Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
қатып. 
       Бауыржанның  шартты менің қаншалықты дұрыс көшіріп алғанымды тексергісі келіп 
отырғанын енді аңғардым да, оны басынан аяғына дейін жайлап оқып шықтым. 
-        Енді түсінікті ме? 
-        Түсінікті. 
-        Бұл шартты Бек екеуіміз «Волоколамск тас жолының» алғашқы екі повесі біріктіріліп, 
1945   жылы   шығар   алдында   жасадық.   Кітап   шыққаннан   кейін   жазушы   Бектің   еңбегіне 
лайықты   баға   берілді.   Отставкаға   шыққаннан   кейін   қолыма   қалам   алып,   өзім   жазуға 
кірістім.   Осыдан   соң   біраздан   кейін,   1958   жылы,   қазақ   әдебиетінің   Москвада   өтетін 
онкүндігінің қарсаңында менің «За нами Москва» кітабым жарыққа шықты. Жоғарыда 
Бекке рақмет, ол менің жазушылық жолына түсуіме түрткі болды дегенімнің мәнісі осы, 
қарағым.
X
       СССР   Жазушылар   одағында   болған   талқылауда   «Москва   үшін   шайқас»   кітабы 
жайында   он   бір   адам   шығып   сөйледі.   Генерал   Вершигора   бастаған   он   адам   кітапты 
мақтап шықты да, 
тек бір адам ғана жамандауға тырысты. 
...Ол   оқиға   менің   көз   алдыма   келді.   Момышұлының   «Москва   үшін   шайқас»   кітабы 
талқыланып біткеннен кейін үзіліс болды. Біз дәлізге алдымен шығып, жұртқа көз салып 
тұрған   едік.   Сақалы   белуарына   түсердей   ұзын,   төртпақ   денелі   келген   генерал   Петр 
Вершигора   мен   полковник   Бауыржан   Момышұлы   екеуі   қатар   шықты   да,   бірге   тұрып, 
темекі тартысты. Осы кезде екінші жақ есіктен қасқа маңдайы жарқырап, Мұхтар Әуезов 
шықты да, бірден Бауыржанға қарай бұрылды. 
-         Пәлі, Бауыржан, біздің бәріміздің ішіміздегі ең модный жазушы сен болдың бүгін. 
Сенің   кітабың   жайында   қисапсыз   көп  адам   көсіле   пікір  айтты.   Құтты   болсын,   қайырлы 
болсын астанадан алған бағаң, - деп Мұхаң кос қолдап тұрып Бауыржанның қолын кысты. 
-   Сенің   соғыста   қаның   төгілген   жерде   ерлігің   ғана   емес,   әдеби   еңбегіңнің   де   ерекше 
бағаланғанына қатты сүйсініп отырдым. Мен мына Петр Петрович сияқты соғыстың білгір 
адамы байсалды да беделді пікір айтқанына дән риза болдым. 

Осылай   деп   Мұхаң   Вершигораға   басын   иіп,   оның   да   қолын   қысты.   Содан   соң   кері 
бұрылып, жолдағы жұрттың бәрімен бас изей сәлемдесіп, Мұхаң секретарьлардың бірінің 
бөлмесіне кіріп кетті. 
I
             Бауыржан. Ал, қай жерге келіп тоқтап едік? 
-        Сонымен сіз банкте қызмет істеп жаттыңыз. 
-        Иә. Сонымен мен банкте қызмет істеп жаттым. Менің жаңа серіктерім Догалин мен 
Бурмистров та жақсы адамдар болып шықты. өзіме үнемі көмектесіп, болысып отырды. 
Командировкаға шықсам олар маған бар жайды түсіндіріп, әлек болып жатады. Мен емес, 
бейне   бір   өздері   жолаушы   шығатындай,   тексеретін,   назар   аударатын,   есте   ұстайтын 
мәселелерді қойын дәптерлеріне тізіп келіп, маған кезектесіп айтып жатады. Мен, сөйтіп, 
алдымен   Леңгір,   одан   кейін   Ащысай   шахталарын   тексеріп   қайттым.   Екі   ұстазымның 
айтқандарын   бұлжытпай   орындап,   керек   боп   қалар-ау   деген   мәселелерге   өз   бетіммен 
назар   аударып,   тындырып   келген   ісімді   көргенде,   менің   зеректігіме,   ыждағаттылығыма 
олар мәз 
болады. Міне, өстіп жүргенде бір күні Дубовик орнынан ауысатын болды... 
Автор. Жазушылық жұмыс кестеңізді айтыңызшы. Қай сағаттан қай сағатқа дейін жұмыс 
істейсіз?   Тәуліктің   қай   мезгілінде   жазғанды   ұнатасыз?   Жылдың   қай   мезгілінде   өнімді 
жазылады деп есептейсіз? Жазатын шығармаңызға жоспар құрасыз ба? Қолмен жазасыз 
ба, машинкамен басасыз ба? Қарадай жазғаныңызды қанша рет түзетесіз? 
Бауыржан. Бұл бір ащы ішектей шұбатылған ұзын сұрақ екен. Және маған қойылуға тиісті 
емес   сұрақтар   көбі.   Өйткені   мен   профессионал   жазушы   емеспін.   Мен   әскери   мемуар 
жазушы ғана кісімін. Ал біздің қазақта бұрын әскери мемуарлық әдебиет атымен болған 
емес.   Қазақта   мен   осының   негізін   салушымын   десем   асылық   та,   артық   айтқандық   та 
болмас деп ойлаймын. Бұл жөнінде орыс әдебиетіне де қосқаным бар деуіме болады. 
Осы жылғы майда Москвада болған әскери әдебиет жайындағы жиналыста менің атымды 
үш маршал он бес рет атапты. Мен бұл пікірді, бір жағынан, солардың сөздеріне сүйеніп 
айтып   отырмын,   қарағым.   Бауыржан   картайғаңда   мақтаншак   болып   кетіпті   деп   ойлап 
жүрмегін... 
Ал профессионал жазушы болмағандықган менде жұмыс кестесі немесе режим деген де 
жоқ.   Пәлен   сағаттан   пәлен   сағатқа   дейін   жазамын   деп   айтпаймын.   Кей   кездерде   мен 
қолыма айлап қалам ұстамаймын. Бірақ ойланып, толғанып жүремін. Сол ойлағанымның 
иі қанды-ау деген кезде, күнмен де, түнмен де есептеспестен, машинкамды алдыма алып, 
сарт-сұрт   баса   беремін.   Ойымдағыны   қағазға   түсіргенше   менде   ұйқы   да,   күлкі   де 
болмайды. Содан соң тағы да 2-3 ай қолыма қағаз алмаймын, «суимын», суып болған соң 
жаңағы машинкаға басқандарымды қайтадан қолыма аламын. Оны автор ретінде емес, 
жай   қатардағы   оқырманның   көзқарасымен   қарап,   оқып   шығамын.   Автордың 
алаңғасарлығын, қызбалығын, 
үстірт ойлаған жерлерін әлім келгенінше түзетемін. Менің творчестволык процесім осы 
ғана. 
      Ана   жылы   «Мақтаарал»   совхозына   барғанымда   маған   бір   мұғалім   сенің   жаңағы 
сұрағың сияқты сұрақ койды. Осында пәлен деген жазушы келгенде бізге күніне он бір бет 
жазамын деп еді, сіз күніне неше бет жазасыз?-деді. 
-        Сен соған сендің бе? - дедім мен оған. 
-        Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз? - деді мұғалім. 
-        Ендеше математикадан хабарың бар ма өзіңнің? 
-        Дәл сол математиканың мұғалімімін. 
-        Онда қағаз, қарындаш ал да, 11 бетті 30 күнге көбейт, - дедім оған. Мұғалім дереу 
көбейте бастады. - Оны он екі айға көбейт, бұл бір жылда ол жазушы неше бет жазады 
деген сөз. 
      Көбейттің   бе?   Сол   жазушыңның   жазып   келе   жатканына,   міне,   отыз   жылдан   асты. 
Жаңағы шыққан санды енді тағы отызға 

көбейтші.   Көбейттің   бе?   Енді   әрбір   кітапта   орта   есеппен   үш   жүз   беттен   болады   деп 
мөлшерлеп, барлық шыққан цифрыңды сол үш жүзге бөлші. 
-        Бөлдім. 
-        Қанша болды? 
-        Төрт жүзге жуық. 
-        Ендеше, төрт жүз кітап жазған дүние жүзінде жазушы жоқ. 
Понятно?   Маған   күніне   қанша   текше   метр   жер   қазасың   десе,   мен   оған   жауап   бере 
алмаймын. Сиыр да күн сайынғы сүтін күтімі келіссе, көңілі түссе ғана береді. Ал мен 
адаммын.   Табағына   сүт   құйып,   құлағын   бұрай   берсең   шүмегінен   сырылдатып   қаймақ 
ағыза 
беретін сеператор емеспін! Понятно тебе? 
-        Енді бір сұрағым бар, - деді жанағы мұғалім тағы да қолын көтеріп. 
-        Әй, тұра тұрғын, - дедім мен оған. - Сен маған 5-6 сұрақ қойдың. Физик, математик 
екенсің. Менің саған қоятын бір сұрағым бар, жауап бересің бе? 
-        Беремін, - деді ол. 
-        Берсең: екі жерде екі қанша болады? Соны айтшы. 
-        Екі жерде екі - төрт, - деді ол. 
-        Жок, дұрыс емес. Екі жерде екі он тоғыз болады, - дедім мен сағатыма карап. 
-        Неге? - деп мұғалім орнынан ұшып тұрды. 
-         Сен   босқа   шошандамағын,-дедім   мен   оған   түсімді   суытып.   -   Сен   дәм-татуы   жоқ 
сұрақтар беріп, мені мінбеде он тоғыз минут босқа ұстап тұрсың. Екі жерде екі он тоғыз 
болады деген осы біле білсең, қарағым. 
Жұрт залды басына көтеріп, ду күліп жіберді. 
-        Жарайды, енді жетінші сұрағынды қойғын, қарағым, - дедім жаңағы мұғалімге түсімді 
қайтадан жылытыңқырап. О да бір сұрақ қойғыш неме екен, сен сияқты етіп жазып алған 
қағазының орта тұсына үңілді де... орта тұсына, - деп Бауыржан сұк саусағын 
шошайтты. - Тегі оның әлі де қоя алмай қалған бес-алты сұрағы болуы керек... Қағазының 
орта тұсына үңілді де, былай деп сұрады: «Ең жаксы көретін өз шығармаңыз қайсысы?» 
Бұған   ойлануға   тура   келді.   Ойланған   сайын   жауап   беру   қиынға   соқты.   Содан   кейін 
мұғалімге қарадым да: 
-        Өзіңнің балаң бар ма, қарағым?-деп сұрадым. 
-        Бар. 
-        Нешеу? 
-        Бесеу. 
Жұрт күліп жіберді. Мен күлгемін жоқ. 
-         Өзің   сол   бес   қарғаңның   қайсысын   ерекше   жақсы   көресің?   Соны   осы   отырған 
бәрімізге айтып берші, - дедім оған жұрттың күлкісі тоқталғаннан кейін. 
Мұғалім ойланып тұрды да, «Айта алмаймын-ау» дегендей, жауырынын киқандатты. 
-        Бұл да солай, қарағым, - дедім мен. - Оны мен айта алмаймын саған. Жазушының 
өзі емес, оны жұрт біледі. 
Автор. Мен сезіктене бастадым, Бауке. Сұрағың көбейіп кетті деп, сіз маған ишара жасап 
отырған жоқсыз ба? 
Бауыржан. Жоқ. Сенің жөнің бір баска. Ал сенен бұрын, кеше бір тілші келіп кетті осында. 
Екі көзі ит қуған бұзаудың көзіндей шатынаған бұйра бас біреу. («Сіз менін де портретімді 
жасап отырсыз-ау қазір. Ертең екінші біреуге: осы столдың басында мыжырайып отырып 
еді іші кепкенше дейсіз бе, кім білсін?» деп ойладым ішімнен.) 
-        Сізден интервью алайын деп келіп едім, - дейді. 
-        Ал, қойғын сұрақтарынды.
Бір мәселенің төңірегіне топтап, жүйелеп әкелген сұрақтары да жок. Сәл ойланған болып: 
«Сіздің мына мәселе жөнінде көзқарасыңыз қалай?» деп кекең ете қалады. Ал «көзқарас» 
деген   философиялық   ұғым.   Сондықтан   оған   кеңірек   жауап   берейін   десең,   ол   айтып 
отырғаныңның   аяғын   тындырмастан   екінші   бірдеңені   сұрайды   да,   тағы   да   кекең   ете 
қалады. Кұйрығы шошандап бұтақтан бұтаққа секірген сауысқан сияқты. 
-        Сонымен сіздің бастығыңыз ауысып кетті ғой, Бауке? 

-        Иә, ауысып кетті. Орнына Георгий Федорович Марченко деген кісі келді. Онымен үш 
ай   істес   болдым.   Табанының   бүрі   жоқ,   тайғанақ,   жалтақ   кісі   екен.   Ондай   кісіні   мен 
бастығым  болмақ   тұрғай,   құдай  болса  да  ұнатпаймын.   Оның   осындай  қылығын   көрген 
мен, ұстараның жүзіндей болып, күн сайын жұқара бердім. 
       Шымкенттегі   осы   күнгі   атақты   қорғасын   заводы   ол   кезде   жаңа   салынып   жатқан 
болатын.   Бір   күні   Марченко   мені   сол   заводтың   финанс   жағдайын   тексеріп   келуге 
жұмсады. Дабыл бар. Егер игерілмеген қаражат соншалықты көп болса, онда заводтың 
счетын жауып тастау керек деді. Барып тексердім. Завод ақшаны ала берген. Бірақ соның 
оннан   бірін   де   игермеген.   Сөйтіп,   финансистердің   тілімен   айтканда,   завод   «өлі 
капиталдың» астында 
қалған. Акт жасадым. Сала-саламен көрсеттім. Заводтың счетын әзірге жаба тұру керек 
деп, Марченкоға баяндадым. Ол қол қойды. 
       Счетының жабылып қалғанын естіп, бір күні Марченкоға заводтың бас бухгалтері - 
Белугин келді. Марченко мені шақырды. 
      Өзі қол қойған документтерді қарап отырды да Марченко: 
-        Счеттың жабылуы дұрыс, - деді. 
Белугин орнынан атып тұрды. 
-        Мынадай бір боқмұрын келіп біздің счетымызды жаба берсе, онда ол завод ешқашан 
да салынбайды, - деп айқайлады ол мені нұсқап. Содан соң Марченкоға зіркілдеді. - Қазір 
құрылыстың барлық жұмысы тоқтап тұр. Егер счетымызды осы қазір қайтадан ашпасаңыз 
мен сізді сотқа беремін. 
     Марченконың көзі жыпылықтай бастады. Мен көз алдыма бұрынғы бастығым Дубовикті 
елестеттім. Дубовик болса қазір Белугиннің ақырған-шақырғанына қарамастан: «Берілген 
қаржының белгілі проценті игерілгенше счеттарыңыз ашылмайды» дер еді деп ойладым. 
Осы кезде Марченкам: 
-        Онда счетты қайтадан ашайық, - деп қарап отыр. 
       Ашты. Менің зығырданым қайнады да: «Жұмыстан босатыңыз, сіздің қоластыңызда 
қызмет істемеймін» деп, бастығыма дереу арыз жазып апарып бердім. 
-        Неге менің қоластымда істемейсің? - деді ол. 
-         Мемлекет   мүддесін   жүзеге   асыруда   принципсіздік   көрсететін,   қарамағындағы 
адамдардың дұрыс ісін қорғай алмайтын бастықтың қарауында жұмыс істегенше қаңғып 
кетуді артық көремін. 
-        Жоқ, сен кетпейсің. 
-        Жоқ, мен кетемін, Георгий Федорович, - деп есікті тарс жауып, шықтым да кеттім. 
«Иә.   Адалдық,   арлылык,   принциптілік   сіздің   қаныңызға   сіңген   қасиет   екен-ау.   Қан 
құрамында   мәңгі   өмір   сүретін   ақ,   қызыл   түйіршіктер   сияқты,   бұл   қасиеттер   сіздің 
жүрегіңізде мәңгі сақталып қалған ғой. Кей адамның жүрегінен бұл қасиеттер жойылып, 
жоғалып, өшіп кетіп жатады. Бірақ олар сонда да өмір сүріп жүре береді. Ал сіз осының 
біреуінен айрылған күні өлетін шығарсыз, Бауке», - деп ойладым. 
II
Автор. Апырай, Бауке, мекеме басшысы жаман қызметкерінен құтыла алмай әлек болушы 
еді. Сіз жаман бастықтан өзіңіз қашып құтылады екенсіз ғой. 
Бауыржан. Тіпті өзі солай да. Мінез деген басы қатты жүйрік қой, қарағым. Әр адамның 
мінезі - астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады ғой, 
әйтеуір. 
-        Сонымен, Марченконың есігін тарс еткізе жауып, шықтыңыз да кеттіңіз бе? 
-        Кеттім. Ауыл жарықтықта жазық бар ма? Мұржасы қалқайып, есігі аңқайып, сүзектен 
жаңа тұрған әлсіз анадай болып, қалтырай қуанып қарсы алды жаман баласын. 
        Қабағым қатып, үн-түнсіз кіріп келгенде, үйдегілер үрпиісіп қалды. Қысқа-қысқа ғана 
тіл қатыстық. 
-        Амансың ба? 
-        Аманмын. 
-        Дені-қарның сау ма? 

-        Сау. 
-        Өңің неге келмей тұр? 
-        Орнымнан түстім. 
-        Өзің түстің бе, өздері түсірді ме? 
-        Өзім? 
-        Неге? 
-        Ынжықтыққа ыза болып. 
-        Е, жарайды. Арты қайырлы болсын, ендеше. 
Осымен   сөз   бітті.   Туған   жердің   жазғы   жібектей   жұмсак   көгорай   шалғынын   белуардан 
кешіп, көгіне аунап, Жуалының жас гүлін иіскегеннен кейін жаным жай тауып, Марченкоға 
деген бойымдағы ашу-ыза бірте-бірте бу болып ұша бастады.
Бір күні Мыңбұлаққа, Момышұлының атына Алматыдан соққан жұмбақ телеграмма сарт 
ете   түсті.   Оны   естіген   кішкентай   ауыл   қысық   көзін   кеңірек   ашып,   селт   ете   калды. 
Телеграммада былай делініпті: 
«Приезжайте за наш счет для переговоров. Бархан». 
Жол шығыны бізден болсын, Алматыға кел, акылдасайык деген сөз ғой бұл. Бұл сөзді 
жолдап отырған кім екен деп ынтықты ауыл. Бархан Борис Михайлович - менің ең үлкен 
бастығым,   республикалық   банктың   меңгерушісі.   Бархан   мені   не   қылады?   Жұмыстан 
шығып кеткен  адамды  жол  қаражатын  беріп шақырғаны  несі!  -  деп ойладым.  Ойымды 
әкеме айттым. 
Әкем ойшыл кісі еді. Бір нәрсені түбегейлеп ойласа, артынан сол мәселе жайында нақыл 
сөздерді   аузынан   топ-тобымен   ақтара   салатын   еді.   Менің   Марченкомен   ұрсысып, 
жұмыстан шығып кеткенім жайында да абзал әкем аз толғанбапты. Оны сол телеграммаға 
байланысты айтқан ақылынан аңғардым. 
-        Шақырғанға бар. Шалғанмен тірес. Кұлшынғанмен күрес. Жығылсаң жер көтереді, - 
деді әкем. - Бірак, опынғанынды айтпа, одан кейінгі ойланғанынды айт. Ызаңды айтпа, 
ызадан   соңғы   ындының   мен   ықыласыңды   жеткіз.   Жақсының   басынан   дау   кетпейді. 
Жаманның   басынан   жау   кетпейді.   Тірі   тұрғанда   талай   дауың   да,   жауың   да   болады, 
шырағым. Бар, бетіңнен жарылқасын. Алжығанда келген атақ абырой әпермейді. Атак, 
абыройыңды жас кезіңде ку, қарағым. 
       Әке сөзі көңілге демеу де, медеу де болды. Алматыға тартып кеттім. Вокзалдан түсе 
сала   бірден   Барханға   бардым.   Ұрысатын   шығар   деп   жас   әтештей   шақарланып, 
үрпиіңкіреп кіріп едім. Бірақ Бархан ұрыспады. Тіпті сен неге қызметті тастап кетіп қалдың 
деген де жоқ. Мен бір сол қызметті үзіліссіз істеп келе жатқандай сөйледі. 
-         Сізді ең жақсы қызметкеріміз  ретінде жоғарылатсақ  деген  ой  келіп еді,  - деді ол 
маған жайлап қана. - Егер келісіміңізді берсеңіз СССР өнеркәсіп банкының республикалық 
басқармасына аға консультант етіп тағайындар едік те, бұдан былай бірге қызмет істер 
едік. 
-        Келісемін, - дедім мен. - Бірақ сізге қоятын бір-екі сауалым бар, Борис Михайлович. 
-        Сұра, - деді Бархан. 
-        Біріншіден, маған неге ұрыспайсыз? Мен жұмысты тастап кеттім ғой. 
Бархан күлді. 
-         Ұрысуға адам әркашан үлгіреді. Одан бұрын ұғысуды ойлау керек. Ал ұрысу кажет 
болса, кейін өзіңіздін тәртібіңізге, шабан-шалағайлық көрсетсеңіз - оған да қарап, ұрыса 
да   жатармыз.   Бірак   ойлап   қалмаңыз,   мен   сіздің   желкеңізден   түспей   қояды   екен   деп. 
Алдымен адамның жақсылығын көру абзал. Бірінші сұрағыңызға қанағаттанарлық жауап 
алдым деп ойласаңыз, онда екінші сұрағыңызға көшіңіз. 
-        Менің әдірісімді қайдан алдыңыз? 
-         Оны   сіздің   үстіңізден   шағым   айтып,   кеткен   жеріңізді   көрсетіп   Марченко   жолдас 
жіберді. Артынан Шымкент банкын тексеріп қайткан біздің қызметкерлеріміз сіз жайында 
жақсы мінездеме алып келді. Сіз жайында бірге қызмет істеген жолдастарыңыз көп жылы 
сөздер айтыпты. Негізгі сыпаттаманы сіздің қызметіңіз берді. Қорғасын заводының счетын 
жаптырып қою жөніндегі ұсынысыңыз орынды екен. Біздің қызметкер оны жаптырып келді. 
Содан кейін, Марченко жолдастың шағымын пайдаланып, сізге телеграмма бердік. 

-        Рақмет, Борис Михайлович, - дедім мен. 
        Бархан   орынбасары   мен   бухгалтерді   шакыртты.   Оларға   мені   таныстырып, 
орынбасарына   маған   үй   бергізуді   жүктеді,   бухгалтерге   көші-қон   қаражатын   бер   деп 
міндеттеді. Алматының кеңсесінен орын, көшесінен үй тиіп, жырғап, жетісіп калдым. Ол 
кезде Кұрманбек Сағындыков Казсовпрофта істейтін еді. Ол маған өз үйінен темір төсек, 
көрпе-жастық әкеп берді. 
      Бархан білімді кісі еді. Қызметкерлеріне әр жайды өзі тікелей ұғындырып, түсіндіріп 
отыратын. Дубовиктен кейінгі жарыған бастығым осы кісі болды. Жақсы бастық - жарты 
бақыт қой, шіркін! Өйткені ойлы бастық ұқыпты кызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық 
оқып келген маманды надан етеді. Ал менің қолымнан келетіні ұкыптылық, ыждағаттылық 
қана. Тапсырылған істі тапжылтпай орындау ғана. Мұным бастықгарыма ұнады. Сөйтіп, 
бірімізге біріміз ұнап, бір жыл қызмет істедім. Ұғысып істескен қызметген тәтті тіршілік 
жоқ-ау тегі деп түйдім сонда. 
     Кейбіреулер   естелік   айтса   өзін   ғана   мақтап,   мадақтап   шыға   келеді.   Жазса   өзімен 
замандас, тұстас өмір сүрген жақсыны жамандап, даттап әуре болады. Елге еңбегі сіңген, 
халық үшін қызмет еткен азамат адамдардың жақсылығын асырып, асқақтатып көрсету 
орнына, тырнақ астынан кір іздейді, кемітіп, келекелеп көрсетуге тырысады. Өзіне әлдебір 
мінезі ұнамаған екінші бір жақсының аты аталса: «Әй, оны қойшы, ол бір жүрген делқұлы 
ғой» деген сияқтандырып, ысқырта соғып, өсектің боранын бұрқыратып қоя береді. Өзінің 
айтқанымен   қоймай,   өзгелерге   соны   жамандатып,   тақылдатып   қояды.   Әсіресе,   ондай 
адамдар өзінің бұрынғы бастығын, ежелгі ескі досын екілене жамандағанда өзгені есінен 
тандырып,   есебінен   жаңылдырып   жібереді.   Ал   Бауыржанда   мұндай   мінездің   жоқтығы 
оның   өзгеше   қасиеттерінің   бірі   болып   аңғарылады.   Сіздің   халық   арасында   атыңыздың 
аңыз болып 
кетуінің бір себебі осы шығар-ау, Бауке. 
Автор. Бауке, билей білесіз бе? 
Бауыржан. (Алдымен маған адырая бір қарап алды.) Москвада Сәбит Мұканов екеуіміз бір 
жиналыстан өте кеш қайттық. Сәбитті мен «Москва» мейманханасына әкеп салдым. 
-        Әй, Бауыржан, - деді Сәбит. - Екеуіміз осының ресторанына кіріп, тамақ ішіп алсақ 
қайтеді? 
       Екеуіміз   ресторанға   келсек,   ине   шаншар   орын   жоқ.   Не   істейміз?   Менің   басымда 
шашағы салбыраған түрік тақиям бар еді. Соған сендім де, тәуекел деп ішке кірдім. Сәбит 
сыртта 
қалды. 
Зал бастығын шақырып алдым да: 
-        Сіздің рестораннан дәм татсақ деп едім, - дедім. 
Әйел бетіме қарады да, мені бір шетел адамы деп қалса керек, лып ете түсті. 
-        Қазір, қазір. Неше адамсыздар? 
-        Екеуміз. Академик есік алдында тұр. Оны осы араға ертіп келуіңізді сұраймын. 
Бізге   бір   кішкентай   екі  үстелді   қосып,   орын   жасап   берді   де,   зал   бастығы   үкідей   ұшып 
барып, есіктің сыртында тұрған академикті - Сәбитті шақырып келді. 
Мен әр дәмге үш порциядан заказ жасадым. Екеуін Сәкеңе, біреуін өзіме. Алдымызға ас 
келгенше   айналамызға   көз   салып   отырмыз.   Итіс-тартыс,   изең-изең,   итең-итең   билер 
бірінен соң бірі биленіп, Сәбиттің тіксініп есі шықты. 
-        Сіздің жаныңызға жағатын би ойнаттырайын ба? - дедім Сәбитке. 
-        Сөйтші, Бауыржан. Мына пәлелерді тоқтаттыршы, - деді ол. 
Алдымызға ас келді. Сәбит аузына ала бергенде, мен: 
-        Маэстро, Огинскийдің «Полонезін» ойнауды өтінемін, - деп дауыстадым.
Оркестр ойнай жөнелді. Қасымыздағы үстелде орта жасқа келген сымбатты бір әйел отыр 
еді. Соның қасына бардым да: 
-         Мына   музыканы   мен   сіз   үшін   ойнатып   едім,   -   деп   оны   биге   шақырдым.   Оның 
қасындағы   кавалері   рұқсат   етті   де,   екеуіміз   билеп   кеп   жөнелдік.   Үйіріліп,   ырғалып, 
толықсып, тасқындап, аса бір асқақ сәнмен лыпып келіп би аяқталды. Әйелді өз орнына 
отырғыздым да, Сәбиттің қасына келдім. 

-        Әй, сенің мынадай да өнерің бар екен ғой, - деп Сәбиттің есі шығып қалды. 
Ас ішіп болған соң, официантканы шақырып алып, есеп жасаттырдым. Он бес сом деді. 
Ақша алайын деп қолымды қалтама сала беріп едім, Сәбит: 
-        Әй, Бауыржан, мен төлейін. Ресторанға мен шақырдым ғой, - деді. 
-        Онда үстіне он сом қосып бересіз, әйтпесе жиырма бес сом етіп өзім төлеймін. 
-        Е-е-е, көп емес пе? - деді Сәбит құмыға үн қатып. 
-        Көп десеңіз, мен төлеймін. 
Сәбит көзінің астымен маған бір қарап алды да, амалсыздан айтқанымды төледі. Сөйтіп, 
менің бір билегенім Сәбитке он сомға түскен болатын. 
       Би   туралы   сұрақты   қойғанда   менің   ойыма   басқа   бір   оқиға   түскен   еді.   Бір   жылы 
Бауыржан әйелімен бірге «Алатау» санаториінде жатады. Бауыржандар барған күні кешке 
сонда жатқан әйелдер би ұйымдастырып, оны қайта-қайта биге шақырады. Әсіресе бір 
жас қызбен Бауыржан көп билейді. Ұршықтай үйіріліп, лыпып билеуден гөрі көбік қардың 
үстінде тұрған аюдай қорбаңы көп болса да, Бауыржан өзін шақырған әйелдерден бас 
тартпайды. 
      Ертеңінде ол мұрттай ұшып, ауырып қалады. Палатасына дәрігер шақыртады. 
-        Ауырып қалдым, - дейді дәрігерге. 
-        Онда жас қыздармен билемеңіз, ағай, - дейді дәрігер жас әйел. 
Бауыржан дереу дәрігерге тақпақтата сұрақ қояды: 
-         Арпа   мен   сұлыға   семірмеген   мал   оңбайды,   қырық   жас   кіші   қызбен   билеген   шал 
оңбайды, - демексіз ғой сонда? 
-        Дәл солай, - дейді дәрігер. 
Бұл сөз Бауыржанның қитығына тиеді де: 
-        Әйелім қартайып калды, маған жас қызға үйленуге бола ма? - дейді дәрігерге. 
-        Жоқ, болмайды, - дейді дәрігер шамданып. 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал