Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АУРУ МАЛ  АЖАЛ 

ОШАҒЫНА АЙНАЛДЫ

Баспасөз — 2016

Мінбер


(Соңы 8-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат


АҢДАТПА

4-бет

3-бет

№81 (2859) 26 шілде 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ 

ТАРАТҚАНДАРҒА ЖАЗА БАР

КЕШІРІМДІ БОЛУ — 

КІСІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Орайы келген әңгіме

«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ, 

КІШІК БОЛ!»

Аида МОЛДАБЕКОВА, 

Қызылорда қалалық 

сотының судьясы:

Жұмыста қарымды қазы, от-

басында берекелі ханым, қоғамда 

сыйлы тұлға болып жүрген нәзік 

жандылар қаншама! Қызылорда 

қалалық соты төрағасының мін-

детін атқарып отырған Аида 

МОЛДАБЕКОВА да сондай іскер 

жандардың бірі. 

– Аида Жолдасбекқызы, судья 

дегенде көз алдымызға сұсты, аз 

сөзді адамдардың елестейтіні рас. 

Жалпы, төрелік ететін жанның 

көпшіліктен бөлектеніп, өзін қатал 

ұстауы қаншалықты дұрыс?

– Судьяның сот отырысында қос 

тарапқа теңдей қарап, істің терең са-

рапталуына мүдделілік танытатыны 

белгілі. 

Сиырдың  ауырып  тұрғанын  ветеринарлық 

дәрігерге мал иесі 4 маусымда хабарлаған. Диаг-

ноз неге дәл қойылмады, ол жағы мамандардың 

өзіне де жұмбақ. Әрқайсысы әртүрлі пікір айта-

ды. Солардың бір-екеуін тілге тиек етсек, дүйім 

жұртты дүрліктірген сібір жарасы вакцинаға кері 

Биылғы жаз қазақстандықтарға өзіндік қиындығымен келді. Олай 

дейтініміз, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғаларда арыстай 

азаматтарынан айырылған елімізге ауру малдың әлегі де аз бол-

май тұр. Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарынан шыққан сібір 

жарасы тұрғындар тыныштығын бұзып, «Еркіндік» пен «Ұзынсу» 

ауылдарының еркіндігін уақытша шектеді. Алдымен Еркіндіктегі 

жағдайды сараласақ, ауыл, аудан емес, Республиканы дүрбелеңге 

салған оқиға мал дәрігерінің немкеттілігі мен ауыл тұрғынының 

сараңдығынан бастау алған. 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың төрағалығымен 

кеңейтілген  алқа  мәжілісі  өтті.  Жиын  барысында  қадағалаушы  органның  2016 

жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы 

кезеңге арналған маңызды міндеттер айқындалды. Алқалы басқосуға Парламент 

депутаттары,  Бас  прокуратура  жанындағы  Консультативтік  кеңестің  мүшелері 

және Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Жақып АСАНОВ, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры:

әсердің туындауы немесе сойылған мал көмін-

ділерінің ашық қалуынан болуы мүмкін. Жауапты 

мекемелердің айтуынша, дертке қарсы вакцина 

дер кезінде егілген. Мөрленген құжат та бар. Ал, 

ауыл тұрғыны ауру малын арам өлтіруге қимаған. 

Мұндай  жағдай  ветврачтар  тарапынан  қатаң 

бақылауды талап етеді. Ауылдағы мамандардың 

білім-білігі мен жауапкершілігін көтеру кезек 

күттірмейтін мәселе екені де осындайда көрініп 

қалады. Егер сиырдың сырқатын біле салысы-

мен ескерту жасап, мал дәрігері қажетті шешім 

қабылдағанда елді шулатқан мұндай оқиға орын 

алмас еді.

Өткен жартыжылдықта азаматтардың, халықтың 

әлеуметтік әлсіз топтарының және кәсіпкерлердің 

бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, елімізде-

гі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз 

етуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты 

қолдауға бағытталған Мемлекет басшысының тап-

сырмаларын орындау, сондай-ақ бағдарламалық 

құжаттарды жүзеге асыру қадағалау органдары 

қызметінің басым бағыттары болды. Осыған орай 

есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық сала-

да прокурорлар 360 мың адамның құқықтарын 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР  

РИО ОЛИМПИАДАСЫНА  

ВИЗАСЫЗ БАРУЫ МҮМКІН

Кеше ҚР Сыртқы iстер министрiнiң бiрiн-

шi  орын басары  Мұхтар  Тiлеубердi  мен 

Бразилияның Қазақстандағы елшiсi Деметрио 

Буэно Карвальо Қазақстан мен Бразилия 

үкiметтерi арасындағы екi ел азаматтарының 

визасыз сапары туралы келiсiмге қол қойды. 

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, бұл келісім 

тезірек күшіне енсе, Қазақстан азаматта-

ры он күннен кейін алауы желбірейтін Рио 

Олимпиадасына визасыз баруға мүмкіндік 

алады.


«Қазақстан азаматтары сыртқа шыққан 

кез де визасыз немесе визаны жеңілдетіп 

алу жүйесін құру туралы Елбасының тап-

сырмасы бар. Сондықтан, Сыртқы істер ми-

нистрлігі бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс 

атқаруда. Міне, Бразилия мен Қазақстан 

арасында келісімге қол қойдық. Бұл келісім 

бойынша, екі ел азаматтары бір-біріне отыз 

күнге дейін визасыз сапарлар жасай ала-

ды. Өздеріңіз білесіздер, Бразилия Латын 

Америкасында  өз  деңгейінде  көтерілген 

мемлекет. Сондықтан, біз үшін бұл өзгерістің 

маңызы зор. Әрине, келісімді толықтырамыз, 

қазіргі кезде осындай өзгеріс керек. Он күннен 

кейін Бразилияда Олимпиада ойындары 

басталады. Сондықтан, жақын арада осы 

келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз 

Олимпиада ойындарына визасыз барады деп 

үміттенеміз», – деді келісімге қол қойғаннан 

кейін М.Тілеуберді.



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

АСТАНА ЖОЛДАРЫНДА  

ЖҮРЕТІН ПОЛИЦИЯ 

ЖАСАҚТАРЫНЫҢ САНЫ АРТАДЫ

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін 

арттыру және жол-көлік оқиғаларының са-

нын  азайту,  сонымен  қатар  жолда  жүру 

ережелерінің  бұзылуының  алдын  алу 

мақсатында 25 және 27 шілде аралығында 

Астанада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу 

шарасы өтеді, деп хабарлады Астана қаласы 

ІІД Жергілікті полиция қызметінен. «Қауіпсіз 

жол» жедел-алдын алу шарасы аясында 

Жергілікті полиция қызметі бірқатар рей-

дтік және алдын алу шараларын өткізуді 

жоспарлаған. Астанада жыл басынан жол-

патрульдік полиция полкі жолда жүру ере-

желерін бұзудың 77 мыңнан астам фактісін 

анықтады. Соның 70 мыңын жүргізушілер 

бұзған. Белгіленбеген жерде жолдан өткен 

7 мыңға жуық жаяу жүр гінші әкімшілік жауап-

кершілікке тартылды. 

С.ОРЫНБАСАР

«ЕСЕП ҮШІН ЕМЕС,  ЕЛ  ИГІЛІГІ ҮШІН 



ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ТИІСПІЗ»

(Соңы 4-бетте)

қорғады, олардың жартысы – балалар. Қадағалау 

органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы 

мерзімі өтіп кеткен 4 млрд теңге жалақыларын алды. 

2,5 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды, 154 

мүгедек мемлекеттік баспана алды. 25 млрд теңгені 

құрайтын 720 заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші 

жойылды. Ұлттық қорға 12 млрд теңге қайтарылды, 

республикалық бюджет 45 млрд алды. Жалпы құны 14 

млрд теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері 

мемлекетке қайтарылды.

Прокурорлар  араласқаннан  кейін  ішкі  істер 

органдарының қызметтік бөлмелерінен және уақытша 

ұстау абақтыларынан 205 заңсыз ұсталған азамат 

шығарылды. Тергеушілер қамауға алғылары келген 

2 мың күдікті босатылып, оларға кепіл қолданылды. 

Прокурорларға өз шағымдарымен жүгінген 14 мың 

азаматтың  құқықтары  қалпына  келтірілді.  Осы 

бұзушылықтар бойынша 40 мыңнан астам лауазымды 

тұлға жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық 

жауапкершілікке тартылды.

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ 

ОРНАТА БІЛУ МАҢЫЗДЫ

Қадағалау және құқық қорғау қызметінің жетіс-

тіктеріне тоқталған Бас Прокурор елеулі кемшілік-

терді де атап көрсетіп, оларды жою бойынша нақты 

тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құқық қорғау 

органдарына  халық  сенімінің  төмен  болуының 

негізгі себептеріне тоқталды. Кадрлардың кәсіби 

деңгейінің төмендігі басты проблемалардың бірі 

ретінде айтылды. 

Мәселе


2

№81 (2859) 

26 шілде 2016

zangazet@mail.ru

ҚҰҚЫҚ

Игі іс


Әріптестік көмек

Бәрекелді!

Маман мінбері

Батыс  Қазақстан  облысы  Ішкі  істер  департа-

ментінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қала-

сында орын алған террорлық актінің жолын кесу кезінде 

әріптестеріміздің қаза болуына байланысты олардың 

отбасыларына және Алматы қаласының басшылығы мен 

жеке құрамының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. 

Полицейлер адал қызмет ете жүріп өздерінің Отаны мен 

халқының алдында берген «Қажет болса жанымызды ая-

маймыз!» деген антына берік болып, отандастарымыздың 

тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиып нағыз 

азаматтық пен ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Олардың бейбіт 

күндегі ерлігі мен қаһармандығы барлық тәртіп сақшыларына 

үлгі болары сөзсіз.

Біз олардың ата-аналарына қайғыра көңіл айтып, осындай 

ұлдар тәрбиелегені үшін  алғысымызды білдіреміз. Офицер-

лік және полицейлік жиындардың шешімі бойынша Батыс 

Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің барлық қызмет-

керлері өздерінің бір күндік жалақысын Алматы қаласындағы 

жауынгерлік бекетте қаза болған әріптестерінің отбасылары мен 

балаларының есепшотына аударады. 

Батыс Қазақстан облысы 

ІІД Кадр жұмысы басқармасы

Қызылорда қалалық со-

тының бас маман Гау хар 

Бисенқызы Мырзатаева Қа-

зақстан Республикасы Пре-

зидентінің 14 маусым 2016 

жылғы Жарлығы бойынша 

«Күміс алқа» марапатын 

иеленді.

Мемлекеттік  қызметкер 

Г.Мырзатаева  алты  баланы 

дүниеге  әкеліп,  жолдасымен 

бірге олардың тәрбиесімен ай-

налысып отыр. Сот жұмысына 

өзіндік үлесін қосып, жауап-

тылығымен, тиянақтылығымен, 

ізденгіштігімен көпшілікке үлгі 

болып жүрген Гаухар Бисенқы-

зының қазақтың санын көбейтіп, 

өнегелі ұрпақ өсіріп отырған ісі 

де жұртшылыққа сабақ болар-

лықтай. Отбасы мен қызметін 

ақсатпай қатар алып жүретін 

осындай әріптестеріміз лайым 

көп болсын! 

Қызылорда қалалық 

сотының

 баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық сотында «Сот билігі мен бұқаралық 

ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында 

семинар өтті. Шараға баспасөз қызметін үйлестіруші облыстық 

соттың судьялары А.Наримов, Ш.Маликова, облыстық соттың 

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары, аудандық 

және оған теңестірілген соттардың төрағаларды, баспасөз қыз-

метін үйлестіруші судьялары мен баспасөз хатшылары қатысты.

Семинарды ашқан баспасөз қызметін үйлестіруші судья 

А.Наримов өз сөзінде «Сот жүйесі мен баспасөз өкілдерінің 

арасындағы байланысты орнықтыру – бүгінгі күннің өзекті 

мәселелерінің бірі. Бұқаралық ақпарат құралдарында жария-

ланған мақалалар арқылы қоғамда пікір қалыптасатыны белгілі, 

сондықтан, соттармен объективті ақпарат тарату арқылы қоғам-

ның оң пікіріне ие бола аламыз», – деп атап өтті. 

Жиын барысында 2016 жылдың 6 айындағы БАҚ-пен жұ-

мыс жасау бойынша статистикалық деректер ұсынылып, облыс 

соттарымен жіберілген баспасөз хабарламаларының сапасы 

слайд арқылы көрсетілді. Семинар соңында аталған бағыттағы 

жұмыстың сапасын жақсартуда белсенділікті арттыру шаралары 

қабылданды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі 

Қазақстан Республикасы Әділет минис­

трінің 2013 жылдың 17 сәуіріндегі №123 

бұйрығымен бекітілген «Аумақтық әділет 

органдарының Үйлестіру кеңесі туралы 

Ереже» негізінде  Қарағанды облысы Әділет 

департаментінде Қарағанды облысы Әділет 

органдарының Үйлестіру кеңесі қызмет 

етеді. 

Кеңес құрамына Қарағанды облысы Әділет 

департаментінің басшысы, Қарағанды облысы 

Әділет департаменті басшысының орынбасары, 

сот сараптама интуститутының және сот медици-

на орталығының директорлары, «Республикалық 

құқықтық ақпарат орталығы» РМҚК филиалының 

директоры, облыстық нотариалдық палата және 

адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушылар 

өңірлік палатасының және «Қазақстан бағалаушы-

лар қауымдастығының Қарағанды палатасы» БП 

президиумының төрағалары кіреді. 

Қарағанды облысы Әділет органдары Үйлестіру 

Кеңесінің отырыстары  бекітілген жоспарға сәйкес 

тоқсан сайын өткізіледі. Онда Әділет органдарына 

Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа 

да заңнамалық актілерімен жүктелген міндеттерді 

жүзеге асыруда  туындайтын түйінді сұрақтар қа-

растырылады. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 

Үйлестіру кеңесінің барлығы 2 отырысы өткізілді. 

Нақты тоқталсақ, Үйлестіру кеңесі мүше-

лерінің және Қарағанды облыстық сотының, Қа-

рағанды облысы ІІД өкілдерінің қатысуымен өткен 

бірінші отырыста «Қарағанды облысы Әділет 

органдары Үйлестіру кеңесінің құрамына өзгеріс 

енгізу  туралы»,  «Әкімшілік  және  азаматтық 

істер бойынша сараптама өндірісі шығындарын 

өтеу тәртібі туралы», «Үйлестіру кеңесінің 2016 

жылдың 2 тоқсанына арналған жұмыс жоспарын 

бекіту» сұрақтары қарастырылған еді. Отырыс 

қорытындысы бойынша әкімшілік және азаматтық 

істер бойынша сараптама өндірісі шығындарын 

өтеу тәртібін ретке келтіру үшін тиісті ұсыныстар 

берілді.


Ал, екінші отырысқа Үйлестіру кеңесі мүше-

лері, Қарағанды облысы прокурорының орын-

басары Н.Жанахметов, Қарағанды облысы әкім 

аппаратының және білім басқармасының өкілдері, 

сондай-ақ, Қарағанды облысы Әділет департа-

ментінің қызметшілері қатысты. Отырыстың күн 

тәртібінде «Алимент өндіру туралы сот актілерін 

орындау кезінде мемлекеттік органдардың өзара 

әрекеттестігі», «Сот медициналық сараптамадан 

кейін, белгісіз, туыссыз, талап етілмеген тұлғалар-

дың мәйіттерін жерлеуге байланысты проблемалы 

мәселелер туралы» және «Қарағанды облысы 

Әділет органдары Үйлестіру Кеңесінің 2016 

жылдың 3 тоқсанына  арналған жұмыс жоспарын 

бекіту туралы» сұрақтар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша, Қарағанды 

облысы білім басқармасына, проблемалық али-

мент өндірістері бойынша, балалардың бос уақы-

ты мен  лагерьлердегі демалысын ұйымдастыруға 

көмек көрсету және мектеп құрал-жабдықтарымен 

қамтамасыз ету  мәселесі сарапқа салынды.

Қарағанды облысы әкімдігіне «туған туыссыз-

дарды жерлеу және жерлеу орындарын ұстау» 

бағдарламасы  бойынша  Ұлытау  ауданы  мен 

Қаражал қаласы әкімдіктерінің жұмысын жүйе-

лендіруге жәрдемдесу туралы ұсыныс жасалды. 

Ал, Қарағанды облысы прокуратурасына Ұлытау 

ауданы мен Қаражал қаласы әкімдіктерінің «туған 

туыссыздарды жерлеу және жерлеу орындарын 

ұстау» бағдарламасына қаржы бөлу бойынша 

жұмысына тексеріс жүргізу арқылы, белгісіз, 

туыссыз, талап етілмеген тұлғалардың мәйіттерін 

жерлеуге байланысты мәселелерді шешуге көмек 

көрсету ұсынылды.

Аталған бағытта жұмыстар тоқсандық жоспар-

лар негізінде өз жалғасын табатын болады.



Қарағанды облысы Әділет 

департаментінің баспасөз қызметі

Жалпы, өскелең ұрпақтың бо-

йына патриоттық сезімін ұялатып, 

оларды қадағалау органы қызметінің 

қыр-сырымен таныстыруды меңзе-

ген іс-шараның берері көп болды. 

Мәселен, 40-қа жуық жеткіншек бұл 

күні прокуратура ғимаратын ара-

лап, ата-анасының жұмыс орнымен 

танысты. Қадағалау органы қызмет-

керлерінің жұмысын өз көздерімен 

көрді.


Балалар прокуратура мұражай-

ын аралап, тарихи құжаттар мен 

ескі суреттерді тамашалады. Бұ-

рынғы  үлгідегі  қызметтік  киім-

дерді  көріп  шықты.  Осы  салада 

қыз мет атқарған тұлғалардың өмір 

жолымен танысты. Сондай-ақ, ба-

лалар ата- аналарының қызметтік, 

кеңсе бөлмелеріне арнайы кіріп, 

ондағы қызметкерлер жұмысының 

куәсі болды. Алғаш рет ұйымдасты-

рылып отырған іс-шара барысын-

да балалар өздерін қызықтырған 

сұрақтарға жауап алып, көңілдері 

марқайды. Өйткені, еліміздегі заң-

ның  орындалуын  қадағалаумен 

қатар орындалуын бақылайтын ор-

ганның жұмысы оңай еместігіне көз 

жеткізген-ді. Осылайша, балалар 

кез келген жұмысқа деген жауап-

кершіліктің жоғары екендігін іштей 

сезінді.


Шымкент қаласындағы №65 мек-

тептің оқушысы Әмина Қорғанбаева 

прокурорлардың жұмысымен та-

нысқан соң, осы маман иесі болғы-

сы келетінін айтады. «Ініміз екеуміз 

прокурорлардың жұмысымен та-

нысып, бірқатар қызықты мәлімет-

терге көз жеткіздік. Әсіресе, оның 

ішіндегі  заманауи  техникалары 

керемет екен. Прокуратура саласын 

басқарған тұлғаларды танып-біл-

дік. Әкем таңнан қара кешке дейін 

қандай қиын жұмыстарды атқарып 

келетінін түсіндім. Келешекте біз 

де осы аға-әпкелеріміздей қызметті 

атқарғымыз келеді. Өйткені, елдегі 

заңның орындалуын қадағалап, қай-

шы әрекеттерге тойтарыс берудің 

өзі керемет қой. Әрі өзім кез келген 

мәселенің әділ түрде шешілгенін 

қалаймын. Сондықтан да прокурор 

Осы уақытқа дейін қабылданған 

барлық заңдар мен кодекстер аза-

маттардың құқығын барынша тиімді 

қорғауға, бостандығының бұзылма-

уын қамтамасыз етуге бағытталды. 

Сондай-ақ, бұл құжаттардың қара-

пайым халыққа сапалы қызмет көр-

сету тетіктерін жандандыруды көз-

дегені ақиқат. Міне, заңнамалармен 

бірге бүгінде қолданысқа жаңа тех-

нологиялар енгізіліп, жұртшылыққа 

көрсетілетін қызметтің сапасы ғана 

емес, жеделдігі, тиімділігі артты. 

Сонымен қатар, заманауи технология 

азаматтардың уақытын үнемдеуге, 

сенімділігін  арттыруға  ықпалды 

екенін де айта кеткеніміз жөн. Мұн-

дай ілгерілеу шілікті жылжымайтын 

мүлікті тіркеу кезінде де байқауға 

болады. 

Мәселен,  Әділет  саласында 

қолға алынған жаңа реформалар-

дың нәтижесінде құжаттарды тіркеу 

уақыты жеделдетілді, анықтамалар 

алудағы қиындықтар азайды. Бүгін-

де жылжымайтын мүлікке құқықты 

тіркеу жеңіл. Қазір баспана сатып 

алушылар келісімшартты нотариус 

арқылы ресімдеп, сол арқылы ортақ 

базаға тіркете алады. Бұл жылжы-

майтын мүлікке қатысты алаяқтық 

қылмыстардың азаюына да ықпал 

еткені даусыз. Құжат жинаудағы 

қиындықтар, жылжымайтын мүлікті 

тіркетудегі қауіп азаматтарды таныс 

іздеп, бөтеннің көмегіне жүгінуге 

итермелегені де рас. Соның кесірі-

нен өзге жанның кеңесіне жүгінем 

деп  қаржысынан  қағылғандар  аз 

болмады. Ал, қазіргі жаңартылған 

заң,  әділет  саласындағы  жедел-

детілген,  сапалы  қызмет  мұндай 

олқылықтардың жолын кесті.



К.АХМЕТОВА,

Алматы қаласы Әділет депар-

таменті жылжымайтын мүлікке 

құқықтарды тіркеу 

басқармасының 

бас маманы

Сот маманы 



«Күміс алқа» 

иегері атанды

Семинар

Қоғамдық пікір 

қалыптастырудың жолы

Есеп

Үйлестіру кеңесінің 



ықпалы зор

Ашық есік күні



Әдетте, балалар жазғы демалысын лагерьлерде не 

болмаса өңірдің көрікті жерлерінде өткізетіні белгілі. Осы 

ретте, балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдасты-

ру мақсатында облыстық прокуратурада «Ашық есік күні» 

өтті. Оған осы сала қызметкерлерінің 7 мен 16 жас ара-

лығындағы балалары қатысты.

Балалар прокуратура 

жұмысымен танысты

болғым келеді. Осы кезден бастап 

сабағымды жақсы оқып, сыныптас-

тарымның арасында үлгілі болуға 

әрекет жасаймын. Сабақты жақсы 

оқыған оқушы өскенде өзі қалаған 

мамандықтың нағыз иесі болады де-

ген сенімдемін», – дейді жасөспірім. 

Өз ойларын іркіп қалмаған ба-

лалардың жанарлары қуаныштан 

бал-бұл жанып, прокуратурадағы 

аға-әпкелерімен емін-еркін әңгіме-

лесті. Іс-шара барысында балалар, 

сонымен қатар, ақын Ақмарал Леу-

баеваның шығармашылық кешіне 

қатысып, «Іңкәр жүрек» және «Сіз 

үшін» деп аталатын жыр жинақта-

рымен танысты. Ақынның өміршең 

өлеңдерінен үзінділер тыңдап, оның 

мән-мағынасына терең үңілді. Сөй-

тіп, балаларға арналған кеш мере-

келік көңіл-күйге ұласты. 

Ашық  есік  күнінің  соңында 

құқық қорғау органы өкілдері мұн-

дай іс-шараларды  жыл сайын дәс-

түрлі түрде өткізіп тұратынын атап 

өтті. Жалпы, прокуратура жұмы-

сымен танысып, уақыттарын тиімді 

өткізген балаларға сала өкілдері 

ризашылықтарын білдіріп, оларға 

ақыл-кеңестерін берді.



Гүлдария ТЕМІРБАЕВА, 

Оңтүстік Қазақстан облысы 

прокурорының  аға көмекшісі


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал