Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 29. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ



жүктеу 0.87 Mb.
бет40/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
§ 29. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ
Күрделі сөздер әуелгі синтаксистік жай сөз тіркесінің я лексикалануы, я грамматикалануы негізінде калыпта- сатындықтан, олардың компоненттерінің күралу жүйесі де сөз тіркестерінің ежелден бері карайғы заң болып қа- лыптасқан үлгілеріне сай келеді. Өйткені компоненттері дыбыстық өзгерістерге ұшырап, түр-түрпаттары мүлдем басқаша болып қалыптасқан кіріккен сөздерді (мысалы: білезік және білек жүзік, сексен және сегіз он деген тә- різділерді), ондай өзгерістерге ұшырамай-ақ та бастапқң тур-тұрпаттарын сақтаған күйлерінде қалыптасқан күр- делі түрақты сөздерді (мысалы: аңқу, тасбақа, ақсақал, асқазан, царапайым, ңосаяқ, ата мекен, шопан ата, к\ 4 бүгін, егеу ңұйрық, ата-баба, шыбын-шіркей т. б.) ал- сақ — олардың бәрі де лексикалану аркылы күрделі сөз- дерге айналған. Бірақ олардың компоненттерінің орын дары мен үлгі-нұскалары жай сөз тіркестерінің үлгілері нен (модельдерінен) басқаша емес. Күрделі сөздердіі тек кіріккен сөздер мен қос сөздерден өзге топтарыныі сыртқы жамылышы (киімі) мен пішіи-тұрпатын жай сө: тіркестерінен ажырату қиын-ақ. Солай болса, күрдел сөздерді жай сөз тіркестерінен ажыратып іштей таптас тырып жіктеуге таяғіыш боларльіқ меже-белгі табудыі маңызы төтеғіше зор.
Ал, оғідай меже-белгіні күрделі сөздің сыртқы түр тұрпатынан да, дыбыс-ырғағығіан да, лексика-семантика лық мағынасынан да, грамматикалық кызметінен де- қыскасы, олардың компоненттерінің ара катынасынаі іздеген дұрыс.
Компоненттердің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонети калық түр-түрпаты мен ішкі семантикалық кұрылымыи да, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптас қан қарым-қатынастардың нэтижесін я оның жиынтығыі айтамыз.
Мысалы, царлығаіи деген сөз әуелдегі бірін-бірі анык тай және анықтала тіркескен ңара ала қүс деген үш сез ден туған. Бірақ бұл тіркестегі сөздер сыртқы түр-тур паттары жақтарынан да, іійкі мағыналары жақтарынаі да елеулі өзгерістерге ұшырнудың нәтижесінде, бастапкь түп-тбркіндеріне ұқсамайтындай күйге жетіп, басқа біР жаңа сөз болып қалыптаскан. Осы жаңа сөзді, тек этй; мологиялық талдау арқылы ғағіа болмаса, дәл қазір11
кездегі я сыртқы мүсініне қарап, я беретін ішкі мазмұ- нына қарап төркіндету мүмкін емес. Міне, осы айтылған- дай ерекшелік күрделі сөздің ішіндегі кіріккен сөз сала- сының компоненттеріне тән ара қатынаста болады. Осы айтылғандай ара қатынас бүгін, биыл, бүрсігүні, таңер- тең, әжептәуір, ендігәрі, ағайын, ңайны тәрізді кіріккен сөздердіи бәріне әрі үлгі болып, әрі заң болып қалып- тасқан.
Ата-ана, туған-туысқан деген қос сөздерді өз алдына бір топқа бөлу олардың компоғіенттерінің ара қатынас- тарына байланысты туған. Бірақ бұлардың ара қатына- сы қарлығаиі, бүгін сияқты күрделі сөздердегідей емес, басқашарақ. Ең алдымен, ата-ана, туған-туысңан деген- дердіи компоненттері біріне-бірі сабақталып, демек, бірі анықтап, бірі анықталып құралмаған, біріне-бірі тең бо- лып салаласа құралған; екіншіден, бұлардың компонент- тері ешқандай да сыртқы өзгеріске ұшырамаған және олардың әрқайсысы өзді-өзінің екпіндерін де, бастапқы мағығіаларын да сақтап тұр. Дегенмен, солай бола тұрса да, осылайша жеке сөздердің қайталануыиан я қосарла- нүынан кұралған күрделі сөз дауыс-ырғақ жағынағі да, лексика-семантикалық мағынасы жағынан да, лексика- грамматикалық қызметі жағынан да бірлесіп, бір тұтас тұлға (единица) ретінде қызмет етеді.
Айбалта, аңсақал, асқазан, тасбаңа, баспасез, кезңуй- рық тәрізді сөздер де, ат шабар, шаң басар, ңазан бүзар, сары май, ңара май, көр тышқан, жалаң бас, жас ұлан сияқты күрделі сөздердің компоненттері де бастапқыда анықтаушы және анықталушы, толықтаушы және то- лықталушы мүшелер болған. Бірақ осы күрделі сөз- дердің бәрі де, компоненттерінің әуелгі синтаксистік Қатынастары бұзылып, өзара бірін бірі анықтайтығі я толықтайтын қабілеттерінен айрылып лексикалануы ар- қасында орныққан.
Ала аяқ, бос белбеу, бас сауға, жүрек жұщан, жүрек эісалғау, ауыз жаласу, жаны ашу, жұлдызы қарсы, тон- нЫҢ ішкі бауындай, қас пен көздің арасында сияқты күр- Делі сөздер және асңар тау, ну ңарағай, темір жол, қып- Ша бел, сүмбіл шаш, дені сау, есі дұрыс, дымы цұру, та- бан тіреу тәрізді күрделі сөздер тіл білімінде тұрақты С0з тіркестері немесе фразеологиялық тұлғалар (едини- ^а) деп аталатын күрделі сөздердің қатарына жатады. Ьүл құрамдардағы компоненттердің орындары бұлжы-
майтындай аса берік, грамматикалық жағынан мүшелен- бейтін бір тұтас болады да, лексика-семантикалық жағынан бір ғана мағынаны білдіретін бір бүтін түлға (единица) ретінде жүмсалады. Бірақ мұндай тіркес ком- поненттерінің өз мағыналарын сақтау я сақтамауыиа қа-. рай іштей ерекшеленеді. Мысалы, бірінші топтағы ала аяқ, ауыз жаласу... сияқты күрделі сөздердің мағыналары күрамдарындағы компоненттерінің мағыналарынан кұ- ралмаған, демек, мүндай тіркестің я күрделі сөздің мағы- насы компоненттерінің мағыналарынан тумайды; ол ма- ғына мен компоненттердің мағыналары арасында ешқан- дай да байланыс болмайды; күрделі сөздің мағынасы басқа бір бейнелеу (образ, метафора) ұғымын білдіреі Мысалы, қас пен көздің арасында деген түрақты тіркес лезде (аса тез) деген мағынаны білдірсе, түйе үстінең сираң үйтіп деген түрақты тіркес илікпей (икемсізденіп) деген ұғымды білдіреді. Осындай тұракты тіркестер, әдетте, идиомалық тіркес я фразеологиялық тұтастық деп аталады.
Екінші топтағы асқар тау, темір жол, есі дүрыс, табан тіреу тәрізді тұракты тіркестердің компоненттері өздері- не тэн бастапқы дербес мағыналарын жоғалтпай сақтап отырады. Өйткені бұл сиякты тіркестің мағынасы күра- мына енетін компоненттерінің мағыналарынан қүралады, демек, сол компоненттердің мағыналарынын косындысы сияқты. Сондықтан бұл соңғы тіркестердің компонентте- рін жеке-жеке ажыратып талдағанда да, олар (тіркестер) түрактылық сипатын жоғалтпайды. Тұрақты сөз тіркесте- рінін бүл тобы фразалық тіркес я фразалық бірлестік деп аталады.
Сөйтіп, идиомалық тіркестің (фразеологиялық тұтас- тық) компоненттерінде ешқандай да мағыналық дербес- тік болмаса, фразалық тіркестің (фразеологиялық бірлес- тіктің) компоненттерінде өзінше әр алуан мағыналық дербестік болады. Бұл ерекшелік түрақты сөз тіркестері- нің осы айтылған екі тобынын компоненттерінін арала- рындағы қатынастарының әрі нәтижесі, әрі олардың ара- ларындағы ара қатынастың нақтылы белгісі я көрсеткіші болып саналады. Осындай ара катынастың нәтижесінде идиомалык тіркестің компоненттері мағыналык дербес- тіктерін түгелімен (біржолата) жоғалтса, фразалык тір- кесте ол дербестік я бүтіндей, я жарым-жартылап сакта-, лады. Ендеше, бүл екі топтын аралык шегі олардын ком-!
100
поненттерінін мағыналык дербестіктерін жоғалту я жо- ғалтпау (сактамау я сактау) дәрежесіне карай (яғни компоненттердін ара қатынастарына карай) анықтала- ды; егерде тұрақты сөз тіркесінің күрамындағы компо- ненттер мағыналык дербестіктерін жоғалтқан болса, ол тіркес идиомалық тіркеске (фразеологиялык түтастыкка) жатады; егерде — компоненттері мағыналық дербестік- терін я бүтіндей, я жарым-жартылай сақтаған болса, ол хіркес фразалық тіркеске (фразеологиялык бірлестікке) жатады; түрақты сөз тіркесінің күрамындағы компонент- тер мағыналық дербестіктерін неғүрлым молырақ жо- ғалтса, соғұрлым ол тіркес идиомалануға бейімделе бе- реді де, компоненттері мағыналык дербестіктерін неғүр- лым молырақ сақтаса, ол тіркес соғұрлым идиомалану- дан алыстай түседі.
Белгілі бір сөз табына тэн бір тектес сөздерден сабақ- таса күралған күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т. б.), күрделі етістіктер компоненттерінің ара қатынастары өзгеше болғандыктан, өз алдына бір топ болып бөлінуге тиіс. Мысалы: ақ шүбар, ңара шүбар, көк шубар, қызыл іиү- бар, қоңыр шүбар, сүр шүбар деген тэрізді үлгі бойынша жасалған тіркестердіи әрқайсысы екі-екі сөзден күрал- ған сын есімдер. Бірак бұлардын арасындағы қатынас синтаксистік катынас бола алмайды, өйткені олардын кұ- рамындағы компоненттері бір күрделі семантикалық үғымды білдіреді. Осы себептен, құрамына карай, күрде- лі сын есімнің семантикалык мағынасы да күрделі бола- ды. Әдетте, осындай сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады.
Ал бере бер, түра түр, бере түр, түра бер деген тіркес- тердің компоненттері өзара бірін бірі аныктап я пысык- тап тұрған жоқ. Олардың компоненттері де бір-бірімен семантикалык жағынан түтасып, күрделі бір сөздін бөл- шегі есебінде колданылады. Сондықтан мүндай тіркестер күрделі етістіктер я аналитикалык етістіктер деп ата- лады.
Төменде күрделі сөздердің тек біріккен сөздер мен кос сөздері ғана арнайы кыскаша талданады; күрделі сөз- дердің өзге түрлері, әдетте, фразеологияның объектісі болғандықтан, олар жайында жоғарыдағыдай жалпы топціылама түрдегі шолумен аяқталады. Ал, күрделі сын есім, курделі сан есім, күрделі есімдік, күрделі етістік, кҮРДелі үстеу, күрделі еліктеу сөз, күрделі шылау, күр-
101
делі одағай мәселелері жеке-жеке сөз табына тән кат& гориялар болғандықтан, олар тиісті сөз таптарымен бай ланысты тұста қаралады.

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет