Ахуалы туралы арнайы баяндама



жүктеу 5.11 Kb.

бет1/17
Дата12.09.2017
өлшемі5.11 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ 
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
ОРАЛМАНДАРДЫҢ, АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ 
ЖƏНЕ БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ 
АХУАЛЫ ТУРАЛЫ
АРНАЙЫ БАЯНДАМА

2
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі 
комиссия 
«Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың 
жəне босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндама. Жалпы 
редакциясын басқарған Қуаныш Сұлтанов, Тастемір Əбішев. Астана, 2012. – 140 бет.
Ұсынылып  отырған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 
Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссия  əзірлеген  «Қазақстан  Республикасындағы 
оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың  құқықтарының 
ахуалы туралы» арнайы баяндама (бұдан əрі – баяндама) оралмандар, азаматтығы жоқ 
адамдар, босқындар жəне Қазақстанда пана іздеуші адамдар құқықтарының ахуалын 
талдауға арналған.
Баяндамада жоғарыда аталған адамдардың Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік 
алған  күннен  бастап  қазіргі  кезге  дейінгі  құқықтарының  ахуалы  салыстырмалы 
бағаланған, оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың, босқындардың құқықтарын 
қорғаудың түйінді проблемалары мен оларды шешу жолдары айқындалған.
Баяндама Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өзінің өткен уақыт кезеңіндегі 
құқық  қорғау  қызметі  мен  оның  арнайы  зерттеулерінің  нəтижелеріне  негізделген. 
Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес құқық 
қорғау ұйымдарының, БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша Өңірлік Өкілдігінің, басқа 
да халықаралық ұйымдардың мəліметтері кеңінен тартылған.
Баяндама  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2012 жылғы 21 ақпандағы 
№ 32-42.80 қарарымен мақұлданған.
Баяндама  оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  ұлттық  заңнама  мен  құқық  қолдану  практикасын 
салыстырмалы  талдауды,  уəкілетті  мемлекеттік  органдар  қызметінің  бағасын, 
қорытындылар мен аталған адамдардың құқықтарының ахуалын жақсарту жөніндегі 
ұсынымдарды қамтиды.
Комиссия баяндамасының қорытындылары мен ұсынымдары БҰҰ Апатридтер 
мəртебесі  туралы  Конвенциясының,  БҰҰ  Азаматтығы  жоқтықты  қысқарту  туралы 
Кон венциясының,  БҰҰ  Босқындар  мəртебесі  туралы  Конвенциясы  мен  оның 
Хаттамасының, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған адам құқықтары саласындағы 
басқа  да  халықаралық  құқықтық  актілердің  нормаларына  сəйкес  оралмандардың, 
азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
құқықтық  саясатты,  ұлттық  заңнама  мен  құқық  қолдану  практикасын  жетілдіруге 
бағытталған.
Баяндамада қамтылған материалдар биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот 
тармақтары органдарына, құқық қорғау органдарына, адвокаттарға, адам құқықтарын 
соттан  тыс  қорғау  институттары,  үкіметтік  емес  жəне  халықаралық  ұйымдардың, 
басқа да қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық 
қызметтердің өкілдеріне пайдалы болмақ.
 
                                                              
                                                                         БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі 
                                                                      Жоғарғы Комиссарының Басқармасы
Бұл  басылым  (есеп)  Қазақстандағы  БҰҰ  БЖКБ  Өкілдігінің  техникалық 
қолдауымен  дайындалған.  Басылым  (есеп)  материалдарының  БҰҰ  БЖКБ  ресми 
көзқарасын көрсетуі міндетті емес. 

3
Кіріспе сөз
Адамның  құқықтары  мен  бостандықтары  құқықтық  жəне  демократиялық 
мемлекеттің негізгі іргетасы болып табылады.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  бірінші  бабында  біздің 
мемлекетіміз  үшін  жоғары  құндылық  «адам,  оың  өмірі,  құқықтары  мен 
бостандықтары»  болып  табылатыны  айтылған.  Сондықтан  біздің  Тəуелсіздік 
жылдарындағы  барлық  күш-жігеріміз  адамның  іргелі  құқықтары  мен  жалпы 
қоғамның мүдделерін іске асыруға бағытталды. Сонымен бірге Қазақстан өзінің 
адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне əрқашан берік бо-
лып, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ жəне басқа да халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы 
жұмыстарын қолдайды.
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Назарбаевтың 
Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссияның  «Қазақстан  Республикасындағы 
оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың жəне босқындардың құқықтарының 
ахуалы  туралы»  атты  арнайы  баяндамасын  мақұлдауы,  Қазақстанның  адам 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  халықаралық  стандарттарға  беріктігінің  куəсі 
болып табылады.
Мемлекеттің  репатрианттардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне 
босқындардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  кешенді  қызметінің  практика-
сы  əлемнің  барынша  дамыған  елдерінде  өзін-өзі  сəтті  танытты.  Сонымен  бірге 
Қазақстан  алғаш  рет  осындай  арнайы  баяндаманы  қабылдай  отырып,  бұрынғы 
кеңестік  кеңістіктегі,  сондай-ақ  ИЫҰ-на  қатысушы  мемлекеттер  арасында  оны 
қолданудың  пионері  болып  табылады.  Осы  арнайы  баяндамада  көзделген  шара-
лар  жоғарыда  аталған  мандаттық  адамдарды  қорғау  саласындағы  қазақстандық 
заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдірудің маңызды құралы болаты-
нына кəміл сенімдімін.
Баяндама  Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссияның  өзінің  құқық  қорғау 
қызметі  мен  оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың 
азаматтық, əлеуметтік, экономикалық жəне еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі ар-
найы зерттеулерінің нəтижелеріне негізделген. Онда Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік  органдары  мен  ҮЕҰ,  БҰҰ  БЖКБ  Орталық  Азия  бойынша  Өңірлік 
Өкілдігінің мəліметтері кеңінен тартылған.
Баяндама аталған мандаттық адамдардың құқықтарының ахуалын жақсарту 
жөніндегі  адам  құқықтары  саласындағы  жалпыға  ортақ  танылған  халықаралық 
стандарттарға сəйкес нақты ұсыныстарды қамтиды.
Бүгінгі ұсынылып отырған Комиссияның арнайы баяндамасы адам құқықтары 
саласындағы  жаңа  Ұлттық  іс-қимыл  жоспарының  мақсаттары  мен  міндеттерін 
əзірлеуге бастау ғана болып қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы 
оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  пана  іздеуші  адамдардың  жəне 
босқындардың  құқықтарын  қорғау  тетіктерін  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі 
қадамдардың сəттілігінің өлшемі болмақ.
Біз БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Орталық Азия бой-
ынша  Өңірлі  к  Өкілдігіне,  республиканың  мемлекеттік  органдары  мен  үкіметтік 
емес  құқық  қорғау  ұйымдарына  осы  аса  маңызды  құжатты  əзірлеуге  жəне 
жариялауға үлкен қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз.
Қуаныш Сұлтанов 
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы 

4
БҰҰ БЖКБ Орталық Азия жөніндегі Өңірлік Өкілі/Өңірлік 
Үйлестірушісі Сабер Азам мырзаның құттықтау сөзі
Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың, 
пана іздеуші адамдардың жəне босқындардың əлеуметтік ахуалы туралы ағымдағы 
жағдай  бойынша  жан-жақты  зерттеу  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссияның  Арнайы 
баяндамасына құттықтау сөз арнау мен үшін үлкен абырой болып табылады.
Құрлықтар  тоғысында  орналасқан  Қазақстан  ежелден  бері  елеулі  көші-қон 
ағымдары  мен  демографиялық  өзгерістердің  кіндігі  болып  табылады.  Осынау 
ғажайып жерде сансыз көп əртүрлі топтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бейбіт қатар 
өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасы азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеуші 
адамдар  мен  босқындар  сияқты  қуылған  адамдарды  қоса  алғандағы,  тағдырлары 
əртүрлі  көптеген  адамдар  үшін  пана  болды.  Олардың  көпшілігі  жергілікті 
қоғамдастықпен  ынтымақтаса  алған  болса,  басқалары  əлі  күнге  құқықтық  жəне 
əкімшілік сипаттағы проблемаларға тап болуда, бұл олардың қазақстандық қоғамға 
толыққанды сіңісуіне кедергі жасайды.
Мемлекеттердің  ұлттық  қауіпсіздіктеріне  елеулі  қатер  төндіретін  өңірлік 
жəне жаһандық трансұлттық қылмыс қауіпінің өршуі аясында халықаралық қорғау 
іздеуші  жəне  соған  лайық  адамдарға  қатысты  қауқарсыз  жағдайға  мəн  бермей-ақ 
қою бəрінен оңай. Нақ осы себепті өз мандаты бойынша азаматтығы жоқ адамдарды, 
пана  іздеуші  адамдарды  жəне  босқындарды  қорғау  жəне  игілігін  қамтамасыз 
ету  жауапкершілігі  жүктелген  БҰҰ  БЖКБ  осы  Арнайы  баяндаманы  мақұлда-
ған  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Адам  құқықтары  жөніндегі 
комиссияның  күш-жігерін,  оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  пана 
іздеуші адамдар мен босқындардың жағдайын жақсартуға ұмтылыстарын құптайды.
Бұл  Баяндама  Қазақстанның  оралмандарға,  апатридтерге,  пана  іздеуші 
адамдар  мен  босқындарға  қатысты  саяси  курсына  жан-жақты  шолу  болып 
табылады. Баяндамада сондай-ақ олардың елдегі əлеуметтік жəне экономикалық 
жай-күйіне  егжей-тегжейлі  баға  беріледі.  Баяндамада  пана  беруге  қатысты 
құқықтық  жəне  əкімшілік  заңнаманы  жақсарту  қажеттігіне  жəне  елдің  БҰҰ 
Азаматтығы  жоқтық  жөніндегі  екі  Конвенциясына  қосылуына  ерекше  назар 
аударылады. Оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеуші адамдар 
мен  босқындардың  қазіргі  ахуалын  жақсарту  жөніндегі  нақты  іс-қимылдар 
ұсынылады.  Осы  Баяндама  мен  оның  маңызды  жəне  елеулі  ұсынымдары 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  əлеуметтік  жəне  көші-қон  саласындағы 
жүргізіп  жатқан  шараларын  жақсарту  үшін  негіз  болады,  сондай-ақ  Үкіметтің 
өзінің  құқықтық,  əкімшілік  жəне  əлеуметтік  салалардағы  жұмысын  нығайту 
жолындағы күш-жігерін толықтырады деген шынайы үміттемін.
БҰҰ БЖКБ Комиссияның жұмысы мен оның халықтың қауқарсыз топтарының 
жағдайын  жақсарту  жөніндегі  күш-жігерін  жоғары  бағалайды.  Мен  Комиссияға 
осы құжатты дайындағаны жəне басып шығарғаны үшін шын жүректен алғысымды 
білдіремін. Жоғарғы Комиссар Басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 
Əкімшілігі  мен  басқа  да  мемлекеттік  органдарға  осы  Арнайы  баяндаманың 
ұсынымдарын орындауда қолдау көрсетуге əрқашан дайын.
Сабер Азам, 
БҰҰ БЖКБ Орталық Азия жөніндегі Өңірлік Өкілі/
Өңірлік Үйлестірушісі 

5
МАЗМҰНЫ
I бөлім. Қазақстан Республикасындағы оралмандар құқықтарының 
ахуалы туралы....................................................................................................8
1. Қазақстандағы оралмандардың жағдайы......................................................8
2. Əлеуметтік қорғау құқығы............................................................................15
3. Білім беру құқығы..........................................................................................17
4. Заңнамалық жəне стратегиялық негіз...........................................................17
5. Оралмандар проблемалары (қолданыстағы заңнаманы, ҮЕҰ
материалдарын, БАҚ-тағы жарияланымдарды талдау негізінде)..................21
1-бөлімнің қорытындылары мен ұсынымдары...............................................25
ІI бөлім. Қазақстан Республикасындағы азаматтығы
жоқ адамдар құқықтарының ахуалы туралы...........................................29
 
Кіріспе.................................................................................................................29
Терминдерді анықтау.........................................................................................30
Əдіснама.............................................................................................................30
1. Азаматтық алу құқығы мен азаматтығы жоқтықты 
қысқартудың халықаралық құқықтық базасы........................................31
 
2. Қорғаудың қолайлы ортасы......................................................................37
2.1 Демографиялық бейін..................................................................................37
2.2 Азаматтығы жоқтықтың себептері.............................................................41
2.3 Азаматтығы мен құжаттары жоқ адамдардың сəйкестілігі.....................43
2.4 Халықаралық жəне өңірлік құжаттар........................................................45
2.5 Ұлттық құқықтық жүйе..............................................................................46
2.6 Азаматтығы жоқ адамды анықтау..............................................................48
2.7 Уəкілетт  і мемлекеттік органдар.................................................................48
2.8 Əріптестік байланыстар..............................................................................49
2.9 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ БЖКБ 
арасындағы  қатынастар
....................................................................................49
2.10 Ұлттық жəне өңірлік даму саясаты.........................................................50
3. Азаматтығы жоқтықты болдырмау жəне қысқарту............................50
3.1 Мемлекеттік биліктің құқықтық сабақтастығы мен мемлекеттік
стратегияның іске асыру нəтижесінде азаматтығы жоқтықты
болдырмау жəне қысқарту.................................................................................50
3.2 Азаматтық алу арқылы
 азаматтығы жоқтықты
болдырмау жəне қысқарту.................................................................................51
3.3 Азаматтықтан шығу.....................................................................................60
3.4 Азаматтықтықты жоғалту жəне одан айырылу.........................................62
3.5 Халықтың көші-қоны тұрғысындағы азаматтығы жоқтық......................64
3.6 Азаматтық алу рəсімінің тиімділігі  не кедергі 
жасайтын факторлар..........................................................................................65
3.7 Құқықтық қорғаудың тиімді құралдары....................................................66

6
4. Қ  орғау жөніндегі рəсімдер жəне құжаттандыру.....................................66
4.1 Азаматтығы жоқтық мəртебесі мен жүріп-тұру мəртебесін 
анықтау  тəртіптері.............................................................................................66
4.2 Азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру..............................................67
4.3 Жеке бас құжаттары.....................................................................................68
4.4 Жол жүру құжаттары...................................................................................70
5. Зорлық-зомбылықтан жəне қанаудан қорғау........................................71
5.1 Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.................................................71
5.2 Сексуалдық жəне гендерлік зорлық-зомбылық........................................71
5.3 Балаларды қорғау.........................................................................................75
5.4 Оралу құқығын қоса алғандағы жүріп-тұру бостандығы........................76
5.5 Ұстау..............................................................................................................77
5.6 Құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізу..............................................78
5.7 Шығарып жіберу..........................................................................................79
6. Негізгі сұраныстар мен қажетті қызмет көрсетулер............................80
6.1 Азық-түлік қауіпсіздігі, су, санитарлық жағдайлар, тұрғын үй..............81
6.2 Денсаулықты қорғау....................................................................................81
6.3 Бастауыш жəне орта білім..........................................................................82
6.4 Жоғары білім, тілдерді үйрену жəне кəсіптік дайындық........................83 
7. Қоғамдық өмірге қатысу, өзін-өзі басқару жəне 
өзін-өзі қамтамасыз ету...................................................................................83
7.1 Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері.......................83
7.2 Бірлескен бағалау жəне қоғамды жұмылдыру..........................................84
7.3 
Кəсіпкерлік қызмет жəне өз бетінше жұмыспен қамту...........................84
7.4 Ақы төленетін жұмыс................................................................................ 85
7.5 Əлеуметтік қамсыздандыру мен əділ жəне қолайлы 
еңбек  жағдайы  құқықтары...............................................................................86
7.6 Меншікке ие болу құқығы.........................................................................86
2-ші  бөлімнің  қорытындылары  мен  ұсынымдары........................................87
ІІI бөлім. Қазақстан Республикасындағы босқындар құқықтарының 
ахуалы  туралы
................................................................................................89
1. Босқын мəртебесін белгілеу мен тоқтатудың халықаралық 
стандарттары......................................................................................................89
2. Қазақстандағы босқындардың жағдайы...................................................101
3. Пана іздеуші адамдар..................................................................................103
4. Қазақстандағы босқындар топтары динамикасының 
сипаттамасы....................................................................................................104
4.1 Өмір сүру жəне өзін-өзі қамтамасыз ету қаражаттары..........................107
5. Босқындар құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен
құқық  қолдану  практикасын  талдау..............................................................107
5.1 Көші-қон саясатындағы өзгерістер..........................................................107

7
5.2 2009 жылғы  Босқындар  туралы  заң.......................................................109
5.3 Еңбек ету құқығы......................................................................................111
5.4 Жеке басын куəландыратын құжаттар....................................................113
5.5 Пана іздеуші адамның куəлігі..................................................................113
5.6  Босқын  куəлігі...........................................................................................114
5.7  Сəйкестендіру  нөмірлері..........................................................................116
5.8 Өз бетінше жұмыспен қамтылу жəне кəсіпкерлікті дамыту..................117  
5.9  Меншік  құқығы.........................................................................................118
5.10 Кəсіптік біліктіліктерді тану...................................................................119
5.11  Босқындардың  қазақстандық  қоғамға  ынтымақтасуы.......................120
5.12  Əлеуметтік  қамту  құқығы......................................................................122
5.13 Медициналық көмек алу құқығы..........................................................122
5.14  Білім  алу  құқығы...................................................................................123
5.15  Тұрғын  үй  құқығы..................................................................................125
3-ші бөлімнің қорытындылары мен ұсынымдары.......................................125
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................129

8
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРАЛМАНДАР 
ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ТУРАЛЫ 
 
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРАЛМАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ 
Этникалық қазақтардың тарихи отанына көшірілуі Қазақстан Республикасы 
көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. 
БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінен тек қана төрт мемлекет: Қазақстан, 
Германия, Израиль жəне Ресей Федерациясы репатрианттардың тарихи отанына 
оралуымен мемлекеттік деңгейде айналысады.
Қазақстанда мемлекеттік деңгейде этникалық қазақтарды репатриациялау 
тетіктерін  жасау,  соның  ішінде  оларды  ұйымдастырылған  көшіру  жəне 
қоныстанған  жерлерінде  тіршілік  ету  жағдайын  жасау  жөніндегі  шаралар 
қабылдануда.
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу 
мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады.
2007  жылы  Қазақстан  Республикасының 2007-2015 жылдарға  арналған 
Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығы).
Тұжырымдаманың  құқықтық  негізін  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы, 2011 жылғы 22 шілдедегі  «Халықтың  көші-қоны  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Заңы,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2007  жылғы 28 тамыздағы  №399 «Қазақстан  Республикасының 2007-2015 
жылдарға  арналған  Көші-қон  саясатының  тұжырымдамасы  туралы», 2006 
жылғы 28 тамыздағы №167 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі 
аумақтық даму стратегиясы туралы» (бұдан əрі - Қазақстан Республикасының 
2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) жəне 2003 жылғы 10 шілдедегі 
«2004-2010  жылдарға  арналған  ауыл  аумақтарын  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы туралы» Жарлықтары құрайды.
Оралман – тарихи  отанында  тұрақты  тұру  мақсатында  Қазақстан 
Республикасына  келген  жəне  Халықтың  көші-қоны  туралы  заңда  белгіленген 
тəртіппен  тиісті  мəртебе  алған  Қазақстан  Республикасы  егемендік  алған 
кезде  одан  тыс  жерде  тұрақты  тұрған  этникалық  қазақ  жəне  оның  Қазақстан 
Республикасы  егемендік  алғаннан  кейін  одан  тыс  жерде  туған  жəне  тұрақты 
тұрған ұлты қазақ балалары.
Халықтың  көші-қоны  туралы  Заңға  сəйкес,  этникалық  қазақ  шетелде 
тұрақты  тұратын  ұлты  қазақ  шетелдік  немесе  азаматтығы  жоқ  адам  болып 
табылады.
Қазіргі  таңда  оралмандардың  құқықтық  мəртебесі  оралман  мəртебесін 
беру  жəне  оралмандарды  көшіп  келу  квотасына  енгізу;  оралмандарды  көшіп 
келу  квотасына  олардың  отбасының  жеке  мүшелерін  енгізу  ерекшеліктері; 
оралмандарды  бейімдеу  жəне  ықпалдастыру,  оралман  мəртебесін  тоқтату 
мəселелерін,  сондай-ақ  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  реттейтін 2011 
жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 3-тарауында айтарлықтай айқын анықталған.
Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сəйкес 

9
оралмандар  мен  олардың  отбасы  мүшелері  жеңілдіктер,  өтемақылар  жəне 
басқа да əлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ бейімдеу жəне ықпалдастыруға 
қатысты қызмет көрсетулер ала алады.
Барлық оралмандарға медициналық қызмет көрсетудің, білім берудің қол 
жетімдігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуға жəрдемдесу шаралары 
қолданылатын мақсатты топтардың біріне жатқызылған. ҚР Еңбек жəне халықты 
əлеуметтік  қорғау  министрлігінің  мəліметтері  бойынша,  еңбекке  жарамды 
жастағы  оралмандардың 70%-дан  астамы  өндірістің  əртүрлі  салаларында 
жұмыспен қамтылған, əрбір төртіншісі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
Оралмандарды  бейімдеу  жəне  ықпалдастыру  орталықтарындағы  іске 
асырылып  жатқан  бейімдеу  бағдарламалары  құқықтық  мəселелер  бойынша 
кеңес  беруді,  мемлекеттік  тілді  жəне  қалауы  бойынша  орыс  тілін  үйретуді, 
кəсіптік даярлауды, қайта даярлауды жəне біліктілікті көтеруді көздейді.
Бұған қоса, 2011 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының азаматтығы 
туралы»  Заңға  өзгерістер  енгізілді,  соған  сəйкес  оралмандарды  Қазақстан 
азаматтығына қабылдау оңайлатылған (тіркеу түріндегі) тəртіппен, үш айдың 
ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан  Республикасына  келген  оралмандар  санының  қарқыны  мен 
құрылымын талдау көрсеткендей, 1991 жылдан бастап 2011 жылғы 1 қазанға 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал