Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет25/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
көзіммен соны сездірдім. Егер оның сөзін генерал Шумилов ұғып қалса не болатын еді 
десеңші! Дәл сол кезде Шумилов былай деді: 

                   - Егер біз сіздермен басқа жағдайда таныссак, егер мен сіздерді бұл жерде 
әскери тұтқын есебінде емес, қонақ ретінде құрметтеген болсам, маған әлдеқайда ұнамды 
болар еді. 
                   Осылай   деп   ол   бәрімізге   бір   бөтелкеден   арақ   құйды.   Генерал   өзімен   бірге 
біздің жеңімпаз Қызыл Армия үшін ішуімізді өтінді. Оған жауап орнына біз қозғалмастан 
отырып қалдық. Аудармашы оған ақырын бірнеше сөз айтқаннан кейін, Шумилов жымиды 
да: 
                     - Мен сіздерді жәбірлейін деген жоқ едім. Сталинград үшін шайқасқан екі ер 
қарсыластар үшін ішейік! - деді. 
                 Бұдан  кейін Паулюс   те,  Шмидгте,  мен  де  рюмкамызды  көтердік.  Аш  қарынға 
ішкен арақ лезде әсер ете бастады. Менің сәл-пәл басым айналды. Бірақ бутербродтан 
бірнеше үзіп жегеннен кейін басымның айналғаны тоқтады. Паулюс пен Шмидтте тамаққа 
бас қойды. 
                Генерал Шумиловпен біз бір сағаттан аса отырдық. Мен көрген, естігендерімнің 
бәрін   есіме   сақтауға   тырыстым.   Майор   таза   неміс   тілінде   сөйлеп   отырды.   Совет 
адамдарының гитлерлік системаны неміс халқынан жақсы ажырата білетінін мен бірінші 
рет   естідім.   Совет   офицерлері   бізді,   арада   болған   оқиғаларға   қарамастан,   совет 
адамдарының   неміс   жұмысшылары   мен   неміс   ғалымдарына   деген   үмітін   үзбегеніне 
сендірді.   Сонымен   бірге   олар   көптеген   немістердің   оларды   Гитлердің   өз   мақсатына 
пайдалануына мүмкіндік бергеніне өкінетіндерін айтгы. Паулюс жаралы, ауру және өлімші 
боп қалған неміс солдаттарына көмек көрсетуді өтінді, Совет Армия командашысы қолдан 
келгеннің бәрін істеуге уәде етті, ол біздің тікелей өз міндетіміз деді. 
                  -      Сіздің   тағы   да   басқа   тілектеріңіз   жоқ   па,   фельдмаршал   мырза,   -   деді 
Шумилов жүрер алдында. Паулюс сәл ойланды да: 
                 - Адъютантым полковник Адамды менің қасымда қалдыруды өтінер едім, - деді. 
                 Генерал Шумилов   офицерлерінің  біріне  бұйрық   берді,  ол  лып  етіп  бөлмеден 
шығып кетті. Осыдан кейін ол орнынан тұрып, бізді жол жүруге әзір тұрған машиналарға 
ертіп әкелді. Ол бәрімізге қол беріп қоштасты да, Паулюске: 
                  - Сіздің тілегіңіз орындалады, - деді. 
                Автомашиналар орнынан қозғала бергенде, ол жол шетінде тұрып, бізге честь 
берді. Бұл шынында да нағыз сері қарсылас еді. 
                 Автор. Бұл тарау бітті, Бауке. 
                  Бауыржан. Мінеки, Совет Армиясының гуманизмін кешегі дұшпандарымыздың 
өздері де мойындаған. Гуманизмнен жұрдай гитлерлік қарақшы, жауыз армия тоз-тоз боп 
құрыды.   Дүние  жүзінде  Совет   Армиясындай  гуманист   армия  жоқ.   -   Баукең   осылай  бір 
тоқтады. Содан кейін менің қолымдағы беті ашық қалған кітапқа назар аударды да, сөзін 
ары   қарай   жалғады.   -   Бұл   кітаптың   авторы   полковник   Адам   Паулюс   армиясының 
штабында   оперативтік   бөлімнің   бастығы   болған.   Ал   генерал-лейтенант   Шмидт   сол 
армияның штаб бастығы. Бұларға және басқа тұтқынға түскен неміс генералдарына Совет 
Одағында жақсы жағдай жасалды. Соғыс біткеннен кейін олардың бәрі аман-есен еліне 
қайтты. Вильгельм Адам ГДР-да министр болды. Содан кейін ұзақ жылдар республиканың 
қарулы күштерінде қызмет етті. Қартайғаннан кейін отставкаға шығып, осы кітапты жазды. 
Ал Паулюс еліне барып, соғыс біткеннен он екі жыл кейін өз ажалынан қайтыс болды. - 
Осыдан кейін Баукең бір ойдан екінші ойға аттап түскендей боп, сәл бөгелді де, сөзін 
жалғады.   -   Әрине,   адамның   өлді   дегеніне   сенесің.   Бірақ   өлгенін,   табытта   жатқан   өлі 
денесін   өз   көзіңмен   кермеген   адамдарың   көзіңе   тірі   күйінде   елестейді   екен.   Қадірлі 
генералдарым Панфилов пен Лизюков маған солай көрінеді. Тірі болса олар да Отанға 
адал қызмет етіп, Отандық әскери ғылымға талай тамаша еңбектер қосқан болар еді деп 
ойлаймын. 

                 Автор. Енді қырық екінші жылдың жазына келеміз бе, Бауке? 
                Бауыржан. Қырық екінші жылдың жазында біздің Калинин майданында да, басқа 
жерлерде   де   елеулі   ұрыстар   болған   жоқ.   Жергілікті   маңызы   бар   барлау-бақылау,   күш 
сынасу ұрыстары совет-герман майданының барлық жерлерінде жүргізіліп жатты. Күшті 

ұрыстар   күзге   қарай   басталып,   қыста   өзінің   шарықтау   шегіне   жетті.   Ол   ұрыстардың 
аспанға   көтерілген   алауы   Сталинград   болды   ғой.   Сталинград   неміс-фашист   армиясы 
күнінің батар 
алдындағы алауы болды деп кезінде қолбасы бейнелеп-ақ айтқан еді ғой. Есінде бар ма, 
бір   баяндамасында   оның   былай   дегені:   «Жалмауыз   Гитлер   түріктің   «Джумхуриет» 
газетінде жарияланған түрік генералы Эркилетпен жасаған әңігімесінде былай дейді: «Біз 
Ресейді құртамыз, сөйтіп оны еш уақытта қайтадан бас көтере алмайтын етеміз». Ақымақ 
шалыстау   айтылғанымен,   мәселе   айқын   сияқты...   Біз   мұндай   міндетті,   Германияны 
құртуды көздеп 
отырғанымыз   жоқ,   өйткені   Ресейді   кұрту   мүмкін   еместігі   сияқты,   Германияны   құрту   да 
мүмкін   емес.   Бірақ   гитлершіл   мемлекетті   құртуға   болады   және   ол   құртылуға   тиіс». 
Қолбасшының осындай уытты сөздерін радиодан естігенде немесе газеттен оқығанда жау 
ынгерлер әрі күліп, әрі қайраттанып қалатын. «Қойға шапқан батырың, қаскыр көрсе қой 
болар»   деген   сөз   марқұм   Жолмұхамед   Бозжановтың   аузынан   түспейтін   мәтелі   болып 
кетіп   еді.   Оны   бірдеңеге   жұмсағым   келіп   «Жолтай!»   деп   қасыма   шақырсам-ақ   болды, 
жаныма жүгіріп келіп: 
                 -   «Қойға   шапқан   батырың,   қасқыр   көрсе   кой   болар!»   Кұп   болады,   аға,   -   деп 
күлімдеп қаздиып тұра қалатыны күні бүгінге дейін көз алдымда. Шабуылға шығарда ол 
ылғи: «Неміс оккупанттарына өлім келсін!» деуші еді. 
                Мұны  айтып отырған себебім командирдің айтқан сөзі айқын, берген бұйрығы 
нақпа-нақ болуы керек. Жауынгер командир сөзінің болбыр болғанын ұнатпайды. Өйткені 
жауынгер командирден бұйрық қана емес, сол бұйрықты орындайтын жігерді қоса алуы 
керек.   Жауынгер   ол   жігерді   командир   сөзінің   үн   ырғағынан,   оның   ойының   салауат, 
салмағынан  іздейді.   Командирдің  аузынан   шыққан   әрбір   сөздің   қайрат-күшінен,   дәлдік-
шындығынан  іздейді. Сөз шындығы  - қайратты қару.  Жоғарыда  айтылған атақты Холм 
жорығында,   бір   деревняда   алдынан   танк   шыға   келгенде   тайсақтап   кейін   шегінген 
жауынгерге:   «Анаңнан   ұл   боп   туғаның   рас   болса,   ана   танкті   құртқын!»   деп   бұйрык 
бергенім есімде. Содан кейін ол жігіт қайта ілгері ұмтылып, танкті құртты. 
              Мінеки, сөз шындығының күші деген осы. Мен оның анасын айтқанда алғашында 
қаймығып қалған жауынгер жігерленіп кетті. Сөйтті де танкті құртты. Командирдің берген 
бұйрығында, жаңағы қолбасшының сөздері сияқты, не күлдіретін, не қайраттандыратын 
шындық көрініп тұруы керек. Бұйрығыңды айтып, оның үстіне жаңағыдай жанды жанитын 
жігерлі сөздерді қоссаң, жауынгерге сол жетеді. Бұйрықты орындауға кетіп бара жатқан ол 
сенің қайратты сөзің есіне түскенде, күліп те алады. Ал күлкі кісіге қайрат береді. Жауға 
қарсы  жылап   жылжыған   солдат  жыраққа  жете  алмайды.   Күліп  ілгерілеген  солдат  қана 
игілікті іс тындырады. «Күліп» дегеннің солдаттың жынданған кісіше өз-өзінен қарқылдап 
күлуі   емес,   бұйрықты   орындауға   іштей   жігерленіп,   қайраттанып   баруы   деген   сөз   екені 
түсінікті ғой саған? 
               Жаңа   мен   жоғарыда   Сталинградты   атадым   ғой.   1942   жылдың   28   сентябрінде 
бұрынғы   Сталинград   майданы   Дон   майданы   болып   қайта   құрылды.   Оның 
командашылығына   біздің   генерал   Рокоссовский   тағайындалды.   Оны   неге   «Біздің 
генерал»   деп   отырғанымды   түсінесің   бе?   Түсінбесең   былай.   Қырык   бірінші   жылы   жау 
Москваға төніп келгенде 30,1-ші Екпінді, 20, 16, 5, 33-ші және 43-ші армиялар тосқауылда  
тұрды. Москваға ең ұрымтал жер (30 километр) генерал Рокоссовский басқарған 16-шы 
армияның   тұсы   еді.   Біздің   З16-шы   атқыштар   дивизиясы   генерал   Рокоссовскийдің  
қолындағы қуатты қарулардың бірі болды. Генерал Панфилов қаза тапқанда қабырғасы 
қайысқан адамның бірі де сол кісі екен. Оны менің батальоным 20 ноябрьде қоршаудан 
шығып   келгенде   майор   Елин   мен   комиссар   Логвиненкодан   естідік.   Оның   үстіне 
Рокоссовский мені ең бірінші рет өз қолымен полк командирлігіне тағайындаған кісі. Оны 
кітабымның «Сенім» деген тарауында айтқанмын. Ендеше, Москва түбіндегі аса қатал, 
қанды ұрыстарды басымыздан бірге кешіргендіктен, ол кісіні «біздің генерал» деп атауға 
қақым бар ма, жоқ па менің? 
              Сол   кісінің   қалауы   бойынша   генерал   Чистяков   21-ші   армияның   командашысы 
болып, Дон майданына кетті. Кім де болса қайратына көзі жеткен адамдарды ғана өзіне 

серіктікке   алады   ғой.   Генерал   Чистяков   оның   сенімін   абыроймен   орындады. 
Сталинградты жаудан азат етуде 21-ші армия аса зор даңққа бөленіп 6-шы гвардиялық 
армия   болып   аталды.   Содан   кейін   бұл   армия   атақты   Курск   доғасында   да   үлкен   ерлік 
көрсетті. Сөйтіп, генерал-лейтенант атағын алған Чистяков тура бір жылдан кейін, 1943 
жылдың сентябрінде 6-шы гвардиялык армияны бастап Калинин облысына қайта келіп, 2-
Балтық майданының қарамағына кірді. 
               Менің   айтайын   деп   отырғаным   генерал   Чистяков   Дон   майданына   кетер 
алдындағы оқиға. 1942 жылы 26 сентябрь күні таңертең ерте корпус командирі генерал 
Чистяков пен армия командашысы генерал Галицкий екеуі келіп, біздің полктың қорғаныс 
шебін   аралап   көрді.   Кетерінде   Чистяков   маған   кешке   қарай   корпус   штабына   кел   деп 
бұйырды.   Генерал   Галицкийдің   қорғаныс   шебін   жақсарту   жайындағы   нұсқауларын 
орындап болғаннан кейін, түс ауа корпус штабы тұрған Княжий Клин қыстағы қайдасың 
деп,   Ақбоз   атпен   құйғыта   кеп   жөнелдім.   Жолда,   жиі   қойылған   бақылау   постыларының 
бірінен соң бірінен өтіп, документ 
көрсетіп жүріп, кешігіңкіреп қалыппын. 
                Автор. Княжий Клин дейсіз бе? 
                Бауыржан. Иә. 
                 Автор.   Менің   жинаған   материалдарымның   ішінде   қырғыз   ақыны   Сүйінбай 
Эралиевтің бір өлеңі бар еді. Сонда Княжий Клин деген сөз бар. Тегі қырғыз ақыны Сізді 
сол деревняда көрген болуы керек. Сол өлеңді оқып шықсам қайтеді? 
               Бауыржан. Оқығын.
II 
                Автор.   Өлеңнің   аты   «Ақбоз   ат   мінген   қолбасы».   Шекесінде:   «Қазақ   халқының 
қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына» деген арнау сөз бар. 
Княжий Клин селосы, 
Жайладық жетіп төрін біз. 
Майданнан жырақ жер осы, 
Бұл бірақ күзет шебіміз. 
Осында тоқсан жол-торап, 
Ұмытпа жалғыз міндетті: 
Мандатын тексер, тұр қарап, 
Кім келді, бұдан кім кетті. 
...Ойқастап міне, Ақбоз ат 
Жарқ етіп алдан көрінді. 
Аспаннан әлде нақ сол сәт 
Ақша бұлт оқыс бөлінді. 
Құйғытып келед адырдан, 
Құрбыма айттым: «Бауыржан! 
Тоқтатам кұдай болса да, 
Уставқа бәрі бағынған!» 
Сол, Момышұлы! Есіттім, 
Аңыздай атын көптенгі. 
Полкымен жолын кесіпті 
Мәскеуге шапқан көп қолдың. 
Болсам да қанық даңқына, 
Көрмеп ем өзін өмірі. 
Ойнайды желмен шалқыма 
Бурканың екі өңірі. 
Келеді зулап командир, 
Майданда сондай ер екен! 
Көрінді қызық маған бұл, 
Тоқтатсам ол не дер екен? 
Белгімді сезе қойды ма, 
Тізгінін тежеп атының, 

Әлдене түсті ойына, 
Аяңға көшті ақырын. 
Кексе ме десем, жас екен, 
Жігіттің дөйі тас бекем. 
Жалынан сипап боз аттың, 
Аяулы тілде сөз қатты: 
Құлыны болып жүрмегей, 
Қырғыздың әдде қазақтың? 
«Қай тілде, - деп тұр, - сөз кебі», 
Қадала маған қарады. 
О, неткен өткір көздері! 
Өңменнен өтіп барады. 
«Қырғызбын!» дедім қымсынып, 
(Тоқтатқан үшін қаймыға.) 
- Бауырымсың, ортақ тіршілік- 
Барғанмын талай айлыңа... 
Танитын ұл бол еліңе! - 
Қолымды алды иіліп. 
Атылды Ақбоз еліре, 
Айқасты тілеп сүйініп. 
Еріне жағар әрбір ат, 
Қасиетімен әрқандай. 
Ал мына Ақбоз арғымақ 
Ақ сүтке малып алғандай. 
Арқырар Ақбоз ұрыста, 
Айқастың қызып дуынан. 
Жарқылдар қиғыр қылыш та, 
Сыңғырай шығып қынынан. 
Жақсы аттың көркі ерімен, 
Жарастық сондай бар мұнда: 
Кинодан талай көріп ем, 
Ер Чапай тұрды алдымда! 
                   Бауыржан. Аударған кім? 
                   Автор. Мұзафар Әлімбаев. Қырғыз ақыны өзіңізді көрген тәрізді-ау өзі. 
                    Бауыржан.   Немесе   біздің   полкта   болған   қырғыз   жігіттерінің   бірінен   естіген 
болар. 316-шы дивизияның шүу басында негізі қырғыздар мен қазақтардан құралғанымен, 
генерал  Панфилов  оны  интериационалдық   дивизия  етіп жасақтады.   Онда  орыстар  да, 
укра- 
индар да, белорустар да, өзбектер де, татарлар да, азербайжандар да, башқұрттар да, 
чуваштар да, ұйғырлар да және басқа көптеген ұлттардың өкілдері болды. Ұлттық құрамы 
жағынан алғанда біздің дивизиямыз көп ұлтты Отанымыздың кішірейтілген макеті сияқты 
еді.   Мұндай   құраманы   коммунистік   барлық   қасиеттерді   жүрегіне   жинаған   нағыз 
интернационалист   командир   ғана   ойдағыдай   басқара   алатыны   аян.   Биік   құзға   салған 
бүркіт балапанындай, асқар Алатаудың бөктерінде дүниеге келген жас дивизияның бесігін 
күні-түні ұйқы көрместен, осынау Алматыдан сонау астанаға дейін тынымсыз тербеткен 
генерал Панфилов дәл осындай кісі болды. Ол дивизияға керекті командирлерді де әр 
ұлттын нағыз халықтық әскер - Қызыл Армия қатарында шыңдалған патриот өкілдерінен 
таңдап алды. Міне, осы орасан шайқаста еліміздің өзге ұлт жауынгерлері сияқты, ұлы 
Манастың ұрпағы 
қырғыз жігіттері де ересен ерлік көрсетті. Қырғыз-қазақ балалары, егіз қозыдай болып, жау 
танкін жайратуға қол ұстасып қатар жүгірді. Қайсарлығы да, қаһармандығы да ұқсас бұл 
екі халықтың ұлдары өжет орыс жігіттерінің қос қанаты, өзге ұландардың жолдасын жауға 
бермес жан серігі бола білді. Патшалы Ресей тұсында бір-бірімен кудай жұлысып келген 
бұл   екі   халықтың   Ұлы   Октябрь   революциясы   шыңдаған   болаттай   берік   достығы   осы 

соғыста одан сайын нығая түсті. Сүйікті Отанның қасиетгі жеріне қырғыз-қазақтың қаны 
қатар төгілді. Денелерін тілкемдеп ок тесіп бірнеше жерден жаралы болса да алғы шептен 
бір адым да артқа шегінбеген олар қолдан қуат, буыннан әл кеткенде бір окоптың түбіне 
гүрс   етіп   қатар   құлап,   құшақтасып   жатып   жан   тапсырды.   Сөйтіп   олар   туысқандар 
моласына өздерінің ер достарымен қатар көмілді. Қырғыз жігіттерінің керемет ерліктерін 
мен   өз   көзіммен   сан   рет   көрдім.   Дүйшенқұл   Шопошов,   Бүркіт   Әлішеров,   Әшірбай 
Қоянкөзов,   Тоқтағұл   Шабеков   тәрізді   ондаған   қырғыз   жігіттерінің   қажыр-қайратына 
сүйсіндім.   Мен   осылардай   отаншыл   ұл   тәрбиелеген,   сан   жағынан   кішкене   де   болса 
мүскене қырғыз халқының алдына бас иемін! Жалғыз қырғыз халқы ғана емес, ақ сүтімен 
тәрбиелеген   адал   ұлдарын   Отан   корғау   жолындағы   қасиетті   жорықтарға   бастау   үшін 
менің полкімнің, кейіннен мен басқарған 9-шы гвардиялық дивизияның қарамағына берген 
орыс, украин, бе- 
лорус,   татар,   еврей,   грузин,   армян,   азербайжан,   тәжік,   өзбек,   башқұрт   тағы   басқа 
халықтардың алдына тізе бүгіп, тәжім етемін!
Автор. Бұл жерде де біраз философияға бардыңыз, Бауке. 
                     Бауыржан.   Немене,   менің   философиям   ұнамай   отыр   ма   саған?   Онда 
тындамағын! 
                      Автор.   Қойдым,   Бауке,   қойдым.   Ал   Сіз   қазір,   қырғыз   ақыны   айтқандай 
«аспаннан бөлінген ақ бұлттай» немесе «ақ сүтке малып алғандай» Ақбоз атпен корпусқа 
қарай келе жатырсыз. Чистяковпен кездесейік, кәне. 
  
III 
                    Менің   жаңағы   сөзіме  шамданып   қалған  Баукең   дүрдиіп  біраз   үнсіз  отырды. 
Содан   кейін,   арамызда   ештеңе   болмағандай   қайтадан   сөзін   жалғады.   Менің   ойыма 
қазақтың бір ескі мақалы түсті. «Жаманның ашуы - басы жерге жеткенше, жақсының ашуы 
- жібек орамал кепкенше» деген осы екен-ау деп ойладым ішімнен. 
                    Бауыржан. Мен корпус штабы тұрған жерге күн батар алдында келген едім. 
Штабтағылар   Сізге   генерал   блиндажға   келсін   деп   бұйырды   деді.   Блиндажда   корпус 
комиссары С.А.Егоров екеуі  ғана отыр екен. Мен генералға келгенімді баяндап рапорт 
бердім. Панфилов  марқұм  кісімен  тек  кана «сіз» деп сөйлесуші   еді. Тек  қана  «жолдас 
пәленше» деп фамилияңды атайтын. Ал Чистяков ұрысарда немесе бұйрық берерде ғана 
«сіз» деп сөйлеп, ресми емес жағдайда «сен» деп және атынды атап сөйлесе беретін. 
                   - Кел, кел, Бауыржан, - деді ол маған қолын ұсынып. - Ескі достардан жетпей 
тұрғаны сен ғанасың. 
                  Бұған қарап мен болатын әңгіменің ресми емес екенін аңғардым. Әңгіме ресми 
болмаса да, мен өзімді ресми күйде ұстап, генералдан соң комиссардың қолын алғаннан 
кейін де тік қалпымда тырп етпестен тұрып қалдым. 
                  Генерал   стол   басына   шақырды.   Өзі   ортаға   жайғасты   да,   комиссарға   сол 
жағынан,   маған   оң   жағынан   орын   нұсқады.   Отырарда   орындыққа   тиіп  менің  қылышым 
сарт ете қалды. Генерал жымиды да: 
                 - Бұл қылышты қашан тастайсың, Бауыржан? - деді. 
                  -  Жауды   жеңіп,   әскерден   босанғаннан   кейін   мұны   музейге   өткіземін,   жолдас 
генерал. 
                  - Жігіт! Осындай өзгермейтін өз дәстүрі бар адамдарды ұнатамын, - деді де 
генерал   Егоровқа   қарай   бұрылып,   содан   соң   оған   өзінің   мені   ең   алғаш   осы   қылышты 
көтеріп ипподромда шауып жүргенде көргенін айтты. - Бірақ сол жолы астындағы атының 
құйры- 
ғын шауып алды бұл батыр. Ал оның дәлелді себептері бар еді... 
                  Мен   қысылып,   үнсіз   отырдым.   Генералдың   адъютанты   дастарқан   жайып, 
үшеуіміздің алдымызға ас қойды. 
                   - Ал, Бауыржан, - деді генерал асқа икемделген ыңғай танытып. - Мен ертең 
Москваға жүргелі отырмын. Тегі басқа жаққа ауысармын. Ауыспасам қайтып келермін, кет 
демессіңдер. 
                  - Әрине, - деді комиссар басын изеп. - Сол дұрыс болар еді. 

                 - Оны бара көреміз, Сергей Александрович, - деді генерал сөзін жалғап. - Басқа 
жолдастармен   телефон   арқылы   тілдестім.   Бірақ   ешкімді   шақырмадым.   Сені   шақырып 
отырған себебім екеуіміз 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясынан бұрынғы ескі доспыз. 
Сонау   Қиыр   Шығыста,   қиын   кездерде   табысқан   адамдармыз.   Сондықтан   сенімен 
қоштаспай кетуді жөн көрмедім. 
                      -   Рақмет,   жолдас   генерал,-   дедім   мен   басымды   иіп.   Генералдың   бұл   сөзі 
маған соншама жылы тиді. Іштей қатты толқып, тебіреніп қалдым. 
                      - Осыны, - деді генерал қырлы стаканды орталай құйылған арақты қолына 
алып,   -   мына   сіздердің   денсаулықтарыңыз   үшін,   осы   отырған   үшеуіміздің   ұямыз   8-ші 
гвардиялық   дивизия   мен   2-ші   гвардиялық   корпустың   және   менің   туған   жерім   Калинин 
облысын жаудан толық азат ету үшін күресіп жатқан Калинин майданы әскерлерінің жаңа 
табыстарға жете беруі үшін алып қоялық. 
                      -  Бәлкім, қайтып келерсіз, туған  жеріңізді  жаудан  бірге азат етерміз,  Иван 
Михайлович, - деп күлді комиссар онымен және менімен стаканын соғыстырып жатып. 
                      Екінші тосты генералдың денсаулығы мен барған жерінде абыройлы болуы 
үшін деп Егоров көтертті. 
                      Ас арасында генерал тағы да Қиыр Шығыс туралы әңгіме қозғады. Уссурий 
өлкесінің   қаһарлы   қысы   біткеннен   кейін   қырқұлақ   ауруы   басталатынын,   әлденеше   рет 
дивизия жауынгерлерін жүзімнің, ағаштың жапырағын қайнатып ішкізіп, ащы пияз жегізіп 
аман   алып   қалатынымызды   айтты.   Талай   рет   белуардан   батпақ   кешіп   жасаған 
жорықтарымызды   есіне   түсірді.   Осы   арада   менің   құйрығы   шолақ   ақбоз   атты   жаяу 
жетектеп, батпақ кешіп дивизия штабынан полкке келгенім ойыма оралды да, генералға 
өмір бойы тісімнен шығармай көкірегімде сақтап келген сұрағымды қойдым. 
                        -       Жолдас генерал, бір сұрақ қоюға бола ма? 
                        -       Сұра, Бауыржан, - деді генерал. 
                         -        Комбриг Дотоль мен полковник Коваленко кетіп, Сіз біздің дивизияға 
келгеннен кейін бір күні мені шақырттыңыз, жолдас генерал. Сонда мені тек қана атымның 
құйрығын шауып алғаным үшін дивизия штабынан полкке дейін жаяу баруға жазалайын 
деп 
қана шақырдыңыз ба, жоқ әлде басқа себебі болып па еді? 
                       Генерал   ол   оқиғаның   желісін   еске   түсіріп,   сәл   ойланып   алды   да,   басын 
шайқады. 
                       -        Жоқ, ол үшін емес. Сенің сол жолы халің мүшкіл болатын. Бірақ менің 
сенімен сөйлесіп, кім екеніңді білмей жатып қолыңнан жетектетіп қоя бергім келмеді. 
                       -          Онда мен осы өмірім, тіршілігім үшін Сізге қарыздар екенмін, жолдас 
генерал. 
                       - Егер олай десең, сен ол қарызыңцы әлденеше есе ғып, асырып өтедің, 
Бауыржан. 
                       -          Онда   менің   Сізді   әкемдей   құшақтап,   сүюіме   рұқсат   етіңіз,   жолдас 
генерал,- деп жүйе-жүйем босап, орнымнан тұрдым... 
                      Тағы   бір   сұрақ   көмейіме   келген   еді.   Өткен   апрельде,   8-ші   гвардиялық 
днвизиядан   2-ші   гвардиялық   корпусқа   ауысып   бара   жатқанда   генерал   тағы   да   мені 
шақырып алып, былай деген болатын. 
                        -         Сен туралы ойларым бар еді, оны жүзеге асырып үлгірмедім. Бірақ 
Иван Ивановичке тапсырдым, сол кісі қамқорлық жасар,- деген. 
                        Алдында   сол   ойыңыз   не   еді   деп   сұрағым   келген   болатын.   Енді   мына 
әңгімеден кейін оны сұраудың ешқандай қажеттігі болмай қалды. 
                        -       Баска қандай сұрағың бар? - деді генерал. 
                        -       Ешқандай сұрағым жоқ, - дедім мен екі аяғымды сарт еткізіп. 
                         - Жолыңыз болсын,  жолдас генерал, жауынгерлік  зор табысқа жетуіңізге 
тілектеспін! 
                      Сөйтіп, генерал Чистяков Москваға аттанып кетті. Одан кейін Дон майданына 
барғанын білдік.

Осылай деп Баукең  бір тоқтап тағы да темекіге қол созды. Баукеңнің аузынан шыққан 


1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал