Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/42
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
жастарға   айтсаң   тыңдамайды   ғой,   тындамайды»   деген   сөздері   айқын   естіліп   тұрды. 
Баукең ол сөзге құлак салды да, маған карап: 
-        Мынау сенің Дерпенің бе? - деді. 
-        Сол кісі. 
-        Жүр, Кәмәш, мені төменге түсіріп сал, - деп ол асыға орнынан тұрды. 

Баукең Кәмәшка сүйеніп төмен қарай беттеді. Мен ілбіп өз палатама келдім. Келе сала 
Баукеңмен бүгінгі кездесудің детальдарын қолма-қол сол тұста жаңа бастап жазып жүрген 
блокнотыма көшіре бастадым. Ол әңгімелердің әркайсысының басына 
«Жаксыгүл», «Таксист», «Дерпен» деген тақырыптар қойдым. 
V
Аурухананың   тәртібіне   байланысты   біз   көбіне   кешке   қарай   сөйлесіп   жүрдік.   Бұл   күні 
үшінші   қабаттың   вестибюлінде   адам   көп   болып,   жұрт   бір   жағынан   қабырғадағы 
автоматтан үйлеріне телефон соғып жатқандықтан шырқымыз бұзылып, төменге түстік. 
Астағы   неврология   бөлімінің   ескі   диванына   келіп   жайғаса   бастадық.   Осы   кезде 
аурухананың көк ала халаты сүйретіліп пұшпағына түскен біреу қалтиып келіп қасымызға 
тұра қалды. Сөйтсек өзіміздің ағайынымыз, аудармашы, жазушы, қу тілді кісі Әбдірашит 
Ахметов екен. 
-         Сендердің халдерінді білу үшін демалыс сайын осында келемін,- деп бастады ол 
сөзін. - Келген сайын карантин деп кеудемнен итеріп кіргізбейді. Содан соң, осы екеуіңнің, 
- ол екеуімізді кезек нұскады, - халдерінді білейін деп әдейі ауруханаға түстім. 
Бұл әдемі әзілге Баукең екеуіміз қосыла күлдік. 
-        Біздің көңілімізді дәл бүйтіп ешкім сұрап келген емес, - деді Бауыржан көзінің жасын 
сүртіп. 
-         Білесің,   білгеннен   соң   істейсің,   -   деп   Ахметовте   күлді.   Бұл   қазақтың   атақты 
академиктерінің бірінің аузынан шығып, жұртқа мәтел боп кеткен «Білесің, білгеннен соң 
айтасың» дейтін белгілі сөзінің сәл өзгертілген нұсқасы еді. Оған тағы да езу тарттық. 
-        Науқас кісіге күлкі де керек, - деді Ахметов одан соң. - Екеуіңе берген менің алғашқы 
жәрдемім осы болсын. 
-        Рақмет, Әбеке. 
-        Өзің қашан келдің? - деді Бауыржан. 
-         Осыдан   бір   сағат   бұрын   келіп,   хирургия   бөлімінің   қырық   төртінші   палатасына 
жайғастым. 
-        Не науқас? 
-         Баяғы бауыр. Бұл менің екеуіңнің көңілінді сұрағаным, - деді Ахметов әңгімені өзге 
тақырыпқа аударып. - Ал енді екеуіңді де құттықтаймын. 
-        Не үшін, тағы да ауырып жатқанымыз үшін бе? 
-         Жоқ,   -   деді   Ахметов,   алдымен   Бауыржанның   қолын   алды.   -   «Жұлдыз» 
журналындағы   «Ақиқат   пен   аңыз»   үшін,   алмас   қылышты   ешқашан   да   тот   баспайтыны 
үшін, Бауке. 
-        Онда мынаны кұттықта, - деді Бауыржан мені иегімен нұскап. 
Ахметов енді менің қолымды алды. 
-         Қызықтығы,   бастасаң   бас   алдырмайтыны   сондай,   бір   атым   насыбайдай   бір-ақ 
қақтым. Рақмет саған. 
-        Ауруханада жатқан менің көңілімді көтеру үшін де мақтап жатқан боларсыз, Әбеке. 
Оныңызға рақмет. 
-        Жок, шыным,-деді Ахметов саусағын шошайтып. 
Автор.   «Москва   үшін   шайқас»   фильмінде   Бауыржан   рөлінде   өзіңіз   неге   шықпадыңыз? 
Фильм сіздің кітап бойынша жасалғаннан кейін, онда Бауыржан болып өзіңіз көрінгеніңіз 
жөн сияқты еді. Келешек ұрпақ кітаптарыңызды оқып, атыңызды білгеннің үстіне өзіңізді 
кинодан көрсе тіпті ғанибет болатын еді ғой. 
Бауыржан. Оған шыдамым жетпеді. Алдымен Ілияс Омаров фильмнің сценарийін көріп 
бер деп өтінді. Көріп берген емес, мен оны қайта жазып шықтым. Бірақ киношылар менің 
жазғанымның   жартысын   ғана   қабылдады:   өйтуге   болмайды,   бүйтуге   келмейді,   оны 
көрсетуге   жарамайды   деп   есімді   шығарды.   Ілияс   марқұм   Бауыржан   боп   өзің   ойнасаң 
қайтеді дегенді де айтып еді. Енді мені артист етейін деп пе едіңдер, аулақ деп, қолымды 
бір-ақ сермедім. 
Осы кезде кешкі тамаққа шақырып сестралар келді. Біз бетбетімізге тарап, әрқайсымыз өз 
бөлім, палаталарымызға қарай кеттік. 

VI
Тағы бір күні кешке Кәмәш палатаға бас сұғып, Баукеңнің вестибюльге көтеріліп, мені күтіп 
отырғанын айтты. 
Үйреншікті   орынға   келсем   Баукең   қолтығына   бір   қағаз   папка   қысып,   креслода   темекі 
тартып отыр екен. Оның қасындағы бос орынға келіп мен жайғастым. Біздің бұл кештегі 
әңгімеміз алдымен әзіл қалжың түрінде басталды. 
-        Біздің бір жақынымыз, атақты артистің әкесі, сері, айтысқыш ақын әрі алғашқы совет 
болыстарының  бірі болыпты, - деді Бауыржан  әңгіме бастап. - Олардың руы  Алакүшік 
аталушы еді. Ол кісіні өзім жас кезімде талай рет көрдім, әңгімесін де естідім. Қыздармен 
айтысқанда екі рет жеңілдім деп отырушы еді.
-         Бір жолы өзіммен айтысқан қызды дөңгелентіп жеңуге аз-ақ қалып едім, - дейтін 
жарықтық. - Қасымдағы хатшым пұшық мұрын қара жігіт еді. Жеңілемін-ау деп сасқалақтап 
отырған қыздың соған көзі түсіп кетіп, бір кезде былай деп қоя бергені ғой: 
Болысы біздің елдің Алакүшік, 
Хатшысы қасындағы қара пұшық. 
Ауылдың әйелдері, сақтанындар, 
Кетпесін Ала күшік сүтіңді ішіп. 
Осыдан кейін ауыз аша алмай тотидым да қалдым, - дейтін. 
-         Екінші рет жеңілгенім, - деуші еді ол кісі, - сақал мен мұрттың әлегінен болды. Ол 
кезде жас адамдар да сақал мен мұрт қояды. Бір тойда тағы да бір қызбен айтысып қоя 
бердім. Мен де соғып жатырмын, қыз да жағаласып жатыр. Бір кезде қыз былай деді: 
Қауғадай сақал-мұртың, кәрімісің? 
Кәрі болсаң қыздарға дәрімісің? 
Мынау түр-сықпытыңа қарағанда, 
Адам ата жасынан әрімісің? 
Оған менің былай деп жауап бермесім бар ма: 
Ала қашып сөйлейсің жылқыдай ұрт, 
Тебеген биедей боп бересің сырт. 
Несіне сақалымды қазбаладың, 
Қай жерге шықпайды бұл боқ жеген мұрт? 
Осыған қыз шап ете түсіп, «мұртыңыз боқ жесе, аузыңыз не жейді?» деп өлеңдетіп қоя 
бергені   ғой.   «Боқ   жеген»   деген   екі-ақ   сөзбен   ұсталдым.   Оның   орнына   «қай   жерге 
шықпайды бұл оңбаған мұрт» десем жетіп жатыр. Қыз тырп ете алмайтын еді. Міне, бұл 
екінші жеңілгенім,-деп отырушы еді ол кісі. 
Жас кезде естігенің жадыңда жақсы сақталады. Сонау бозбала күнімде сол кісінің аузынан 
қағып алған осы өлеңдер күні бүгінге дейін ойда келеді. 
Кәмәш Баукеңе қарап: 
-        Ойға келеді демекші, көптен сізден жасырып келген бір әңгімем бар еді. Жарайды, 
оны да айтайын, - деді Кәмәш күліп. - 1964 жылдың жазында Семейдің Абай атындағы 
қазақ театры Алматыға гастрольге келді. Семейліктер менің төркінім ғой. Баукең оларды 
тегіс қонаққа шақырды. Үйге жиырма шақты артист жиналды. 
Қонактар ішіп-жеді. Ән салды, әзіл тарқатты. Кетуге ыңғайланды. Сол кезде Бауыржан 
орнынан тұрды. 
-         Ал енді сендердің бәрлерің сонау Семейден келдіңдер, - деді қонақтарға кезек көз 
тастап. - Семей - менің қайын жұртым, мына Кәмәштің төркіні. Семей - Кәмәштің ғана 
емес,   қазақтың   театр   өнерінің   төркіні.   Ең   алғаш   сонау   Шыңғыс   тауының   етегінде 
көтерілген қазақ театрының қара шаңырағын арқалап келіп, алғашқы спектакль «Еңлік- 
Кебекті» көрсетіп, астананың көрермен қауымын риза еттіндер. Халық қол шапалақтап, 
министрлер 
мақтап, газеттер мадақтап жатыр. Қайырлы болсын! Біз де разымыз. Разылығымыздың 
белгісіне...- деп бұл пиджагінің ішкі қалтасына қолын сұқты. Мына шал не қылғалы тұр деп 
мен   оған   қадалып   қалыппын.   Бірақ   қалтасынан   қолын   суырмастан,   сөзін   әрі   қарай 
жалғады. - Осы отырған біреуің қайнаға, бірнешеуің балдыз екенсің маған. Тек Кәмәштің 

ғана төркіні деп емес, өнеріміздің төркіні, театрымыздың төркіні деп, мен әрқайсыңның 
иығыңа шапан жабамын. 
         Мен   өз   көзіме   өзім   сенбедім.   Сенбейтінім   кеше   ғана   Бауыржанмбаспа   берген 
қаламақы деп, екі буда ақша әкелген. Он сомдықтармбудасының шетін бұзып, қонақасыға 
жұмсағанмын.   Жиырма   бесмсомдықтар   будасы   тұтасмтұрған.   Сол   бүтін   буданы 
қалтасынан   суырып   алып,   белдеме   қағазын   жыртгы   да,   карта   үлестіргендей   етіп,мәр 
қонақтың алдына төрт қағаздан тастай бастады. 
-         Әрқайсыңа   жүз   сомнан.   Шапан   тіктірсендер   де,   костюм   алыпмкисендер   де   ерік 
өздерінде, - деп шалым қарап тұр. 
         Ең соңында қолында бес-алты-ақ қағаз қалды. Оны желпуіш етіп жайды да, маған 
қарай лақтырып кеп жіберді. Оны жинап алып жатып, ішім удай ашып кетті... 
-         Ақша өз өңешіңді тығындау үшін ғана жиналмайды. Елін сыйлаған ер жұтамайды. 
Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам дүниенің қадірін білмейді. Понятно тебе? Тат-та, тат-
та, тат-та-та!-деп Баукең оң жақ иығына қарай басын бұрып әкетті. Мұнысы оның: «Бұл 
әңгіме бітті» дегені еді. 
VII
Автор.   Бауке,   анада   бір   сөз   арасында   шетелден   келген   әйел   жазушыны   қабылдадым 
деген сияқты едіңіз. 
Бауыржан. Осыдан бірер жыл бұрын француздың бір жазушы әйелі Алматыға келді. Ол 
әйелдің   туған   ағасы   француз   армиясының   подполковнигі   екен.   Қарындасының   Москва 
арқылы   Алматыға   соғатынын   естіп,   Момышұлына   жолығып,   көре   кел   деп   тапсырады. 
Арнап хат беріп жібереді. Әйел Алматыға келіп, Жазушылар одағында болады. Одан мені 
сұрастырады. Одақтағылар Момышұлы науқастанып үйде жатыр, мұнда келе алмайды, 
жолыға алмассыз дейді. Әйел де бір айтқанынан қайтпайтын жан болса керек. Ағасының 
аманатын   орындау   үшін   қалайда   маған   жолығуға   тырысады.   Мейманханада   жатып 
телефон анықтамалығынан менің әдресімді іздейді. Өзі орысша жақсы біледі екен. Кешке 
трубканы алады да 2-20-44-ке телефон соғады.
-        Айтыңызшы, тілеуіңізді берсін, бұл Момышұлының пәтері ме?-деп сұрайды. 
-        Иә. 
-        Ол кісіні телефонға шақыруға бола ма? 
-        Болады. 
Кәмәш келіп, сені бір шет ел акцентімен сөйлейтін орыс әйелі телефонға шақырып тұр 
деді.   Бұл   кім   болды   екен   деп  ойлап,   телефонға   бардым.   Сөйтсем,   сонау  Франциядан 
келген жазушы әйел. 
-         Мен   сізді   көрмей   Алма-Атадан   қайтпаймын   деп   ағама   уәде   беріп   едім.   Сіз 
науқастанып   жатыр   деп   естідім.   Сауығуыңызға   шын   жүректен   тілектеспін.   Бірақ   бірер 
минутқа болса да үйіңізге кіріп шығуға рұксат етуіңізді өтінемін, - дейді жалынып. 
-        Келіңіз, мадам, - дедім мен. - Бұрын ауырғаным рас еді. Қазір тәуір болдым. Ертең 
қай уакытта келсеңіз де менің есігім ашық. 
Ертеңінде түс ауа есіктің коңырауы шылдырлады. Телефон соққан француз әйелі екен. 
Қасында біздің Жазушылар одағы басшыларының біреуі бар. Оларды төрге отырғыздым 
да,   өзім   қарсыдағы   креслоға   жайғастым.   Әйел   алдымен   қабылдағаным   үшін   көп-көп 
рақмет айтты. Мен  басымды изедім. Содан соң ол сумкасынан  ағасының хатын  алып, 
маған ұсынды. Хатқа қарадым да: 
-        Мен французша білмеймін, мадам,-дедім. 
Ол жалма-жан сумкасына қайтадан қолын сұғып, екінші бір қағазды суырып алды. 
-        Ғапу етіңіз, полковник мырза, мен орысшасын қоса бермеппін ғой сізге,-деп қағазды 
маған берді. 
Оқысам француз подполковнигі маған жауынгерлік сәлем жолдапты. Мен туралы кітаптан 
оқығанын, Совет Армиясы полковнигін өзіне ұстаз көретінін айтыпты, тағысын тағылар. 
Хатты оқып болдым да: 
-        Ағаңызға рақмет. Менен жауынгерлік сәлем айтып барыңыз,-дедім. 
Әйел жымиып бас изеді де: 

-        Сізге бірнеше сұрау беруіме бола ма?-деді. 
Осы кезде оның қасына еріп келген жазушы қазақша: 
-        Бауке, былай... қиқарланбай... дұрыстап... - дей беріп еді, 
мен оның сөзін бөліп жібердім. 
-        Мадам қазақша білмейді, - дедім өзіміздің жазушыға ежірейе қарап, орысша сөйлеп. 
- Мен французша білмеймін. Сондықтан біздің тек қана орыс тілінде сөйлескеніміз жөн. 
-        Қазақтар француз әдебиетін оқи ма? - деп әйел бірінші сұрағын қойды. 
-         Оқиды, мадам, көп оқиды, - дедім мен.- Француз әдебиетін қазақтардың көпшілігі 
орыс және қазақтілінде окиды. Сонымен бірге француз тілінде оқитын қазақтар да бар. 
Олардың саны әлі аз. Бірақ түбінде қазақтардың көпшілігі француз әдебиетін түпнұсқадан 
оқитындығына мен сізді сендіре аламын. 
       Әйел менің жауабымды қағазына жазып болғаннан кейін: 
-         Мадам,   бәлкім   Сіздің   менің   өзімнің   француз   әдебиетін   оқитын,   окымайтынымды 
білгіңіз келетін болар, - дедім. 
      Әйел үндемеді. Содан кейін мен орнымнан тұрдым да: 
-        Менің кітаптарымды көріңіз онда, - деп кабинетімнің есігін аштым. 
Әйел   орнынан   ұшып   тұрып   кабинетке   кірді   де,   бірден   шкаф-   тағы   кітаптардың   түбіне 
үңілді. Үңілген сайын: 
-        О,Золя! 
-        О, Флобер! 
-        О, Бомарше! 
-        О, Анатоль Франс! 
-        О, Роман Роллан! 
-        О, Луи Арагон! 
-        Антуан де Сент-Экзюпери!-деп, әбден есі шығып кетті. 
-        Бұл сұрағыңызға қанағаттанарлық жауап алдыңыз ба, мадам?-дедім мен. 
Әйел басын изеді. 
-        Ендеше қайтадан жайғасып отырайық. 
-        Сіздің Франция президенті Де Голльге көзқарасыңыз қандай? - деді әйел қайта келіп 
отырғаннан кейін екінші сұрағын айтып. 
-        Кубада болғанымда маған әскери адамдар саяси сұрақтар қойды. Мәселен, АҚШ-қа 
қалай   қарайсыз,   ағылшындарды   қалай   көресіз?   -   деген   сияқты.   Мен   ешқандай   саяси 
сұраққа жауап бермеймін дедім оларға. Менің партиямның, Отанымның оларға көзқарасы 
қандай   болса,   менің   де   көзқарасым   сондай.   Осыдан   кейін   кубалықтар   маған   саяси 
сұрақтар бермейтін болды. Ал сіз әйел адамсыз ғой, сондықтан жауап берейін. 
-         Де  Голль   мырзаның   саяси бағытына  қосылмаймын.   Бірақ   өзін  Францияның   адал 
ұлдарының бірі деп есептеймін, - дедім. 
-        Қазақ әдебиеті туралы пікіріңіз қалай? - деді әйел бұдан соң. 
-         Өте жақсы,- дедім мен. - Ең арыдан келе жатқан өрелі, өрісті әдебиеттің бірі. Мен 
кейбір   әдебиет   зерттеушілерінің   қазақ   әдебиетін   беріден   бастап   дамыды   дегеніне 
қосылмаймын.   Олай   дейтінім   қазақтың   батырлар   жырын   алыңыз.   Олардың   әрқайсысы 
дүние   жүзіндегі   ең   озық   мұралармен   таласа   алады.   Мәселен,   қазақтың   «Қобыланды 
батыр» жырының жалғыз өзі ғана немістің «Нибелунгтар туралы», француздың «Роланд 
туралы» жырларынан немесе карелдер мен финдердің «Калевалл» эпосынан бір де кем 
емес. Ал қазақтарда мұндай жырлардың жалпы саны елуге тарта. Олардың көркемдік, 
күштілік, шешендік жақтарын бірер аптаның ішінде ауызбен айтып жеткізу қиын. Оларды 
біздің 
профессорларымыз   университеттер   мен   институттарда   бүкіл   жыл   бойына   талдап 
түсіндіреді.  Ал  осы   ғажайып   қаһармандық   дастандардың   жеке-жеке   авторлары  болған. 
Бірақ   бұл   дастандар   сонау   көне   заманнан   келе   жатқандыктан   олардың   авторлары 
ұмытылып, жыр текстері ғасырдан ғасырға ауызша ауысып отырған. Міне, осындай ұлы 
шығармалар жазған ежелгі казак ақындарының өз кабинеті болған. Олар осындай асыл 
жырларды, тамаша мақал-мәтел, шешендік сөздерді, жұмбақ, жаңылтпаш, әр алуан айтыс 
өлеңдерін сол ғажайып кабинетте отырып жазған. 

        Франңуз әйелі маған қадала қарап бақырайып қалыпты. 
-        Сенбей отырсыз ба, мадам? - дедім мен оған. 
Әйел басын изеді. 
-         Сіздің   ата-бабаларыңыз   көшпелі   халық   болған   ғой.   Көшпелі   халықтың   ақынына 
кабинет қайдан келеді деп ойлап отырғаным рас. 
-        Жок, менің халқымның арғы аталары бір кезде отырықшы ел болған. Отырар, Тараз 
тәрізді   ірі-ірі   қалалары   бар   мәдениетті,   білімді   ол   ел   бүкіл   шығыс   жұртының   сауда 
орталығы   боп   тұрған.   Кейін   шетелдік   басқыншылар   ол   қалаларды   ойрандап,   елдің 
егіншілік мәдениетін құртып, халқын қайтадан көшпенді қауымға айналдырып жіберген. 
Әңгіме   ол   туралы   емес,   әңгіме   біздің   ежелгі   ақындарымыздың   тамаша   шығармалар 
қалдыруына мүмкіншілік берген ғажайып кабинеті болғаны жайында. Өзіңіз ойлаңызшы, 
мадам, кабинетсіз шығарма жазуға болмайды ғой. 
Әйел басын изеді.
-         Қазақ ақындарының кабинеті шексіз-шетсіз кең дала, тамаша табиғат аясы болған. 
Сол   кабинетте   отырып   олар   мөлдір   көл,   зеңгір   тау,   жұртқа   жайлы   жерұйык   мекен,   ел 
қорғаны болған қаһарман батырлар жайлы мәңгілік шығармалар тудырған. Сол кабинетте 
отырып   олар   күндіз   самал   желмен   сырласқан,   түнде   жымындаған   жұлдыздармен 
тілдескен. Міне, нағыз ақын үшін осыдан артык кабинет бола ма? 
Француз әйелі мен біздің жазушы екеуі қосыла күліп жіберді. 
-         Мен   қазіргі,   іші   дүние   жүзі   классиктерінің   асыл   мұраларына   толы   кабинеттерді 
кемітіп   отырғамын   жок,   мадам.   Осы   заманғы   өнерлі   елдер   данышпандары   қалдырған 
өлмес   мұралармен   парапар   түсетін   туындыларды   дүниеге   келтірген   көшпелі   ел 
ақындарының кабинетін айтып отырмын. 
Енді әйел күлместен, ыкыластана бас изеді. Содан соң ол жаңа сұрақ қойды. 
-        Қазақтың жазуы қашаннан басталды? 
-        Өте ертеден. 
-        Тарихшылардың айтуына қарағанда қазақ жазуы арабтар 
жаулап алғаннан кейін пайда болған сияқты ғой, - деді француз әйелі. 
-         Жоқ, одан да арыдан. Ежелгі атам заманнан-ақ қазақтардың жазуы және мынаған 
ұқсас жазу аспаптары болған. - Мен саусағыммен үстел үстіндегі екі жағында екі автомат 
қалам шаншулы тұрған приборды нұсқадым. Қазақтар сол аспаппен ноталар да жазған. 
Кәдімгі музыка нотасын және дипломатиялық ноталарды айтамын, мадам. 
Қонақтарым тағы да маған тандана қарады. 
-        Иланбай отырсыз ба, мадам? 
-        Иә, - деді әйел. 
-         Қазақтың жазу құралы міне, мынадай болған, - деп мен креслоның қасында тұрған 
домбырамды алып, шертіп-шертіп жібердім. 
-   Қазақтың   асқақ   ақындары   мен   әйгілі   композиторлары   өз   өлендері   мен   музыкаларын 
халыктың жанына, жүрегіне осы аспаппен жазған. Тілін түсінбейтін басқыншы армияның 
алдынан шығып біздің ежелгі дипломаттарымыз бен парламентерлеріміз осы домбыра 
үнімен жауап берген, оларға өз ультиматумын домбыра күйімен ұқтырған. Күй қазақтың 
жер қайысқан қалың қолы бар екенін, олар жер бетінде бір жауынгер қалғанынша өзінің 
туған   жерін   қорғайтынын,   оларға   туған   жердің   асқар-асқар   таулары   мен   күркіреген 
өзендері көмектесетінін айтқан. Қазақтың кең даласы келген дұшпанның басына кебін боп 
кептелетінін   білдірген.   Есің   барда   елің   тап,   кейін   қайт   деген.   Міне,   бұл   домбырамен 
осындай ноталар жазылған. 
Бұған дәлел қазақта «Ақсақ кұлан» деген күй бар. Ол күйдің қысқаша тарихы мынадай. Бір 
кезде   қазақ   жерлерін   монғолдар   басып   алғаны   белгілі.   Сол   тұста   Алтын   орданың   бір 
бөлігін Жошы хан билеп тұрған. Ол өзіңіз білетін Шыңғысханның үлкен ұлы, белгілі Батый 
ханның әкесі. Сол Жошы ханның бір баласы аң аулап жүргенде оны дала тағысы, хан 
ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан шайнап өлтіреді. Хан аңға кеткен ұлының кешіккенінен 
күдіктеніп, оны іздеуге жер жайын білетін бір топ қазақтарды аттандырады.   

-         Егер   ұлымды   таппай   қайтсандар,   бәріңді   де   өлтіремін.   Ал   ол   өлді   деген   хабар 
әкелсендер, сол хабарды айтқан кісінің көмейіне ерітіп бір бақыр қорғасын құямын! - дейді 
хан. 
Хан   жарлығы   екі   болмайды.   Қазақтар   іздеп   келіп   құланнан   ажал   тапқан   қатыгез   хан 
баласының сүйегіне кездеседі. Олар сүйекті атқа тендеп хан ордасының сыртына алып 
келеді. Бірак оны ханға кім айтуы керек. Ешкімнің де көмейінен ыстық қорғасын жұтқысы 
келмейді. Сонда бір жас қазақ батыры алға шығып: 
-          Өлсем көп үшін кұрбан болармын. Бұл хабарды ханға мен жеткізейін, - дейді. 
Жас батыр бойындағы барлық қаруын  шешіп тастап (өйткені хан үстіне қарумен кіруге 
болмайды), ордаға қарай жаяу аяндайды. Батырдың қолында шоқпар орнына осындай 
ғана, - мен домбыраны қолыма алып көрсеттім, - қара домбыра кете барады. 
Сыртқы жендеттерден өтіп, орданың ішіне кірген жас батыр ханның алдына барып бас 
иеді. 
-        Баламды таптындар ма?-деп сұрайды хан. 
-        Таптық, алдияр, - деп жас батыр тағы да бас иеді. 
-        Тірі ме, өлі ме? 
Осы   кезде   жас   батыр   ләм   деп   аузын   ашпастан,   тізерлеп   отыра   қалады   да,   қара 
домбыраны   безілдете   кеп   жөнеледі.   Жас   батыр   тартқан   жаңа   күйден   хан   баласының 
желкілдеп   аңға   шыққаны,   содан   соң   дүсірлетіп   құлан   қуғаны,   садақпен   атып   айғыр 
кұланды аяғынан жаралағаны, ақсақ құланның шоқақ-шоқақ желіп, қарайлай қашып бара 
жатқаны ақаусыз танылып тұрады. Хан баласының ақсақ құланды құртпай қоймаймын деп 
екілене   шауып,   қасындағы   нөкерлерінен   қара   үзіп  кеткені  аңғарылады.   Домбырада   үш 
аяқпен   шоқақ   қаққан   құланның,   оның   соңына   жеке   түскен   төрт   тұяқтың   дыбысы   ғана 
калады. Кенет шоқақтаған құланның дүсірі күшейіп, оның жалт бұрылып соңына түскен 
куғыншыға тап бергені білінеді. Сарт-сұрт тұяқ соғысып,  кұланның  қылыштай  тістерінің 
шақыр-шұқыр еткені айқын аңғарылады. Сол кезде домбыра ішектерінен: «өлдім, өлдім!» 
деген екі сөз адамның үнімен айқын естіледі. 
Осы жерге жеткенде қара терге түскен батыр күйді кілт үзеді де, домбырасын алдына 
көлденең қойып, ханға қайтадан бас иеді. 
Мінеки,   мадам,   бұл   бертінде,   он   екінші   ғасырдың   аяғы   мен   он   үшінші   ғасырдың   бас 
жағында болған оқиға. Жаңағы мен айтқан Жошы ханның бір мың екі жүз жиырма жетінші 
жылы   өлгені   тарихтан   аян.   Ал   қазақтың   универсалды   аспабы   домбыра   арабтар 
басқыншылығынан   әлдеқайда   бұрын   болған.   Домбыраның   жазу   құралы   болғанына 
сендіңіз бе енді? 
-          Сендім, - деді әйел. - Бірақ жаңағы қазақ батырының тағдыры не болды, соны айта 
кетіңізші, тілеуіңізді берсін. 
-          Ол батыр тірі қалды. Өйткені Жошы баламды өлді деп естірткен адамның аузына 
қорғасын құямын деген ғой. Ал батыр оған өз аузымен ұлың өлді деп айтқан жок. Оны 
домбыраның үнімен, қазақтың өзіне тән жазу алфавитінің өрнегімен ұқтырды. Сондықтан 
хан күлкілдеп еріп тұрған бір бақыр қорғасынды сол домбыраның  шанағына құйғызды. 
Бірақ ол жас батыр шапқыншылармен кезекті бір ұрыста қаза тапты. 
-        Жиаль, жиаль, - деді әйел басын шайқап. 
-         Алайда ол мәңгі  тірі  қалды. «Ақсақ  құлан»  күйі  күні бүгінге  дейін тартылады. Ол 
қазақтың ұлт аспаптары оркестрінің орындауында бүкіл дүние жүзін аралап шықты. 
Қонақ әйелді төргі бөлмеге ертіп барып, бөлменің бір қабырғасын жауып тұрған өзімнің 
туған апам тоқыған алаша-кілемді көрсеттім. 
-        Бұл фабрика тоқып шығарған дүние деп ойламаңыз, мадам. Менің өз апайым мұны 
өз қолымен тоқыған. 
Әйел   алашаның   неше   алуан   оюларына   қарап,   мүйіз-мүйіз   өрнектердің   сызығын 
саусағымен қуалай сипалап, басын шайқап, біраз отырды. 
-         Айтқандарыңыздың бәріне де сендім, - деді содан кейін әйел орнынан қозғалып. - 
Енді   менің   сізге   басқа   қоятын   сұрақтарым   жоқ.   Тек   бір   ғана   өтінішім   бар:   Сіз   маған 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал