АҒылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева



жүктеу 67.12 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі67.12 Kb.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАДА 

ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Р.Б. Сариева  

№19 ЖОББМ, 

Орал қаласы 

 

Мектеп  жүйесінде  болып  жатқан  өзгерістер  ағылшын  тілдерін 

оқыту  үдерісіне  жаңа  өзгерістер,  жаңа  талаптар  қоюда.  Қазіргі 

таңда  ағылшын  тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияны  көп 

пайдалану  маңызды  жұмыс  болып  табылады.  Бұл  дегеніміз,  тек 

қана  жаңа  техникалық  құралдар  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

оқытудың  жаңа  әдістері  мен  түрлері,  оқыту  процесіне  жаңаша 

қарау.  Ағылшын  тілін  оқытудағы  негізгі  мақсат  -  ағылшын  тілін 

коммуникативті  қалыптастыру  және  дамыту,  оны  еркін  игеру. 

Ағылшын  тілі  -  қазіргі  заманның  талабына  сай,  қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-техникалық  және  мәдениет 

дамуының  қайнар  көзі.  Қазір  ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесінің 

деңгейі  жоғары.  Тілді  оқытуда  интерактивтік  тәсіл,  ойындар, 

екеуаралық  пікірталастар,  сонымен  бірге  ақпараттық  технология, 

интернет, компьютер қолданылуда. 

Ағылшын  тілін  оқытуда  интерактивті  әдістемелерді  қолдануға 

үлкен  мән  беріледі.  Бұл  әдістеменің  негізі  сол,  оқытушының  оқу 

процесінің  басқарушысы  ретінде,  барлық  жағдайды  ескере  отыра, 

оқушының белгілі бір бағыт бойынша екеуаралық жұмыстар істеуі, 

бір-бірімен  ақпараттарымен  ауысып,  алға  қойған  мақсатқа  жету 

үшін,  сабақ  барысының  жан-жақты  қарастырылғанын  ескеру. 

Интерактивті  әдістемелерді  пайдалану  оқушының  жаңа  сабақты 

неғұрлым  жете  түсінуіне  үлкен  әсер  етеді.  Қазіргі  таңда 

инновациялық 

әдістемелерді 

пайдаланудың 

мақсаты 

– 

оқушылардың  тілді  білуге  деген  құштарлығына  жан-жақты  әсер 



ету,  қызығушылығын  арттыру.  Интерактивті  сабақта  оқушы  өз 

пікірін дұрыс жеткізуге, өз көзқарасымен пікірталастарға қатысып, 

басқа  адамның  пікірі  мен  көзқарасын  тыңдап,  басқа  да 

альтернативті  пікірді  сыйлауға  үйретеді.  Осындай  жұмыс 

нәтижесінде  интерактивті  сабақта  әрбір  оқушының  өз  пікірі  мен 

көзқарасы қалыптасады. 

Ағылшын тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио 

материалдар  қолдану,  мультимедиялық  құралдарды  пайдалануға 



үлкен  мән  беру  керек.  Сабақ  барысында  светотехникалық  және 

дыбысты  техникалық  құралдарды  (бейне  магнитофон,  теледидар, 

проектор,  мультимедиялық  проектор,  компьютер)  пайдалану 

оқушылардың  өз  тілінде  сөйлейтін  адамдардың  тілін  тыңдап,  оны 

көзбен  көре  отыра  ақпарат  алуына  көмегі  тиеді.  Бұл  жағдай 

оқушылардың  сөйлеу  деңгейін  жақсартуына  көмектеседі.  Тыңдау 

арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. 

Бүгінде  Интернет  жүйесі  арқылы  білім  алудың  жаңа  түрі  - 

қашықтан  оқыту  пайда  болды.  Мұнда  мультимедиа  материалдары, 

электрондық  оқулықтар,  интерактивтік  бейнеконференциялар 

арқылы  білім  алуға  мүмкіндік  бар.  Интернет  ағылшын  тілін 

үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. 

Интерактивті  оқыту  –  бұл  таным  іс-әрекетін  ұйымдастырудың 

арнайы  нысаны.  Ол  толық  нақтылықты  және  болжамды 

мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің 

сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде 

қандай  өнімді  іс  істеу  керектігін  сезінетін,  оқудың  қолайлы 

жағдайын жасаудан тұрады. 

Бүгінде  әрбір  жастың  ақ  арманы  -  терең  білім  алу,  жалғыз 

мақсаты - мемлекетімізді гүлдендіру, тәтті тілегі - көп тіл білу. Бір 

сөзбен  айтқанда  әлемді  біліммен  бағындыру.Ағылшын  тілін  еркін 

білу  -  өркениетке  жол  бастаған  еліміздің  жарқын  болашақты 

жастарының біліміне білім қосатын игі бастама. Қазіргі таңда әрбір 

жас  өз  болашағын  біліммен  болжайтын,  арманына  ақылымен 

жететін  барлық  бақыт,  байлық,  қазынаны  ілімнен  іздеген  көзінде 

оты,  жүрегінде  жігері  бар  жан.  Олар  үшін   ең  бастысы  алдыңғы 

қатарлы 50 алып елдердің тіршілігі, салты, тілі қызықтырады. 

Интерактивті  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту, 

оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге 

асырылады.   

Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады: 

* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі

* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп 

көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу

*  тапсырмаларды  шешуді  жүзеге  асыратын  әдістер  мен 

құралдарды таңдауда келісушілік; 

Интерактивті  оқытудың  мәні  мынада,  оқу  процесі  іс  жүзінде 

барлық 


оқушы 

таным 


үрдісіне 

тартылатындай 

болып 

ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені 



ойлайды  түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным 

процесінде  оқушылардың  біріккен  іс-әрекеті,  әркім  өзінің  жеке-

дара  үлесін  қосатын,  оқу  материалдарын  меңгеруді  білдіреді, 

білімдерін,  идеяларын,  іс-әрекет  тәсілдерін  алмасу  жүргізіледі. 

Және  де  бұл  мейірімділік  пен  өзара  бір-біріне  қолдау  көрсету 

аясында  болады,  ол  тек  қана  жаңа  білім  алуға  мүмкіндік  беріп 

қоймайды,  таным  әрекетінің  өзін  де  дамытады,  оны  қызметтестік 

пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады. 

Интерактивті  әдістердің  мәндік  ерекшелігі,  сипаттамасы  –  бұл 

субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің 

жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, 

рухани бірігуі. 

Интерактивті  әдістерді  пайдалану  кезінде  оқушылар  түсіну 

процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу 

танымының  негізгі  қайнар  көзі  қызметін  атқарады.  Оқытушы 

дайын  білімді  бермейді,  бірақ  оқушыларды  өз  бетімен  ізденуге 

үйретеді.  Білім  берудің  дәстүрлі  нысандарымен  салыстырғанда, 

интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі 

ауысады:  педагогтың  белсенділігі  оқушының  белсенділігіне  орын 

береді,  ал  педагогтың  тапсырмалары  олардың  инициативасы  үшін 

жағдай жасаушы болады. 

Интерактивті  оқыту  интенсивті  оқытуда  да  кеңінен 

қолданылады. 

Бұл  әдістерді  игеру  және  қолдану  үшін,  оқытушыға  топтық 

өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті 

оқыту  өзара  түсінікті,  өзара  әрекеттестікті,  өзара  байытуды 

қамтамасыз етеді. 

Интерактивті  әдістер  ешқандай  жағдайда  да  дәрістік 

материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге 

септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-

құлық машығын қалыптастырады. 

Интерактивті  әдіске  сондай-ақ  әр  түрлі  көмекші  құралдарды 

пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдылар, 

флипчарттар,  постерлер,  компьютерлер  және  т.т.  таныстырулар 

жатады.   

Сонымен  қатар,  оқу  процесіне  топтық  пікірсайыстар,  жазбаша 

мазмұндамалар  және  шығармалар,  сұхбаттар,  жастарды  «тең  – 

теңімен»  қағидаты  бойынша  құрдастарымен  жұмыс  істеуге  оқыту, 



бейнефильмдер  мен  бейнесюжеттерді  қарап  шығып  талқылау, 

әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу. 

Интерактивті  әдістерін  пайдалану  кезінде  оқытушының  рөлі 

күрт  өзгереді,  ол  тек  қана  процестерді  реттеп  отырады  және  оны 

жалпы  ұйымдастырумен  айналысады,  қажетті  тапсырмаларды 

алдын  ала  дайындайды    және  сұрақтарды  немесе  топтарда 

талқылауға  арналған  тақырыптарды  қалыптастырады,  кеңестер 

береді,  белгіленген  жоспардың  орындалу  тәртібі  мен  уақытына 

бақылау жасайды. 

Қатысушылар  әлеуметтік  тәжірибеге  -  өзінің  немесе  басқа 

адамдардың  тәжірибесіне  жүгінеді,  сондықтан  оларға  бір-бірімен 

коммуникацияға  түсуге,  берілген  тапсырмаларды  бірігіп  шешуге, 

кикілжіңдерді  болдырмауға,  жақындасудың  ортақ  нүктелерін 

табуға, ымырашылдыққа баруға тура келеді. 

Оқудың  интерактивті  әдістерінің  артықшылығы  қандай?  Ең 

алдымен, интерактивті әдістер:  

* оқушылардың қызығушылығын туғызады; 

* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; 

* әрбір оқушының сезіміне назар аударады; 

* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 

* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді

*  кері  байланысты  (аудиторияның  жауап  беру  реакциясын) 

жүзеге асырады; 

оқушылардың 



пікірлері 

мен 


қарым-қатынастарын 

қалыптастырады; 

* өмірлік машықтарды қалыптастырады

* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі. 

Интерактивтік  тәсілді  қолдана  отырып,  оқытушы  оқушының 

ағылшынтілін  меңгеруде  белсенділігін  арттырып,  бірігіп  жұмыс 

істеуге қол жеткізуге толықтай мүмкіндігі болады. 

Мектептегі  интерактивті  тақта  да  мұғалімдердің  жұмысын 

жеңілдете  түсуде.  Ағылшын  тілі  пәнінің  интерактивті  тақтада 

өткізудің тиімділігі, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, 

және  де  мұғалімдердің  сабаққа  дайындығын  нығайта  түседі.  Әр 

сыныпта  өткізілетін  сабақты  интер-активті  тақтамен  дайындалған 

мұғалімнің  де  беделі  артады.  Сондай  -  ақ,  5,6  сыныптардың 

тақырыптары  яғни  ауа  райы,  жыл  мезгілдері,  зат  есімдер, 

аспаптардың  аттары,  түстер,  мамандық  аттары,  сан  есімдер,  ұлт 

аттары,  бөлме  аттары,  сұраулы  сөйлемдер,  ел  аттары,  табиғат  т.б. 



көптеген  тақырыптарға  интерактивті  тақтаның  атқаратын  орны 

ерекше.  Ал  7,8,9  сыныптардың  электронды  оқулықпен,  дискімен 

жұмыс,  мәтіндерді  оқу  барысында  яғни,  оқушылардың  есту  және 

сөйлеу  мәнерін  дамыта  түседі.  10  –                              11  сыныптарда 

интерактивті тақтаның үлесі сол, тестке дайындау жеңілдейді 

Көптеген  әдіскерлер  видеофильм,  электрондық  пошта                

(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және 

т.б.  көмегімен  ағылшын  тілінде  монолог  және  диалог  түрінде 

сөйлеу  қабілетін  қалыптастыратын  жаттығуларды  құрастырумен 

айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей 

алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды 

тапсырмасының 

бірі 

ағылшын 


тілі 

сабағында 

жаңа 

технологиялардың  түрлі  амалдарын  қолдана  отырып,  сөйлеудің 



шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілін үйрету 

процессінде  компьютер  технологияларын  қолдану  сабақты 

қызықты  жолмен  өткізуге  көмектеседі.  Мысалы,  анимациялық 

суреттер,  видео-көріністер,  презентациялар  және  т.б.  әртүрлі 

дыбыстар арқылы көрсетіледі. 

Интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеудің  артықшылықтары: 

бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; интернет-

сайттары,  басқа  да  құралдарды  қолдана  отырып,  жаңа 

материалдарды  түсіндіруге,  меңгеруге  қолайлы    берілген 

материалды  әсерлі  жеткізуге  және  оны  топтағы  оқушылары 

арасында  талқылауға  үлкен  мүмкіндіктер  туғызады;  интерактивті 

тақта   топтағы  барлық  оқушылардың  басты  назарына  айналуына 

байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза 

алады;  мұғалімнің,  оқушының  да  шабытын,  қызығушылығын 

арттырып,  сабақты  тартымды  өткізуге  ынталандырады;  оқушы 

алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық 

қабілетін  арттыруға  мүмкіндік  алады;  әр  ұстаз  өз  бетінше  топпен 

жұмыстың  жаңа  түрлерін   ойлап  таба  алады.  Оқушылар  бір-біріне 

сұрақ  қойып  және  оған  жауап  беруді  үйрететін,  жұптасып  жұмыс 

істеу әдісі  сабақтарда жиі қолданылады. 

Біріншіден,  ағылшын  тілін  оқытуда  интерактивтік  тәсілді 

қолдану  кезінде  қойылатын  талаптың,  жасалатын  жұмыстың  оқу 

процесіне  сай  болуы  керек.  Талап  тым  жоғары  болса,  оқуға  деген 

қызығушылық  жойылады,  ал  төмен  болса,  жалығуға  әкеліп 

соқтырады. 

Екіншіден,  жұмыс  түрлері,  онда  қолданылатын  оқу  құралдары, 



жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай 

болуы  керек.  Үшіншіден,  оқушылар  жіберген  қателерін  мұғалім 

көмегімен  өздері  табуы  керек.  Интерактивті  тәсіл,  әсіресе  сабақты 

пысықтап, 

қорытындылауға 

бірден-бір 

көмегін 

тигізетін 

тәсілдердің  бірі.  Сонымен  қатар  интерактивті  әдіс  арқылы 

оқушылар  өз  білімін  өздері  бағалайды  да  олар  алған  білім,  білік 

дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, топтық 

өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.  

Жалпы  ағылшын  тілі  сабағында  қолданылып  жүрген  рөлдік 

ойындар, іскерлік ойындар, пікірталас, оушылардың  баяндамалары 

мен  ақпараттық  хабарлары,  дәріс-диалог,  тренинг,  дөңгелек 

үстелдер,  ұжымдық  –  танымдық  оқу,    иммитация  әдістері  осы 

жоғары  белсенділікті  дамыту  әдісінің  интерактивті  әдіс  белгілері 

болып  табылады.  Сабақты  ұйымдастырудың  топтық-үлестірме 

түрлерін  қолдану  арқылы  іс-әрекетті  талқылау,  қарама-қарсы 

қайшылықты  мәліметтер  беру  арқылы  пікірталасын  тудыру 

оқушылардың мәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. 

Интерактивтік 

тәсілді 

қолдана 

отырып

оқытушы 


оқушының  ағылшын  тілін  меңгеруде  белсенділігін  арттырып, 

бірігіп жұмыс істеуге қол жеткізуге толықтай мүмкіндігі болады. 

Интерактивті  әдіс-тәсілдерді  жиі  пайдалану,әр  сабақта  оның 

мүмкіндіктерін  түрлендіріп  отыру  –  педогогтар  қауымының  басты 

міндеті.  Әрбір  технология  өзіндік  жаңа  әдіс-тәсілдерімен 

ерекшеленеді.  Әдіс-тәсілдерді  мұғалім  ізденісі  арқылы  оқушы 

қабілетіне,  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктелініп,  қолданынады. 

Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. 

Жалпы жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ағылшын 

тілі  сабағында  интерактивті  тақтаны  қолдану  жолдары  әртүрлі 

болып  келеді.  Ол  сабақтың  түріне,  сабақ  өту  әдіс-тәсілдеріне, 

сабақтың  тақырыбына,  сабақтың  құрылымына    байланысты. 

Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану өте тиімді. 

Мұғалім  аз  күш  жұмсап,  көп  нәтижеге  жете  алады.  Тіл  үйрену 

барысында  мұғалім  тақырып  бойынша  материалдар  жинап, 

слайдтар мен тапсырмалар жасап дайындаса, оны бір сабаққа ғана 

пайдаланбай,  сақтап  қойып,  қайталау  сабақтарында  қайта 

пайдалануына әбден болады. 

Ағылшын  тілі  сабағында  интерактивті  тақтаны  қолданудың 

қарапайым  жолы  компьютер  арқылы  тақта  бетіне  тақырып 

бойынша өтілетін жаңа сөздерді оқылуымен жазып алу аудармасын 


суреттер  арқылы  көрсетіп,  тіл  үйренушілерге  ұсынуға  болады. 

Нәтижесінде  тіл  үйренушілер  жаңа  сөздерді  суреттер  бойынша 

есінде  жақсы  сақтайды,  жазылуын  тақтадан  оқығандықтан  көру 

арқылы  есінде  сақтайды.  Жаңа  сөздерді  арнайы  жазылған 

дискілерді  тақта  арқылы  оқушыларға  тыңдатып,  соңынан 

қайталатып  айтқызу  керек.  Оқушылар  дискіден  тыңдаған 

ағылшынтілінде 

сөйлеушінің 

дауыс 

ырғағына, 



әріптерді 

дыбыстауына,  сөздегі  буындарға  түсірген  интонациясына  көңіл 

бөле  отырып,  сол  сөйлеушіге  еліктеу  арқылы  жаңа  сөздердің 

айтылуын есте сақтайды. Сол үшін тыңдауға алынған дискілеріміз 

таза  әрі  дұрыс  жазылған  болуын  қадағалауымыз  керек.  Бұл 

лексиканы  үйретуде  интерактивті  тақтаны  қолдану  жолыдары: 

мәтінді  аяқта, яғни мәтіннің басы немесе ортасы тақтада беріледі, 

соны  оқушы  ойланып  толықтыруы  керек;  мәтін  толық  беріледі, 

бірақ  мәтіннің  кейбір  сөздері  суреттер  арқылы  беріледі,  соны 

оқушы сөзбен жазуы керек; мәтін осы шақта беріліп тұр, енді соны 

өткен  шақта  айтуы  керек.  Ағылшын  тілі  сабағында  интерактивті 

тақтаны қолдана отырып, көптеген ойындар ойнатуға болады және 

сөз жұмбақтар,  ребустар шешеміз. 

Қорыта  айтқанда,  интерактивті  тәсілдің  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  құрастырылған  тапсырмаларды  орындау  оқушыларға 

оқытылып  отырған  тілдің  практикалық  тұрғыдан  қолдану 

нәтижесін,  жемісін  көруге  мүмкіндік  береді  және  осы  жағдай 

олардың  ағылшын  тілін  оқып  үйренуге  деген  қызығушылығын 

арттырады.  Сонымен  қатар  оқушылар  әрекетін  белсендіру,  оқу 

материалдарын,  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерін  жетілдірусияқты 



негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады... 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал