Ақын ғұмыр кешкен заманның жағдайын білу үшін ХІХ ғасырдағы



жүктеу 60.5 Kb.
Дата05.11.2022
өлшемі60.5 Kb.
#23355
Қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды
Сүйінбай

Қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құнарлы — шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал,жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады.
Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуілкөтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды. Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтіксаяси ой-пікірлер қалыптаса бастады. Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтікөзқарастары осы кезде қалыптасты.
Ақын ғұмыр кешкен заманның жағдайын білу үшін ХІХ ғасырдағы
Қазақстанның тарихын еске алу керектігін М.Әуезов ескертеді де: ХІХ ғасырдың орта кезі, екінші жартысында Абай кезінде болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстанның тарихи халін еске алу керек [1,5].
Абай өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды.
Ақынның әлеуметтік көзқарасы, дүниетаным бағыттары – айдан анық. Халықтық, бұқарашылдық жақтан ауытқыған емес, әрдайым өз дәуірінің көкейтесті мәселелерін көтере білді. Кемеңгер шығармалардың әр жолынан дәуір үні сайрап тұрады. Сондықтан да Абайды заманының тамаша ұраншысы, оқу-өнер, білім ісінің жалынды жыршысы, жақсылық пен жарқын болашақтың жаршысы деу орынды.
Абайды өмір қайшылықтарын жай ғана суреттеп, жаманынан жиреніп, адамшылық үгіт-насихат айтып өткен өсиетші ақын деп қана тану жеткіліксіз, тіпті, мүлдем үстіртін баға. Абай өзі өмір сүрген заман шындығын ақтара зерттеп, оның бойындағы мерездерін аямай сынауға күш салған батыл сыншы, тіпті, сол заманның әділ үкімшісі де болды. Қазақ даласының сұрқай тіршілігін, үстемдер озбырлығын, екіжүзді, жемқор, алдамшы топтарын, арамза молда, арызқой пысықайларын өлтіре сынап, оларға деген ел наразылығын айқын танытты. Дәуірінің ащы да ауыр шындығы, шиеленіскен қайшылықтары, тағылық, талан-тараж, береке-беделсіз тартысарпалыстар, дау-жанжал, бақталас-бақастықтар, күншіл күшті-бейбастақтар – барлығы өзінің нағыз шынайы бейнесінде зәрлі тілмен мысқылданады. «Дүтбайға» деген өлеңінде ас-суын алдыңа әкелген, көз алдыңда бәйек қаққан байдың әлгі сый-сияпат көрсеткен адамның сыртынан, оның көзі жоқ жерде талай сұмдықты істеуге баратынын сынап, олардың бойындағы тұрлаусыздықты, жылпостықты өте шебер бейнелейді. Жылпос байдың бейнесін көз алдыңа елестетеді.
Бір көрмеге тәп-тәуір, Қазаны мен қалбаңы
Дөң айналмай ант атты, Бүксіп бықсып ар жағы
Сенен аяр түгі жоқ
Бүгін сыйлас көрініп
Бүгін жалын, ертең шоқ, Сөзі мен өзі бөлініп… Тұрлауы жоқ құбылып [2,53], –
деп, қазақ болыстарының мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тән құбылыстар, олардың көз бояғыш әрекеттері табиғи бейнесінде айқын да шынайы суреттеледі. Ұлықтар алдында құрдай жорғалап, өзінен зорларға қол қусырып құлшылық етіп, ал қарапайым халыққа кісімсіп, бөрідей түксиіп қалатынын әдемі мысқылдайды. Олардың бет пердесін жұлып тастап, шын тұлғасын танытады.
«Мәз болады болысың», «Бай сейілді», «Күлембайға» өлеңдеріндегі болыстар сиқы да осындай. Ел өмірінде етек алған қулық-сұмдық, өтірік-өсек, сыбыр-жыбырға, мәнсіз мақтанға әуестіктер де жеріне жеткізе («пысық кім деп сұрасаң») сыналып, қыңыр-қисықтар мен қырсыздар тобы әшкере болады. Халқына қасқырша тиіп, қан көрсе өлексеге шүйілген құзғындай тиетін басқа да жемсау құлқын құмарлар бейнесін, сәлдесі дағарадай болса да, көңілі соқыр, малқұмар надан молдалар сиқын Абайдай айқын танытқан ол тұста еш ақын болмағанын дәлелдеп жатудың өзі артық. Абайдың бұл сияқты сындары жай сипай салды сын емес және ол жеке адамдардың мінезқұлқындағы, іс-әрекеттеріндегі кемістіктерді түзетіп қана қоюды тілейтін дәрменсіз де емес. Абай сындарының нысанасы айқын. Ол жеке адамдар емес, түгел қоғамдық топ, үстем қоғамның әлеуметтік негізіне бағытталған, тиген жерін ойып түсетіндей саяси бағыты айқын сын. Сондықтан Абай шығармаларының озық үлгілерін жай ағартушылық реализм тұрғысында танудың өзі де дәл емес. Ол нағыз сыншыл реализм үлгісіндегі шығармалар ретінде танылуға тиіс. Асылы, Абай шығармаларының сиқырлы сырының көзі оның жай шыншылдығында ғана емес, сол сыншыл реализм әдебиеті жеткен жоғары сатыға, нағыз көркемөнер сатысына қазақ поэзиясын көтере білуінде, өз шығармаларын сол биік тұрғыдан шығара білуінде болса керек. Абай шығармалары надандық пен озбырлықты сынағыштығымен ғана сыншыл реализм дәрежесінде деп отырған жоқпыз. Бұл – мәселенің бір-ақ жағы. Ал кемеңгер ақынның поэзиясындағы көркемдік нәр, нағыз әдебиетке тән суреткерлік үлгілері – түр, мазмұн жаңалықтары. Тіл ұстарту жолдары, ақындық қуат, поэзияның қоғамдық сырын аша білуі – бәрі қосылып, Абайдың сыншыл реализм әдебиетінің өкілі дәрежесіндегі ақын екенін толық танытады. Ол әдебиеттің түрі мен мазмұнын біртұтас күйінде таныды. Оны озық демократтық, ағартушылық идеяларға ұштастыра білді. Абай өз елінің патриоты, зор гуманист жазушы болды. Халқының сол кездегі хал-жайына қайғырып, оған шын жаны ашып, күйіне, күйзеле жыр шертті. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі – қан, бірі май боп екі ұртың,
Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Басбасына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың [2,76], – дегендегі ақын күйініші нағыз жанашыр патриотқа тән толғаныс. Елінің қайғылы халіне күйзеліп, күйініп айтқан сөзі. Нағыз патриоттың айтар сөзі. Абай өлеңдерінде кедейдің ауыр тұрмысы, жарлы-жалшылардың сүреңсіз өмірі, еңбексіз еріншектер – құр селтеңмен өмір кешетін бай-мырзалар бейнесі ақын шығармаларындағы тағы бір ауыр шындық куәлары. Азамат ақын ашқан халық қасіретінің бір көрінісі. «Кедейдің өзі жүрер малын бағып, отыруға отын жоқ үзбей жағып» — міне, кедей тұрмысы, «сырмақ қып астына, байының тоқымын, отының басына, төренің қоқымын», — міне, болыстың атшабары Масақбайдың үй іші. Ал байлар кәсібі қандай? Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп алар сатып.
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды. Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық түбі кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Абай еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген.
Елдің реңін алып, бос кезбелікке салынып, ас аңдып жүрген арсыздарды қаңғырған бұралқы итке ұқсатады:
Мінер атын, киімін ып-ықшам ғып, Сымбаттанып, сымпиып, тамақ аңдып… Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста.
Қазақ арасындағы бұл сияқты жұғымсыздықтарды сынап қана қоймай, ақылкеңес айтып, жөн сілтейді.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек, Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Абай – терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды. Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдарының өзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған сайыдеген жолдардың өзінен-ақ ақын көп нәрсе аңғартқандай. Оқушысын ойланта жыр шертті. Заман кесепатын көп көрген ақын кезінде қолдаушысын таппай жабығып, жалғызсырайды да. Сөйтсе де түңілмей ізденіп, жарқын өмірдің сәулесін көрсетуге күш салды.
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
Алды – ойын, арт жағы – мұңға жуық [3,28].
Қазақ халқының мешеулігіне қайғырған Абай патриархалды-феодалдық әдетғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертартпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының даму жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақ елінің дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді. Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді. Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзінде аспайтын қиял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды. Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әуезов М. О. Абай Құнанбаев: монографиялық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Санат, 1995. – 320 б.
2. Абай Құнанбайұлы. Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы. 2008. –384б. 3. Aбaй. Шығapмaлapының бір томдық толық жинaғы. – Aлмaты, 2008. –568 б.
жүктеу 60.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет