Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
өздерін әкедей аялап, әкедей сүйе білетін командирді ғана әскери уставтың талап етуінше 
емес, әз жүрегінің әмірімен, осылай «әке» деп атайды. Бауыржанға «батялап» кіріп келе 
жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқан сияқты боп көрінді. Ол 
орнынан атып тұрды да: 
-        Мен мұндамын, ұлым! - деді даусы еркінен тыс елжірей шығып. 
Қос кұшақ айқаса түсті. Былайғы жұртқа кесек боп көрінетін Бауыржан келген адамның 
құшағына еркін сыйып кетгі. Екі алып адам бірін-бірі аймалай құшқанда кешегі Ұлы Отан 
соғысында   Москваны   шойын   кеуделерімен   қорғаған   екі   ер   солдаттың   болат   жүректері 
бордай езіліп кеткенге ұқсады. Бұлай болатын жөні бар еді. 
...Ашық  жерде, ак қардың үстінде жатқан батальон күні бойы жаудың  бес рет жасаған 
атакасын тойтарды. Бес ретте де пулеметші Блоха ерекше көзге түсті. Бұл күні полктың 
ең жанды жері болған бұл батальонмен Бауыржан күні бойы бірге болды. 
Фашистердің   алтыншы   атакасы   басталмас   бұрын   Бауыржан   еңбектеп,   пулеметші 
Блоханың қасына келді. 
-        Сенің табандылығыңа, ерлігіңе және мергендігіңе бүгін мен ерекше сүйсіндім, Блоха. 
Саған деген шын жүректен шыққан алғысымды айта келдім, - деп, Бауыржан етпетінен 
жатқан ақ тонды еңгезердей солдаттың арқасына қолын тигізді. 
Арпалыс сәтте алғы шепке келіп сүйікті командирі алғыс айтса, солдатқа одан қымбат не 
болушы еді! Солдатқа сол сәттегі командирдің бір ауыз жылы сөзінен жоғары не награда 
болушы еді! Блоханың қақпақтай жауырыны окыс бүлк-бүлк етіп қалды. 
-        Совет Одағына қызмет етемін!.. Батя!..- деді ол булығып. 
Бауыржан   солдатка   бұдан   басқа   дәнеңе   деген   жоқ.   Тез   еңбектеп,   рота   командирінің 
окобына қарай кетті. Полк командирі кеткеннен кейін, көп кешікпей, демала алмай ентігіп, 
түсі кашып шәпеті денелі рота командирі пулеметшінің қасына жетті. Осы кезде немістер 
алтыншы шабуылды бастауға кіріскен еді. Олар бар қаруларынан оқ атып, бұрқылдата 
жөнелді. 
-         Полк   командирі   ауыр   жарақаттанып   қалды,   -   деді   ол   дегбірі   қашып.   -   Блоха, 
айналайын, бұл жерде батяны сенен басқа алып кете алатын кісі жоқ. Тез барып құтқар 
батяны. Сенің орныңа пулеметке өзім жатамын. 
        Блоха төбе құйқасы шымырлап, өзінің не боп кеткенін білмей қалды. 
-        Тірі ме? - деді бар аузына түскен сөз осы болып. 
-        Тірі, тез жете гөр, айналайын!. 
Көбік карды садақтың оғындай сызып рота командирінің окобына тез жеткен Блоха ес-
түсін білмей жатқан Бауыржанға төнді. 
         Алыпты   алып   қана   аркалайды   емес   пе,   оны   иығына   салып,   тез-тез   жиырылып, 
енбектей женелді. Оның артынан кетіп бара жатқан танктың бір жақтабанының ізіне ұқсап, 
шұбатылған траншеядай терең із минут сайын ұзара берді... 
            Екеуі   үстел   басына   отырып,   хал-жай   білісті.   Блоха   Карағандының   бір 
шеберханасында ұста болып істейді екен. Бауыржанның осында келгенін газеттен окып, 
әдейі іздеп келіпті. 
         Бауыржанның   буфетінде   бір   жартылык   таза   спирт   бар   еді.   Соны   алып   келді   де, 
графиннің жанында тұрған үлкен стаканға толтыра кұйып, Блохаға ұсынды. 
-         Мен   қазір   ішпеймін,   -   деді   Бауыржан,   -   шахтаға   кездесуге   бара   жатырмын.   Ал 
екеуіміздің осы кездесуіміз үшін сен мынаны жұтып қой. 
-        Дем алмастан ба, батя? 
-        Иә, дем алмастан. 
Блоха бір стакан спиртті екі-ақ қылқып, көріктей кеудесін керіп, терең бір дем алды да, 
аузын күректей алақанымен сүрте салды. 
-        Екеуіміздің бүгін бірге отыратын он-ақ минут уакытымыз бар, - деді Бауыржан. - Сен 
ертен офицерлердің клубына кел, сонда молырак сейлесеміз. 
-         Немене, батя, ылғи асыктыра бересің, - деп Блоха наразылык білдірді. - Соғыста 
асықтырғаның жөн. Енді тыныштық кезде асықгырмасаңшы. 

-         Молчать! - деді Бауыржан мұрты тікірейіп. - Мен болашақ ұрпақтың асықпауы үшін 
асығамын. Понятно тебе? 
            Ертеңінде   белгіленген   сағатта   Бауыржан   Қарағандының   офицерлер   үйіне   келді. 
Атақты   Момышұлын   көру   үшін   қала   офицерлері   әйелдерімен,   бала-шағаларымен 
жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. 
         Ине шаншар жер жоқ иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді. Сөз 
берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне 
белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. 
-         Жолдастар,-деді   Бауыржан   орнынан   тұрып,-дүние   жүзіне   аты   жайылған   атақгы 
Момышұлы   мен   емес.   -   Жұрт   демін   ішіне   тартып,   сілтідей   тына   қалды.   Осы   кезде 
Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң 
бола бастады. Осы кезде Бауыржан  президиум  үстелінің басында отырған өзгелерден 
бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын 
бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, 
бүкіл   дүние   жүзіне   паш   еткен   адам   бұрынғы   пулеметшім   Блохамен   мен   кеше   ғана 
табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат 
етіңіздер. 
             Жұрт   ду   қол   шапалақгап,   орындарынан   түрегелісті.   Бауыржан   мен   Блоха   екеуі 
сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады. 
Жұртты   тыныштануға   шақырып,   Бауыржан   қолын   кетерді.   Осы   кезде   Бауыржанның 
касындағы жігіттердің бірі сахнаға шығып, гвардия полковнигі Момышұлының атынан деп 
гвардия жауынгері Блохаға бағалы сыйлық тапсырды. 
-         Ендігі сөзді гвардия жауынгері, бұрынғы пулеметші, қазіргі ұста Остап Тарасович 
Блохаға беремін,- деп Бауыржан орнына отырды. 
Блоханың мінбеге шығуынан түсуі тез болды. 
-        Жолдастар! - деді ол даусы гүр ете қалып. - Бәріңізді батямен бірге біздің үйден дәм 
татуға шақырамын...
Кездесуден   кейін   Бауыржан   Блоханың   үйіне   қонаққа   барды.   Ұстаның   он   баласымен, 
әйелімен танысты. 
-         Батя, есінде бар ма?-деді Блоха Бауыржан кетерде. - Санбатта дәрігер арқанды 
ұстараның жүзімен тіліп, әрең алған оқты маған беріп едің ғой. Мен соны ескерткіш үшін 
жоғалтпай сақтап жүрдім. 
Соғыстан қайтып келе жатканда зат қапшығыммен бірге жоғалтып алдым. Қазір саған не 
сыйларымды білмей отырмын. 
-        Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ, - деді Бауыржан. - Сен менің өз өмірімді өзіме  
сыйлаған кісісің. Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. 
-         Сонда да, - деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, - мына Волоколамск 
тас   жолымен   немістердің   танктері   бізге   қарап   қаптап   келе   жатқанда,   оларды   лайықты 
қарсы  алар  алдында  менің   темекі   тұтатқан  шақпағым   еді.  Осы   үйдегі   соғыстан   калған 
жалғыз белгі осы ғана. Олқысынбасаң осыны саған сыйлағым келеді. 
-         Бұл сыйлығынды қабыл аламын, - деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған 
шакпақты алып жатып. - Бұл баға жетпес ескерткіш... 
         Бауыржан 1942 жылы өзінің қалай ауыр жараланғанын айтып, жанындағы жолдасы 
Блоха есімін аузына алғанда, менің ойыма осы оқиға түскен еді. 
-        Ол жара арқаңыздың қай тұсында? - дедім ойымда бөтен ештеңе жоқ мен, батырлар 
жырында айтылатын: «Омыртқада он жара, қабырғада қырық жара» дейтін жолдар есіме 
түсіп. 
Бауыржан маған алая бір қарады да, жонын беріп теріс айналып кетті. Үстіндегі кительді 
жауырынының астындағы көйлекпен қоса, жоғары қарай жұлқи тартып, тез көтерді де: 
-        Қара! - деп зекіді маған. 
Мен   оның   етіндегі   жараның   орнын   тексерейін   деп   ойлаған   жоқ   едім.   Ол   аркасын 
жалаңаштай бастағанда не істерімді білмей, бөгеліп қалдым. 
-         Қара деймін! - деді ол даусын   одан  сайын қатайта  түсіп.  Мен  амалсыздан  оның 
қоңырқай тәніне көз салып, қолыммен арқасын сипалай бастадым. 

-        Мына біреу ме? - дедім сегізкөздің тұсындағы титтей тыртықты көріп. 
-        Жоғары сырсаңшы көйлекті, адам құсап, - деді Бауыржан дегбірсізденіп. 
Қолым дірілдеп көйлегін жоғары көтерсем, расында да жауырынынан бір қарыстай төмен, 
қыр арқасында ақ тыртық бар екен. 
-        Міне, таптым, - дедім сол жерді тапқаныма қуанып. 
       Бауыржан   көйлегін   төмен   түсіріп   үн-түнсіз   қайтадан   бері   бұрылды.   Мен   қызарып 
кеттім.   Сол   жарасы   бар   болғырдың   қай   жерінде   екенінде   не   шаруам   бар   еді   деп, 
аузымнан   ол   сұрақтың   қалай   шығып   кеткеніне   өкіндім.   Енді   оған   ойланбай   сұрақ 
қоймаспын дедім ішімнен. 
       Бірдеңені бүлдіріп алған баладай болып, мен үндемедім. Ол маған мұрты жыбырлап, 
тесіле карап отырды да, мойнын ары карай бұра түсіп, кайтадан сөйледі. 
III
-         Екінші ауыр жараланғаным 1944 жылы, - деді ол сөзін кайтадан жалғап. - Комдив 
болып жүргенде кұладым... 
-        Аттан ба? - деппін мен Бауыржанның жаңағыға шамданып өзімді куып шықпағанына 
куанып, әлгінде ғана енді оған ойланбай сұрақ коймаспын деген іштей сертімді ұмытып. 
Деуін десем де, тағы да бірдеңені бүлдіріп алдым ба деп, кыбыжықтаңқырап калдым. 
-         Жок, жаяу келе жатып, - деді Бауыржан менің бұл сұрағыма шамданбай.- Оңбай 
құладым   және   жаным   шығып   кете   жаздады.   Біразға   дейін   жығылған   орнымда   қозғала 
алмай қалдым. Есімді жиған соң орнымнан тұрсам, жерден шошайып шығып тұрған темір 
қазықка тура құйымшағыммен құлаппын ғой. Содан кейін бірнеше күн атқа отыра алмай, 
шалқамнан жата алмай жүрдім. Бірақ соғыстың қызуымен тағы да госпитальға соқпастан 
кете бардым. 
Бауыржан сәл бөгеліп, сөзін қайтадан жалғады.  
-        Мінеки, осының екеуі де жүйкеге тікелей байланысты аса ауыр жарақаттар еді. Оның 
үстіне мен 207 рет ұрысқа кіріп, 5 рет қоршауда  қалған кісімін. Соғыстың әр секундын 
жүйкеге   қадалған   бір   ине   деп   есептесек,   сонда   менің   нерв   жүйеме   көзге   көрінбейтін 
қаншама жарақат түсті десеңші! Жас кезде елеп-ескермей жүре бергенмен, соның бәрі 
тереңге   көміп   тастаған   мина   сияқты   пәле   екен   ғой.   Міне,   алпыска   шығып,   қуат   кеми 
бастағанда сол оқтар сарт етіп шыға келді де, екі аяқтан ала кеп түсті. Мінеки, қарағым, 
біздің жай осылай. 
       Бауыржанның   соңғы   сөздері   сәл   мұндылау   болып   шықты.   Оның   үстіне   басқа 
адамдардың   аузынан   естігенде   онша   әсері   бола   бермейтін   «қарағым»   деген   сөз 
Бауыржан айтқанда соншама жылы сияқты боп сезілді. Қатал адамның аузынан шыққан 
жылы сөздің 
жанға ерекше әсері бола ма екен деп ойладым ішімнен. 
-         Мен   комдив   кезімде   тоқсан   килограмм   едім.   Онда   мына   сояудай   саусақтар 
айналасында   әжептәуір   еті   бар,   адам   көруге   тұрарлық   болатын.   -   Ол   маған   ежірейе 
қарады. Ақырын байқасам, мұртының екі жақ ұшы жыбырлап кеткен екен. Бұл Баукеңнің 
айдынданғандағы әдеті болу керек деп ойладым. Мен тағы да басымды изедім. 
-        Қазір салмағыңыз қанша, Бауке? 
-        Қазір алпыстан әзер асатын болдық қой, - деп Бауыржан қолын бір-ақ сермеді. 
Мен оның мұнша арығанын аяғандай болып, басымды шайқадым. 
-         Әй,   мен   мүсіркегенді   ұнатпаймын,   -   деді   ол   жұлып   алғандай.   -   Менің   биыл 
ауруханадан неге шығып кеткенімді білесің бе өзің? 
-        Жок, Бауке, білмеймін.
-         Білмесең тында. Ауруханаға түсе қалсаң-ак әркімдер келіп: «Бауке, қалайсыз? Өң-
өң-өң...   Ө-е-е!»   деп,   -   осы   арада   ол   мойынын   ішіне   алып,   әлдекімше   бұқиып, 
әлдекімдердің даусын салды,- өтірік есіркегенсіп, мүләйімси қалады. Солардың мен өліп 
кетсем,  қуанбаса,  күйінбейтінін біліп тұрамын.  Сөйте  тұра олардың өтірік  «Өң-өң-өң...» 
дегендерін   жаным   жек   көреді.   Осындай   өтірік   мүләйімсу,   мүсіркеуді   көрмеу   үшін 
ауруханадан шықтым 
да кеттім. 

Бауыржан сәл бөгеліп барып, сөзін қайтадан жалғады. 
-         Ауруханадан шығып, үйде біраз тыныққан соң елге жүріп кеттік. Елде інім бар еді, 
әкемнің інісі - Момынқұлдың баласы. Колхозда парторг екен. Осылай ауылда екі ай жатып 
қайттық. 
Осы кезде шай келді. 
-        Ал, өз халдарың қалай? Денсаулық жақсы ма? 
-        Шүкір, Бауке. 
-        Маған не шаруамен келдің? 
-         Сіздің алпыс жылдығыңызға байланысты «Жұлдыз» журналының  тапсырмасымен 
келдім. 
-         Сенің   бойындағы   ең   жақсы   қасиетің   не?   -   деп   сұрады   ол   менің   сөзімді   тындап 
болғаннан кейін. 
-        Жанымдағы адамның сөзін жалықпай тындау, Бауке. 
-        Жүр, онда ана бөлмеге барып сөйлесейік,-деді Бауыржан, бұған сенерін де, сенбесін 
де білмегендей маған тесірейе қарап. 
     Үндемеу үлкен тактика екенін мен осы арада ұқтым. Бауыржан маған ақыра бастаса, 
менің оған қарсы қолданар негізгі тактикам осы болуы керек деп қорыттым. 
«Ана бөлме» дегені кухнямен іргелес, қораның ішкі жағына қарай шығатын балконы бар 
бөлме екен. Бөлменің сол жағында жиналмаған аласа ағаш төсек, оның қарсысында үсті 
қобыраған газетке толы дөңгелек журнал үстелі мен екі кресло тұр. Оң жақ қабырғада 
жабулы тұрған есік бар. Кіре берістегі, балконға қарсы кабырғаға биік шкаф қойылыпты. 
Бауыржан аяғын жерге тіреп, шалқалап төсекке жайғасты. 
Тайға мінген ересек кісінің тізесіндей болып, екі тізесі төсектен асып тұрды. 
               Журнал, газеттердің үстіне он шақты парақ ақ қағаз қойылған екен. Газеттерді 
жинап,   түкпірдегі   креслоға   қойдым   да,   өзім   екінші   креслоға   отырып,   қалтамнан   қойын 
дәптерімді   суырдым.   Оны   суырғанмен   көлемі   шағын   дәптерге   көсілтіп   тез   жазу   киын 
болатынын сездімде: 
-        Бауке, рұхсат болса, мынау кағазға жазсам ба екен?-дедім. 
-        Е, жазғын, саған әдейі қойылған қағаз ғой, - деді Бауыржан. 
   Өйткені мен бұл үймен кеше телефон арқылы хабарласқанмын. - Ал «Жұлдыз» саған не 
жаз деп отыр? 
-         Оларға   сіздін   алпысқа   толуыңызға   орай   бір   нәрсе   керек   сияқты.   Атап   айтқанда 
жазушының мүшел мерекесіне байланысты жазылатын дәстүрлі мақала қажет көрінеді,-
дедім мен. - Ондай макала жазуға мен әдебиет зерттеушісі, сыншы емеспін. Ал сіздің 
творчествонызды талдауға жай сыншы емес, әскер психологиясын білетін өзгеше сыншы 
керек.   Сіз   туралы   очерк   жазу   да   қиын.   Өйткені   сіздің   ерліктеріңіз   жайында   Александр 
Бектің,   Бауыржан   Момышұлының   кітаптарында   толық   баяндалған.   Сол   қалың   кітаптар 
арқылы халыктың сүйікті кейіпкеріне айналған адам жайында он беттік очеркте мен не 
айта аламын, Бауке? Олар не айтсаң да сен айт, сен де соғыста болған адамсың ғой деп 
менің түп 
етегімнен ұстап отыр. Мен  оларға өзімнің әскери, әдеби атағым  сізден әлдеқайда кіші 
болғандықтан сізбен тілдеспей, сізден рұқсат алмай ештеңе жаза алмайтынымды айтып, 
өзіңіздің елден келуіңізді тостым. Міне, бүгін қалың оқушы қауымға сіз туралы не айтуға 
болады деп өзіңізбен ақылдасуға келдім. 
       Бауыржан біраз үнсіз отырды, дәлірек айтқанда төсекте үнсіз шалқалап жатты. Содан 
соң қаһар шақырғандай кабағын түйіп алды. Бірақ жауабын жай бастады. 
-        Мен туралы менен рұқсатсыз ештеңе жазбаймын дегенің дұрыс, - деп бастады сөзін. 
- Бірак, қарағым, сен өкпелемегін; мен өзім туралы ешкімге мақала диктовать етпеймін! - 
Ол   он   шақты   сөзін   жұмсақтап   жылы   етіп   бастағанымен,   оған   «қарағым»   дегенді 
қосқанымен, соңғы сөздерін маған ежірейе қарап, қатуланып айтты. Мен бір ол кісіге өзіңіз 
туралы мақала жазып беріңіз, мен соған қол қояйын деп мөлиіп отырғандай, сол үшін мені 
түтіп жіберердей боп зығырданы қайнағаны білінді. Мен сізге өзіңіз туралы мақала жазып 
беріңіз   деп   келгемін   жоқ   десем:   «Енді   неге   келдің»   деп   тап   беретін   сияктанды.   Мен 
жоғарыдағы «тактикама» сай, мойнымды салбыратып отыра бердім. - Екіншіден,-деді Ба- 

уыржан даусын одан сайын көтере түсіп, - мені мақтап жаз деп ешкімге де айтпаймын! 
           Баукең  сабасына түссін деп  біраз  үнсіз отырдым  да,  содан соң барып басымды 
көтердім. 
-         Онда қалай болады? Менің не істеуім керек? - дедім мен әдейі абыржыған болып, 
Бауыржан не дер екен деп. 
-        Осы тойғаныңмен кайта бергін, карағым. 
     Бауыржан сенімен сөз бітгі дегендей, мойнын есік жаққа бұрып әкетті. 
-        Тойып қайтсам арманым не, тоймай тұрмын ғой, Бауке, - дедім мен күліп, - онда сізге 
біраз сұрақ қойсам кайтеді? 
-         А сұрағың болса, сұрағын, - деді ол енді мойнын бері бұрып; маған тура қарап. - 
Оған жауап беруге болады. 
       «Сұрағың болса сұрағын». Неге болмасын? Мен осы кездесуге дейін он күн бойына 
Момышұлының   кітаптарын   қайталап   оқыдым.   Ол   жайында   ел   ішінде   айтылатын   ұшы-
қиыры жок аңыздардың өзім білетін бірсыпырасын есіме түсірдім. Ақиқат пен аңызды 
ұштастырған   бұл   адам   жайында   не   жазамын,   қалай   жазамын   деп   толғандым.   Ақыры 
Бауыржан туралы мақала да, очерк те жазудың қажеті жоқ, одан оқушы қауымға кызықгы 
бірнеше   сұраққа   жауап   алып,   әңгіме-интервью   тәрізді   нәрсе   жазамын   деген   тоқтамға 
келгемін. Үш күн ойланып жүріп оған қоятын сұрақтарымды қағазға тізгенмін. Оны бірнеше 
адамға   оқытып,   Бауыржанға   өздерің  кандай   сұрақтар   қояр  едіндер  деп,   олардан  және 
кеңес 
алғанмын. 
      Ішкі   қалтамнан   машинкаға   басылған   төрт   бет   қағазды   алдым   да,   бүктеуін   жазып, 
Бауыржанға қарадым. 
-        Бауке, мен сіздің «Біздің семья» деген кітабынызды оқып шықтым. Бұрын оқи алған 
жоқ едім, таяуда окыдым. Бұл кітабыңызды да қатты ұнатып, сүйсініп тауыстым. Онда сіз 
халқымыздың   үлкенді   сыйлау,   ананы   ардақтау   сияқты   асыл   қасиеттерін   көрсетіпсіз.   - 
Бауыржан   үндемеді.   -   Онда   сіз   халқымыздың   ар   мен   намыс   үшін   жандарын   да 
аямайтындығын жазыпсыз. Онда сіз халқымыздың ауыз әдебиетінің адамгершілікке, аза- 
маттыққа тәрбиелейтін жақсы үлгілерін бүкіл дүние жүзі әдебиетінің асыл мұраларымен 
теңестіре суреттепсіз. - Бауыржан басын көтеріп, журнал үстелінің шетіндегі «Қазақстан» 
сигаретінен   біреуін   алып,  ұзын   ақ   мүштікке  сұқты  да,  сіріңке  шақты  -  Онда  сіз  Аққұлы 
сияқты   ат   пірінің,   Зейнеп   сияқты   асыл   әйелдің,   Садық   Абланов   сияқты   адал   жүрек 
большевиктің жан тебірентер жақсы бейнелерін жасапсыз. Мен, кітабыңызды оқи отырып, 
сіздің ауылдың адамдарын шетінен жақсы кәрдім. Бауыржан есімді кішкентай ұлын орыс 
мектебіне оқуға жібергелі жатып: «Балам, орыс тілін үйренсең бар халықпен байланысты 
боласың.  Онда сені ешкім  -  орыс та, қазақта жәбірлей алмайды» дейтін Момыш  атам 
қандай тамаша! - Басын қабырғаға тіреп, төсекте жартылай шалқалап жатқан Бауыржан 
мүштігін бір езуіне қарай сырғытып апарды да, аузынан, аспанда жарылған зенитка- 
ның оғындай бұрқ еткізіп, темекінің түтінін шығарды.
Бауыржан ләм деген жоқ. Шығармасын лайықты бағалап жатқанда қай жазушы болмасын 
не бас изеп, не болмаса жымиып ризалық білдірмей қала алмаса керек еді. Әрине, біреу 
өзін мақтаған кезде ұстамдылық көрсету, дәл осындай болып үн-түнсіз қалу екінің бірінің 
қолынан келе бермейді. Бұл еркі, рухы нағыз күшті адамдардың ғана касиеті. 
          Әрине,   мен   Бауыржанның   ол   кітабын   оны   көңілдендіріп   алайын   деп   өтірік 
мақтағамын жоқ. Ол менің шын жүректен шыққан, бүкпесіз көңілмен берген өз бағам еді. 
Және мен Бауыржанмен тіл табыса калсам, онымен болатын бүгінгі әңгімеге осы кітаптан 
аттап   түсуім   қажет   деп   ойлаған   болатынмын.   Енді   жайлап   сол   жоспарымды   жүзеге 
асыруға кірістім. 
-         Бауке, сіздің «Біздің семья» кітабыңыз өзіңіздің алғаш реет орыс мектебіне оқуға 
баруыңызбен,   шәкірт   шағыңызбен   аяқталады.   Ал   екінші   кітабыңыз   -   «Москва   үшін 
шайқас»  Момышұлы  батальонының   5  күн,   5  түн  жүріп  қоршауды   жарып  шығып,  Воло-
коламск   қаласын  революциялық   әнмен  сілкіндіре  өтіп  бара  жатқан  кезімен  басталады. 
Осы екі аралықтағы сіздің өміріңіз қалың оқушы қауымға белгісіз ғой деп ойлаймын. Сіз 
маған   шәкірт   шағыңыздан   комбат   болғанға   дейінгі   өміріңізді,   Бекке   айтқандай   етіп 

баяндап берсеңіз. Мен содан очерк жазсам. Әңгімеңіздің ара-арасында мен сізге қысқа-
қысқа сұрақтар және қойып отырсам деймін. 
-        Бұл сенің әдеби әдісің ғой тегі? 
-        Солай десе де болады, Бауке. Осыған келісесіз бе? 
-        Келісейін. 
-         Бекке   айтқаныңыздай,   өтірік   айтсаң   сол   қолынды,   одан   соң   оң   қолынды   шауып 
тастаймын демейсіз бе? 
-        Сен өтірік айтпағын, мен олай демейін. 
-        Құп, Бауке. 
-        Ал, тындағын онда. 
IV
-        Рас, ол кітап менің ең алғаш рет орыс мектебіне оқуға келгеніммен аяқталады, - деп 
бастады Бауыржан әңгімесін. - Ол менің он екіні - «дбанасат», он алтыны - «шешнасат», 
он   тоғызды   -   «дебатнасат»   деп   жүрген   кезім   болатын.   Гончаровтар   семьясы   маған 
жабыла көмектесіп, тілімді жұмсартты. Бірге оқып жүрген орыс балаларымен күн сайын 
жақындасып, достаса бердім. 
Өстіп, Евгеньевка селосында мен бір қыс оқыдым. Келесі жылы Жамбыл қаласына, ол 
кезде   Әулиеата   деп   аталады,   келіп   Аса   интернатына   түстім.   Онда   үш   жыл   оқып, 
бастауыш мектепті тәмамдадым. 
Ол   кезде   орта   мектеп   деген   атымен   жоқ.   Жетіжылдықтың   өзі   алғаш   рет   1924   жылы 
Шымкентте ашылды. Оған төрт кластық білімі барларды алады екен. Бірақ ондай білімді 
шәкірттер аз. Сондықтан үшінші класс бітірген бізді соған алды да кетті. Келсек, біз сияқты 
балалар Шымкентке жан-жақтан жиналып калыпты. 
Қызылордадан Әбділда Тәжібаев келіпті. Казалыдан келген бірнеше бала бар. «Қазақстан 
коммунисі»   журналының   қазіргі   редакторы   Кұрманбек   Сағындықов   бәріміз   сонда   бірге 
оқыдық. 
Біз оқыған тұңғыш жетіжылдык мектептің үйі Шымкентте әлі күнге дейін бар. Бүгінде ол 
Совет   Одағының   Батыры   Қарсыбай   Сыпатаев   атындағы   қазақ   орта   мектебі. 
Жетіжылдықты біз 1928 жылы бітіріп шықтык... 
Автор. Осы арада бір жанама сұрақ қоюға рұқсат етіңіз, Бауке. 
Бауыржан. Қойғын. 
Мен  тізіп  алған сұрақтарымның  біріншісіне көз  киығын салдым  да,  одан соң өзім  жазу 
жазып   отырған   кішкентай   үстелдің   үсті   мен   Бауыржанның   жан-жағын   шапшаң   шолып 
өттім. Оның айналасында бір пачка сигарет пен бір қорап сіріңкеден басқа қатты қару жоқ 
екеніне   көзім   жеткеннен   кейін   мырс   етіп   күліп   жібере   жаздадым.   Бұл   жерде   есіме   бір 
журналистің бірінші сұрағына Бауыржанның қалай жауап бергені түскен еді. 
 Болгариядан   Алматыға   келген   Пенков   деген   журналист   Момышұлына   жолығып,   одан 
интервью алмақ болады. Бірақ Момышұлы ол кезде Москвада жатса керек. Бауыржанның 
«Бухарест» мейманханасында жатқан адресін алып, журналист оны іздеп барады. Сонда 
журналист жаңағы мен сияқты қағазына қарап алып, алғашқы сұрағын қояды: 
«Сізді соғыста батыр болды дейді. Шыныңызды айтыңызшы: ешқашанда корыққан жоқсыз 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал