатындағы  орыны;

3.  Қаладағы  жастар  саясатын  дамытудағы  аға  буын  өкілдерінің  маңызы.

Кездесудің  қорытындысында  қаладағы  жастар  саясатын  жүзеге  асуындағы  жоспар-

лар  қаралып,  талқыланды.  Курчатов  қаласының  Ардагерлер  кеңесінің  төрағасы

Ш.И.Тулеутаев  жастардың  алдағы  уақыттағы  жоспарлары  мен  талпыныстарына

ризашылығын  білдіріп,  ақ  батасын  берді.

Жастар  ресурстық  орталығы  директорының

жұмыс  бабымен  кездесуі

8  наурыз  Халықаралық  әйелдер  мерекесі  күніне  және  Курчатов  қаласының

70  жылдық  мерейтойын  байланыстыра  отырып,  Жастар  ресурстық  орталығы

«Шын  жүректен»  атты  құттықтау  акциясын  ұйымдастырды.  Акция  қаламыздың  Абай

көшесінің  бойында  70  дана  әуе  шарымен  жасалған  гүлдер  мен  жүрек  пішінді  әуе

шарларымен  құттықтады.  Акцияның  мақсаты  қаламыздың  нәзік  жандылар  қауымын

төл  мерекелерімен  құттықтап,  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлау.

Акция  барысында  қала  тұрғындары  ұйымдастырушыларға  өз  алғыстарын  білдірді.

«Шын  жүректен»  құттықтау  акциясы

Жастар  ресурстық  орталығы

Жастар  ресурстық  орталығы

2017  жылдың  9  наурызында  сағат  12.00-де  Курчатов  қалалық  мәслихатының  кезек-

тен тыс оныншы сессиясы өтеді.

Өткізілетін  орны:  Курчатов қалалық  мәслихаты,  Тәуелсіздік  көшесі 4,  2-  қабат.

Сессияға  ұсынылатын  күн  тәртібі:

  -    Қала  әкімін  қызметке  тағайындауға  келісім  беру.

 -  Мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының төрағасы туралы.

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының,

кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және

қала халқының назарына

Г. Қарымбаева

Курчатов  қалалық



мәслихатының  хатшысы




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал