Аға оқытушысы Шулгаубаева Г. С. және аға оқытушысы Савченко Н. К



жүктеу 0.9 Mb.

бет4/6
Дата22.04.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6

Парақтық бөлістіру 

4  суретте  жадыны  парақтық  бөлістіру  сызбанұсқасы  бейнеленген. 

Әрбір үрдістің виртуалды мекен-жай кеңістігі виртуалды парақтар делінетін 

аталған  жүйе  мөлшерінің  тең,  фиксирленген  бөліктеріне  бөлінеді.  Жалып 

жағдайда,  виртуалды  мекен-жай  кеңістігінің  көлемі  парақ  көлеміне  тең 

келмейді,  сондықтан  да  әрбір  үрдістің  соңғы  парағы  фиктивті,  я  болмаса 

жалған облыстармен толыға түседі.  

Машинаның  бүтін  дерлік  оперативті  жадысы  физикалық  блоктар 

делінетін  тең  көлемді  бөліктерге  бөлінеді.  Парақ  өлшемі  екілік  дәрежесіне 

тең  тұрғыда  талғанады: 512, 1024 жыне  тағы  да  басқалары.  Бұл  мекен-

жайлардың түрлену үрдістерін жеңілдетуге ықпал етеді.  

Үрдістің  қосылуы  барысында  оның  виртуалды  парақтарының  теңдей 

бөлігі  оперативті  жадыға,  ал  қалғандары – дискіге  орнығады.  Ұқсас 

виртуалды парақтардың ұқсас физикалық парақтарды орнығуы міндет емес. 

Қосылу  барысында  операционды  жүйе  әрбір  үрдіске  тиесілі  ақпараттық 

құрылымды қалыптастырады. Ол оперативті жадыға енгізілген парақтардың 

виртуалды  және  физикалы  парақтарының  кнөмерлерінің  сәйкестілігі 

нақтыланатын  парақтар  кестесі.  Одан  өзге  парақтар  кестесінде  парақтың 

модификация  белгілері,  іске  қосылмау  белгісі,  және  виртуалды  жады 

механизмімен  қолданылатын  өзге  де  деректер  іспеттес  басқарушы 

ақпараттар болады.  

Үрдісті процессордың арнайы тіркелімдемесіне белсендіру барысында 

аталған үрдістің парақтар кестесі іске қосылады.  

Әрбір жадыға төну кезінде сұраныс салған виртуалды жады жөніндегі 

ақпарат  парақтар  кестесінен  оқыла  бастайды.  Егер  де  аталған  виртуалды 

парақ  оперативті  жадыда  орнықса,  онда  виртуалды  мекен-жайдың 

физикалыққа түрленуі орындалады. Ал егер қажетті виртуалды парақ дискіге 

көшірілсе,  онда  парақтық  үзілістің  болуы  ықтимал.  Орындалудағы  үрдіс 

 

36


кідіріс  жағдайына  алмастырылып,  дайын  үрдістер  реттлігіндегі  келесі  үрдіс 

белсендіріледі.  Параллелді  тұрғыда  парақтық  үзілістің  өңдеу  бағдарламасы 

дискіде  қажетті  виртуалды  парақты  іздестіріп,  оны  оперативті  жадыға 

көшіруге  тырмысады.  Егер  жадыда  бос  физикалық  парақ  бола  жатса,  онда 

қосылу  дәл  сол  мезетте  орындалады,  кері  жағдайда – оперативті  жадыдан 

қандай парақты қосу қажеттіліг талқыланады.  

 

Сурет. 4.. Жадыны парақтық бөлістіру 

Аталған  жа

  біршама  бөлігі 

қолда


ген парақ  

олған парақтар  

виртуалды  мекен-жайдың 

физик


 

ғдайда  түрлі  құрамды    критерийлердің

нылуы мүмкін, мысалға:  

 



Ең ұзақ қолданысқа төнбе

 



Алғаш көзге түскен парақ  

 



Соңғы уақытта төнулер аз б

Жадыны  парақтық  бөлістіру  кезіндегі 

алыққа түрлену механизмін қарастыралық (сурет 5).  

 

37



 

 

 



Сурет. 5. Жадыны парақтық бөлістіру кезіндегі виртуалды мекен-

жайдың физикалыққа түрлену механизмі 

 

Парақтық бөлістіру кезінде виртуалды  мекен-жай жұп түрінде берілуі 



мүмкін,  мұндағы (p, s) p – үрдістің  виртуалды  парақ  нөмірі  (парақтардың 

нөмірленуі 0-ден  басталады),  ал s – виртуалды  парақ  шегінде  орын 

алмастыру.  Парақ  өлшемі 2 тең  екендігін  ескере  отырып,  к  дәрежесінде      s 

орын алмастыруы  кіші разрядты k виртуалды мекен-жайдың екілік бөлігінде 

бөлістірудің  қапарайым  тәсілімен  орындалуы  мүмкін.  Қалған  разрядтар  р 

парағының екілік жазбасын бейнелейді.  

Аппараттық  құралдармен  оперативті  жадыға  төну  барысында  келесі 

әрекеттіліктер орындалады:  

4.

 

парарқар  кестесінің  бастапқы  мекен-жайлары  (парақтар  кесесінің 



тіркелімдеме  құрамы,  виртуалды  парақ  нөмірлері  (үлкен  виртуалды 

мекен-жай разрядтары), парақтар кестесіндегі жазба ұзақтығы (жүйелі 

константа,  яғни  тұрақтылық ) негізінде  кестедегі  қажетті  жазбаның 

мекен-жайы анықталады.  

5.

 

Аталған жазбадан физикалық парақтың нөмірі алынады.  



6.

 

физикалық  парақ  нөміріне  орын  алмастыру  қосылады  (виртуалды 



мекен-жайлардың кіші разрядтары).  

Жадының парақтық ұйымдастырылуы бар жүйе өнімділігіне парақтық 

үзілістер  мен  виртуалды  мекен-жайдың  физикалыққа  түрленуіне  жұмсалған 

уақыттық  шығындар  ықпал  етеді.  Жиі  қайталанатын  парақтық  үзілістерде 

жүйе  парақтар  свопингіне  біршама  уақытты  бос  кетіруі  мүмкін.  Прақтық 

үзілістердің  жиілігін  қысқарту  мақсатында  парақ  көлемін  ұлғайтуымызға 

болады.  Одан  өзге,  парақ  көлемін  ұлғайту – парақтар  кестесінің  көлемін 

 

38



кішірейтіп, жады шығындарын да қысқартады. Басқа жағынан, егер де парақ 

ауқымды болса, яғни әрбір бағдарламаның виртуалды жадындағы фиктивті, 

яғни  жалған  облыс  та  ұлғая  түседі  деген  сөз.  Виртуалды  мекен-жайдың 

физикалыққа  түрлену  уақыты – парақтар  кестесіне  қол  жеткізу  уақыты 

дәрежесімен анықталады. Осыған орайлас, парақтар кестесін "жылдам" есте 

сақтағыш  құралдарына  сақтауға  әрекеттенеді.  Бұл  мысалға,  қол  жеткізу 

уақыты, ассоциативті іздестіру мен деректерді кэширлеу уақытын  қысқарту 

мақсатында  қолданылатын  арнайы  тіркелімдемелер  мен  жады  жиынтығы 

болуы мүмкін.  

Сегментті бөлістіру  

Виртуалды  ұйымдастыру  кезінде  (сурет 6) үрдістің  виртуалды  мекен-

жай  кеңістігі  ақпараттың  мағыналылығын  ескерілуімен  программистпен 

анықталатын  сегменттерге  жіктеледі.  Жекелеген  сегмент  бағдарлама, 

деректер  массивін  келтіруі  мүмкін.  Кей  жағдайларда  бағдарлама 

сегменттелуі компилятордың көмегімен қалыпты жағдайда орындалады.   

 

 

 

                Сурет. 6. Жадыны сегменттермен бөлістіру 

Үрдістің  қосылуы  барысында  сегменттердің  теңдей  бөлігі  оперативті 

жадыға (бұл ретте әрбір сегмент үшін операционды жүйе бос жадының сәкес 

орнын іздестіреді), ал екінші бөлігі – диск жадыға орнығады. Бір бағдарлама 

сегменттері  оперативті  жадыда  аралас  учаскелерді  алуы  мүмкін.  Қосылу 

барысында  жүйе  үрдістің  сегменттер  кестесін  қалыптастырып,  онда  әрбір 

сегмент  үшін    оперативтіжадыда  сегменттің  бастапқы  физикалық  мекен-

жайы,  көлемі,  қол  жеткізу  ережелері,  модификация  белгілері,  сегментке 

соңғы  төнулер  тізімі  жөніндегі  ақпарат    белгіленеді.  Егер  де  кейбір 

үрдістердің  виртуалды  мекен-жай  кеңістіктері  бір  сегментті  қосқан  болса, 

онда  аталған  үрдістердің  сегменттер  кестесінде  сегмент  қосылатын 

оперативті жады учаскесіне қарасты нұсқаулар орындалады.  

Сегментті ұйымдастырылуы бар жүйе парақтық ұйымдастырылуы бар 

 

39



жүйеге  ұқсас  қызмет  етеді:  жадыда  қажетті  сегменттердің  болмауынан 

үзілістер  болып  отырады,  жадыны  босатудың  қажетті  жағдайында  кей 

сегменттер  шығарылып  отырады,  оперативті  жадыға  төну  барысында 

виртуалды мекен-жайдың физикалыққа түрленуі орындалып отырады. Одан 

өзге  жадыға  төну  кезінде  қажетті  типтің  аталған  сегменткеқол  жеткізілуіне 

рұқсат етілгендігі тексеріледі.   

Жадыны  Сегментті  ұйымдастырудағы  виртуалды  мекен-жай  жұппен 

берілуі  мүмкін (g, s),  мұндағы g – сегмент  нөмірі,  а s – сегменттегі  орын 

алмастыру.  Физикалық  мекен-жай g нөмірі  бойынша  кестеде  табылған 

сегменттің  бастапқы  мекен  жайы  мен s орын  алмастыруы  көрсеткіштерінің 

қосылуы жолымен алынады.  

Аталған тәсілдің кемшіліктері – сегменттер деңгейіндегі фрагменттену, 

яғни  бөлшектену  мен  парақтық  ұйымдастырылумен  салыстырғандағы 

түрлендіру үзақтығы болып табылады.  



Парақтық-сегменттік бөлістіру 

Аталған  тәсіл  жадының  парақтық  және  сегменттік  бөлістірілуінің 

комбинацисы  ретінде  танылады.  Үрдістің  виртуалды  кеңістігі  сегменттерге 

бөлінеді,  ал  әрбір  сегмент  сегмент  шегінде  нөмірленетін  виртуалды 

парақтарға  бөлінеді.  Оперативті  жады  физикалық  парақтарға  жіктеледі. 

Үрдістің қосылуы парақтық тұрғыда операционды жүйемен орындалады, бұл 

ретте  парақтардың  бір  бөлігі  оперативті  жадыда,  ал  екіншісі – дискіге 

жазылып  отырады.  Әрбір  сегмент  үшін    құрылымы  парақтық  бөлістіру 

кезінде  қолданылатын  парақтар  кестесінің  құрылымымен  пара-пар  келеді. 

Әрбір  үрдіс  үшін  аталға  үрдістің  барлық  сегменттеріне  парақтар  кестесінің 

мекен-жайы  белгіленеді.  Сегменттер  кестесінің  мекен-жайы  сәйкес  үрдіс 

белсендірілгенде процессордың арнайы тіркелімдемесіне енгізіледі.  



Свопинг 

Свопинг – виртуалды  жады  түрлілігі.  Есептің  орындалуына  қажетті 

талап – оның көлемі шектелген оперативті жадыға жазылуы. Бұл талаптарда 

свопинг  деп  аталынып  кеткен  есептеуіш  үрдістің  ұйымдастырылу  тәсілі 

ұсынылған  болатын.  Аталған  тәсілге  сәйкес  біршама  үрдістер  дискіге 

уақытша  көшіріледі.  Операционды  жүйе  жоспарлаушысы  оларды 

қарастырылмнан  шегермейді,  тек  талаптар  белсендірілуі  кезінде  свопинг 

облысындағы  үрдіс  оперативті  жадыға  орын  алмастырады.  Егер  оперативті 

жадыдағы бос орын жеткіліксіз болса, басқа да үрдіс шығарыла береді.  

Свопинг барысында виртуалды жадыны орындаудың жоғарыда аталған 

тәсілдеріне  қарағанда  үрдіс  жады  мен  диск  аралығында  түгелдей  орын 

алмастырады,  яғни  белгілі  бір  уақыт  көлемінде  үрдіс  оперативті  жадыдан 

толыққанды  шығаруы  ықтимал.  Үрдістерді  қосу  не  шығарудың  түрл 

алгоритмдері,  сондай-ақ    шығарылатын  үрдіске  оперативті  не  диск  жадын 

беру тәсілдері баршылық.  

Деректерді кэширлеу қағидаттары 

Есептеуіш машина жады – қол жеткізудің орташа уақыты мен бір бит 

көлеміндегі  деректерді  сақтау  құндылығымен  ерекшеленетін  есте  сақтау 

құрылғыларының  иерархиясы  ретінде  қабылданады  (процессордың  ішкі 

 

40


тіркелімдемелері,  оперативті  жады  түрлері,  дискілер,  ленталар).  Тұтынушы 

арзан әрі жылдам жадыны пайдалануды жөн көрері сөзсіз. Кэш-жады аталған 

ахуалда тығырықтан шығуды тиімді тәсілі болып табылады.  

Кэш-жады – бұл  қол  жеткізудің  орташа  уақыты  мен  бір  бит 

көлеміндегі  деректерді  сақтау  құндылығымен  ерекшеленетін,  жиі 

қолданылатын  ақпаратты  жай  ЕСҚ-дан  жылдам  ЕСҚ  динамикалық  көшіру 

уақытын  азайтуға  мүмкіндік  беретін  екі  түрлі  есте  сақтау  құрылғыларының 

бірлесе қызмет етуін ұйымдастыру тәсілі болып табылады.  

Кэш-жадыны  көп жағдайда тек  екі түрлі есте сақтау құрылғыларының 

бірлесе  қызмет  етуін  ұйымдастыру  тәсілі  ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ 

жылдам  ЕСҚ  бір  құрылғысы  ретінде  қабылдауымызға  болады.  Ол  бағасы 

жөнінен  қымбат,  жады  көлемі  де  салыстырмалы  жағдайда  аз.  Ең  бастысы 

кэш-жы  механизмі  тұтынушы  үшін  айдындай  мөлдір,  деректердің 

қолданылуы  жөнінде  қандай  да  бір  ақпаратты  бермейтін,  ЕСҚ  бір  түрінен 

екіншісіне  деректердің  орын  алмастыруын  орындамайтын  механизмі. 

Атлаған  шаралардың  барлығы  жүйелік  құралдармен  автоматты  түрде 

орындалып отырады. 

Кэш-жадыны  оперативті  жадыда  сақталған  деректерге  қол  жеткізудің 

орташа  уақытын  азайтудың  жекелеген  жағдайын  қарастыралық.  Бұл 

мақсатта процессор мен оперативті жады арасында кэш-жады орныға түседі 

(сурет 7). Кэш-жады  құрамы – оған  енгізілген  деректер  бөлшектерінің 

жиынтығы.  Деректер  элементтері  жөніндегі  әрбір  жазбада  оперативті  жады 

мен  басқарушы  ақпаратта  қолданысқа  енгізетін  мекен-жайы:  модификация 

белгісі мен соңғы уақыт аралығындағы деректерге төну белгілері болады.  

 

 



сурет. 7. Кэш-жады 

Кэш-жадымен  қамтамасыздандырылған  жүйелерде  оперативті  жадыға 

қарасты әрбір төну келесі алгоритмге сәйкес орындалады:  

4.

 



қажетті деректер кеэш-жадыда қалғандығын анықтау мақсатында кэш-

жаны  құрамы  қарастырылады;  кэш-жады  бағдарланушы  емес, 

 

41


сондықтан  да  қажетті  деректердің  іздестірілуі  құрамы  бойынша - 

"оперативті жадыда мекен-жай" мағыналы тізбегінен іздестіріледі.  

5.

 

Егер  де  деректер  кэш-жадыда  анықтала  жатса,  онда  олар  оқылып, 



нәтиіже процессорға бағдарланады.  

6.

 



Егер  қажетті  деректер  анықталмаса,  онда  олар  мекен-жай 

көрсеткіштерімен бірге оперативті жадыдан кэш-жадыға көшіріледі де, 

сұранысты  орындау  нәтижесі  процессорға  бағдарланады.  Деректер 

көшірілімін жасау барысында кэш-жадыда бос орын анықталмаса, онда 

соңғы  уақыт  аралығындағы  төну  аз  болған  деректер    кеш-жадыдан 

шегеріледі. 

Егер 

деректер 



кэш-жадыда 

орнығу 


барысында 

модицикатталған  болса,  онда  олар  бірден  оперативті  жадыға 

жөнелдіріледі.  Ал  егер  жоғарыда  аталған  деректер  модификатталған 

болмаса, 

онда 

олардың 


кэш-жадыдағы 

орны 


босағандеп 

жарияланады.Тәжірибе  жүзінде  кэш-жадыға  тек  төну  болған  жалғыз 

ғана бөлшек емес, бүтін бөлшектер блогы жазылады. Бұл өз кезегінде 

"кэшке  түсу",  яғни  кэш-жадыда  қажетті  деректердің  болуын 

қамтамасыз етеді.   

Жоғарыаталып өткен пайымдаулардың барлығы, сондай-ақ оперативті 

жады  мен  кэш-жады  іспеттес  есте  сақтау  құрылғылары  үшін  де  әділетті 

келеді.  Бұл  жағдайда  дискіде  орныққан  деректерге  қол  жеткізудің  орташа 

уақыты  қысқарып,  кэш-жады  рөлін  оперативті  жадыдағы  буфер  орындап 

отырады.  

 

Ұсынылатын әдебиет 1,2,3,4,5,6,7,8,13 



 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары  

1.

 

Жадыны басқару 



2.

 

Диск кеңістігінің қолданылуынсыз жадыны бөлістіру тәсілдері 



3.

 

Диск кеңістігінің қолданылуымен  жадыны бөлістіру тәсілдері  



 

Тақырып 9. Енгізу-шығаруды басқару жүйесі  

Дәріс жоспары 

1.

 

Енгізу-шығару құрылғыларының физикалық ұйымдастырылуы 



2.

 

Енгізу-шығаруды бағдарламалық қамтамасыздандырылуын 



ұйымдастыру 

3.

 



Құрылғы драйверлері 

4.

 



Бағдарламалық қамтамасыщдандырудың тұтынушылық қабаты 

 

ОЖ  басты  қызметтерінің  бірі – компьютердің  барлық  енгізу-шығару 



құрылғыларын  басқару.  ОЖ  құрылғыларға  командаларды  жеткізіп, 

үзлістерді  іп-әкетіп,  қателіктерді  өңдеуі  қажет,  сондай-ақ  құрылғы  мен 

жүйеніңөзге де бөліктеріарасындағы интерфейсті қамтамасыз етуі міндетті.  

Енгізу-шығару құрылғыларының физикалық ұйымдастырылуы 

Енгізу-шығару  құрылғылары  екі  түрге  бөлінеді:  блок-бағдарланған 



құрылығлар  мен    байт-бағдарланған  құрылғылар.  Блок-бағдарланған 

 

42



құрылғылар  ақпаратты  өзіндік  мекен-жайы  бар  фиксирленген  өлшемді 

блоктарда    сақтайды.  Ең  кеңінен  таралған  Блок-бағдарланған  құрылғы    - 

диск.  Байт-бағдарланған  құрылғылар  мекен-жайдың  белгілеуінсіз  келеді 

және де іздестіру шараларын болдырмайды, олар генерацияланады я болмаса 

байттар  реттілігін  тұтынады.  Мысал  ретінде  терминалдар,  строчты 

принтерлер, желілік адаптерлер. Десек те, кейбір сыртқы құрылғылар аталған 

класстың  біріне  де  жатқызылмайды,  мысалға  сағаттар.  Олар  бір  жағынан 

мекен-жайсыз  және  де  байт  ағымын  түзбейді.  Бұл  құрылғы  тек  уақыттың 

кейбір сәттерінде үзіліс сигналдарын жеткізіп отырады.  

Сыртқы құрылғы механикалық және электронды құрамдас бөліктерден 

құралады. Электронды құрамдас бөлігі құрылғы контроллері немесе адаптер 

деп аталады. Механикалық құрамдас бөлік құрылғының өзі болып табылады.  

Бірқатар контроллерлер бірнеше құрылғыны басқаруы мүмкін.  

Операционды жүйе жалпы жағдайда құрылғымен емес, контроллермен 

байланыс  орнатады.  Контроллер  қарапайымқызметтерді  орындайды,  мысал 

келтіре  кетсек,  бит  ағымдарды  байттар  құралған  блоктарға  түрлендіреді, 

бақылау  мен  қателіктерді  түзеуді  де  жүзеге  асырып  отырады.  Әрбір 

контроллер 

орталық 

процессормен 

өзара 

әрекеттілік 



мақсатында 

қолданылатын  өзіндік  бірнеше  тіркелімдемелерді  иемденеді.  ОЖ 

командаларды  контроллер  тіркелімдемесіне  жаза  отырып,  енгізу-шығару 

қызметін  атқарады.  Мысалға, IBM PC иілгіш  диск  контроллері READ, 

WRITE, SEEK, FORMAT іспеттес 15 команданы  қабылдайды.  Команда 

қабылданған  соң  процессор  контроллерді  жөніне  қалдырып,  өзге  де 

қызметтерді  орындауға  кіріседі.  Команданың  тамамдалуы  барысында 

контроллер  операция  нәтижедерін  тексеруге  міндеттенетін  операционды 

жүйеге 

үрдісті 


басқару 

құқығын 


табыстау 

мақсатында 

үзілісті 

ұйымдастырады.  Процессор  нәтижелер  мен  құрылғы  статусын  қабылдап, 

контроллер тіркелімдемесіндегі ақпаратпен танысады.  

Енгізу-шығаруды 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырылуын 

ұйымдастыру  

Енгізу-шығаруды 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырылуын 

ұйымдастырудың негізгі ойы оның бірнеше деңгейге бөлінуін қарастырады. 

Бұл  ретте  төменгі  деңгейлер  жоғарғылардан  аппаратураның  экрандалу 

ерекшеліктерін, яғни тұтынушыларға қолайлы интерфейсті қамтамасыз етеді. 

Негізгі қағидаты - өзге де құрылғылардан тәуелсіздігі. Бағдарлама түрі оның 

деректерді қатқыл не иілгіш дискіден оқитындығына тәуелсіз болуы қажет.  

Өзге де құрылғылардын тәуелсіздік ойына бір түрде аталу ойы жақын 

келеді.  Яғни  құрылғылардың  аталуы  үшін  бірыңғай  ережелер  қолданылуы 

тиіс.  


Енгізу-шығаруды 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырылуын 

ұйымдастыруға  қарасты  келесі  маңызды  мәселе – қателіктерді  өңдеу. 

Жалпылай айтқанда қателіктерді аппаратурағабарынша жақын өңдеу қажет. 

Егер де контроллер оқуда қателікті анықтаса, оны міндетті түрде саралайды. 

Біршама  қателіктер  енгізу-шығару  шараларының  қайталануы  барысында 

жойылуы  ықтимал,  мысалға  дискіде  немесе  оқу  тармақтарында  шаңның 

 

43


орнығуы  салдарынан  туындайтын  қателіктер.  Тең  төменгідеңгей  қателікпен 

күресе  алмайды,  ол  қателік  жөніндегі  ақпаратты  жоғары  деңгейге 

жөнелдіреді.  

Тағы  да  бір  негізгі  мәселе – блоктаушы  (синхронных)  және  

блоктамаушы  (асинхронных)  жөнелдірулер.  Физикалық  енгізу-шығару 

шараларының  көпшілігі  асинхроннды  жолмен  орындалады,  яғни  процессор 

жөнелдіруді бастап, үзілістің басталуына дейін басқа жұмысқа ауысады. Егер 

енгізу-шығару 

шаралары 

блоктаушы 

боса, 

онда 


тұтынушылық 

бағдарламаларды  жазу  барынша  жеңіл  болады,  яғни READ командасынан 

кейін  бағдарлама  автоматты  түрде  деректер  бағдарлама  буферіне  түскенше 

кідірісжасайды.  ОЖ  енгізу-шығару  шараларын  асинхронды  орындап, 

тұтынушылық  бағдарламалар  үшін  оларды  синхронды  тұрғыда  танытады. 

Соңғы  туындаған  мәселе  кейбір  құрылғылар – бөлісілген,  ал  кейбіреулері 

ерекшеленген болуына байланысты келеді. Дисктер – бірнеше тұтынушының 

бір мезетте дискіге қол жеткізу еш қиындық туындатпау себебінен бөлісілген 

құрылғы  болып  табылады.  Принтерлер – Түрлі  тұтынушыларымен  баспаға 

жөнелдірілетін  жолдарды  араластыруға  боламайтындықтан  ерекшеленген 

құрылғылар  деп  саналады.  Ерекшеленген  құрылғылардың  болуы 

операционды жүйеге қарасты бірқатар ахуалдарды туынтады.  

Қойылған ахуалдарды шешу мақсатында енгізу-шығару бағдарламалық 

қамтамасыздандырылуын 4 қабатқа бөлуіміз қажет:  

 

Үзілістерді өңдеу  



 

Құрылғы драйверлері  



 

Операционды жүйенің құрылғыдан тәуелсіз қабаты  



 

бағдарламалық қамтамасыздандырылудың тұтынушылық қабаты  



Үзілістерді өңдеу 

Үзілістер  операционды  жүйенің  терең  қабаттарында  орнығуы  абзал, 

себебі  ОЖ  онымен  байланысуының  салдарыжағымсыз  болры  сөзсіз.  Тиімді 

тәсіл – енгізу-шығару шараларына ниеттенген  үрдіске шараның тамамдалуы 

мен  үзілістің  төнуіне  дейін  өзін-өзі  блокқа  түсіруге  рұқсат  ету.  Үзілістің 

төнуі барысында үзілісті өңдеу шаралары енгізу-шығару әрекетіне ниеттенге 

үрдісті  блоктан  шығарады.  Үзіліс  нәтижесі  ертеректе  тоқтатылған  үрдіс 

ендігіде орындалуын жалғастыруда астарлайды.  



Құрылғы драйверлері 

Құрылғыға тәуелді бүтін код құрылғының драйверіне жазылады. Әрбір 

драйвер бір типке не бір классқа жатқызылатын құрылғыларды басқарады.  

Операционды  жүйеде  қандай  да  бір  құрығының  нақты  қасиеттері 

жөніндегі  ақпаратты  тек  құрылғы  драйвері  ғанабіледі.  Мысалға,  тек  диск 

драйвері  ғана  дискінің  қалыпты  қызметін  қамтамасыз  ететін  жолдар, 

секторлан, цилиндрлермен қатынасады.  

Құрылғыдрайвері 

бағдарламалық 

қабат 


құрылғыларынын 

сұраныстарды  қабылдап,  оны  қалайша  орындау  қажеттілігін  қарастырады.  

Қарапайым сауалдардың бірі - n деректер блогын оқу. Егер драйвер сұраныс 

түскен сәтте бос болса, онда ол оны дер кезінде орындауға кіріседі. Ал егер, 

өзге  сұранысқа  қызмет  көрсету  салдарынан  бос  болмаса  онда  келіп  түскен 

 

44



сұраныс реттілік қатарына түсіп, өзінің орындалу кезегін тосады.  

Енгізу-шығару  сұранысын  орындаудағы  алғашқы  қадам,  мысалғадиск 

үшін,  оның  абстракты  түрден  нақтысына  түрленуінен  басталады.  Нақты 

драйвер  үшін  аталған  ұғым  блок  нөмірлерін  цилиндр,  секторларға 

түрлендірілуі  мен  мотор  қызметін  орындауда  ма,  бас  қажетті  цилиндрдің 

үстінде  орныққанын  білдіреді.  Қысқаша  айтқанда  ол  контроллердің  қандай 

шараларын және қандай реттілікте орындау қажеттілігін шешуі тиіс.  

Контроллерге  команданы  жөнелдіруден  кейін  драйвер  өзін  шараның 

соңына  шекті  блоктау  қажеттілігін  анықтауы  қажет.  Егер  де  іс-шара 

деректердің  кейбір  блогын  баспаға  шығару  іспеттес  жағдайлардай  ұзақ 

уақытты  алса,  онда  драйвер  блокқа  түсіп,  үзіліс  өңдеушісі  оны  аталған 

жағдайдан  шығаруда  шарасыз  қалады.  Егер  енгізу-шығару  командасы 

жылдам орындалса (мысалға экранды ауыстыру), ондай жағдайда драйвер еш 

блоктаусыз оның тамамдалуын күтеді.  




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал