Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



жүктеу 0.87 Mb.
бет14/184
Дата04.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#23285
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
Көйлекіиең, байпацшақ, беіипетіиең, мәсішең сөздері- не жалғанған -шақ (-шең) жұрнағы бір түрлі мағына үстесе (тудьгрса), әрине, тершең, кіршең деген сөздерде басқа мағынаны білдіреді. Демек, бешпетшең, мәсішең свздерінен бешпет киген, мәсі киген деген мағына түсі- нілсе, тершең, кіршең дегендерден тершіл, кіршіл дегс» мағына аңғарылады.
Сондай-ақ, күлгіш, білгіш, көргіиі, сенгіиі, уққыш, жазғыш сөздерінін. сондарындағы -гіш, (-қыш, ғыш) жұрнағы етістікке жалғанып, белгілі бір Істі үнемі жүзе- ге асыруға кабілеті барлықты бағдарлататын сын есім ІУдырып тұрса, басңыш, сыпырғыіи, сүзгіш, ескерткііи, көрсеткіш, салқындатқыиі, түкіргіш, сорғыш дегендерде белгілі бір амалды жүзеге асыруға керекті құрал-сай- Манның атын білдіретін туынды зат есімдер жасап түр.
35
Ал -у жұрнағы жалғанған алңыну, сескену, сасу, жо- оу, оқыту, тәрбиелеу, қызығу, қызғану тәрізді сөздерден белгілі-белгілі іс-әрекеттің аттарын қабылдасак, егеу, caddy, жасау, бояу, қаіиау, тіреу сияқты сөздерден белгілі құрал-жабдықтардың аттарын ұғынамыз. Бірак -у жұр- нағы таяу (жер), жарау (ат), ңызу (әңгіме), ояу (кісі), кебу (отын), түзу (жол), бітеу (жара), жабырңау (кө- ңіл) деген сөздерде белгілі-белгілі сыр-сипат атаулары ретінде қызмет атқаратын сын есімдерді тудырып тұр.
Сөйтіп, алғашқы -қақ, -шен, -гіш жұрнақтарының әр- қайсысы ездері жалғанған сөздерге екі-екі мағынадан жамаса, соңғы -у жұрнағы үш түрлі семантикалық және грамматикалық мағыналар қосып тұр. Бұл сияқты поли- семиялық жұрнақтардыц мағыналары қаншалықты сара- ланғандарымен, олар (мағыналар) өзара бір-бірімен байлаиысты болады.
Жұрнактардың ішінде дыбысталуы (айтылуы) мен таңбалануы (жазылуы) бірдей болғанымен, негізгі мағы- налары да, туынды мағыналары да бір-бірімен байланыс- пайтын, үштаспайтын тіпті басқа-басқа бір алуан жүр- нактар бар. Ондайлар омоним жүрнақтар деп аталады Мұндай омоним жұрнақтарды полисемиялық жүрнақтар- дан ажырата білу кажет және олар бөлек-бөлек катего- риялар, жеке-жеке қаралуы керек.
Атіиы, түйеші, балтаиіы, етікші, малшы, егінші, тігін- ші, тергеуші, барлауиіы, сайлаушы, жүргінші, қуғышиы, жазушы, оқуіиы деген зат есімдердін бәрі де -шы (-ші) жұрнағы арқылы негізгі және туынды есім сөздерден жа- салғаны сияқты, жаншы, өрші, аунақшы, ойнаңиіы, ты- қыршы, тыпыршы, қаймақшы, дөңбекіиі деген етістіктер жан, өр, аунақ, ойнақ, тықыр, тыпыр, қаймақ, дөңбек деген зат есімдерден жасалған. Байқа-шы, қой-шы, ем- ші, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік- ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-иіі, келсем -ші формаларындағы -шы (-ші) қосымшасы етістіктіц түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тур- са, бармағүшы, келмекші дегендерде -шы (-ші) жұрнағы мақсаттың тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.
Сөйтіп, бүл мысалдардағы -шы (-ші) қосымшасыныя мағыналары көп екенін квреміз. Бірақ бұл арадағы көп мағыналар бір-біріне жақын емес, бір-бірімен байланыс- пайтын, бірінен-бірі алшақ, басқа-басқа мағыналар. Octij себептен бұл жұрнақты айтылу, жазылу түрлері біреу
36
ғана болғанымен, мағыналары да, қызметтері де бір-бірі- мен ұштаспайтындықтан, полисемиялық (кеп мағыналы) жұрнақ деп тани алмаймыз. Бұл жұрнақ — әрі жаңа сөз тудыратын, әрі жаңа форма тудыратын омоним жұрнақ.
-қ (-ық, -ік, -ак, -ек) жұрнағы. Бұл жұрнақ — нағыз омоним жүрнақ. Бұның мағыналары да кеп, жалғану ая- сы да кең, атқаратын қызметі де әр тарапты. Мысалы:

  1. Қазық, бүйрық, бөлік, сезік, күйік, көрік, түкірік, түсінік, кекірік, сурақ, тырнақ, ырғаңтілек, төсек, орақ, пышақ, жатақ, ңүіиақ, жетек, қонақ, қылың, тозың, ша- лық дегендер -ық (-ік, -қ, -ақ, -ек) жұрнағы арқылы етістіктен туған зат есімдер;

  2. Ортақ, мойнақ, қысырақ, атақ, жолақ, тікенек, қыл- танақ, түнек, үшьщ дегендер — есімдерден туған зат есімдер;

  3. Бөлек, сирек, жасық, сасьің, сүйық, түнық, артық, арық, аиіық, жатық, сынық, қисық, үзік, жегік, бітік де- гендер — сол жұрнак арқылы етістіктен туған сын есім- дер;

  4. Қалтақ, жалтаң, бүлтақ, бұрқақ, жалпақ, болпақ, балпақ, елпек, селтек, сылтық, жылпық, жыпық, шыжық, қыжық дегендер — сол жұрнақ арқылы еліктеуіш сездер- ден туған сын есімдер;

  5. Сауық, молың, орнық, дәнік, кешік, өіиік, зарық, тотық, демік, отық, ашық, кезік, көзік дегендер — есім- дерден сол жүрнақ арқылы туған етістіктер;

  6. Көнік, обық, іиирық, талық, ңанық, торьіқ сездері — сол жұрнақ аркылы түбір етістіктен туған туынды етіс- тіктер;

  7. Толық, тынық, жабық, ңызық сөздері сол жүрнак арқылы теістіктен жасалып, әрі есім, әрі етістік болып қызмет етсе, желік, ынтық, қырсық, мертік сөздері сол жұрнақ арқылы есімнен жасалып, әрі етістік, әрі есім ре- тінде қызмет етеді.

Осындай омоним жүрнақтардың қатарына -ық (-ік, -қ, -к, -ақ, -ек); -ын (-ін, -н); -ыт (-іт, -т); -ыл (-іл, -л); -ыс (-іс, -с); -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес); -ыр (-ір, -ар, -ер); -дық (-дік, -лық, -лік) және басқа жұрнақтарды қо- суға болады.
л Срнымен, жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:
Тілдің ез төл материалынан я басқа тілден енген Материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар Және кірме жұрнақтар болып екі салаға белінеді.

  1. Олар, ерте я кеш шығып қалыптасуларына қарай,

37
көне жүрнақтар және жаңа жұрнақтар болып екі топқа бөлінеді.

  1. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінін. бар я жок- тығына қарай, олар тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар болып сараланады.

  2. Құрамдарындағы морфемалардың дара я курделі болуына қарай, олар жалаң жұрнақтар және құранды жүрнақтар болып жіктеледі.

  3. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны біл- діретініне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемия- лық) және кеп мағыналы (полисемиялық) болып бөлі- неді.

  4. Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-баска бо- ла тұра, мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас син- оким жұрнақтар да болады; сондай-ақ, формасы (айты- луы мен жазылуы) бірдей бола тұра, мағыналары езара бір-біріне алшақ омоним жүрнақтар болады.

  5. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я енімсіз болуларыа қарай, олар құнарлы жұрнақтар және кұ- нарсыз жұрнақтар болып салаласады.

Сөйтіп, жүрнак.тардын. шығу төркіндерінде де. даму және қалыптасу тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де қаншальіқты ерекшеліктері мен өзгешеліктер бола тұрса да, олар бей-берекет быты- ранды қосымшалар емес, бір үлкен жүйеге сарқылатын (кұйылатын) және сол жүйеден ұя-үя болып тарайтын жүйелі категория екенін көреміз.
Жалғаулар
Жалғаулар, жоғарыда айтылғандай, сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық форма- лар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербес- тік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғау- лар, біріншіден, жеке-дбра қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара түрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалык мағыналар да жамайды.
Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардын әуе- ніне қаран не жуан, не жіңішке болып сәйкесетіні сияк-' ты, дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап,'
38
ұяндап, сонарланыгі, екі-үш вариантты болып түрленгені ғана болмаса, шексіз өзгере бермейді. Мысалы: көптік жалғауды алсақ, оның варианттанған түрлері -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болса, ілік септіктің қосымшасы -нын, -нің, -дын, -Дің, -тың, -тің, жіктік жалғаудың I жақ косымшасы -мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз т. б. болады. Бірак, осылайша варианттанып келетін жалғаулардьің грамматикалық мағыналарына да, қызметтеріне де түр- ленуден басқа езгеріс енбейді.
Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол ка- тынастардын. түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет ете- ді. Сондықтан, жүрнақтарға қарағанда, жалғаулардың ерісі де кең, өресі де жазык. болып келеді. Мысалы, сеп- тік және тәуелдік жалғауларды алсак, олар тек зат есім- дерге ғана жалғанып қоймай, субстантивтенетін сөздер- дің қай-қайсысына болса да жалғана береді. Көптік жал- ғаудың өрісі де осындай. Ал, жіктік жалғауды алсақ, ол да сөйлемде баяндауыш болатын сездердін бәріне де тал- ғамай жалғана береді.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың терт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысынын. өзіне тән грам- матикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнау- лы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардын. езді-ездері- не тән ерекше қызметтері бар.

жүктеу 0.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет