Айболатұлы батырболат



жүктеу 48.66 Kb.

Дата07.02.2017
өлшемі48.66 Kb.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 

АЙБОЛАТҰЛЫ БАТЫРБОЛАТ

 

2. 

ҒАББАСОВ ЭНГЕЛЬС

  

3. 

ДОСҚАЛИЕВ МЕКТЕП

 

4. 

МҰШТАНОВА ДАРИҒА

  

5. 

САРИЕВА ҰЛДАЙ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЙБОЛАТҰЛЫ БАТЫРБОЛАТ 

(1972) 


 

 

Ақын, 


әдебиетші, 

филология 

ғылымдарының 

кандидаты, 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі  Батырболат  Айболатұлы  1972 

жылы 19 тамызда Казталов ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 

1989  жылы  Орал  қаласындағы  С.  Сейфуллин  атындағы  №11  қазақ  орта 

мектебін,  1995  жылы  Әл-Фараби  атындағы  ҚазМҰУ-ді,  2000  жылы  осы 

университеттің аспиратурасын бітірген. 

 

1995-97  жылдары  Қазақстан  ҰҒА  М.  Әуезов  атындағы  Әдебиет 



және  ӛнер  институтының  кіші  ғылыми  қызметкері,  1998-2001  жылдары 

«Қазақ  энциклопедиясы»  Бас  редакциясында  қызмет  атқарды.  «Қазақстан»  ұлттық 

телеарнасында редактор-стилист. 2001-09 жылдары түрлі газеттер мен баспаларда жұмыс 

істеді. 2009 жылы ҚР Президенті әкімшілігінде баспасӛз қызметінің сектор меңгерушісі.  

 

1996 жылы «Мен ғашық қыз», 2001 жылы «Кӛзмоншақ» атты жеке ӛлең кітаптары 



жарық кӛрді. 

 

Батырболат  Айболатұлы  екі  мәрте  (1997,  1998)  ҚР  Президентінің  стипендиаты 



атанды. Ӛлеңдері 2000 жылы Алматы қаласынан шыққан   «Қазақстан жас ақындарының 

антологиясына»  енген.  Ол  ғылыми  жұмыспен  айналысып,  қазіргі  қазақ  поэзиясының 

түрлік-бейнелік ерекшеліктерін зерттеп жүр. 

 

Әдебиеттер: 

Айтболатұлы Батырболат: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 

2010.-104 б. 

Айтболатұлы  Батырболат:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-16-17 б. 

Айтболатұлы Батырболат: ӛмірдерек, ӛлеңдер // Жас ақындар жырларының антологиясы.-

Алматы, 2000.-320 б. 

Талапов Ш. «Кезінде ӛмірімді ӛлеңсіз елестете алмаушы едім...» // Орал ӛңірі.-2012.-2  

тамыз.-10 б. 

 

ҒАББАСОВ ЭНГЕЛЬС 

(1937) 


                                               

     


Энгельс  Ғаббасов  1937  жылы  Жалпақтал  ауылында  дүниеге 

келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, Алматы 

Жоғары  партия  мектебінің  журналистика  бӛлімшесін,  Мәскеу 

қаласындағы  аспирантураны  бітірген.  Филология  ғылымдарының 

кандидаты, доцент. Э. Ғаббасовтың бүкіл ӛмірі мен қоғамдык қызметі 

ӛзінің туған ӛлкесі - Орал ӛңірімен тьныз байланысты. Ол Жалпақтал 

ауданының мектептерінде ұстаздық етті, облыстық партия комитетінің 

идеология бӛлімінде қызмет істеді, облыстық жазушылар ұйымына жетекшілік етті, халық 

депутаттары облыстық Кеңесінде бӛлімді басқара жүріп,  педагогика институтында сабақ 

берді. 


     

 

1995



 

жылы  ол  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  атқарушы  хатшысы  болып 

тағайындалды және Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып сайланды. 

      


Э.  Ғаббасов  -  10-нан  астам  повестер  мен  әңгімелер  жинақтарының  авторы. 

Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  және  халықаралық  «Пен-клуб»  жазушылар 

ұйымының  мүшесі.  Туған  ел  табиғатын  қорғау  -  Ғаббасовтың  жан-жақты  қоғамдық 

қызметінің  бір  бӛлігі  ғана.  Ӛз  шығармаларында  ол  қоршаған  ортаны  қорғау,  адамның 

ӛмір-тіршілігін  қамтамасыз  ету  идеясын  жақтайды,  жер  қойнауы  байлығын  ұқыпты, 

парасатпен пайдалануға шақырады. 



      

Жазушы  және  эколог  ретінде  облыста  және  республикада  кең  танымал  бола 

отырып,  ол  ауа  райын  болжауда  ӛзін  әйгілі  етті.  Ол  Қазақстан  Республикасы 

Парламентінің депутаты болып екі рет сайланды. 

     

 Қазақстан  Республикасы  Парламенті  палаталарының  сынақ  полигондары 



жӛніндегі бірлескен комиссиясының тӛрағасы, Сенат депутаты.  

      


Э. Ғаббасов - «Құрмет Белгісі» орденінің және бірнеше медальдың иегері. 

 

Әдебиеттер: 

Ғаббасов  Энгельс:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,  2010.-

219 б. 

Ғаббасов  Энгельс:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-116-117 б. 

Хайроллин К. Әуелден танымал еді // Орал ӛңірі.-2007.-23 тамыз.-12 б. 



 

***** 

Габбасов Э. В то лето и в эту зиму: повести и рассказы.-Алматы, 1998.-304 с. 

Габбасов Э. Зеленый лист на белом снегу: повести.-Алма-Ата, 1982.-136 с. 

Габбасов Э. Я с тобой.-Уральск, 2008.-426 с. 



 

ДОСҚАЛИЕВ МЕКТЕП 

(1920-1985) 

 

 

Белгілі  айтыс  ақыны  Мектеп  Досқалиев  Батыс  Қазақстан 



облысының,  Жалпақтал  ауданы,  Балықшы  ауылында  1920  жылы 

дүниеге  келген.  1939  жылы  Казталов  аулының  Алма  Оразбаева 

атындағы орта мектебін мақтау қағазымен бітірген. 

 

Мектеп  Досқалиев  мектепте  оқып  жүрген  кезден  бастап  ӛлең 



жазумен  шұғылданған.  Аудандық,  облыстық  ақындар  айтысының 

жүлдегері. Ӛлеңдері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып 

отырылған. 

 

Мектеп  Досқалиев  1958  жылы  алғашқы  облыстық  ақындар 



айтысына  қатынасып,  Чапаев  ауданының  ақыны  Хамидолла 

Қыдыровпен айтысты. 

 

Сол  жылы  «Облыс  ақыны»  деген  үлкен  құрметті  атақ  алды.  Мектеп  аға  жас 



талапкерлерді  бауырына  тартып,  олардың  шыңдалуына,  қанатының  қатарына  үнемі 

қамқорлық кӛрсетіп отырды. 

 

Мектеп  Досқалиев  еңбек  демалысына  шыққанға  дейін  облыс  аудандарында 



аудандық ішкі істер бӛлімін басқарды. 

 

Мектеп  аға  ӛзінің  ӛлеңдерінде  туған  ӛлкені,  еңбек  тынысын,  халықтың  қалаулы 



ұлдары мен қыздарын жырлады. 

 

Алғашқы айтысқа қатысқан ӛлеңдері  1958 жылы Ақындар үні атты жинаққа енді. 



Ал  ақынның  «Сол  бір  дәурен»  атты  ӛлеңдер  жинағы  қалалық  Дастан  баспасынан  1997 

жылы жарық кӛрді. 

 

Мектеп ағамыздың кӛптеген ӛлеңдері оқырмандар жадында айтылып жүр. 



 

Әдебиеттер: 

Досқалиев  Мектеп:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,2010.-

231 б. 

Досқалиев Мектеп: ӛмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық: облыстық ақындар  



айтысына 40 жыл.-Орал,1998.-8 б. 

Досқалиев М. Сол бір дәурен: ӛлеңдер.-Орал, 1997.-72 б. 

Досқалиев М. Шыңдалған жыр семсері: ӛлеңдер, толғаулар мен поэмалар.-Алматы,  

2008.-200 б. 



МҰШТАНОВА ДАРИҒА 

(1954) 


 

  Дариға  Ғазезқызы  Мұштанова  (13.3.1954  жылы  туылған,  Орал 

қаласы) айтыскер ақын, «Облыс ақыны» (1971). 1977 ж. Орал педагогика 

институттының  филология  факультетін  бітірген  соң  қазіргі  Казталов 

ауданының  Кӛктерек  орта  мектебінің  мұғалімі  ретінде  еңбек  жолын 

бастады  (1977-79).  Кейін  ауыл  клубының  меңгерушісі,  ауданы  газет 

редакциясында  тілші,  ауданы  партия  комитетінде  нұсқаушы,  ауданы 

атқару кеңесі тӛрағасының орынбасары (1980-92), «Орал ӛңірі» газетінің 

тілшісі.  Қазір  Теректі  лингвистика  гимназиясының  директоры. 

Мұштанова  17жасынан  ақындар  айтысына  қатысып,  облыстық  және  республикалық 

деңгейдегі ӛнер сайысына түскен. Бірнеше ӛлең топтамалары мен әндердің авторы.        

                                    



Әдебиеттер: 

Мұштанова Дариға: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-

403-404 б. 

Мұштанова Дариға: ӛмірдерек, ӛлеңдер // Жайықтың мӛлдір сырлары.-Орал,2005.-27-30 б. 



 

***** 

Мұштанова Д. Адамның жаны бір жұмбақ..: ӛлеңдер.-Алматы, 2001.-88 б. 

Мұштанова Д., Қыдырниязова Ш. Қос қанат: ӛлеңдер, айтыс, жұмбақтар, мақалалар.- 

Орал, 2010.-328 б. 

Мұштанова Д. Ақ қағазбен оңаша қалдыр мені: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2004.-21 ақпан 

Мұштанова  Д.  Апа:  Ақұштап  Бақтыгереева  арналған  жыр-шашу  //  Орал  ӛңірі.-  2004.-28 

қазан. 

Мұштанова Д. Гүл Аралы: Ӛлеңдер //Жайық арулары.- 2004.- 11 наурыз. 



Мұштанова Д. Қайырдым ӛлең қақпалап: Ӛлең // Орал ӛңірі.- 2006.-3 тамыз.-11 б. 

Мұштанова Д. Қыз - келіншектер шығармашылығынан: ӛлеңдер// Ауыл айнасы.- 2011.- 

7 наурыз.-12 б. 

Мұштанова Д. Сағынамын биіктігін қарттардың: ӛлеңдер// Орал ӛңірі.- 2010.-22 сәуір.-8 б. 

Мұштанова  Д.  "Шӛберелер  тойлап  жатыр  бабалардың  жеңісін":  ӛлеңдер  //  Орал  ӛңірі.- 

2005.-8 мамыр. 



 

САРИЕВА ҰЛДАЙ 

(1958) 


 

 

Ақын Ұлдай Сариева 1958 жылы бұрынғы Жалпақтал ауданы, 



Талдықұдық ауылында дүниеге келген. 

1975  жылы  Талдықұдық  орта  мектебін  бітіргеннен  кейін 

аудандық  газеттің  тілшісі  болды.  Оның  сыршыл  ӛлеңдері 

республикалық  мерзімді  басылымдарда,  облыстық  және  аудандық 

газеттерде  80-жылдардан  жариялана  бастады.  Ұлдай  Сариеваның 

ӛлеңіне жазылған (әні Д. Қажымовтікі) «Біз екеуміз» әні Жайық ӛңірі 

жастарының сүйікті әуеніне айналды. 

Ұлдай  Сариеваның  ӛлеңдері  1990  жылдардың  басында-ақ 

қазақ поэзиясының кӛш басында жүрген Қадыр Мырза-Әли, Фариза 

Оңғарсынова  сияқты  алыптарды  елең  еткізген.  Сонау  Астанада 

жүріп,  ақын  сіңлісінің тағдырына  алаңдаған  Фаризаның  поэзиядағы 

заңды жалғасы да – осы Ұлдай Сариева. 

2005  жылы  Орал  қаласы  «Дастан»  баспасынан  ақын  Ұлдай  Сариеваның  «Жарық 

ғұмыр» атты тұңғыш жыр жинағы шықты. 



 

Әдебиеттер: 

Сариева Ұлдай: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,2010.-458 б. 

Сисенғали З. Қарағайға қарсы біткен қайсар талант: [ақын Ұлдай Сариева] // Айна.- 2010.-

4 наурыз.-7 б. 



***** 

Сариева Ұлдай: ӛмірдерек, ӛлеңдер // Жайықтың мӛлдір сырлары.-Орал, 2005.-38-41 б. 

Сариева Ұ. Жапырақ ғұмыр: ӛлеңдер.-Орал, 2005.-154 б. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал