Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
-         Ол   адамдарға   пәтер   кейінірек   беруге   ұйғарылған   еді.   Сіз   пәтер   сұраған   соң   сол 
екеуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік... 
-        Молчать! - дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан са- йын тікірейе түсіп. - Маған 
мұндай   қамқорлықтың   керегі   жоқ.   Жиырма   минуттан   кейін   маған   телефон   соғып,   бұл 
пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?! 
-         Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып 
тұрғаныңыз түсініксіз. 
-         Ол солдаттың анасы ғой! Солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе? 
Солдатгың анасы - Россияның анасы! Енді ұғынықты ма сізге? 
      Қызметкер басын изейді. Расында да ол бірсыпыра уақыттан кейін Бауыржанның үйіне 
телефон соғып, жаңа пәтердің бұрынғы иелеріне ордер жазылып бергенін хабарлайды. 
-         Ордер алғанда олардың қуанышында шек болған жоқ,-дейді қызметкер. - Әсіресе 
қарт   ана   қатты   қуанды.   Сіздің   Бауыржан   Момышұлы   екеніңізді   білгенде   және   Сіздің 
«Солдатгың анасы - Россияның анасы» деген сөзіңізді айтқанымда ол жылап жіберді. 
«Кітаптарын   оқығанда   Момышұлы   дәл   сондай   азамат   шығар   деп   ойлаушы   едім, 
қателеспеген екенмін» деді. 
-        Хабарыңызға рақмет, - деп Бауыржан трубканы іліп қояды. 
      Содан бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Бауыржанға Фурманов көшесінен басқа пәтер 
берілген екен. Ел аузындағы әңгімелердің бір нұсқасы осындай болатын. 
     Баукеңнің сол пәтері осы екен ғой деп ойладым ішімнен. Осыған жалғаса Баукеңнің 
ананы ардақтауы жайындағы екінші бір аңыз-әңгіме және есіме түсті. Бұл оқиғаны маған 
1957 жылы Москвада, Қоғамдық ғылымдар академиясында окыған жігіттердің бірі айтып 
еді. Сол жылы июньнің бас кезінде Москвада татар әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өткен.  
Оны  Одақтар үйінің  колонна  залында  Сурков  ашқан.   Татар  әдебиеті  мен  мәдениетінің 
қайраткерлері   тегіс   президиумге   жайғасады.   Күміс   көмей,   жез   таңдай   ділмар   Сурков 
оларды астанаға келуімен құттықтап кіріспе сөз сөйлейді. Сөйтіп ол енді баяндамашыға 
сөз бере берген кезде залдан: 
-        Алексей Александрович! - деп саңқ еткен үн естіледі. 
         Жұрт тосын үнге елең ете қалады. Залдың алдыңғы жағынан иығында погоны бар, 
офицер формасындағы сұңғақ бойлы, қоңырқай жүзді адам орнынан тұрады. Бүкіл зал 
офицерге назар аударады. 
-         Әмина ханум  қайда, Алексей Александрович? - дейді офицер жайлап, таза орыс 
тілінде. - Президиум үстелінің басынан мен ол кісіні көре алмай тұрмын. 
Залдағылардың   көпшілігі   Москваның   татарлары   болса   керек.   Офицер   Әмина   атын 
атағанда  олар  гу ете  түседі. Басқалар Әминаның  кім екенін білмейді,  татар  мәдениеті 
өкілдерінің бірі 

болар деп ойлайды. Оны жоқтап тұрған мына офицер де татар шығар дейді іштерінен. 
Майталман   Сурков   офицерге   қарап   үнсіз   бас   изейді   де,   сәл   ойланып   алып,   қайтадан 
зымырата жөнеледі.
-        Әмина ханум бойына біткен кішіпейілдікті сақтап президиум үстелінің басына келмей 
қалған болар, - дейді ол жан-жағына қарап, президиумның арт жағына да көз жіберіп. - 
Біздің асыл досымыз, Совет Одағының Батыры Мұса Жалил де өзінің сүйікті жары Әмина 
ханумды дәл осы кішіпейілділігі үшін де құрметтеген болар. Бірақ Ұлы Отан соғысының 
каһарманы, даңқты гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы Батырдың жарын осы жи 
налыстың   президиумынан   көруді   орынды   ескертті,   рақмет,   Бауыржан.   -   Ол   залдағы 
ұсыныс айтқан офицер отырған жаққа басын иеді. - Біз бұл ұсынысты шын ықыласпен 
қостап, Әмина ханумның президиумға келуін өтінеміз. 
          Сол   кезде   зал   шатырлата   қол   соғады.   Шапалақ   даусы   қабырғаны   жарып   кете 
жаздайды. Мұса Жалилдің жары президиумге барып орналасқанша қол соғу тоқталмайды. 
Бағанадан бері Әмина ханум дегеннің де, оны президиумге шакырған офицердің де кім 
екенін білмей аңтарылып отырған жұрт орындарынан тұрып: «Мұса Жалил - Бауыржан 
Момышұлы!» «Мұса Жалил - Бауыржан Момышұлы!» деп қосыла дауыстап, бір ырғақпен 
кол соғып тұрып алады. 
-         Біз   анадай   үлкен   жиналыста   жарып   шығып,   оның   үстіне   суырыла   сөйлегенде 
аузымен   құс   тістейтін   атақты   шешен   Алексей   Сурковты   тоқтатып   қойып,   Баукеңнің 
солдаттың   жарын   президиумге   шығарған   ерлігіне   ерекше   сүйсініп   қайттық,   -   деген   еді 
маған бұл әңгімені айтқан жігіт. - Баукең туралы жазылғанның бәрініңде шындық екеніне 
сонда анық көзіміз жетті. 
Оның   өлген   солдатты   ардақтап,   Әминаны   той   төріне   шығаруы   бүкіл   жұрттың   жүрегін 
тебірентті. Академия мен партия мектебінде оқып жүрген қазақтар үзіліс кезінде жиналып 
барып Баукеңнің қолын алды... 
            Қолымды шайып, кухняға жеткенше мен бұл екі оқиғаны ерекше разылықпен есіме 
түсіріп өттім. 
          Түскі   асқа   қойдың   төсін   қатық   қылған   күріш   көже   іштік.   Менің   тәрелкеме   төстің 
сүріншек деп аталатын басы түскен екен. Бірақ мен оны жақсылап мүжіп, кеміре алмадым. 
Өйткені Бауыржан ас үстінде әңгіме айтып отырды. Маған қомағайланып ас жегеннен де, 
құнығып әңгіме тыңдау артық еді. 
-         Кеше   осы   жерде,   -   деп,   Бауыржан   мен   отырған   орындықты   нұсқады,   -   Гофман 
отырды. Ол бұрын біздің 316-атқыштар дивизиясының штаб бастығы болған кісі. Артынан 
жоғарылап,  корпустың   штаб  бастығына  дейін  көтерілген.   Кейін  ол  өзін  дұрыс  ұстамай, 
совет офицеріне лайықсыз мінез керсеткені үшін орнынан түскен еді. Сол себепті оның 
аты біздің кітаптарымызға енбеген. Қазір Ялтада тұрады екен, 6 бөлмелі үйім, бау-бақшам 
бар   деп   бөсіп   отырды.   Сол   келіп,   Алматы   мені   алақанына   салып   қарсы   алмады   деп 
өзінен-өзі маған өкпе соқты. 
-         Бектің кітабында да мен жоқпын, сенің кітабында да менің атым жоқ, сендер мені 
неге жазбайсыңдар осы? 
Мен оған жайлап жауап бердім. 
-         Константин Николаевич, сіздің де ерлігіңізді жазатын бір жазушы туар әлі. Атақты 
«Война и мирдің» 1812 жылғы отан соғысы біткеннен кейін неше жылдан соң жарыққа 
шыққанын білесіз бе? 
-        Білмеймін, білгім де келмейді, - деп бақырды ол. - Барлық документ менің қолымнан 
өткен.   Міне,   оның   бәрі   мына   жерде,   басымда,-деп   ол   маңдайын   түрткіледі.   -   Сендер 
жазбасандар, өзім жазамын. 
-        Сіздің басыңыздағы «документтер» ресми мәлімет ақпарлар ғана ғой, - дедім мен. - 
Кітап жазу үшін қағазға түскен хабарлар және оның сіздің басыңызда қалғаны жеткіліксіз 
мағлұматтар.   Оның   үстіне   солдаттардың   жанын,   жүрегін   білуіңіз   керек.   Кітап   үшін   ең 
қажетті мәліметтер осы. Мұндай мәліметгеріңіз мол болса, сіз жазасыз, әрине, - дедім 
сабырлы түрде. 
VII

Осы   кезде   Бауыржанның   оң   жағындағы   орындықта   отырған   кішкентай   қыз   талпына 
ұмтылып, оның колындағы шанышкысын алды. 
-        Бұл немере ме, Бауке? - деп сұрадым. 
-        Қызымның кызы, - деді Бауыржан. 
-        Жиен ғой,-деді әйелі. 
-        Қызы не, ұлы не - баланың бәрібір, - деді Бауыржан кішкентай кызды басынан сипап. 
- Аты Анар. Атасын сондай жақсы көреді өзі. 
Осы арада өз басым бір рет Бауыржанның жан жомарттығының куәсі болғаны есіме түсті. 
...Театрдың ішінде ине шаншар бос жер жоқ. Қаланың қазақ қауымы тайлы-таяғына дейін 
қалмастан   тегіс   келгенге   ұксайды.   Отыратын   орын   тимегендер   қабырғаны   жағалай 
табандарынан тік тұр. Жұрт демін ішіне тартып, сахна жаққа құлақ салып, сілтідей тынып 
қалған. 
        Сахнада ақындар айтысып жатыр. Әсіресе Қызылорда облысынан келген ақын кыз 
бен Шымкент облысынан шыққан жігітгің айтысына қалың жұрт қатты назар аударып, тырс 
етпестен тыңдап отыр. Халықтың қыз ақынға ерекше ден қойып, ілтипат білдіргеніне екі 
түрлі  себеп бар  еді.  Біріншіден, басына  үкілі  тақия,  үстіне  қос етек   көйлек  киіп, қарсы 
алдындағы   ақын   жігітпен   табан   тіреп   қазақша   айтысып   отырған   Надежда   Лушникова 
есімді 
орыс қызы болатын.
Екіншіден, ол қазақтың аса бір мұнды әніне салып, мұңды бір оқиғаның жібін тарқатып 
отырды. Ол өзі осы атырапта жаңада ғана болған жай еді. Шымкент пединститутына оқуға 
түскен өрімдей жас, өзгеше сұлу кызды осы жердің бір ожар жігіті оқуды тастап маған әйел 
болмайсың деп жазғырыпты. Осы жайды Надя өлең тілімен баяндап, осындай Қодар жігіт, 
Бекежан бозбалалар осы заманда тек қана сенің аулыңда кездесіп отыр. Жігітгерінді неге 
жөндеп   тәрбиелемейсіңдер   деп   Надя   қарсысындағы   Шымкент   ақынына   қинала   кінә 
таққанда бүкіл зал дүр сілкініп, қол соғып, гулеп кеткен. 
       Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облысы ақындарының айтысы аяқталғаннан кейін сол 
арада,   сол   қалың   қауымның   алдында   жюридің   қорытындысы   шығарылып,   ақындарға 
жүлде берілді. 
       Біреулер кілем алып, біреулер шапан киді. Төреші Надежда Лушникованың атын атап, 
оған еркектің «Маяк» деген қол сағатын ұсынды. Осы кезде залдың алдыңғы қатарында 
отырған әлдекімнің қаһарлы үні саңқ ете түсті. 
  
-        Жоқ, Надя алмайды бұл сағатты!.. 
         Ұзын бойлы, әскери киімді кара сұр адам орнынан тұрып, іле сөйлеп кетті. 
-        Менің ана тілімде асыл сөздер ақтарып, жұрттың жүрегін тербеген мынау шүйкедей 
сары қыз! - деді ол жұртқа Лушникованы нұсқап. Зал демін ішіне тартып, тына қалды.- 
Сенің тілінді біліп, жай сөзінді сөйлей беретін орыс, неміс, өзбек, чечен, қырғыз толып 
жатыр, - деді ол енді төрешіге қадалып. - Бірақ сенің өнер тілінді өз тілінен артық білетін 
осы Надядан басқа кімді көрдің, айтшы, кәне? Кешегі Мариям Жәгөрқызының жөні бір 
басқа. Дәл бүгінгі бас бәйге біздің тілімізде бұлбұлдай сайраған осынау кішкентай қызға 
берілуі тиіс!.. Бұл осы айтысқа қатысу үшін Алматыдан арнайы Шымкентке келген бір топ 
ақын, жазушының бірі Бауыржан Момышұлы болатын. Ол Надяға төреші ұсынған «Маяк» 
сағатын алдырмады. 
       Сыйлық   үлесіліп болғаннан  кейін  Бауыржан   әйелі Кәмәш  екеуі   Надя Лушникованы 
өрталарына алып, ювелир магазиніне барды. Магазиннен тандап жүріп «Лира» маркалы 
алтын   сағатты   сатып   алды   да,   Бауыржан   зергерге   апарып,   оның   қақпағына   мынадай 
сөздер   жаздырды:   «Надя,   шеберлігің   үшін.   Б.   Момышұлы,   25.02.1964   ж.»   Сағатты 
Лушникованың қолына тағып жатып, Бауыржан тебірене тұрып тіл қатты: 
-         Мұны саған Бауыржанның бергені деме, адал жүрек, асыл өнерің үшін саған қазақ 
халқының сыйлағаны деп біл, игілігіңе тақ, карағым... 
       Ас ішіліп болғаннан кейін мен орнымнан тұрдым. Бауыржан темекі тартуға кірісті. 
-        Бауке, мен ана бөлмеге барып, отыра тұрайын. 
-        Иә, дұрыс, - деді ол. 

       Біраздан кейін Кәмәш келіп, Бауыржанның төсегіне отырды. Тегі Баукең оны да қуып 
шыққан-ау деп ойладым ішімнен. 
        Горькийдің жазушының әйелі жайында айтқан бір сөзін еріксіз есіме алдым. «Егер 
әйел өзін өзі кемтар еткісі келмесе, онда жазушыны сүймеуі, оған ерге шықпауы керек» 
деген еді ол бір әңгімесінде. Одан кейін сол Горькийдің әйел туралы айтқан мына 
бір сөзі тағы да ойыма оралды: «Дүниеде әйелден берік, әйелден айқын еш нәрсе жоқ, 
ендеше еркектің одан өзге сүйенері және жоқ». Мына Кәмәш та Баукеңнің жасы еңкейген 
шағында серіктесіп, оның сүйеніш тірегі болып отыр. «Көктемдей құбылмалы мінезі бар» 
Бауыржандай   адамның   қыбын   тауып   қызмет   ету   оңай   іс   емес-ау.   Оған   қаншама   күш, 
қайрат, сезімталдық керек десеңші. Берік десе берік, мыкты десе мықтысың-ау, әйел заты, 
деп ойладым ішімнен. Бауыржан кухнядан шығып, менің қасыма келді. Екеуіміз тағы да 
оңаша қалып, түске дейінгі әңгімемізді қайтадан жалғастырдық. 
-        Сонымен әлі милиция бастығымын ғой? 
-         Иә, милиция бастығысыз. Ауданға Емельянов келіп, содан бірсыпыра істің жайына 
қандыңыз. 
-         Рас, Емельяновтың ауданға бір келіп-кеткені маған кішігірім бір мектептей болды. 
Сонымен жұмысымды ептеп игеріп, қаз-қаз басып, қалтақ-құлтак жүре бастағандай шаққа 
жеттім. 
         Бір   күні   ауданымызға   Өлкелік   партия   комитетінің   өкілі   болып,   жабдықтау   халық 
комиссары Нығмет Сырғабеков деген кісі келді. Ол кісі аудан аралайды екен. Ефимов пен 
Бердібаев   мені   соның   қасына   қосып   берді.   Сырғабеков   ақылды,   байсалды,   барынша 
көшелі адам екен. Тек қана «қалқам, шырағым» деп сөйлейді. Жол-жөнекей менің барлык 
жайымды   сұрап,   істе   жіберген   кемшіліктеріме   талдау   жасап,   ағалық   акыл,   кеңесін 
ақтарыла   айтып,   жөнге   келетін,   жобаға   жанасатын   істеріме   қатты   қуаныш   білдіріп, 
жанымды жасытпай, жігерлендіріп, ынталаңдырып отырды. Оның алдында Емельяновтың 
келуі   ауылда   совет   жұмысын   жүргізудің   бірінші   баскыш   мектебіндей   болса, 
Сырғабековтың келуі екінші басқыш мектептің білімін бере бастағандай еді. Бірақ мен ол 
мектептің оқуын тауыса алмай, орта жолда мұрттай ұштым. 
       Бір жығылғанда қатарынан екі рет кұладым. Ол былай болды. 
Үшінші   күні   кешке   карай   Сырғабеков   екеуіміз   Бурныйға   келдік   те,   менің   досым 
Кононенконың үйіне түстік. Келсек, Кононенконың кішкентай қызы қатты ауырып жатыр 
екен. Мына менің түрім түксиіп тұрғанымен, аса балажан адаммын. Бұл менің кішкентай 
күннен   бойыма   сіңген   дағдым.   Сол   дағдыммен   колды-аяққа   тұрмай   шырқырап   жатқан 
баланың мандайынан сипап, бір кішкентай көтеріп жүріп едім. Сөйтсем ол бала сүзекпен 
ауырып жатыр екен. Ертеңіңде басқа ауылдарға тағы да жүріп кеттік. Таңертең бойым 
ауырлап тұрған сияқты болды. Жолда өн бойым қызып, қалшылдай бастадым. Қасымдағы 
Сырғабековке: 
-        Ағай, мен ауырдым, - деуге ғана шамам келді. Содан соң не болғанымды білмеймін. 
Сырғабеков   мені   дереу   аудан   орталығына   жеткізіп,   ауруханаға   жатқыздырады.   Сол 
жатқаннан мен ауруханада екі ай жатгым. Ал милицияға бастық керек. Мен ауруханада 
жатқанда бұрынғы взвод командирі Мұкатай Егенбаев деген жігіт милиция бастығы болып 
тағайындалады. 
               Бауыржан   сигаретін   мүштікке   сұғып,   темекі   тұтатуға   кірісті.   Мен   қағазыма 
қарадым.   Даярлап   әкелген   сұрақтарымның   ішінде:   «Сіз   балалардың   басынан   сипап, 
мандайынан   иіскейсіз   бе?»  деп  басталып,  Бауыржанның   балалык   шағына   байланысты 
қойылатын   екі-үш   сұрақ   бар   еді.   Өйткені   мен   Бауыржан   сияқты   адамдар   ешкашан 
баланың   бетінен   сүймейтін   қатал   келетін   шығар   деп   ойлағанмын.   Ал   оның   кішкентай 
жиені   Анарды   алақанына   салып   мәпелеп   отырғанын   көргеннен   кейін   және   өзінің   жас 
баланы   жақсы   көретіндігінен   сүзек   ауруын   жұқтырып   алғанын   есгігеннен   соң   ол 
сұрағымның мүлде мәнсіз, орынсыз екенін ұқтым. Сондықтан оны тастап кетіп, балалық 
шағына байланысты өзге сұрақтарымды қоюға ұйғардым. 
 Автор. Жаңа сіз бала күнімнен балажан едім дегенде тіліме бір-екі сұрақ келіп еді, Бауке. 
Соны сұрауға рұқсат етіңіз. 
Бауыржан. Сұрағын. Рұқсат. 

Автор. Балдырған кезіңізде қандай үй жануарларын жақсы көрдіңіз? 
Бауыржан.   Қозы   мен   кұлынды   жақсы   көрдім.   Бір   кішкентай   қара   бұйра   қозыны   түнде 
қасыма алып жататыным әлі күнге дейін есімде (ақ мүштекті каттырақ тістеп сорды да, 
аузынан бұрк еткізіп түтін шығарды. Сәл ойланып, сөзін жалғады). Соған байланысты бір 
әңгіме   айтып   берейін.   Жаңағы   қара   қозы   екеуіміздің   достығымыз   сондай   күшті   болды. 
Басқа балалардың соңынан күшік еріп жүрсе, менің артымнан қара қозы қалмайтын. Мен 
оған даладан балауса, балғын шөп теріп әкеліп, өз қолыммен жегізетінмін. 
Оны өзенге ертіп апарып, өзім көтеріп тұрып, өзеннің тізеден асатын тұнық жерінен су 
ішкізетінмін. Күзге қарай кара қозым қазық аяқ марқа болды. Бірде күні бойы балалармен 
Жуалы тауының бөктерінде тынбастан асыр салып ойнап, кешке карай ауылға қайттық. 
Тау бұлағының бойынан қара қозыма деп жұлып алған бір қолтық көк шебім бар еді. 
Соны   қос   қолдап   ұстап,   төбеме   көтере:   «Пұшай!   Пұшай»   деп   жүгіріп,   өзіміздің   үйдің 
қасына келдім. Келсем көкем бір марқаның аяғын буып тастап, енді бауыздағалы жатыр 
екен. Қарасам менің қара қозым. 
-        Көке, бауыздама! - деп мен шар ете түстім. 
Менің   «Біздің   семья»   деген   орысша   кітабымда   айтылатын   әкем   Момыштың   інісі 
Момынқұлды мен осылай «көке» деп атайтынтедім. Көкем шапшаң кісі болатын. 
-         Жоқ,   қарағым,   қонақ   келіп   қалды,-деп   қолындағы   пышағымен   қара   қозыны 
тамағынан орып кеп жіберді... 
Маған бар дүние қып-қызыл болып кеткендей керінді. Сол жерде жата калып, жер тепкілеп 
жыладым.   «Қара   қозымды   тірілтіп   беріндер!»   деп   бақырдым.   Бірақ   мен   қанша 
бакырғанмен   қара   қозы   тірілмеді.   Жанымдай   жақсы   көретін   әжемнің   де   уатқанына 
көнбедім. Әжемнің құшағында өкіріп, өксіп жатып ұйықтап кетіппін. Бір кезде көкем мені 
жұлқылап оятып жатыр. 
-        Бауыржан, тұр, тұр, ет же, - дейді. 
Оянып,   көзімді   ашсам   жұрттың   бәрі   буы   бұркыраған   бір   табақ   етті   орталарына   алып, 
қаужаңдап жеп жатыр. Қонаққа көзім түсіп кетіп еді, ол тіпті ұрты бұлтындап, шеңгелдеп 
асап отыр екен. 
-         Бұл ненің еті? - дедім көкем алдыма қойған бүйрек пен кішкентай кұлақ, сираққа 
көзім түсіп. 
-        Қара қозыңның еті, Бауыржан. Өзің жеп көрші: сондай тәтті, сондай жұмсақ... 
-         Қара   қозымның   етін   жемеймін!   -   деп   мен   тағы   да   ойбайлап   жылап,   шалқамнан 
түстім. 
Сол күннен бастап мен ет жемейтін болып кеттім. Ес біліп, ер жеткен күнімнің өзінде де  
етке  заукым  соқпады.  Кейініректе, әскери  кухнялар  мен асханаларда, әсіресе ашыккан 
сәттерімде  тарелкама түскен  куырылған  еттен  ептеп жейтін  болдым. Бірақ күні  бүгінге 
дейін уысымды салып, ұртымды толтырып ет асап көрген емеспін. 
Сол сияқты менің сары май жемейтінім де бар. Ол да бала күнімнен бері келе жатқан 
әдетім. Енді соның себебін айтайын. 
  Мен жасымда айтқанымды орындамай, орындатпай қоймайтын тентек болсам керек (ол 
күлді).   Жоғарыда   айтылған   қара   қозыны   тірілттіре   алмағаным   болмаса.   Тағы   да   бір 
ойыннан қайтып, үйге келсем, әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып, 
табаққа салып жатыр екен. 
-        Әже, май бер, - дедім қарным ашып келген мен. 
-Тұра тұр, қалқам,-деді әжем. - Алдымен майды қылшықтап, тұздайын. Содан соң оны 
жейсің бе, алақаныңа салып жалайсың ба, өз еркің. 
-        Жоқ, маған қазір бер, - деп киғылықты салдым. 
-         Мә, еңдеше, - деді әжем қатуланып, май салған ағаш табақты маған қарай итере 
салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті. 
Тұздалмаған, кылшығы алынбаған майды шеңгелдеп тұрып ал кеп жейін. Содан не керек, 
кешке   қарай   ыстығым   көтеріліп,   лақ-лақ   құсып,   ауырмасым   бар   ма.   Сонымен,   жаңағы 
майдың кесірінен бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Қолды-аяқты балаға бір 
апта үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам да балдырғандардың 
өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді май көрсем жүрегім айнитын бөлды. Әже тілін 

алмаған бала осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып кетеді екен. Ал, сары май 
адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар әркашанда әжелерінің тілін алып 
жүрсін, менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын. 
Автор. Ал, тәттіден нені жақсы көрдіңіз? 
Бауыржан. Ешқандай тәттіге құмар болғамын жоқ. Күні бүгінге дейін жылына аузыма бір 
жүзім   салсам   салатын   шығармын.   Ал   жылына   бір   алма   жеймін   бе,   жемеймін   бе, 
білмеймін. 
Автор. Сонда сіздің негізгі қорегіңіз не? 
Бауыржан. Ет пен сары майдан басқаның бәрін талғамастан іше беремін. 
Автор.   Қазір   елде   сіздің   құрметіңізге   қойылған   Бауыржан   есімді   балалар   көп.   Соларға 
қандай тілек айтар едіңіз? 
(Мен бұл сұраққа Бауыржан: Олардың бәрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс 
патриот болсын деп, бір-ақ ауыз сөзбен жауап беретін болар деп ойлағанмын.) 
Бауыржан. Маған білеміз деген бір жігіттер Қазақстанда он үш мындай Бауыржан бар екен 
деп   хабарлады.   Мен   әзілдеп   оларға:   менің   атым   орыстың   Иваны   сияқты   болып   бара 
жатыр екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал, мен ол цифрдың анық-қанығын білмеймін. 
Білетінім   мен   қазіргі   Бауыржандардың   ішінде   бірінші   номерлі   Бауыржанмын.   Мен   міне 
алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған ата-аналарға, 
олардың туған-туыскандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал Бауыржандарға айтарым: 
Азамат   болып   өсіңдер,   қарақтарым!   Қатарыңнан   кем   болмаңдар.   Бірің   болмаса   бірің 
менен   асып   кетсендер,   оған   ешқандай   дауым   жоқ.   Барлық   Бауыржанға,   барлық 
балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін! 
II
-        Сонымен, екі айдан кейін жазылдыңыз ғой, Бауке? 
-         Иә,   жазылып,   ауруханадан   шықтым.   Аралбаев   деген   жолдасым   бар   еді.   Соның 
үйінде   пәтерде   жататынмын.   Аралбаев   мен   ауырып   жатқанда   ауданда   болған   барлық 
жаңалықгы айтып берді. 
        Ең үлкен жаңалық аудандық партия комитетіне екінші секретарьдың штаты беріліпті 
де,   сол   орынға   Бағов   деген   жаңа   адам   сайланыпты.   Енді   кадр   мәселесімен   екінші 
секретарь шұғылданатын болса керек. 
         Ертеңінде танысып, сәлемдесу және қызмет мәселесін шешу үшін аяндап отырып, 
екінші секретарьға бардым. Барсам, екі беті шарық табақтай, екі көзі бақырайған, бұғағы 
салбыраған, үстелге құрбақадай болып тарбиып, жабысып калған бір қазақекең. Сәлем 
беріп,   жөн-жосығымды   айттым.   Көзі   шарасынан   шыға   сызданып,   жауап   бермеді.   Паң 
екенін де, надан екенін де айырмадым. Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой. Нобайы келген 
соң жіберіле салған жандардың бірі болу керек. Отырып-отырып Бағов: 
-        Жүре беріңіз, көрерміз, - деген сөзді әрең айтты. Наразылау болып, жаңа бастықтың 
кабинетінен шыктым.
Содан соң жолдас-жоралар қызмет істейтін басқа мекемелерге бас сұқтым. Олар менің 
болашақ қызметім жайын сөз етісе отырып: 
-        Жаңа хатшыға бардың ба? - деп сұрасты. 
-        Бардым, - дедім. 
-        Қандай екен?-десті кейбіреулері. 
-        Үстел басына отырғызып қойған құрбақа сияқты екен! - дедім мен. 
Сонымен   күліп-күліп   тарасканбыз.   Түн   ортасында   есік   тарсылдады.   Одан   соң   терезе 
қағылды.   Шырт   ұйқыда   жатқан   үй   іші   төсектен   басымызды   жұлып-жұлып   алдық. 
Жолдасым жүгіріп барып есік ашты. Үйге менің бұрынғы екі орынбасарым сау етіп кіріп 
келді.   Түстері   суык.   Шам   жаққызып,   алдымен   үйдің   ішін   тінтті.   Менің   қағаздарымның 
арасын ақтарып-төңкерістірді. 
-        Сендерге не керек? - деймін орынбасарларыма. 
Оларда үн жоқ. 
-        Өздерінді кім жіберді? 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал