Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



жүктеу 0.87 Mb.
бет17/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
§ 13. ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ
Әдетте, иеленушІ үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін 'грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп атаЛады.
Қазақ тілінде тәуелдеу категориясы үш түрлі тәсіл ар- қылы жасалады: біріншісі — морфологиялық (я синтети- калық) тәсіл, екіншісі — синтаксистік (аналитикалық), үшіншісі.-^аралас (демек, морфологиялык тәсіл мен син- таксистІк тәсілдің тоқайласқан түрі) тәсіл. Осы тәсілдер- дің қай-қайсысы болса да, тек стилистикалық ерекшелік- тері ғана болмаса, сайып келгенде, бір түрлі жалпы ма- ғына білдіреді. Ол мағына, жоғарыда айтылғандай, бір затты екінші бір затқа тәуелдеу болады.
Синтаксистік тәсіл мен аралас тэсілдің ерекшеліктері Қысқаша мынадай:
Синтаксистік тэсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын жалғап (мысалы, біздің, сіздің), оған анык,- талатын (иеленетін) заттың атын білдіретін сөзді еш- бір косымшасыз-ақ тіркестіру арқылы жасалады. Мыса- лы, біздің үй, біздің ел, біздің бала, біздің шелек, сіздің ауыл, сіздің мектеп, сіздің кітапхана, сіздіц аудан, сіздің некеме т. б.
47
Сөйтіп, тәуелдік үғымды компоненттерінің бірі (бұрын- ғысы) аиықтаушы, бірі (сонғысы) апықталушы мүшслер ретінде құрылу арқылы ғана білдіретіндіктен, бүл тіркес- ті сшггакскстік тәсілге жатқызамыз. Өйткені қазақ тілін- де осы екі сөзден (біз, сіз) басқа бірде-бір есімдік я олардын басқа формалары бүл тәсілге маңайласпайды. Тіпті осы сөздердіц өздерініц кептік формалары да бұл тәсілге көибейді (мысалы: бізОериің үшміз, сізОериің ба- лаңыз, бірақ біздердің үй, сіздердіц бала емес).
Аралас тэсіл бұрынғы (анықтаушы) компоиентінің есімдіктер ғана емсс, басқа есімдерден де бола беретін- дігі жағынан және соцғы (аныкталушы) компонентінің үнемі тоуелдік жалғаулы сез болатындығы жағынан (мысалы, біздің үйіміз, олардың балалары, колхоздың есепшісі т. б.) таза синтаксистік тәсілден басқа-шалау бо- лады. Бүл тәсіл матасу категориясына негіз де, тірек те болумен қатар, стилистикалық ерісі мен ерекшеліктері жағынан таза синтаксистік тосілден олдеқайда кең де, ез- геше де болып келеді.

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет