Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



жүктеу 0.87 Mb.
бет37/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
§ 27. ТУЫНДЫ СӨЗ
Туынды сөз деп, әдетте, морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді айтамыз. Туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалар бо- луы шарт. Мысалы: елиіі, елшілік, құрама, ңұранды, ясалғамалы т. б.
Сөздің құрамын анықтау мақсатымен, әр қилы грам- Матикалық (морфологиялық) талдау жасағанда, практи- калық жағынан жеңіл болу үшін, түбір сөзді тек қана
89
түбір деп, туынды сөзді негіз деп атаған қолайлы. Мыса- лы, ұйымдастырушылар деген сөздің түбірі — ұйы, бірін- ші негізі — ұйым, екінші негізі — ұйымдас, үшінші негі- зі — ұйымдастыр, төртінші негізі — ұйымдастыру, бесін- ші негізі — ұйымдастырушы болады да, -лар жалғауы негізге косылған көмекші бөлшек болады. Әрине, егер ұйымдар десек, -дар жалғауы тікелей бірінші негізге жалғанған болады да, үйымдасуға десек, барыс жалғауы үшінші негізге жалғанған болады.
Сөйтіп, туынды сөздер деп жүрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен ту- ынды сөздер грамматикаларда кейде туынды түбір деп те аталады. Мысалы: Көкіие көктен де көгілдір екен (С. Мұқанов) деген сөйлемді алсак, ондағы Көкше, көк- тен, көгілдір дегендердің үшеуі де бірдей туынды сөздер емес. Олардың бастапқы түбірі — көк болғанымен, он- дағы туынды сөздер — тек Көкіие және көгілдір деген- дер ғана. Олай дейтін себебіміз: бұл екі сөздің екеуі де жұрнақтар арқылы көк деген сөзден туған. Ал, Көктен деген сөз туынды сөз емес, жалғаулы (түбір) сөз ғана.
Туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің өздерінен де өрби береді. Мысалы, біл, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсак, бәрінің де түбірі — біл. Бірақ ол түбірден тікелей туған сөз — білім деген ғана. Қалғандары туынды сөздерден (білім- паз деген білім дегеннен, білімпаздықбілімпаз деген- нен) өрбіген.
Туынды сөздер жұрнақ арқылы жасалғанымен, жұр- нақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейді. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қай- сысына болса да, талғамай жалғаныла берілсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанып көнеленіп қалады да, басқа сөздерге жалғанбайды. Бір алуан сөз- дерге жаппай жалғаныла беретін жүрнақтарды тірі жүр- наңтар дейміз де, бірді-екілі сөзге ғана жалғанып, орны- ғып, ңалыптасып қалған жұрнақтарды өлі я көне жүр- нақтар дейміз.
Мысалы: ойпат, киіт, жент, тоңазы (ды), шынтуайт дегендердегі -пат, -т, -нт, азы, -туайт жүрнақтары— өлі жұрнақтар.
Тірі жұрнақтар да кез келген сөздерге жапа-тармағай жалғана бермейді. Бірақ олардың сөз талғауы көне жүр- нақтардікнідей емес. Қөне жүрнақтар бірлі-жарымды сөзге жалғанса, тірі жүрнақтар өздерінің жаңа сөз туды-
90
ру қабілетіне қарай, сөздердің семантикасына, мағына- сына қарай, белгілі бір грамматикалық категорияға жа- татын сөздерге жалғана береді. Мысалы: -шы, -лы деген тірі жүрнақтарды жалғап: сушы, малшы, үйші, сиыршы, ictui, кенші, аңшы; сулы, малды, үйлі.^сиырлы, балалы, таулы деген сияқты сөздер жасауға болады. Бірақ осы сездерге -ғы(-қы, -кі, -гі), -ғыш (-гіш, -қыш, -кіш) жүр- нактарын жалғауға болмайды. Өйткені бұл жұрнақтар белгілі бір сөз таптарына тән бір алуан сөздерден екінші бір сөз табына жататын сөздерді тудырады. Атап айтсақ: -ғы жұрнағы мезгілдік ұғымда жұмсалатын зат есімдер мен үстеулерден сын есім тудырады (жазғы, күзгі, түнгі, ертеңгі т. б.), етістіктерден зат есімдерді тудырады (шал- ғьі, шапцы, бүрғы, кергі).
Әрбір түбір сөздің өзіне тән нақтылы мағынасы бола- тыны да, сондай-ақ сөз тудыратын әрбір жұрнақтың өзі- не тән жалпы мағынасы болатыны да белгілі. Солай бол- са, туынды сөздің мағыналық құрылымында (мағынасы- ның құрамында) олардың әркайсысының қатысына қарай, үлесі де болуға тиіс. Ол үлес, әрине, түбір сөздіц негізгі морфема болуымен және жұрнақтың көмекші мор- фема болуымен байланысты. Демек, пгуынды сөздің тұл- ғалық құрамында да, мағыналық құрамында да түбір сөз жетекші роль атқаратын мүше, жұрнақ көмекші роль атқаратын мүше болады. Екінші сөзбен айтқанда, туын- ды сөздің семантикасына оның құрамындағы түбірдің ма- ғынасы үйтқы болады да, жұрнақ оған қосымша мағына үстейді. Мысалы, малшы, егінші, құрылысшы, жазушы, суретіиі деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысының ма- ғыналарына мал, егін, цурылыс, жазу, сурет деген негізгі бөлшектер жетекші (ұйтқы) болып, -шы жұрнағы оларға косымша мағына жамап тұр. Сол себептен де мал және малиіы, егін және егінші, цұрылыс және қүрылысшы, жа- эу және жазушы, сурет және суретші сөздерінің өзара бір-бірінен сыртқы формасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да айырмашылықтары бар. Демек, мұндағы Жұрнақсыз сөздер жеке-жеке заттар мен іс-әрекеттердің аттарын білдірсе, жұрнак қосылғаннан кейін олардың әрқайсысы сол заттармен, іс-әрекеттермен байланысты кәсіп иелерін білдіреді.
Осы айтылғандай аралык қатынас тек осы сөздерге ғана емес, жалпы жұрнақ арқылы жасалатын туынды сездің бәрінде де болады. Мысалы, әрі шңғу тарихы кө- не, әрі сөз тудыру қабілеті күшті -ла (-лё* -да, -де, -та,
-те) жұрнағын алайық. Бұл жұрнак — есімдерден етістік тудыратын аса құнарлы қосымша. Бірақ бұл жұрнақ есімдердің де бәріне бірдей жалғанбайды. Олардың ішіт нен белгілі-белгілі топтарына ғана жалғанады.
Жұрнақтың туынды сөзге қосатын үлесі оған тән бо- лып қалыптаскан формасына, мағынасына, қызмет атқа- ру қабілетіне байланысты. Мысалы: -лы (балалы), -лық (балальщ), -ла (арала), -лас (аралас), -шы (ңойшы), -шылық (цойшылық)... жұрнақтарын алсақ, олардыц өз- ді-өздеріне тән формалары, мағыналары, қабілеттері бар. Ендеше, қанша жұрнақ болса, олардың әрқайсысының өз формасы, өз мағынасы, өз қабілеті болады. Әрине, осылайша саралап сипаттау дәстүрі жұрнақтардың фор- малары ғана емес, мағыналары да, қызметтері де бірде” емес, әр алуан екенінен туған. Мысалы, сөйлес, аңылдас, щрындас сияқты сөздердегі -лас (-лес, -дас, -дес, -тас -тес) жұрнақтар. Бұл жұрнақ құрамы жағынан құран- ды да, мағынасы мен қызметі жағынан омоним жұрнақ. Бұл жұрнақ арқылы есімнен етістік жасалады (аман- дас, сзлемдес, татулас, узделес, дидарлас, белдес, ңош- тас, өштес, кектес, серттес, жүздес, кездес, беттес, бірлес т. б.), есімнен есім жасалады (қүрбылас, ңадірлес, бей- нелес, тетелес, еншілес, іргелес, елдес, туыстас, сино- нимдес, түстес т. б.), сонымен қатар, есімнен әрі етістік, әрі есім жасалады (сырлас, пікірлес, достас, аңылдас, төбелес, аралас, одақтас, теңдес, колхоздас, серіктес, үштас т. б.).
Сөйтіп, туынды сөздің мағынасы өзінің құрамындағы түбірдің (негіздің) мағынасымен де, жұрнақтық мағына- сымен де іштей байланысып барып, бір тұтас қасиет-қа- білетке иеленеді.
КҮРДЕЛI СӨЗДЕР

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет