Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева



жүктеу 1.33 Mb.

бет1/9
Дата23.02.2017
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

 

 

Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева  

 

 



 

 

 



 

 

 



ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК  

ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

Алматы 

 2008 

 

2



ББК 74.200.56 

Ж 78 

 

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-т‰рік университеті 

 

Тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған 



 

 

Пікір беруші: педагогика ғылымдарының кандидаты, 

профессор С. Б. Бабаев 

 

 

 

 

Ж 78  А. А. Жумадуллаева  

 

Отбасы-некелік тәрбие негіздері:  

 

Оқу құралы.— Алматы: Нұр-пресс, 2008.— 146 бет. 



 

ISBN 9965-813-42-6 

 

Бұл  еңбекте  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге даярлаудың педагогикалық негіздері ж‰йеленген. Қоғам-

ның даму кезеңіндегі отбасы мен неке туралы тарихи-педагоги-

калық  идеялар  қарастырылған.  Жастарды  отбасы-некелік 

өмірге  даярлаудың  негізгі  мазмұны, ‰лгісі  мен  технологиясы 

және отбасылық өмірге даярлаудың жолдары көрсетіліп, «От-

басы-некелік өмірге дайындық» атты арнайы курстың жоспа-

ры мен бағдарламасы берілген. 

Отбасы-некелік  тәрбие  негіздері  атты  оқу-әдістемелік  құ-

рал  мектеп  психологтарына,  сынып  жетекшілеріне,  педагог-

психолог мамандығында оқитын магистранттар мен студент-

терге және ата-аналарға арналған.  

 

                                                                       ББК 74.200.56 

 

 

ISBN 9965-813-42-6                © Жумадуллаева А. А., 2008. 

                                                  © Нұр-пресс, 2008. 

 

 

 



 



 

45  жыл  отандасып,  он  бала  өсіріп 

тәрбиелеген,  отбасы-некелік  өмірдің 

‰лгісін  көрсете  білген  әкем  Аязбай 

мен  анам  Аманқыздың  рухтарына 

бағышталады 

 

 



КІРІСПЕ 

 

Ел басымыз Н. Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегия-



сында: “Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің ж‰кті кезін 

және  балаларды  тәрбиелеуді  қолдаудың  жаңа  жолдарын 

табуымыз  керек.  Неке  мен  отбасы  институтын  нығайтудың 

жолдарын  мұқият  талдау,  жалғызбасты  аналар  проблемасын 

шешу  керек.  Егер  біз  адамгершілігі  жоғары  қоғам  болғымыз 

келсе,  жұбайлардың  бір-бірінің  алдындағы,  ал  ең  бастысы 

балаларының  алдындағы  жауапкершілігін  к‰шейтуге  тиіспіз. 

Ата-аналар  балаларына,  ал  балалар  өздерінің  қартайған  ата-

аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке 

ие  болғанда — еліміз  ‰шін  алаңдамауға  да  болады.  Бұл 

ұсыныстар  Қазақстан  халқына  қашанда  тән  болған,  оларды 

жандандырып,  жан-жақты  қорғау  қажет.  Жұртшылық  бұл 

туралы  мұнда  дұрыс  шешім  қабылдап,  ол  отбасы  туралы  заңда 

бейнеленуге  тиіс.  Салауатты  тұрмыс  құрып,  сол  арқылы 

балаларына  ‰лгі  көрсетіп  отырған  ата-аналарды  айрықша  атап 

көрсету қажет.  

Елімізде  жыл  сайын 200 мың  жасанды  т‰сік  жасалады. 

Қоғамда  жасанды  т‰сікке  тыйым  салу  керек  пе,  жоқ  па  деген 

мәселе  пікірталасқа  т‰су  керек.  Мұндай  өте  нәзік  мәселеде  де, 

басқа  мәселелерде  де  мен  көпшілікті  қолдаймын.  Қандай 

жағдайда  да,  әйелдің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндір-

мейтін  отбасын  жоспарлаудың  өркениетті  жолына  т‰суіміз 

керек. 

Жас  шамасына  қарай  ж‰ргізілетін  саясатта  біз  жастар  мен 



жеткіншек  ұрпаққа,  сондай-ақ  жас  отбасыларға  көңіл  бөлуді 

к‰шейтуге тиіспіз,” — делінген атап көрсетті. 

 

4

Осыған  байланысты  Қазақстан  қазір  қоғамдық  өмірдің 



барлық  саласында  батыл  өзгерістерді  бастан  кешіріп  отыр. 

Сондықтан  да  қоғамымыздың  негізгі  даму  бағытын  анықтау; 

ұлттық  ерекшелігімізді  жоғалтпай,  әлемдік  қауымдастықпен 

бірігуге м‰мкіндік беретін тиімді ж‰йе құру өте маңызды. 

Біздің  қоғамымыздың  маңызды  проблемаларының  бірі — 

отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық  қатынасты  нығайту,  жастар-

ды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауды  жетілдіру.  Некеге  және 

отбасына  қатысты  рухани  өмірдің  жұтаңдығы,  халықтық  дәс-

т‰рді естен шығару осал некенің пайда болуына әкеліп соғады. 

Статистика  республикамызда  әрбір  ‰шінші  некенің  бұзыла-

тынын  көрсетіп  отыр.  Олардың  басым  көпшілігін  м‰лдем  жас 

некелер,  жаңадан  қосылған  отбасылар  құрайды.  Тарихқа  көз 

салсақ,  ежелгі  қазақ  елінде  отбасылардың  ажырасуы  өте  сирек 

болған.  Себебі,  халық  некеге  орнықты,  мәңгілік  институт  ре-

тінде  қарады.  Мұндай  жағдай  жұбайлардың  төзімділігін,  бірін-

бірі сынап-мінеудің аз болуын және тұтастай отбасының тұрақ-

тылығын қамтамасыз етті. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда құндылықтарға қайта бағыт алу 

‰рдісі  байқалуда,  бірақ  отбасы  қоғамның  терең  дағдарысына 

ұшырауда.  Әйтсе  де  Қазақстанда  білімнің  қажеттілігі  айқын 

көрінгенмен,  сұхбаттасқан  адамдардың  басым  көпшілігі  білім 

алуды  артық  көреді,  ал  біраз  бөлігі  келешектің  қамын  жемей, 

қазір байығанды жөн санайды. 

Соңғы  жылдары  Қазақстандық  білім  беру  ж‰йесінің  көп 

саласында ілгерілеушілік байқалуда,  бірақ мемлекет тарапынан 

мардымсыз  қаржыландырудан  бұл  ілгерілеуді  дамыту  айтар-

лықтай қиындыққа соқтыруда. 

Білім ж‰йесінің қоғамдық өмірдің барлық саласына, сондай-

ақ отбасына да тигізетін әсері мол. Мысалы, жұбайлардың білім 

дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына ықпал етеді. 

Отбасы-некелік  қарым-қатынастың  нұсқаулары  көбінесе  білім 

деңгейіне  байланысты  болады.  Мысалы,  студенттердің  отбасы-

лық  өмірінің  құндылықтары  ішінде  отбасының  психологиялық 

және  репродуктивтік  қызметтері  жетекші  орын  алады.  Жұбай-

лар  қарым-қатынасының  басты  факторлары  ретінде  жұбайлар-

дың  т‰сінігінің,  ұстанымының,  құндылықтарының  және  мінез-

құлық  ережесінің  ортақтығын  бөліп  көрсетеді.  Бұдан  басқа, 

білім  ж‰йесі  жалпы  білім  беретін  мектеп  деңгейінде  белгілі 



 

пәндерді  ұйымдастырып,  отбасы  және  некені  қажетті  мақсат 



етуге көмектесуі қажет. 

Отбасы — қоғамдағы ең маңызды орта. Олқылықты әрқашан 

азшылық,  шағын  топ,  жеке  адам  істейді.  Тарихтың  шұғыл  ұлы 

өзгерістерінде  жеке  адам  белсенділігі  рөліның  артуы  кездейсоқ 

емес.  Бұл  жағдайда  жастардың  сана  деңгейімен,  неке  және 

отбасы  өміріне  дайындық  дәрежесімен  байланыстырылған 

субъективтік  фактордың  отбасы  орнықтылығына  әсері  туралы 

сөз  болып  отыр.  Осыдан  да  мектептің,  білім  беру  ж‰йесінің 

атқаратын  рөлін  б‰тіндей  қайта  бағалау  өте  қиын.  Қазіргі 

уақытта  мектеп  бірінші  кезекте  баланың  парасатты  болып 

өсуіне  бағыт  алып,  жеке  бастың  м‰шелік,  әсемдік,  өнегелі 

дамуына көңіл бөлгенімен, оқушыларды отбасы өміріне даярлау 

аспектісін ұмыт қалдыруда. 

Отбасы-некелік  қарым-қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу  көп 

факторлардың  әсерімен  болады.  Қазіргі  ғылымның  міндеті 

олардың  әсерінің  сырын  ашып  қана  қоймай,  ғылыми  басқа-

рудың жолдары мен әдістерін табу болып табылады. 

«Қандай  білім  болса,  сондай  отбасы  болады»  демекші, 

отбасы проблемасы көп зерттеушілердің нысанына айналды. 

Педагогтар, философтар, тарихшылар, демографтар, әлеумет-

танушылар,  психологтар  мен  басқа  да  мамандардың  зерттеу-

лерінде бұл мәселе олардың өз аспектілері тұрғысынан қарасты-

рылған,  бірақ  педагогикада  “оқу”, “тәрбие”  ұғымдары  әрқашан 

өзекті  проблема  болып  қалады.  Білім  ж‰йесі  іс  ж‰зінде  отбасы 

проблемасын  талқыламайды,  ал  отбасы  қажетті  шамада  білім 

ж‰йесімен  жалғаспайды.  Нәтижесінде  бейтарап  алаң  пайда 

болады,  дәл  осындай  алаңда  жеке  бастың  әлеуметтану  пробле-

масының бірі, атап айтқанда, білімнің әлеуметтік қызметі ретін-

де  жастарды  отбасы  өміріне  даярлау  болып  табылады.  Мұның 

бәрі  диссертация  тақырыбын  таңдауға  және  оның  талдауына 

пәнаралық зерттеу тұрғысынан келуге себепші болды. 

Отбасылық  тәрбиенің  жалпы  теориялық,  педагогикалық, 

психологиялық  негізін  жасауда  көп  ‰лес  қосқандар:  А.  Құнан-

баев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Айма-

уытов, М. Әуезов, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Су-

хомлинский. 

 

6

Бізге  маңызды  қызығушылық  көрсеткен  этнопедагогтар:      



Қ.  Б.  Жарықбаев,  С.  А.  Ұзақбаева,  С.  Қалиев,  К.  Қожахметова, 

Қ.  Бөлеев,  І.  Халитова,  Ж.  Наурызбаев,  Ә.  Табылдиев,                

С. Ғаббасов, т.б. еңбектері. Олар халықтық педагогиканың мәсе-

лелерін жан-жақты зерттеп, педагогиканың этнографиямен және 

социологиямен ынтымақтастығының кеңеюіне ‰лкен ‰лес қосты. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даяр-

лауда  қазақ  халқының  отбасылық  ерекшеліктері  бізге  маңызды 

теориялық,  этнографиялық,  этносоциологиялық  зерттеу  мате-

риалдары  болып  табылады.  Қазақи  отбасы  туралы  бұл  мате-

риалдар  Х.  А.  Арғынбаев,  А.  Т.  Төлеубаев,  Д.  Х.  Кармышев,     

И. Сәбитовтың еңбектерінде қарастырылған. 

Отбасылық  өмірдің  ерекшеліктері,  некелік  қатынас  мәсе-

лелері  туралы  білімдер  мен  көзқарастар  Г.  Исаева,  Б.  Қожа-

бекова,  А.  Ж‰нісов,  Ж.  Байжанова,  И.  Қарақұлов,  Г.  Мейірха-

нованың еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген. 

Ресейлік  және  шетелдік  ғылымда  отбасына  байланысты 

қойылған  негізгі  проблемаларды  талдаудың  белгілі  тәжірибесі 

бар.  Отбасы  институты  мен  неке  проблемалары  М.  С.  Мацков-

ский,  А.  Г.  Харчев,  В.  А.  Сысенко  және  басқа  ресейлік  ғалым-

дардың  еңбектерінде  қаралған.  Шетелдік  мамандардың  ішінде 

Т. Парсонс, Ф. Мередит, К. Витек және өзге деғалымдар бар. 

Білім  және  жеке  қызмет  проблемаларын  зерттеу  саласында 

мынадай  мамандарды  атауға  болады:  М.  Х.  Титма,  Н.  И.  За-

харов, Ф. Р. Филиппов, Н. А. Хроменко, В. С. Леднев, В. М. Ди-

мов және басқалар. 

Білім  саласындағы  шетелдік  зерттеушілердің  арасында  бұл 

мәселеге  Э.  Дюркгейм,  К.  Манхейм,  Д.  Форд,  М.  Вебер  және 

басқалар баса назар аударған. 

Жастарды  отбасын  құруға  және  болашақ  ерлі-зайыпты-

лардың  функциясын  орындауға  дайындау  мақсатына  бағыттал-

ған тәрбие жұмысын ж‰ргізу керек.   Бұл  тұрғыда  педагогикада 

және  отбасы  әлеуметтануында  көп  жұмыстар  жасалынды. 

Болашақ  отбасы  иесін  даярлау  проблемасының  педагогикалық 

аспектілері  И.  В.  Гребенников,  Л.  М.  Панкова,  А.  Я.  Студенте, 

В. Я. Титаренко, И. В. Бестужев-Лада және басқалардың еңбек-

терінде  берілді.  Бұдан  басқа,  жыныстық  тәрбие  проблемалары 

И. С. Кон, В. Е. Каганның еңбектерінде бейнеленген. 


 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасылық  өмірге  даярлауда 



халықтық  салт-дәст‰рді  пайдаланудың  маңыздылығы  Ж.  Сәке-

новтың еңбегінде ерекше көрсетілген. 

Отбасылық  өмірге  бозбалалар  мен  қыздарды  дайындау 

жолдарын  В.  Е.  Зарайченко,  А.  Г.  Хрипкова  өз  зерттеулерінде 

қарастырды.  Жастардың  некеге  дайындығының  кемшіліктеріне 

талдау  жасау  негізінде  зерттеушілер  жігіттер  мен  қыздарды 

отбасылық  өмірге  дайындауда  тәрбие  жұмысын  ж‰ргізуді 

жетілдірудің кейбір жолдарын анықтады. 

Р.  А.  Иремашвили,  В.  А.  Кишкурко,  И.  А.  Эльшанская  өз 

зерттеулерінде  бозбалалар  мен  қыздарды  отбасылық  өмірге 

дайындау  проблемаларының  біршама  аспектілерін  қарастырды. 

Қоғамның  некеге  тұрушы  жастарға  қоятын  талаптары 

анықталды, олардың отбасылық өмірге дайындығының деңгейін 

бағалау  критериі  айқындалған,  осы  маңызды  бағыт  бойынша 

мектеп жұмысының кемшіліктеріне талдау жасалған. 

М.  И.  Мирошниченко,  И.  К.  Парфенова,  Э.  М.  Черепова 

зерттеулерінде АҚШ, КСРО, Германия, Англия мектептеріндегі 

оқушыларды  отбасылық  өмірге  дайындау  ерекшеліктері 

салыстырылған.  Батыс  елдерінде  өскелең  ұрпақты  отбасылық 

өмірге дайындауда дербес курсқа еркіндік берілген. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даяр-

лаудың  мәселесі  бойынша  ж‰ргізілген  зерттеу  жұмыстарын 

талдау оқушыларды отбасы-некелік өмірге даярлау мәселесінің 

ғылыми  зерттеулерде  әлі  де  өз  дәрежесінде  көрініс  таппа-

ғандығын көрсетеді. Демек, оқушыларды отбасы-некелік өмірге 

ж‰йелі  т‰рде  даярлау  арнайы  зерттеу  нысаны  болған  жоқ. 

Сондықтан,  б‰гінгі  таңда  еліміздің  жас  ұрпағын  мектеп  қабыр-

ғасында  отбасылық  өмірге  дайындаудың  қажеттігі  мен  бұл 

мәселенің  тәрбие  теориясы  және  практикасында  нақты  тиімді-

лігін таппағандығы арасындағы қайшылық орын алып тұр. 

“Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даяр-

лаудың  ғылыми-теориялық  негіздері”  атты  бірінші  тарауда 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлау 

педагогикалық  проблема  ретінде  қаралады.  Жоғары  сынып 

оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  әлеуметтік 

негіздері  талданады.  Отбасының  әлеуметтік,  педагогикалық 

 

8

қызметі  жіктеледі.  Оқушыларды  отбасы-некелік  өмірге  даяр-



лаудың моделі беріледі. 

“Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дауды тәжірибелік-эксперименттік зерттеу” атты екінші тарауда 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың 

‰лгілерін зерттеу; оқушылардың отбасының әлеуметтік қызметі 

туралы  т‰сініктерін  қалыптастыру  жолдарын  іздестіру;  жоғары 

сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  тиім-

ділігін  арттыру  шарттарын  анықтау;  жоғары  сынып  оқушыла-

рының  отбасы-некелік  өмірге  дайындығы  мазмұнын  жетіл-

дірудің  жолдарын  зерттеу  мәселелері  айқындалады.  Жоғары 

сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудың  тиім-

ділігін  арттырудағы  педагогикалық-эксперименттік  зерттеулер 

нәтижелері қорытындыланады. 

Қорытындыда  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге  даярлаудың  нәтижелері,  негізгі  міндеттері  белгіленіп, 

оны іс ж‰зіне асыруға қажетті педагогикалық ұсыныстар аталып 

көрсетіледі. 

 

 

 

 


 



1-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН  



ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ  

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

1.1. Қоғамның даму тарихындағы отбасы мен неке туралы 

тарихи-педагогикалық идеялар 

 

Білім  беру  ж‰йесі  қызметінің  бір  саласы  ретінде  жастарды 



отбасы-некелік  өмірге  даярлауды  зерттеу  ‰шін  отбасы 

проблемаларын,  оның  пайда  болуын,  эволюциясын  білу  қажет. 

Қазақстанның  б‰гінгі  өзгермелі,  даму  ‰стіндегі  әлеуметтік 

жағдайында  отбасының  даму  ‰рдісін  бақылап  отыру  және  жас 

ұрпақты  отбасы-некелік  өмірге  даярлауда  осы  ‰рдісті  ескере 

отырып  ж‰зеге  асыру  ‰шін  бұл  өте  маңызды.  Отбасының  не 

екенін, отбасының қандай т‰рлері барлығын, отбасының қандай 

әлеуметтік  қызмет  атқаратынын,  ол  қызмет  тарихи  процесте 

қалай  өзгеріп  отыратынын  және  отбасы  мәселелерінің  даму 

болашағы  қандай  екенін  білмей,  болашақ  отбасы  иесін 

даярлауға тиімді ықпал етуге болмайды. 

Жалпыға  мәлім,  қандай  білімге  қаражат  көбірек  жаратылса, 

сол  білімге  байланысты  кәсіптердің  мәртебесі  жоғары  және 

орнықты  болса,  соғұрлым  ғылымдағы,  мәдениеттегі  және  эко-

номикадағы  жағдай  тиімді  болады.  Қазіргі  уақытта  қазақ-

стандық білім беру ж‰йесі терең сипат алған дағдарысты бастан 

кешіріп  отыр.  Солай  болғандықтан,  әлеуметтік  институтта 

уақытылы  және  әрдайым  мәдени  құндылықтарды  сақтау  және 

тапсырыс  жөніндегі  өзінің  міндеттерін  тиімді  орындаудың, 

жағымды әлеуметтік өзгерістерге м‰мкіндік туғызудың сәті т‰се 

бермейді. 

Көп  мамандар  білімнің  қазіргі  уақыттағы  дағдарысының 

себебі,  адамзаттың  мәдени  тәжірибесіндегі  білімнің  екі  т‰рінің 

ажыралуында  жатыр  деп  есептейді.  Білім  алудың  бірінші  т‰рі 

адам  өркениетінің  дами  бастаған  кезеңіне  тән.  Білім  беру  жеке 

бастың тәжірибесін беру сияқты жеке бастық сипат алды. Оның 

қасында  “мұғалім”  және  “ақиқат”  сөздері  өзінің  қасиетті 

мағынасына  жақындады.  Жаңарған  уақытта  білімнің  мазмұны 

ұтымды  бола  бастады: “білім — к‰ш”  немесе  “білім — билік” 

деген  нақыл  сөзді  куәландыратын  білім  басқа  сапаны  иеленіп, 

өзгеруде. 

 

10



Белгілі неміс антропологы М. Шелер өзінің “Білік және білім 

формалары”  деген  еңбегінде  мынадай  ой  білдірді:  Нақты 

технократтық  білік  қазіргі  білім  ж‰йесінің  іргетасын  қалайды, 

онда  мұндай  білік  приоритеті  болады  және  осы  приоритеттің 

арқасында білім ‰йренушіден жатсынады. 

Сөйтіп, Қазақстанд қазіргі жағдайда білім беруді дамытудың 

жалпы  және  жеке  м‰ддені  шешудегі  бағытын  а  қайта  өзгерту 

қажет. Білім ж‰йесінде жеке бастың ‰йлесімді дамуына қызмет 

ететін  білік  нығаюы  керек.  Мұнда  біз  білімнің  отбасы  инсти-

тутына  әсері  туралы  еске  алдық,  бірақ  отбасының  да  білімге 

әсер  ететінін  айтуымыз  керек.  Балаларды  оқытуды  мақсат  етіп 

қоюдың,  бәрінен  бұрын  отбасында  қалыптасатыны  ешкімге 

құпия емес. Бұл, көбінесе қазіргі жалпы білім беретін мектептің 

жағдайын  анықтайды.  Жалпы  мемлекеттендіру  жағдайында 

және  жеке  басты  әлеуметтендіруде,  Т.  Парсонс  ерекше  көңіл 

аударғандай “протоәлеуметтенуде” отбасының рөлі арта т‰седі. 

Білім  беру  ж‰йесі  айналысатын  жас  ұрпақ  әлеуметтенуінің 

әрт‰рлі  ‰лгісінің  қалыптасуы,  дамуы  және  өшуі  ‰немі  болып 

тұрады.  Кез  келген  қоғамға  тән  бұл  проблемаларға  Қазақ-

станның өзіне тән ерекшеліктері таңылады. Терең қайта құрулар 

ескі  құндылықтардың  қайта  оралуына,  патриархалдық  отба-

сының  дағдарысы  және  оның  іс  ж‰зінде  жайылуына,  өмір 

бейнесінің  мәдениеттік  тұрғыдан  өзгеруіне,  оның  көптеген 

элементтерінің  бірі  болған  мінез-құлық  ‰лгісі  мен  стилінің 

өзгеруіне әкеліп соқты. 

Білім  беру  ж‰йесінің  жаңа  ережесі  әлеуметтенудің  басқа, 

жаңа  ‰лгілері  бар  екенін  болжайды.  Мысалы,  Қазақстан  хал-

қының  экономикалық  негізде  болып  жатқан  әлеуметтік  және 

мәдени  ерекшелігі  қазіргі  жалпы  білім  беретін  мектепті  қиын 

жағдайдан  құтқарудың  бір  жолы  болып  отыр.  Одан  басқа, 

мемлекет пен діни мекемелердің арасындағы қарым-қатынастың 

өзгерісі  жалпы  білім  беретін  мектеп  және  діни  мекемелердің 

арасындағы қарым-қатынасқа айқын қарауды талап етеді. 

И.  В.  Бестужев-Лада  қазіргі  кездегі  білім  беру  ж‰йесінің 

жаңаруын  мынадан  көреді:  біріншіден,  қазіргі  білім  беру 

ж‰йесінің көп көңіл бөлінбей отырған бөлігі — мектепке дейінгі 

мекемені  б‰гінгі  талаптарға  сай  келетін  мекемеге  айналдыру; 

екіншіден, бәріне біркелкі, “жалпыға бірдей білім беру” ұстаны-



 

11 


мынан  жеке  бастың  қабілеттілігі  және  қоғамдық  қажеттілік 

бойынша  білім  беруге  көшу; ‰шіншіден,  балаларды  тиімді  өз-

герістік бағыттау; төртіншіден, жастардың жалпы және кәсіптік 

білім  алуын  ‰йлесімді  ұйымдастыру;  бесіншіден,  мектепті 

толық  және  дәйекті  демократияландыру;  алтыншыдан, ‰здіксіз 

мамандық  көтерудің  ж‰йесін  қалыптастыру  және  білім  беру 

ж‰йесінің мамандарын қайта даярлау; жетіншіден, мектепті ата-

аналар қауымдастығымен бірлестіру; сегізіншіден, оқулық, кино 

мен  теледидарды,  оқытатын,  емтихан  алатын  техниканы,  авто-

матиканы, электрониканы және бәрінен бұрын білім беру сала-

сының компьютерлендірілуін дамыту; тоғызыншыдан, мектепті 

ғылыммен  бірлестіру,  академиялық,  жоғары  оқу  орындарының 

және  салалық  ғылымдардың  арасындағы  жасанды  “Қытай  қор-

ғанын” қирату. 

Қоғамның отбасына және некеге деген ықыласы бұрынғыдан 

да маңызды болып отыр. Бұл ықылас отбасының адами тіршілік 

әрекетінің  барлық  аясымен  байланысқан.  Қоғамның  орнық-

тылығы  және  оның  ішкі  байланыстарының  басымдылығы  от-

басы институтының жағдайына тәуелді. 

Отбасы қазір қандай болса, бұрын да сондай маңызды болған 

және  әр  уақыттағы  әлеуметтік  қоғамда  субъект  те,  объект  те 

болып,  өзінің  табиғатын  ‰немі  өзгертіп,  адамзат  тарихында 

әрқашан  қандай  да  әлеуметтік  міндеттерді  шешудің  алдында 

ж‰рді. 


Отбасы  мен  неке  институтының  осы  өзгерістерде  қанша-

лықты  жаңа  сапа  тауып,  ескісін  жоғалтатыны  қоғамның  және 

мемлекеттің  бұл  проблемаға  қатынасына  байланысты.  Отбасы 

мемлекеттің  орнықсыздық  жағдайында  өз  табиғатының  белгілі 

бір тұрақтылығын жоғалтты. 

Қазіргі қоғамда мәнділігі жағынан отбасының бірінші орын-

да емес  екенін біздің өміріміздің бар болмыстары айқындайды: 

отбасының  болуы,  оның  мөлшері,  таяуда  отбасын  құру  және 

ата-ана  болу  адамзаттың  барлық  тұрмыс-тіршілігінде  бейтарап. 

Жұмысқа  жалданғанда,  материалдық  игіліктерді  таратқанда, 

білімдік  және  кәсіптік  өсуде,  тұрмыстық,  медициналық  қызмет 

көрсеткенде,  демалысты  ұйымдастырғанда,  мәдени  құндылық-

тарға  қатыстырғанда,  зейнеткерлікті  қамтамасыз  еткенде  және 

т.б. отбасының болуы тиімсіз. “Ұзақ уақыт бойы экономикалық 

 

12

дамудың экстенсивтік факторларын пайдалану, отбасы тұрмыс-



тіршілігінің  проблемасын  к‰шейтіп  жіберді,  оның  жағымсыз 

‰рдісінің  көбею  қарқынын  ‰детіп,  көріну  формасын  шиеле-

ністірді”. 

Қоғамның бағалы м‰шесінің мәртебесі қоғамдық пікірдің көз 

алдында  қоғамдық  өндіріске  қатынасатын  жеке  адамның 

кәсіптік  іс-әрекетімен  көбірек  байланысқа  келеді  және  оған 

тәуелділік  жалғасып  отырады.  Отбасындағы  еңбек,  балалар 

саны,  негізінен  бұл  мәртебеге  пайдалы  әсерін  тигізбейді, 

керісінше, кейде оған зиян келтіреді. Бұрын тұрақты қолданыста 

болған  “тоғышарлық”  кеңес  әдебиетінің  жеңіл  қолымен,  жеке 

адамның  өзін-өзі  іске  асыруына  кедергі  жасағандай,  оның 

м‰ддесін  шектегендей  және  мәдени  артта  қалуға  апарғандай 

болмысы  отбасымен  сөзсіз  байланыстырылады.  Осы  қиял 

жоғарыда  көрсетілген  себептер  бойынша  мемлекет  тарапынан 

бейресми  қолданылып  келді  және  ол  еліміздегі  отбасы  жағ-

дайына әсерін тигізді. 

Қазір  отбасына  деген  қатынас  қандай? “Сәбидің  д‰ниеге 

келуінің  төмендеуімен,  ажырасу  санының  көбеюімен  және 

осыған  байланысты  баланың  панасыздығының,  қараусыз-

дығының  өсуімен  қатар,  жалпы  айтқанда,  отбасына  әлеуметтік 

құлдырау  қаупі  барынша  төнуде.  Некеге  тұру  мерзімі 28—30 

жасқа дейін  созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен 

бір  бөлігін  ғана  сау  деп  есептеуге  болады.  Ата-аналардың 

көбісінің,  басқасын  айтпағанда,  балалардың  жатсынуынан, 

дарашылдық  пиғылдың  етек  алуынан,  бетімен  кетудің  өсуінен 

байқалған  дағдарыстан  шығудың  жолы  туралы  т‰сінігі  жоқ. 

Одан  басқа,  ақыл-ой  және  м‰ше  дамуының  кемшілігі  бар 

балалар саны көбейді. Елде нашақорлық артып барады, балалар 

маск‰немдігі  азаймай  отыр,  СПИД  ауруы  ‰лкен  қауіп-қатер 

төндіріп тұр. 

Отбасы  тәрбиесіне  елеулі  ‰лес  қосқан  педагог-ғалым  Қ. 

Бөлеев  өз  еңбегінде  жастардың  жеке  тұлғасын  жан-жақты 

қалыптастыру  ‰шін  отбасындағы  тәрбиенің  маңызын  ерекше 

атап көрсетеді. “Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәр-

бие беруге кәсіби дайындау” атты еңбегінде: “Қазіргі қоғамдағы 

қайғылы  қасіреттер:  тастанды  жетім  балалар,  отбасын  құрма-

ғандар және ажырасқан  жастар, қарттар ‰йлеріндегі көздерінен 


 

13 


қанды  жас  ағып  отырған  әжелер  мен  аталар,  ішкілік  пен  на-

шақорлыққа салынған жастар, қаулаған қылмыс, сыбайлас жем-

қорлық,  мектептердегі  оқу-тәрбие  жұмысының  нашарлауы, 

көргенсіз ұлдар мен қыздар, ата-ананы құрметтемеу, ата-ананың 

бала  тәрбиесімен  айналыспауы,  өз  тілін,  тарихын,  әдебиетін, 

мәдениетін,  салт-дәст‰рлерін  білмейтін  жастар,  тұрмыс-тірші-

ліктің  нашарлауы,  экономиканың  құлдырауы,  жұмыссыздық, 

табиғат  жағдайларының  нашарлауы,  т.б.  ұлттық  тәрбиенің 

болмауынан пайда болған құбылыстар деп санаймыз. Егер қазақ 

халқы отбасында және мектепте ұлттық тәрбие алған болса, бұл 

қайғы-қасіреттер болмас еді. Ендігі мақсат, еліміздегі тәрбиенің 

негізі — ұлттық тәрбие болуы тиіс. Сонда ғана жоғарыда атал-

ған құбылыстарды болдырмауға және одан құтылуға болады”,— 

деп жазады.  

Бұл  жағдайдың  негізгі  себебі — елдегі  әлеуметтік-эконо-

микалық жағдай. Алайда, отбасына тек қоғам әсерін тигізбейді, 

отбасы  да  қоғамға  тигізеді.  Сондықтан,  жоғары  сынып  оқушы-

ларын  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудағы  басты  педаго-

гикалық  іс-әрекет  олардың  отбасы-некелік  өмір  туралы  көзқа-

растарын  қалыптастыру,  отбасы-некелік  өмір  туралы  толық 

білім  беру  және  отбасы-некелік  өмірдегі  ‰лгілі  іс-әрекеттерге 

тәрбиелеу болып табылады. 

Көп  жылдар  бойы  мектеп  бағдарламасында  тиісті  пән  тіпті 

қаралмаған. “Отбасы  өмірінің  әдебі  және  психологиясы”  ар-

наулы курсының өмірі он жылға да жетпеді. 

Қазіргі  уақытта  талқыланып  жатқан  оқушыларды  отбасы 

өміріне  даярлауға  бағытталған  бағдарламада  ‰лкен  пробле-

маның  тек  кейбір  аспектілері  сөз  қозғалғандықтан,  біздің 

ойымызша, тиімді болуы екіталай. 

Отбасы-некелік  қарым-қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу  көп 

факторлардың  әсерімен  болады.  Қазіргі  ғылымның  міндеті 

олардың  әсерінің  сырын  ашумен  қатар  оларды  ғылыми 

басқарудың жолдары мен әдістерін табу болып табылады. 

Отбасын  теориялық  зерттеудегі  жетістіктер  туралы  әрт‰рлі 

ғылыми  пәндер  аппаратының  интеграциясы  куәландыра  алады. 

Отбасын  зерттеудің  негізгі  бағыттары  мыналар:  отбасы  және 

қоғам;  отбасының  әрт‰рлі  әлеуметтік  институттармен  және 

ұйымдармен  әрекеттестігі;  отбасының  саны,  құрамы  және 

 

14

құрылымы  (типология);  отбасының  негізгі  қызметтері;  отба-



сының жұмыс қалпы; отбасындағы туыстық-отбасылық қарым-

қатынас;  отбасы-некелік  қарым-қатынастың  қалыптасу  кезеңі; 

отбасы және жеке  адам;  отбасындағы жеке  адамаралық қарым-

қатынас;  отбасының  ыдырауы.  Бұдан  басқа,  отбасы  мәселесін 

зерттеу педагогика, демография, әлеуметтік психология, құқық, 

экономика, социология, этнография ғылымдарымен байланысты 

дамуда. 

Отбасына  байланысты  отандық  және  шетелдік  ғылымда 

қойылған  негізгі  проблемаларды  талдаудың  белгілі  тәжірибесі 

бар.  Батыстық  ғылымда  білім  ж‰йесіне  қызметтік  жақындауға 

көбірек  таралған  көзқарас  мына  қызметтерді  қарайды:  басқа 

әлеуметтік  институттармен  бірге  қоғамда  орнықтылықты 

қолдауға  м‰мкіндік  туғызатын  әлеуметтік  бақылау  қызметі; 

білім  с‰згіш  құрылғы  ретінде,  яғни  адамдарды  олардың  құн-

дылықтарына  сәйкес  бөліп  тарату  жолы  ретінде  және  “адам 

капиталы”  қызметі,  яғни  білік  тез  пайдаланылатын  нәрсе  емес, 

болашаққа дұрыс қаражат жұмсау көзі т‰рінде танылады. 

Д.  Дьюи  ХІХ  ғасырдың  аяғында  білімге  қоғамды  жетілдіру 

және,  тіпті  таптық  және  саяси  проблемаларды  шешу  міндеті 

ж‰ктелген деп есептеді. 

Білім  ж‰йесіне  қызметтік  жақындаудың  жақтаушылары  көп 

нәрседе  білім  ж‰йесінің  басқа  әлеуметтік  институттармен  әре-

кеттестігі қоғамға өте жағымды әсер етеді деп есептейді. 

Ресей  мамандарының  ішінде  білімнің  қызметтерін  зерттеуге 

Ф. Р. Филиппов белсенді қатысты. Білімнің әлеуметтік қызметі, 

оның ойынша, қоғамдық өмірдің әрт‰рлі аясынан шығады: білім 

және еңбек, білім және әлеуметтік құрылым, білім ж‰йесі және 

қоғамның  рухани  өмірі;  сондай-ақ  жеке  адамның  жан-жақты 

өсуінде білімнің рөліне ерекше көңіл аударылады. 

В.  В.  Панферова  өзінің  “Халыққа  білім  берудің  әлеуметтік 

қызметтері”  атты  еңбегінде  мына  қызметтердің  талдауын 

береді:  гуманистік,  кәсіптік-экономикалық,  әлеуметтік-саяси, 

мәдени-тәрбиелік  және  отбасы  өміріне  даярлау  қызметі.  Бірақ, 

соңғы  қызмет  оның  еңбегінде  тек  аталған,  ал  оның  талдауы 

берілмеген. 

Х.  А.  Арғынбаев  “Қазақ  халқындағы  семья  мен  неке”  ең-

бегінде  отбасы  мен  неке  тағдыры  қандай  болмасын,  қоғамдық 


 

15 


құрылыспен,  ондағы  өндірістік  қатынаспен  тығыз  байланысты 

болады  да,  әр  қоғамдық  формациядағы  әлеуметтік  өзгерістер 

отбасы  мен  неке  сипатына  да  әсер  етіп,  өзгертіп,  жаңартып 

отырады  дейді.  Бұл  отбасы  мен  неке  мәселесінің,  оның  даму 

тарихының  ‰лкен  қоғамдық  проблема  екендігін  айқындай 

т‰седі.  Оны  зерттеу  ісі  ғылым  алдындағы  аса  жауапты,  өте 

қажетті,  әлеуметтік  мәні  бар  ‰лкен  мәселенің  бірі  болып 

есептеледі. 

Ж.  Қоянбаевтың  “Семья  және  балалар  мен  жеткіншектер 

тәрбиесі”  атты  еңбегінде  отбасы,  оның  құқықтық  және  адам-

гершілік негіздері, отбасы тәрбиесі, оның ерекшеліктері, отбасы 

тәрбиесі  процесінде  кездесетін  қателіктер,  оларды  болдыр-

маудың  жолдары,  жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлау 

мәселелері  баяндалады.  Сонымен  қатар,  отбасылық  тәрбиені 

жетілдірудің  тағы  да  бір  басты  шарты — ата-аналарды  оқыту 

ж‰йесін  өрістету,  мәдени  дәрежесін  көтеру,  осыған  орай  ата-

аналарға  психологиялық-педагогикалық  білім  берудің  негізгі 

формалары мен мазмұнына ‰лкен мән берілді.  

Р. М. Қоянбаев: “Халық педагогикасында жастарды некелік-

‰йелмендік өмірге дайындау ана мен әкенің басты міндеттерінің 

бірі  болады.  Ерлі-зайыптының  бірлігі,  ынтымақтастығы  мен 

с‰йіспеншілігі,  бір-біріне  жылы  қамқорлығы,  олардың  өзара 

адамгершілік  қарым-қатынастарын  байытты.  Мұндай  ‰йелмен 

балаларға өнеге көрсететін, қуанышқа бөлейтін ұстамды, берік, 

баянды, бақытты әлеуметтік жанұясына айналды. 

Қазіргі  кезеңнің  өзінде  де  балаларды  болашақ  ‰йелмендік 

өмірге  даярлау — ана  мен  әкенің  тікелей  борышы.  Жастарды 

некелік-‰йелмендік өмірге даярлау кезеңінде жыныстық тәрбие 

‰йелменде адамгершілік тәрбиесі ж‰йесінде іске асырылады”,— 

деп жазады.  

 Л.  Ибраимованың  “Қазақ  халқының  отбасылық  тәрбиесі” 

атты  оқу-әдістемелік  құралында: “Б‰гінгі  таңда  қазақ  мек-

тептері  алдындағы  ең  басты  міндет — қазақ  этнопедагогикасы 

материалдарын  ‰здіксіз  білім  беру  ж‰йесіне  ендіру,  әсіресе 

сынып жетекшілері мен ата-аналарды отбасылық тәрбие беруге 

даярлауда оны пайдалану ерекше көкейкесті мәселе болыр отыр. 

Осы мақсатта оларды сол проблеманы шешуге және оны ж‰зеге 

асыруға  дайындау  қажет.  Ол  ‰шін  қазақ  отбасылық  тәрбиесі 

 

16

бойынша  бағдарлама  құру  мәселесін  қарастыру  керек”,—  атап 



көрсетеді. “Қазақ  халқының  отбасылық  тәрбиесі”  атты  арнайы 

курстың  мақсаты — мектеп  мұғалімдері  мен  болашақ  мұға-

лімдерді отбасында ұлттық тәрбие беруге даярлау. 

Психологиялық-педагогикалық  аспект  жас  ұрпақты  отбасы-

некелік қарым-қатынасқа білім ж‰йесінің әлеуметтік қызметтері 

контексінде  даярлау  проблемасының  ауқымдылығын  толық 

көрсетпейтінін айту керек. 

Келешек  жас  ұрпақты  отбасына  және  некеге  даярлайтын, 

отбасылық  өмірде  қажет  психологиялық,  педагогикалық, 

құқықтық, экономикалық әзірлікті ж‰зеге асыратын пәнді білім 

беру  ж‰йесіне  енгізу  әлеуметтік  тұрғыдан  қажет.  Бұл  пән  жас 

ұрпаққа  әлеуметтік  ж‰йедегі  адам  өмірінің  заңдылықтары  мен 

принциптері туралы қажетті т‰сініктер береді. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  мәжілісінің  бір  баяндамасында 

төмендегідей  пікір  айтылған  болатын: “Елдердің  ‰кіметтері 

қазіргі  жағдайдағы  жас  ұрпақтың,  ер  балалар  мен  қыздардың, 

өздеріне  лайықты  білім  алуын,  бұған  қоса  отбасылық  өмірге 

даярлықты  және  жыныстық  тәрбиені,  ата-ана  рөлін  атқаруға 

даярлықты,  оларды,  жеке  және  мәдени  құндылықтардың  өзге-

руін  ескере  отырып,  өздерінің  құқықтарымен  және  міндетте-

рімен  таныстыруы  қажет.  Жастарға  қоғамның  талабына  сай 

отбасын жоспарлау туралы мәлімет әр елдің өзіндік әлеуметтік-

мәдени ерекшеліктеріне сай берілуі қажет”. 

Біздің елде 1985 жылдан бастап “Отбасылық өмірдің этикасы 

мен  психологиясы”  курсы  енгізілген.  Оның  жоспарына  төмен-

дегі  бөлімдер  кірген  болатын:  жеке  тұлға,  қоғам,  отбасы  жас 

кездегі  өзара  қарым-қатынастардың  ерекшелігі;  неке  және 

отбасы;  отбасылық  қарым-қатынастардың  негізі;  отбасы  және 

балалар.  Бұл  бөлімдерде  оқушыларды  отбасылық  өмірдің  эсте-

тикалық,  этикалық,  психологиялық,  құқықтық,  педагогикалық 

және экономикалық аспектілерімен таныстыру көзделген. Бірақ, 

отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  теориялық  негізін  құрай-

тын мәселелер қарастырылмаған. 

Әр  елде  бұл  мәселені  шешудің  әрт‰рлі  тәсілдері  бар. 

Мысалы,  Германияда  отбасылық  өмірге  даярлау  мәселесі 

қоғамды ойландырады және осы мәселені шешу ‰шін мектептен 

тыс жұмыстар кеңінен ж‰ргізіледі. Ондағы мақсат — тәрбиенің 


 

17 


негізгі  факторы  болып  есептелетін  отбасы  мен  некені  нығайту. 

Сонымен  қатар,  жастардың  адамгершілік  тәрбие  ж‰йесіне 

жыныстық  тәрбиені  және  отбасы  өмірінің  негіздері  мен  жеке 

тұлғалардың өзара қарым-қатынасын енгізуді жоспарлайды. 

Мәдени  және  саяси-экономикалық  ж‰йедегі  айырмашы-

лыққа  қарамастан,  әлемдегі  көптеген  елдер  отбасылық  өмірге 

даярлаудың  мектеп  ж‰йесінде  ж‰ргізілу  қажеттігімен  бір 

ауыздан келіседі. 

Ұлыбритания  мектептерінде  жыныстық  тәрбие  және  отба-

сылық  өмірге  даярлау  саласында  кейбір  принциптердің  сақ-

талуы міндетті: 

—  баланың  туылғанға  дейінгі  және  туылғаннан  кейінгі 

өміріне  құрмет  көрсету  оған  отбасылық  және  жыныстық  өмір 

туралы білім берудің алдындағы тамаша дайындық;  

— оқушылардың жыныстық қатынастарға байланысты алған 

мәліметтерінің барлығы отбасы мен неке туралы мәліметтермен 

бірге берілуі тиіс; 

—  мұғалімдер  оқушыларға  жыныстық  қарым-қатынас 

туралы  заңсыз  және  табиғи  заңдылықтардан  тыс  баспасөз  ма-

териалдарын  ‰йретуге,  таныстыруға,  олармен  пікірталастыруға 

болмайды; 

—  оқушылар  қоғам  алдында  ұятсыз  болып  есептелінетін 

заттарды көрнекті құрал ретінде пайдаланбауы қажет; 

—  сабақта  көшедегі  терминология  қолданылмауы  керек, 

мұғалімнің тілі ғылыми тілге сәйкес болуы қажет; 

—  контрацептивтік  заттарды  қолдануды  ‰йрету,  талқылау 

отбасы мен неке туралы мәліметтермен бірге берілуі қажет; 

—  барлық  порнографиялық  және  ұятсыз  кітаптар,  баспасөз 

басылымдары,  фильмдер,  бейнекассеталар  оқу  ж‰йесінен  шы-

ғарылуы қажет. 

Польшада  “Отбасылық  өмірге  даярлау”  тақырыбы  бойынша 

оқу  сағаттары 1973 жылдан  бастап  енгізілген  және  ол 15—16 

жастағы  оқушыларға  арналған.  Бағдарлама  екі  негізгі  бөлімнен 

тұрады  және  польяк  ғалымы  М.  Козакевичтің  баяндауынша 

төмендегідей: 

Бірінші  бөлімде  “Эротикалық  өмір”  мәселелері  мынандай 

сұрақтар  бойынша  қарастырылды:  психосексуалды  даму  жеке 

дара  дамудың  бір  бөлігі  ретінде;  сексуалды  сезімдердің  даму 

 

18

жағдайлары;  махаббат  пен  сезімдер  және  олардың  әлеуметтік-



тарихи маңызы; жастық эротикалық байланыстар және олардың 

моральдық  статусы;  жас  кездегі  психосексуалды  жетілу 

(жыныстар арасындағы айырмашылықтар); махабаттың ‰лгілері 

мен  идеалы,  с‰йкімділікті  анықтау;  жас  кездегі  сексуалды 

белсенділігі,  жауапкершілігі;  бала  туудың  психологиясы  мен 

контрацептерді  пайдалану  әдістері;  жасанды  т‰сіктің  психо-

логиялық және моральдық зардаптары. 

Екінші  бөлімде  отбасына  қатысты  мынандай  мәселелер  қа-

растыру  көзделген:  жас  кездегі  отбасы  мен  некенің  идеалдары; 

отбасы  туралы  заңдар  мен  кодекстер;  кеңестер;  аналық  және 

әкелік; ж‰ктілік және бала туу. 

Жапонияда  “Отбасылық  өмірге  даярлау”  пәні  бастауыш 

мектепке  енгізілген  және  оның  міндеттері  балалардың  бойына 

к‰нделікті  өмірде,  отбасылық  өмірде  қажетті  мағлұматтарды 

сіңіру болып табылады. 

Осы  мақсатта  балалар  киімдерін, ‰йді  к‰ту  және  шаруашы-

лықты  ж‰ргізуге  байланысты  мағлұматтар  алады;  к‰нделікті 

өмір  мәселелерін  шешу  шеберлігі  дамиды;  бірқалыпты,  жақсы 

көңіл-к‰йде  өмір  с‰руге  талабы  мен  қабілеті  қалыптасады; 

қоғамдағы  отбасының  жағдайы,  рөлі  т‰сіндіріледі;  отбасының 

басқа м‰шелерімен қарым-қатынас жасауға ынтасы артады. 

Швецияда  жыныстық  тәрбие  мен  отбасылық  өмірге  даярлау 

мәселесі  төмендегідей  шешіледі.  Мұғалімдер  оқушыларды  ана-

томия, психология, физиология, этика білімдерімен таныстыруы 

қажет,  себебі  олардың  арасындағы  өзара  байланыс  құрмет  пен 

жақындарының қамқорлығына құрылады. Бұған бес компонент 

кіреді: 

а)  отбасылық  өмірге  деген  қабілеттіліктерінің  дамуы.  Бұл 

жерде  жыныстық  өмір  бақыт  көзі  ретінде  қаралады,  бірақ  сек-

суалдық  өмір  ашыналық  қарым-қатынассыз  да  болуы  м‰мкін, 

бірақ  тек  сексуалдылықтың  ашыналық  қарым-қатынаспен 

қосылуы ғана адамның қажеттілігін толық қанағаттандыра ала-

ды; 

б)  отбасылық  өмірге  даярлау.  Оқушыны  отбасы  құры-



лысының  әрт‰рлі  нұсқасы  болатындығына  (олардың  барлығы 

бірдей  жақсы  болуы  м‰мкін) ‰йрету  керек  және  де  кейде 

ажырасудың да қажет екендігін ескеру қажет; 


 

19 


в)  жастық  кезеңде  әлеуметтік  және  сексуалдық  байланысқа 

әзірлеу.  Бұл  жерде  жастардың  өзара  қатынас  кезінде  туын-

дайтын қиын жағдайда өзімен-өзі қалмауын қадағалау қажеттігі 

айтылады; 

г)  жыныстық  қатынастан  жұғатын  ауруларды  және  жоспар-

ланбаған ж‰ктілікті болдырмау; 

д)  өзара  қатынастардың  сапасына  әлеуметтік  және  мәдени 

жағдайлардың ықпалы. 

Мектептерде  жастардың  демография,  бала  туу,  ж‰ктілік, 

жасанды  т‰сік,  жыныстық  қатынастан  жұғатын  аурулар,  го-

мосексуализм,  отбасы,  ата-аналық,  бір-біріне  қарама-қарсы 

жыныстардың  сезімдері  мен  көңіл-к‰йлері  туралы  т‰сінік  алу 

қажеттілігінде  ата-ананың  тілегенің  зор  екендігі  соншалық,  әр 

елдің ‰кіметі осы мәселені шешу ‰шін шара қолдануға мұқтаж 

болып отыр. Жастарды отбасылық өмірге даярлауға ‰лкен көңіл 

бөлген  Германияны  ‰лгі  ретінде  алуға  болады.  Онда  кейбір 

жерлерде  осы  пәннің  мектепте  ж‰ргізілуін  қадағалайтын  ко-

миссия  құрылған.  Оның  құрамы  кең  және  оның  м‰шелері 

көптеген әлеуметтік институттардың өкілдері: ұстаз (төрағасы); 

католиктер  шіркеуінің  өкілі;  протестант  шіркеуінің  ‰ш  өкілі; 

мұғалімдер  кәсіподағының  екі  өкілі;  отбасын  жоспарлау 

ұйымының  өкілі;  ата-аналар  кеңесінің  өкілі;  Денсаулық  сақтау 

министрлігінің  өкілі;  Мұғалімдердің  білімін  көтеру  институ-

тының  өкілі;  мектеп  психологы;  Мектеп  бағдарламасы  ин-

ститутының  өкілі;  Денешынықтыру  тәрбиесі  институтының 

өкілі. 


Отбасы  саласының  маманы  американдық  Дж.  Добсон  жас-

тарды  отбасылық  өмірге  даярлау  және  мектептегі  жыныстық 

тәрбие туралы көзқарасын айта келе, былай дейді: «Біріншіден, 

репродуктивті  процестің  анатомиясы  мен  физиологиясын  оқып 

‰йрену қажет; екіншіден, жауапкершілік пен мораль сұрақтарын 

талқылау  қажет.  Бұл  екі  компонент  бір-бірінен  моральдық 

мінез-құлық  мәселесінің  маңыздылығын  барынша  мойында-

майынша  ажырамауы  қажет.  Жауапкершілікті  сезінбей  еліктеу 

сексуалдық  апатқа  соқтырады.  Жастардың  бойынша  өздерінің 

сексуалдық  мінез-құлқын,  ж‰ріс-тұрысын  бақылауды  және 

дұрыс  көзқарасты  сіңірмей,  репродуктивтік  процестің  меха-

никасын т‰сіндіру балаға оқталған мылтық ұстатып, оны қалай 

 

20

қолдануды  ‰йретпегенмен  тең.  Дегенмен,  сексуалдық  білімнің 



екінші  компоненті  мемлекеттік  мектептерде  алынып  тасталы-

нады немесе өте аз мөлшерде беріледі. Ол оқушыны отбасылық 

өмірге  даярлауда  төменгі  тақырыптармен  таныстыру  қажет: 

жұбайлық  өмірдегі  жыныстық  актінің  рөлі;  ерлер  мен  әйел-

дердің  анатомиясы  мен  физиологиясы;  ж‰ктілік  және  босану 

процесі;  поллюциялар;  мастурбация;  сексуалдық  қиялдар  және 

кінәні  сезіну;  етеккір;  жауапкершілік  пен  мораль  сұрақтары; 

жыныстық қатынаста жұғатын аурулар». 

Ағылшын  ғалымы  О.  Банкс  оқушыларды  отбасылық  өмірге 

даярлауда  төмендегі  факторларды  есепке  алу  қажет  дейді. 

Оларды келесі схемасда көрсеткен: 

 

Ж   



 

 

 



 

 

 



қ 

е 

 



 

 

 



 

 

 



о 

к 

физиология 



 

дәст‰рлі мораль 

 

ғ 

е 



 

 

 



 

 

 



 

а 

д 



 

 

 



 

 

 



 

м 

а 



 

 

 



 

 

 



 

д 

р 



 

 

 



 

 

 



 

ы 

а 



жеке тұлға 

 

мәдениет, субмәдениет 



қ 

л 

ы 



қ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жоғарыда  берілген  мәлімет  бойынша  мынадай  ұйғарымға 

келуге болады: жастарды отбасылық өмірге даярлау ‰лгілерінде 

бірінші  фонды  жыныстық  тәрбие  алады.  Бұл  пікірді  осы  ең-

бектегі отбасының әлеуметтік функция иерархиясында сексуал-

дық  функция  қалған  көпшілігінен  басым  болады  деген  пікір 

растайды.  Қарапайым  ‰ндеулермен  отбасын  нығайту  м‰мкін 

емес.  Қазіргі  таңда  көптеген  елдердің  әлеуметтік  институттары 

қажетті  шара  қолдануы  қажет.  Сонымен  қатар,  біздің  елде 

басым  көпшілік  орта  мектептегі  жыныстық  тәрбиеге  және 

отбасылық  өмірге  даярлыққа  ‰лкен  сенімсіздікпен  қарайды 

және  бұл  сенімсіздік  негізсіз  емес.  Соған  қарағанда  “Отбасы 

өмірінің  этикасы  мен  психологиясы”  курсы  онша  нәтижелі 

болмады.  Сонымен  қатар,  қоғамда  жастарды  отбасылық  өмір-


 

21 


дегі  көптеген  заттармен  таныстырудың  қажеті  жоқ  деген  жа-

санды мораль басым. 

Бірақ,  қазіргі  заманның  шындықтары  жастарды  отбасылық 

өмірге  даярлау  мәселесін  басқаша  қарауды  талап  етеді.  Бұл 

мәселені ескермеу қылмыс. 

Қоса  айта  кететін  жайт,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жас 

ұрпақтың жеке дара дұрыс дамуына барлық уақытта ықпал ете 

алмайды.  Кей  елдер  басынан  өткеріп,  ал  басқалары  сексуалды 

революцияны  енді  басынан  өткізіп  жатқанда,  б‰кіл  жер 

шарында  СПИД  жайылып,  нашақорлық  етек  алған  заманда 

келешек  жастарымызды  осы  індеттен  арылтудың  бір  жолы,  әрі 

мемлекеттің  тірегі — отбасын  сақтау  жастарды  отбасылық-

некелік өмірге даярлау болып табылады. 

Біздің  елде  басқа  да  оқу  орындары  пайда  бола  бастады, 

мектепте  қатаң  оқу  бағдарламасынан  ауытқу  байқалады,  мек-

тептерде  отбасылық  өмірге  даярлау  курстарын  ұйымдастыру 

м‰мкіндігі  бар.  Сондықтан,  б‰гінгі  өмір  талабы  осы  м‰мкін-

діктерді толығымен пайдалануды қажет етеді. 

Демек,  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

дайындаудағы  басты  педагогикалық  шара,  олардың  көзқара-

старын  қалыптастыру,  отбасы  туралы  толық  білім  беру  және 

отбасындағы ‰лгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады. 

Отбасы  қоғамның  ұясы  ретінде  көп  қызмет  атқарады, 

отбасының әлеуметтік мәні алдымен оның қызметінен көрінеді. 

Өйткені,  отбасы  тек  осы  әлеуметтік  қызметті  орындап,  қо-

ғамдық,  топтық  және  жеке  мұқтаждықты  қанағаттандыра 

алады.  Ғылыми  әдебиетте  отбасының  әлеуметтік  қызметінің 

психологиясы  айқын  көрінбеген,  отбасы  қызметінің  саны  әр 

маманның  көзқарасына  толық  байланысты  болып, ‰штен  және 

одан  да  көп  болып  отыр.  Себебі,  отбасының  әлеуметтік 

институт  ретінде  жиі  өзгеріске  ұшырағандығы  сонша  оның 

кейбір ерекшеліктерін айқын жіктеу қиынға соғады. 

Отбасы  мен  неке  туралы  ғылыми  әдебиеттерде  жыныстық 

қызметті  биологиялық  құбылысқа  жатқызу  қабылданған. 

Алайда,  отбасындағы  жыныстық  қызметті  толығырақ  қарас-

тырсақ,  ол  биологиялық  қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік 

қызмет,  бұл  оны  отбасындағы  басқа  әлеуметтік  қызметтермен 

қатар қоюға құқық береді деген қорытындыға келуге болады. 

 

22

А.  Г.  Харчев  қазіргі  отбасының  ұдайы  өндірістік,  әлеумет-



тану,  шаруашылық  қызметі,  тұтыну  мен  бос  уақытты  ұйым-

дастыру  сияқты  қызметтерінің  маңызына  ерекше  көңіл  ауда-

рады; С. Д. Лаптенок шаруашылық-тұрмыстық, халықты ұдайы 

өндіру,  тәрбие  және  бос  уақытты  ұйымдастыру  қызметтерін 

отбасының аса маңызды қызметтері деп есептейді; Г. М. Сверд-

лов  ұрпақ  жалғасы,  тәрбие,  шаруашылық  және  өзара  көмек 

қызметтерін отбасының аса маңызды қызметтері деп есептейді; 

Н.  Г.  Юркевичтің  пікірінше,  отбасының  қызметі  рухани  қаты-

нас, жыныстық қатынас, бала туу, тәрбие ‰рдісіндегі ынтымақ-

тастық, ‰й  шаруашылығын  ж‰ргізу  ‰шін  қажетті  қаражат  табу, 

бос  уақытты  ұйымдастыру  болып  табылады;  Э.  К.  Васильева 

негізгі қызмет деп бала туу, материалдық және рухани байлық-

ты тұтыну, балалар тәрбиесі, жұмыс істемейтін уақытты пайда-

лану  деп  ойлайды.  С.  И.  Голод  отбасының  негізгі  қызметтерін 

жіктеуге  гедонистік  қызметті  енгізуді  ұсынады,  өйткені  жұбай-

лардың  махаббаты  бір-біріне  қатынасында  некені  орнықты-

ратын құндылық болып табылады. 

Отбасының  әлеуметтік  қызметін  жіктеуге  ұсынылған  тәсіл-

дер  біз  қарастырған  аспектінің  барлығын  қамтиды.  Әйтсе  де, 

диссертацияда  отбасының  әлеуметтік  қызметтеріне  жіктеу 

жасау  мақсаты  қойылмаса  да,  біз  жастарды  отбасы-некелік 

өмірге  дайындауға  қажетті  м‰мкіндік  ретінде  өзіміздің  көзқа-

растарымызды ұсынамыз. 

Әлеуметтік,  ғылыми-педагогикалық  еңбектерді  талдау  отба-

сының  әлеуметтік-педагогикалық  қызметінің  мынадай  бағыт-

тарға  негізделетінін  көрсетті:  жыныстық,  репродуктивтік,  тәр-

биелік,  экономикалық,  реттеушілік,  бос  уақыт  және  фелицито-

логиялық.  

Отбасы  мәселелерін  зерттеуші  ғалымдар  отбасы  қызметін 

саралай  келе,  оларды  мынадай  т‰рлерге  бөледі.  Солардың  ең 

бастысы — жыныстық  қызмет. “Адам  махаббатының  мәні 

жайлы  айтқанда  ақталу  және  өзімшілдікті  құрбан  ету  арқылы 

өзіндік  қасиетін  қалыптастыру  болып  табылады.  Махаббат 

біздің  сезімдеріміздің  бірі  есебінде  емес,  біздің  барлық  өмірлік 

м‰ддемізді  өзімізден  өзгеге  көшіру,  біздің  жеке  өміріміздің 

орталығын алмастыру ретінде маңызды. Бұл әрт‰рлі махаббатқа 

тән,  көбінесе  жыныстық  махаббатқа,  ол  махаббаттың  басқа 


 

23 


т‰рінен  ‰лкен  қарқындылығымен,  тартымды  өзгешелігімен, 

толық  және  жан-жақты  өзаралығымен  ерекшеленеді;  тек  осы 

махаббат қана екі адамның өмірде бірге болуына, шынайы және 

берік некенің қалыптасуына алып келеді...” 

Орыс  философиясының  бұл  ойымен  келіспеуге  болмайды. 

Жыныстық  қатынас  тарихи  тұрғыда  отбасы  институтынан 

анағұрлым  ‰лкен.  Жалпы  жыныстық  пен  жыныстық  қызметтің 

бір-бірінен  айырмасы  бар,  жыныстық  қызмет  эволюциясы 

‰дерісінде  отбасы  және  неке  бірге  өзгереді.  Құлдық  отбасын-

дағы  жыныстық  қызмет,  мысалы,  қазіргі  орта  отбасындағы 

жыныстық  қызметтен  өзгеше  болады.  Мұнда  есте  болатын 

нәрсе  жұбайлардың  арасындағы  жыныстық  қанағаттану  немесе 

қанағаттанбау  құлдық  отбасы  ‰шін  қазіргі  отбасына  қарағанда 

мәні  азырақ.  Мұндай  жағдайлар  қоғамның  белгілі  бір 

әлеуметтік  және  экономикалық  себептеріне  де  байланысты. 

Бірақ, ең бастысы, бұл қызмет әрбір тарихи кезеңде отбасының 

басқа  әлеуметтік  қызметтерінің  маңыздылық  иерархиясында 

әрт‰рлі  орын  алып  тұрды.  Егер  отбасындағы  жыныстық 

қатынастың  эволюциясын  байқасақ,  бұл  қызмет  дәл  біздің 

уақытта  барлық  қалған  тарихи  кезеңдермен  салыстырғанда 

отбасындағы өмірде өзінің барынша көп маңыздылығына жетті. 

Адамның жыныс сезімінің хайуаннан айырмашылығы — жай 

биологиялық және биопсихологиялық сезім еместігінде. Отбасы 

бақыты  ақылдылық,  көңілділік  және  жыныстық  бейімделуге 

бірдей байланысты. Психолог В. Франкл: “Адамның жыныстық 

қатынасы — бұл  жай  жыныстық  қатынастан  көбірек,  ол 

адамдық деңгейде қандай болса, сондай дәрежеде жыныстықтан 

тыс,  жеке  бастық  қарым-қатынастың  сақтаушысы  болады”,— 

деп жазды. 

Адамдық  деңгейдегі  жыныстық  қатынас  тағы  бір  қызметке 

ие болады. Ол — с‰йіспеншілік қарым-қатынасы, “инкорнация” 

іске  асыратын  феномен  ретінде  махабатты  немесе  жай  ғана 

ғашықтықты білдіреді. 

Отбасындағы  жыныстық  қызметтің  мағынасын  келесі 

тармақтарға бөлуге болады: 

1) релакция құралы, жыныстық қозуды бәсеңдету; 

2)  прокреация  құралы  (бала  туу), ‰рдіс  емес,  соңғы  нәтиже 

маңызды болғанда; 

 

24

3)  рекреация  құралы  (сезімдік  ләззат),  қара  бастың  қамы 



ретінде.  Гедонистік  (адам  рақат  тұрмыс  кешуге  тырысатын) 

мотивация  (дәлел  келтіру)  жыныстық  қатынастың  ойындық 

аспектін  көлеңкелейді,  эротикалық  (сезімталдық)  техниканың 

жаңалығы мен әрт‰рлілігіне ерекше мән беріледі; 

4)  коммуникация  (қатынас)  құралы,  жыныстық  қатынас  жа-

қындығы  психологиялық  жеке  бастық  ашыналықтың,  жалғыз-

дықтан  құтылудың,  екеудің  б‰тін  біртұтасқа  айналуының 

жағдайы немесе құралы ретінде алға шығады; 

5)  белгілі  салтты  және  әдетті  қолдау  құралы.  Мысалы, 

жұбайлардың  с‰йісуінде  сезімталдық  мән  болмайды,  бірақ  бар 

қарым-қатынастың  тұрақтылығына,  орнықтылық  фактісіне 

ерекше көңіл аударады. 

Адамның  жыныстық  қатынасы  бір-бірінен  оқшауланбай, 

кешенді өзара көмектесе әрекет ететін биологиялық әсері қалай 

болса,  сондай  дәрежеде  әлеуметтік  және  психикалық  фактор-

лармен  анықталады.  Демек,  адамның  жыныстық  қатынасын  әр 

уақытта  биоәлеуметтік  құбылыс  ретінде  қарастыру  керек.  Бұл 

оның  филогенетикалық  дамуына  ғана  емес,  жеке  жыныстық 

актісіне  де  қатысты.  Әйтсе  де,  бір  жағынан  физиологиялық 

к‰рделі  ‰рдіс,  бірақ,  екінші  жағынан  оның  ж‰зеге  асуы,  біліну 

жолы,  онымен  бірге  болатын  жағдайлар,  психикалық  бейнесі 

және  жеке  адамның  қайғыру  қасиеті  әлеуметтік  себептен 

болған, сондықтан өте вариативті және әрт‰рлі. 

Адамның  жеке  басының  жалпы  дамуы  қалай  болса,  жы-

ныстық ж‰ріс-тұрыстың дамуы да солай. Демек, ол өмір с‰ретін 

және  дамитын  нақты  тарихи  қоғамның  жағдайына  әр  уақытта 

байланысты. 

Адамның жыныстық ж‰ріс-тұрысының дамуы ерекше заңды-

лықтарға  негізделмейді,  адамның  жеке  басының  дамуы  ‰шін 

әдеттегідей  болады.  Жыныстық  ж‰ріс-тұрыс  жеке  бастың  жеке 

аясы  ретінде  адамның  жеке  басының  жалпы  даму  заңдарына 

көбірек бағынады. Сонымен бірге, ол білу және байқау нысаны 

ретінде  адамның  мінез-құлқының  қоғамдық  детерминациясы-

ның  және  адамның  жеке  басының  дамуының  мәнін  паш  ету 

‰шін  барлық  қасиетке  ие  болады.  Бұл  ‰шін  екі  себеп  бар: 1) 

биологиялық-әлеуметтік  факторлар  немесе  ‰рдістер  тығыз 

араласқан; 2) әрбір  адам  жыныстық  қатынасқа  ерекше  көңіл 


 

25 


білдіреді. Міндетті т‰рде оны өзі сынап көреді, бұл туралы көп 

ойланады, проблемаларын, апаттарын, қиыншылықтарын біледі. 

Адамның  жыныстық  қарым-қатынасы  ж‰ріс-тұрысының 

негізгі белгілері болады: оның қоғамдық тәуелділігі; оның жеке 

басының  тәуелділігі;  оның  санаға  және  психикаға  қатынасы; 

оның серігіне қатынасы. 

А. Ф. Ницше халықтардың бұзылуы мен құмарлықтың азаюы 

некеге  тұрғанда  әлеуметтік  себептің  қаншалықты  ‰стем  бо-

луына байланысты болады деген пікір айтты. 

Отбасы  мен  неке  туралы  ғылыми  әдебиетте  жыныстық 

қызметті биологиялық құбылысқа жатқызу қабылданған. Алай-

да,  отбасындағы  жыныстық  қызметті  толық  қарастырсақ,  ол 

биологиялық  қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік  қызмет.  Бұл 

оны  отбасындағы  басқа  әлеуметтік  қызметтермен  қатар  қоюға 

құқық береді деген қорытындыға келуге болады. 

Егер  отбасы  қызметтерінің  иерархиясын  жасауға  талпынып 

көрсек,  жыныстық  қызмет  онда  басты  орын  алуы  м‰мкін. 

Өйткені,  неке  және  отбасы  еркек  пен  әйел  арасындағы  жы-

ныстық қатынас негізінде жасалады. Бұл қарым-қатынастардың 

болуы  отбасына  бала  туумен,  яғни  адамзатты  ұдайы  өндірумен 

айналысуға  м‰мкіндік  береді.  Соңғысы  өз  кезегінде  балалар 

жөнінде  отбасының  тәрбиелік  қызметін  анықтайды  және  т.б. 

Отбасындағы жыныстық қызметтің қоғамдық және жеке бастық 

ерекшеліктерін  қарастырғанда,  бірінші  жағдайда  жыныстық 

бақылауды ж‰зеге асырады, екіншісінде — адамның жыныстық 

қажеттігін қанағаттандырады. 

Жұбайлардың  жыныстық  өміріндегі  ‰йлесімсіздік,  сексо-

логтардың  пікірінше,  некенің  беріктігіне  кері  әсерін  тигізуде. 

Оның  басты  себебі,  көп  махаббаттың  т‰біне  жетуші  және  көп 

отбасын  б‰лдіруші — жыныстық  сауатсыздық.  Әсіресе, 

әйелдердің  ж‰йке  ауруына  шалдығуы  сондықтан  деп  есептейді 

олар. 


Әлеуметтанушы  С.  И.  Голод  зерттеудің  қызық  нәтижелерін 

алды.  Ол  әйелдердің  ‰ш  тобын  зерттеді:  өзінің  жұбайлығына 

риза,  жартылай  риза  және  жартылай  риза  емес,  м‰лдем  риза 

емес  топтар.  Өзінің  жұбайлығына  риза  әйелдерге  махаббат  пен 

жыныс қатынасы — дос, бұл топтаты әйелдердің оннан тоғызы 

махаббаттан  табиғи  тәндік  қанағаттанғандық  алады,  ал  оннан 

 

26

бірі оған енжар. Жартылай риза еместерде психологиялық сезім 



жартылай  сөнген,  сондықтан  денелік  сезімді  к‰шейтуші  рөлін 

атқармайды.  Мұнда  әйелдердің  тек  оннан  ‰ші  ләззат  алады. 

Жұбайлыққа риза емес әйелдердің жағдайы тіпті нашар. Мұнда 

тәндік  сезіну  сезімдері  арасында  одақтастық  жоқ,  тек  жаулар 

бар,  психологиялық  ауыртпалық  тәндік  қуаныштан  шегеріп 

тасталатындай, оларды  нөлге дейін  төмен т‰сіреді. Некеге риза 

еместердің  ешқайсысы  тәндік  махаббаттан  табиғи  рақат 

кешпейді.  Ең  ‰рейлісі:  әрбір  екініші  әйел  тәндік  жақындықтан 

өзін  ауыр  сезінеді — табиғат  шамалағаннан  төмен  қарама-

қарсылықты бастан кешеді. 

Сөз  жоқ,  мұнда  отбасының  жыныстық  қызметінің  маңыз-

дылығы  туралы  айтуға  болады,  оның  бұзылуы  қауіп  төндіреді. 

Демек,  жыныстық  қызмет,  көбінесе  отбасының  маңызды 

біріктіргіш негізі бола алады. 

Отбасының қызметін зерттеуші ғалым С. И. Голодтың пікірі 

бойынша,  отбасының  негізгі  қызметінің  бірі — репродуктивтік 

қызмет.  Оның  мәні  ұдайы  өндіру,  яғни  бала  туу,  адамзаттың 

жалғасуы болып табылады. 

Репродуктивтік қызмет адам табиғатындағы әлеуметтік және 

отбасының  басқа  қызметтерімен  аз  байланысқан.  Ол  биоло-

гиялық  мәнге  көбірек  жатады,  өйткені  бала  туу  адамзаттың 

әлеуметтік практикасының нәтижесі болмайды. Бұл табиғаттың 

бергені,  яғни  бір  жерлерінде  жануарлар  д‰ниесімен  жақын-

дастырады.  Көптеген  мамандар  репродуктивтік  қызметті  жы-

ныстық сияқты отбасының әлеуметтік қызметіне жасқызбайды. 

Өйткені,  аталған  құбылыстар  таза  биологиялық  және  адам 

қоғамда  өмір  с‰реді  ме,  әлде  жоқ  па,  оған  тәуелсіз  болар  еді. 

Бұл  мәселе  өте  к‰рделі  және  даулы,  бірақ  адамзатты  ұдайы 

өндіру  әлеуметпен  еш  байланыспағанын  жоққа  шығаруға 

болмайды. Репродуктивтік қызмет әлеуметтіктің  белгісін сөзсіз 

өзіне  сіңірген.  Басқаша  айтқанда,  репродуктивтік  қызметке 

дуализм  тән:  онда  әлеуметтік  пен  биологиялық  қызмет  адам 

табиғатындағыдай бір-бірімен айқасқан және сіңіскен. Өйткені, 

олай  болмаған  к‰нде,  адам  отбасын  «отбасы  жануарлар 

әлемінде  де  бар»  деп  т‰сіндіріп,  әлеуметтен  бөлуге  болады. 

Мұндағы  екі  қайшылықтың  қақтығысынан  біз  адамның  мінез-

құлқын  және  оның  институттары  эволюциясын  көп  нәрседе 

анықтайтын адам мәнінің мәңгі апатын байқаймыз.  



 

27 


Репродуктивтік  қызмет  өзіне  отбасының  барлық  қызмет-

терінің  элементтерін  қосады,  өйткені  отбасы  халықты  сандық 

қана  емес,  сапалық  та  ұдайы  өндіруге  қатысады.  Бұл  бәрінен 

бұрын жаңа ұрпақты тәрбиелеумен, адамзат жинаған тәжірибені 

оған  берумен,  оның  құлықтық  және  ағзаның  саулығы  туралы 

қамқорлықпен байланысты. 

Репродуктивтік қызмет эволюциясының ‰рдісін басқа тарихи 

кезеңдермен  салыстырғанда  отбасының  басқа  қызметтерінің 

ішінде  маңыздылығы  бойынша  өзінің  позициясын  едәуір 

жоғалтқанын ерекше ескерте кету керек. 

“...Бұл  қызметке  қазіргі  қоғамда  отбасының  аз  балалық 

типіне  ауысудың  тұрақты  ‰рдісі  байқалғандықтан,  кейінгі 

уақытта, бәрінен көбірек көңіл аударады. Бұрын біздің елімізде 

көпбалалы  отбасы  типі  таралған  еді.  Қазіргі  уақытта  бәрі 

өзгерді.  Отбасылардың  көпшілігінде  бір  бала  бар  немесе,  тіпті 

бала  жоқ. ‡ш  немесе  төрт  баласы  бар  отбасының  саны  едәуір 

азайды”.  С.  И.  Голод  баласы  жоқ  жұбайлардың  ‰штен  бірінде 

сәби  с‰ю,  туу  жұбайлыққа  кедергі  болады  деп  есептейді. 

Ертеректе бұл құбылысты ригалық зерттеушілер атап көрсеткен. 

“... жеке жауаптар кейбір әйелдердің отбасында бала болмағанға 

қанағаттанатынын  және  баласыз  отбасы,  тіпті  тамаша  деп 

есептейтінін куәландырады”,— деп жазады. 

Мұның  себебі  көп.  Демографтар  себептің  бірі  қалалық  өмір 

бейнесі  деп  есептейді.  Әйелдің  өндірістегі  жұмысбастылығы, 

жоғары  қажеттілік,  орташа  к‰н  көріс  минимумы  жұбайлардың 

бір  баламен  шектелуіне  алып  келеді.  Халықтың  өсуі  ‰шін 

отбасында 2—3 бала  болу  қажет.  Қоғам  б‰гін  осыған  м‰дделі. 

Отбасының  бұл  қызметін  жеке  адамның  өнегелі  игеруі — аса 

маңызды шараның бірі. Ол жастың өзгеруіне сәйкес бірте-бірте 

қызу  және  ұтымды  к‰шейіп,  балалық  шақта-ақ  басталуға  тиіс. 

Репродуктивтік  қызмет  отбасының  өзінің  орнықтылығына, 

сондай-ақ  басқа  көп  себептерге:  отбасының  материалдық  және 

тұрғын ‰й жағдайына және т.б. тікелей тәуелді болады. Отбасы 

жалғыз, әрі таптырмайтын өндіруші. Оны қаншалықты табысты 

орындайтындығы  ол  өмір  с‰ретін  қоғамдық  жағдайға  тікелей 

байланысты. 

Отбасының  қызметтерінің  арасында  ерекше  орын  алатыны, 

оның  тәрбиелік  қызметі.  Тәрбиелік  қызмет  отбасы  эволю-

 

28

циясының  тарихында  едәуір  өзгерістерге  ұшырады.  Олар,  негі-



зінен патриархалдық отбасынан бала барлық қарым-қатынастың 

басты  нысаны  болатын  балаорталық  отбасына  көшумен 

байланысты. Демек, тәрбиелік қызметке көбірек көңіл бөлінеді. 

Патриархалдық  отбасында  жас  бала  тәрбиесімен  әдеттегідей 

анасы  айналысса,  балаорталық  отбасында  әлі  к‰нге  дейін  бұл 

‰рдіске  ата-ананың  екеуі  де  қатысатыны  мысал  бола  алады. 

Тіпті,  балаорталық  ретінде  отбасының  өзінің  болуы,  атап 

айтқанда,  тәрбиеге  қатынастың  өзгеруімен  анықталады.  Өйт-

кені,  отбасында  бала  неғұрлым  аз  болса,  тәрбие  жұмысы  со-

ғұрлым  сапалырақ  болады.  Басқа  пікір  де  бар:  балаорталық 

отбасының  пайда  болуының  экономикалық  себебі  болуы 

м‰мкін. Бірақ, мұнда бала әлеуметтенуінің жақсаруы орасан зор 

рөл атқарады. 

Тәрбие — өзіндік  тепе-теңдік  сақтауды  қажет  ететін  іштей 

қарама-қайшы ‰рдіс. Тәрбие әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде 

жеке  адамды  тұншықтырмаса,  ал  соңғының  өзінің  дамуы 

социумның  өзіне  қауіп-қатер  болмас.  Басқаша  айтқанда,  қоғам 

алдында, жақындары алдында белгілі жауапкершілікті сезінетін 

азат  жеке  адам  тәрбиелеу  керек.  Ол  туралы  бір  кезде  И.  Кант 

жазған: “Сен  әр  уақытта  адамзатқа  өзіңе  қарағандай  қара,  еш 

уақытта құрал ретінде емес, мұрат ретінде қара”. 

Отбасындағы  тәрбиелік  ‰рдіс  әр  уақытта  прогрессивті  бола 

бермейді.  Оның  ыдырауы  да  м‰мкін.  Бәрі  оның  сапалы 

бағыттылығына байланысты. 

Отбасының тәрбиелік қызметінің бірнеше аспектілері бар: 

а)  баланың  жеке  басының  қалыптасуы,  оның  қабілеттерінің 

дамуы,  бірінші  әлеуметтік  бақылауды  ж‰зеге  асыруы,  құлық-

тылық  және  әсемдік,  рухани  құндылықтарға,  еңбекке  көңіл 

бөлуі, денсаулықты нығайту және денені әбден жетілдіруі; 

б)  отбасы  ұғымының  оның  әрбір  м‰шесіне  барлық  уақытта 

тәрбиелік ықпалын жасау; 

в) балалардың ата-анаға тәрбиелік ықпалы. 

Адам  туылған  к‰ннен  өмірінің  соңына  дейін  отбасының 

әсерін  байқап  көреді.  Сондықтан,  отбасының  балаларға  тәр-

биелік  әсерінің  басты  ерекшелігі  оның  тұрақтылығы  болады. 

Ата-ананың  отбасының  тәрбиелік  қызметін  ж‰зеге  асыруы 

баланың  тіршілік  әрекетінің  көптеген  аясында  сөзсіз  көрінеді. 


 

29 


Бұл  тұрғыда  отбасына  қандай  маңдай  алды  болса  да,  ешбір 

тәрбиелік институт тең келе алмайды. Отбасындағы тәрбие ата-

ана мен балалардың өзара махаббатынсыз м‰мкін емес. Өйткені, 

оның  отбасынан  тыс  тәрбиеден  айырмашылығы — көбінесе 

оның сезімдік сипаты бар екендігінде. Жынысы, жасы, кәсіптік 

әрекеті әрт‰рлі отбасының м‰шелері балаға өздерінің қабілетін 

толығырақ көрсетуге м‰мкіндік береді. 

Отбасының  тәрбиелік  қызметі — бұл  институттың  маңызды 

әлеуметтік  қызметтерінің  бірі.  Өйткені,  жеке  басты  әлеумет-

тендіруден,  оны  белгілі  әлеуметтік  қоғамда  өмір  с‰руге  әзір-

леуден,  оның  қабілеттерін  дамытудан  және  өмірде  өзін  көр-

сетуге  дайындаудан  басқа,  отбасы  баланың  болашақ  отбасына 

қатысты  мұратын  қалыптастырудағы  белсенді  фактор  болып 

табылады.  Бұл  мұраттардың  қалыптасуында  ата-ананың  әсері 

орасан  зор  рөл  атқарады:  олардың  өмірлік  жоспары  мен  мақ-

саты,  ата-ананың  құлықтылық  мәдениеті,  парасаттық  потен-

циалы,  отбасылық  дәст‰рлері,  яғни  шағын  орта, ‰йдегі  қарым-

қатынас жеке адамның дамуында шешуші қызметке ие болады. 

Отбасы  әлеуметтік  қарым-қатынастың  барлық  аспектілерін 

жинайды. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  дайындау  мазмұны  ретінде 

алынатын мәселенің бірі — отбасының экономикалық қызметі. 

Экономикалық  қызмет  немесе  шаруашылық-тұтынушылық 

қызмет  моногамия  заңдастырылған  тарих  кезеңінде  отбасын 

қоғамның  ұясы  ретінде  анықтады.  Патриархалдық  немесе 

дәст‰рлі  отбасында  көпбалалықтың  себебі  тек  көп  балалық 

өлім-жітім  ғана  емес,  балалардың  отбасының  экономикалық 

өміріне қатысуы еді. 

Экономикалық  немесе  шаруашылық-тұрмыстық  қызмет 

патриархалдық  отбасында,  негізгі  болмаса  да,  орасан  зор  рөл 

атқарады. Өйткені, сол кезде отбасы еңбек ұжымына ұқсатылды 

(көбіне  ауылдық  жерде,  ал  қалада  сирек).  Мысалы,  ауылдық 

жерде  жалғыз  еркектің  табысының  жалғыз  көзі  болған  ша-

руашылығын  ж‰ргізуге  шамасы  келмейтін.  Өнеркәсіпті  қоғам-

ның  дамуымен  отбасында  экономикалық  қызмет  әлеуметтік 

қызметтен шеттеді. Өндіріс отбасынан сыртқа орын ауыстырды. 

Қазіргі  қоғамда  к‰н  көру  ‰шін  отбасымен  шұғылдану  міндетті 

емес. Сөйтіп, отбасы молшылықтың негізгі көзі болудан қалды. 

 

30

Біздің  заманымызда  отбасының  экономикалық  қызметі 



отбасылық қарым-қатынастың әрт‰рлі аспектілерін қамтиды: ‰й 

шаруашылығын  ж‰ргізу,  отбасын  басқару,  отбасы  қаражатын 

орнына  келтіру,  отбасының  кооперативтік  іске  қатысуы, 

отбасылық  бақ  шаруашылығының  және  қосалқы  шаруашы-

лықтың  дамуы.  Мұның  бәрі  материалдық  игілікті  өндіруге, 

отбасы  молшылығын  жақсартуға  елеулі  ‰лес  қосады,  оның 

тәрбиелік  потенциалын  кеңейтеді.  Экономикалық  қызметтің 

әлеуметтендіру рөліне келсек, ол өте маңызды. Отбасында бала 

алғашқы  еңбек  дағдысына  ‰йренеді: ‰й  шаруашылығында 

‰лкендерге  көмектеседі,  өзіне  қызмет  етеді  және  т.б. “Эконо-

микалық  қызметтің  отбасылық  ұжымның  өзара  қатынасына 

әсері  екі  жақты  болуы  м‰мкін:  отбасында  ‰й  міндеттерін  жұ-

байлардың, ‰лкендердің  және  жастардың  арасында  әділ  болу, 

көбіне,  жұбайлардың  қарым-қатынасының  нығаюына,  бала-

ларды  құлықтық  және  еңбекке  тәрбиелеуге  жағдай  жасайды. 

Отбасында  ‰й  міндеттерін  әділетсіз  бөлгенде,  олар  негізінен 

әйелге  ж‰ктелгенде,  еркек  “патриарх”  рөлінде,  ал  балалар — 

тұтынушылар  рөлінде  болады,  сөз  жоқ,  мұндай  жағдай  да  кері 

ықпалын тигізеді”. 

Отбасы  билігінің  құрылымы  баланың  әлеуметтенуіне  және 

отбасы  ішіндегі  қарым-қатынасқа  әсер  ететінін  байқау  қажет. 

Б‰гінгі  к‰ні  әкенің  емес,  ананың  ‰лкен  беделі  бар.  Бұл  былай 

т‰сіндіріледі:  әке  негізінен  ‰йден  тыс  жұмыс  істейді,  барлық 

‰йдегі  шаруашылық  ананың  мойнында,  ол  ‰йдегі  және 

өндірістегі  еңбекті  ұштастырады.  Бұл  жағымсыз  салдарға  әке-

леді. Себебі, әйелге көп міндет ж‰ктейді және бала тәрбиесінде, 

отбасында психологиялық тепе-теңдікті бұзуға апарады және де 

бұл,  әсіресе,  ер  балалар  ‰шін  зиянды. ‡й  шаруашылығын  бас-

қару теңдігіне әрбір отбасы ұмтылу қажет. Мұнда жұбайлардың 

теңдігі ‰лгі болу керек: қай мәселеде әйел жетік болса, сондағы 

біріншілік оған жатады, басқа жағдайда шешуші дауыс құқығы 

еркекте болуы тиіс. 

Жоғары 

сынып 


оқушыларын 

отбасы-некелік 

өмірге 

дайындаудағы  танымдық  қызмет  атқаратын  мәліметтердің  бірі 



— отбасының реттеушілік қызметі. 

Бұл  қызмет  отбасы  м‰шелерінің  арасындағы  қарым-

қатынасты реттеуді өзіне алады, сөйтіп отбасындағы басшылық 


 

31 


типін анықтайды. Патриархалдық отбасында басшы отбасының 

материалдық қамтылуы, өз ұрпағының тәрбиесі ‰шін өмір бойы 

жауапкершілік  алып  ж‰реді.  Ата-ананы  тыңдамағаны  ‰шін 

баласын  жазалау,  басқа  да  шараларды  қолдану  көзделген. 

Кейбір  көне  өркениеттерде  отбасы  ішіндегі  өмірді  реттеуші, 

көбінесе  еркектің  м‰ддесін  қорғайтын  құқық  болды.  Қазіргі 

отбасында  реттеуші  қызмет  моральдық  ереженің,  отбасы 

м‰шелерінің  жеке  басы  беделінің  және  бірінші  кезекте  ата-

ананың  өз  балалары  алдындауғы  беделінің  көмегімен  ж‰зеге 

асады. 


Жұбайлардың  әлеуметтік  рөлінің  заңды  анықтамалары  бар. 

Алайда,  бұл  рөлдерді  белгілейтін,  көпшілік  мақұлдаған  мора-

льдық  ережелер  заңдастырылған.  Әйел  к‰йеуі  жағынан,  сол 

сияқты  к‰йеуі  де  әйелі  жағынан  белгілі  рөл  атқарады.  Пси-

хологтар ең көп таралған рөлдерді атайды: “бала”, “к‰йеу-әке”, 

“әйел-ана”. “Бала”  рөлін  атқаратын,  көбінесе  өздерінің  ата-

анасына  тәуелді  болатын  жұбайлар  да  бар.  Мұндай  отбасында 

баланың  өзіне  бос  рөлдік  орта  табуы  едәуір  қиынға  соғады. 

Өйткені,  к‰йеу  мен  әйелдің  кейбір  әлеуметтік  рөлі  жекебас 

аралық  қарым-қатынастардың  ж‰йесі  ретінде  отбасы  қоятын 

талаптармен ‰йлесе бермейді. 

Қазіргі  отбасындағы  басшылық  типі  едәуір  көмескі.  Дәст‰р 

бойынша  отбасының  басшылық  рөлін  еркек  атқарады,  бірақ  іс 

ж‰зінде  бұрын  айтылғандай,  бұл  міндетті  әйел  орындайды. 

Әйелдің  өндіріске  қатысуы  отбасын  еркекпен  бірдей  мате-

риалдық  қамтамасыз  етуге  м‰мкіндік  берсе, ‰йдегі  жұмысқа 

қатысуы  оған  отбасын  басқаруға  және  реттеуге  құқық  береді. 

Кейбір  отбасында  к‰йеудің  немесе  әйелдің  басшылығы  айқын 

анықталмаған.  Жұбайлар  отбасындағы  басшылық  аясын  өздері 

бөліп алып, бұл міндетті екеуі орындайды. Отбасы басшысының 

рөлін  ата-ана  емес, ‰лкен  балалары  орындайтын,  балаорталық 

сипаты ерекше, айқын көрсетілген отбасылар да кездеседі. 

Мектептің  жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік 

өмірге  дайындау  ‰рдісінде  ерекше  назар  аударатын  мәселе — 

отбасындағы бос уақыт. 

Отбасының  бос  уақыт  қызметі  туралы  оқушыларға  мынаны 

айтуға  болады:  эволюция  ‰рдісінде  бос  уақыт  қызметі  ескі 

белгілерін  жоғалтып  және жаңаларын иемденіп, өз позициясын 

 

32

жоғалтпады.  Мысалы,  патриархалдық  отбасында  әйелдің  бос 



уақытты өткізу жолын таңдауда еркектен айырмашылығы бо-ды 

және  оған  ерік  аз  берілді.  Қазіргі  отбасында,  патриархалдық 

отбасы  моральінің  жаны  берік  болса  да,  позициялар  те-

ңестірілген.  Дегенмен,  қоғамдық  санада  кейде  еркек  мұнда 

әйелге қарағанда көбірек еркінси алады деген т‰сінік кездеседі. 

Белгілі  тарихи  кезеңдерде,  мысалы,  кеңес  өкіметінің  алғашқы 

жылдарында, отбасы бос уақытты өткізу бойынша мемлекеттен 

қолдау  таппағандықтан,  бұл  тоғышарлықтың  көрінісі  деп 

жарияланды. Адамның бос уақытын отбасынан тыс шығаратын, 

шамасы,  екі  мақсатты  көздейтін  ашық  ‰рдіс  болды:  идео-

логиялық  бақылауды  табысты  ж‰зеге  асыру  және  отбасының 

әйелдерді  к‰ң  ететін  буржуазиялық  институт  ретінде  қарасты-

рылған ықпалынан адамдарды құтқару. 

Кейінгі  уақытта  отбасының  бос  уақытты  және  демалысты 

ұйымдастыру  қызметі  едәуір  көбейді.  Бос  уақыт  дегеніміз — 

адамның  өзінің  қалауынша  жұмсайтын  жұмыстан  тыс  уақыты. 

Бос уақыт өте маңызды әлеуметтік құндылықтың бірі, адамның 

дене  және  рухани  к‰шін  қалпына  келтіретін,  таптырмайтын 

құралына айналды. 

Бос  уақыт  қызметін  шамамен  мынадай  тармақтарға  бөлуге 

болады:  а)  жыл  сайынғы  демалысты  өткізу;  ә)  қала  сыртына, 

саяхатқа  және  жорыққа  шығу;  б)  ата-ана  мен  туысқандарға 

бару;  в)  достармен,  жақындармен,  таныстармен  кездесу;  г) 

мейрамханаға,  дәмханаға  бару;  д)  театрға,  кинотеатрға,  сауық 

залына  бару;  е)  спортпен  айналысу;  ж)  мерекелерді  ұйым-

дастыру және өткізу. 

Бұдан  басқа,  отбасылық  бос  уақыт  ‰й  еңбегімен  қатар, 

отбасын  топтастыру  құралы  да  бола  алады,  тәрбиелік  міндет-

терді орындай алады, отбасындағы қарым-қатынастарды реттей 

алады.  Сонымен,  отбасылық  бос  уақыт  өзінше  бағалы,  өйткені 

ол  отбасы  м‰шелерінің  қажеттілігін  іске  асыруға  м‰мкіндік 

береді. 


Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау ‰рдісінде оқушыларға талдап көрсететін отбасы қызметінің 

бір  т‰рі — фелицитологиялық  қызмет.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал