АЌИЌат қабанбай батыр көшесі, 32



жүктеу 318.69 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі318.69 Kb.
  1   2   3

4

АЌИЌАТ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№40 (679) 03.10.2014



ҚАРТТАР  ТУРАЛЫ 

ЗАМАНДАСТАРЫ  СЫР  АЙТАДЫ

Қария – қазына, қария – шежіре, қария – бере-

ке, қария – отбасы ұйытқысы, қария – өмір фи-

лософиясы...қария...тағысын  тағылар.  Қария 

атауына  байланысты  тізбектей  беруге  бо-

латын сын есімдер мен зат есімдер жетерлік. 

Өйткені,  қариясы  бар  үйдің  қазынасы  бар  үй. 

Мұнымен ешкім де таласа қоймас.

Шынымен-ақ,  қарты  бар  үйдің  керегесі  кең,  төрт 

құбыласы  тең  болады.  Өйткені,  ағайын  арасына  жік 

түссе,  ел  арасы  бүлінсе,  дауға  басы  іліксе,  соның  бәрі-

бәрі  тек  қана  қарт  адамның  бір  ауыз  сөзіне  тоқтайды. 

Алайда,  бүгінгі  күні  есебін  тауып,  екі  ауыз  сөзбен  дауды 

шешіп,  жауды  бітістіретін  аузы  дуалы  аталарымыз  бар 

ма?  Бар  болса  олар  қайда  жүр?  Неге  арақ  ішіп,  иманнан 

безген  адамдар  көбейіп  барады?  Неге  «мама»,  «папа», 

«аташка»  деп  шүлдірлейтін  балалар  көп?  Не  себептен 

азаматтардың  дені  «Азаматтық  қоғам  құрайық»  деп 

қалды? Неге «МЕН» деген өр рухтан ада болып барамыз? 

Жириновский ұлт намысын таптағанда ұлт ұрпағы қайда 

қарады?  Путин  тарихымызды  табанға  таптағанда  неге 

тағы да үнсіз қалдық? Ұлт болашағы үшін күндіз күлмеген, 

түнде  ұйықтамаған  Күлтегін,  Тоныкөктердің  аманаты 

кімге  тиесілі  еді?  Оны  ойлайтын  азаматтар  неге  жоқ? 

Не  себепті  маңдайын  сәждеге  тигізіп,  орамал  тағынып, 

жаппай  намаз  оқуға  кіріскендердің  арасында  адамның 

аузы  бармайтын  опасыз  әрекеттерге  баратындар  бар? 

«Неге?»,  «Неге?»  деп  туындай  беретін  сұрақтар  көп. 

Жауабы  біреу-ақ.  Қоғам  ұлтсызданып  барады.  Қоғамның 

ұлтсыздануына  отбасындағы  тәрбиенің  ұлтсыздануы 

тікелей  әсерін  тигізуде.  Оған  жаһанданудың  түк  те 

қатысы жоқ. Кешіріңіз, оның қатысы жоқ. Ұлт намысын қай 

заманда да қорғаған. Оған бағыт-бағдар көрсететін абзал 

ақсақалдардың  қатары  сиреді.  Оны  қариялар  қауымы  да 

растайды. "Қарттар күніне" байланысты газетіміздің осы 

санында қарттардың бүгінгі болмысына бір үңіліп көргенді 

жөн  көрдік.  Замандастары  туралы  ақсақалдардың  пікірін 

оқи отырыңыз.  

Тәңірберген 

Баймыр-

заұлы,  Алматы  облыстық 

қажылар  қауымдастығының 

төрағасы:

-  Бүгінгі  аталар  заманның 

талабына сәйкес келмейді. 70-

80 жасқа келіп, Алланы таны-

майтын шалдар бар. Қалалық, 

облыстық  ақсақалдар  алқа-

сының  мүшелері  айлық  ала-

ды.  Содан  кейін,  әрине, 

әкімқараларды  мақтап,  ма-

дақтайды.  Ол  кімге  қажет?  Ондай  ақсақалдардың 

жүрегіне  Құдай  иман  сәулесін  төкпесе  осылай 

кеткені  кеткен.  Одан  да  ішкі  иманын  түгендеп, 

намазға  жығылып,  ұрпағына  жақсы  ғибрат  айтып 

отырса сол ғанибет қой. Мен де атеистік қоғамда 

өмір сүрдім. Бірақ, менің әкем исламның бес парызын 

орындап,  бес  уақыт  намазынан  жаңылмаған  адам 

еді. Намаз оқуды сол кісіден үйрендім. Қазіргі кезде 

балаларым мен немерелеріммен бірге жамағат бо-

лып  намазға  жығыламыз.  Кәрі  кісіге  жас  келгенде 

имандылыққа бет бұрып, Құдайды ойлаған жараса-

ды.  Жастарға  қарттарды  сондай  бір  иманды  жан 

етіп  елестетуі  керек.  Сонда  ғана  заман  түзеледі 

деп ойлаймын. 

Шынаргүл ОҢАШБАЙ.

Ғалым Тұрғамбаев:

- Қазір кімнің заманы? Әртіс, әнші, 

споршылардың заманы болды. Азық-

түлік,  нан,  ет  өндіретін  адамдар  ту-

ралы  ештеңе  айтылмайды,  ештеңе 

жазылмайды.  Сәбет  заманы  дейміз, 

ол заманды жоққа шығаруға болмай-

ды.  Біздің  одан  аларымыз  көп.  Мы-

салы,  ол  заманнан  еңбек  адамының 

қаншалықты насихатталып, абыройға 

ие  болғандығын  алуға  болады.  Сол 

арқылы  экономиканың  қарыштап 

дамуын  жеделдетер  едік.    Қазіргі  кезде  ондай  қарапайым 

адамдардың  образын  көрсетіп,  мерейін  асырмағандықтан, 

қазір де біз басқа елдің етін, басқа елдің нанын жеп отырмыз. 

Президент  те  мойындап  отыр  «еттің  60  пайызын  сырттан 

әкеледі екенбіз» деп. 

Қазір  бәрі  батамен  бітеді.  Ал,  сол  бата  беретіндер 

кімдер? Бата беретіндер молда, имам дегендер. Олар менің 

кезімде  маскүнем,  қайдағы  бір  құрдым  болатын.  Олар  ақ 

сәлдені киіп алып, дастарқан басында бата беріп, уағыз ай-

тып  отырады. Оның ішкі жан-дүниесін мен білемін ғой. Әлгі, 

«молданың  айтқанын  істе,  істегенін  істеме»  дегендей  қазір 

сондай бір жалған өмір болып кетті. Шындық осы. Имамның 

сырты қандай ақ болса, іші де сондай ақ болуы керек. Мына 

қоғам  жағымпаздар  мен  жылпоздардың  тобыры  болып  ба-

рады.  Шындықты  сүйетін,  ақиқатты  қалайтын  шалдардың 

қатарынанмын.  Сондай  шалдармен  әңгімелесуге  бармын. 

Бірақ,  ондай  шалдар  тым  аз.  "Кейбір  үлкен  шенеуніктің 

табағынан  бір  жапырақ  ет  тиер  ме  екен",  деп  жүрген 

ақсақалдар  жетіп  артылады.  Шындықты  айтатын  қарттар 

азайып  бара  жатыр.  Олардың  қатарында  болғым  келмейді. 

Жиналыс,  жиындар  тек  мақтау  мен  мадақтаудан  тұрады.  

Бірде тойда отырсам асаба: «Қол шапалақтамаған адамның 

баласы  тракторист  болсын»  дейді.  Сонда  тракторист  адам 

емес пе? Бұл не сандырақ? Міне, көрдіңіз бе? Қоғамның са-

насы еңбекті ескермей еліріп кеткен.   

Амантай Бөстекбаев:

-  Өз  замандастарыма  көңілім 

толады.  Бүгінгі  ақсақалдардың  ара-

сында қарияға сай парасат бар деп 

ойлаймын.  Мәселен,  қалалық  арда-

герлер  үйінің  директоры  Халықов 

Мұрат  Шаяхметұлын  ерекше  атар 

едім.  Нағыз  қарияға  лайық  мінез 

де,  қарияға  лайық  парасат  та  бар. 

Десек  те,  кәрінің  де  кәрісі  бар.  Жас 

ұрпақтың  үйренерінен  жиренері  көп 

кейбір  қарттарды  да  жоққа  шығара 

алмаймын.  Жасы  келген  адамның  темекі  тартып,    арақ 

ішіп, тәлтіректеп аяғын әзер басып тұрғаны көзге оғаш, ерсі 

көрінеді. Ондай қарттар жастарға қандай үлгі көрсетпек? Ақын 

Несіпбек  Айтұлының  «Алқынбас  ақын,  шіркін,  желді  көріп, 

сөйлесе еркіне бір ел жіберіп. Кешегі ақсақалды сағынамын, 

бүгінгі  шала  қазақ  шалды  көріп»  деген  шумақтарына 

үндесемін. 

Ал, бата беруге жарымаған, бір ауыз сөздің басын құрай 

алмайтын замандастарымды түсінуге болады деп ойлаймын. 

Себебі, олар «Құдай жоқ» деп тәрбиелеген атеистік қоғамда 

туды, сол қоғамда өмір сүрді. Дәурені жүріп тұрған Кеңестік 

кезеңнің  идеологиясы  олардың  қанына  сіңіп,  сүйегіне  өтіп 

кеткен.  Алайда  ол  заманның  ақсақалдарының  да  арасын-

да көкірегі сырлы азаматтар бар. Олардың дені кемпір мен 

шалдың  қолында,  көңге  аунап  өскен  дала  қазақтары  ғой. 

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Отбасындағы 

тәрбиенің де өзегі сонда. 

Қарттарын қадірлеген 

қаймана қазақ қарттар күніне 

орай алуан түрлі шаралар 

ұйымдастыруда. Соның бірі – 

облыстық кәсіподақ комитеті 

Алматы облысы телеком-

муникация дирекциясының 

ұйытқысымен өткізілген 

мерекелік ас еді. Мұнда 

байланыс саласына саналы 

ғұмырын арнаған ардагер 

қызметкерлер қонақта болды. 

Шаһарымыздағы «Достық» мейрамха-

насына 150-дей қарт бас қосты.

Құрме

т

«Ә»  дегеннен  сөз  алған  Алма-

ты 

облыстық 



телекоммуникация 

дирекциясының бас директоры Жексембай 

Мейрембаев осы салада қызмет еткен ар-

дагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, 

дендеріне  саулық,  бастарына  амандық 

тіледі.  Олардың  байланыс  саласындағы 

ерен  еңбектері  ұмытылмайтыны  және 

кейінгі  ұрпақтың  содан  үлгі  алатынын  айт-

ты.  «Қарттарға  деген  құрмет  –  ел-жұртыңа 

деген құрмет екенін көрсетеді», деген сала 

ардагерлері мерекені ұйымдастырушыларға 

алғыс  жаудырды.  Жалпы,  жылда  дәстүрге 

айналған осы жақсы үрдістің жалғасын тау-

ып  жататынына  ризашылықтарын  жеткізді 

қарттар қауымы. Мереке әсем әнмен өріліп, 

жақсы  көңіл  күйге  ұласты.  Жүздерін  әжім 

торлаған ата-әжелер жастық шаққа саяхат 

жасап,  ретро  әндердің  көрігін  қыздырды. 

Денсаулық  жағдайына  байланысты  мере-

кеге  қатыса  алмаған  қарттарға  дирекция 

тарапынан сый-сияпатты үйлеріне жеткізіп 

берді.  Әуезді  әнге  елтіген  ардагерлер 

көтеріңкі  көңіл  күймен  мәре-сәре  болып 

тарқасты. 

Алматы  облыстық  телекоммуника-

ция  дирекциясында  барлығы  720  бай-

ланыс  ардагері  бар,  оның  ішінде  4-і  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагерлері  мен  оған 

теңестірілгендер, 41 Ұлы Отан соғысының 

тыл еңбеккерлері мен 2 интернационалист 

бар. 

Ш. ДӘЛЕЙ.

ҚАРТТАР

150 ҚАРТҚА  МЕРЕКЕ  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қара нардай қарттары баяғының,

Тықылында тылсым бар таяғының.

Ала жіп аттамаған абыздар-ай,

Астында алтын жатса аяғының.

Күміс сақал баяғының аталары,

Маңдайға бақ боп қонған баталары.

Дуалы ауыз билеген дүйім жұртты,

Солар еді бір дәуірдің сақалары.

Даналар жүрген дала заңыменен,

Танылған парасаты танымменен.

Қақ жарып қара қылды, қамшы 

тастап,

Хан емес қарашаның қамын жеген.



Жаны қас жамандықты сүймейтұғын,

Тентегін тезге салып түйрейтұғын.

Баяғының қарттары қадірлі еді,

Қарашаны ақылмен билейтұғын.

Бүгінгінің қарттары оқымысты,

Қылығы бәрінен де қорқынышты.

Тұрып дәрет сындырған тізе бүкпей,

Ұмытқан малдас құрып отырысты.

Түймедей түйін шықпас түңілгенмен,

Не пайда, қол қусырып жүгінгеннен.

Елдің сөзін айтқан боп елпең қағып,

Бүдіргі жиып жүрер бүлінгеннен.

Асық бар алшы түсер сақасы жоқ,

Сын айтсам дәлелі бар, қатасы жоқ.

Бүгінгінің қарттары қарабайыр,

Аузы жырық, дуалы батасы жоқ.

Би көрсе бүгелектеп бас ұратын,

Шындықты бүркемелеп жасыратын.

Қарттары бүгінгінің жалпақ шешен,

Айласын қу түлкідей асыратын.

Байрығы киелі қарт, ғасыр қайда?

Теңіз де тулап-тулап басылмай ма?

Күйттейсің қара бастың қамын сонша,

Қарашаға жандарың ашымай ма?!

Баяғының абызы алмас пышақ,

Тұрады тұлғаларды аңсап құшақ.

Қарттары бүгінгінің бүлініп жүр,

Қараңғыда жүгірген қарсақ құсап.

Тақыр иек, мұрт та жоқ, сақал да жоқ,

Қадірсіз қарттар аз ба қатарда көп?

«Екі сөйлер ерден без» деген халық,

Маңызы тіреледі мақалға кеп.

Аталар өкпелемес намыс қылып,

Көз көрген, көңіл түйген нақ істі ұғып.

Ақ-қарасын айырар оқырманым,

Кешегі мен бүгінін салыстырып.



А. БҰЛҒАҚОВ.

5

Ќ¦ЌЫЌ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№40 (679)  03.10.2014

 Бірінші болып облыстық монополияға 

қарсы  инспекциясының  басшысы  Е.  Ка-

меловке  қатысты  Қазақстан  Республи-

касы  Бас  прокуратурасының  ұсынысы 

тыңдалды. 

Тексеру 


қорытындысы 

көрсеткендей  облыстық  монополияға 

қарсы 

инспекция 



тарапынан 

ҚР 


«Бәсекелестік  туралы»  Заңының  та-

лаптары  бұзылғандығы,  мемлекеттік 

кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар 

заңды тұлғалар тарапынан және басқа да 

заңсыздықтар  анықталған.  Осыған  орай, 

жауап  беруге  келген  инспекция  басшы-

сы Бас прокуратура тарапынан қаралған 

деректердің  бәрі  заң  аясында  жүзеге 

асқанын  дәлелдеп  бақты.  Мәселен, 

облыстағы  жұмыртқа  бағасын  күрт 

көтерген    «Сарыбұлақ»  компаниясына 

қатысты деректерді тексеріп, мониторинг 

жүргізген. Алайда, инспекция мамандары 

берген  сауалға  аталмыш  компания  бас-

шылары  жауап  бермеген.  Тиісті  шара-

лар  қолданып,  компания  жұмысындағы 

заңсыздықтар  туралы  хаттама  толтыр-

ғаннан  кейін  «Сарыбұлақ»  компания-

сы  инспекция  мамандарына  қажетті 

мәліметтерді берген. Монополияға қарсы 

инспекция  басшысының  жұмысынан 

заңсыздық белгілері байқалмағандықтан, 

тәртіптік  кеңес  мүшелері  Е.  Камеловтің 

үстінен  қозғалған  тәртіптік істі тоқтатуды 

ұйғарды.

Екінші болып, Райымбек ауданы Кеген 

ауылдық  округі  әкімінің  орынбасары  Ә. 

Ибраимовтың тәртіптік ісі қаралды. Кеген 

ауылының  тұрғыны,  алты  баланың  ана-

сы  Маметжанованың  жергілікті  бюджет 

қаражатынан жеңілдіктер  алу үшін 2013 

жылы  қазан  айында  «Күміс  алқа»  алуға 

қатысты өтініші дер кезінде қаралмапты. 

Осыған  орай,  ауыл  әкімінің  ісінде  сы-

Алматы  облысының  қаржы  полиция-

сы  департаментінің  баспасөз  өкілінің  ха-

барлауынша,    Талғар  ауданына  қарасты 

«Казпошта»  АҚ  филиалы  Бесағаш  ауылы 

пошталық  байланыс  бөлімшесінің  бастығы 

Б.  Нұрқасымоваға  қатысты  қылмыстық 

іс  қозғалған-ды.    Мемлекеттік  қызметте 

отырып,  байланыс  бөлімшесі  кассасының 

электр  энергиясы,  байланыс  қызметі, 

кредитті  өтеу,  салық  төлем  ақысын  кіріске 

жазбай, сонымен қатар, зейнет, жәрдемақы 

және  жалақы  алу  туралы  мәлімет 

жинағының тізімінде қолын сырттай ұқсатып 

қою арқылы, жалпы сомасы 3 миллион 766 

мың  791  теңге  қаражатты  жымқырыпты.

Өзіне  сеніп  тапсырылған  бөтен  мүлікке 

көз  алартқан  ханым  Талғар  аудандық 

сотының үкімімен жеті жылды арқалап кет-

се, майшелпекке айналған  тоқымдай жер-

де  парақорлармен  алаяқтарға  таптырмас 

жұмыс болып тұр.

Мәселен, 

Іле 

ауданында 



қаржы 

полицияларының  тұзағына  ілінген  С. 

Құндызбаев  алдап-арбау  арқылы  біреудің 

мүлкіне  сұғанақтық  жасап,  жер  беру  бой-

ынша  сұрақты  шешу  үшін  лауазымды 

ТЄРТІПТІК КЕЊЕСТЕ ТОЃЫЗ МЄСЕЛЕ ЌАРАЛДЫ

БҰҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІНІҢ 

АЛДЫНДА ЖҮРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТӘРТІБІ ТАҒЫ 

ДА МАЙШАММЕН ҚАРАЛДЫ. 

«ЖАҢЫЛМАЙТЫН ЖАҚ, СҮРІНБЕЙТІН 

ТҰЯҚ ЖОҚ» ДЕСЕК ТЕ "ТӘРТІПТІҢ 

АТЫ ТӘРТІП", ДЕП МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛ-

МАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТӘРТІПТІК 

КЕҢЕСІ ТОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТАҒДЫРЫН 

АЛҚЫҒА САЛДЫ. 

байлас жемқорлықтың белгілері бар деп 

айып  таққан  прокуратура  органдарының 

таққан айыбына «Күміс алқа» алуға бай-

ланысты  өтініштерді  қабылдау  өзінің 

міндетіне  жатпайтынын  айтып  шыр-пыр 

болған  Ә.  Ибраимов  ескерту  алып,  Ке-

ген  ауылдық  округі  әкімдігінің  жауапты 

мамандарына  тиісті  жаза  тағайындау 

ұсынысы қабылданды. 

Үшінші  кезекте,  Іле  ауданы  әкімі 

аппаратының  мемлекеттік  сатып  алу 

комиссиясының мүшелеріне қатысты Іле 

аудандық прокуратурасы берген ұсыныс 

толық  тексеруден  өткізілу  үшін  кейінге 

шегерілді. Төртінші, екі бірдей лауазымды 

тұлға,  «Кербұлақ  ауданының  тұрғын  үй 

коммуналдық шаруашылық және тұрғын 

үй  инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік 

мекемесінің 

басшысы 

М. 


Сопбе-

ков  пен  Кербұлақ  ауданы,  Сарыөзек 

ауылдық  округі  әкімінің  орынбасары  Л. 

Төлегенованың мәселесін қатар қарады.  

Аудандық 

прокуратураның 

берген 

мәліметіне  орай,  сыбайлас  жемқорлық 



белгілері  бар  заңсыздықтарға  жол  бер-

ген  деген  дәйектемелеріне  сүйенген  

тәртіптік  кеңес  мүшелері  Сарыөзек 

ауылдық    округі      әкімінің    орынбасары 

Л.  Төлегеноваға  «Ар-намыс»  кодексі 

бойынша ескерту арқалатса, «Мемлекет 

қаржысын  тиісті  деңгейде  игермеген  әрі 

сыбайлас  жемқорлыққа  жол  ашты,  заң 

бұзушылық жасады» деген қорытындыға 

келіп,  «Кербұлақ  ауданының  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын 

үй  инспекциясы  бөлімі»  мемлекеттік 

мекемесінің  басшысы  М.  Сопбековті 

қызметінен босатуға  шешім қабылдады.  

Алтыншы  болып,  кеңес  мүшелері  ал-

дында  жауап  берген  «Алматы  облы-

сы  бойынша  сот  актілерін  орындау 

департаменті»  мемлекеттік  мекемесінің 

Іле аудандық аумақтық бөлімшесінің аға 

сот орындаушысы А. Оралбай өз міндетін 

өрескел бұзыпты. Ол аз болғандай арыз-

шағымдар  көбейіп,  прокуратура  ор-

гандары  сот  актілерінің  заңдылығына 

және  келген  корреспонденциялардың 

мерзімінде тіркелуіне тексеру жүргізгенде 

заңсыздықтар анықталған.

Мәселен,  заңды  және  жеке  тұлға-

лардан  келген  арыз-шағымдар  тір-

келмей,  есебінің  жүргізілмейтіні,  әкім-

шілік  айыппұлдар  салу  туралы  сот 

қаулыларының  орындалмайтынын  дә-

лелдеген. Тәртібі талқыға түскен бүгінде 

«Алматы облысы бойынша сот актілерін 

орындау  департаменті»  мемлекеттік 

мекемесінің  Талғар  аудандық  аумақтық 

бөлімшесінің  аға  сот  орындаушысы  бо-

лып жүрген А. Оралбайды лауазымынан 

төмендетуге, бұған қоса, атқарған істерін 

жан-жақты  тексеру  үшін  істі  құзырлы 

органға  жолдауға  шешім  қабылдады. 

Жетінші, 

«Алматы 


облысының 

Әділет 


департаменті» 

мемлекеттік 

мекемесі  басшысының  орынбасары 

Н.  Нұрпейісовке  қатысты  ҚР  Әділет 

министрлігінің хаты қаралды. Бұл азамат 

мемлекеттік көлікті жұмыстан тыс уақытта, 

әрі көлік жүргізу куәлігінсіз айдап жүрген 

жерінен  жол  сақшыларының  арнайы 

жүргізген  тексеруіне  тап  болыпты.  Жеке 

жүргізушісі  бір  себептермен  сұранып 

кетіп, "жұмыс аяғында ертеңгі жүретін жол 

сапарға  мемлекеттік  көлікке  жанармай 

құйып  алуға  барған  едім,  сол  күні  көлік 

жүргізетін  куәлігім  киім  ауыстырғанда 

үйде  қалып  қойыпты",  деп  ақталған  Н. 

Нұрпейісовке  «Ар-намыс»  кодексіне  сай 

тәртіптік  кеңес  ескерту  түрінде  тәртіптік 

жаза  қолдануды  ұйғарды.  Сегізінші  бо-

лып,  мәселесі  қаралған  Еңбекшіқазақ 

ауданы,  Көктөбе  ауылдық  округінің  әкімі 

Б. Джасыбаев ауыз су мәселесіне байла-

нысты "Әден есімді азаматты балағаттап, 

ұрмақ  болды",  деп  айыпталған  ауылдық 

округ  әкімі,  мемлекеттік  қызметші  бола 

тұра  өрескелдікке  жол  беріпті.  Осыған 

орай, басқаларға да бұл үлгі,  әрі сабақ 

болсын деген тәртіптік кеңес Джасыбаев-

ты қызметінен босатуға шешім шығарды. 

Бұдан  кейін  Қарасай  ауданының  әкімі  

А.  Дәуренбаевқа  қатысты  істі  қараған 

тәртіптік кеңес мүшелері, 2014 жылы 18 

сәуірде  тәртіптік  кеңес  хатшылығы  А. 

Дәуренбаевқа    ҚР  «Сыбайлас  жемқор-

лыққа  қарсы  күрес»  Заңына  сәйкес,  ко-

миссия мүшелері қызметіне толық сәйкес 

еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік 

жаза қолдану туралы ұсыныс жолдаған.

Бірақ  та,  А.  Дәуренбаев  мырза  28 

сәуірдегі  өкімімен  аудан  әкімі  аппа-

ратының  заң  және  мемлекеттік  құқық 

бөлімінің  басшысы,  комиссия  мүшесі 

Жанұзақовқа тәртіптік іс қозғалғанын біле 

тұра,    ҚР  «Мемлекеттік  қызмет  туралы» 

заңының 27-бабы, 1-ші тармағына сәйкес, 

өз еркімен қызметінен босатып жіберіпті. 

Демек, аудан әкімі А. Дәуренбаев сыбай-

лас жемқорлыққа қатысы бар лауазымды 

тұлғаға  шара  қолданбаған  аудан  әкіміне 

қатысты істі   тәртіптік кеңес мүшелері іс-

материалдарының  көшірмесін  облыстық 

прокуратураға жолдауды ұйғарды.

А. МҰХАМАДИ.

ЖЕМЌОРЛАР ЖАЗАСЫН АЛДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚ   ДЕЙТІН ЖЕГІ ҚҰРТТЫҢ ЖҮРМЕЙТІН ЖЕРІ БОЛСАШЫ. 

ТОЙЫМСЫЗДЫҢ КӨЗІН БАЙЛАП, БАСЫН АЙНАЛДЫРЫП АЛАТЫН БҰЛ

ІНДЕТ  «ҚОРҒАС» КЕДЕН БЕКЕТІН ЫЛАҢДАП БОЛЫП, ЕНДІ 

«ҚАЗПОШТАҒА» ЖҰҒЫСТЫ БОЛЫПТЫ. 

тұлғаларға  аса  ірі  мөлшерде  пара  беруге 

азғырыпты.  Жер  сатып  байығысы  келген 

бұл  пақыр  да  ҚК-тің  бірнеше  тармағымен 

жазаланып, 

Іле 


аудандық 

сотының 


үкімімен  жеті  жылға  бас  бостандығынан 

айырылып,  дүние  мүлкі  тәркіленген.  Айта 

берсең таусылмай нар атанға жүк болатын 

сыбайластықтың  бір  сыры,  "сот  актілерін 

бұлжытпай  орындайды,  заңсыздықтармен 

күреседі"  дейтін  сот  актілерін  орын-

дау  бойынша  департаментіне  де  барып 

тіреледі.  Сондай,  уәкілетті  тұлғаның  бірі, 

Іле аудандық бөлімшесінің мемлекеттік сот 

орындаушысы  А.  Тұрсыновқа  қатысты  бо-

лып тұр. Бұл пақыр да мемлекеттік бюджет-

тен  тиісті  жалақысын  ала  тұрып,  "заңсыз 

табыс табамын", деп В деген азаматтан 180 

000 теңге пара  алып тар маңдайын тасқа 

соғып, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін үш 

жылға темір торға тоғытылды. 

Бұл  жемқорлықтың  желкесі  қиылмай, 

керісінше  "отқа  салсаң  жанбайтын,  суға 

салсаң  батпайтын,  атсаң  оқ  дарымайтын" 

ертегінің  батырларына  айналып  барады. 

Мұның  сыртында  контрабандалық  топты 

қосыңыз  қоғамның  қотырын  қасығандай 

боласыз. Бірақ, қылмысты әшкерелеу құқық 

қорғау органдарының міндеті болса, оларды 

жалпақ жұртқа жариялау баспасөз өкілдерінің 

төл  міндеті.  Мақала  басында  «Қорғас» 

кеденін  бекерге  мысалға  алған  жоқпыз. 

Осы  «Қорғас»  Шектес  Ынтымақтастықтың 

Халықаралық  Орталығынан  9,5  миллион 

теңге мөлшерінде 900 дана  «NOKIa C 5», 

«NOKIa 1010», «Y XTEL», «Iphone 5S» ұялы 

телефондарын шығарып, аса ірі көлемінде 

экономикалық  контрабанда  жасаған  А. 

Түкібаев тұтылды. Бұл азамат та Панфилов 

аудандық  сотының  үкімінен  шартты  түрде 

жазасын  алып,  контрабандалық  заттары 

мемлекеттің табысына қосылған.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал