Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


ә) Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер



жүктеу 0.87 Mb.
бет48/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
ә) Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер
Компонентінің не біреуі, не екеуі де жеке-дара қол- данылмайтын, мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтап қана қолданылатын күрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі түрлі болады: бірінші түрі — бір сыңары ғана түсініксіз сездер, екіншісі — екі сыңары да түсініксіз сездер.
Бір сыңары түсініксіз қосарлама сездерге мыналар жатады: айңай-сүрен, арың-тұраң, азын-аулақ, азын-шо- ғын, айып-анжы, әуре-сарсаң, бала-шаға, борыш-қарыш, емін-еркін, жаман-жәутік, жүн-жүрқа, жай-жапсар, жар- лы-жақпай, жөн-жосың, жүдеу-жадау, жоқ-жітік, жеңіл- желпі, өрен-жаран, жігіт-желең, көл-көсір, көйлек-көн- шек, кедей-кепіиік, көрші-крлаң, киіз-кепшік,' киім-ке- шек, кіші-гірім т. б.
Олардың ішінде бірінші сыңарлары түсініксіз косар- лама сөздер де (көр-жер, опыр-топыр, тай-талас, ұлан- байтақ, иіардақ-шадыр, ыбыр-сыбыр, ығын-иіығын), екі сыңары да бірдей түсініксіз (абыр-сабыр, ағыл-тегіл, ал- ба-жүлба, алай-түлей, астан-кестен, анда-санда, алда- жалда, әлем-тапырың, әлем-жәлем, әңкі-тәңкі, быт-шыт, бұрқан-тарқан, далдың-дүлдың, егіл-тегіл, ығай-сығай, иқы-жиңы, іри-тіри) сөздер де бар.
Бұл топка тән түсініксіз сыңарлардың кейбіреулерін- де тіпті ешқандай да мағына жок болса, кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезіліп түрады. Мысалы: анда-санда. кәкір-іиүкір, қым-қуыт, ығы-жығы, әңкі-тәңкі сияқтылар- дың сыңарларының бірде-біреуінен де жеке тұрғанда еш-
120
қандай мағына аңғарылмайды. Ал, ым-жым, ың-жың, ты- рым-тырақай, ту-талақсій, алба-жалба, ұйпа-тұйпа деген- дердің кейбір сыңарларынан азды-көпті мағынаның ны- ціаны білінеді. Ол нышан я белгі сол сыңарларды қазіргі тілімізде я жеке-дара жұмсалатын сөзбен, я қосарланып, я қайталанып қолданылатын сыңарлармен салғастырған- да айқындала түседі. Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды ым қаңты (ымдасты) деген сезге, екіншісін жы- мыр я жымқыр деген сөздерге (сырткы дыбыстық жағы- нан да, ішкі мағыналық жағынан да) салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да анықтауға болады. Ал, ты- рым-тыраңай, ту-талақай дегендердің екінші сыңарларын тырақайлап қашты, талақай, талау сияқты формалар- мен ұштастырып қарастыруға болады (екеуінің де со- ңындағы -қай формасын салыстырыңыз). Алба-жалба, үйпа-түйпа дегендердегі жалба формасын жалба-жұлба, жалба-жалба сөздерімен, үйпа дегенді ұйпалақ, ұйпа- лау сөздерімен байланыстыруға әбден болғандай.
Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздер- дің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп отырады. Мысалы: анда-сан- да, оқта-санда, оқта-текте, оқтын-оқтын дегендердегі санда формасы алғашқы екі сөзде, оқта (оқтын) фор- масы соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың дегендегі ың формасын ың-шың, ыңырсу, ыңырану сөздеріменуса- лыстыруға болатыны сияқты, ым-жым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамы- 'нан, ал тым-тырыс дегеннің сыңарын тымырсық, тымы- райған дегендерден табуға болады.
Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген сыңарлары мынадай екі түрлі жолмен пайда болған:
Біріншіден, әуел-баста дербес мағынасы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып, бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге, дыбыстық жағы- нан да тйісті өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән Дербестігінен айрылып, тек өзгермейтін компонентке қо- сақталып жұмсалатын косалқы я қосақтама мүше ре- тінде ғана калыптасқан.
Екіншіден, әуел-баста дербес мағыналары бар басқа- басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып жүмсала-жұмсала *Үріп, бірте-бірте бірде бір сыңары, бірде екеуі де бір-
121
дей ез мағынасын я біржолата, я жартылаи жоғалтып (делексикаланып), бастапқы өз дербестігінен айрылып, не тек мағыналы компонентке, не бір-біріне косарлана^ тын қосалқы сыцар ретінде ғана жұмсалатын болып қа- лыптасқан.
Идиомалану, лексикалану, грамматикалаиу процео тері _ кос сөздерге де тән қасиет. Қос сөздердегі бұл процестер практикада әрі унемі, әрі жиі қолданудың нә- тижесінде кенінгі замандарда пайда болғанжұбылыстар. Мысалы, жүген-қүрық, ер-тоқым, бет-жүз; ауыз-мұрын, қас-ңабақ, ес-түс деген тәрізді қос сөздер идиомаланып, жүген-қурық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет- жүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қабаққа қа- рау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі сөздерге айнал- ған. Ақай жок;, тоқай жоқ (ақай-тоқайға карамау), әйт жоқ, үйт жоқ (өйт-уйт жок), Әй дер әже жоң та, қой дер қожа жоқ дегендермен катар, естір-естіместен, келер- келместен, келген-кеткен., жатпай-тұрмай, бекер-босқа, бос-текке сияқты қос сөздерде де лекснкалану, грамма- калану процестері барлығы даусыз.
Әуелде компоненттері басқа сөз табына тән болғаны- мен, бірте-бірте лексикалану арқасында, кос сөддердің кейбір формалары өзге сөз табына ауысатыны да бай- қалады. Мысалы, қысы-жазы, күні-түні, ертелі-кеиіті де- ген есімдер, бара-бара, сөйлей-сөйлей, кие-жара, баса- кектей, жатпай-тұрмай, іиіпей-жемей сііяқты етістік фор- малары қазір үстеу сөздерге айналған.
Тарихи шыгу төркінін, калыптасу заңдарын топшы- лағанда, кос сөздер мынадай үш түрлі жолмен дами- дами келіп, үлкен бір арнаға сайған:

  1. Қайталама қос сөздер айтылатып ойға әр килы экспресснялық, эмоциялық және басқа косымша (мыса- лы, үлғайту, бәсеңдету, жинақтау, топтау т. б.) мән беру мақсатымен әуелде (тым ерте замандарда) белгілі бір сөзді екі рет қайталап колдану машығынан пайда бол- ған. Ал, сөздің ықшамдала келіп, бір буын түрінде қай- талануы, сондай-ақ, сөздің я дауысты дыбысыныц (жарң- жұрқ, жалба-жұлба), я дауыссыз дыбысының алмасып (үйпа-тұйпа, үй-мүй, иіай-пай) қайталануы кейінгі за- мандарда қалыптасқан формалар.

  1. Қосарлама кос сөздер мынадай екі түрлі жолмегі дамып, калыптасқан тәрізді:

а) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар
122
я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес отырған я бүрынғы-соңды белгілі карым-қатынаста болған баска халықтардың (олардың шығу төркіндері бір я баска шарт емес) тілдеріндегі балама (эквнвалент) сөзді жа- рыстыра, қосарлап қолдану машығынан туып қалыптас- кан. Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компоненті іәуелгі өз мағынасын не солғындатып, не бір жола оны жоғалтып (делексикаланып), тек косарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға ай- налған. Бүл процесте, әрине, тністі фонетикалық құбы- лыстардың да өзінше маңызы болғаны күмәнсыз. Бұл процестерді бағдарлау үшін, мысалы, бала-іиаға, жора- жолдас, некен-саяқ, жүдеу-жадау, жылау-сықтау, арық- түрақ, ем-дом, тоқты-торым, әуре-сарсаң, дау-шар, емін- еркін, үйлі-баранды, талан-тараж, бақ-талай, шөп-іиа- лам, ыбыр-жыбыр, ырым-жырым, көз-қарақ, ым-жым, ың-жың, ығы-жығы, оқта-текте, анда-санда дегендерді және аман-есен., сау-саламат, ас-ауқат, іс-әрекет, қару- жарақ, қүрал-сайман, заң-зәкүн, машина-сайман, соқа- сайман дегендерді салыстырыңыздар.
ә) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логика- лық, формалык, интонациялық райға қарай, бірте-бірте орын жағынан да өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып айтылып, жүпталып қолданылуына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін, түрақты сөз ретінде, бірде бір- бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалу машығынан калыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай қасиет екі жағы да мағы- налңі қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосар- лама сөздердің компоненттері тым ауыспалы болады, де- мек бірде олар (қажет болған жағдайда) кос сөз құрамында қолданылса (мысалы, сау-саламат, аман-есен, эке-іиеиіе, апа-қарындас, қару-жарақ, іс-эрекет т. б.), бірде олар бір-бірінен ажырап дербес, жеке-дара сө^ ретінде бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ре- тінде колданыла береді. (Саумысың, саламатпысың? Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегенімізіс істеу, әрекет жасау деген сөз т. б.) Қос сөздердің екі сыңары Да бірдей бірыңғай, демек, бір ғана сөз табына тән сөз- Дерден құралатын себебінің бір негізі олардың бірын- ғай мүшелермен үштастығында да болуға тиіс.

I
жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет