Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет32/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
иығыма артты. - Бәрі ойдағыдай аяқталады. Командование барлаудың нәтижесін күтеді. 
Атқыш жөніне келсек, оны өз қалауыңыз білсін. Ал, жолыңыз болсын, капитан. 
                      «Ильюшин»   міне,  әуеге   көтеріліп  те   кетті.   Төменде   не   көргенімді  команда 
пунктіне   түгел үздіксіз  баяндап келемін. Луккенвальде артымда  қалды,  Берлинге дейін 
енді жиырма километрден аспайды. 
                       Ойда жоқта тап алдымнан аэродром, онда самсап тұрған истребительдер 
көрдім. Мәссаған! 
                       Дереу   қырын   бұрылдым   да,   газды   аямай   беріп,   қауіпті   өңірден   қаша 
жөнелдім.   Ағашы   селдір   орманның   арасымен   бірде   жерге   тие   жаздап   төмен,   біресе 
жоғары ұшып келемін. Аэродромнан аулақ кетейін деген жалғыз ғана ой бар басымда. 
Неміс истребительдерінің әуеге екеуі ғана кетерілсе болды, мені оп-оңай жоқ қылады. 
                       Сәті   түсіп,   әйтеуір,   аэродромдағылардың   көздеріне   шалынбай   кеттім. 
Команда   пунктіне   едәуір   мезет   жауап   бере   алмадым   да,   ондағылардың   мазасы   кете 
бастапты. 
                        -         Он   үшінші,   неге   үндемейсіз?   Он   үшінші,   неге   үндемейсіз?   -   деген 
үрейлі дауыс естіледі шлемофоннан. 
                        Аэродромнан   ұзап   алған   соң,   байланысымды   қайтадан   бастап, 
истребительдер жайын екі сөзбен хабарладым. Сөйтсем, бір жарым сағаттан кейін біздің 
полктан екі эскадрилья келіп атака жасап, аэродром құртылыпты, самолеттер сол тұрған 
орнында өртеліпті. 
                      Берлиннің шет аймақтары көрінді. Бірнеше минут өткен соң орталық көшелер 
үстімен ұшып келемін. Төменде қаптаған адамдар, машиналар. Скверлерде, алаңдар мен 
сау   тұрған   үйлерде   орнатулы   жүздеген   зениткалар.   Иә,   генералдың   биіктік   туралы 
айтқаны   дұрыс   екен.   Бес   жүз   -   алты   жүз   метрге   көтерілейінші,   зенитчиктердің   қағып 

тастайтыны   даусыз.   Мына   қалпымда   «Ильюшин»   зу   етіп   үстерінен   өте   шыққанша 
олардың мойындарын 
бұрып та үлгере алмайтындары анық. 
                       Міне,   көпірге   де   келдім.   Оның   үстінен   төрт   катар   шұбап   танктер, 
бронетранспортерлер,   жаяу   әскер   тиеген   автомашиналар   өтіп   барады.   Мұны   команда 
пунктіне хабарладым да, атака жасауға рұқсат алдым. 
                      - Атака жасаушы болма! Қой оны! - деген қатаң дауыс естілді. 
                     Шынында да атака жасасам өзімнің мерт болуым мүмкін еді. Жаяу әскерлер 
сасқалақтамай қимылдады дегенше самолетті мылтықтың өзімен-ақ атып түсіре алады. 
Өзің осындай барлауда жүргенде ондай тәуекелге бару орынсыз болар еді. 
                      Бұрылып   алдым   да,   Потсдамға   тарттым.   Менің   келу   сапарым   немістерге 
ойыншық   көрінбеген   болуы   керек,   Потсдам   шетіне   жете   бергенде   алдымнан   кұлшына 
атқылаған зениткалардың кәріне тап болдым. Жалт бұрылып, екінші жағынан енуіме тура 
келді. Зениткалар мұнда да гүрсілдете қоя берді. Сонда мен үйге құр алақан қайтпақпын 
ба? Жоқ, мен мұнда тектен текке ұшып келгемін жоқ. 
                       Сәл   жоғары   көтерілдім   де,   артиллерия   шебіне   шүйіле   құлдырап   келген 
бойда бомбалар тастап, зеңбірек пен пулеметтен оқ жаудырдым. Батареяның үні өшті. 
Сол саңылаудан өте ұшып, Потсдам үстін бір айналып, артиллерия шептерін фотосуретке 
түсірдім   де,   зениткаларға   қайтадан   атака   жасап,   арыздасып-қоштасып   жатқан   Гитлер 
Германиясы астанасының төңірегінен сытылып шыға бердім. 
                        Енді   үйге   қайтуыма   болады.   Берлинге   қарап   ұшқандағы   ізіммен   оралып 
келемін.   Тек   аэродромды   алыстан   орағытып   өттім.   Оны   біздің   жігіттердің   тып-типыл 
еткенінен хабарым жоқ қой менің. 
                        Майдан   шетінен   өттім.   Енді   көкіректі   кере   дем   алуға   да   болады. 
Орындығымның арқалығына шалқая кетіп, бір секундтай көзімді жұмдым. Сонсоң сағатқа 
қарадым   да,   өз   көзіме   өзім   сенбедім:   барлау   сапары   көп   болса   20-25   минутқа   ғана 
созылған 
секілді еді, әуеде мен ұшып жүргелі бақандай екі сағат болыпты. 
                        Аэродромға   келіп,   жерге   қонуым   сол   екен,   достарымның   он   шақтысы 
жапырласа жүгіріп келіп, мені кабинадан суырып алды. Ұшқыштар, механиктер, атқыштар 
мені   аспанға   лақтырып   жүр.   Әлдене   күйге   ұшырайды   деп,   достарымның   зәре-құты 
қалмаған екен. 
                      Команда пунктіне қарай келемін. Генерал Рязанов сонда болатын. Мен ұшып 
жүрген   уақыттың   бәрінде   де   ол   радистің   қасында   отырыпты.   Баяндадым.   Генерал 
құшақтап, бетімнен сүйді. 
                       - Саған алғыс айтамын, Бигелдинов, - деді менімен тұңғыш рет «сен» деп 
сөйлесіп.   -   Командование   атынан   алғыс   айтамын!   Одақтастар   авиациясынан   күндіз 
Берлин үстіне алғаш ұшып барған сенің самолетің екеніне мақтануыңа болады!..» 
                      Бауыржан.   Жоқ,   мұны   жалғыз   Бигелдинов   қана   емес,   мына   біз,   біздің 
болашақ барлық ұрпақтарымыз мақтаныш етеді! Бигелдинов Ұлы Отан соғысыңда қазақ 
халқы ерлігінің ең жоғарғы нүктесі! «Еріне қарап елін, тасына қарап тауын таны» деген. 
Біздің 
еліміздің ерлігін ерекше танытқан халқымыздың ардагер ұлы ол. Совет Одағында ұлдары 
екі рет ер атағын алған ұлт көп емес. Біз сол аздың біріміз! Сенбесең жан-жағыңдағы 
көршілес республикаларға көз салып, саусағыңмен санап көр. Ендеше ол - біздің ұлттық 
мақтанышымыз! Әскери әуе академиясын қазақтан тұңғыш бітірген сұңқарымыз да сол! 
Мен саған 207 рет ұрысқа кірдім дедім. Бірақ мен неше рет ұрысқа кірсем де, табанымды 
тіреп   жерде   жүрмін   ғой.   Жердің   адамға   әр   бұтасы   болысады.   Жер   -   қазсаң   қорғаның 
болып   және   шыға   келеді.   Ал   Талғат   320   рет   әуе   жорығына   шығып,   бес   жүз   сағаттай 
аспанда   болған.   Сол   сапарлар   кезінде   жаудың   орасан   көп   танк,   автомашиналарын 
бомбалап құртып, 
жүздеген жаяу әскерінің күлін көкке ұшырған. Жау самолетін жәукемдеу штурмовиктердің 
шаруасы емес, истребительдердің сыбағасы. Ал Талғат штурмовикпен жүріп жаудың жеті 
самолетін және жер жастандырды. Ал аспанда болған сол бес жүз сағаттың әр секунды, 

компастың тіліндей қалтылдап, өлім мен өмір сызығының екі шетін кезек жанап, безек 
қақты емес пе? Сонымен бірге ол екі рет оқ тиіп өртенген самолеттен жерге қарғыды. 
Бірінде он бес күн бойы жау жайлаған жерде аш жүріп, ағаш кеміріп, аяқтан әл кеткенде 
төрт   тағандап   ілгері   ұмтылып,   ерлікпен   өз   полкына   келіп   қосылды.   Қоршауда   қалған 
батальон   мен   жалғыз   кісінің   арасы   жер   мен   көктей.   Көптің   аты   көп:   біріне   бірі   сүйеу,  
демеу, 
күш, куат қой. Жалғыз адамның жағдайы басқаша. Олай болса нағыз ер деп, ердің де ері 
деп сол Талғаттарды айтуымыз керек! Кеше, соғыстан бұрын, «Егер соғыс болса, егер жау 
қаптаса» деп ән айтушы едік қой. Сол сияқты, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, ертең 
Отанға қауіп төнсе лек-легімен жауға аттанған қазақтардың ерлік туына есімі ұран болып 
жазылатын ерлердің бірі Бигелдинов! Ендеше ондай ерді кұрметтей білуіміз керек! Бүгінгі 
батырды қадірлеу ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау. Понятно тебе, - деп Бауыржан зірк 
етіп сөзін аяқтады. 
  
VIII 
                        Бауыржанның әйелі тағы да есік ашып, ішке кірді. Біздің әңгімемізге бөгет 
болғысы келмегеңдей, аяғының ұшымен басып келді де, Баукеңнің қасына бір буда газет 
әкеп   тастап,   қайтадан   шығып   кетті.   Тегі   бүгінгі   почта   болуы   керек.   Ең   үстінде   жатқан 
«Правдаға» көзім түсті де, Баукеңнің «Правда» редакциясында болып, жарты сағат сөз 
сейлегені есіме түсті. 
                        Бірде   біздің   жазушыларымыздың   бірі   Латвиядан   қайтып   келе   жатып, 
Москваға соғады. «Бухарест» қонақ үйінен орын таба алмай тұрған оған сонда жатқан 
Момышұлы кездеседі. 
                       - Жеңгең ауруханада еді. Қысылып тұрсаң менің номеріме жайғасып, оның 
орнына жат, - дейді Баукең. 
                       Бұл февральдің орта тұсы болса керек. Жазушы Бауыржанның қасында он 
шақты күн жатып, одан көп әңгімелер естиді. 
                       22   февраль   күні   таңертең   телефон   шылдырайды.   Баукеңнің   қасындағы 
қоңсы жазушы трубканы көтерсе: 
                       -        Бұл «Правда» редакциясынан ғой. Бізге Момышұлы жолдас керек еді, - 
деп ар жақтан жұмсақ үнді ер адам үн қатады. Ол трубканы Бауыржанға береді. 
                        Баукең   трубканы   алып   тыңдап   тұрады   да:   «Қашан,   қай   сағатқа,   қанша 
минутқа?» деген екі-үш сұрақ қояды да: «Правдашылар үшін оны істеуге болады, Паша» 
деп трубканы жабады. 
                       Ертелетіп телефон соккан адам Жамбылдың бұрынғы аудармашысы, 8-ші 
гвардиялық дивизияның «Отан үшін» газетінің алғашқы редакторы, ол кездегі «Правда» 
газетінің қызметкері Павел Кузнецов екен. Правдистер ертең, 23 февральда Момышұлы 
бізге келіп жарты сағат әңгіме айтып берсе екен деп өтініпті. Сағат бірде алты жүз адам 
«Правданың» актовый залында күтіп отырмақ екен. Бірге таман көлік жібереміз депті. 
                        Содан   кейін   Бауыржан   іштей   толғанып,   ойланумен   болады.   Көршісімен 
арадағы   бұрынғы   әңгіменің   бәрі   қалады.   Баукең   бөлмеде   арлы-берлі   жүріп,   ертең 
сөйлейтін сезін толғата бастайды. Ешқандай жазу жазбайды. 
                       Ертеңінде   сағат   он   екі   жарымда   Баукең   атақты   «қара   көбелек»   галстугін 
тағып,   шытырдай   боп   киінеді.   Сөйтеді   де,   бірге   он   минут   қалғанда   бөлмеден   шығып 
кетеді. 
                      Біраз уакыттан кейін Бауыржан қайтадан бөлмеге келіп, шешіне бастайды. 
Қоңсы жазушы  сағатына қараса бірден қырық минут  кетіпті. Тегі көлік келмеген болар, 
Баукең содан соң қырсығып қайтып келген шығар деп ойлайды да:
- Бауке, «Правдаға» бардыңыз ба, бармадыңыз ба? - деп сұрайды. 
                      - Бардым. 
                      - Кездесу болмады ма? 
                      - Болды. 
                      - Тіпті тез ғой. 

                     - Правдашылар деген тәртіпті халық қой. Мен барсам актовый зал лық толып 
отыр екен. «Москва түбіндегі қорғаныс ұрыстары және оның Ұлы Отан соғысы тарихында 
алатын орны» деген тақырыпта жиырма минут сөз сөйледім. Правдашылар менің сөзімді 
Бөліп, үш рет қол шапалақтады. Менің сөзімнен кейін: Сіздің ордендеріңіз көп дейді ғой, 
оның  бәрін  қай  жерге  тағасыз? -  деген   сұрақ  қойылды.  Мен   оған:   Отан  берген,  халық 
сыйлаған   наградаларым   өте   көп.   Оларды,   басқа   да   совет   қолбасшылары   сияқты, 
кителімнің   екі   өңіріне   қадаймын.   Сыймағандарын   арқама   тағамын,   алқа   етіп   мойныма 
асып аламын! - деп жауап бердім. Жұрт ду күліп, тағы да қол соқты. 
                        Автор. Осы оқиға рас па, Бауке? 
                       Бауыржан. Ы-ы-ың...,- деп алдымен сәл ыңылдап алды.- Рас. Бірақ онда екі 
сұрақ қойылған болатын. 
                        Автор. Екіншісі қандай еді? 
  
IX 
                        Бауыржан. Екінші сұраққа көбірек жауап беруге тура келді. Бір журналист 
әйел: «Панфиловтың аузынан шыққан қандай қанатты сөздерді білесіз және оның қандай 
жағдайға шығарылғанын айта аласыз ба?» деді. Мен оған: Панфилов өте дана адам еді. 
Ол кісінің аузынан шыққан нақыл сөздер орасан көп. Сізге мен соның қапелімде есіме 
түскендерін ғана айтайын,- деп, бір-екі деп номерлеп, мына сөздерді айтып бердім. 
                       1.           Дүние   толастамай   мен   шинелімді   шешпеймін.   Болашақ   ұрпақтың 
өмірі мен өнері, бақыты мен байлығы - осы сұр шинельдің ішінде. 
                     -            Бұл   генерал-майор   Панфиловтың   1941   жылы   августа,   дивизиясын 
майданға бастап шығып бара жатқанда Алматы вокзалының перронында тұрып айтқаны. 
                       2.         Байыптап істелген батылдық - әскери таланттың туысы. 
                        -         Бұл   артполктың   командирі   полковник   Кургановтың   бір   батыл   ісіне 
сүйсініп айтқан сөзі. 
                       3.         Кішкентай табыс - үлкен жеңіске үміттендіреді. Ол солдаттың жауды 
жасқауға және жаныштауға деген сезімін тудырады. 
                       -        Бұл дивизия ең алғаш Крестцы деревнясы маңында бекініс жасағанда 
жау   тылына   барлаушылар   жіберіп,   оларды   жауға   жанастырып   үйрету   жөнінде   полк 
командирі полковник Шехтманға берген кеңесі. 
                         4.         Шеп құрдың - шатыр тіктің. Шатырыңды жел ұшырып кетпеу үшін 
қазығыңды мықтап кақ. 
                        -       Бұл дивизия 1941 жылы 7 октябрьде Волоколамск түбінде тосқауылға 
тұрған кезде айтқаны. 
                        5.          Фашистер   жегенді,   одан   соң   ішкенді   жақсы   көреді.   Ендеше   анау 
консерв-гранатты танктың табанына жемге беріңдер де, ал өртенгіш сұйық затты сусынға 
ұсыныңдар. Шақырылмаған қонаққа бұдан артық сыйлық болмайды. Жақсы солдат жан 
сауғаламайды. Ол ақылмен, айламен, ынтамен соғысады. Фашист болат қораптың ішінде 
ғана батыр. Сыртындағы қабығын сыдырып тастасаң, сары үрпек балапанның өзі болады 
да   қалады.   Содан   соң   танкты   табаға   айналдырып,   оларды   шыжылдатып   шығару 
сендердің қолдарыңда. 
                         -        Бұл   генерал   Панфиловтың   Москва   түбінде   дұшпанды   қарсы   алар 
алдында   жау   танкіне   тоқпақ   граната   мен   жанғыш   затты   қалай   лақтыруды   өз   қолымен 
көрсетіп, алғы шептегі жауынгерлерге айтқан ақылы. 
                         6.         Мергенге қырағы көзбен қоса, қыңқ етпес төзім керек. Көз - көреді, 
төзім - жеңеді. 
                       -        Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі. 
Генерал Панфиловтан ақыл алған бұл батыр қазақ 397 фашистің көзін жойып, 1944 жылы 
22  февральда  ұрыс  даласында  ерлікпен  қаза  тапты.   Оның   ТВ-2916  номерлі мергендік 
винтовка- 
сы қазір Қазақстанның Орталық музейінде сақтаулы тұр. 

                          7.        Әскери карта -  ардақты  документ.  Ол  - тарихтың,  ұлы  шайқастар 
тарихының тамшысы. Карта - мыңдаған адамдардың өмірі мен өлімінің өмірбаяны, шешен 
шежіресі. 
                        -       Бұл Волоколамск қорғаныс шебінде тұрған кезде генералдың картасын 
абайсызда   жыртып   алған   штаб   бастығының   көмекшісі   Колокольниковке   ренжіп   айтқан 
сөзі. 
                         8.       Беліне байлаған котелогы жок солдатты қарусыз солдат деп 
есептеу керек. 
                          -       Бір жолы генерал кухнядан жапырлай ас ішіп жатқан солдаттардың 
қасына келеді. Олардың біреуі ас ішсе, екіншісі жолдасының котелогіне телміріп қарап 
отырғанын   көреді.   Сұрастыра   келсе,   телміріп   отырғандар   бөлімге   жаңадан   келген 
жауынгерлер   болып   шығады,   олар   жолдасының   котелогы   босауын   күтеді.   Бұған   катты 
кейіген генерал полк командирі Капровты шақырып алып, дереу полкта котелок жасатуға 
бұйрық береді. Капров генералға полкта котелок жасаттыратын лайықты материал жоқ 
екенін айтып, ақталады. 
                        -         Материал деген мынау емес пе? - деп генерал сол маңда шашылып 
жатқан   мырышталған   темірден   жасалған   патрон   қораптарын   нұсқайды.   -   Осыдан   үш 
күннің ішінде алты жүз котелок жасаттырыңыз және бірінші біткен котелокты маған алып 
келіңіз. 
                       Полковник Капров бұл бұйрықты орындап, жасатқан котелоктарының біреуін 
генералға   алып   барып   көрсетеді.   Генерал   котелоктың   ішіне   ыстық   су   құйдырып, 
сақылдатып қайнаттырады да, оны төктіртіп тастайды. 
                       Содан кейін таза су қайнаттырып, оған өз қолымен шай салып, Капров екеуі 
сол котелоктан шай ішеді. Жоғарыдағы сөзді генерал сонда айтады. 
                        9.        Тезімділік - солдаттың төтенше қаруы. 
                        10.        Сен   менің   қызымсың,   ал   солдаттар   -   ұлым.   Әр   солдаты   ағаңдай 
көріп, оларды ажалдан арашалай біл, Валюша. 
                          -       Бұл   екі   сөз   генералдың   медсанбатта   медсестра   боп   қызмет   істеп 
жүрген өз қызы Валентина Ивановнаға ұрыс арасында бір кездескенде айтқан өсиеті. 
                          11.      Солдатты   сыбап   боқтай   беру   сардарлықтың   белгісі   емес.   Солдат 
сыйлаған сардар ғана қадірлі командир. 
                           - Бұл генералдың Афанасьев деген майорға ренжіп айтқаны. 
                           12. Ауыр ұрыс кезінде полктарда болғым келеді. Ауырып жатқан баланы 
әкесі мандайынан сипаса, ол едәуір әлденіп қалады. Ал ұрыстағы солдат аурумен емес, 
ажалмен айқасады. Командирі қасында болса, солдат ешкашан да ажалға әл бермейді. 
                            -   Бұл   генералдың   Волоколамск   ұрыстары   кезінде   алғы   шептегі 
бөлімдердің бірінде комиссар Мұхамедияровқа айтқан сыры. 
                           13.   Біздің   дивизияның   жауынгерлері   тоңса,   жау  танктерін   өртеп,   соның 
отына жылынады. От өшіп бара жатса, олар тамыздыққа тағы да танк әкеп салады. 
                           -   Бұл   генералдың   Дубосеково  оқиғасынан   кейін  аязды   күні  қолын  отқа 
жылытып отырып, дивизия комиссары Егоровқа айтқан сөзі. 
                           14. Немістер біздің дивизияны «тағы дивизия» деп атайтын көрінеді. Ол 
біздің   адамдарымыздың   тағылығынан   емес,   олардың   тағыларды   таяқтай   білетіндігінен 
болса керек. 
                           -   Бұл   генералдың   өз   қызы   Валентина   Панфиловамен   ең   соңғы   кезде 
айтқан әңгімесінен. 
                           15. Жауға жақын тұрсаң, оның жанын шығарасың. Алысқа көз жеткенмен, 
қол жетпейді. Жауды көз көргенімен, қол ғана тұншықтыра алады. Ендеше комаңдир мен 
штаб бастығы артта емес, алда, ұрыстың ұрымтал жерінде отыруы керек. Сонда ғана көз 
жеткенге қол да жететін болады. 
                         -      Бұл генералдың дивизия штабының бастығы полковник Серебряковқа 
штабты жау оғының астында тұрған Гусеново селосынан кейін көшіру туралы ұсынысына 
айтқан жауабы. 

                         16.  Гвардияшы болу - қиын іс; совет гвардияшылары қиындықтың бәрін де 
жеңеді!   Жеңіске   жол   ашады!   Жеңісті   қолымен   жасайды!   Совет   гвардиясы   атағын   алу, 
совет гвардияшыларын басқару - аса зор абырой! 
                         -        Бұл   1941   жылы   18   ноябрьде   «Правданың»   әскери   тілшісі   Михаил 
Калашников  генералдың  Гусеноводағы   штабын   іздеп  келіп,  «Правда»  газетінің  316-шы 
дивизияға   8-ші   гвардиялық   дивизия   атағы   берілгені   және   оның   жауынгерлік   Қызыл   Ту 
орденімен наградталғаны туралы Указ басылған номерін әкеп бергенде айтқаны. 
                         17. Өлді деген осы!.. 
                          -       Бұл   генерал   Панфиловтың   өлер   алдындағы   соңғы   сөзі.   Иван 
Васильевич қырық бірінші жылы 18 ноябрьде Гусеново селосында оққа ұшты. Бірақ ол 
өмірін немістерге арзанға берген жоқ. Панфиловтың көзінің тірі кезінде оның дивизиясы 
жаудың   30   000   солдатын   өлтіріп,   170   танкін   өртеген   болатын.   Генерал   Панфиловтың 
жаудан ала жатқан «жастығы», міне, осындай болатын! 
                         Осы   кезде   залдағы   журналистер   тағы   да   ду   қол   соқты.   Қол   соғу 
тоқталғаннан кейін мен былай деп сөзімді аяқтадым: 
                          -       Генерал Панфиловтың бұл ақыл, нақыл сөздері - біздің дивизияның 
тарихы. Әңгімемнің соңында менің сіздерге ол кісінің тағы бір сөзін айтқым келіп тұр.
Бірде Панфилов санбаттың аспазы Сергеев деген солдатқа былай деген еді: 
                          -       Аш солдатты маса да сүзіп құлатып кетеді. Адамдарды аш қылмай, 
уақытында ауқаттандыру - аспаздың ең ұлы ерлігі! 
                           Генерал айтқандай, маса сүзіп құлатып кетпеуі үшін, менің сіздерді түскі 
тамаққа босатқым келіп тұр. Тындағандарыңызға рақмет. 
                          Жұрт   тағы   да   күліп,   қол   соғып   жатты.   Мені   алғашында   правдашыларға 
таныстырып, сөз берген Павел Кузнецов журналистер атынан рақмет айтты. Мен ешқайда 
бұрылмастан редакциядан шықтым да, есік алдында әзір тұрған машинаға мініп, қонақ 
үйге 
келдім. 
  

                        Автор. Генералдың өзіңіз тікелей естіген ғибрат сөздерінен айтпаған екенсіз 
ғой. 
                         Бауыржан.   Генералдың   біздің   батальонның   окоптарын   аралағандағы   бір 
сөзін айтайын деп  едім,  айтпадым. Өйткені  правдашыларды  да аяу  керек  қой. Оларға 
түскі демалысқа берілгені бір сағат қана уакыт. Оның жартысын мен жеп қойдым. Біздің 
батальон   Лама   өзенінің   жағасында   тұрған   кезде   генерал   келіп,   шебімізді,   бекініс 
орындарымызды   өз   көзімен   көріп   қайтты.   Ұзын   ордың   ішінде   біреулер   темекі   тартып, 
біреулер хат жазып, енді біреулер мылтықтарын тазалап отыр екен. Генерал келгенде 
бәрі   де   орындарынан   ұшып   тұрды.   Бір   жауынгер   мылтығын   тазалап   болып,   енді   ғана 
затворын   орнына   салғалы   жатыр   екен.   Генералды   көргенде   сасқалақтап   қалған   ол 
орнынан тұра бергенде затворын қолынан түсіріп алды. 
                            -   Халдарыңыз   қалай,   балаларым,   -   деді   генерал   жігіттермен 
сәлемдескеннен кейін. - Жауды қарсы алуға әзірсіздер ме? 
                           - Әзірміз. 
                           - Дайынбыз, жолдас генерал. 
                          Генерал жаңағы затворын жерге түсіріп алған жауынгердің жанына келді. 
                           -   Сіз генералды көргенде сонша сасқалақтадыңыз, ал жау кеп қалғанда 
қайтесіз? - деді ол жауынгерге жұмсақ үнмен. 
                            - Сасқалақтағаным - генералымды сыйлағаным, генералды сыйласам - 
жаудан жасқанбағаным ғой, жолдас генерал, - деп жауап берді солдат. 
                            - Бәле, рақмет, - деді генерал күлімдеп. - Мені сыйлағандарың жаудан 
жасқанбаңдар. 
                           - Жасқанбаймыз. 
                          -     Жасқануды қойдық қой, жолдас генерал, - десті жауынгерлер жамырай 
үн қатып. 

                         Генерал жаңағы жауынгерге қайта бұрылды. 
                          -       Мынау   қолыңыздағының   аты   не,   жолдас   жауынгер?   -   деді   генерал 
алдымен   солдатгың   қолындағы   винтовканы,   одан   соң   затворды   алып,   орнына   салып 
жатып. 
                         -      Винтовка, жолдас генерал. 
                          -       Сіздің солай жауап береріңізді біліп едім, - деді генерал мылтықтың 
тұмсығын  жоғары көтере мушканы   сығалай көздеп  жатып. Содан кейін шаппаны  шырт 


1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал