Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет30/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Сізге осы орденге жазылған ба? Әлде Қызыл Ту ордені Сізді Панфилов ұсынған Ленин 
орденінің кешігіп, кішірейіп келіп төсіңізге қадалған белгісі ме? Немесе бұл мінездеме 1942 
жылы августа Серебряков Сізді Совет Одағының Батыры атағына ұсынғанда жазылған 
ба? Осыны білесіз бе? 
                    Бауыржан. Білмеймін. Мен награда қуғамын жоқ. Ешкімнен награда сұрағаным 
жоқ.   Совет   халқының   неміс   фашистеріне   қарсы   Ұлы   Отан   соғысында   мен   өзімнің 
солдаттық,   азаматтық   борышымды   адал   атқардым.   Мен   награда   үшін   емес,   еліміздің 
тәуелсіздігі, халқымыздың намысы үшін соғыстым. Маған жаңағы өзің оқыған полковниктің 
жоғарыға жазған хаты награда. Ең жоғары награда. Серебряковтың өзінің, оны дүниеге 
келтірген ата-анасының әділдігінен айналдым мен. Түсінікті ме саған? 
                      Автор.   Түсінікті,   Бауке.   Сонымен   біз   1942   жылдың   күзінде   Калинин 
майданында қорғаныс шебінде тұрмыз ғой. Генерал Чистяков 27 сентябрьде Москваға 
жүріп кеткен болатын. 
                   Бауыржан. Иә. 
                  Автор. Сөзіміздің осы жерін тағы да бір рет документпен растап қойсақ қайтеді? 
                  Бауыржан. Растағын. 
                  Автор. Растасам генерал Галицкий өзінің « 1941-1944 сұрапыл сын жылдары» 
деген кітабында 1942 жылы 26 сентябрьде өзінің қайда болып, не істегенін былай деп 
баяндапты: 
                 «26 сентябрьде армия әскерлерімен танысуға кірістім... 

                Ең алдымен 2-ші гвардиялық аткыштар корпусының командирі И.М.Чистяковтың 
КП-сына   бардым.   Комкорды   қасыма   алып,   одан  генерал  И.В.Панфилов   атындағы  8-ші 
гвардиялық атқыштар дивизиясына келдім. Москва түбіндегі ұрыстарда қаһармандықпен 
шайқаскан бұл даңқты құрама бүгінде Холм қаласының солтүстігінде қанатын кең созып, 
қорғаныс   шебін   ұстап   тұр   екен.   19-шы   гвардиялық   атқыштар   полкында   бізді   оның 
командирі, Отанымыздың астанасын қорғаған ерлердің бірі майор Бауыржан Момышұлы 
қарсы   алды.   Менің   сұрағыма   жауап   бере   тұрып   ол   8-ші   гвардиялық   атқыштар 
дивизиясында   өткен   жылы   Волоколамск   бағытында   ажалмен   бетпе-бет   айқасқан 
жауынгерлердің көп 
екендігін айтты. 
                    - Бүкіл дивизия сияқты, біздің бөліміміз де ұлы Москва шайқасының даңқты 
жауынгерлік   дәстүрлерін   көздің   қарашығындай   сақтап   келеді,   -   деді   оның   сөзін 
толықтырып полк комиссары Ф.Д. Толстунов. 
                  Жауынгерлермен әңгімелесіп, полктың қорғанысы және оның дұшпанға оқ ату 
жүйесінің   қалай   ұйымдастырылғанымен   танысқаннан   кейін   менің   бұл   сөздердің 
шындығына әбден көзім жетті. Полк жауынгерлері өз рубеждеріне көп еңбек сіңірген екен. 
Бұл жердің жағдайы қорғаныс жұмысына көп қиындык келтірерлік болатын, орманы мен 
батпағы өте көп еді. Бірақ гвардияшылар бұл қиыншылыктардың барлығын да ойдағыдай 
жеңіпті... 
                  19-шы гвардиялық атқыштар полкының қорғаныс шебіндегі бекініс тіректері де, 
пулемет-артиллерия күшінің екі қанатқа бірдей өзара жымдаса жайғастырылуы да - жақсы 
ойластырылған екен. Әрине, оның кей жерлерін одан сайын жақсарта түсуге болатын еді. 
Мәселен,   орман   шетіне   орналастырылған   дзоттар   анадайдан   «мен   мұндалап»   білініп 
тұрды. Ал орман ішіне салынған дзоттардың бақылау және атыс аясы тар екен. Соңғы 
кемшілікті түзеу үшін орман ішінен биік пулемет мұнарасын орнатып, сол арқылы жерден 
көрінбейтін   нысананы   атқылауға   болатын   еді.   Менің   бұл   кеңесім   майор   Момышұлына 
қатты ұнады». 
                    Бауыржан. Дұрыс. Ол шақ Галицкийдің 3-ші екпінді армияға командашы боп 
келіп, қызметін жаңа қабылдап, енді кірісіп жатқан кезі болатын. Галицкий мен Чистяков 
біздің   полкта   болып   кеткен   күннен   кейін   іле-шала   біздің   2-ші   гвардиялық   корпусқа 
генерал-майор М.П.Кутузов деген кісі командир боп келді. Бұл кездегі біздің 3-ші екпінді 
армияның мойнына жүктелген міндет Холмды қолдан шығармау, біздің қарсымызға келіп 
шоғырланып жаткан жау әскерінің шабуылына төтеп беру, шама келсе олардан Великие 
Луки - Невель - Новосокольники үш бұрышын тартып алу екенін жаңа айттым ғой. Бұл 
үшін ең алдымен қорғанысымызды нығайтып, шебімізді мықтап ұстау бірінші міндет еді. 
Майдан, армия командашылары мен корпус командирлерінің бізге жиі келіп, жағдайды өз 
көздерімен   көріп,  кемшілігімізді  көрсетіп,  ақыл,  кеңестерін   айтып  жүргендері  сондықтан 
болатын.   Біз   күні-түні   тынбастан   жұмыс   істеп,   қорғанысымызды   одан   сайын   нығайта 
бердік. Жаңадан толып жатқан окоптар, орлар қаздық. Ұрымтал жерлердің бәріне доттар, 
дзоттар   орнаттық.   Бір   сөзбен   айтқанда,   солдаттың   шебер   қолы   Холмның   айналасын 
өнерлі қыз кестелеген орамалдың өрнегіндей етіп әшекейледі. Солдат қанды аз төгу үшін 
терді   көп   төгеді.   3-ші   екпінді   армия   солдаттарының   ол   кезде   төгілген   тері   анау   Арыс, 
Бадам   сияқты   кішігірім   өзендердің   суынан   кем   болмаған   шығар   деп   ойлаймын.   Полк 
комиссары   Толстунов,   штаб   бастығы   Курганский   үшеуіміз   жау   шабуыл   жасаған   күнде, 
өзіміз шабуылға шыққанда істеуге тиісті мүмкін деген жобаларымыздың бәрін де жасадық. 
Осы қызу қорғаныс кезінде, 1942 жылы екінші октябрьде маған кезекті әскери лауазым - 
подполковник   атағы   берілді.   Мынау   сол   кезге   қатысты   документ,   мә,   оқып   шық,   керек 
десең, көшіріп ал. 
  
III 
                            Баукең қасында жатқан қызыл папкадан алып, табақтай фото көшірмені 
қолыма ұстатты. Онда былай деп жазылыпты: 
                        «3-ші екпінді армия командашысының 
ТЕЛЕГРАММАСЫ 

                    8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 19-шы гвардиялық полкының командирі 
подполковник   Бауыржан   МОМЫШҰЛЫНА   Сізді   Октябрь   революциясының   25   жылдық 
мейрамымен құттықтаймын нкт Армияның Соғыс советі Сізді американ жұмысшыларынан 
келген   сыйлық   сағатпен   наградтайды   нкт   Армияның   Соғыс   советі   Сіз   жүргізіп   жатқан 
жауынгерлік жұмыс бөлімнің жауды толық жеңуге әзірлігін арттыра түседі деп сенеді.
Галицкий, 
Литвинов, 
Юдинцев. 
7.11.1942 ж. 
№ 1168 
Дұрыс қабылданды. 
               19-шы гвардиялық атқыштар полкы штабының бастығы капитан И. Курганский. 
                       Автор. Телеграммаға командашыдан кейін қол қойғандар кім, Бауке? 
                       Бауыржан. Бригада комиссары А. А. Литвинов - армияның Соғыс советінің 
мүшесі де, генерал-майор И. С. Юдинцев - штаб бастығы. 
                     Автор. Ол сағатты кейін берді ме Сізге? 
                     Бауыржан.   Берді.   Сағат   сол   7   ноябрьдің   кешінде   менің   блиндажымдағы 
үстелдің   үстінде   шық-шық   соғып   тұрды.   Оны   біз:   мен,   адъютантым,   атқосшым   және 
аспазым   Жан   төртеуіміз   кезек-кезек   құлағымызға   тосып,   американ   жұмысшылары 
жүрегінің достық лүпілін тындап тұрғандай болдық. 
                   Автор. Ол сағатыңыз қайда қазір? 
                   Бауыржан. Тозды. Тоқтады. Қалды. 
                  Автор. Ал, ол қорғаныс қаншаға созылды, Бауке? 
                    Бауыржан. Ұзаққа, келесі жылы сол уақытқа дейін. Қорғаныстың екі түрі бар. 
Бірі - төніп келген жауды ілгері өткізбей табан тіресіп қатып қалу, қалайда алға жібермеу. 
Екіншісі - табан тірескен жауды теуіп, тепкілеп, үнемі үрейлендіріп ұстау. Сөйтіп қарсыңда 
жинақталған   жаудың   тобынан   майданның   басқа   участоктеріне   көмек   жіберуіне   бөгет 
жасау.   Қазақшалап   айтқанда   күрескен   балуанының   белін   босатпай,   қапсырып, 
қайыстырып, Қажымұқанша ұстау. Оның бұлтарып, бұлтаңдауға шамасын келтірмеу. Ол 
жылы бүкіл Калинин майданының алдына Бас командованиенің қойған міндеті осы болды. 
Ал қорғаныс деген екі балуанның бірін-бірі шаптан тіреп жатып алғанына және ұқсамауы 
керек. Ұрымтал жерде жауды аяғынан шалып қалып, шабуылға шығып отыруға да тура 
келеді. Сонда ғана жаудың зәресін алып, белін қайыстырып ұстауға болады. 
                   Біздің 3-ші екпінді армия осы мақсатпен өз күшін екі топқа бөлді. Армияның 
қорғаныс шебі Холмнан Великие Лукиге дейін 120 километрден аса жерге созылып жатты. 
8-ші гвардиялық дивизия қарайтын 2-ші гвардиялық атқыштар корпусы Холмның солтүстік 
жағында,   Великие   Лукиден   жүз   километрдей   қиыстау   тұрды.   Ал   армияның   өзге 
құрамалары   Великие   Лукидің   дәл   іргесінде   жатты.   Великие   Луки   маңындағы   әскерлер 
алдымен Новосокольники, одан соң Великие Луки қалаларына шабуыл жасауға көшті. Бұл 
екпінді топты армия командашысы генерал Галицкийдің өзі басқарды. Армияның Холм 
түбінде   қорғаныста   қалған   екінші   тобына   біздің   корпустың   командирі   генерал   Кутузов 
басшылық етті. Бұл топқа жүктелген міндет қарсыдағы жауды қапсыра ұстап тұру және 
армияның   шабуыл   жасап   ілгері   жылжып   бара   жатқан   екпінді   тобының   сыртына   жау 
әскерлерінің шығып кетпеуін қамтамасыз ету болды. 
                   Бұл операция 25  ноябрьде басталды  және  үздік-создық  етіліп, ұзақ уакытқа 
есептелсе керек.  Оның  мақсаты  совет әскерлерінің  Сталинград  түбінде  басталған  ұлы 
шайқасымен ұласып жатыпты. Калинин майданы сияқты баска майдандардың міндеті осы 
сияқты және «жергілікті маңызы» бар басқа да ұрыстарды үздіксіз жүргізе отырып, жауды 
шырмап,   оның   Сталинград   түбіндегі   әскерлеріне   көмек   жібертпеу   екен.   Оны   кейіннен 
білдік. 
                   Біздің   армияның   екпінді   тобының   кұрамында   шабуылға   шыққан   2-ші 
механикалық   корпус,   257,   357,   381-атқыштар   дивизиялары,   9,   46,   21-гвардиялық 
атқыштар   дивизиялары   және   31-ші   атқыштар   бригадасы   Великие   Лукиді   қоршап   алға 
ұмтылып, Ново- 

сокольникиге қарай тікелей беттеп бара жатты. Бірақ жау жанталасып, қатты қарсылық 
көрсетуге кірісті. Сөйтіп 3 декабрьде Новосокольникиге жасалған шабуыл тоқтап қалды. 
Ал   10-13   декабрьде   3-ші   екпінді   армия   Великие   Лукидің   батыс,   оңтүстік-батысындағы 
жауды талқандап, 20-25 километр алға басты. Қаланы қоршау 29 декабрьде аяқталды да, 
31 декабрьде қала біздің қолға көшті. Бірақ  январьдың жуан  ортасына дейін қаладағы 
қорғанға 
бекінген жау әскерлерін талқандауға тура келді. Ұмытпасам сенің 100-ші бригадаң да осы 
Великие Луки ұрысына қатысқан болса керек. 
  
IV 
                     Автор.  Иә, Бауке.   Біздің 100-ші атқыштар бригадасы 25 ноябрьде  Калинин 
облысының Молодой Туд  деген деревнясы түбінде жаумен шайқасты. Елден майданға 
жаңа   келген   өңкей   өрімдей   жиырма   жасар   қазақ   жігіттерінің   жауынгерлік   тұсауы   осы 
деревня   түбінде   кесілді.   Сержант   Карабек   Бұрышов   бастаған   жауынгерлер   жаудың 
окобына ең алдымен келіп кірді. Немістерді гранатамен жойып, найзамен шанышқылап 
құртып, тірі қалғандарын кері шегіндіріп, фашистер бекініп жатқан орға өздері орналасып 
алды.   Саяси   қызметкер   капитан   Егемкұл   Тасанбаев   ол   ұрыстарда   қатарынан   үш   рет 
жараланды. Сонда да ол ұрыс даласынан кетпеді, жауынгер жігіттердің ортасында болды. 
Қазір Егемқұл Тасанбаев Социалистік Еңбек Ері, Өзбек ССР-інде жауапты қызметте... 
                     Бауыржан.   Жүзінші   бригаданың   ол   азаматын   мен   екі   реет   көрдім.   Ең 
алғашында, соғыс кезінде, 9-шы гвардиялық дивизияда командир боп жүрген кезімде ол 
маған сәлем беремін деп іздеп келді. Онда омырауы орденге толған майор еді. Екінші 
ретте,   1960   жылы   мен   жазушылык   сапармен   Оңтүстік   Қазақстан   өлкесін   аралап 
жүргенімде,   Жетісайда   жолықтым.   Бұл   кезде   ол   кеудесіне   Алтын   Жұлдыз   қадаған 
аупартком секретары екен. Сендердің 100-ші бригадаларыңнан да талай жақсы ардагер 
азаматтар шығыпты. Халықтың адал ұлдары солай болуы керек қой. Ал, әлгі сөзіңді ары 
қарай айта бергін. 
                  Автор.   Әшкеев   Райымжан,   Көшеков   Қажым   сияқты   азаматтарымыз   ерекше 
ерлік керсетіп, сол жолы бригаданың даңқын шығарды. Зеңбірекші Қажым Көшеков ауыр 
жараланып жатып, жолдастарына: 
Алға қарыс бассаң бас, 
Сүйем кейін шегінбе! 
Әдет жоқ ондай тегіңде! - 
деп   өлмес   ұран   тастады.   Неміс   фашистеріне   қарсы   күресте   ерлікпен   қаза   тапқан 
командирдің бұл сөзі біздің бригаданың соғыс кезіндегі жауынгерлік ұраны болды. 
                       Бауыржан. Бұл жау Москва түбіне тақап қалғанда 1941 жылы 19 октябрьде 
берілген атақты «Ни шагу назад!» бұйрығының қазақша және өлеңге аударылған нұсқасы 
болар тегі. 
                     Автор. Рас айтасыз, Бауке, дәл солай. 1942 жылы 22 декабрьде біздің 100-ші 
бригада Великие Луки түбіне келді. Келгеннен кейін оны қоршау,  алу,  одан соң қорғау 
ұрыстарына тағы да белсене қатысты. 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері жау 
танктерімен Дубосеково түбінде қандай шайқасса, біздің бригаданың соған ұқсас шайқас 
жүргізген   өз   Дубосековосы   Великие   Луки   болды.   1943   жылы   1   январьда   фашистер 
Великие Лукиді қайта қайтарып алуға тырысып, көп танкпен біздің бригада тұрған шептен 
шабуыл   жасады.   Артиллерия   дивизионының   үшінші   батареясындағы   жігіттері   жау 
танктерімен Клочков бастаған батырларша жұлқысты. Батарея мерт болды. Бірақ бірде-
бір танкты Великие Лукиге өткізген жоқ. 
                     Осы күнгі ұрыста сержант Рымбек Байсейітовтың взводы жекпе-жек айқаста 
жаудың сегіз танкін өртеп жіберді. Сөйтіп бұл взводтың Әбдірахман Бимурзин, Мырзаби 
Ерназаров,   Мұкан   Омарбаев   сияқты   өжет   жігіттері   өздерін   өшпес   даңққа   бөледі. 
Жауынгер серіктерімен бірлесіп сегіз танк жойған сол Рымбек Байсейітөв қазір Алматыда 
тұрады, Қазақ ССР Финанс министрі. 
                    Бауыржан. Ол да сендердің бригадаларыңдікі ме еді? 

                    Автор. Иә, Бауке. Біздің бригададан шыққан одан басқа да белгілі адамдар 
бар.   Олар:   академик   Сақтаған   Бәйішев,   журналист   Қасым   Шәріпов,   ауылшаруашылық 
ғылымының докторы, профессор Иманбек Сүлейменов. 
                  Бауыржан. Бригада Великие Лукиден баска кай жерлерде соғысып еді? 
                   Автор.   Невельді   фашистерден   азат   етуге   және   дұшпан   оған   қайта   шабуыл 
жасағанда қаланы қорғау үшін болған қиян-кескі ұрыстарға қатысты. Өзіңіз білесіз, Бауке, 
қазақ   халкы   советтік   Шығыс   әйелдерінің   ішінен   тұңғыш   рет   Совет   Одағының   Батыры 
атағын алған екі қызын ерекше мақтаныш етеді ғой. Олар Мәншүк Мәметова мен Әлия 
Молдағұлова.   Біз,   100-ші   бригаданың   ардагерлері,   сол   ер   екі   қыздың   бірі   -   Мәншүк 
Мәметова   біздің   бригадамыздан   шыққанын   мақтаныш   тұтамыз.   Генерал   Галицкий 
басқарған үшінші екпінді армияға аты шыққан атақты мерген Ыбырайым Сүлейменов те 
өзінің өшпес ерліктерін осы қаланың түбінде жасады. Новосокольники қаласын жаудан 
азат   ету   ұрысына   және   қатыстық.   Даңқты   генерал   Доватордың   шәкірті   батыр 
подполковник   Әбілқайыр   Баймолдин   осы   қаланың   іргесінде   ерлікпен   қаза   тапты.   Осы 
адам Москва түбіндегі атақты ұрыстарда өзіңізбен тағдырлас болған, Бауке және оның 
дивизиясы сіздің 
дивизиямен   қанаттас   жүрген.   Генерал   Панфиловтың   1941   жылы   18   ноябрьде   Сізге 
жазбаша   жіберген   атақты   014   бұйрығының   бірінші   пунктінде   мынандай   сөздер   бар: 
«Жаудың танктері мен жаяу әскері Лысцево мен Шишкиноны басып алды. Матренино 50-
кавдивизияның колында».
Дәл сол кезде генерал Доватордан сондай бұйрык алған осы дивизияның 51-атты әскер 
полкының   комиссары   Баймолдин   бастаған   совет   жауынгерлері   жауды   Матренино 
селосына   кіргізбеу   үшін   жанталаса   ұрыс   жүргізіп   жатты.   Сіз   екеуіңіздің   әскери 
тағдырларыңыз   да   қарайлас   басталған.   Баймолдин   1931   жылы   Павлодар   аудандық 
комсомол   комитетінің   секретары   боп   тұрған   кезінде   армияға   шақырылған.   Содан   ол 
біржола армияда қалып қойған. 1930 жылы КПСС мүшелігіне өткен. Лебяжі ауданындағы 
Тақыр   ауылынан   шыққан   кедей   баласы   Әбілқайыр   Баймолдин   1941   жылы   июльде 
Москвадағы   В.И.Ленин   атындағы   әскери-саяси   академияны   бітірісімен   51   атты   әскер 
полкына   комиссар   боп   тағайындалып,   Москваны   қорғауға   аттанады.   Сол   18   ноябрьде 
жараланып,   бір   айдан   кейін   ол   өз   корпусына   қайтып   келеді.   Алғашында   атты   әскер 
полкының командирі, одан кейін полк комиссары болады. 1942 жылы августа Баймолдин 
екінші   рет   жараланады.   Москва   түбіндегі   ұрыстарда   көрсеткен   ерліктері   үшін   Қызыл 
Жұлдыз, жауынгерлік Қызыл Ту ордендерімен наградталған Баймолдин алғашында біздің 
бригадаға командирдің орынбасары боп келген еді. Артынан бригадамыз құрылғанда ол 
дивизия командирінің 
жауынгерлік   жұмыс   жөніндегі   орынбасары   болды.   Өте   өткір,   батыл   кісі   еді.   Есіл   ер 
дивизияны   шабуылға   бастап   жүргенде   қаза   тапты.   Ол   кісі   де   үстіне   қара   бурка   киіп, 
астына   ұзындығы   есік   пен   төрдей   қара   көк   ат   мініп   жүруші   еді.   Баймолдинді   біз   өз 
Бауыржанымыз   деп   сүйсінуші   едік!   Қазір   оның   туған   жеріндегі   бұрынғы   «Жалтыр» 
совхозына Баймолдин аты берілді. 
                   Бауыржан. Дұрыс болған екен. Баймолдиннің артында қалған ұрпақ бар ма? 
                   Автор. Бар, Бауке. Москвадағы Бауман атындағы училищені бітірген Тельман 
деген   ұлы   қазір   Алматыдағы   В.ИЛенин   атындағы   политехникалық   институтта   сабақ 
береді. Ал қызы Жұлдыз Баймолдина белгілі әнші. 
                    Бауыржан.   Асыл ердің  артында ат аталар  ұрпақ  қалғанға  не жетсін!  Талай 
азаматтардың артында ешқандай белгі қалмады ғой. Ал сен солардың ерлігін кітап етіп 
жаздың ба? 
                     Автор. Там-тұмдап газет-журналдарда бірдеңелер жариялап жүрмін. 
                     Бауыржан. Газет-журналдағылар уақыт желімен ұшады да кетеді. Ерлердің 
есімін   кітапка   кіргізу   керек.   -   Осылай   деп   Бауыржан   сәл   ойланып   алды   да,   тағы   да 
тақпақтай сөйлеп кетті. - Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді. Ер өледі, ел қалады. Есімі ел 
жүрегінде сақталған ер ғана бақытты. Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы 
жоқ. Оларды жаза алмасақ - жазық бізде. Ал әркімнің өзі көрген есіл ерді жырлап, өзі 

білетін батырды баяндағаны жөн. Оны өзің де білесің. Бірақ ақылдың артықтығы, кеңестің 
көптігі жоқ қой. Мен сондықтан айтып жатырмын. 
                   Автор. Бауке, Сізден тағы да кейбір мақал-мәтеліңіздің қалай шыққан тарихын 
сұрап   білсем   деп   ойлаушы   едім.   Осы   жаңа   ғана,   қас   пен   көздің   арасында   бірнеше 
мақалды төгіп-төгіп жібердіңіз. Енді сұрауға да бата алмай отырмын. 
                  Бауыржан. Е, сұрағын. Есімде барын айтайын. 
                   Автор. «Қол көтерген дұшпаннан гөрі, қорамсаққа қолы жетпей өлген жауды 
сыйла» деген мақалыңызды қандай оқиғаға негіздеп шығарып едіңіз? 
                 Бауыржан. 1941 жылы 4 декабрьде біздің әскерлер Москва түбінен ең алғашқы 
шабуылға шықты. Біздің дивизия сол тұңғыш шабуылдың алғы легінде болды. Алғашкы 
деревня босатылды, тұңғыш тұтқындар қолға түсті. Жаңа ғана бір үйге бас сұғып едім, іле-
шала саяси жетекші Бозжанов кіріп келді. 
                 - О не, Жолтай?-дедім мойнымды бұрып. 
                   - Ақсақал, екі  немісті  тұтқынға  алып  едім. Соны  Сізге көрсетейін  деп  айдап 
келдім. Есік алдына шығып, көріңізші, - деді. 
                    Жолтайға   ілесіп   сыртқа   шықсам,   бір   неміс   анадай   жерде,   автоматын   алға 
кезеген   қалпында   өліп   жатыр   екен.   Мен   қолдарын   көтеріп   тұрған   тірі   тұтқындардың 
қасына бармай, өліп жатқан немістің жанына жақындадым. Оған біраз қарап тұрдым да, 
қасымдағы Бозжановқа: 
                   - Ана екі тұтқынға өлген немісті көмдіртіндер! - деп бұйрық бердім. 
                   - Неге? - деді аң-таң болған Жолмұхамед. 
                    - Қол көтерген дұшпаннан гөрі, қорамсаққа қолы жетпей өлген жауды сыйлау 
керек. Понятно! - деп жауап бердім мен оған. 
                    Автор. «Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер - он ұл 
тапқан анадан артық» деген сөз қалай аузыңыздан шығып еді? 
                  Бауыржан. Москва түбіндегі қырық бірінші жылғы қиян-кескі ұрыстардың бірінде 
Вера Гордова деген санитар қыз бір өзі он жауынгердің жарасын таңып, ұрыс даласынан 
арқалап алып шықты. Сонда қасымда отырған Жолтайға: 
                    - Апырай, мынау жұдырыктай қыз он ұл тапқан анадан артық болды-ау, - деген 
едім. 
                    Автор. «Үлкенді - ізетте, кішіні - күзетке» деген сөзді неден шығарып айтып 
едіңіз? 
                     Бауыржан.   1941   жылы   он   сегізінші   ноябрьде   генерал   Панфиловтан 
Волоколамск тас жолының бойындағы Горюны деген деревняда жауды екі күн бөгеуге 
бұйрық   алдым.   Сол   кезде   дивизиямыздың   баска   бөлімдері   жаңа   шепке   қарай   шегініп 
орналасуға   тиісті   еді.   Генералдын   бұйрығын   ойдағыдай   орындап,   үшінші   күні   жау 
қоршауында қалып кейін шегіндік. Жолда, орман ішіндегі жалғыз үйге сол тыныс алуға 
тоқтағанымызда бірнеше күн жаумен шайқасып әбден қалжыраған жігіттер қисая сала қор 
етіп, ұйқыға кетті. Мен штаб бастығы Рахимовқа қарап: 
                      - Кәне, екеуіміздің қайсысымыз ояу отырамыз? - дедім. Сонда анадай жерге 
жаңа ғана жантайған Жолмұхамед Бозжанов орнынан атып тұрып: 
                      - Ағатай, екеуіңіз де ұйықтаңыз. Мен тұрайын, мен кішімін ғой, - деді. 
                     Мен Бозжановтың бетіне қарадым да: 
                       -   Үлкенді   -   ізетте,   кішіні   -   күзетке   деген.   Жарайды,   сен   тұрсаң   тұр.   Бірақ 
жарты сағатқа қалайда шыда! -деппін. Тура жарты сағатта мен өзімнен-өзім ояндым да, 
Бозжановты   ұйқыға   жатқыздым.   Бозжанов   деген   екі   көзі   тостағандай,   екі   беті   әппақ 
манардай   шиыршық   атқан   шапшаң,   шектен   тыс   кішіпейіл,   үлкенді   аға,   кішіні   іні   тұтып 
тұратын аса бауырмал, әрі ақылды, әрі алғыр, әрі батыр жігіт еді. Мені жанындай жақсы 
көретін,   мен   де  оны  туғанымнан   артық   деп   есептейтінмін.   Жоғарыда   айтқанымдай,   ол 
менің 
ұйқы-күлкіме, тіпті аузымнан шыққан әрбір сөзіме дейін қамқор болып жүретін. Менің өзіне 
ұнаған кейбір сөздерімді дереу жазып алып, артынан бірнешеуін өзіме әкеп беруші еді. 
Жаңағы   өзің   тарихын   жазып   алған   мақал-мәтелдерді   Жолтай   маған   өлерінен   бір   күн 
бұрын әкеп табыс етті. 

                  -   Аға,   ертең   шабуылға  шығамыз   ғой,   мына   сөздеріңізді   көк   дәптерге   көшіріп 
алыңызшы, - деді. Сөйтіп ол қай сөздің қандай жағдайда айтылғанына дейін қоса баяндап 
берді.   «Айдындана   шапқаннан   ажал   да   сескенеді»   деп   Горюны   түбінде   жауға   жалғыз 


1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал