Ағымдағы жылы саяхат үшін ең арзан елдер



жүктеу 263.91 Kb.

бет1/4
Дата19.01.2017
өлшемі263.91 Kb.
  1   2   3   4

Ағымдағы жылы саяхат үшін ең арзан елдер

Үндістан мен Индонезия деп танылды. Бұл ту-

ралы арнайы зерттеу жүргізген шетелдік «Sky-

scanner» туристік қызметі хабарлады. Үндістан

мен Индонезиядағы бір күндік сапарына жұп ор-

таша алғанда 40 доллар жұмсайды. Авторлар

атап өткендей, үнемшіл туристер үшін Үндіс -

танда тəулігіне 20 доллар да жеткілікті болуы

мүмкін. Непал мен Вьетнамды бір күн аралауға

45 доллар кетеді екен. 

Лаоста 55 доллар, ал Шри-Ланкада 60 дол-

лар жұмсалады. 

Кəсіпкер Екатерина Быстрянина қолөнер ше-

берлеріне өте арзан бағамен сауда нүктелерін

ұсынып отыр. Оралдық шеберлер қолынан іс ке-

летін кез келген адамға дағдарыстан қауіп жоқ

деген ойда. Катя Быстрянинаның қызығып əуес -

тенетін ісі табыс көзіне айналды. Ісмер көйлек -

терді тапсырыс бойынша тігеді. Шебер өзі сияқты

адамдармен бірлесіп, жеке дүкен ашсам деген

ойына ата-анасы қолдау көрсеткен. Əкесі дүкен

сөрелерін жасап берсе, анасы қызының басты

көмекшісіне айналды. Аумағы 43 шаршы метр бо-

латын дүкеннің əзірге жартысы бос тұр. 



Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi

Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi 

Ì à ð æ à í û   Ñ û ð ä û ң   –   Ø è å ë і

№7 (8358) 26 қаңтар, сейсенбі, 2016 жыл 

osken_onir@mail.ru

Мен жер бетіндегі

өркениеттің таяудағы 30

жылда соғыстар мен қақ -

тығыстардың шиеленіс-

кен түйінін даналық пен

тар қату үшін күш-жігер

таба алатынына сенім-

дімін.

Н.НАЗАРБАЕВ.

Еліміз тəуелсіздігін жариялаған ши рек

ғасырда сол тəуелсіздігімізді баянды етіп,

ел экономикасын дамыту жолында

атқарылған жұмыстар аз емес. Елбасымыз

Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жа 

-

һандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар,



даму» атты Қазақстан халқына арнаған

Жолдауында «…Жаңа жаһандық өмір

шын дығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің

нақты мүм кіндіктеріміз негізіндегі бір тұтас

іс-қимыл Стратегиясын қарсы қоюымыз

керек. Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп

қана емес, сонымен бірге жаңа мүм 

-

кіндіктер. Біз қазірдің өзінде индустриялық-



инновациялық дамудың екінші бес 

-

жыл дығын бастадық, яғни ши кізат ресурс -



тарына ғана қарап қалмайтын экономика

құрудамыз. Қа зақстанда инновациялық-ин-

дустрияландыру шеңбер інде құрыл ған эко  -

но миканың жаңа секторлары эко 

но -

микалық өсімнің драйверлеріне айналуда»



деп атап өткен болатын. Рас, тəуелсіздік

алған жылдар ішінде ашылған жаңа

өндіріс орындарының еліміздің эконо 

-

микалық дамуына өз үлестерін қосып



жатқандығы белгілі. Облысымызда да бір-

шама өндіріс орындары ашылып, əлі де

бірқатар өн діріс орындары ашылады деп

күтілуде. Бұл тұрғыда сөз қозғар болсақ

ауданымызда да жұмыстарын жанданды-

рып жатқан үлкенді-кішілі жұмыс орын-

дары аз емес.

Жайылымы малға, егістігі дəнге толып,

жайқалған бау-бақшасы, көздің жа 

уын


алып дəмділігі тіл үйірер кө көністерімен та-

нылып, күн санап көр кейіп келе жатқан

Шиелі Сыр өңірінде өндірісі өркендеп келе

жатқан өлкенің бірі.

Көмірсутек қорларына бай еліміз мұнай,

газ, көмір қорлары бойынша 10-13 орында,

ураннан 1-ші орындамыз. Ауданымызда

еліміздегі əлемге танымал «Қазатом 

-

өнеркəсібіне» қарасты РУ-6 кен басқарма -



сы ның уран өндірісін еселеп, ауданы 

-

мыздың əлеу 



меттік-эконо мика лық да-

муына өз үлесін қосып жатқандығы белгілі.

Осындай іргелі өндіріс орын 

дары -


мыздың бірі Асан Рақышевтің басшы 

-

лығымен 2011 жылдан бастап жұмыс



жүргізіп, жүзден аса жанды жұмыспен

қамтып отырған, қа зақстандық «Кемикал»

мұнайхимиялық компаниясы Шиелі кенті,

«Көкшоқы» мөл 

тек ау 

да нын дағы Қы 



-

зылорда филиалының құбыр зауыты су,

газ бағытындағы ПВХ жəне ПНД құ быр -

ларының бірнеше түрлерін шығаруда.

Өндіріс технологы Мейірбек Ке меловтің

дерегіне жүгінер болсақ, Қытай, Ресей,

Оңтүстік Корея елдерінен жеткізілетін ши-

кізатпен герма ниялық «Крадусс Моффей»

зауытынан ал дырылған 4 техникалық желі

арқылы 90, 113, 140, 195 маркалы поли-

винхлорид құбырлары мен полиэтилен құ -

бырларының бірнеше түрін шы ға ратын бұл

өндіріс орнының өнімі ха лық аралық жəне

ұйым стандарты бой ынша өндіріліп, МС

ИСО 9001-2008, 9001-2009 сапа менедж-

менті жүйесіне сай жұмыс жүргізуде. Уран

саласында сілті қышқылын жер асты сілті-

леу əдісімен өңдеуде пайдаланылатын по-

ливинхлорид пен полиэтилен

құ быр  ларының жарамдылығы 50 жыл.

Уран, су, газ салалары мен кəріз

жүйелеріне қажетті құбырлармен ішкі

сұранысты қамтамасыз етіп отырған бұл

өндіріс орны қазіргі таңда жыл сайын 4

млрд. теңгенің өнімін шығаруда. Алдағы

уақытта өндірісті өркендетіп аудан ау 

-

мағынан тыс жерлерді де өз өнім дерімен



қамтамасыз ету көзделуде.

Біз қазіргі таңда отандық өнімді

жаратайық деп жа һан ға жар салып жатыр-

мыз. Жөн-ақ. Ал, енді отан дас тарымыздың

шығарған өнімдері олақ болса, оны кімге

апарып тықпалап, жапсырғандайсың? Ия,

отандық өнім «өзі құтты, өзі сүтті» деген-

дей, сапалы һəм əдемі болса, бағасы да

көкейден шықса, тұтынушылар қа шанда

табылады. Сапа дейтіндей тауар болмаса,

отандық өнім дейтін тұтынушы қайдан

шықсын. Осы орайда еңбек етіп жатқан

өндіріс орындарымыздың бірі – 2008 жыл-

дан бері жұмысын жүргізіп жатқан «Мөлдір

и К» толық серіктестігі. Бұл өндіріс ор-

нында жергілікті шикізатты пайдалану

арқылы темір-бетоннан жасалған іргетас,

таспалы іргетастың тақталары, маң 

-

дайшалар, борттық ернеутас, кəріз жүйесі



мен су құбыр ларына  арналған конструк-

циялар тапсырыс берушінің талабына

жəне мемлекеттік стандарт пен сапа ме-

неджментіне сай 5 түрлі өнім шы ғарылуда.

Қызылорда қаласы мен облыс аудандары-

нан тапсырыс қабыл дап отырған серікте-

стік алдағы уақытта бұл өнімдерінен бөлек

төбені жабуға арналған темір-бетон тақ -

таларын дай ындауды да жолға қоймақ. Се-

ріктестік шығаратын өнімдер сапалы да

қол жетімділігімен сұранысқа ие. ФИС-24-3,

6 ғимарат іргетасы 6,5 мың теңгеге сауда-

ланса, 24-2, 6 жəне 24-5, 6 маркалы

бұйымдары басқа өңірде гілер мен салыс -

тырғанда 2-2,5 мың теңгеге арзан. Жыл

сайын 5 мың текше метр темір-бетон

бұйымдарын өндіретін өндіріс орны өткен

2015 жылы 40 млн. тең генің түрлі темір-

бетон өнімдерін өндіріп «Орион ЛТД»,

«Өмірзақ» ЖШС, «Асанияздар» компа-

ниясы, «Ақмарал» ЖШС секілді серіктесте-

рімен өзара байланыста жұмыс жүргізуде.

Өңірлік индустрияландыру картасына

2013 жылы ендірілген «Шиелі тас-Оң 

-

түстік» ЖШС ағымдағы жы 



лы іске қо 

-

сылып, жылдық қуаттылығы 60 мың тонна



əк өндіруге жобаланған бұл өндіріс орны

қазіргі таңда 15 мың тонна əк өндіріп,

өнімдері аудан, облыс орталық тарын дағы

құрылыс материалдары дүкенде рінде ке-

лісі 20 теңгеден сатылуда. 

Келешекте бұл өндіріс орны шеттен ке-

летін əкті облыс нарқынан ысырып шығар -

мақ.


Ауданымыздағы индустрияландыру

картасына сай ашылған жобалардың тағы

бірі – «Фирма Балауса» ЖШС. Сирек кез-

десетін ванадий рудасының 69 млн. тонна

қоры бар «Бала сауыс қандық» кенішіндегі

бұл серіктестікте жүздеген жан еңбек

етуде. Ванадий мета лы ның қоспасы ар -

қылы автокөлік, əскери техникаларды жа -

сап шығару барысында беріктігін арт 

-

ты руға, оның қасиеті арқылы тех 



ника -

лардың сал мағын жеңіл əрі берік етуге,

бронды транспортер, бронжилет жасауға

пайдаланылады. Аталмыш «Фирма Ба-

лауса» ЖШС ванадий металын ав 

-

токлавты тəсіл бойынша өндіруде.



Болашағы зор өндіріс орнының алға қойған

мақсатты жобалары толық жүзеге асы-

рылса аудан экономи касының дамуына

қосар үлесі де аз болмасы белгілі. 

Адам ағзасының 70 пайызы судан

тұратындығын, сондықтан, күнделікті тұты -

натын ауыз суымыздың таза да сапалы

болуы саламатты өміріміздің негізі екенді-

гіне көңіл бөлген ағайынды  Берік, Серік

Қыдырəлиевтер 2005 жы лы қазақ ғылыми-

зерттеу институ тының сапа сертифика-

тына ие «Сыр суы» ЖШС-ін іске қосты.

Ресей мен Польша елдерінен су тазалай-

тын қон дырғылар, Франция елінен сүз -

гілер, Алматы, Астана, Шымкент қала -

 лары нан құты шыға ра тын шикізаттар жет-

кізіліп, ЖШС-нің өзінде шы ғарылып жатқан

1,5, 5, жəне 18,9 литрлік сыйым дылық тағы

таза да сапалы құтыларға құйылған, зи-

янды микробтардан ажы ратылған, мей-

лінше жұмсақ та таза əрі сапалы сулары

қазіргі таңда Қызыл орда қаласы мен Шиелі

ауданының сауда орындарына жəне

ауданы мыз дың көптеген мекемелеріне та-

ратылуда. «Жиделі топтық су құбырына»

қарасты «Та қыркөл» кен орнында ор на -

ласқан №9 Ж. ұң ғы  ма  сынан арнайы ав -

токөліктерімен жеткізілген ауыз суды цехта

тазалау, жұмсарту процестерінен өткізіп

тұтынушыларына уақтылы жеткізіп отыр -

ған «Сыр суы» ЖШС алдағы уақытта өз

кəсіптерін дамыту үшін өндірісті жаңарту,

жаңғырту жұмыс тарын қолға алмақ. Осы

мақсатта жобалық құны 300 млн. теңгені

құ райтын су құю цехының құрылысын

жүргізіп, су шығару қондырғыларын орнату

көзделуде. Бұл жоба жүзеге асса жүзден

аса адам жұмыспен қам тылмақ. Өз авто-

паркі бар бұл ЖШС əзірге 18,9 литрлік

құтыдағы судың 40 мың, 1,5 литрлік құ -

тыдағысының 100 мың, 5 литрлік құтыдағы

суының 50 мың данасымен тұтынушы -

ларын қам тамасыз етуде. Шағын жəне

орта бизнесті дамыту мақсатында кəсіп -

керлікке қадам жасап Ресейден шағын ста-

нок алдыртып іске қосқан жеке кəсіпкер

Д.Батыршаевтың шағын шеге цехы жы-

лына 180 тонна шеге өнімдерін шы ғарып

жатса, тағы бір жеке кəсіпкеріміз Б.Бəйім -

беттің Талдықорған қаласынан 100 дана

балапан, 60 дана тауық құсын жеткізіп

тоңазытқыш, инкубатор аппараттары,

тауық жүнін тазалағыш құ рылғыларымен

қамтамасыз етіліп, жылына 1000 мың құс

өсірілетін құс фермасының да келешегінен

күтер үміт көп. Бұл аталған өндіріс орын-

дарынан өзге ауданымызда бірнеше газо-

блок, күйдірілген кірпіш, қиыршық тас

өндіретін орындар мен жылыжайлар, плас -

тик материалдардан есік, терезе жасайтын

цехтар мен шұжық цехы, кондитерлік цех-

тар, наубайханалар мен түрлі мақсаттағы

халыққа қызмет көр сету орындары жұмыс

жүргізуде. Ірілі-кішілі осындай өндіріс пен

кəсіп орындары жергілікті өнімдердің

қарқын алуына əсер етіп импорт көлемінің

азаюы на да өзіндік ықпалын тигізіп,

қаншама жанды жұмыспен қамтамасыз

етуде. 

Кез келген елде жұмыссыздықтың



деңгейі елдің жалпы экономикалық хал-

ахуалының көрсеткіші болып табыла 

-

тындықтан халықтың жұмыспен қамтылуы



бірінші кезектегі мəселе лердің бірі. Əйтсе

де аграрлық-индус триялық аймаққа ай -

налған ауда - нымызда əттеген-ай дегізер

тұста рымыз да жоқ емес. Солардың бірі

күн қуатын кəдемізге жарататын боламыз

деп басталған тамаша тірліктің тоқ ы рауға

ұшырап, алынған құрыл 

ғы ларының еш

қажетімізге жарамай жатуы болса, «Шиелі-

қамыс өндіру» кəсіпорны да ашылмай

жатып жабылып тынды. 

Əйткенмен, əсем де сапалы арнайы

қызметтік формаларымен аудан жұрт 

-

шылығына танылған «Көкшоқы» мөл тек



ауданындағы «Сырдария» тігін цехы мен

жобалық құны 612 млн. теңгені құраған,

жылдық қуаты 250-300 тонна мия тамырын

өңдейді делініп, облыс əкімі Қ.Көшербаев

ашылу салтанатына қатысып ақ жол тіле-

ген «Мия Шиелі» ЖШС белгілі себептер-

мен уақытша жұмыстарын тоқтатып тұр -

ған дығын, жуық арада жұмысын қайта

жандандыратындығын ескерсек аудан

тұрғындарының əлеуметтік жағдайы ның

жақсаруына өз үлестерін қоса тындығына

күмəн жоқ.

Ал, енді биылғы жылы іске қо сылатын

Ақмаядағы сүт өнімдерін шы ға ратын зауыт

пен ақпан айында құ ры лысы қолға алына-

тын, жылына 1 млн. тонна цемент шы ға -

рып, 400 адамды жұмыспен қамтитын

цемент зауыты толық іске қосылар болса

аудан экономикасының еселеп арта түсері

анық. 


Дегенмен, қолдағы барды ұқсата оты -

рып құс фермасы, жүн өң деу, жеміс-жидек

консервілеу, жем азы ғындық цех тары да

іске қосылып өзге де жұмыс орындары

ашылып жатса, қаншама аудан

тұрғындары жұмыспен қамтылып, əл-

ауқатының артуына, бюджетімізге қан 

-

шама қаржы құйы 



луы на өз септіктерін

тигізер еді. Атқарылып жатқан істер аз

болма ға нымен атқа рылар тірліктің де көп

екендігі белгілі. 

Осы атқарылған жұмыстардың ба-

сында, алдағы міндеттердің жолында ау -

дан əкімі Қ.Сəрсенбаевтың тынбай

ізденіспен еңбек етіп келе жатқанын да

айта кеткеніміз абзал.

***

Ендеше, «дағдарыс дендеп, тұра латып

кетпесін десек, тіршілігімізге қажетті

өнімдермен өз-өзімізді қамта 

масыз ету

үшін жүйелі жұмыс жүргізе білуіміз қажет»

– деген аудан басшы 

сының сөзі осы

мақаламыздың түйіні болуы керек.

Тұрар ТОҚҚҰЛОВ.

Өткен аптаның жұма күні

аудан активінің жиыны бо -

лып өтті. Жиынға аудандық

мекеме, кəсіпорын, оқу ор -

ын дары, басқа да құры лым -

дар мен ұйым басшылары,

депутаттар, еңбек ардагер-

лері қатысты.

Актив жиынын аудан əкімі

Қ.Сəрсенбаев алғысөз сөй -

леп, ашты.

– Өткен жыл тұрақтылық

пен татулық жылы есебінде

ел еңсесін тіктей түсті.

Əлем дік дағдарыс біздің елі -

міздің даңғыл жолына бөгет

қоя алмады. Елбасы ұсын -

ған Ұлт жоспары бұл дағ да -

рысқа берілген нақты жауап

болды.

Президентіміздің Мəжі 



-

ліс ті тарату жөніндегі жарлы -

ғынан бəріңіз де хабар 

-

дар сыздар. Мəжіліс пен мəс -



лихаттың, яғни екі сайлауды

бірге өткізу – қазіргі күн тала-

бына сай, ел бірлігі жолын -

дағы маңызды қадам.

Қазақ биік белеске шығар

алдында ағайынды жиып

ал қалы кеңес өткізген.

Біз де осы саяси науқан,

маңызды шара барысында

бас қосып отырмыз, – деді

аудан басшысы өз сөзінде.

Онан əрі аудандық мəсли -

хат тың өз шақырылымы ке-

зінде кəсібилікпен белсенді

жұмыс жүргізгендері үшін

алғыс білдірді. 

Мұнан соң «Нұр Отан»

партиясы аудандық филиа -

лы тө рағасының бірінші ор -

ын басары П.Маханбет сөз

алып, Прези ден тіміздің алға

қойып отырған 5 инсти тут -

ционалдық реформасы елі -

міз дің 30 дамыған ел қата -

рына енуге жол аша түс -

кендігін, саяси өміріміздегі

серпіліске аудандағы 5915

нұротандықтардың белсене

араласып, ықпалды жұмыс

жасайтындығын айтты.

Өз кезегінде аудандық

ардагерлер кеңесінің төраға -

сы С.Оразымбетов екі сай-

лауды бірге өткізудің уа қыт -

ты да, қаржыны да үнем деу -

ге оң бастама болып отыр -

ғанына тоқталып, Елбасы -

ның салиқалы саясаты ар -

қылы жүзеге асып жатқан

игілікті істерді атап өтті. Осы

бағытта ардагерлердің қа 

-

шан да алдыңғы саптан та-



былатынын айтты.

Сөз алған кəсіпкер А.Əб -

діқадырова мен Р.Нысанха-

нов отандық кəсіпкерлерге

үкімет тарапынан көптеген

қолдаулар жасалып оты 

р -

ғанын айта келе, заң шығару



органдарының мандатын

жа  ңартудың орынды бас 

-

тама болып отырғандығына



тоқталды.

№48 Ə.Қоңыратбаев

ат ын  дағы мектеп директоры

Б.Сейілханов, аудандық ау-

рухана басшысының орын-

басары Б.Қалкөзова, жастар

атынан сөз сөйлеген А.Ма-

манова да Елбасы үндеуіне

бір ауыздан үн қоса тын дық -

тарын білдірді.

Жиынды қорытқан аудан

əкімі əлем əлемтапырақ бо -

лып жатқанда біздің елі міз -

дің жарқын болашағы үшін

қойылған міндеттерді орын-

дауды Елбасымыздың бар -

лы ғымызға шегендеп тап 

-

сы рып отырғанын, еске са -



лып, саяси науқанда аудан

халқының ауызбірлік көрсе -

тетініне сенім білдірді.

Д.АЯШҰЛЫ.

Ñûí-¬àòåð

¼òêåëіíäåãі

ñàëè¬àëû


¬àäàì

 ӨЛКЕМІЗДЕ ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕСЕ



2

2

№7 (8358) 26 қаңтар, сейсенбі, 2016 жыл 

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТЫНЫҢ ДЕ    ПУ ТАТТАРЫН САЙЛАУ ЖӨНІНДЕГІ САЙЛАУ ОКРУГТЕРІ МЕН

УЧАСКЕ ЛЕ РІНІҢ ТІЗІМІ, ОЛАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ, АУМАҚТЫҚ, ОКРУ Г -

ТІК ЖƏНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИС СИЯ ЛА РЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңының 13 бабаның 4 тармағы, 15 бабының 3 тармағы, 17

бабының 2 тармағы, 22 бабының 2 тармағы, 23 бабының 5 тармағына, Қазақстан

Республикасы Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мəжілісі таратылып, Мəжіліс депутаттарының кезектен тыс сай-

лауын 2016 жылғы 20 наурызға тағайындау туралы» 2016 жылғы 20 қаңтардағы

№181 Жарлығына жəне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының «Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының

кезектен тыс сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі» жəне «Қазақстан Республи-

касы мəс 

ли хаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау жəне

Қазақстан Республикасы мəслихаттары депутат 

тары ның кезекті сайлауын

əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту

туралы» 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3/82, №3/83  қаулыларына сəйкес, Шиелі

аудандық мəслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің,

учаскелерінің тізімі, олардың орналасқан жерлері мен шекаралары, аумақтық,

округтік жəне учаскелік сайлау комиссия лары ның құ рамы туралы хабарлаймыз.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, №13. Орталығы: Аудандық

мəдениет үйі, телефоны: 8(72432) 4-30-58.

Құрамы: төрағасы – Дулатов Молдабай Оразбекович; орынбасары – Бабасов

Тлеубек; хатшысы – Бупежанов Талгат Уалиханович; комиссия мүшелері:

Ермағамбетов Садық, Ахметов Əбдішəки Ауланбергенұлы, Сəрсенбаев Айдар-

бек, Кенжесарив Серик Кадрияевич.

№1 Сұлутөбе сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, М.Шоқай ауылы,

Достық к-сі №7, Мəдениет үйі, телефоны: 29-1-51.

Сайлау округінің шекарасы: М.Шоқай ауылы, Сұлутөбе стансасы, 14 жəне 15

темiржол бекеттерi, Ақтоған ауылы, 1-Мамыр ауылы жəне 16 темiр жол бекетi,

Бiрлестiк ауылы, Майлытоғай ауылдық округi, Қоғалы ауылдық округi жəне

№2019 əскери бөлiмiнiң "Қосмаман" шекара заставасы.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Жұмаділов Ералы; орын-

басары – Піртаева Кенши; хатшысы – Нургалиева Лаззат Шамтаевна; комиссия

мүшелері: Кунторова Гульнур Алибековна, Жарылқасынова Шарида, Изимов

Тұрсынбай, Есимсейтова Сулушаш Курмашовна.

№2 Жөлек сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі  ауданы, Жөлек ауылдық округі, Жөлек ауылы,

Қожабеков к-сі №55, Мəдениет үйі, телефоны: 22-2-32.

Сайлау округінің шекарасы: Тартоғай ауылдық округi, Тартоғай стансасы, 18

бекет, Жөлек ауылдық округi, Қызылқайың ауылы, Ортақшыл ауылы.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Ксенбаева Зияхан Баки-

ровна; орынбасары – Əлтаев Ғалымжан Халықбекұлы; хатшысы – Махатова Гул-

мира Балғабайқызы; комиссия мүшелері: Дүйсебаев Қайрат Асылханұлы,

Нұралиева Болғанай Уалиханқызы, Ақпан Ғабит Амангелдіұлы, Сапарымбетова

Бейбіт Əбілдаханқызы.



№3 Талаптан сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі  ауданы, Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылы,

Бала би к-сі №10, Мəдениет үйі, телефоны: 32-1-53.

Сайлау округінің шекарасы: Талаптан ауылдық округi, Бəйгеқұм ауылдық

округi.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Берденов Əбдікəрім;



орынбасары – Спабек Нұрғали Сарсенбекұлы; хатшысы – Əлиев Амангелді

Мұхтарұлы; комиссия мүшелері: Алімбаев Нұрлан Кеңесұлы, Дурманова Азиза

Абдикеновна, Əлиев Ғалымжан Аманжолұлы, Əбен Жұпарбек Кузенбайұлы.

№4 Иіркөл сайлау округі

Орналасқан жері:  Шиелі  ауданы, Иіркөл ауылдық округі,  Жақаев ауылы,

Абай тұйығы №2, №149 орта мектеп, телефоны: 24-2-06.

Сайлау округінің шекарасы: Ы.Жақаев ауылы, Жансейiт ауылы, Жаңатұрмыс

ауылдық округi.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Дəуімбаев Бауыржан

Əлиасқарұлы; орынбасары – Жұман Махаббат Серікқызы; хатшысы – Айжанова

Роза Əбсадыққызы; комиссия мүшелері: Бекенов Жанкелді Жұмабайұлы,

Парменқұлова Лəззат Мелденқызы, Əбдиева Жансұлу Молдахметқызы, Мырзах-

метова Жібек Камбаровна.



№5 Жуантөбе сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі  ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылы,

Ə.Исмайлов к-сі  №40, орталығы: клуб үйі, телефоны: 26-3-45.

Сайлау округінің шекарасы: Жуантөбе ауылдық округi, Бестам ауылдық округi.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Бураханов Ағайдар;

орынбасары – Жүсіп Кенжебай Сыздықұлы; хатшысы – Терлікбаев Бақытжан

Бекентайұлы; комиссия мүшелері: Абызбай Бектай Нұртайұлы, Бекова Қанипа

Өтепқызы, Піржанов Нұржан Алмасұлы, Садық Төлеген Тəңірбергенұлы.



№6 Алмалы сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі  ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы,

Дулатов к-сі №25, №181 орта мектеп, телефоны: 5-02-00.

Сайлау округінің шекарасы: Алмалы ауылдық округi, №20, №21 темiр жол бе-

кеттерi, Ақтоған ауылдық округi, Телiкөл ауылдық округi.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Байдрахманова Данагул

Дəулетбекқызы; орынбасары – Абдуллаева Светлана Қайырбекқызы; хатшысы -

Жұмабаев Талғат Асанұлы; комиссия мүшелері: Бакиров Ашимхан Мухамеджа-

нович, Усенова Гулмира Орынбасаровна, Шонабай Сəрсенкүл Баймырзақызы,

Жылқайдаров Ержан Ақбайұлы.



№7 Əл Фараби сайлау округі

Орналасқан жері: Шиелі  кенті, М.Шоқай к-сі №1, Орталығы: №45 «Ақ орда»

мектеп-гимназиясы, телефоны 4-22-34.

Сайлау округінің шекарасы: "Байсары" суармалы арығынан басталып Қ.Бо-

табаев, М.Өмiрбеков, Д.Нысанбаев, Ə.Оспанов көшелерiн қамтып, Т.Жүргенов

көшесiнiң жұп жағымен М.Шоқай көшесiнiң қиылысына дейiн, М.Шоқай көшесiнiң

тақ жағымен орталық алаң Пч-56 мекемесi арқылы темiржол бойымен шығысқа

қарай "Байсары" суармалы арығына дейiн. Темiржолдан Есабыз көшесi жұп

жағымен №4 коллекторға дейiн жəне коллектор бойымен батысқа қарай

"Бəйтерек" мөлтек ауданын, Асан-ата көшесiндегi тұрғын үйлердi қамтып жəне

темiржол бойымен шығысқа қарай Есабыз көшесiне дейiн.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы – Сейдахметов Жандос

Сəдібекұлы; орынбасары – Мұстаев Тілеу Қалдыбекұлы; хатшысы – Абдикадиров

Бақытжан Танибергенович; комиссия мүшелері: Исламов Ерлан Сейіткамалұлы,

Өтегенова Орынтай Төкебайқызы, Арыстанов Бақытхан Базарғалиұлы,

Қалдыбаева Ажаркүл.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал