Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 22. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ



жүктеу 0.87 Mb.
бет32/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
§ 22. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жіктеу есімдіктері баяндауыш болғанда, оларға жал- ғанатын жіктік жалғау сол баяндауыштардын плеонас- .тикалық жолмен қос-қабаттасып келген көрінісі болады. 'Сол себептен жіктеу есімдігі баяндауыш болғанда, жік- тік жалғау бастауыштын жақтық мағынасына үйлеспей- ді, баяндауыштың жақтық мағынасына орайласып жал- ғанады. Мысалы: Ендігі қарыздар адам менмін (Ғ. Мү- сірепов); Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол сенсің ғой Абай (М. Әуезов); Ал бұлардың ісін бітіретіндер сен- дерсіңдер (бү да) дегендердегі алғашқы сөйлемдегі бас- тауыш — адац, баяндауыш — менмін, екінші сөйлемдегі бастауыш — ол, баяндауьіш — сенсің, үшінші сөйлемдегі бастауыш — бітіретіндер де, баяндауыш — сендерсіңдер. Сөйтіп, баяндауышы есімдіктерден болған осы үш сөй- лемде де бастауыштар мен баяндауыштар грамматика- лық жақтары жағынан қиыспаған.
) Ал, сөйлемдер «Менменмін», «сенсенсің» тәріз- Ді болып ерекше құрылған жағдайда, әрине, бастауыш
77
пен баяндауыш қиысып тұратыны өз-өзінен түсінікті.
Мысалы: Бәкен бір күні кірісіп: сен кімсің? деген. Оған Раушан: мен — менмін, мен сегізіншінің ауылнайымын, мен кеңестің бастығымын деген (Б. Майлин).
§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудыр- сақ та, басқа-басқа бірнеше сөз тудырсак, та, біз ең әуелі сол туынды сөздерге негіз болған сөздің түлға-түрпатын, демек, морфологиялық қүрылысын өзгертеміз. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік де- ген сияқты бірнеше сөз тудырсак та немесе қосарлау ар- қылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқ- ты әлденеше сөз тудырсақ та, сөздін бастапқы түрпаты өзгереді. Сондай-ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі, біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе) сөздерін алсақ та, олар- дың морфологиялық қүрылымы өзгеріске үшыраған. Осы сөздер не түбірге қосымша косу аркылы, не бір түбірді біріктіру арқылы — қысқасы,— солардың морфология- лық қүрылымдары өзгеру аркылы — жасалған. Олардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің грамматикалық күры- лысына тән заңдарға лайықты күрылған. Осы сөздердін сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қыз- мет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ қосу, түбірлерді косар- лау я біріктіру тәсілдерін алсак, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған жаңа сөздердін. лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.
Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайык, калыптасқан белгілі- белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет