Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



жүктеу 0.87 Mb.
бет16/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
летін дке-шеиіе осы ңорлықтан жабырқау еді (Ғ. Мүсіре- пов).

  1. Көптік жалғау (-лар), кейбір жағдайда көпшілік пайдаланатын я қолданатын заттардың (нәрселердің, бұйымдардың, ас-тамақтардың т. б.) атауларына қосыл- ғанда, олардың көпке ортақ, көптің қолдануындағы нәр- селер екендігін білдіреді. Мысалы: Ac әзір екен, олар ас- тарын ішті (С. Мұқанов); Тез ішіп болыңдар шайларың- ды (С. Сейфуллин); Бұған кітапханаларыңыздан кітап алуға бола ма?, үтіктеріңізді (иіәйнектеріңізді, кеселері- ңізді т. б.) бере тұрыңызшы, сабақтарыңыз, экзамендері- ңыз бітті ме?

  2. Көптік жалғау (-лар) орын, мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің көптігін білдірмейді, оған «сол жақ», «сол маңай» (айнала, теңірек) деген сияқты ко- сымша рең үстейді. Мысалы: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше узап кетіп еді (М. Әуезов); Жиын тарамастан бү- рын Абай жалғыз бөлініп, өз үйлеріне ңарай асыға жө- нелді (бұда).

  3. Көптік жалғау (-лар) жалқы есімдерге (кісі ат- тары мен жер-су аттарына), сондай-ақ, кейбір туыс-жү- рағат атауларына қосылғанда, сол заттардың кептігін білдірмейді, «сол (кісі) және баскалар» деген сияқты топтау ұғымын береді. Мысалы: Сүйіндік аулына Абай- лар ел орынға отыра келіп еді (М. Әуезов); Әкесінің үйі- нен Айшаның екінші ағасы Жанәлі шығып, Айшалар отырған өз үйіне таман келді (С. Сейфуллин).

  4. Көптік жалғау (-лар) жалаң сөздерге және дер- бес сөздерден қүралған күрделі сөздерге ғана емес, дер- бес сөздер мен көмекші сездерден қүралған тіркестерге де қосылады. Ондайда көптік жалғау соңғы кемекші сөз- ге жалғанады да, бүтін тіркес бір сөз ретінде жұмсалады. Мысалы: Нұржан мен Еркін сияқтылар көбейеді (С. Мұ- қанов). Көлігі барлар өз үйлерінің жабдығын тасып ал- ған соң, басқаға да көмектеседі (Ғ. Мұстафин).

  1. Қөптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық ролі де күшті екенін мына- дай айғақтардан керуге болады.

Көптік жалғау (-лар) бір сейлемде (кейде іргелес қүрмалас сейлемдердегі) біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге (мүшеге) жалғана береді. Ондайда кептік жалғау. бір жағынан, сездерді бір-бірімен қиыстыру үшін қолда- нылса, екінші жағынан, оларды сараландырып, айқын,
44
ашык етіп ажыратып айту үшін қолданылады. Мысалы, Бастары жалаңбас, ауыздарын қалың мұрт, беттерін үзын, тығыз сары саңал басқан үлкендер балаларға әлі де аса суық түсті көрінеді (М. Әуезов) деген сөйлемдегі үлкендері бастауышқа тікелей қатысы жоқ, бірақ баян- дауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып езгертсек... (үлкен- дер балаға... суыщ көрінеді), балаларға емес, бір балаға ғана (я қандай балаға болса да) деген мағына туады да, сөйлемнің жалпы түсінігіне, қүрылысына, езге стиліне нүксан келмейді. Ал, егер сол үлкендер деген сөзге (бас- тауышқа) тікелей қатысы бар көптік фррмадағы баста- рын, ауыздарын, беттерін деген сездерді кептік жалғау- ларынсыз (мысалы: басы жалаңбас, аузын ңалың мұрт, бетін үзын... сақал басқан үлкендер...) қолдансак, сөй- лемнің стиліне де, айтылған ойды саралап түсінуге де едәуір нүқсан келеді. Демек, сол үлкендерінің әрқайсы- сының басы... аузы... беті... деген сараланған айқын түсі- нік болмайды. Сондай-ақ, Аттар қайқаңдап, тізелерін бү- гіп, ағаш ерлер ескі төсектей сьщырлайды (Ғ. Мүсірепов) деген сейлемдегі аттар, тізелер, ерлер деген сездерді ав- тор жекеше формада қолданса, жалпы үғым езгермеге- німен, дара түсінігіміз азды-көпті басқаша болар еді. Ол ерекшелік мысалы, аттар... тізелерін бүгіп.., дегенмен аттар... тізесін... бүгіп дегенді салыстырғанда. айқьтны- рақ білінеді. Ендеше, бұл айтылғандардан сөйлемдегі бір-біріне қатысты сездердің (мүшелердің) кептік жал- ғауда қолданылуы олардың әрі грамматикалық жағынан қиылысуларына, әрі стилистикалық жағынан айқында- лып саралануларына керекті дәнекерлер болады деген қорытынды туады. Оны кеңірек те, тереңірек те бағдар- лау үшін мынадай мысалдарды талдап керейік. Жігіт- тер сыртқы киімдерін сыпырып тастап, алаңандарына бір түкіріп, қолдарына кетпен алды (Ғ. Мүсірепов); Те- келер бастарын тұқырып, мүйіздерін төсеп түр (М. Әуе- зов); Бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып ке- ліп өлең тьщдасты (Б. Майлин). Осындағы жігіттер, теке- лер, кемпірлер деген сездерге (мүшелерге) қатысты кеп- тік формада қолданылған езге сездерді қосымшаларсыз Қолданып қарасаңыз, әр сейлемнің стилі де жатық бол- майды, түсінікзюрі де айкын болмайды. Осы айтылған ка- ғидаға бірыңғай мүшелердіц кілең кептік формада қол- Данылуы да дәлел бола алады. Мысалы: Олар иектерін сипайды, жөтеледі, самайларын қасиды (Ғ. Мүсірепов).
45
Бұлардың шаштары. қоңьірқай, көздері үлкен, мүрындары көтеріңкі, бой (лар)ы ұзындау, тік біткен (М. Әуезов).
Сөилемнің басты мүшесі ретінде қызмет ететін сөзден бүрын есептік сан есім я сандық үғым беретін басқа сөз анықтауыш болса немесе сол мүшенің езі жинактау сан- нан болса, оған тікелей қатысы бар сөздер көптік форма- да қиысып жүмсалады. Мысалы, мына сәйлемдрдегі қа- рамен терілген сөздерді салыстырыңыздар: Екі салт ат- ты тымақтарын бүлғай бастады (Ғ. Мүсірепов); Екеуі бастарына улкен жастық салғызып, папиростарын ауыз- дарына тістеп, аяктарыа көсілте созып жатады (бү да).
Жалқы есімдер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болған жағдайда оған тікелей қатысы бар өзге мүшелер (сөз- дер) де көптік формада қиысып жүмсалады. Мысалы, Чайков пен Мейрам жастарының үлкен, кішілігіне қара- мастан әзілдесе беретін (Ғ. Мұстафин). Назыкеш пен Се- йі.т Қөпейді өз аналарындай жақсы көреді (Ғ. Мүсіре- пов).

  1. Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грам- матикалық ерекшеліктер мынадай:

  1. Кептік жалғау (-лар) жалғанатын сөздер сөйлем- нің бірыңғай мүшелері болған жағдайда, олардың әрқай- сысы кептік мағынада қолданылады, бірақ көптік жал- ғаудың жалғануы мынаддй үш түрлі жүйенің бірінде бо- лады.

а) Көгітік жалғау (-лар)хбірыңғай мүшенің әркайсы- сына түсірілмей жалғанады. Мусалы: Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тар- та беруші еді (М. Әуезов.)
. ә) Көптік жалғау (-лар) бірыңғай мүшенің бүрынғьі- ■ ларына жалғанбай, тек соцғысына ғана жалғанады да, әзгелері осы соңғы мүшенің жалғауына ортактасады. Мысалы: Жүр, арқан, сойылдарыңды үмытпа (Ғ. Мүсі- репов); Жас қозы ,бота, бүзаулар да әлі қораны сагалай- ды (М. Әуезов); Тымақбайдың артынан Жүсіп, К,адыр- берген, Жақыптар сөз алып сөйледі (Б. Майлин).

  1. Сейлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің екінші жа- ғының анайы, сыпайы түрлерінің көпше формаларында және жалпылау есімдігінің екінші жағында түрса, етіс- тіктің жіктелетін формаларының екінші жағында тұра- тын баяндауыштар да көптік формада бастауыштармен қиысып жүмсалады. Мысалы: Сендер қайраттаныңдар, жігерленіңдер, әрқайсыларың алып күштеріңді шыға- рыңдар (Ғ. Мүсірепов); Сендер ауылдың ңарасын кер-

46
генде тоқтаңдар (М. Әуезов); Сіздер ертең келесіздер ме! (Ә. Әбішев) Бәрің де келіңдер (бү да).

  1. Бір сөзде бірнеше жалғау кабаттасып келгенде, көптік жалғау, әдетте, орын жағынан өзге жалғаулар- дын.бәрінен де (тәуелдік, септік, жіктік) бүрын, тікелей түбірден я негізден (туынды түбірден) сон жалғанады. Мысалы: отыруларыңызды сүраймын, ғапу етіңіздер, қа- зір босаймын (Ғ. Мұстафғін). Біздер оқушылармыз.

Көптік жалғау (-лар), қажетіне карай, сөздің мағына- сын анықтап, айқындап қолданған жағдайда, түбір мен жүрнақтың немесе түбір мен көнеленген форманың ара- ларында да жүмсалады. Мысалы: Абай үрылариіа ша- пан, бөркін айналдырып киіпті (М. Әуезов); Жауынгер- лер етпеттерінен жата-жата қалысты; Өздеріңдей, ез- деріңшя, вз длдерімізше; сендердей, біздердей; олар- дікі, колхоздардағы т. б.
Көптік жалғауының семантикалық мағынасы, грамма- тикалық қызметі және стилистикалық бояуы мен реңі өз ара тығыз байланысып, бір-бірімен үштасып жатады. Сондықтан кейде оларды саралау аса қиын да болады.
Ч '

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет