Ахмет Байтұрсынов атындағы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/43
Дата10.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

a,
e  in
d
i
n
 
,
o
t
v
c
e
a
l
t
l
i
e
o
t
n
ni
«3
: intellect
 ,idea
 ,innovation – èíòåëëåêò
 ,èäåÿ
 ,èííîâàöèÿ»
i
Ахмет Байтұрсынов атындағы 
Қостанай мемлекеттік университеті
Костанайский государственный университет
имени Ахмета Байтурсынова
№ 1  2016
МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ 
НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ
КӨПСАЛАЛЫ 
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ
МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ 
НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ
КӨПСАЛАЛЫ 
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ
ЧАСТЬ 1

“3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация” 
2016 ж., наурыз № 1 
№ 1, март 2016 г. 
 
Жылына төрт рет шығады 
Выходит 4 раза в год 
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің көпсалалы ғылыми журналы 
Многопрофильный научный журнал Костанайского государственного университета  
им. А. Байтурсынова  
 
Меншік иесі:  
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Собственник: 
Костанайский государственный университет им. А. Байтурсынова 
 
Бас редакторы / Главный редактор:  
Валиев Х.Х. – техника ғылымдарының докторы /доктор технических наук 
 
Бас редактордың орынбасары / Заместитель главного редактора:  
Жарлыгасов Ж.Б. –ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты /кандидат сельскохозяйственных наук 
 
Редакциялық кеңес / Редакционный совет:  
1. Абсадыков А.А. – филология ғылымдарының докторы /доктор филологических наук 
2. Айтмұхамбетов А.А. – тарих ғылымдарының докторы /доктор исторических наук 
3. Анюлене А. – ветеринария ғылымдарының докторы /доктор ветеринарных наук (Литва) 
4. Астафьев В.Л. – техника ғылымдарының докторы /доктор технических наук 
5. Гайфуллин Г.З. – техника ғылымдарының докторы /доктор технических наук 
6. Гершун В.И. – ветеринария ғылымдарының докторы /доктор ветеринарных наук 
7. Джиорджи М. – ветеринария ғылымдарының докторы /доктор ветеринарных наук (Италия) 
8. Жиентаев С.М. – экономика ғылымдарының докторы /доктор экономических наук 
9. Одабас М. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы /доктор сельскохозяйственных наук (Турция) 
10. Козинда О. – ветеринария ғылымдарының докторы /доктор ветеринарных наук (Латвия) 
11. Колдыбаев С.А. – философия ғылымдарының докторы /доктор философских наук 
12. Крымов А.А. – заң ғылымдарының докторы /доктор юридических наук (Российская Федерация) 
13. Лозовицка Б. – PhD докторы/ доктор PhD (Польша) 
14. Лутфуллин Ю.Р. - экономика ғылымдарының докторы /доктор экономических наук (Российская Федерация) 
15. Мак Кензи К. – заң ғылымдарының докторы /доктор юридических наук (Великобритания) 
16. Найманов Д.Қ. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы /доктор сельскохозяйственных наук 
17. Пантелеенко Ф.И. – техника ғылымдарының докторы /доктор технических наук (Республика Беларусь) 
18. Рябинина Н.П. – педагогика ғылымдарының докторы /доктор педагогических наук (Российская Федерация) 
19. Шило И.Н. – техника ғылымдарыңың докторы /доктор технических наук (Беларусь) 
20. Шнарбаев Б.К. – заң ғылымдарының докторы /доктор юридических наук 
 
Редакциялық  кеңесінің  хатшысы  /  Секретарь  редакционного  совета  –  Иргизбаева  Қ.Б.-гуманитарлық  ғылымдарының 
магистрі/магистр гуманитарных наук  
 
Журнал  2000  ж.  бастап  шығады.  27.11.2012  ж.  Қазақстан  Республикасының  мәдениет  және  ақпарат  министрлігінде  қайта 
тіркелген.  №  13195-Ж  куәлігі./Журнал  выходит  с  2000  г.  Перерегистрирован  в  Министерстве  культуры  и  информации 
Республики Казахстан 27.11.2012 г. Свидетельство № 13195-Ж.  
А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ-дің  05.07.2013ж  №3  «3i:  intellect,  idea,  innovation  -  интеллект,  идея,  инновация»  журналы  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті алқасының шешімімен 06.00.00-Ауылшаруашылық 
ғылымдары және 16.00.00-Ветеринариялық ғылымдар салалары бойынша диссертацияның негізгі нәтижелерін жариялау үшін 
ұсынылған  ғылыми  басылымдар  тізіміне  кірді./Решением  Коллегии  Комитета  по  контролю  в  сфере  образования  и  науки 
Республики  Казахстан  №3  от  05.07.2013  г.  журнал  КГУ  им.  А.  Байтурсынова  «3i:  intellect,  idea,  innovation  -  интеллект,  идея, 
инновация»  включен  в  Перечень  научных  изданий,  рекомендуемых  для  публикации  основных  результатов  диссертаций  по 
отраслям: 06.00.00-Сельскохозяйственные науки и 16.00.00-Ветеринарные науки. 
2012ж  аталмыш  журнал  ISSN  (ЮНЕСКО,  г.  Париж,  Франция)  сериялық  басылымдарды  тіркеу  жөніндегі  халықаралық 
орталығында  тіркеліп,  ISSN  2226-6070  халықаралық  нөмірі  берілді./Журнал  в  2012  г.  зарегистрирован  в  Международном 
центре по регистрации сериальных изданий ISSN (ЮНЕСКО, г. Париж, Франция), присвоен международный номер ISSN 2226-
6070. 
 
Авторлардың  пікірлері  редакцияның  көзқарасымен  сәйкес  келе  бермейді.  Қолжазбаларға  рецензия  берілмейді  және 
қайтарылмайды. Ұсынылған материалдардың дұрыстығына автор жауапты. Қайта басылған материалдарды журналға сүйеніп 
шығару міндетті./Мнение авторов не всегда отражает точку зрения редакции. Рукописи не рецензируются и не возвращаются. 
За  достоверность  предоставленных  материалов  ответственность  несет  автор.  При  перепечатке  материалов  ссылка  на  журнал 
обязательна.  
  
  
 
© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті  
© Костанайский государственный университет им. А.Байтурсынова 
 

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ                        ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
 

 
УДК 81`342:821.512.122         
 
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕРДЕГІ ЗАТТЫҚ МӘДЕНИ БІРЛІКТЕР 
(ТОБЫЛ-ТОРҒАЙ ӨҢІРІНІҢ ФОЛЬКЛОРЫ НЕГІЗІНДЕ) 
(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері материалдары негізінде салыстырылып алынды) 
 
Әбсадықов  А.А.  -  ф.ғ.д.,  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  оқу  және  тәрбие  жұмысы  жөніндегі 
проректоры 
Қайыпбаева А.Қ  -  ф.ғ.к., тіл және  әдебиет теориясы кафедрасының доценті  
Айтмағамбетова  Т.Ә.  -  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  гуманитарлық  –  әлеуметтік 
факультетінің 2 курс магистранты 
 
Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тілдерді дамыту  – 
еліміздегі мемлекеттік саясаттың  ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы 
шешу  –  ұлтаралық  қатынастар  үйлесімділігінің,  халық  бірлігі  мен  қоғамдық  келісімді  нығайтудың 
түпқазығы  болып  табылады.  Сондықтан  қазіргі  заман  талабына  сай  үштілділік  Қазақстанның 
негізгі  мақсаттарының  бірі.  «Үштұғырлы  тіл»  туралы  идеяны  мемлекет  басшысы  2006  жылдың 
қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы 
“Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан”  атты  халыққа  жолдауында  “Тілдердің  үштұғырлылығы”  атты 
мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, 
бұл  идея  ішкі  саясатымыздың  жеке  бағыты  болып  белгіленді.  Яғни,  идеяның  негізі  мынадай: 
Қазақстанды  бүкіл  әлем  халқы  үш  тілді  бірдей  пайдаланатын  жоғары  білімді  мемлекет  ретінде 
тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және 
ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі.  Басқаша  айтқанда,  үштұғырлы  тіл 
идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді 
дамытамыз, орыс тілін  қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.  Үштұғырлы тіл өмірлік қажет-
тіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халық-
тар  өзінің  коммуникациялық  және  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырған. Берілген  мақала 
Тобыл-Торғай өңірі фольклорының негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері материалдарын 
ала  отырып,  үштұғырлы  тілдердегі  заттық  мәдени  бірліктерді  салыстырып  анықтауға  бағыт-
талған. 
Кілтті сөздер: тіл, қарым-қатынас, үштұғырлы, бірлік, даму. 
 
МАТЕРИАЛЬНО - КУЛЬТУРНЫЕ ЕДИНИЦЫ ТРЕХЯЗЫЧИЯ 
(НА ОСНОВЕ ФОЛЬКЛОРА ТОБОЛО-ТОРГАЙСКОГО КРАЯ) 
 
Абсадыков А.А. – доктор филологических наук, проректор по учебной и воспитательной 
работе КГУ им. А.Байтурсынова. 
Кайыпбаева А. - доцент кафедры теории языка и литературы, КГУ им. А.Байтурсынова 
Айтмагамбетова Т.А. - магистрант 2 курса филологического факультета, КГУ им. А.Бай-
турсынова. 
 
Язык  является  основой  нации.  Это  зеркало  открывающий  мир  души.  Развитие  языков  - 
один  из  самых  важных  направлений  государственной  политики  в  стране.  Оптимальное  решение 
языковых  проблем  -  совместимость  международных  отношений,  основой  которой  является  
укрепления национального единства и социальной соглашении. Президент Н.А. Назарбаев «Знание 
трех  языка для современного казахстанца  является необходимым условием для успеха».  Идею  о 
«Трехязычие»  глава  государствы  объявил  2006  году  в  октябре  на  XII  съезде  ассамблеи  народов 
Казахстана.  2007 году в своем послании «Новый Казахстан в новом мире» предложил реализацию 
культурного  проекта  «Трехязычие  языков».  Это  идея  является  индивидуальным  направлением 
внутренней  политики,  а  так  же,  духовным  развитием  народов  Казахстана.  То  есть,  цель  идеи 
такова:  все  народы  мира  должны  признать  Казахстан  в  качестве  образованной  государствой, 
который пользуется тремя языками. Это: казахский язык – государственный язык, русский язык – 
язык  международных  отношении  и  английский  язык  –язык    успешной  интеграции  в  мировую 
экономику.  Другими  словами,  идею  о  трех  языках  можно  обяснить  простой  и  ясной  формулой: 
государственный язык развиваем, русский язык поддерживаем и английский язык учим. Трехязычие 
-  идея  созданная  из  жизненной  необходимости.  Во  все  времена,  владеющие  несколькоми  языками 
государства  и  народы  повышали  свою  способность  общения  и  интеграции.  Данная  статья 
направлена  сравнить  материально-культурные  единицы  трехязычия,  на  основе  фольклора 
Тоболо-Торгайского края, используя материалы казахского, русского, английского языка. 
Ключевые слова: язык, отношения, трехязычие, единство, развитие. 
 

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ                        ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
 

 
MATERIAL – CULTURAL UNITS OF TRILINGUAL 
(BASED ON THE FOLKLORE OF TOBOL - TURGAI EDGE) 
 
Absadykov  AA  –  Provost  for  Academic  and  educational  work,  doctor  of  philological  sciences, 
Kostanay State University A.Baitursynov. 
Kayypbaeva A. – Docent of language and literary theory, Kostanay State University A.Baitursynov. 
Aytmagambetova  T.A.  –  The  2nd  year  graduate  student  of  Faculty  of  Philology,  Kostanay  State 
University A.Baitursynov. 
 
Language  is  the  foundation  of  the  nation.  This  mirror  opens  up  the  world  of  the  soul.  The 
development of language - one of the most important directions of the state policy in the country. The optimal 
solution  to  language  problems  -  the  compatibility  of  international  relations,  which  is  the  basis  for 
strengthening  national  unity  and  social  agreement.  President  Nazarbayev  said:  "Knowledge  of  three 
languages for the modern citizen of Kazakhstan is a prerequisite for success." The idea of the "trilingual" The 
head of state announced in October 2006 at the XII Congress of the Assembly of Peoples of Kazakhstan. In 
2007  in  his  message  "New  Kazakhstan  in  the  new  world,"  suggested  the  implementation  of  the  cultural 
project  "trilingual  language."  This  idea  is  an  individual  area  of  domestic  policy,  as  well  as,  the  spiritual 
development of the peoples of Kazakhstan. That is, the purpose of the idea is that all peoples of the world 
must recognize Kazakhstan as independent states, which use three languages. They are: Kazakh language 
-  the  state  language,  the  Russian  language  -  the  language  of  international  relations  and  English  is  a 
language of successful integration into the world economy. In other words, the idea of  the three languages 
can be explained to a simple and clear formula: developing a national language, Russian language support 
and  English  language  teaching.  Trilingual  -  from  the  idea  to  create  a  vital  necessity.  At  all  times,  owning 
neskolkomi languages of states and nations improved their ability to communicate and integrate. This article 
aims to compare the material and cultural unity trilingual,  based on the folklore of Tobol-Turgai edge, using 
materials of the Kazakh, Russian and English. 
Key words: language, relationship, trilingualism, unity, development. 
     
«Үштұғырлы  тіл»  туралы  идеяны  мемле-
кет  басшысы  2006  жылдың  қазанында  өткен 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XII  құрылтай-
ында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі 
жаңа  Қазақстан”  атты  халыққа  жолдауында 
“Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны 
кезең-кезеңмен  іске  асыруды  ұсынды.  Қазақстан 
халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі 
саясатымыздың  жеке  бағыты  болып  белгіленді. 
Яғни, идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл 
әлем  халқы  үш  тілді  бірдей  пайдаланатын 
жоғары  білімді  мемлекет  ретінде  тануы  керек. 
Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-
аралық  қарым-қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  – 
жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі. 
Басқаша  айтқанда,  үштұғырлы  тіл  идеясын  мы-
надай  әрі  қарапайым,  әрі  түсінікті  формуламен 
көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, 
орыс  тілін  қолдаймыз  және  ағылшын  тілін 
үйренеміз.Айта  кетелік,үштұғырлы  тіл  жай  ғана 
әдемі  тұжырымдама  немесе  тілдік  саясаттың 
жаңа  формасы  ретінде  пайда  болған  жоқ,  ол  – 
өмірлік  қажеттіліктен  туындаған  игілікті  идея. 
Өйткені,  қазіргі  кезде  күллі  әлемге  есігін  айқара 
ашып,  “ақылды”  экономиканы  енгізіп  жатқан  ел-
дер қарыштап дамуда. Қай заманда болсын, бір-
неше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар 
өзінің  коммуникациялық  және  интеграциялық 
қабілетін кеңейтіп отырған.
  
Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да бі-
летін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде 
де бәсекеге  қабілетті тұлғаға айналады.Атап  ай-
тарлығы,  көпұлтты  Қазақстанның  жағдайында 
“Үштұғырлы тіл” ұлттық жобасы қоғамдық келісім-
ді  нығайтудың  негізгі  факторы  болып  саналады. 
Алайда,  еліміздегі  негізгі  үш  тілді  дамытуға 
басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін на-
зардан  тыс  қалдыру  деген  сөз  емес.  Мәдениет-
тер  мен  тілдердің  саналуандығы  –  бұл  біздің 
ұлттық байлығымыз. Ал “Үштұғырлы тіл” идеясы-
ның  құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жа-
сыратыны  жоқ,  бүгінгі  таңда  ағылшын  тілін  мең-
геру  дегеніміз  –  ғаламдық  ақпараттар  мен  инно-
вациялардың  ағынына  ілесу  деген  сөз.  Оған  қо-
са, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең бе-
делді  жоғары  оқу  орындарында  білім  алуға 
мүмкіндігің мол.  
Әр этностың ұлттық киімі өзінің шаруашы-
лығын, тұрмыстық өмірін, ұлттық дәстүрін, мәде-
ни  ерекшелігін,  ұлттық  мінезін,  ұлттық  дүниета-
нымын  танытады.  Киім-кешек  адамдарға  әлеу-
меттік және этикалық қызмет атқарады. Адамның 
үстіндегі  киіміне  қарап  әлеуметтік  жағдайын, 
жыныстық ерекшелігін, жас мөлшерін,  этникалық 
ортасын  аңғаруға  болады.  Осыған  байланысты 
қазақ халқының ұлттық киімдері жас және жыныс 
ерекшеліктеріне  сәйкес  мынадай  түрлерге  бөлі-
неді:  сәби  киімі  (иткөйлек,  сылау  тақия),  бала 
киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, 
шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (та-
қия,  етік,  жейде,  шалбар),  бойжеткен  киімі  (жел-
біршекті  көйлек,  тақия,  кәзекей),  қалыңдық  киімі 
(сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, 
кимешек, жаулық, камзол, кебіс, мәсі, көкірекше), 
күйеу,  жас  жігіт,  ақсақал  киімдері  (шапан,  ішік, 
бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, сап-
тама етік, кебіс, мәсі) т.б. Сол сияқты той, жиын, 
аза  кезінде  киетін  киім  түрлері  де  болған.  Киім 

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ                        ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
 

 
сонымен  бірге  этникалық  (рулық,  жүздік,  аймақ-
тық  т.б.)  және  жалпы  ұлттық  ерекшеліктерді 
бейнелейді. 
Ата  –  бабаларымыз  көшпелі  мал  шаруа-
шылығымен өте ерте  заманнан бері  айналысып 
келген.  Сол  бағзы  замандардан  бері  халық 
шеберлері мал мен аңның  терісін, жүнін, мүйізін, 
сүйегін, тұяғын, құйрық – жалын үлкен шеберлік-
пен  ұсатып,  олардан  киім-кешек,  қару-жарақ,  ат 
әбзелдерін, ыдыс- аяқ, тағы басқа толып жатқан 
тұрмысқа  қажетті   бұйымдар  жасаған.  Әрбір  іске 
әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның 
әрқайсысына  өзінше  атау  берген.   Мысалы,  ірі 
қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған-
дықтан,  соған қарай:  сиыр терісі, өгіз терісі, тай-
ынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды 
да,  әр  терінің  өн  бойы - жондық,  қабырғалық, 
үйектік, пұшпақ, мойын деген бөліктерге бөлінеді. 
Жылқы  терісін:  бие  терісі,  жабағы  және  құлын 
терісі  деп  үшке  бөледі. Түйе  терілерін:  атан  те-
рісі,  бота терісі деп екіге бөледі. Атан терісі, өгіз 
терісі   және  олардың  жондықтары   қол  істері-
не  ең қолайлысы. Қой терілері: жабағы тері, қы-
рықпа  тері,  күздік  тері,  соғым  терісі,  тақыр  тері, 
тоқтышақ  терісі,  сеңсең  тері,  елтірі,  мари,  жыл-
басқа  деп  бөлінеді.  Осы  терілер  киім  түрлерінің 
барлығына  жарай  береді.   Ешкі  терісін:  жүндес 
тері,  тақыр  тері,  түбітті  тері,  серке  терісі,  лақ 
терісі,  мари  терісі  деп  бөледі.  Ешкі  терілері  өте 
төзімді, берік келеді. Сондықтан одан алуан түрлі 
киімдер  тігеді,  бөстек,  тулақ,  торсық,  саба, 
қапшық жасайды.  
«Киім»  сөзін  тақырыптық  топтың 
лингвомәдениеттану    жағынан  қарастыру    ең 
өнiмдi  болып  табылады,  өйткені    тұрмыстық 
бірліктердің  семантикасына  жататын    киімдердің 
атауы  оның  халықтың  күнделікті  өмірмен  байла-
нысының күшіне қарай имәдени құрамдас бірлік-
тері  анық айқындалған. 
Қазақтың  ұлттық  киім  үлгілерінің  ішінен 
семантикалық статусы өте жоғарысы — бас киім. 
Қазақ  ғұрпында  бас  киім  көріктілік  пен  сәнділікті, 
баршылықты білдіретін  қасиетті  киім  саналған. 
Қазақтың  «дос  аяғына  қарайды,  дұшпан  басы-
ңа қарайды»  дейтін  мақалы  осы  жайдан  қалып-
тасқан болу керек. Қазақ әйелдерінің бас киімде-
рі  олардың  жасы  мен  отбасы  жағдайына  байла-
нысты бір-бірінен көп ерекшеленіп отырған. Жаз-
ды күні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпал-
дан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия киген. 
Қыздардың  негізгі  киетін  бас  киімі  кәмшат бөрік 
болған.  Әйелдердің  ең  қымбат  бас  киімі  қалың-
дықтың  тойға киетін  сәукелесі  есептелген.  Ері 
бар  егде  тартқан әйелдер  әшекейі  жоқ,  ақ  мата-
дан  тігілген  бас  киім  киген  немесе  жаулық 
тартқан.  
Тақия. Үкілі тақия қазақ қыздарының ерек-
ше ұнатып киетін бас киімі. Ол ұлттық өрнек мә-
неріне тігілуіне қарай әр түрлі болған. Қыздардың 
тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұ-
ға,  барқыт,  мәуіті  сияқты маталармен  тігіледі. 
Түрлі-түсті  моншақ-маржан,  алтын,  күміс  теңге-
лер және асыл  тастармен  безендірілген.  Үкінің 
үлпілдек  қауырсыны  әсемдік  үшін  тақияны  төбе-
сіне  қадайды.  Бұл қазақ  халқының  арасына  кө-
не діни  ұғымға байланысты  үкі  құсын  «қасиетті 
құс» деп тотем тұтқандығынан пайда болған.        
Тақия - кестелеп, сырып тігілген дөңгелек, 
жеңіл бас киім.  
Сәукеле  -  ұзатылған қыз киетін  бас  киім. 
Оны арнайы басылған, ақ киізден немесе арасы-
на жүн салып  сырыған матадан  жасап,  сыртын 
арнайы  барқыт,  атлас,  мәуіті,  шұға  сияқты  қым-
бат  маталармен  қаптайды.  Шетіне  құндыз,  кәм-
шат терісі ұсталады.  
Сәукеле  үш қарыс  шамасындай  болып, 
өн бойына  алтын,  күміс,  меруерт-маржаннан 
әшекей  тағылып,  сыртын  жібек  жіппен  кесте-
ленеді және арнайы  күмістен  жасалған төбелдір 
маңдайшасы  болады.  Сыртында  жерге  жететін, 
ақ  жібек  жаулық  болады.  «Сәукеле»  лексемасы 
«сәу»  және «келе»  толық  мағыналы  екі  сөзден 
құралған.          
Е.Жанпейісовтың  докторлық  диссерта-
циясында «сәукеле» сөзінің этимологиясы жайлы 
былай  дейді:  «компонент  сәукеле  разным  язы-
кам: сау /сәу/ из общетюркского, күла/күлә~кела~ 
келе/  из персидского  сау/сәу/ -  выражает  зна-
чение  целый  всецело,  целиком;  а компонент 
келе  как  название  головного  убора  связан  с его 
основном  признаком -конусообразностью,  отно-
сительно удлиненностью».  
Кимешек -  көбінесе,  ақ  матадан  немесе, 
ақ  жібектен  тігілетін  бас  киім.  Кимешек  басты, 
кеудені,  арқаны  жауып  тұратын  болған.  Оның 
жиектерін  көмкеріп  кестелейді.  Жас  келіншек-
тердің  бет  жақтауы  жалпақтау  болып,  кестесі-де 
көркем тігіледі. Мосқал тартқан әйелдердің киме-
шегінің бет жақтауы тар болады. Бірақ әшекелен-
бейді. 
Жаулық  -  әйелдер  басына  тартатын  ора-
мал. Жаулықтың жібектен, матадан, жүннен жұқа 
етіп  тоқылғаны  да,  қалың  етіп  тоқылғаны  да 
болады.  Жүннен  қалыңдап  тоқығанын  «бөртпе» 
деп атайды. Жібектен не матадан шашақ шығар-
май  тоқыған түрін  «салы»  деп  те атаған.  Қазақ 
әйелдерінің  жас  ерекшелігіне  қарай  жаулық 
әртүрлі  болады.  Бұл сөз түркі  тілдерінің бәрінде-
де кездеседі.  
Бөрік  -елтіріден,  аң  терісінен  істелген, 
матамен  тысталған,  құлақсыз  бас  киім.  Бөрік 
қазақтың  ертеден  келе  жатқан ұлттық  бас  киімі 
болып,  қыстық  және  жаздық  бөрік  болып  бөлі-
неді. Қыстық бөрік ішіне жүн немесе мақта салып 
тігіледі. Ал жаздық бөрік мақта салынбай, қос ас-
тарланып  тігіледі.  «Бөрік»  сөзі  түркі  тілді  халық-
тардың бәріне ортақ сөз. Бұл лексеманың этимо-
логиясы  жайлы  ғалымдар  әртүрлі  пікір  айтады. 
Көрнекті  түркітанушы  ғалым  Н.К.  Дмитриев  бө-
ріктің  аң  терісінен  жасалуына  байланысты  бұл 
атауды  «бөрі»  сөзімен  байланыстырады.  В.В. 
Радлов  «кәмшат-камчатский  боберь»  дегеннен 
шыққан дейді  -  де,  мынандай  мысалдар  келті-
реді: камчат бурік - шапка из бобрового меха».  
1.  Уәждемелік  образдылық  орыс,  қазақ  
және  ағылшын  тілдерінде  әр  түрлі  деңгейде 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал